Капитал салымдарының түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Капиталдық салымдар нәтижелігі өсуінің қаржылық мәселелері». Осы тақырыпты зерттегенде алдыма қойып қарастырған сұрақтарым капиталдың теориялық аспектілерін анықтау, акционерлік қоғам мысалында капитал құрылымы мен дивиденттік саясаттың талдауы, нарықтағы капитал құрылымы жетілдіру жолдарын іздестіру, қоғамның капиталының пайда болу көздерін анықтау, олардың мөлшерінің өзгеру факторларын анықтау.

Қазақстан Республикасы экономикалық және саясаттық жетілдіру жолында болғандықтан, мемлекеттің капитал және дивиденттік саясат туралы түсінігі өзгеруде.

Капитал дегеніміз - кәсіпорынның шаруашылық қызметін іске асыру үшін қажет материалдық құныдылықтар мен ақша қаражаттарының жиынтығы.

Әр кәсіпорын, банк, акционерлік қоғам ашылмас бұрын ең бірінші қойылатын талап бұл жарғылық капиталды иемдену және дивидендтік саясатты дұрыс, тиімді пайдалана білу. Капитал - бүкіл әлеуметтік - экономикалық дамудың іргетасы деп атауға болады. Өркендеп өсу үшін ең бірінші капиталды, дивиденттік саясатты дұрыс пайдаланып, инвестициялық процесс арқылы бүкіл ел, қоғам, мемлекеттің экономикалық потенциалын қалыптастыру қажет.

Дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік бағыттағы рыноктык экономиканың ұйымдық құрылымында капитал мен дивиденттік саясаттың болуының мәні зор. Тиянақты жүргізілген дивиденттік саясаттың және дұрыс қалыптастырылған капитал құрылымы өндірістің құлдырауына жол бермейді және қаржы жүйесінің сауықтандырылуына маңызды мағына береді. Капитал құрылымы мен дивиденттік саясаттың әрі қарай дамуы Ұлттық экономиканы одан әрі дамытуда қолданылатын өте қуатты да икемді құрал.

Қазақстан Республикасының болашағы, әлеуметтік - экономикалық дамуы, өзінің қолындағы табиғи ресурстары мен байлығын, қалыптасқан капиталын дұрыс та ұтымды пайдаланып, іске асыруына байланысты болып табылады.

Өндірілген капитал оның құнын ауыстыру тәсілі және сол қозғалыстың әрекеті бойынша негізгі және айналымды болып бөлінеді.

Негізгі капиталға (негізгі шаруашылық құралдарына) : ғимарат, салынып жатқан құрылыс, жұмысшы машиналар мен жабдықтар, инвентарь, көлік құралдары және т. б. жатады. Негізгі құралдар шаруашылық құралдарының бір ғана емес, бірнеше айналыстарына қатысады. Аталған көрнекті активтерден тыс: патенттер, лицензиялар, авторлық құқық, ноу-хау және т. б. сол секілді сезілмейтін активтер де есепте көрініс табады.

Күшіндегі есепке алу тәртібіне сәйкес негізгі капиталға жатпайтын және айналым құралдарының құрамында есепке алынбайтындар: бір данасының қанша тұратындығына қарамастан бір жылдан кем тұтынылған заттар, құндылықтары олардың қызмет мерзіміне қарамастан, тиісті органдармен белгіленген белгілі бір лимиттен төмен заттар, бағаларына қарамастан арнаулы құралдар мен аспаптар; бағаларына және қызмет мерзімдеріне қарамастан арнайы киімдер мен аяқ киімдер, төсек-орын бұйымдары, құрылысқа, жөндеу мақсаттарына және жабдықтауға арналған айналымдық қорларды жекелеген құрылыс конструкциялары мен тетіктері, машиналардың, құралдардың және жылжымалы техникалардың бөлшектері мен агрегаттары, кәсіпорын-дайындаушылардың, жабдықтау және тарату ұйымдарының қоймаларындағы дайын бұйымдар секілді саналатын жабдықтар мен машиналар, сондай-ақ монтаждауды талап ететін және күрделі құрылым балансында саналатын жабдықтар; құнына және қызмет мерзіміне қарамастан балық аулау құралдары (ау, тор, жабдық және басқалар) ; бензомоторлы ара, бұтақкескіш және сал ағызатын трос, сондай-ақ иелікке алынатын немесе магистрал өнімінің (жұмысының) өзіндік құны есебінен салынған ағаш таситын жол тармақтары, маусымдық жолдар, ормандардағы уақытша ғимараттар.

Айналым капиталы дегеніміз - өндірістің айналым қорлары мен айналу қорларына салынған ақшалай қаржы. Айналым капиталы шамалы тұрақты қор жасауға, дайын өнімдер қалдықтарына, аяқталған өндірістің қажеттен тыс жиналып қалған шикізаттарына, алғы кезеңдегі болатын шығындарға бөлінеді. Оның сомасы кәсіпорынның (фирмалар, ұйымдар) жарғылық қорында бекітіледі; оны олар өз қалауларынша қалай жұмсаса да - сатуға, айырбастауға, қарызға беруге, егер олар ескірсе немесе жарамсызданса, баланстан шығарып тастауға да билік ете алады. Теңестірілгендерге, ең алдымен, тұрақты түрде шаруашылық айналымда пайдаланылатын қаржы жатады. Ол: жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақылары бойынша ең аз қарызды, кәсіпорын жұмыскерлерінің демалыс айларына төлеу үшін жинақталған әлеуметтік қажеттіліктер мен алдағы төлем резервтеріне ақша аудару жөні бойынша жиналған қарызды, еңбек сіңірген жылдарына сыйақы төлеу, фактураланбаған өнімдер жеткізушілерге қарызды және басқаларды қамтиды. Қарыздық қаражат - маусымдық қорларды жасаудың және басқадай уақытша қажеттіліктерді қанағаттандырудың бастау көзі. Негізінен банк несиесі формасында қосымша ресурстарға деген қажеттіліктерді жабу үшін (мысалы, жол үстінде есеп айырысу құжаттарына қарыз беру және сол сияқты) беріледі. Тартылған айналым капиталына өнім жеткізушілермен, бюджетпен және басқа қарызгерлермен есеп айырысуға дейінгі кәсіпорын айналымындағы уақытша еркін қаржылар жатады.

Меншіктік формасы жөнінен капитал: жекеменшік (дара, отбасылық), ұжымдық (кооперативтер, серіктестіктер, корпорациялар) ; мемлекеттік; аралас, шетелдік болып келеді.

Қалыптасу бастаукөздері бойынша: өзінікі және қарызға алған капиталдардан тұрады.

Өз капиталы дегеніміз - кәсіпорынның меншік иесі (немесе меншік иелері) сөзсіз және айырықша меншік иесі болып табылатын капитал. Өз капиталына жарғылық қорды (акционерлік капитал) яғни меншік иелерінің, акционерлердің алғашқы және онан кейінгі қаржыларын салуларын және пайда есебінен капиталды қосымша өсірулерін жатқызуға болады.

Қарыздық капитал дегеніміз - кәсіпорын белгілі уақытқа дейін иемденіп, келісімді уақыт біткеннен кейін уақытша иемденгені үшін төлемімен қайтарылатын капитал.

Қарыздық капиталдың құрамына банктен алынған капиталдан басқа құнды қағаз шығару арқылы (акциядан басқа) тартылған, кәсіпорын жалға алған машиналар, жабдықтар, ғимараттар секілді капиталдар да кіреді.

Капиталдың орталықтануы дегеніміз бірнеше капиталдың бірігуі жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады.

Капитал орталықтануының бірден-бір түрі болған акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады. Капиталдың шоғырлану мен орталықтануы өндірістің шоғырлануына жағдай жасайды. Өндірістің шоғырлануы дегеніміз ірі кәсіпорында барынша өндіріс құрал-жабдығын, жұмыс күшін және өнімді шығаруды бір қолға жұмылдыруды атаймыз.

Тәжірибеде қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) - бұл жаңа құрылысқа, жабдықтауға, жұмыс жасап тұрған кәсіпорында ұлғайту мен техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын-үй, мәдени тұрмыстық құрылысқа кеткен шығындар.

Курстық жұмыстың құрылымы:

Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

Бірінші бөлімде классиктердің экономикалық теория ілімдеріндегі капиатл теориясы туралы жазылған. Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін салушылар А. Смит (1723-1790) пен Д. Рикардо (1772-1825) және қазіргі белгілі американ экономистері А. Самуэльсон, У. Нордхауздың ойынша, капитал - бұл өндіріс құрал - жабдығы.

Екінші бөлімде «ТЕКСТИЛЬ» Акционерлік қоғамының мінездемесі, қаржылық талдауы, капиталды жинау көздері, құрылымы, түрлері туралы айтылған.

Үшінші бөлімде нарықтағы капитал салымдарының қаржылық жағдайы туралы айтылған.

1 Капиталдың теориялық аспектілері

1. 1 Капиталдың мағынасы, мәні. Капитал құрылымы

Капитал ағылшын сөзі «capital»- дан шыққан. Қазіргі экономикалық теория капиталды өндіріс факторы құралдарын ұсынады. Капиталдың әр түрлі классфикациясы бар. Критерияларға байланысты былайша ерекшеленеді: қаржыландыру көздеріне байланысты - меншікті капитал және қарызды; құнын аудару тәсілі бойынша - негізгі және айналымды; айналым формаларына қарай - өндірістік капитал, ақшалай капитал, тауарлы капитал; Капиталды иемденіп алу үшін тартылған ақшалар - инвестициялар болуы мүмкін. Капитал кәсіпорынның шаруашылық қызметін іске асыру үшін қажет материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарының жиынтығы.

«Капитал» терминді алғашқы рет ауыл шаруашылығы өндірісіндегі заттық факторларды белгілеу үшін физиократтар мектебінің өкілдері пайдаланған.

Қоғамдық өндірістегі капитал мен оның рөлі туралы одан арғы түсініктің даму процесі мынандай кезеңдерден өтті:

Ф. Кенэ (физикократтар мектебі) . Капиталға ауыл шаруашылығында қолданылатын өндіріс құралдары жатады. Барша капитал бастапқы және әр жылғы аванс болып бөлінеді. Бастапқы аванс деп әр жыл сайын өтеуді талап етпейтін өндіріс құралдарын алуға кеткен шығындар, ал әр жылғы аванс деп - әр жыл сайын өтелуге тиісті шығындарды айтады.

А. Смит (классикалық мектеп) . «Капитал» жеке тұлғаның қолындағы қорды тұтыну қарекеттерінен шығады. Капитал мәртебесін алу үшін олар мынандай тәсілдермен пайдаланулары керек: пайдалы сату немесе бір иегерден екіншісіне өтпей-ақ табыс әкелетін өндіріс құралдарын сатып алу үшін тауарлар өндіру, өңдеу және сатып алу мақсатында жұмсау. Капиталдың басты қасиеті - өз иесіне табыс әкелу.

К. Маркс (экономикалық теорияның марксистік бағыты) . Капитал әлеуметтік-экономикалық санат ретінде қаралады. К. Маркс бірнеше анықтама келтіреді:

  1. капитал - жұмысшылардың жалданбалы еңбектеріне негізделген таптық қатынасты және қоғамның белгілі бір сипатын көрсететін өздігінен өсіп отыратын құн. Капиталдың өсу көзі жұмысшыларға төленбеген еңбек болып саналады.
  2. капитал дегеніміз тып-тыныш жататын зат емес, ол дегеніңіз қозғалыс.
  3. капитал - еткен еңбекті қанағанда ғана барып жанданатын қанаушы секілді еңбек.

Э. Бем-Баверк (субъективтік-психологиялық мектеп) . Капитал өндірістің екінші факторына жатады, ондайда бастапқы факторлар жер мен еңбек болады және олардың алғы кезеңдегі шығындарымен капитал мөлшері анықталады. Капитал табысы өндірістік циклдың уақытына немесе «тосу кезеңіне» байланысты. Сөйтіп капитал мөлшерін анықтауға уақыт факторы ендірілген.

А. Маршалл (неоклассикалық мектеп) . Микро және макроэкономика деңгейінде капиталды тану тәсілі әртүрлі. Микроэкономика деңгейіндегі капитал - тәсілдері мен аясына қарамастан табыс (жалпы пайыз) алу үшін пайдалануға болатын жеке тұлғалар байлығының бір бөлігі. Маршалл макроэкономика деңгейіндегі капиталға, еңбек және жермен қатар, материалдық игіліктер өндіру үшін пайдалануға болатын өндірістік құралдардың барлық жиынтығын жатқызады.

Дж. М. Кейнс (кейнсиандық бағыт) . Капитал - баламалы пайдаланудан гөрі үлкен кіріс әкеле алатын байлық, оны банк пайызын алу үшін ақшадай сақтаған дұрыс. Байлықты капиталға айналдыратын жағдай - оның пайыздан асып түсетін табыстылығы болып табылады.

И. Шумпетер «Капитал - ақша мен төлемдік міндеттемеден тұратын сатып алу күшінің қоры», - деп санайды Шумпетер. Ол қорға қоғамның прогрессивті дамуын қамтамасыз ететін өндіріс құралдары алынады. Егер басқаша жағдайда, экономикалық прогресс болмаса, капитал жоқ болса, яғни онда ол өз функциясын орындамайды, өзін бейтарап ұстайды.

Қазіргі экономикалық теория капиталды өндірістік тұтынуға арналған, адам еңбегімен жасалынған өндіріс құралы деп біледі. Ол жер, еңбек және кәсіпкерлік қабілеттерімен қатар өндіріс процесі үшін қажетті фактор болып саналады.

Капитал құрылымы мен дивидендтер өзара тығыз байланысты. Өйткені дивидендтер акционерлік қоғамның немесе кәсіпорынның пайдасын көбейтеді, ал пайда көбейсе капиталдың мөлшері де көбейіп отырады. Дивидендтерді көбейту үшін дұрыс, тиімді дивидендтік саясат жүргізу қажет. Дивидендтік саясат басқарудағы капитал құрылымы сияқты кәсіпорынның акция бағасына әсер етеді. Дивидендтер акционерлердің ақшалай табысын белгілейді және сонымен қоса кәсіпорынның қаншалықты табысты жұмыс атқарып жатқанын білдіреді. Дивидендтік саясатты теориялық жағынан таңдағанда ол негізгі сұрақты шешеді: дивидендтердің көлемін акционерлер табысына әсерін анықтау. Ал жалпы дивидендтік саясаттың негізі - бұл дивидендтер. Егерде дивидендтер болмаған жағдайда дивидендтік саясатта болмаған еді. Дивидендтік саясат, дивидендтер, капитал құрылымы өзара сыбайлас. Жалпы дивидендтер не деген сұрақ бізде пайда болуы мүмкін. Дивидендтер - таза пайданың бөлігі, ол акционерлерге тепетең түрде бөлінеді. Дивидендтік төлемдермен негізгі үш күндер байланысты:

  • дивидендтерді жариялаған күні
  • акция ұстаушылардың тіркелген күні
  • дивидендтерді төлеу күні

Бірінші күн - Директорлар жиналысында Заңнамалы түрде дивидендтердің төлемдерін жүргізу туралы шешім қабылданады. Екінші күн - тіркеу күні, яғни дивидендтер тек қана тіркеуден өткен акционерлерге ғана беріледі. Дивидендтерге дивидендтік төлемдердің күнін жарияламас бұрын 30 күнге дейін алған акционерлер құқылы болып саналады. Осы күннен кейін алынған акциялар дивиденд құқығын жоғалтады. Яғни акционер тіркеу күннен кейін басқа адамға акцияна сататын болса, онда дивидендтік төлемдерді алуға сатып алушының құқығы болмайды. Үшінші күн - нақты акционерлерге дивидендтік төлемдерді төлеген күн.

Капитал орталықтануының бірден-бір түрі болған акционерлік қоғамның құрылуы болып табылады.

Акционерлерге дивидендтер акционерлік қоғамның пайдасынан төленеді. Бірақ та салықтарды, әр түрлі мінедетті төлемдерді төлемес бұрын дивидендтік төлемдер төленбейді. Ең бірінші дивидендтер артықшылығы бар акциялар бойынша төленеді, содан кейін жай акциялар бойынша төленеді. Дивидендтер көлемі бір акцияны есептеген кезде анықталады.

Дивидендтер мынандай акциялар бойынша төленбейді:

  • орналастырылмаған;
  • қоғаммен сатып алынған;
  • айналымға шығарылмаған.

Пайда жетіспеген жағдайда артықшылығы бар акциялар бойынша төлемдер резервтік капитал көлемі арқылы жүзеге асырылады. Жылдық қорытынды бойынша қоғамда жетіспеушіліктер, шығындар көп болса, онда басқарушылар дивидендтік төлемдерді төлеуге және жария етуге құқылы емес.

Әр мемлекетте дивидендтік саясаттың факторларын анықтайтын нормативтік құжаттар бар. Ол құжаттар акционерлік қоғамның шаруашылық қызметін реттеуге қатысады. Дивидендтік саясатқа формальды, формальды емес және субъективтік, объективтік жағдайлар әсер етеді.

Акционерлік қоғам капиталы ірі үш элементтен тұрады: акционерлік капитал, эмиссиялық пайда, бөлінбеген пайдадан. Көп елдерде Заң бойынша дивидендтік төлемдер пайдадан төленеді немесе эмиссиялық пайдадан төленеді. Қазақстан Республикасында пайдадан төленеді. Ұлттық Заңнамада дивидендтік төлемдер төлемдер туралы шектеуліктер бар. Бұл егерде акционерлік қоғам салық төлей алмайтын болса немесе банкрот болып жарияланса, онда дивидендтік төлемдерді ақша түрінде төлеу заң бойынша тиым салынған. Дивидендтер қоғамның бір элементі пайдадан төленгендіктен жалпы капитал туралы түсінік беруді жөн көрдім. Өйткені дивиденд қайдан және қалай пайда болатынын түсіну үшін ең алдымен капитал және капитал құрылымы не екенін айқындау қажет.

Капитал - бұл өте күрделі экономикалық түсінік. Бұл құрал арқылы шарууашылық жүргізуші субъект өзінің қызметін жүзеге асырады және капитал арқылы пайда алады. Ешқандай да экономикалық категория капитал сияқты терең және анық талдаңбаған еді. Капитал тек қана экономикалық түсінік емес ол заңнамалық қатынастарда да, саясаттанулық қатнастарда да жиі кездесіп отырады. Өйткені осы қатнастардың барлығыда әлеуметтік - экономикалық ортада жүзеге асады. Капитал пайда болып бір түрінен екінші түріне ауысуы үшін бүтіндей жүйе керек. Жүйе болуы үшін нақты бір стратегия қажет. Стратегиямен біз кәсіпорынның не қоғамның барлық саясатын түсінеміз. Яғни дұрыс саясат дегеніміз - әр қашанда бақылаулы, өз заманына сай бағдарламаны ұстанатын, ұсталатын іс әрекет жиынтығы. Сонда ғана капитал ауысып, дамып отырады. Оның өзінің бірнеше түрлері бар. Олар өзара тығыз байланыста.

Капиталдың жұмысын, пайда болуын мемлекеттік органдар реттейді. Сол арқылы заңдар пайда болады, заңдар арқылы алға қойған мақсаттарға жетудің жолдары, тиімді тәсілдері анықталады.

Есепте капитал активті және пассивті болып бөлінеді. Активті және пассивті капиталды есепті әр түрлі тәртіпте жүргізуіне қарамастан, олар жалпы бір капиталды құрайды.

Кәсіпорын қызметінде әрқашан капитал айналымы өтеді: ақшалай түрі

\[\frac{\kappa_{\geq}}{\phi^{\beta}}\]
материалдық түрі ақшалай түрі.

Капитал

Активті капитал Пассивті капитал

Негізгі капитал Айналым капитал Меншік капитал Қарыз капитал

негізгі қаражат материалдық жарғылық толықтырым

айналым қаражаттар

МЕА резервті

ағымдағы есеп

айырысудағы бөлінбеген пайда

қаражаттар қысқа мерзімді

қарыздар

қаржылық

мақсатты қорлар субсидиялар

инвестициялар қаржылық салымдар ссудалар

аяқталмаған ұзақ ақша қаражаттары ұзақ мерзімді қарыздар

мерзімді ссудалар

инвестициялар

Сурет 1 - Капитал құрылымы

1. 2 Капитал салымдарының түрлері

Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.

Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.

Шаруашылық серiктестiктердiң жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлiк те, мүлiктiк құқық та және басқа да мүлiктер (интеллектуалдық қызметтiң нәтижесiнде берiлген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкiн.

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешiмi бойынша мүлiктiк құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептiк көрсеткiштен асып түсуi керек, бiрақ сол бағалауды тәуелсiз эксперт қуаттауы керек.

Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер қайта тiркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлiк құжаттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерiмен қуатталып бағалануы мүмкiн.

Осындай бағалау кезеңiнен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң құрылтайшылыры өздерi қосқан сомаларының шегiнен артық бағаланған салымдарына субъектi кредиторларының алдында бiрлесiп жауап бередi.

Егер де салым ретiнде субъектiге мүлiктi пайдалану құқы берiлсе, онда бұл салым үшiн төленетiн төлемнiң мөлшерi, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмi үшiн есептелген сомадан анықталады.

Мүлiктiк құқы жоқ және басқа да материалдық емес игiлiктердi жеке салым ретiнде жасауға рұқсат етiлмейдi, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есаптесуге жатқызуына болмайды.

Акционерлік қоғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы үш негізгі функцияны атқарады:

  • ол бастапқы капитал болып саналады, яғни қоғам қызметі үшін мүліктік негіз;
  • ол барлық құрылтайшылардың (акционлерлер, қатысушылар) салымдарының үлесін анықтауға мүмкіндік береді, себебі жиналыста қатысушының дауыс беру саны мен оның табысының мөлшері осыған сәйкес;
  • жарғылық капиталдың көлемі қоғамның үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелерін орындауға кепіл береді, сондықтан оның минималды көлемі заңмен бекітіледі.

Акционерлік қоғам мен шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталының қалыптасуында ерекшеліктер бар.

Толық серіктестіктің жарғылық капиталы оның құрылтайшысын анықтайды, алайда заң актісімен белгіленген ең аз деңгейдегі мөлшерден кем болмауы керек, яғни жиырма бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Коммандиттік (сенімге негізделген) серіктестік - жарғылық капиталдың мөлшері заң актілерімен белгіленген елу еселенген айлық есептік көрсеткіштерден кем болмауы керек. Салымшылардың үлестерінің жалпы мөлшері жарғылық капиталдың 50 пайыз құрауы мүмкін.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік- жарғылық капиталдың мөлшерін жүз айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Жарғылық капиталға құрылтайшылардың үлестері натуралдық және мүліктік құқық түрінде ақшалай нысанда барлық құрылтайшылардың қатысуымен немесе серіктестіктің қатысушыларының жалпы жиналысының шешімімен бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептік көрсеткішке тең сомадан асса, оны бағалауды тәуелсіз эксперт куәландыруы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестіктің тіркелуіне дейін жарғылық капиталдың жалпы сомасының 25 пайызын салулары керек, бірақ жарғылық капиталдың ең аз мөлшерінен кем емес. Жалпы жиналыстың шешімінің бекітілген уақытында барлық қатысушылар серіктестіктің жарғылық капиталына салымдарын толық салулары керек. Бұл мерзім серіктестіктің тіркелген уақытынан кейін бір жылдан аспауы керек.

Жарғылық капитал мен оның меншіктік капиталдағы қатынасы тіркелгенде немесе қайта тіркелгенде жауапкершілігі шектеулі серіктестікпен тексерілмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы мына жағдайларда тексеріледі:

  • кез келген қатысушының талабы бойынша тәуелсіз экспертпен. Экспертиза қызығушылық танытқан қатысушымен төленеді;
  • сот шешімі бойынша;
  • әр қаржылық жылдың соңында-қаржылық есеп беру бойынша.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушысы серіктестіктің жарғылық капиталындағы өзінің үлесін немесе оның бөлігін өз еркі бойынша осы серіктестіктің бірнеше қатысушыларына сатуға құқысы бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық жобаларды жасақтау
Қазақстан кәсіпорындарындағы инновациялық даму стратегиясы және «Атырау - нан» ЖШС-нің инновациялық-инвестициялық жоба капитал салымдары мен экономикалық тиімділігін анықтау
Капитал ұғымы және оның құрылымы
Жарияланған капитал есебі
Капитал миграциясы - халықаралық экономикалық қатынастардың маңызды формасы ретінде
Мал шаруашылығындағы сақтық шаралар
Шығарылған капитал
НҰР БАНКІ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ
Коммерциялық банктің қаржылық есептері
Бюджеттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz