Франциядағы шағын бизнес



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Шағын және орта кәсіпкерлік
немесе бизнес – бүгінгі өркениетті дүниежүзілік экономикалық даму
жүйесіндегі болашағы күмән келтірмейтін салалардың бірі болып саналады.
Нақты сектор және сауда кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан
экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық
өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына
тікелей әсер етеді. Кейінгі жылдары елімізде шағын және орта кәсіпкерлікті
дамытуға көбірек көңіл бөліне бастады. Шағын бизнестің дамуының бірден бір
көзі банктік несие болып табылады. Экономиканың нақты секторын және де
сауда фирмаларын коммерциялық банктердің несиелеуі – ұлттық экономиканың
өсуіне олардың қосқан үлесі, басқа жағынан қарағанда банктердің атқаратын
өзінің қызметтері қаржылық сектордың, яғни экономиканың ажырамас бөлігі.
Осыған байланысты кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыруына қажетті
қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай
мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтан, ақшалай қаражаттарға
иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып,
жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды
өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек.
Курстық жүмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты –
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау,
несиелеу үдерісіндегі теориялық және практикалық мәселелерін, сонымен қатар
несиелеу үдерісінде кәсіпорын мен банк арасында туындайтын қарым-
қатынастарды қарастыру, сараптау және зерттеу болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
– шағын және орта бизнестің экономиканың дамуындағы алатын рөлін
көрсету және оның мазмұнын ашу;
– кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін несиелеудің тәжірибелік
мәселелерін қарастыру және оған баға беру;
– шет елдік және отандық несиелеу үдерісінің тәжірибелік
мәліметтеріне сүйене отырып шағын және орта бизнес субъектілерін
несиелеуге зерттеулер жүргізу;
– бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіруге байланысты ұсыныстар мен
тұжырымдар жасау.
Курстық жұмыстың жазылуы барысында көбінесе Ашонұлы Қ., Шеденов
В.Қ., Нысанбаев С.Н. авторларының еңбектері, Егемен Қазақстан газетінің
бірнеше шығарылымы, сондай – ақ Қазақстан Республикасының статистика сайты,
шағын бизнес сайты, Даму Қорының мәліметтері қолданылды.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, сонымен қатар бес диаграммадан, бір
кестеден тұрады

1. Кәсіпкерліктің экономикалық мазмұны

1.1 Кәсіпкерліктің мәні және экономикадағы алатын орны

Кәсіп ету - қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім
қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға кірісу.
Соңғы уақыттарда қазақстанда кәсіпкерлік дамуда. Кәсіпкерлік жеке
және заңды тұлғалардың пайда, табыс алуға бағытталған өзінің тәуекеліне,
өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін
қызметі.
Кәсіпкерлік мәнін іскерлік сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады.
Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек қана экономикалық
қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де
қажет.
Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.
Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау
иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір
кәсіпкердің табыстары да әртүрлі.
Кәсіпкер үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан бұл жерде ұлы
ағылшын Джон Голсуорсидің мына сөзі орынды: Егер сіз болшақты ойламасаңыз,
ол сізде болмайды.
Кәсіпкерлік іскерлік белсенділікке ыңғайы бар, аз күшін салатын жаңа
сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі.
Бірақ кез келген бизнесменді кәсіпкер деп атауға болмайды. Кәсіпкер
деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті
көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес
репродуктивті функцияларды орындайды (1;9-11(.
Күнделікті өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын
жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-құлығы сипатымен
ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен,
жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы
міндетті емес. Ең бастысы – ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шаруашылық мінез-
құлық түрі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
– ең жоғарға пайдаға ұмтылу;
– тәуекелге баруға дайын;
– жаңаға ұмтылу ұйымдастыру – шаруашылық жаңашылдық.
Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын
жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. өз өнімінің үнемі
жаңалануын және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре
алады.
Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты мазмұны өнімдерге
(орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды табу және
қалыптастыру және оны дайындау жолымен қанағаттандыру, тауарды ретінде
өнімдерді сату.
ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз
бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы
мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың
шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын
(нишасын) табуы керек.
Кәсіпкерлік және бизнес түсінігі бір қатарда тұрады және оларды
синоним ретінде жиі қолданады. Бұл расында да туыс категориялар.
Бизнес – кез келген табыс әкелетін жеке іс. Оны тек тұтынушыларға
қажет қоғамды, қызмет сферасында алуға болады.
Табысты бизнес, іскерліксіз жетілдірілмеген, үнемі дамусыз ойға
сыйғысыз, яғни бизнес кәсіпкерлікте құрылады.
Кәсіпкерлік мемлекеттік секторды есепке алғанда барлық экономика
сферасында көрінуі мүмкін. Бизнес жеке кәсіпорындарда және акционерлік
компанияларды істі коммерциялық жүргізу. Шетелде шағын бизнес деп жеке
кәсіпкерлікті түсінеді.
Кәсіпкерлікті кейде өндірістің төртінші факторы деп те атайды.
өндірістің үш басты факторы: жер, еңбек, капитал екендігі белгілі.
Австрияда шыққан, жұмыс орны американдық ғалым экономист Иозеф
Шумпетер өндірістің төртінші факторы ретінде – кәсіпкерлікті көрсетті.
Экономикалық қызметтің өндірістік факторы ретінде кәсіпкерлік туралы
айта отырып, экономикалық қызметке қатысушылардың кәсіпкерлік мүмкіндігін,
іскерлік, кәсіпкерлік белсенділігін айтады. Бұл екінші фактордың, яғни
еңбектің, еңбек қорларының сапасы (2;15-20(.
Кәсіпкерлікті барлық үш негізгі факторлар әсерін күшейтетін
белсендіруге қабілетті қозғаушы күш көзқарасы тұрғысынан жеке фактор деп
санауға болады.
Кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктің маңызды қасиеттері ұтқырлық, қимылға
бай, бастамалық, ізденіс болып табылады.
Кәсіпкерліктің жүздеген анықтамасы бар. Кәсіпкердің энциклопедиялық
анықтамасында кәсіпкерлікке мынадай анықтама беріледі.
Кәсіпкерлік (фр.-enterprise) – пайда немесе жеке табыс алуға
бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің
мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғаның
жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез
келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық; делдалдық, сату-сатып
алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын
операциялармен айналыса алады.
Кәсіпкердің жеке мәртебесі (меншік иесі немесе оның тапсырмасы
бойынша қызмет етуші адам), қызмет мақсаты - әлеуметтік тиіммен бірге пайда
немесе табыс алу және атқаратын қызметтері – шығармашылық (шаруашылық
тәуекелге байланысты коммерциялық идеяларды ойлап шығару және іске асыру),
ресурстық (ақпарат, қаржы, еңбек және материал ресурстарын орналастыру),
ұйымдастыру (ресурстарды қолайлы түрде біріктіру және олардың қолданылуын
бақылау).
А.Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: Ол өз қызығушылығын
ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің
ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. Өзінің қызығушылығының
артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына
қызмет етеді.
Кәсіпкер түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті. Мысалы 1725 ж.
Р.Контильон мынадай ой айтты, кәсіпкер тәуекел жағдайында әрекет етеді.
А.Бодо кәсіпкер – қабылдаған ісіне жауапкершілік алатын адам, яғни
жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырылады және кәсіпорынды басқарады. 1876 ж.
Ф.Уокер кімнің капиталды ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің
ұйымдастыру қабілетінің арқасында пайда алатынын бөліп көрсетуді ұсынды.
1934 ж. И.Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаа технологияны жасайды деді.
Д.Маклелланд бойынша кәсіпкер – қуатты адам, тәуекел жағдайында жұмыс
істейді (6;15(.
Сонымен, кәсіпкерлік – пайда алу мақсатында қаржы салу, жеке тиімді
қоғамдық көмекпен үйлестіру негізіндегі қызмет болып табылады.
Кәсіпкерлік субъектілер жеке тұлғалар немесе әріптестердің бірігуі
болуы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілер ретінде жеке тұлғалар жеке және
жанұялық кәсіпорындарды ұйымдастыру жолымен шығады. Мұндай кәсіпорындар өз
еңбектерінің шығындарымен шектелуі немесе жалдамалы еңбекті қолдануы
мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілері ретінде әріптестерді біріктіру әртүрлі
шаруашылық ассоциациялар, жалдамалы ұжымдар, ашық және жабық түрдегі
акционерлік қоғамдар, әртүрлі серіктестіктер т.б. түрінде шығады.
Кәсіпкердің бастапқы шешімі дегеніміз негізін қалаушы, ұзақ мерзімді
шешімдер. Бұл бір-ақ рет қабылданатын шешімдер, әрі қарай оны түзеуге
болмайды, өйткені бұл біршама құқықтық мәселелер мен материалдық
шығындармен байланысты. Мұндай шешімдерге жатады:
а) ұзақ мерзімді кәсіпкерлік шешімдерді анықтау;
б) өндірісті орналастыру үшін орын таңдау.
Кәсіпкерлік мақсат – бұл белгілі уақыт ішінде жету қажет қалайтын
жағдай.
Мақсатты қалыптастыру кезінде келесі үш элементті дәл анықтау қажет:
1) мақсаттың мазмұны, қандай жағдайға жету қажет және мақсатқа жету
деңгейін анықтау, белгілеу;
2) қалаған мақсат көлемі, мақсат шексіз немесе шекті қалыптаса ма?;
3) мақсаттың уақыт факторы. әрбір мақсат үшін сұрақ анықтау қажет,
қойылған мақсат қандай кезеңге дейін немесе қандай уақыт ішінде жету
керек.
Кәсіпкерліктің маңызды белгілері:
– шаруашылық субъектілердің еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген
кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім
қабылдауда еркін;
– экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін
пайданы алу;
– шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дәл есептеулерінде
де тәуекелді анықтау мүмкін емес.
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформа кәсіпкерлікті дамыту
үшін жаңа болашақты ашты.
Кәсіпкерліктің әлеуметтік – экономикалық маңызы:
– ол нарықтық экономикаға икемділік береді;
– халықтың қаржы және өндірістік ресурстарын тартуға әсер етеді;
– монополияға қарсы әлеуеті бар;
– ғылыми – техникалық прогреске бағытталған алғы шарттарды жасайды;
– нарықтық шаруашылықтың еңбекпен қамту және басқа әлеуметтік
мәселелерін шешеді.
Нарық кәсіпкерліктің өмір сүру ортасы болып табылады. Қазақстан
Республикасында әртүрлі нысандағы нарықтар қалыптасуда. Бұл ұзақ мерзімді
міндет болып табылады. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауында
көрсетілген әлсіз және дамымаған нарықтарда, нарықтық кеңістік әкімшілік
жүйе қалдықтарымен тиелген жерлерде мемлекет нарықты дамытуға және осы
кеңістікті тазартуға араласуы тиіс (8;25(.
ҚР Президентінің Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды күшейту
және дамытуды белсендіру шаралары туралы Жарлығына сәйкес шағын
кәсіпкерлікті қолдау және дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың маңызды
сферасы деп саналады.
Кәсіпкерлік экономикады ерекше орын алады, кез келген кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің негізгі тірегі, ал кәсіпкер экономиканың осы күрделі
процесінде басты рөл атқарады.

1.2 Кәсіпкерлік қызмет түрлері

Кез келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс циклының типтік
фазаларына байланысты болғандақтан, кәсіпкерлік қызметтің келесі түрлерін
бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде
кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп
көрсетілуде.
Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әрқайсысы бірнеше
түрлерге бөлінген (Қосымша А(.
Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға
болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге
асады, белгілі бір рухани құндылықтар жасалады.
Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға көшу кезінде көп,
жағымсыз өзгерістерге ұшырады:
– шаруашылық байланыстар ыдырады;
– материалдық – техникалық қамтамасыз ету бұзылды;
– өнімді өткізу күрт төмендеді;
– кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.
Кәсіпкер алдымен өндірістік қызмет түрін таңдайды, басқа сөзбен
айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін ойлайды.
Одан кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас
жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке маркетингтік қызмет кіреді.
Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін.
Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс факторларын қолданады:
жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас кезінде өндіріс
факторларының біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтінін ол
бастамас бұрын немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға
мәжбүр болады (8;26(.
Кәсіпкер өз күшімен орындай алмайтын қызметтер мен жұмыстар қажет
болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды тартады.
Жұмыстар мен қызметтер ақша төлеуді талап етеді. Егер кәсіпкерде
бастапқы капитал болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз алуға мәжбүр болады.
Өндірістік кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі
көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.
Коммерциялық кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте негізгі ролді
тауар-ақша, сауда-айырбас операциялары атқарады. Бұл сатып алу-сату бойынша
келісімдер.
Коммерциялық келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды
сатып алу және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
Коммерциялық келісім бағдарламасына жатады:
– сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға,
жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;
– келесі сату үшін тауарды сатып алу;
– тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін
жалдау;
– келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін
ұсынатын басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтерін мен алу және ақы
төлеу;
– келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және
соңынан пайызбен қарызды қайтару;
– келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;
– тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу;
– келісімді тіркеу, салық төлеу.
Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде сатып алу сату объектісі
ерекше тауар ақша, валюта, құнды қағаздар.
Коммерциялық қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін
құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге,
табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.
Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі,
кәсіпкер құнды қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі жағдайда және
міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік
қызметінің мәні осында.
Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден алуды талап етеді.
Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта
курсы, қарыз пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын жүзеге асыру шарттары
және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы
мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы
көздерден оны алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.
Қаржы келісімінің негізгі бөлігі (тұтынушыға ақшаны, валютаны, құнды
қағазды сату) ерекше назарды және мұқият рәсімдеуді қажет етеді (9;31(.
Сатып алушының қаржылық жағдайын мұқият тексеріп, кепілдік
мүмкіндігін бекітіп, сатып алушы үшін кепілдік беруге келісуші кепілді
анықтау қажет.
Кеңес кәсіпкерлігі. Консультант сөзі латынның кеңес беруші
сөзінен шыққан. өз мамандығының сұрақтары бойынша кеңес беретін, белгілі
облыстағы маман.
Шетел тәжірибесінде басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы
кеңес консалтинг деп аталады.
Консалтингтік қызметтер ауызшы бір рет айтылатын кеңес түрінде жүзеге
асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде ұсынылады және оған
келесі негізгі кезеңдер кіреді:
– мәселені анықтау (диагностика);
– шешімдерді, жобаны жасау;
– шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.
Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең бірнеше күннен бірнеше
айларға созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен қатынас бірнеше жыл болуы
мүмкін.
АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың адам, ал қызметінің
жылдық көлемі 50 млрд.долл.құрайды.
Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы
дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдеред де кеңесті қоланусыз
қабылданбайды.
Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім
өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша
ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт
жасауына ықпал етеді.
Делдал көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы,
екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға
біріктіреді (11;15-23(.
Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз байланысты, өндірістік,
сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушыбөлігі; өндірістік, сауда
коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.

1.3 Кәсіпкерліктің дамуының шетелдік ерекшеліктері

Көптеген шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын
бизнеске байланысты мемлекеттік саясат маңызды өз бетінше жүйелік бағыт
болып табылады. Шағын бизнесті дамыту үшін Қазақстан шағын бизнесті басқару
процесін жетілдіруге көп күш жұмсау қажет. Шетелдік мамандардың айтуы
бойынша қазіргі бизнес ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне тәуелді.
Бизнестің ішкі және сыртқы ортасын сараптаудан екі факторды есепке
алған жөн: ішкі және сыртқы ықпалдардың көлемі және ортаның өзгеру деңгейі.
Кәсіпкерлікке барлық сыртқы ықпалдарды өз кезегінде макроэкономикалық және
салалық деп бөлуге болады, оны келесі суреттен көре аламыз.
Ішкі немесе бақыланатын факторларға кәсіпорын қызметіне байланысты
факторларды жатқызады. Енді әртүрлі тәжірибесіне тоқталып өтейік.
АҚШ – ғы шағын бизнес
Әдетте америкалық фирмалардың көлемі жұмысшылардың санымен
бағаланады: өте ұсақ фирмалар – 20 адамға дейін жұмысшылары бар, шағын 20-
дан 99 адамға дейін, орташа 100-ден 499-ға дейін, ірі 500 адамнан көп (2
сурет). Көрсеткіштерді салалар бойынша құрады: бөлшек саудада 100 жұмысшысы
бар, өңдеу саласында 500-ге дейін жұмысшылары бар фирмалар шағынға жатады,
келесі кестеден көре аласыз.
АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, шағын бизнес ортаның өзгерісіне
тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге
кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және
саналық ағымы жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс
шығындарының өзгеруіне өндіріс қимылының жеделдігі жоғарылайды. Бір шағын
кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 % шағын және орта бизнес саласында
жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі шағын бизнес ірі өндірістің өзгерістерге,
жаңа міндеттемелерге бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп
отыр.
Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік.
Шағын кәсіпорындардың қызметі арнайы ұйымының – 1953ж АҚШ Конгресі құрған
шағын бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық
негізгі болып табылатын шағын бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур
президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы
жандандыру үшін – шағын бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін
дұрыс атқарды. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнесте 22 млн кәсіпорын бар,
онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді. Шағын бизнес
кәсіпорындарының өндіріс және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің
52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер – бұл шағын бизнес басшылары. Шағын
бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек
көрсетеді. Басты міндеті – шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, қолдау және
өмір сүруін қамтамасыз ету (16;33(.
Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін
шектейтін кез келген үкіметтік немесе басқа да шектеулер ресми
белсенділікті төмендетеді. Сондықтан шағын бизнестің барлық мүдделері АҚШ
конгресінің бақылауында. Сонда да ерекше рөлді шағын бизнес әкімшілігі
шеңберіндегі жобалар ойнайды. Мысалы, шағын бизнеспен айналысқысы
келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді,
конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның
үстіне, шағын бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат беру,
кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес берумен
айналысатын орталықтар ұйымдастырылған.
Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы шағын бизнес мүдделер қорғайтын
Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады.
Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:
– мемлекеттік заңдардың, жобалардың, ережелер мен салықтардың шағын
бизнестің дамуына әсерін зерттеу;
– шағын бизнеске әсер ететін факторларға экономикалық және
статистикалық зерттеулер жүргізу, шағын бизнес потенциалын бағалау,
шағын бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін зерттеу т.б.
Қазақстандық тәжірибеде шағын бизнеске көмектесудің инкубаторлық
жобасын қолданған жөн. Инкубатор термині алғаш кәсіпкерлікпен
айналысушыларға көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар,
федералдық үкімет органдары жандарына ашылған ұйымдарға қолданылады.
Инкубатордың басты міндеті – шағын, әсіресе иннновациялық бизнесті
алғашқы қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе
жинайды, одан ары даму үшін көмек алады, нарықтағы өз орындарын бекітеді.
Дамудың белгілі бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар
бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше қызмет етеді. Ал босаған
орындарға бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.
Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер жатады:
1) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;
2) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме
машиналары, факс, компьютерлер т.б.);
3) бір жылға жалданатын ғимараттар мен жиһаздар.
Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы
директор.
Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы –
бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар
құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес
– инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар
коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер
есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған
қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың
клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл
факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады.
Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық,
мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде
бизнес бизнес – инкубаторлар шағын кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды әдісі
болды
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Ұлыбритания тәжірибес көрсетіп отырғандай, шағын бизнес, өндіріс
көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен қызметтер ассортиментін кеңейтуде, өнім
сапасын көтеруде маңызды рол ойнайды. Шағын бизнес адамдарға өзінің
творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Ұлыбританияда шағын
кәіспкерліктің дамуына консервативті үкімет саясаты – қаржылық жеңілдіктер,
кеңес беру қызметтері мен бизнес техникасын оқытатын курстардың болуы ықпал
етті.
Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет
масштабын кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми
белсенділікті ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі
компанияларға өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын
кәсіпорындар иелерін біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең
басты мақсаты – тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Үкімет шағын бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің әлеуметтік –
экономикалық шарттарын қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу,
жекешелендіру, еңбек заңдары саласындағы шаралар), сонымен бірге әр түрлі
экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді қолданды. 1991 ж.
Ұлыбританияда ұсақ кәсіпорындарға оларды басқару мәселелері бойынша көмек
беруге мамандандырылған фирмалардың қызметінен зерттеу жүргізілді. Шағын
кәсіпорындардағы мәселелермен кеңес берушілер танысып, кеңес берумен ғана
шектеліп қоймайды, сонымен бірге өз ұсыныстарының фирманың жүзеге асуына ат
салысады. Бұл көмектің болуы және орта және шағын бизнестің даму
стратегиясының болуы бұл саланың Ұлыбританияда гүлденуіне әкеледі.
Франциядағы шағын бизнес
Кәсіпорындарды шағын фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған
қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз
жұмысшылары бар фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар – шағын, 50-499
– орташа, 500 көп - ірі фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда
мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау. Шағын бизнеске
ерекше жағдай жасау концепциясы Францияда кеңінен тарады. Шағын бизнесті
дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және і\әкімшілік шараларды қосатын
жоба дайындалды. Француз үкіметі қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі. Ол
жаңадан кәсіпорын құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына,
инвестицияның өсуіне, шағын және орташа фирмалардың ынтымақтастығын
реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын
фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар құрды. Оның ішінде – аймақтық
даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын
компаниялар және т.б. Францияда несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар
бар12. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің Ұлттық қоры құрылды. Қор шағын
және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның қарамағында.
Ол шағын бизнеске әр түрлі қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65%
кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны
жұмыс бабында ұстап тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі (17;56(.
Қысқаша, басқа мемлекеттік тәжірибесін қарастырайық. Мысалы, Кореяда
субконтрактілік кеңінен тараған. Бұл форма кәсіпкерлерге шағын және ірі
бизнесті ұжымдандыру мүмкіндігін береді. Яғни, трансұлттық компаниялар
шағын кәсіпорындардың көмегімен өзінің өндірістік және өткізу желілерін
кеңейтеді. Оның үстіне үкімет шағын кәсіпорындарды модернизациялауға
бағытталған жобалар құрастырды, технология және сапаның ұлттық институтын
құрды, шағын кәсіпорындардың өнімдерін алу және өткізуді кепілдеді. 1997 ж.
соңында Оңтүстік – Кореяда 2 640 000 шағын және орташа кәсіпорындар
тіркелді, ол жалпы Оңтүстік Корея компаниялардың 99,5 % құрды, онда 9 млн.
адам жұмыс істейді немесе жалпы жұмысшылардың 78,5 % құрайды. Шағын және
орта бизнес Әкімшілігінің мәліметтері бойынша шағын және орташа
кәсіпорындардың 90 % жалпы саны 50 жуық.
Көптеген елдерде кәсіпкерлер заңының қиын заң жүйелеріне тап болды.
Мысалы, Перуде жаңа фирманың тіркелуі үшін 11 рұқсат керек. Перудің
бостандық және демография институтының зерттеуі бойынша оны алуға 289 күн
кетеді. Екінші жағынан, жеке секторды қолдайтын мемлекеттер бірқатар
жетістіктерге жетті. Олар шағын бизнесті экономикалық өсудің негізгі көзі
деп біледі. Польша тәжірибесі кедергілерді алып тастау және кәсіпкерліктің
гүлденуіне ықпал ететінін көрсетті. Елде қырық жыл бойы кәсіпкерлікке жол
берілмейтін орталықтандырылған жүйе қызмет етеді. Онда үш жылда қиын
экономикалық жағдайға қарамастан пайда табатын миллиондаған жаңадан
фирмалар ашылды (16;54(.
Мұның барлығы шағын және орта бизнестің әсер ететін дамыған
инфрақұрылымның болу керектігін көрсетеді. Ақпаратқа еркін қол жеткізу
қаржылық ақпаратты дәлме – дәл және түсінікті ету үшін бухгалтерлік есеп
стандарттары қажет. Инфрақұрылым жолдарды, порт телекомуникация жүйесін
қоса алғанда қазіргі заманға сай болу керек. Фирмалардың капиталды алуы
үшін дамыған қаржылық нарық қажет. Қосымша қызметтер заң, сақтандыру,
бухгалтерлік және консултациялық фирмалар нарық қажеттіліктеріне сәйкес
қызмет етуі керек.
Қазіргі уақытта шағын және орта бизнестің дамыту процесі Еуропаның
көптеген елдерінде, АҚШ және Жапонияда әлі жүріп жатыр. Қазір шағын бизнес
экономиканың қозғаушы күші екені мойындалуда. Шағын бизнес қазіргі қоғам
назарының ортасында, ол бүкіл халықтың өмірін қорғайды. Кейбір зерттеулер
бойынша шағын кәсіпорындар ірі компанияларға қарағанда табыстырақ.
Осылайша, шағын бизнестің болашағы өте жарқын, бастысы – оны басқара
білу.

2. Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің дамуының
экономикалық аспектілері

2.1 Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру нысандары

Шағын және орта бизнес саласындағы осы қатынастарды реттеуге мемлекет
тарапынан және кәсiпкерлiк субъектiлерi тарапынан мықты қызығушылық таныту
бар. Бiрақ, шаруашылық субъектiлерi жұмысына бақылау-қадағалау органдарының
негiзсiз араласуы Қазақстанда шағын және орта бизнестiң дамуын тежейтiн
факторлардың бiрi болып табылады.
Мемлекеттiк органдар мемлекет өкiлi бола отырып, мемлекеттiк қазына
мүдделерiн қорғайды. Мемлекет айқын ережелердi белгiлей отырып, өзi де
оларға тәуелдi болуға мiндеттi. Яғни, кәсiпкерлiк субъектiлерiне айқын
құқықтар ұсына отырып, мемлекет өзi де айқын мiндеттер қабылдайды.
Сондықтан бақылау-қадағалау органдарының қызметкерлерi мемлекет өкiлi
ретiнде кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң құқықтарын сақтауға, олардың
адамгершiлiк қасиеттерiн құрметтеуге, сол уақытта олардан мiндеттерiн
бұлжытпай орындауды талап етуге мiндеттi.
Бақылау-қадағалау органдары қызметкерлерiнiң кез-келген, ал кей
кездерде құқыққа қайшы келетiн нұсқауларына кәсiпкерлiк өкiлiнiң сөзсiз
көнетiн заманы келмеске кеттi. Ендi заңнама кәсiпкерге өз құқықтарын iске
асыру үшiн кең мүмкiндiктер бередi.
Әр кәсiпкерлiк субъектiсi мемлекетпен қарым-қатынасында өзiн тең
дәрежеде ұсынуды үйрену және өз құқықтары мен мүдделерiн қорғай бiлу керек.
Кәсiпкерлiк субъектiлерi қызметiне тексеру жүргiзу мәселесi — шағын
және орта кәсiпкерлiк ортасында әрқашан қызығушылық тудыратын мәселесі.
Тексеру жүргiзу тәртiбi
Ең басында қысқаша бақылау-қадағалау органдарымен тексеру жүргiзу
тәртiбiн реттейтiн ҚР нормативтiк-құқықтық актiлер тiзбесiн көрсеткiмiз
келедi. 2006 жылғы 31 қаңтарға дейiн осы қызмет 2003 жылғы 17 маусымдағы
Үкiметтiң № 572 Қаулысымен бекiтiлген Шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi
қызметiне мемлекеттiк органдармен тексеру жүргiзу ережелерiмен реттелгенiн
атап өту керек. 2006 жылғы 31 қаңтардан Жеке кәсiпкерлiк туралы ҚР № 124
Заңын қабылдаумен бұл Қаулы күшiн жойды.
Қазiргi кезде кәсiпкерлiк субъектiлерiн тексеру жөнiндегi қызмет
Жеке кәсiпкерлiк туралы ҚР Заңы және тексерудi жүзеге асыратын
мемлекеттiк органдарға қатысты басқа да заңнамалық актiлер қатарымен
реттеледi:
– ҚР Салық Кодексiмен — салық органдары;
– ҚР Кеден Кодексiмен — кеден органдары және т.б.
Тексеру неден басталу керек?
Бiрiншi кезекте тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган өкiлi
өзiн таныстырып өту, қызметтiк куәлiгiн көрсету және таныстыру үшiн
тексеретiн ұйымның қызметтiк бланкiсiндегi тексеру жүргiзу туралы актiнi
ұсыну керек.
Тексерудi жүзеге асыратын органның қызметкерi сiздiң қолыңызға акт
немесе нұсқама берген мезеттен Сiздерде тексеру басталды деп санауға
болады. Бiрақ, тексерiлетiн кәсiпкерлiк субъектiсi оның заңдылығына көзiн
жеткiзу керек.
Бiрiншiден: актiнi (нұсқаманы) берген мезеттен бақылау-қадағалау
органдарының қызметкерлерi өз қызметтiк куәлiктерiн көрсетуге тиiс. Осы
жағдайда кәсiпкер қызметтiк куәлiктердiң деректерiн нұсқамада көрсетiлген
деректермен салыстыруды жүзеге асыру керек. Егер нұсқамада тексерудi екi
қызметкер жүзеге асыратыны көрсетiлген болса, ал сiзге үш немесе одан да
көп келсе, нұсқамада деректерi жоқ қызметкерлердi тексерiске жiбермеуге сiз
құқылысыз.
Қызметтiк куәлiктер мен тексерудi жүзеге асыруға арналған актiнi
(нұсқаманы) зейiн қойып зерделеу бақылау-қадағалау органдары
қызметкерлерiнiң жоспарланбаған тексерудi жиi өз бастамасымен жүзеге асыра
алатындығынан да туындайды.
Екiншiден: тексерушiлердiң тексеру жүргiзуiнен бас тартудың сiзде
тағы да бiрнеше мүмкiндiгi бар:
– егер сiзге тексерудi тағайындау туралы актi (нұсқама) ұсынылмаса;
– егер ұсынылған актi (нұсқама) белгiленген тәртiпте ресiмделмесе
(ресiмдеу тәртiбi төменде көрсетiлген);
– егер актiде (нұсқамада) көрсетiлген тексеру мерзiмiн өткiзiп алса
немесе әлi жетпесе;
– егер тексерiлетiн мерзiмге жатпайтын құжат сұралса;
– егер ҚР заңнамасына сәйкес тексеруге жататын аумаққа немесе жайға
кiру үшiн арнайы рұқсат қажет болса, ал лауазымдық тұлғалардың аумаққа
немесе жайға арналған арнайы рұқсаты жоқ болса;
– егер объектiлерге бару үшiн қажет медициналық рұқсат жоқ болса (бұл
талап салық және кеден органдарының қызметкерлерiне жайылмайды).
Естерiңiзде болсын: Егер тексерудi тағайындау туралы актi (нұсқама)
тиiстi түрде ресiмделмесе (тұлғаның қолы, мөр және т.б. жоқ болса), онда
сiз шағымдануға құқылысыз, сондықтан тексерудiң ең басынан онымен мұқият
танысу керек.
Содан басқа, кәсiпкерлiк субъектiсiне бiр ғана актi (нұсқама)
негiзiнде бiр ғана тексеру жүргiзiле алады, яғни бақылау-қадағалау
органдарының өкiлдерi сiзге бiр ғана актi немесе нұсқамамен жыл бойында екi
рет келе алмайды.
Сонымен, тексерушi органдар қызметкерлерi актi (нұсқама) және
қызметтiк куәлiгiн көрсеттi. Сiз мұқият таныстыңыз, деректердi
салыстырдыңыз, бәрi де көңiлдегiдей. Сiз актi немесе нұсқама алған мезеттен
тексеру басталды деп саналады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне бiрiншi рет барғанда ұсынылатын жазбаша
хабарлама негiзiнде жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне бақылауды жүзеге асыратын
мемлекеттiк орган қызметкерлерiн бекiту жүргiзiледi.
Тексерудi тағайындау туралы актiде келесiлер көрсетiледi:
1) актiнiң номерi мен датасы;
2) мемлекеттiк орган атауы;
3) тексерудi өткiзуге өкiлеттелген тұлғаның тегi, аты-жөнi және лауазымы;

4) тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы немесе оған қатысты
тексеру тағайындалған жеке кәсiпкердiң тегi, аты-жөнi, оның орналасқан
жерi, сәйкестендiрушiлiк номерi;
5) тағайындалған тексерудiң мазмұны;
6) тексерудiң басталу және аяқталу датасы;
7) тексеру өткiзудiң құқықтық негiздерi, соның iшiнде нормативтiк-
құқықтық актiлер, олардың мiндеттi талаптары тексеруге жатады;
8) тексерiлетiн кезең;
9) актiлерге қол қоятын өкiлеттi тұлғаның қолы және мемлекеттiк органның
мөрi.
Тексерудi тағайындау туралы актi мiндеттi түрде ҚР Бас прокурорының
2004 ж. 1 наурыздағы №12 бұйрығымен бекiтiлген Шаруашылық субъектiлерi
қызметiнiң тексерiлуiн есепке алу жөнiндегi нұсқауға сәйкес ҚР Бас
прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi
комитетiнiң аумақтық органында тiркеледi.
Келесi тексерулердi жүргiзгенде актiлердiң талап етiлмейтiнiн атап
өту керек:
1) коммерциялық емес ұйымдарда;
2) шұғыл-iздеу салу iс-шаралары аясында;
3) қозғалған қылмыстық iстердi тергеу аясында;
4) бақылаушы орган және шаруашылық субъектiсi арасындағы азаматтық-
құқықтық қатынастардан туындайтын мiндеттемелердi орындау бойынша;
5) шаруашылық субъектiсiнiң бастамасы бойынша;
6) салық және кеден қызметтерiнiң қызметкерлерiмен.
Объектiге тексеру үшiн келген мемлекеттiк органдардың лауазымдық
тұлғалары мыналарды ұсынуға мiндеттi:
1) құқықтық статистика жөнiндегi органда тiркелгенi туралы белгiмен
тексерудi тағайындау туралы актi (белгi салық және кеден қызметтерiнiң
актiлерiне қойылмайды);
2) қызметтiк куәлiк;
3) қажет болғанда режимдiк объектiге кiруге арналған құзырлы органның
рұқсаты;
4) мемлекеттiк органның басшысымен бекiтiлген тексеру жоспары;
5) салық және кеден қызметтерiнен басқа, объектiлерге бару үшiн қажет
медициналық рұқсаттың бар болуы.
Тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексерудi тағайындау
туралы актiнi тапсыру мезетi тексерудi жүргiзудiң басы деп саналады.
Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тартқан немесе
тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың лауазымдық тұлғаларының
тексерудi жүргiзу үшiн қажет материалдарға қол жеткiзуiне кедергi болған
жағдайда хаттама жасалады. Хаттамаға тексерудi жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдардың лауазымдық тұлғасы және тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк
субъектiсiнiң өкiлеттi тұлғасы (мысалы: аға сатушы) қол қояды.
Тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң өкiлеттi тұлғасы бас
тартудың себебi туралы жазбаша түсiндiрме берiп, хаттамаға қол қоюдан бас
тартуға құқылы. Тексеру тағайындау туралы актiнi қабылдаудан бас тарту
тексерудi болдырмау үшiн негiз болып табылмайды.
Тексеру тағайындау туралы актiде көрсетiлген лауазымдық тұлғамен
(тұлғалармен) ғана тексеру жүргiзiле алады.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiлерi келулер және тексерулердi есепке алу
кiтабын жүргiзедi. Мемлекеттiк органдардың лауазымдық тұлғалары осы кiтапқа
тегi, лауазымдары және актiде мазмұндалған деректердi көрсетумен
жүргiзiлетiн әрекеттер туралы жазулар жүргiзуге және өз қолын қоюға
мiндеттi.
Тексерулердi ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiнiң ерекшелiктерi,
тексерулер түрлерi, олардың мерзiмдiлiгi мен ұзақтылығы жеке кәсiпкерлiк
субъектiлерiне қатысты мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк
органдар қызметiн реттейтiн Қазақстан Республикасының заңдарымен
айқындалады.
Басқа мемлекеттiк органдармен тексеру жүргiзу мерзiмi 30 күнтiзбелiк
күннен аспауы тиiс, арнайы зерттеулер, сынақтар, сараптамалар жүргiзу қажет
болған ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексерудiң мол көлемiне байланысты
мемлекеттiк бақылау органы басшысымен (немесе оны алмастыратын тұлғамен)
тексеру жүргiзу мерзiмiнiң ұзартылуы мүмкiн, бiрақ отыз күнтiзбелiк күннен
артық емес.
Мерзiм ұзартылған жағдайда мемлекеттiк орган мiндеттi түрде құқықтық
статистика жөнiндегi органда тiркеумен тексерудi ұзарту туралы қосымша
актiнi ресiмдейдi, онда тексерудi тағайындау туралы алдыңғы актiнiң номерi
мен тiркелу датасы және ұзартылу себептерi көрсетiледi.
Зерттеулер (сынақтар), сараптамалар жүргiзу үшiн өнiмнiң үлгiлерiн
(сынамаларын) iрiктеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
жүргiзiледi.
Түпнұсқалық бухгалтерлiк және басқа да құжаттарды алып қою және алу
ҚР Қылмыстық iс-жүргiзу кодексiнiң 232 бабымен белгiленген жағдайларда
рұқсат етiледi және тергеушiмен дәлелденген қаулы бойынша жүргiзiледi.
Тексеру нәтижелерi бойынша тексерудi жүзеге асырып жатқан мемлекеттiк
органның лауазымдық тұлғасымен екi данада тексеру нәтижелерi туралы актi
жасалады.
Тексеру нәтижелерi туралы актiде келесi көрсетiледi:
1) актiнiң жасалу датасы, уақыты және орны;
2) тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның атауы;
3) тексерудi тағайындау туралы, оның негiзiнде тексеру жүргiзiлген
актiнiң датасы және номерi;
4) тексерудi жүргiзген тұлғаның (тұлғалардың) тегi, аты, жөнi және
лауазымы;
5) тексерiлетiн жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы немесе жеке
кәсiпкердiң тегi, аты, жөнi, тексеру жүргiзiлгенде болған заңды тұлға
өкiлiнiң немесе жеке кәсiпкер өкiлiнiң тегi, аты, жөнi және лауазымы;
6) тексеру жүргiзiлген дата, орны және кезеңi;
7) тексеру нәтижелерi туралы мәлiметтер, соның iшiнде анықталған тәртiп
бұзушылықтар туралы, олардың сипаты туралы;
8) заңды тұлға немесе жеке кәсiпкер өкiлiнiң, сондай-ақ тексеру
жүргiзiлгенде болған тұлғалардың актiмен танысуы туралы немесе
танысудан бас тартуы туралы мәлiметтер, олардың қолдары немесе қол
қоюдан бас тартулары;
9) тексерудi жүргiзген лауазымдық тұлғаның (тұлғалардың) қолы.
Тексеру нәтижелерi бойынша ескертулер не (немесе) қарсылықтар бар
болған жағдайда жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысы немесе жеке
кәсiпкер, немесе олардың өкiлдерi оларды жазбаша түрде баяндайды.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне түпнұсқада бар құжаттардың көшiрмелерiн
қоспағанда, қосымшаларының көшiрмелерiмен тексеру нәтижелерi туралы актiнiң
бiр данасы жеке кәсiпкерлiк субъектiсiнiң басшысына немесе жеке кәсiпкерге,
немесе олардың өкiлдерiне танысу және анықталған бұзушылықтар мен басқа да
әрекеттердi жою жөнiнде шаралар қабылдау үшiн тапсырылады.
Тексеру нәтижесiнде анықталған бұзушылықтар бойынша қарсылығы
болмағанда, жеке кәсiпкерлiк субъектiсi үш күндiк мерзiмде анықталған
бұзушылықтарды жою жөнiнде, тексерудi жүргiзген мемлекеттiк органның
басшысымен келiсiлген мерзiмдерiн көрсетумен қабылданатын шаралар туралы
ақпарат беруге мiндеттi.
Жеке кәсiпкерлiк субъектiсiне тексерудi тағайындау туралы актiде
көрсетiлген тексерудiң аяқталу мерзiмiнен кешiктiрмей тексеру нәтижелерi
туралы актiнi тапсыру күнi тексеру мерзiмiнiң аяқталуы деп саналады.
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленбеген басқа тексеру
түрлерiн жүргiзуге тыйым салынады.

2.2 2006 – 2008 ж.ж. аралығындағы Өскемен қаласы бойынша шағын
кәсіпкерліктің дамуы

2006 жылы 19 қазанда кәсіпкерлікті дамытудың қолайлы жағдайларын құру
мақсатында 2006-2008 жылдарға арналған қаланың шағын кәсіпкерлікті қолдау
және дамыту Бағдарламасы әзірленіп, бекітілген болатын.
Аталған Бағдарламаны жүзеге асыру аясында белгілі жұмыстар
жүргізілді, нәтижесінде қаланың экономика құрылымында шағын бизнес
көрсеткіштерінің артуына қол жеткізіліп, жұртшылықтың көрсететін қызмет
салалары кеңейтілді.
2008 жылдың 11 айларында мемлекеттік бюджетке шағын кәсіпкерлік
субъектілерінен түскен түсім 17,0 млрд. теңгені құрайды, соның ішінде
жергілікті бюджетке – 5,5 млрд. теңге, соның ішінде қалалық бюджетке – 2,2
млрд. теңге.
Шағын бизнес субъектілерінен Өскемен қаласының бюджетіне түскен түсім
салық түсімдерінің жалпы көлемінің 37,7 % құрайды.
Қалада ағымдағы жылдың 1 желтоқсандағы жағдайы бойынша 6617 шағын
бизнес кәсіпорындары тіркелді, бұл 2007 жылғы деңгейден 4,9 % артық,
олардың 70,1 % кәсіпорындары іс-әрекетте болып табылады, соның ішінде 62,2
% белсенділер санына жатады (21(.
Кәсіпкерліктің дамуында және қолдауда Шығыс Казақстан облысының шағын
және орта бизнес жұмысшылар кәсіподағы, Шығыс Казақстан облысының кәсіби
құрылысшылары Ассоциациясы тұлғасында қоғамдық бірлестіктердің үлесі мол.
Өскемен қаласында шағын бизнестің табысты дамуына байланысты
әкімшілік кедергілерді минимизациалау шаралары іске асырылуда.
Бағдарламаны жүзеге асыру Өскемен қаласының шағын кәсіпкерлік
субъектілерінің өз қаражаттары есебінен іске асырылды.
Бағдарламаның жүзеге асырылуынан күтілетін соңғы нәтиже шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің іс-әрекеттегі – заңды тұлғалар және жеке
кәсіпкерлер санын – 17 мың бірлік жоспары кезінде 20,0 мың бірліктен артық,
шағын бизнес саласымен айналысатындар санын 23,0 мың адамға арттыру болып
табылады.
Өскемен қаласының өртке қарсы қызметтер басқармасымен 217 шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне өрттік-техникалық тексерулер жүргізілді. Тексеру
нәтижесі бойынша 1764 өрт қауіпсіздік нормалары мен ережелерін бұзушылық
анықталып, бірінші басшылары ҚР ӘҚБ-Кодексінің 1 бөлімінің 312 бабына
сәйкес, 734,7 мың теңге сомасында әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік
жауапкершілікке тартылды.
Өскемен қаласы бойынша салық басқармасымен салық төлеушілердің
келісімді жоюға берілген өтініштері бойынша 577 тексеру, 254 хронометражды
тексеру жүргізілді, нәтижесі бойынша болжаммен түсімнің арту сомасы
240487,5 мың теңгені құрайды. Тауар жеткізушілердің ҚҚС сомаларын қайтаруға
көрсетілген дұрыстығын дәлелдеу үшін қарсы 544 тексеру жүргізілді (21(.
Барлық тексерулер Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазақстан
Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп
бойынша Комитетінде заңнамаға сәйкес ресімделіп, тіркеуден өтеді.
Қалалық кәсіпорындармен сыртқы рынокқа өнімдерін шығару және іскер
қарым-қатынас, серікттестік орнату мақсатында, жергілікті тауар өндірушілер
өнімдерінен көрме ұйымдастырылып, өткізіледі кәсіпкерлер Қазақстан
Республикасында және шет елдерде өткізілетін көрмелер және жәрмеңкелер
туралы ақпараттандырылады. 2008 жылғы ақпанда шағын бизнестің үздік
өкілдерін әйгілеу, шығарылған өнімдердің ассортиментін кеңейту және сапасын
арттыруға бағытталған шағын кәсіпорындардың іс-әрекетін ынталандыру бойынша
шараларды жүзеге асыру мақсатында, шағын бизнес саласындағы 2007 жылдың
үздік кәсіпкері конкурсының қорытындысы шығарылды.
Жүргізу және қортындысын шығару бойынша жұмыс тобымен конкурстың
жеңімпаздары және лауреаттары анықталып, сыйлықтар тапсырылған болатын.
Сонымен қатар, құнсыздану үрдісін тежеуге белсенді қатысқаны, Өскемен
қаласындағы мұқтаж және аз қамтылған тұрғындар жіктеріне қайырымдылық көмек
көрсеткені, мерекелік іс шараларды жүргізуге қатысқаны,  шаруашылық
объектілерінің кіре беріс қасбет топтарын безендіргені үшін 39 кәсіпорын
басшылары сыйлықтар және гүлдер, мақтау грамоталарымен марапатталды.
2008 жылы 23 мамырда Өскемен қаласында 32 кәсіпорынның қатысуымен,
оның ішінде 10 кәсіпорын тамақ өнеркәсібі және 22 өндірістік тауарлар
шығаратын кәсіпорындар бойынша жыл сайынғы Алтын Сапа 2008 жыл көрмесі
болды. Тұрғындар үшін полиэтиленнен өнімдер шығаратын Полиус ЖШС
кәсіпорыны Үздік өндіріс тауарлары номинациясының жеңімпазы болды.
Осындай номинация бойынша Азия Авто АҚ екінші   орын алды, Престиж
Мебель ЖШС фирмасы үшінші орын алды.
Тұрғындар үшін үздік тауарлар номинациясы бойынша, зертханалық
жабдықтар шығаратын Казцинктех ЖШС екінші орын алды, пластикалық
терезелер мен есіктер шығаратын Россика пласт ЖШС үшінші орын алды.
Көрермендер қалауының сыйлығы Багратион Ұлан ЖШС берілді, үздік
дизайн үшін дипломды Кондитер+ ЖШС алды, ассортимент үшін диплом Ұлан
Өскемен ет консервілеу комбинаты ЖШС берілді.
Ағымдағы жылдың 11 айында Шағын кәсіпкерліктің даму қоры АҚ
несиелеу бағдарламасының аясында Өскемен қаласында 2008 жылғы 1
желтоқсандағы жағдайы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Франция мемлекеті
Франциядағы мемлекеттік университеттердің тізімі және Франциядағы университет реформасы
Франция мемлекетіне жалпы сипаттамасы
Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
Шет мемлекеттерде муниципалды қызметті жүргізу ерекшеліктері
Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің ұйымдық-құқықтық түрлері және құрылымдары
Шағын бизнес: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі
Франция мемлекетінің туристік индустриясы
Францияның мемлекеттік бюджеті
Пәндер