Халықты жұмыспен қамту және орналастыру
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбы. Халықты жұмыспен қамту және орналастыру
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қарастырып отырған курстық
жұмыстың тақырыбы Халықты жұмыспен қамту және орналастыру деп аталады.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың жеке қажеттерін қанағаттандыруға
байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін Конституцияға, заңдарға,
өзге де нормативтік құқықтық актлерге қайшы келмейтін қызметі.
Курстық жұмыстың тақырыбының мазмұнын толығымен ашып көрсету
мақсатында төмендегідей сұрақтар қарастырылды. Олардың қатарына мыналар
жатады: Жұмыспен қамтылу ұғымы, мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары,
жұмыспен қамту және орналастыру заңына жалпы сипаттама, жұмыссыздықтан
мемелекеттік әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту саясатын іске асыру. Халықты
жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне Қазақстан
Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында –
жұмыссыздық проблемасының туындауымен ден қойды.
Дәл осы кезден бастап Қазақстан Республикасының еңбек заңдарында
халықты жұмыспен қамту туралы бірқатар құқық нормалары пайда болды.
Азаматтар халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласында
мыналарға құқылы:
- жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органға немесе
жеке агенттікке тікелей жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға;
- шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге және жұмысқа орналасуға;
- халыққа жұмысқа орналастыруға қатысты көмек көрсететін халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті органдардан және жеке агенттіктерден ақпарат
және кеңес алуға;
- мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің және олардың лауазымды
тұлғаларының әрекеттерін (әрекетсіздіктерін), шешімдерін орталық атқарушы
органда немесе сотта шағымдауға;
- мақсатты әлеуметтік көмек алуға;
- оның келісімімен уәкілеттік органдардың кәсіби дайындықтан және қайта
дайындықтан өтеуге жіберуіне.
3
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының арасында аса
маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын атауға болады. Азамат бұл
құықты жұмыс берушіге – жалдаңбалы еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды
тұлғаға тікелей жолдануы арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық
уәкілетті органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен де
жүзеге асырылуы мүмкін.
Мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын іске асыру мақсатында орталық
атқарушы орган өз құзыреті шегінде халықты жұмыспен қамтудың Республикалық
бағдарламасын әзірлеуге, еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын
қалыптастыруға міндетті. Ал жергілікті атқарушы органдар аймақтық
бағдарламалар әзірлеп тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында тұратын
нысаналы топтарды және оларды қорғау жөніндегі әлеуметтік шараларды жыл
сайын анықтап отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Халықты жұмыспен қамту
және орналастыру ұғымы, қағидалары туралы нақты әрі толық мазмұнын ашып
беру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Кіріспеден, екі тараушадан, қорытындыдан
және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
4
1. Жұмыспен қамтылу ұғымы.
1. Мемлекеттік саясатын негізгі бағдарламасы
Халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтық, экономиялық және ұйымдық
қатынастарды Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарда қабылданған
Халықты жұмыспен қамту туралы Заңы реттейді.
Жұмыспен қамтылу дегеніміз – азаматтардың жеке қажеттерін
қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін
Конституцияға, заңдарға, өзге де нормативтік құқықтық актлерге қайшы
келмейтін қызметі.
Жұмыспен қамту туралы заңнама Қазақстан Республикасының азаматтарына,
шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
Азаматтардың қызметі, олардың мамандық, жұмыспен қамтылу, соның
ішінде ақы төленетін жұмысты атқарумен байланысты емес жұмыспен қамтылу
(бала тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, қоғамдық қызмет) түрі мен сипаты
талдап алуы олардың еріктілігіне ғана негізделген. Заңдарда көзделген
реттерден басқа кезде азаматтардың еңбек етуге әкімшілік жолмен және өзге
де күштеудің кез келген нысандарына жол берілмейді. ”Әркімнің еңбек ету
бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар. Еріксіз
еңбекке соттың үкімі бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында
ғана жол беріледі” делінген Қазақстан Республикасы Конституциясыеың 24-
бабының 1 тармағында. [1.16б]
Заңда жұмыспен қамтылған азаматтардың санаттары белгіленген. Оларға
мыналар жатады:
- жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық, толық емес жұмыс
уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де ақы
төленетін жұмыс.
Кірісі бар азаматтар:
- кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатындар;
- өз бетімен жұмыспен айналысатындар және өнімді шарттар бойынша
өткізетіңдер;
- жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттарбойынша орындайтын азаматтар;
- өндірістік кооперативтердің мүшелері;
5
- ақы төленетін қызметке сайланғандар, тағайындалғандар немесе
бекітілгендер;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік
органдарында, Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлерінде, Республикалық
ұланда, Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің бөлімдерінде және өзге
де әскери құрылымдарда қызмет атқарып жүрген азаматтар.
Біздің мемлекетіміз азаматтардың жұмыспен нәтижелі әрі еркін таңдау
арқылы қамтылуына жәрдемдесетін саясат жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
қағидалары мыналарға бағытталған:
1) республика азаматтарына, Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдарға қызмет пен кәсіп түрлерін еркін таңдауға бірдей
мүмкіндіктерді, әділ де қолайлы еңбек жағдайларын, жұмыссыздықтан
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге;
2) нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге, жұмыссыздықты азайтуға,
жұмыс орындарын ашуға;
3) білім беру жүйесін еңбек рыногының қажеттеріне және инвестициялық
саясатты ескере отырып, оның даму перспективасына сай кадрлар даярлау ісіне
бағдарлауға;
4) азаматтардың заңдарға сәйкес жүзеге асыратын еңбек және кәсіпкерлік
бастамаларын қолдауға, олардың өнімді және шығармашылық еңбекке қабілетін
дамытуға жәрдемдесуге;
5) бар жұмыс орындарын сақтаған және жаңа жұмыс орындарын,оның ішінде
нысаналы топтарға арналған жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерді
ынталандыруға;
6) уәкілетті орган және жеке жұмыспен қамту агенттігі арқылы еңбек
делдалдығын ұйымдастыруға;
7) шетелдік жұмыс күшін тартуға, сондай-ақ Қазақстаннан шетелге жұмыс күшін
шығаруға байланысты қызметті лицензиялауға;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу жолымен ішкі еңбек рыногын
қорғауға;
9) жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету жөніндегі республикалық іс-шараларды
жергілікті атқарушы органдар қолданатын шаралармен ұштастыруға; [1.17б]
10) халықты жұмыспен қамту саласындағы қызметті экономикалық және
әлеуметтік саясаттың басқа да бағыттарымен үйлестіруге;
6
11) еңбек рыногының бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыруға;
12) мемлекеттік органдардың халықты жұмыспен қамтуды қамтамсыз ететін
шараларды әзірлеу мен іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіріп, реттеп
отыруға және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
13) республика азаматтардың шетелдегіжәне шетелдіктердің Қазақстан
аумағындағы еңбек қызметіне байланысты мәселелерді шешуді қоса алғанда,
халықты жұмыспен қамту проблемаларын шешуде халықаралық ынтымақтастықты
ұйымдастыруға;
14) жұмыс берушілер, қызметкерлер және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің
мемлекеттік жұмыспен қамту саясатын әзірлеу мен іске асыруға қатысуын
қамтамасыз етуге;
15) жұмыспен қамту саясатымен үйлестірілген, қосымша жұмыс орындарын ашу
ісін ынталандыруды қолдайтын қаржы, салық және инвистиция саясатын
жүргізуге.
Сонымен қатар мемлекет азаматтарға халықты жұмыспен қамту саласында
кемсітушіліктің кез келген нысанынан қорғауға және кәсіп пен жұмысқа ие
болуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, жұмыссыздықтан әлеуметтік
қорғауға, уәкілетті органдардың делдалдығы арқылы жұмыс таңдау мен жұмысқа
орналастыруда жәрдемдесуге кепілдік береді.
Мемлекет зейнеткерлік халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу жөніндегі шараларды да қамтамасыз етеді. Нысаналы топтар деп
жұмысқа орналасуда қйындық көріп жүрген және әлеуметтік қорғауды қажет
ететін адамдар ретінде заңмен белгіленген адамдар топтарын айтады.
Жергілікті атқарушы органдар еңбек рыногындағы жағдай мен жергілікті
бюджеттің қаражатына қарай нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша
тізбесін, сондай-ақ әлеуметті қорғау жөнінде де қосымша шаралар белгілей
алады.
Мемлекет халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу
жөніндегі шараларды қамтамассыз етеді.
Нысаналы топтарға:
- табысы аз адамдар;
- 21 жасқа дейінгі жастарға;
- балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың
- қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар; [1.18б]
7
- кәмілетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы
ата-аналар;
- зейнеткерлік жас алдыңдағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке
шығуға екі жыл қалған);
- мүгедектер;
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар;
- бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан
босатылған адамдар;
- оралмандар жатады.
Тұрғындар дегенде қоғамның басты құрамы – адамдар өмірінің
жиынтығындағы ұдайы өндірістегі қайталанбалы үрдісте табиғи тарихи
қалыптасуы түсініледі.
Тұрғындар құрамында оның еңбекке қабілетті бөлігі ерекшеленеді – еңбек
қызметіне психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері бойынша жарамды
жанның жұмысқа қабілетті жасындағы жиынтығы. Жұмысқа қабілетті тұрғындардың
негізінде еңбек ресурстары қалыптасады (жұмыс күштері) – қоғамдық өндіріске
кіруге дайын немесе кіріскен бөлігі. Еңбек ресурстарының құрамында табыс
әкелетін қызметтегі және еңбекақы төлейтін жұмыс іздеудегі жұмыссыздар -
экономикалық белсенді тұрғындар бөлініп шығады.
Экономикалық белсенді тұрғындар халық шаруашылығында жұмыс істейтіндер
және оларды еңбекке қосымша салалар бойынша бөлумен сипатталады.
8
2. Жұмыспен қамту және орналастыру туралы заңына жалпы сипаттама.
2.1. Жұмыссыздықтан мемлекеттік әлеуметтік қорғау
Еңбек нарығының түсінігі. Қазақстанның және өзге де кеңестік
мемлекеттердің нарықтық қатынастарға өтуі Кеңестік Одақ 1930 жылдан 1991
жылдаға дейін білмеген жұмыссыздықтың пайда балуына және еңбек нарығының
туындауына алып келеді. Қазіргі кезде жұмыссыздық мәселесі елдің
миллиондаған еңбекке қабілетті халқына таныс.
Қазіргі заманға еңбек нарығы азаматтарды лайық жұмыспен тиімді
қамтамасыз етумен, жұмыс күшіне қатысты ұсыныстар мен сұраныстарды
қанағаттандырумен байланысты экономикалық және құқықтық қатынастардың
жиынтығын білдіреді.
Бұл қатынастардың субьектілері болып әрқайсысы еңбек нарығында ортақ
және ерекше мүдделерге ие жұмыссыз тұлғалар, жұмыс берушілер мен мемлекет
болып табылады.
Жұмыс күшінің иесі ретіндегі азаматтар еңбек нарығында тиісті ақылы
жұмыс табуға тырысады. Жұмыс беруші табыс табу мақсатында өзінің негізгі
қызметін жүзеге асыру үшін тиісті жұмыс күшін табуға тырысады. Бұл ретте,
мемлекет аталған қатынастардың өркениетті түрде даму және жұмыс беруші мен
қызметкерден тиісті салықтар жинау мақсатын иелене отырып, реттеуші және
үйлестіруші болып табылады.
Еңбек нарығын жұмыс берушілер мен жалданбалы қызметкерлер еңбек
шарттарын бекітетін, еңбек құқығы қатынастарына түсетін құқықтық кеңестік
ретінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы, шетелдегі Қазақстан
Республикасының елшіліктері мен консулдықтарының аумақтары табылады.
Алайда, көп жағдайда мұндай құқықтық кеңестік ретінде азаматтарды жұмысқа
қабылдайтын ұйымдардың аумағын түсінуге болады.
Аталған құқықтық кеңестіктердің шектері қатып қалған статикалық
сипатқа ие емес. Еңбек нарығының құқықтық кеңестігінің шектерін өзгерту
мүмкіндігі еңбектің қозғалысымен байланысты. Халықтың жұмыс істейтін бөлігі
Қазақстан Республикасының аумағында да, бұл аумақтан тыс жерлерде жұмысқа
тұрып, одан өз еркімен шыға алады. Сонымен, еңбектің қозғалысы (халықтың
көшіп-қонуы) еңбек нарығының, оның құқықтық кеңестігінің құрамдас бөлігі
болып табылады. [4.34б]
9
Мемлекеттің еңбек нарығындағы негізгі және басты функциясы –
бұл еңбек нарығының өркенеттік нысандарын қамтамасыз ету және
дамыту.
Қазіргі кезде бұл мақсатты жүзеге асыруға Қазақстан
Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің
қарамағына кіретін халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
жөніндегі мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру мәселелеріне
Қазақстан Республикасының еңбек заңдары салыстырмалы түрде жақында –

Қазіргі кезде халықты жұмыспен қамту қатынастары реттеледі:
- жұмыссыздықтан қорғау құқығын көздейтін Қазақстан Республикасы
Конституциясының нормаларымен;
- қызыметкерлердің жұмыстан босау кезіндегі кепілдіктерін бекіткен,
жұмыссыздықтан қорғауға және еңбекке қатысты конституциялық құқықтың
маңызды кепілдігі болып табылатын ҚР 2001 жылғы 23 қаңтардағы
Халықты жұмыспен қамту туралы туралы заңымен;
- халықты жұмыспен қамтудың және жұмысқа орналастырудың негізгі міндеттері
мен функцияларын нақтылаған халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру
жөніндегі мемлекеттік органдар туралы ережелермен;
- ҚР Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы № 855 Әлеуметтік қорғауды қажет
ететін тұлғаларды жұмысқа алу үшін ұйымдарда жұмыс органдарының ең төменгі
санын (квотасын) белгілеу мәселелері туралы қаулысымен; [4.36б]
- өз қызметкерлері үшін халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздықтан қорғау
шараларын көздейтін, еңбек құқықының шарттық нормалары ретіндегі ұжымдық
шарттар мен әлеуметтік-әріптестік келісімдерінің нормативтік бөліктерімен;
- Чернобыль апатынан жапа шеккендер, қолайсыз табиғат жағдайларында жұмыс
істейтіндер, мемлекеттік қызметшілер және т.б. үшін жеңілдіктер туралы, осы
қызметкерлер санаттары үшін олардың еңбекке құқығына кепілдіктерін
қамтамасыз ететін нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен және арнайы
нормалардан тұратын бірқатар жарлықтармен
және арнайы нормативтік құқықтық актілермен; [2.125б]
10
- ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының қолданылуына түсіндірме
жасаған халықты жұмыспен қамту органдарының актілерімен.
Бұл нормативтік құқықтық актілердің мәні мыналардан көрініс табады:
1) олардың негізінде халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік органдар
құрылған және қызмет етеді;
2) жұмыссыздық, жұмыспен қамтылғандар, лайықты жұмыс және т.б. осы сияқты
жаңа түсініктерді бекітті;
3) жұмыссыз тұлғаның мәртебесін бекітті;
4) халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
қағидалары мен бағыттарын анықтады;
5) ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 5-бабында халықты жұмыспен
қамту саласындағы мемлекеттік кепілдіктер бекілді;
6) азаматтардың халықты жұмыспен қамту саласындағы құқықтарын анықтады;
7) халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органның жұмысын
ұйымдастыруды ресми түрде беккіті;
8) жұмыс берушілердің халықты жұмыпен қамтуды қамтамасыз етуге, соның
ішінде, өз қызметкерлерін өндіріс ішінде оқыту және кәсіби дайындығы
жүйесін дамытуға және қоғамдық жұмыстарды өз қаражаты есебінен
қаржыландыруға қатысын көздеді;
9) әлеуметтік жағдайы нашар азаматтардың қатарындағы жұмыссыздарға
мақсатты әлуметтік көмек көрсетудің тәртібін анықтады.
Сонымен, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы
заңдарда жарияланғандай, мемлекет Қазақстан Республикасының аумағында
тұрақты түрде тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді;
- еңбекке және кәсіп түрін тандаудағы еркіндік құқығын;
- қызыметіне негізсіз босатылған жағдайда құқытық қорғануды;
- тиісті жұмысты таңдауда және жұмысқа орналасуда халықты жұмыспен
қамту жөніндегі уәкілетті органның тегін көмегін алуды;
- жаңа кәсіпке немесе мамандыққа тегін үйренуді және біліктілігін
тегін көтеруді;
- кәсіпорындағы, мекемелерге, ұйымдарға берілген тапсырыстарға сәйкес
тиіс мамандарды тауып беруді. [2.128б]
Жоғарыдан байқағанымыздай, халықты жұмыспен қамту саласындағы
норматмвтік құқықтық актілер жұмыссыздар үшін де, жұмыс берушілер,
11
олар жұмыссыздардың құқықтарын үшін де ерекше мәнге ие, себебі қорғайды, ал
жұмыс берушілер үшін қажетті мамандары таңдауға септігін тигізеді. Сонымен
қатар, халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саласындағы бұл
құқық нормалары азаматтар мен жұмыс берушілердің халықты жұмыспен қамту
және жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілетті органмен қарым-қатынасын
реттейді.
Халықты жұмыспен қамту, жұмыссыз және лайықты жұмыстың түсінігі. ҚР
Халықты жұмыспен қамту туралы заңның бірінші тарауында халықты жұмыспен
қамту саласындағы маңызды түсініктерге, сонымен қатар, осы саласындағы
субьектілерге келесідей заңды анықтамалар берілген:
Жұмыспен қамтылу – азаматтардың Қазақстан Республикасының
Конституциясына, заңдар мен де нормативтік құқықтық актілерге қайшы
келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға
табыс немесе кіріс әкелетін қызметі Басқаша айтар болсақ, жұмыспен
қамтылған тұлға – бұл өзінің еңбекке құқығын іс жүзінде асырушы, яғни,
еңбек қызметіне қатысушы тұлға. Бұл ретте ескеретін бір жайт, ҚР
Конституциясына және ҚР ҚР еңбек туралы заңына сәйкес азаматтарға
өздерінің еңбекке қабілетін дербес шешудің айрықша құқығы тиісілі. Заңдарда
көздемесе, еңбекке мәжбүрлеудің қандай да бір нысанына жол берілмейді.
Мысалы, ҚР Қылмыстық кодекстінде жазалау шарасы ретінде түзету жұмыстары
көзделген. Алайда, мұндай жұмыстарға тарту тек соттың негізінде ғана жүзеге
асырылады. [2.139б]
Сонымен, азаматтардың жұмыспен қамтылғандығы оларды жауапкершілікке
тартудың негізі болып табылмайды.
Қандай тұлғалар жұмыспен қамтылған деп саналады екен? ҚР Халықты
жұмыспен қамту туралы заңының 2-бабына сәйкес, жұмыспен қамтылған халыққа
мына азаматтар жатады:
1. жеке еңбек шартымен жұмыс істейтін, оның ішінде толық не толық емес
жұмыс уақыты жағдайларында сыйақы үшін жұмыс орындайтын немесе өзге де
ақы төленетін жұмысы (қызметі, кірісі) бар;
2. кәсіпкерлік қызметпен шұғылданатын;
3. қосалқы кәсіпкерлікпен айналысатын және шарттар бойынша өнімді
өткізетін;
4. өз бетінше жұмыспен айналысатын;
12
5. жұмысты азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша өнімді өткізетін;
6. ақы төленетін қызметке сайлағандар, тағайындалғандар немесе
бекітілгендер;
7. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, ұлттық қауіпсіздік
органдарында, Республикалық Ұланда, Қазақстан Республикасының Төтенше
жағдайлар жөніндегі агенттіктің бөлімдерінде және өзге де әскери
құрылымдарда қызмет етіп жүрген азаматтар жатады.
Берілген тізімнен жұмыспен қамтылу өзіне азаматтардың барлық қоғамдық
пайдалы қызмет түрлерін қосатының байқауға болады.

жөніндегі шараларды қамтамассыз етеді. [4.146б]
Нысаналы топтар – жұмысқа орналасуда қйындық көріп жүрген және
әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдар ретінде жұмыспен қамтылу заңымен
белгіленген адамдар тобы.
Байқап отырғанымыздай, жұмыспен қамтылғандар түсінігі қызметкерлер
түсінігі қарағанда әлдеқайда кең. Себебі, қызметкерлер жұмыспен
қамтылғандардың көпсанды болса да, бір бөлігін ғана құрайды.
Барлық жұмыспен қамтылғандар мен жұмыссыз тұлғалар елдің еңбек
ресурстарын құрайды.
Жұмысқа орналасу – азаматтың жұмысты іздеу және иелену үрдісі. Бұл
үрдіс төрт дербес нысанда жүзеге асуы мүмкін:
- азаматтың өзі жұмыс іздеп, оған орналасу;
- халықты жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру жөніндегі уәкілетті
органның немесе халықты жұмыспен қамту жөніндегі жеке агенттіктің
көмегімен азаматтың жұмыстың табуы;
- азамат өзі бұрын жұмыс істеген және кінәсіз қызметтен босатылған
өндірісте өзінң жұмыс берушісі арқылы жұмысқа орналасуы;
- жұмысқа орналастудың өзге де тәсілдері.
Мысалы, квота бойынша жұмысқа орналасу. Бұл тәсіл жұмысқа орналасудың
арнайы нысанын – көмекті қажет ететін тұлғалар үшін жұмыс орындарын сақтап,
бұл жұмыс орындарына мүгедектерді, жасөспірімдерді және т.б. жіберуді
білдіреді. [4.142б]
Заңда лайықты жұмыс түсінігіне мынадай анықтама берілген:
Тіркелген жұмыссыз азаматтар өзінің кәсіби даярлығына, еңбек стажына
және бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесіне,
13
жұмыс орның жағдайларына (ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды
қоспағанда), денсаулық жағдайына, жаңа жұмыс орнына көліктің қолайлығына
сәйкес келетін жұмыс лайықты жұмыс деп есептеледі. Мысалы, егер хирург
дәрігерге медбикенің орнын, ал оқытушыға мектепте еден сыпырушының орның
ұсынса – бұл лайықты емес жұмы болып табылады. Немесе құрылысшы-инженерге
оның кәсібі және біліктілігі бойынша, бұрыңғы жұмыс орнындағыдай жалақысы
бар жұмыс орнын ұсынса,алайда жұмыс орнына дейінгі жолдың ұзақтылығы 3
сағатты құраса, онда бұл жұмыс та лайықты емес жұмыс болып табылады.[9.3б]
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кәсібі (мамандығы) жоқ, сондай-ақ
екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар үшін алдын-ала
кәсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал ондай жұмыс беру мүмкін
болмаған жағдайда,азаматтардың жас және өзге де ерекшеліктері мен
еңбек туралы заңдардың талаптарын ескеретін басқа да ақы төленетін
(уақытша сипаттағы жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге
болады.
Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер:
- ол жұмыссыздың келісімінсіз жұмыс орын ауыстырумен байланысты
болса;
- жалақысы бұрынғы жұмыс орындағы орташа жалақыдан төмен болса;
- еңбек жағдайлары еңбекті қорғау және қауіпсіздік нормаларына сай
келмесе.
Ал кімдер жұмыссыз деп саналады екен? ҚР Халықты жұмыспен қамту
туралы заңында жұмыссыздарға мынадай анықтама берілген: Жұмыссыздар -
жұмысы, табысы жоқ, лайықты жұмыс іздеп жүрген және оған кірісуге
дайын, еңбекке қабілетті жастағы азаматтар. Жұмыссыз мәртебесін иелену
үшін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уәкілетті органда тіркелу қажет.
Жұмыссыздарды тіркеуге алу тұлғаның тұрғылықты жері бойынша, жеке
куәлігі, әлеуметтік жеке кодты (ӘЖК) беру туралы кәулік, еңбек
кітапшасы ( немесе еңбек қызметін куәландыратын өзге де құжат), арнайы
білім, біліктілік туралы құжаттар, тұлғаның тұрғылықты жері бойынша,
салық төлеушінің тіркеу нөмері (СТТН) ұсынылған соң, ал бірінші рет
жұмыс іздеп жүрген азаматтар тұрғылықты жерінен анықтама берген соң
жүргізіледі.[1.20б]
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бұларға қоса
шетелдіктің
14
ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адам тұрғылықты жері бойынша
тіркелгендігі туралы белгі соғылған куәлігін табыс етеді.
Алайда, мойындайтын бір жайт, аталған тіркеу жұмыссыздардың нақты санын
көрсетпейді. Себебі, мәжбүрлі көшіп – қонушылар, тұрғылықты жері жоқ
тұлғалар, өз бетімен жұмыс іздеп жүрген тұлғалар мұндай тіркеуден тыс
қалып қойады.
Азаматтар барлық құжаттар табыс етілген күннен бастап 10
күнтізбелік күннен кешікрірмей жұмыссыз деп танылады. Уәкілетті органда
тіркелген жұмыссыз адамдар - күнтізбелік кұн ішінде кемінде бір рет
уәкілетті органда, ал селолық елді мекендерде тұратын жұмыссыздар – айына
кемінде бір рет поселке, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінде
белгілеуі тиіс.
Жұмыссыздар ретінде мына азаматтар танылмайды :
- 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
- зейнеткерлік жасыны жеткен және еңбек өтілі бойынша зейнетке шыққан
зейнеткерлер.
Мүгедектер медициналық–әлеуметтік комиссия берген қорытындының
негізінде жұмыссыз деп танылады.
Уәкілетті орган мына жағдайларда жұмыссызды есептен шығарады:
- лайықты жұмыстың ұсынылған екі түрінен жазбаша түрде бас тартқанда,
ал бірінші рет жұмыс іздеушілер - екі рет ұсынылған кәсіби дайындықтан
өтуден немесе ақылы жұмыстан, соның ішінде, уақытша жұмыстан бас
тартса. Алайда, бір жұмыс орнын екі рет ұсынуға болмайды;
- қайта тіркеу мерзімін себепсіз жағдайлармен өткізіп алған, сонымен қатар,
шақыру бойынша жұмысқа, оқуға жолдама алу үшін екі жұмыс күні ішінде
дәлелсіз себептермен уәкілетті органға келмесе.
Жекелеген жағдайларда жұмыссыз ретінде танылмаған тұлғалар оларды
тіркеуден бас тартқан күннен соң, бір ай мерзім өткенде халықты жұмыспен
қамту туралы органға өздерінің жұмыссыз ретінде тану туралы қайтадан
жолдана алады.
Көрнеу жалған мәліметтері бар құжаттарды ұсынған, сонымен қатар,
бостандығынан айырылған, бостандығынан айырусыз түзету жұмыстарына
жіберілген сотталған тұлғалар жұмыссыздар ретінде тіркеуге алынбайды.
Жұмыссыздың құқықтық мәртебесі. Жұмыссыз тұлғаның құқықтық
мәртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен тұрады:
- еңбекке құқық субьектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен міндеттерді
15
иеленуге қатысты заңмен танылған қабілетті, еңбек құқығының қатысушысы
(субьектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз тұлға халықты жұмыспен қамту
жөніндегі уәкілетті органда тіркелген сәтінен бастап еңбекке
құқықсубьектілігін иеленеді (ҚР Халықты жұмыспен қамту туралы заңының 15-
бабы).
- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды жұмыссыздың
еңбекке құқық субьектілігіне ие, яғни, халықты жұмыспен қамту жөніндегі
уәкілетті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz