НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
'' Таза күйінде мүлдем реттелмейтін
нарық ешбір елде жоқ және нақтылы
айтқанда, ешқашан болған емес''
Класс Эклунд
Экономиканың әртүрлі даму кезеңдерінде мемлекет белгілі бір рөл
атқарып келген.
Мемлекеттің пайда болуының алғашқы кезеңдерінен-ақ оның рөлі тек
саяси қызметтерді орындауға бағытталмаған. Мемлекет әрдайым экономикалық
өмірдің субъектілерінің әрекетіне араласып, экономикалық қызметпен
айналысқан. Оған дәлел дамыған және дамушы өнеркәсіп мемлекеттердің
тәжірбиесі көрсетіп отырғандай ұдайы өндіріс процестерінің ағымы мен
қоғамдық өмірінің толыққанды жүргізілуін нарықтық қатнастар толығымен
қамтамасыз ете алмайды екен. Әсіресе еркін нарық механизмі макро
экономикалық тұрақтылық, халыққа берілетін әлеуметтік кепілдік, ғылыми-
техникалық прогрестің мақсатты дамуы, экономикалық қауіпсіздік мәселелерін
толық шеше алмайды. Осы мәселелерді шешуде мемлекеттің атқаратын рөлі аса
маңызды болып табылады.
Тиімді экономиканың шведтік моделін жасаушы және де көрнекті маман
Класс Эклунд ''таза күйінде мүлдем реттелмейтін нарық ешбір елде жоқ және
нақтылы айтқанда, ешқашан болған емес '' –деп тұжырым жасай келіп, ұжымдық
шаруашылықтардың сыртқы-ішкі әсерлерін ескеру және табыстарды әділетті
бөлуді қамтамасыз ету мақсатындағы мемлекеттік реттеу қажеттілігін көпшілік
танып-білгендігін атап көрсетеді.
Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі азғана уақыт ішінде экономиканы
реформалау мен шаруашылық жүргізудің нарықтық моделіне өту жөніндегі кең
көлемдегі шаруаларды жүзеге асыру тәжірибесі—мемлекеттің әлеуметтік-
экономикалық процестерге араласуы – объективті қажеттілік екендігін
түпкілікті түсінуге мәжбүр етті.
Барлық экономикалық жүйелерде мемлекет экономиканы реттеп отырады.
Мұндай реттеу қазіргі нарықтық экономикада әкімгершілік-әміршілдік жүйеге
қарағанда біршама тар ауқымда жүзеге асырылады.
Еліміздің және басқа да посткеңестік мемлекеттердің нарықтық
қатнастарға өтуі экономикалық процестердегі мемлекеттің рөлі мен атқаратын
қызметтерінің маңыздылығы алдыңғы қатарға шықты.
Курстық жұмысымның мазмұндық құрылымы экономиканың дамуында
мемлекеттің рөлін, атқаратын функцияларын, экономикалық саясатын,
экономиканың өзекті мәселелерін және де оларды шешу жолдарын қарастыру
болып табылады.

1 МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІҢ РӨЛІ ТУРАЛЫ ҚАЛЫПТАСҚАН ОЙ-ПІКІРЛЕР

Нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуына деген көзқарас оның
қалыптасуы мен дамуының түрлі кезеңдерінде әр түрлі болды. ХҮІІ-ХҮІІІ
ғасырларда нарықтық қатынастар қалыптасуы кезеңінде үстем болған
экономикалық доктрина-меркантилизм елде сауда мен өнеркәсіптің дамуы үшін
мемлекеттік реттеу сөзсіз қажет дегенге негізделді.
Меркантилистердің ғылыми көзқарастарының негізгі принциптері жақсы
белгілі: елге алтын мен күміс ағынының келуін қамтамасыз ету мақсатында
сыртқы сауданы реттеу; арзан шикізат импорты арқылы өнеркәсіпті қолдау;
импортқа шығарылатын өнеркәсіптік тауарлардың протекционистік тарифтері;
экспортты; әсіресе дайын өнімді ынталандыру; жалақының; төмен деңгейін
қолдау үшін халықтың өсуі. Меркантилизм ғасырының басты дәлелдерінің бірі:
мемлекеттік құрылыс мақсатына меншік экономикалық күштің күшеюінен ғана
емес, көршілес мемлекеттер күшінің әлсіреуімен де көз жеткізуге болады.
Шынында меркантилистердің көпшілігі ұлттар мүддесі бір-біріне өзара
карама-қайшы деген көзқарасты ұстайды. Дүние жүзінде ресурстардың қатаң
бекітілген саны бар деген идея осының дәлелі болды. Нарықтық қатынастар
дамуымен күшіне енген кәсіпкерлер класы мемлекеттің араласуы мен осымен
байланысты шектеулерді өз қызметіне деген кедергі ретінде қарай бастады.
Сондықтан XVIII ғ. аяғында меркантилизм орнына келген, экономикаға
мемлекеттің араласуын жағымсыз бағалаған экономикалық либерализм идеясы
бірден көптеген қолдаушылар тапты.
Нарықтық экономикаға қатысты экономикалық либерализм идеяларын бірінші
рет А.Смит өзінің "Исследование о природе и причинах богатство народов"
кітабында толығырақ берді. Оның айтуынша нарықтық жүйе негізінде
"көрінбейтін қол" - пайда ұмтылумен байланыс жеке мүдде өзін-өзі реттеуге
қабілетті. Ол экономикалық дамудың басты қозғаушы күші ретінде жүреді.
Мемлекеттің реттеуін жоққа шығарғанда экономика тиімдірек әрекет етеді
деген идея А.Смит ілімінің басты идеядарының бірі болды. А.Смит бойынша
нарық басты үйлестіруші болғандықтан, нарыққа толық еркіндік берілуі қажет.
А.Смиттің ізбасарларын Д.Рикардо, Ж.Сэя, Д.Миль, А.Маршалл аттарымен
байланысты классикалық мектепке жатқызады. Классикалык шоғырландыру тарих
жетістігі болып табылады. Классиктер нарықтың бәсеке механизмі қол
жеткізуінен шет жерде орналасқан сфералар бар екенін түсіне отырып,
мемлекеттік дәстүрлі қызметтерді орындау қажеттігі туралы тезистен шықты.
Бұл алдымен қоғамдық тауарлар деп аталатындарға қатысты болды, яғни
ұжымдық түрде пайдаланылатын тауарлар мен қызметтер (ұлттық қорғаныс,
білім, көлік жүйесі және т.б.) туралы болды. Сондықтан мемлекет оларды
өндіру туралы міндетті өзіне алып, азаматтардың осы өнімге бірлесе ақы
төлеуін ұйымдастыруы керек.
Нарықтық экономикадағы мемлекеттің рөлі теориялық түсінудегі маңызды
кезең атақты ағылшын экономисі Дж.М.Кейнстің атымен байланысты. "Кейнстік
революция" кезінде ұсынылған идеялар рыноктық экономикаға классикалық
көзқарастарда төңкеріс жасады. Олар экономикалық құлдыраудың өзін-өзі
емдеуі мүмкін еместігін, жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныс теңестіруге
экономикалық дағдарыс жағдайдан шығаруға қабілетті құрал ретіндегі мемлекет
саясатының қажеттігін дәлелдеді.
Кейнсиандық 30-жылдардың дағдарыс қезеңінде туындады. Дж.М.Кейнстің
"Общая теория занятости, процента и денег" жарияланған кезде проблема терең
дағдарыстан шығуды қамтамасыз ететін әдістерді табуда, өндіріс өсуі мен
жаппай жұмыссыздықты жеңу үшін жағдай жасауда болып отыр еді,
кейнсиандықтың экономикалық теория мен практикада тарауы үкіметтің 70-
жылдардың ортасына дейінгі экономикалық саясатын анықтады. Дж.М.Кейнстің
теориясы мемлекеттің қоғамдық ұдайы өндірістегі рөлі мен орнын анықтаудағы
жаңа жол еді және ол экономикалық теориядағы мемлекеттік қаржы маңызы
туралы бұрынғы түсініктерден қол үзуді білдірді. 1929-1933 ж. экономикалық
дағдарыс әсерінен туындаған Дж.М.Кейнс теориясы экономикалық балансқа
өнеркәсіптік елдердің шаруашылық жүйесінің белгісіздігінің жоғары
дережесінен, байлықтың тең бөлінбеуінен, жинақтау мен инвестициялау
жағдайының сәйкес келмеуінен, баға қатаңдығынан (әсіресе еңбек және қарыз
капиталы рыноктарындағы) автоматты түрде қол жеткізуге болмайтынын
мойындады. "Біз өмір сүріп отырған экономикалық қоғамның елеулі кемшілігі
жұмыспен толық қамтамасыз ете алмауы, сонымен қатар оның байлық пен табысты
еркін және әділетсіз белуінде болып отыр", — деп атап көрсетті Дж.М.Кейнс.
Неокейнсианстік бағыттың өкілдеріне Э.Хайсен, Д.Хикс, П.Самуэльсон жатады.
Олар экономикалық Циклдардың екі полюстері мен дағдарыстың жағымсыз
кұбылыстарын жұмсарту жолдарын ұсынған.
Келесі бір бағыт неолиберализм—халықты әлеуметтік қорғау саясатын
негізге ала отырып, табысты бөлу, жұмыспен қамтуды ынталандыруды
экономикалық өсуде мемлекеттің рөлінің маңыздылығын көрсетті.
80-жылдардан бастап мемлекеттік реттеуді күшейтуге ұмтылу нарықтың
(ортодоксальдық) либералдардың қысымына, чикаголық монетаристердің
сұранысқа бағытталған институционалдық экономика және теория өкілдерінің
әсеріне түсті. Көптеген елдердегі саяси сәтсіздіктер (Латын Америкасындағы
импортты отандық өндіріспен алмастыру және индустриялизациялау) және
тиімсіз бюрократия осындай дамуға әсерін тигізді.
70-жылдардың 2-жартысында батыс экономикалық ойынның жетекші ағыны
болған кейнсиандық дағдарысқа ұшырады. Оның барлық құрылымында күрделі
өзгерістср болды. Экономикаға мемлекеттің араласпауын желеу ететін
либерализм идеологиясы пайда болды. Сонымен қатар, осы процестер 70-80-
жылдар шегінде жүріп жатқан индустриалды дамыған елдердің шаруашылық
механизміндегі ерекше бағыт Кейнстіктерге қарама-қарсы бағыттың, негізін
салушы чикаголық Фридмен Мильтон. Монетаризмнің көш басшысы өзінің
кейнсиандық теорияға деген шабуылын 50-жылдарда-ақ бастаған еді.
Монетаристер "шағын үкіметті", яғни олар шағын бюджетті, үкімет
қызметіндегі несие-ақша және бюджеттік параметрлердің тұрақтылығын,
мүмкіндігінше еркін нарық пен тиімді әрекет ететін бәсекені қолдайды.
Мемлекеттің мақсаты — қатаң несие-ақша саясаты арқылы қол жеткізілетін ақша
айналымының тұрақтылығы, сонымен қатар монополияға қарсы шаралар көмегімен
баға белгілеудің еркіндігін қамтамасыз ету.
Монетаризм өз инфляция теориясын жасады. Осы теорияға сәйкес
ақша ұсынысының, өсуі жартылай нақты табыс, жартылай баға өсуін тудырады.
Олардың пікірінше мемлекеттің араласуы тек қана ақша жүйесінде ғана болуы
мүмкін. Фридмен ақша айналысы теориясына сүйене отырып, қаржы-несие
тұрақтылығы, адам белсенділігі мен іскерлігі арқасында нарық өзін-өзі
реттейді деп есептеді. Алайда өздерінің болжамдарына берік
неокейнсиандықтар нарық шаруашылығының механизмі экономиканы ұзақ кезеңді
тоқыраудан, дағдарыстан шығара алмайды деп жариялайды. Сондықтан олар
нарықтың шаруашылықты мемлекеттік реттеу саясатын белсенді насихаттайды.
Экономикада мемлекеттік әсер етудің зор мәнін белгілі американдық
ғалым П.Самуэльсон да атап өтеді. Өз кезінде Дж.Кейнстің "Общая теория
занятости, процента и денег" еңбегіне баға бере отырып, ол оны "дананың
жұмысы" деп атады.
Өзінің, "Экономика" еңбегінде П.Самуэльсон мемлекеттің келесідей
қажетті қызметтерін атап өтті:
1) Тікелей бақылау. 2) Қоғамдық тұтынуды қамтамасыз ету. 3) Адам және
табиғат ресурстарын тікелей пайдалану. 4) Әлеуметтік қамтамасыз ету.
Қажетті ақша-несие және қаржы аспаптары арқылы практикада жиынтық
сұраныс реттелетін Кейнс идеясы көрсететін экономикалык саясатты екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген дамыған елдері енгізді. Ол осы
елдер экономикасының циклдік ауытқуларын жұмсартуға көмектесті.
70-жылдардың екінші жартысынан бастап осы саясаттың өндіріс пен
ұсынысқа жағымсыз әсер етуін талқылау белсенді жүрді. Монетаризм,
рационалды күту теориясы мен ұсыныс теориясын жақтаушылар жаңа практикалық
ұсыныстар жасады. Осы теориялар нарықтық экономика өндірістің потенциалды
көлемі кезінде тепе-теңдікке автоматты кол жеткізеді деген классиктер
идеясын жаңа деңгейде қайта тудырады.
Өтпелі кезең елдері үшін, біздің ойымызша, әлеуметтік бағыттағы
германдық, жапондық, қытай және скандинавтардың экономикалық модельдеріне
сүйену дұрыс болады. Экономикалық реформаларды іске асыру ақысы халықтың
әлеуметтік жағынан аз қорғалған қабаты үшін өте жоғары болуы мүмкін,
сондықтан жағымсыз салдарлардың алдын алып, халықтың осындай қабаты үшін
мүмкін экономикалық және әлеуметтік зиянды төмендетуге тырысу қажет.
Дамудың ары қарайғы барысында барлық елдерде түрлі экономикалық
тұжырымдамалар арасындағы теориялық күрес жалғасып отырды. Бұл кақтығыс
мемлекеттің экономикалық рөлін түсінуден туындап отырды. Бұл кезде әңгіме
мемлекеттің экономикаға қатысу қажеттігін мойындамау туралы болған жоқ.
Әңгіме мемлекеттің араласуының шекаралары мен сфераларын, оның объектісі
мен субъектілерін, нысандары мсн әдістері, оның әлеуметтік бағасын анықтау
туралы болды.
Сонымен мемлекеттің экономикалық өмірдегі рөлі туралы эволюциялық
түсініктерді талдау нарықтық калыптасуы мен дамуының түрлі кезеңдері
мемлекеттік реттеу қажеттілігіне деген көзқарас өзгеруін де анықтап
отырғанын көрсетті.
Бірақ осы әр түрлі бағытты қолдаушылар арасындағы идеялық күрес
өткірлігіне қарамастан олардың арасында бітіспес қарама-қайшылық ешқашан
болған емес. Барлығы да мемлекеттің маңызды экономикалық қызметтерін
мойындайды. Олардың арасындағы алшақтық мемлекеттің экономикалық
процестерге тартылуының жалпы масштабын бағалау, нені, қандай әдіс және
қандай мақсатпен реттеу керектігін түсіндіруде ғана болып отыр.

1.2 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарыктық коғамда маңызды
мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде мемлекет ерекше
кызметтерді атқарады. Шаурашылық байланыстарын интернационализациялау
мемлекеттің экономиканы реттеуіндегі рөлін күшейтуге объективті жағдайлар
жасайды. Экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюцияның
жемісі, бұл істі жүзеге асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері
өзгеріп отырды. Мемлекеттің экономиканы реттеу түрлері мен тәсілдерін
жасауда дүниежүзілік экономикалық дағдарыстар, әсіресе 1929-1933 жылғы ұлы
депрессия аталған әлемдік экономикалық дағдырыс ерекше рөл атқарды. Бұл
жағдайда мемлекет өзіне бірқатар қызметті алуға мәжбүр болды, сөйтіп
нарықтық экономикаға мемлекеттің араласуының оңтайланған шекараларын
іздеді.
Кез келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің рөлі оның
қызметтері арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері өте көп,
сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет:
біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз мойынына
алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, техникалық, әлеуметтік,
демографиялық болжау мен жоспарлауды. Экономиканы реттеудін тікелей және
жанама қызметін де атқарады. Осы аталған нәрселердің барлығының қызметін
тек қана мемлекет өткеруі мүмкін;
екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады. Ол
қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын (қоғамдық пен шаруашылық есептегі) мен
өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. Олар: темір жол мен
жалпы ұлттық шоссе жолдары, көпір, каналдар, газ бен мүнай құбырлары,
байланыс, аурухана, мектеп т.б. объектілер;
үшіншіден, нарықтык жүйе қалыпты қызметін камтамасыз ету. Сатып алушы
мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін құру, өнім сапасы мен
салмағын өлшеу, бәсекені колдай отырып, нарықтық экономикада монополизмнің
болуына барынша күрес жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады.
Мемлекет бұл жағдайда өзіне қоғамдық әрбір қызметін алғаны жөн;
төртіншіден, мемлекет дағдарысқа карсы саясатты жасау мен өткеру
қызметін аткаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық табысты үлестіру
арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен қамтамасыз етілуін қолдап,
экономиканы тұрақтандыру қызметін жүзеге асырады;
бесіншіден, мемлекет тұрғындарды әлеуметтік қорғау жұмыстарын өзіне
алады. Оларға — оқушылар, студенттер, зейнеткерлер, мүгедектер мен көп
балалы отбасын жатқызамыз. Өскелең ұрпақты тәрбиелеуді де өз қызметі
санайды.

1.3 НАРЫҚТЫ РЕТТЕУ ТӘСІЛДЕРІ

Нарықты реттеу тәсілдері — бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы өңдіріс
процесінде мақсатты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық механизм
қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуте әсер етеді. Реттеудің мұндай
элементтері алғашқы рет бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болды. Тек
екінші дүниежүзілік соғыстан соң, мемлекеттің экономиканы реттеу енеркәсібі
дамыған елдерде жалпы кұбылысқа айналды.
Салғырттықтың методологиясына негізден шаруашылық жүйесінен бұрынғы
Одақтың бас тартуы, экономиканы реттеу тәсілінің мағынасьн түбегейлі
өзгертеді. Себебі нарықтың құрылуы жаңа өндірістік қатынастарға көшуді
байқатады: халық шаурашылығын басқарудың вертикальды құрылымынан бас тарту,
оны горизонтальды құрылыммен ауыстыру. Нарық мемлекетпен, кәсіпорын
(фирма), тауар өндірушілермен де реттелуі әбден мүмкін.
Демек, реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде
былай классификациялаймыз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ол нарықтық
тепе-теңдікке әсер ету әдісіне карай — тікелей және жанама.
Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның
параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі
объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады.
Нарықты тікелей реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің
қалыптасуы үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
орталықтан қолданатын әдістер жатады. Бұл жерде әңгіме жалпы мемлекеттің
қызметі жайлы емес, мемлекеттің дұрыс әлеуметтік атмосфера жасауды қолдану
тәсілі жайлы болып отыр. Ол нарық қызметінің тиімді жүзеге асуына ықпал
жасайды. Бұл жағынан бәсекені дамыту үшін экономиканы тым монополиялау
шараларына қатысты болса, екінші жағынан — төлем қабілеттілігі жағдайын
сақтау үшін тұрғындарды әлеуметтік қорғау саясатын жүргізеді.
Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ барлық
шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар экономикалық қызметтің
жағдайы мен нәтижесіне әсер етумен байланыстырылады. Тікелей және жанама
тәсілдер арасындағы шекара шартты түрде ғана. Нақты өмірде олар араласып
кеткен және меншік типі мен объектіге әсер етуіне байланысты жіктелген
күйде, әртүрлі тармақтарда қолданылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік реттеудің шаралар жүйесі
мен түрлері әрбір елде өте көп түрлі болып келеді. Бұл жүйенің өзінің
ерекшелігі бар. Мемлекеттік реттеудің — ең маңызды инструментіне мыналар
жатады: Фискалдык саясат; Несие-ақша саясаты; Баға мен табысы реттеу
саясаты; Әлеуметтік саясат; Сырткы экономикалык саясат; Әкімшілік реттеу;
Қысқа мерзімді реттеу; Ұзак мерзімді реттеу; Аймактық саясат.

2 ЭКОНМИКАНЫ ДАМЫТУДАҒЫ МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТАЛДАУ

2.1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ФИСКАЛДЫҚ ЖӘНЕ НЕСИЕ-АҚША САЯСАТЫ

1. Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты, каржыны
реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып алуды ұлғайту мен
қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы әлеуметтік төлемдер, бюджеттен
жекелеген сала мен кәсіпорын (фирма) үшін дотация мен субсидиялар, салық
шаралары жатады.
Фискалдық саясаттың ең манызды бөлігі салықты реттеу болып табылады.
Ежелден салыққа қатысты белгілі нәрсе, ол экономикада екі жақты роль
аткарады. Бір жағынан — мемлекеттің табысын қалыптастырса, екінші жағынан
түтынушы мен өндірушіге ынталандырушылык әсер етеді. Салықтың жоғары болуы
жалпы ұлттық өнім көлемін азайтады. Сондай-ақ салықтың төмен болуы
мемлекеттің табысын азайтады. Сондықтан нақты жағдайды ескере отырып,
салық. ставкасының дұрыс шекарасын анықтау мәселесі көлденең тартылады.
Салықты реттеудің ең кең тараған түрлері мыналар болып табылады:
а) кейбір экономикалык процестерді ынталандыру мен шектеу мақсатында
салық ставкасын өзгерту. Мемлекет экономиканы көтеруді ынталандыру үшін
кейбір жекелеген сала мен территорияға (Арал өңірі), табиғаты келеңсіз
ауданға, еркін экономикалық аймаққа арнайы салық салудың жеңілдеген режимін
белгілейді.
Кәсіпорынның қызметі ең маңызды мәселені шешуге арналса, жергілікті
деңгейдегі мемлекетгік органдар өз шама-шарқына қарай оны ынталандыра
алады. Төлеушілердің негізгі массасына жанама салық пен табыс салығы
ставкасын көтеру жеке тұтыну тауарларына сұранымды шектеу үшін жасалады.
Пайдаға салық ставкасының өзгеруі қорлану процесіне әсер ету үшін
жасалады: салық ставкасының ең төмен кезінде күрделі қаржы өседі, ал ең
жоғарғы иивестициялау аса пайдасыз;
ә) ставканы өзгертпеуді сақтай отырып, салық төлемі ережесін өзгерту.
Мысалы, бұған негізгі қор амортизациясының мүмкін болатын мерзімін
өзгертуді жатқызамыз. Амортизация мерзімін қысқарту амортизациялық
төлемдерді ұлайтуға мүмкіндік жасайды және сол салық ставкасы жағдайында
ресурстардың қорлануын ұлғайтады;
б) салық жеңілдіктерін алып тастау немесе ендіру. Сала жеңілдіктерін
белгілеу капиталдың, сала аралық құйылуын реттейді.
Салықты реттеудің тиімділігі қайшылықты теңденция мен шектеледі. Егер
конъюктура күрделі қаржы үшін ыңғайсыз болса, онда салық ставкасының
төмендеуі ынталандыруға аса қаукарсыз болуы мүмкін.
2. Несие-ақша саясаты. Бұл тәсілде халық шаруашылығы мәселелерін
шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты салалық және аймақтық
мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама негізінде мақсаттық
жеңіл несиелер береді. Ол арнайы бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін.
Несиені реттеудің төмендегідей түрлері жиі қолданылады:
а) экономикалық банктің есептеу ставкасының өзгеруі. Есептеу
(дисконттық) ставка – банктың вексельді сатып алғандағы (есептегендегі)
банк алымын қарыз процентінің (пайызының) мөлшері дейміз немесе жеке тұлға
мен мекемелерінің қысқа мерзімді міндеттемелері. Эмиссиялық, банк
коммерциялық банктың векселін ғана ескереді. Есептеу (учетный) ставкасының
темендеуі мен көтерілу жеке коммерциялық банктердің әртүрлі қарыздар
ставкасын қайта қарау үшін сигнал болып табылады. Несиенің қымбаттауы
(есептеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу туралы ақпарат
Нарықты реттеудің мәні
Қазақстан экономикасы
Табиғат, экономика, мемлекет және құқық
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Нарықты зерттеу және сегменттеудің пәні мен әдістері
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ
Нарықтың мәні, қызметі мен құрылымы
Нарық қатынастарының теориялық аспектілері
Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
Пәндер