ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ


Кіріспе
Тәуелсіздігімізді алғалы бері еліміздің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайы айтарлықтай жақсарды. Қазір шет елдерде Қазақстан Республикасы Орта Азиядағы қарқынды дамушы мемлекет ретінде танымал. Ондағы шикізат көздерімен, атап айтсақ, мұнай-газ, қара, қоңыр көмір, түсті металлдарымен және т. б табиғи ресурстарымен әйгілі. Сондай-ақ, қызмет көрсету саласы да өз дамуын жоғарғы тартыста көрсетуде. Осы аталғандардың ішінде шағын және орта бизнестің үлесі жоғары.
Совет Одағы ыдырағаннан кейін елімізде қалыптасқан жұмыссыздық, кедейшілік және де қылмыстың тежелуіне көп көмегін тигізді. Белгілі бір орта деңгейлі мамандырылған қызметкерлер саны өсті, коммерциялық қарым-қатынас нығая түсті, сәйкесінше, еліміздегі тұтынушылық нарықтық қабілет те қалыптаса бастады.
Нарықтық экономикаға өткеннен кейін шағын және орта кәсіпкерлік экономиканы дамытушы жүйелердің негізгі тармағына айналды, яғни бұл бизнес түрі динамикалы дамушы, әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруда өзекті буынға айналды.
Өтпелі экономика кезінде бұл бизнес түрі кез-келген кризистік жағдайға тез бейімделді, яғни өзінің басқарушылық икемділігімен, қаржы-қаражатты аз талап ететіндігімен, сондай-ақ, аз уақыт ішінде ұтымды шешім қабылдауға болатындығымен ерекшеленді.
Осы мемлекетіміздің өзекті мәселелерін шешуде шағын және орта бизнестің қосар үлесі зор. Шағын және орта бизнес екі функцияны жүзеге асырып келеді. Біріншісі - экономикалық тұрғыда, яғни мемлекеттегі қалыптасқан нарыққа сәйкес тауар айналымы мен қызмет көрсету саласын дамыту, басқаша айтсақ, ішкі нарықты қалыптастыру және де тауар мен қызмет көрсетудегі баға икемділігін және сапа деңгейін қалыптастыратын бәсекелестікті дамыту, екінші функциясы - әлеуметтік, яғни жұмысбастылықты және негізгі әсер етуші орта тапты қалыптастыру болып табылады.
Негізгі мақсаты - еліміздегі экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға шағын және орта бизнестің тигізетін әсерін ескере отырып, экономикалық, әлеуметтік және саяси даму сипатын анықтау болып табылады.
Ал жоғарыдағы мақсатына жету үшін келесідей міндеттер орындалуы тиіс:
- Шағын және орта бизнестің Қазақстан Республикасының экономикасындағы рөлін анықтау
- Шағын және орта бизнестің дамуына әсер етуші факторларды анықтау
- Шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциясын талдау
- Шағын және орта бизнестің өндірістік-шаруашылық қызметін талдау
- Шағын және орта бизнестің даму бағыттарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың теориялық - әдістемелік негізін Қазақстан Республикасының Елбасының жарлықтары, Үкімет қаулылары, нормативтік заң актілері және де шетелдік тәжірибелер құрайды.
Соңғы жылдары шағын және орта бизнес Қазақстан Республикасының экономикасындағы ролі артып келе жатыр. Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай-ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты.
Сонымен қатар шағын және орта бизнес секторының бүкіл әлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруіне байланысты проблемаларды зерттеу осы курстық жұмысының өзектілігін анықтайды.
Халықаралық сыртқы ортаға қатысты бүкіл потенциалды қиындық қазіргі кезде өте белсенді талқылануының себебі, шағын және орта бизнестің тек қана ішкі рынокқа бағдарлануына байланысты бәсекелік қабілеттің төмендігінде. Сондықтан егер біздің еліміз БСҰ-ына кірсе, онда осы сектордың елімізде экономикамызды әртараптандыруға мүмкіндігі болмай қалады. Осыған орай осы әлемдік ұйымға кірер алдында осы сектордың бәсекелік қабілеттерін жоғарылатуға бағытталған. Дамыту жолдарын зерттеу жоғарыда аталғандай, осы курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігін баянды етеді.
Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуында кедергі болып тұрған проблемаларды қарастырып, оларды шешу жолдары арқылы осы секторды дамыту жолдан зерттеу болып табылады.
1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Шағын және орта бизнес түсінігі, артықшылықтары мен ерекшеліктері
Шағын және орта бизнес түсінігінің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның қалыптасу көздерін анықтап алу керек. Экономикалық теорияда кәсіпкерліктің алғашқы анықтамасына қатысты қайшылықтар бар. Көптеген теоретиктер кәсіпкерліктің шығуын француз экономисі Р. Контильион (18 ғ. ) есімімен байланыстырады, ол кәсіпкерлікті сипаттайтын функционалдық негізі ретінде тәуекелділікті ұсынады, яғни кәсіпкерлік-тәуекелділікпен байланысты болып келетін адамдардың қызметі. Бірақ соңғы уақытта кейбір теоретиктер әйгілі араб ойшылы Ибн-Кальдунның кәсіпкерлік теориясын ұстанады, «касб» түсінігі негізгі құраушы категория деңгейіне дейін көтерілген.
Кейбіреулері болса, шағын бизнес барлық ежелгі мәдениетте дамыған деп тұжырымдайды. Бұл істе арабтар, вавилондықтар, египеттіктер, иудилер, гректер, финикшілер және римдіктер ерекшеленген. Мұның дәлелі тұтынушылар мен кәсіпкерлерді қорғауға бағытталған Хамураппи заңдары болып табылады. Қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы ғылыми-техника дамудың теоретигі Кристофер Фример және менеджмент теоретигі Питер Друпердің айтулары бойынша кәсіпкерліктің кезектілік теориясынан ұсынған, оны алғаш зерттеген Иозеор Шулепеттер болып табылады. Теорияның мәні келесіде, кәсіпкерлік-экономикалық дамуда қозғалтатын өзіндік элемент.
Сонымен, қазіргі ұрпақ теоретиктеріне кәсіпкерліктің алғашқы пайда болу төңірегіндегі сұрақтарын бірнеше рет қарастыруларына тура келеді, бұл бір қатар экономистер мен студенттерді дұрыс емес бағытта талқылауды қорғайды.
Кәсіпкерліктің анықтамасына тоқталмас бұрын кәсіпкерлікті қандай категорияға жатқызу керек екендігін нақтылап алайық.
Одақтық Республикалардың тәжірибесінде экономиканы құрамдас элементтерге шартты бөлудің дәстүрлі жүйесі кеңінен қолданылған, ол халық шаруашылығының даму бағытын және заңдылығын жан-жақты танып білуге мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңадан қалыптасқан мәселелерді өз кезеңінде байқауға және олардың жедел шешілуі бойынша шаралар қолдануға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта нарықтық қатынастар жүйесінде кәсіпорындар келесідей айрықша ерекшеліктерімен сипатталады, мөлшері, жұмыс істеушілер саны, қай салаға жататындығы, негізгі және айналым қорларының құны, шығарылатын өнім көлемі.
Сонымен кәсіпорындардың үш түрін бөліп көрсетуге болады: ірі, орта және шағын. Олардың кешені бірін-бірі толықтыра отырып, экономиканың тұтас ағзасын құрайды.
Ірі кәсіпорындар - нарыққа негізгі өнім шығарушылар болып табылады. Ірі кәсіпорындар - экономика «қаңқасы», экономикалық тұрақтылықтың базисі.
Шағын және орта кәсіпорындар, үнемі жаңарып тұратын номенклатурасымен және ассортиментімен, аз ғана партияда өнім дайындау, шектеулі тұтынушылар жағдайында елеусіз материалдар мен шикі затты қолдану қажет болған жағдайда пайда болады. Сонымен, шағын кәсіпорындар нарықтың салыстырмалы толған кезінде жекелеген тапсырыстарды есепке алып өнімді аяқтайды, яғни ұсақ - түйек өнімдер өндіріледі. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар қызметтің барлық саласында нолдік нәтиже алумен байланысты жоғары тәуекелге ие болып табылады. Бұл әрі инновациялық қызмет, әрі жаңа технологияны игеру. Өнімнің жаңа түрін игеру. Шағын кәсіпорындардың капиталымен тәуекел, іріге қарағанда қоғамға аз шығындар алып келеді, сондықтан мемлекет шағын кәсіпорындарды құру және дамыту үшін арнайы жеңілдіктер тәртібін тағайындау керек.
Сондай-ақ шағын бизнес сферасына өздерінің тәуелсіз меншігі бар, шаруашылық еркіндікке ие және өз қызметі сферасында үстемдік етпейтін фирмалар жатады. Көптеген шетелдік зерттеулер шағын кәсіпорындарға 500 адамнан аспайтын жұмысшылары бар және сату көлемі 20 млн доллардан аспайтын фирмаларды жатқызады. Бірақ бұл көрсеткіштер шартты болып табылады.
Қазақстанда шағын және орта бизнеске бірнеше инвесторлармен құрылатын, географиялық шектелген зоналарда қызмет ететін және нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқаруды құрушылар жүзеге асыратын, барлық негізгі стратегиялық шешімдерді өздері қабылдайтын кәсіпорындар жатады. Басқару сипаты икемділігімен, формальділіктің жоқтығымен шешімін қабылдау барысында, өндіріс саласында да, басқару саласында да жұмысшылардың өзара алмасуының жоғарылығымен ерекшеленеді.
Нарықтық экономиканың шаруашылық жүргізуші субъектілерде «кәсіпкерлік» және «бизнес» ұғымдары өзара тығыз байланысты. Кәсіпкерлік пен бизнесті экономикалық қызметтің бір түрі ретінде қарастыра отырып, отандық және шетелдік зерттеушілердің айтулары бойынша, бұл терминдер - өндіру немесе алу және тауарларды сату, басқа тауарларға айырбастау үшін қызмет көрсету немесе жай қызмет көрсету, серіктестіктер арасында екі жақты пайда табу негізіндегі ақшалар арқылы пайда табуға бағытталған, жеке тұлғалармен, кәсіпорындармен немесе ұйымдармен жүзеге асырылатын (тек заңмен тыйым салынбаған) еркін шаруашылықты білдіреді.
Бірақ «кәсіпкерлік» және «бизнес» түсініктері экономикалық тұрғыдан қарастырғанда синонимдер болып табылады. «Бизнес» түсінігі экономикалық тұрғыдан қарағанда кеңірек. Шетелдік әдебиеттерде нарықтық экономика бойынша бизнес қоғамның қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті өндіріс жүйесі ретінде анықталады. Бизнес нарықтық экономиканы барлық қатысушыларының арасындағы қатынастарды қамтиды және тек қана жалдамалы жұмысшылардың да, мемлекеттік құрылым қызметкерлерінің де қызметтерін қамтиды. Жалпы түрде бизнес - бұл нарықтық қатынастар жүйесіндегі адамдардың іскерлік белсенділіктері. Ал, кәсіпкерлік қызмет бизнестің бір формасы ретінде қарастырылады және оның әр түрлі сфераларында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне сәйкес (жалпы бөлім) : «кәсіпкерлік - азаматтар мен заңды тұлғалардың меншік нысанына қарамастан, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру арқылы пайда табуға бағытталған, жеке меншік немесе мемлекеттік кәсіпорындарды шаруашылық басқару құқығына негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің өз атынан, өз тәуекелімен және өзінің мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады».
Соған қарамастан, тәжірибеде «кәсіпкерлік» пен «бизнес» терминдері бірін-бірі алмастырады. Нақтылап кететін жағдай, «кәсіпкерлік» және «шағын бизнес» бірі-біріне синоним бола алады. Өйткені, шағын бизнес кәсіпкерлік пен айналысатын шағын кәсіпорындардың қызметін қарастырады. Әрі қарай, мен, осы дәстүрлі қалыптасқан көзқарасты ұстанатын боламын. Бәрімізге белгілі, шағын және орта бизнесте жеке секторлар басшылық етеді. Өзінің кәсіпорынын ашу барысында адамдарды не қозғайды? Келесідей себептерді бөліп көрсетеді: пайда табу, қоғамның әлеуметтік, экономикалық және материалдық жағдайын жақсарту. Басқалардың ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысудың мотиві ретінде келесілерді көрсету керек: тұлғалардың өзін-өзі қалыптастыру мүмкіндігі, шаруашылық процеске халық қаржысының бір бөлігін қосу, қосымша және басқада ресурстарды қосу, азаматтардың өз табыстарын заңды жолмен арттыруға ұмтылу.
Көптеген адамдардың ойы бойынша, нарыққа тек ірі капиталы бар кәсіпорындар ғана қол жеткізулері мүмкін, ал шағын және орта кәсіпорындар үшін орын жоқ. Басты аргумент ретінде шағын бизнестің қуатты ірі компаниялармен бәсекелестікке түсе алмайтындығы. Ал, егер дұрыс тұрғыдан қарастырсақ, шағын бизнестің тиімді бәсекелес болуының бірнеше себебін көрсетуге болады. Біріншіден, шағын кәсіпорындар үшін 0, 5-1 жыл ішінде өздерінің стратегияларын өзгерту қиындық тудырмайды, ал ірі кәсіпорындар үшін 5-6 жыл қажет. Екіншіден көпшілігі қателесіп инновация ірі кәсіпорындардан жүреді деп ойлайды, ал статистика болса, Екінші Дүние Жүзілік соғыстан кейін 95% инновациялық технология шағын және орта бизнес сфераларынан шыққанын көрсетіп отыр. Шағын кәсіпорындардың ірі кәсіпорындарға қарағанда капиталының күйіп кету тәуекелі төменірек, және де әр түрлі инновациялық технологияларды енгізуден қорықпайды.
Шағын және орта бизнестің жаңа жұмыс орындарын қамтамасыз етуі сияқты артықшылығын көрсету қажет. Әсіресе, бұл елде кризис және жұмыссыздық кезеңі болған кезде артықшылыққа ие, өйткені ірі компаниялар қызметі экономикалық кризиске байланысты болғандықтан, жаңа жұмыс орындарын ұсына алмайды. Американ-Экспресс (1987ж. ) мәліметтері бойынша шағын өнеркәсіптерде қалыптасатын жұмыс орындарының өсу қарқыны тұрып қалған ірі компанияларға қарағанда 3 есе көп.
Шағын бизнестің артықшылықтары көрініп отыр. Бұл, шағын және орта бизнестің динамикалығы, икемділігі, тұтынушылар қажеттілігінің өзгеруіне тез жауап беру және тауарлар ассортиментін ауыстыру, технология саласына жаңалықтар енгізу мүмкіндігі. Персоналды басқару сферасында бұл еңбек ұжымында бейресмилік, бюрократияның жоқтығы, жұмысшылардың басқаруға және табысқа тікелей қатысу мүмкіндігі.
Шағын және орта бизнестің ерекшелігі қызмет ету сферасы болып табылады. Ірі кәсіпорындар жаппай өндіріс жағдайында, тұрақты тауар номенклатурасымен және көтерме сатып алушылармен жұмыс істейді. Шағындар ұсақ партиялармен шығарады, жеке тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандырады, нарықтық арнайы сегментіндегі және екінші реттік шикізат өндірісінің қалдықтарын пайдаланады. Мысалы, автомобиль өндірісі - ірі кәсіпорын қызметіне жатса, автомобильді жөндеу - шағын және орта бизнес қызметі.
Шағын және орта бизнестің келесі бір тиімді ерекшелігі коллективті еңбекке ұмтылуы, жұмыс орнын сақтап қалуға тырысу және пайдаға қатысуға негізделген жұмыстың нәтижесінің максималды болуына мүдделілік болып табылады. Ірі компаниялар кәсіби менеджерлерді жалдайды, ал олар акционерлердің барлық талпыныстарының ерекшеліктерін білмейді, нәтижесінде басқару проблемаларына алып келеді, ал шағын кәсіпорындарда құрушының өзі менеджер, бір тұлға, сондықтан бұл жерде ешқандай түсініспеушілік мәселесі туындамайды.
1. 2 Шағын және орта бизнестің Қазақстан экономикасындағы рөлі
Нарықтық экономикалы елдерде кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік деңгейде қойылмағаны белгілі, өйткені ол жүздеген жылдар бойы табиғи жолдармен құрылды. Ал Қазақстанда бұл секторы іс жүзінде санаулы жылдар ішінде ғана қалыптасты. Сол жылдар ішінде бұл период мемлекетіміз үшін аса қиын кезеңдердің бірі еді. Шағын және орта бизнесті қалыптастырудың механизмдерін, негізгі стратегиялық-қысқа мерзімдік бағыт-бағдарын дайындауға, мемлекеттік саясаттың алдыңғы орынды тапсырмаларын белгілеуге қатысты өзге де мәселелерге айтарлықтай қаржылық-ақпараттық шығындар жұмсалды, ал жаңа тәуелсіздігін алған мемлекетке бұл әжептәуір салмақ еді.
Шағын кәсіпкерлік экономикасының жинақтылығы салыстырмалы аздаған инвестициялар мен тәуекел жағдайында аса қысқа мерзім ішінде, бірінші кезекте, тауар айналымы саласында орын алып келген ахуалды өзгертуге және тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Шын негізінде бұл бизнес біздің экономикаға икемділік қасиет береді және де нарықтық сұраныс жағдайын дер кезінде реттеуге мүмкіндік туғыза отырып, аз көлемді капиталды қажет етеді. Сондай-ақ шағын және орта бизнес монополизмге қарсы саясатын жүзеге асыруда негізгі рөлде бола отырып, ғылыми-техникалық прогрессті қалыптастырады. Негізгі әсері Қазақстан Республикасында жұмысбастылықты толығымен қамтуға талпынуда, ал ол проблема еліміз үшін өзекті мәселе болып табылады. Нарықтық қатынастар эпохасына кірмей тұрған кезімізде, жұмыспен қамтудың 95 пайызымен мемлекет айналысатын. Қазіргі нарықтық таңда мемлекеттің жұмыс беруші рөлі айтарлықтай бәсеңдеді, қайта жекеменшік секторында жұмыс орындарымен қалыптастыру қажеттілігі өсті.
Кез келген ел үшін шағын және орта бизнесті дамыту проблемасы ең бір өзекті мәселе. Бұл қосымша жұмыс орындарын құруға жағдай жасайды, қаржы нарығын жандандырады, бәсекелестікке қабілетті ортаны қалыптастырады, халықтың сатып алу қабілетін арттырады, сондай-ақ ірі бизнестің одан әрі даму мүмкіндігін кеңейтеді.
Әлемнің көптеген елдеріндегі сияқты біздің Қазақстанда да жаңа идеялардың көзі іспеттес кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыру ісіне айрықша маңыз беріліп келеді. Бүгін де шағын және орта бизнес тек қана кәсіпкерліктің кең өрістеуіне жол ашып отырған жоқ, ол сонымен қатар шағын және орта қалалардың дамуына негіз қалап отырғанын айтқан да жөн.
Тәуелсіз кәсіпкерлер өздерінің санының көптігі жағынан әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, сонымен бірге саяси өмірде де жеке меншік иелерінің көп құрамды жігін құрайды. Өздерінің экономикалық жағдайы мен өмір сүру деңгейі бойынша кәсіпкерлер орта таптың негізін құрайды. Ал кез келген қоғамда орта дәулетті адамдар әлеуметтік және саяси тұрақтылықтың кепілі болып табылады.
Әлемдік тәжірибені зерделей зерттегенде шағын бизнестің нарықтық экономикада жетекші сектор болып табылатындығын айқын аңғаруға болады. Экономикалық өсімді, жалпы ұлттық өнімнің құрылымы мен сапасын айқындауда бұл саланың ерекшелігіне еріксіз ден қоясыз. Мәселен, дамыған елдерде жалпы ұлттық өнімнің 60-70 пайызы шағын бизнестің үлесіне тиеселі болып келеді.
Мемлекеттің шағын және орта бизнесті дамытуды ынталандыруға ден қоюы ірі кәсіпорындардың жедел дамуына қуатты серпін береді. Ірі өндірістерге қарағанда, шағын кәсіпкерліктің бірқатар артықшылықтары бар екенін айту керек.
Экономиканың құрылымдық қайта құруларында оның көріністерін жазбай тануға болады: кәсіпкерлердің нарықтық таңдау жасауына мүмкіндік мол, қосымша жұмыс орындарын ашуға да оңтайлы, жұмсалған шығындардың қайтарымы да тез, тұтынушылар сұранысына да жедел бейімделіп кетуге болады.
Шағын бизнес нарықты тауарлар мен қызметтермен молықтыруға жағдай жасайды. Салалық және аумақтық монополизм қармағына түсіп қалмайды. Ең бастысы - бәсекелестік деңгейін арттыруға жол ашады.
Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен орналастыру саласында да ерекше әлеуетке ие, өндіріске қосымша жұмыс күштерін тартуға да оң ықпал етеді. Ірі өндіріс орындарында оралымсыздық салдарынан мұндай мүмкіндік бола бермейді. Біржағынан технологиялық ерекшеліктер де үлкен кәсіпорындардың мүмкіндігін шектейді.
Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет ерекше мүдделі. Өйткені, осы арқылы қаншама түйінді проблемалардың шешімін табуға болады. Соның ішінде жұмыспен қамту, әсіресе, жастарға жұмыс тауып беру мәселесі шешімін тез табады. Іс жүзіндегі кәсіпорындарда жаңадан жұмыс орындарын құру арқылы және халықтың өз бетінше әрекет етуін кеңейту арқылы мыңдаған адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік туады. Ішкі нарықты энергия тасығыш және басқа да өктем әлемдік конъюнктурадан тыс дамытуға мүмкіндік туады. Бюджетке шағын кәсіпкерліктен түсетін салықтық түсімдерді ұлғайту арқылы әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз етуге болады. Инновациялық және жоғарғы технологиялық салаларда шағын кәсіпкерліктің иығына артылар салмақ та жеңіл емес. Бизнесті электронды түрде жүргізу үшін біртұтас ақпараттық кеңістік құру да маңызды. Ғылымды терең түрде қолдануды талап ететін салаларда кәсіпкерлік қызметті оңтайлы қолдану арқылы жетістіктерге жетуге болады. Халықаралық ынтымақтастық және іскер кооперация арқылы ел экономикасына инвестицияны тартуды еселей түсудің де мүмкіндігі жетіп артылады. Ірі кәсіпорындар жұмысын шағын кәсіпорынмен субконтрактылық және басқа да кооперациялық байланыстар арқылы оңтайландыруға әбден мүмкіндік бар. Кәсіпкерлік қызметтің отбасылық түрін нығайтуға да болғандай. Әлеуметтік әріптестікті дамыту арқылы билікпен, кәсіпкерлікпен жалдамалы жұмысшылармен арадағы қоғамдық қатынастарды үйлестіруге жол ашылады.
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнестің даму тенденциясы
Енді жоғарыда айтылғандардың барлығын белгілі бір көрсеткіштер арқылы сипаттасақ, келесідей сандық даму серпінін байқауға болады:
Негізгі көрсеткіштер
Тіркелген шағын және орта бизнес субьектілері бойынша 2005 жылғы мәліметтерді базистік жыл деп келесі жылдармен салыстырғанда, олардың өсім қарқыны мынадай: 2006 жылы тіркелген шағын бизнес субьектілері 13, 087 пайызға артты, ал 2007 жылы - 26, 302 пайызға артты, 2008 жылы - 38, 163 пайызға артты. Ал егер бұл көрсеткіштерді тізбектеп қарастырсақ, өсім қарқыны мынадай: 2006 жылмен салыстырғанда 2007 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 11, 685 пайызға артты, 2008 жылды 2007 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 9, 39 пайызға артты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz