Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 кәсіпорынның Бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық негіздері
1.1 Бәсекелестің түрлері мен
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Кәсіпорынның бәсекелік
стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3Кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2 Қайсар - сүт ЖШС Экономикалық ахуалы мен маркетингтік жүйенің
тиімділігін талдау
2.1Қайсар– сүт ЖШС жалпы
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Қайсар–сүт ЖШС өндірістік қызметін экономикалық талдау
... ... ... ...
2.3Қайсар - сүт ЖШС маркетингтік жүйенің тиімділігін
талдау ... ... ... ... ..

3 нарықтық жағдайында кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Қайсар – сүт ЖШС бәсеке қабілеттілігін арттыруда маркетингтік жүйені
пайдалану тиімділігін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .

Қолданылған әдебиеттер көздері

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 – ақпанындағы
Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында
еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30
бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның
халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық
стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім
мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен
қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге
асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген
болатын
Қазақстан өз алдында егемендігін алып, тәуелсіз, көк туы
желбіреген ел болып қалыптасқаннаң кейін, кең байтақ әлемде өз орнымызды
табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі
ретінде орныға бастадық. Өндіріс – елдің экономикалық потенциалының негізі,
бәсекеге қабілетті өндіріс ғана экономиканың бәсекеқабілеттілігін
қамтамасыз ете алады. Қазақстан Республикасының өндірістік саясаты осы
салада жасалатын барлық нормативтік құқықтық актілер, мемлекетті басқару
процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты басыңқы мақсаты
Қазақстан кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету үшін
жағдайлар жасау, яғни соның нәтижиесінде жалпы экономиканың
бәсекеқабілеттілігін жоғарлату. Қазақстанның өндірістік бәекеқабілеттілігі
адамдарды оның саяси шеніне, қоғамдағы жағдайына тәуелсіз біріктіру.
Ел экономикасының бәсекеқабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және
бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және
кәсіпорын деңгейінде.
Елдің бәсекеқабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар
мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел
бәсекеқабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсекеқабілеттілігі бар өнім
шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің
негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде
бәсекеқабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады.
Қазір тауардың бәсекеқабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға
сияқты басты фактормен қатар тауардың тұтынушылық қасиеттері
(функционалдығы, дизайны) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана жөндеу
мүмкіндігі ғана емес, сондай-ақ оның планетаның кез-келген нүктесінде
жасалу мүмкіндігі де есептеледі.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты
болып кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттырудағы маркетингтік жүйенің
тиімділігі бойынша теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету
әдістемесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің) нақты нарығының жағдайына
талдау жасау және маркетингтік зерттеулер жүргізу болып табылады. Сондай-ақ
тауарлардың және қызметтердің бәсекеқабілеттілігін арттырудағы маркетингтік
жүйенің тиімділігіне бірнеше ұсыныстар жасалған. Осыған байланысты
келесідей міндеттер қойылған:
- кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыруда маркетингтік жүйенің
тиімділігінің негіздерін қарастыру;
- сүт өнімдері бәсеке қабілеттілігінің құраушыларын анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде
нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау,
- Қайсар-сүт ЖШС-ның өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау
және осы кәсіпорынның бәсекеқабілеттіліігн арттыру жолдарын ұсыну;
- өнімнің бәсекеқабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі болып сүт өнімдерін өндіруге маманданған Қайсар-
сүт ЖШС табылады.
Зерттеудің теориялық негізіне Курстық жұмысты жазу барысындағы түрлі
статистикалық әдістер, Қазақстан Республикасының Заңдары, ҚР Елбасының
жарлықтары, ҚР үкіметінің қаулылары басқа да нормативтік актілер, сондай-ақ
шет елдердің, ТМД елдерінің, қазақстандық ғалымдардың бәсекеқабілеттілік
мәселелері бойынша жазған экономикалық әдебиеттері, маусымдық басылымдары
табылады.

1 Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
1.1 Бәсекелестің түрлері мен формалары

Нарық құрылымы – бұл нарықтың негізгі белгілері болып табылады, яғни әр
түрлі құрылымды және әр түрлі саладағы фирмалардың жалпы саны жатады.
Нарық құрылымын білу әр түрлі баға деңгейінде сату көлемін білуге
мүмкіндік береді және де қолданылған шаралардың әсерінен бәсекелес фирмалар
қандай әрекет жасайтынын көрсетуге мүмдікдік береді. Қорыта айтқанда нарық
құрылымы фирманың бәсеке қабілеттілік дәрежесін анықтайды. Бәсеке түсінігі
латынның concurensia деген сөзінен шыққан. Бәсеке бұл қандай да бір
құндылықтарды иелену үшін индивидтер, топтар немесе қоғамдар арасындағы
күрес (ақша, билік, статус, махаббат және т.б. құндылықтар).
Бәсеке дегеніміз – нарықтың шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша
табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу
мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Бәсеке теориясы классикалық мектеп өкілдерінің еңбектерінде де кеңінен
қарастырылды. Мәселен, А. Смит бәсеке пайда нормасын теңестіретінін,
капитал мен еңбекті ұтымды бөлуге алып келетін алғаш рет көрсетті. Бәсеке
түсінігіне зерттеушілер әр түрлі анықтамалар берген. Қазақстан
республикасына Макконал, С.Л.Брю бәсеке бұл нарықта көптеген тәуелсіз
сатушылар мен сатып алушылардың болуы, нарыққа еркін ену және нарықтан
еркін шығу мүмкіндігі десе, А.Ю. Юданов нарықтың бәсеке бұл тұтынушылардың
төлем қабілеті сұранысының шектеулі көлемі үшін фирмалардың күресі деп
сипаттайды.
Д.А.Фаткуддиновтың пікірінше бәсеке бұл сирек игіліктерге қол жеткізуді
барынша жақсы қанағаттандыруға ұмтылуы, ал Г.Л.Азоев бәсеке сол бір
мақсатқа жетуге мүдделі жекелеген және жеке тұлғалар арасындағы бақталастық
деп түсінеді. Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады :
Жеке дара бәсеке – бұл нарықтық қатынастардың қатысушылары тауарлар мен
қызметтерді сату, сатып алудың ең жақсы жағдайын таңдауға ұмтылады
Жергілікті бәсеке- шектеулі территорияда нарықтық қатынастардың
бәсекелік күресі.
Салалық бәсеке- нарық салаларының біріндегі бәсекелік күрес.
Салааралық бәсеке- нарықтың түрлі салалары өкілдерінің сатып алушыларды
өз жақтарына тартуы үшін бәсекелесуі.
Ұлттық бәсеке- белгілі бір ел ішіндегі отандық сатушылар мен сатып
алушылардың бәсекелесуі.
Халықаралық бәсеке- бұл әлемдік нарықта әртүрлі елдер менсол елдердің
шаруашылық бірлестіктері кәсіпорындарының бәсекелік күресі. Бәсеке тікелей
және жанама болуы мүмкін
Даму сипаты бойынша бәсеке еркін және реттелетін болуы мүмкін. Еркін
бәсеке-нарықта қандай да бір тауарды өндірушілер мен тұтынушылар (сатушылар
мен сатып алушылар) көп болғанда әрекет етеді. Оның негізгі белгілері
нарықта тәуелсіз тауар өндірушілердің көп болуы, нарыққа енуді
қалайтындарға шектеудің болмауы, нарықтық бағаларға бақылаудың жоқтығы.
Реттелетін бәсеке нарықтық субъектілерді дамыту мен олардың қызметін реттеу
үшін жағдай жасау мақсатында экономикалық үрдістерге мемлекеттің араласуы.
Мемлекеттің экономикаға былайша араласуы барлық деңгейлерде оның
экономикалық құқкықтар мен міндеттер гранты ретінде қатысу қажеттілігімен
байланысты қарастырылады Бәсекені бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады
:
Жетілген бәсеке болуы үшін келесі алғышарттар орындалуы тиіс:
• көп көлемдегі ұсақ өндірушілер мен сатып алушылардың қатынасы, олардың
нарыққа еркін кіруі және шығуы
• ұзақ мерзімді кезеңдегі өндірістің материалдық, қаржылық, еңбек және
басқа факторлардың абсолютті мобильдігі
• нарық жағдайы туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпарат алуы
• бір атаулы тауарлардың абсолютті бір ғана өндірістен өндірілуі
• еркін бәсекеге қатысушылардың ешқайсысы басқа қатысушылардың шешіміне
әсер ете алмайды.
Қаржылық басқару жүйесінде келесі көрсеткіштер қолданылады: табыстардың
көрсеткіштері:
1. өнімді өткізуден түскен табыс - өткізуден түскен қоымша құн
салығы, акциз, қайтарылған тауарлар және бағалық шегерімдерді
есептемегендегі жалпы табыс. Дәл осы көрсеткіштер кәсіпорынның
тиімді (рентабельді) бағасын және пайда көрсеткіштерін есептеу
үшін негіз болып табылады.
2. Өткізуден түскен таза табыс - өткізілген тауардың өндірістік
шығынын қоспағандағы өткізуден түскен таза пайда.
3. Негізгі қызметтен түскен табыс (операционды табыс немесе
операционды залал) – басқару және тұрмыстық шығындарды
қоспағандағы өткізуден түскен жалпы табыс. Бұл көрсеткіш
өткізгеннен кейін қаржылық нәтижиені басқару және өткізу бойынша
шығындардың әсер етуін көрсетеді.
4. қаржылық қызметтен түскен табыс – қаржылық қызмет бойынша шығндар
мен кірістердің сальдосы. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның шаруашылық -
өндірістік қызметінен табысты бөлуді айтады.
5. Жай шарушылық қызметтен табыс – негізгі шаруашылық қызметтен және
қаржылық қызметтен түскен сома.
6. Салық төленудің алдындағы табыс – бұл көрсеткіш бухгалтерлік
пайдадан салық салу пайдасына өту нүктесі. Бухгалтерлік табыс –
еспті мерзімді кәсіпорын қызметінің тиімділігін көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты - кәсіпорынның шығысы мен
шығысы туралы мәліметтерді жинап, өндеп отыру. Сонымен бірге
болашақ кезеңге басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін кәсіпорын
қызметінің таза нәтижиелерін көрсетіп отырады. Бұл мақсатқа
жеткеннен кейін алынған нәтиже елдің салық заңдарымен сәйкес
түзетіліп отыруы керек. Қорыта айтқанда салық салу пайдасы – бұл
салық талаптарына сай есептелген бүхгалтерлік табыс.
7. Таза табыс – салық төлегеннен кейінгі табыс. Нарықтық экономика
жағдайындағы кәсіпорын қызметінің маңызды көрсеткіші. Оның
динамикасын кәсіпорынның қызмет етуі, жұмыскерлерге жұмыс
орындарының болуы, акционерлік компанияларға дивидент төлеу
тәуелді. Сондықтан ол қаржы нарығы және кәсіпорын
басқарушыларының назарында.
Фирманың бәсеке қабілеттілігін қалыптастыру үшін басқару мен өндірісті
жаңалап қана қоймай, бұл не үшін істеліп жатқанын нақты біліп, қандай
мақсатқа қол жеткізу керек екенін айқындау керек. Бұл жерде ең бастысы:
бәсекелестік күресте өзінің салыстырмалы артықшылықтарын тез және тиімді
пайдалану. Барлық күштерді әлеуетті бәсекелестер оңашалайтын салаларды
дамытуға бағыттау қажет. Көптеген алдыңғы қатарлы фирмалардың барлық
жұмысшылары еруге міндетті өзінің салыстырмалы артықшылықтарын ереже,
лозунг түрінле қалыптастырады.
Бәсекедегі өзінің салыстырмалы артықшылықтарына нақты бейімделу,
оларды кәсіпорынның ішінен және одан тыс іздеу, алдыңғы қатарлы
компаниялардың басқару аппарты және оның құрамындағы басқару, инженерлік
бөлімдердің шаруашылық стратегиясын жасап, орындайтын қызметтер жиынтығын
алдын-ала анықтайды.
Жалпы кәсіпорынның төрт негізгі бәсеке қабілеттілік деңгейін немесе
дәрежесін бөліп көрсетуге болады. Бірінші деңгейі кәсіпорынның басшылары
басқаруды ұйымдастыруды ішкі нейтралды деп қарастырады. Басшылар өз
қызметін өнімді беруде ғана түсінеді де, тұтынушылары мен бәсекелестері
үшін ешқандай сыйлық ойластырмайды. Олар өз өнімдерінің техникалық және
конструкциялық жетілу деңгейіне соншалықты сенімді, яғни бәсекелестерімен
салыстырғанда артықшылықтары маркетингтік қызметте және тұрмыстық
бөлімдердің қуаттылығында, олар жарнамаға тауарын қою арқылы сатып алушыны
қуантуға дайын. Барлық қосымша өндірісте немесе басқарудағы жоғарылау ешбір
мотивациясыз артық болып саналады.
Мұндай жақындау жоғары дәрежеде жеткіліксіз болып көрінгенмен,егер ол
жылдам бәсекеден сақтайтын нарықта өз нишасын таба алса, кәсіпорын табысты
болып саналады. Бірақ кәсіпорын немесе фирма өндіріс көлемін ұлғайту
барысында келесі әрекеттер қалыптасуы мүмкін,кәсіпорын алғашқы жұмыс
істеген нарық нишасынан келесі бір оның сегментінде бәсекеге түсуі мүмкін
немесе алғашқы ниша өсуші нарыққа айналып басқа өндірушілер үшін тартымды
бола бастайды. Бұл жерде тек қана өнімді өндіре білу аз, яғни бәсекелестер
ұсынған өндіріс шығыны, сапа, жеткізудің нақтылығы, қызымет көрсету деңгейі
аясындағы салыстырмалы артықшылықтарды иеленуге тырысу керек.
Сондықдықтан бәсеке қабілеттілігі екінші деңгейдегі компаниялар
өздерінің өндірістік жүйесін сыртқы нейтралды етіп жасауға тырысады. Бұл
дегеніміз кәсіпорынның негізгі бәекелестері онатқан стандартқа толық сәйкес
болу. Олар техникалық қабылдауларды, техналогиларды, өндірісті ұйымдастыру
әдістері алдыңғы қатарлы кәсіпорындардан алып өзінде қолдануға және шикізат
материалдарын, жартылай фабрикаттарды және толықтырушы заттарды да басты
бәсекелестері алатын көзден алуға тырысады. Өнімнің сапасын басқарудағы
принциптері, қор деңгейін бақылауы, ішкі өндірістің бітеулері, өзінің
өндірісіндегі жұмыскерлермен қатынасты да дәл сондай сипатты орнатады.
Керек болса олар басқарушылар мен мамандарды, әсіресе жоғары
квалификациялы, білікті инженер-техник мамандарын осы саладағы
компаниялардан щақыруға тырысады.
Осыдан туындаған мәселелерді шеше алған кәсіпорындар ғана өз
бәсекелестерін жеңіп бәсеке қабілеттіліктің үшінші деңгейіне жетеді,
басқару өндірістік жүйеге, оны дамытуға және жетілдіруге белсенді әсер ете
бастайды.
Нарықтық жағдайда тұтынушының қанағаттануы тауарға деген өзінің
ерекшелігінің сатып алу – сату актісінде көрінедеі. Мұндай ерекшеліктердің
үйлесуі, өндіруші мен тұтынушының мүдделерінің сақталуы негізінде тауарлар
мен тұтынушылар талабының сипаттамасын, сол сияқты нарық жағдайында
тауардың толық сәйкестігін бәсекеге жарамдылығы деп айтады. Өнімнің бәсеке
жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тұтыну
кешенінің (сапалық және сандық) сипаттамасын анықтайды. Бәсеке қабілетті
өнім нарықта тез және жеңіл сатылады. Әрбір сатып алушы өзінің жеке
мұқтажын ең жоғары қанағаттандыраын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда,
сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес
келетін тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген
қанағаттанушылық деңгейіне жеке дара көрсеткіштер пікір жиынтығын құрайды,
оның тағы да нарықтық пайда болу қарсаңында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенің жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсінуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етеді және сатып алушы үшін тиімділігі
ұқсас тауар – бәсекелестер ерекшеленеді. Тауарлы нарықтың зерттеулері
көрсеткендей сатып алу туралы тұтынушылардың үштен бірінің соңғы шешімі
тауардың сапа көрсеткіштерімен байланысты.
Мәселенің мәнін толық түсіну үшін негізгі салдарын ашып көрсетуге
болады:
1. Бәсеке қабілеттіліктің үш негізгі құрадас бөлігі бар. Біріншісі,
өнімнің сапасымен тікелей байланысты, екіншісі сатып алушының
экономикалық мүмкіндіктерімен, шектеулерімен және тауарды өткізу
экономикасымен байланысты. Үшіншісі тұтынушыға сатып алушы ретінде
ұнамды немесе ұнамсыз болып табылатн бардық тауарлар мен қызмет
көрсетулер және тағы басқалар.
2. Сатып алушы – ең басты тауарды бағалаушы. Бәсекеқабілетті
тауарлардың барлық элеметтері әлеуетті сатып алушыға күмән
тудырмайтындайайқын болуы керек. Жарнамада бәсеке-қабілеттілік
кешенін қалыптастырарда сатып алушылар мінез-құлқының жеке
факторларын, интеллектуалдық деңгейін және психологиялық
ерекшеліктерін ескерген жөн. Қызықты факт: шетелдік жарнама беруші
барлық құралдар жарнамамен байланысты материалдард сауатты және
сауатсыз аудитория бөліп көрсетеді.
3. Әр нарық өзінің сатып алушысымен сипатталады. Тәжірибиеде бәсеке
қабілеттілікке жалпы анық көзқарас қалыптасқан. Ол біз талқыға
салып отырған ойды толықтырады.

1.2 Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары

Еліміз “Қазақстан - 2030” ұзақ мерзімді стратегиялы бағдарламасына сай
мақсатты даму үстінде. Елбасымыз атап көрсеткендей, бүгінгі күн тәртібінде
әлем қоғамдастығындағы Қазақстанның және барлық қазақстандықтардың –
ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесмендердің, мамандар мен жұмысшылардың
бәсекеге қабілеттігі мәселе болып тұр.
Әдебиеттерде көп қарастырылатын, тәжіребиеде өзін-өзі ақтай білген
бизнес стратегияларының кең тараған түрін базистік немесе эталондық
стратегиялар деп атайды. Олар мынадай элементтердің біреуіне немесе
бірнешеуінің жай-күйінің өзгеруіне байланысты болады: өнім, нарық, сала,
ұйымның сала ішіндегі жағдайы және технология. Бұл бес элементтердің
әрқайсысы ағымдағы немесе жаңа жағдайда болады.
Эталондық стратегиялар ұйымның төрт түрлі тәсілмен өсіп келе
жатқандығын білдіреді.
Эталондық стратегияның бірінші тобын шоғырландырылған өсу стратегиялары
құрайды. Бұл стратегияларды сала ерешелігін, қызмет аясы мен өндірілетін
өнімді өзгертпей-ақ жалпы көрсеткіштерді арттыру үшін қолданылады. Осы
топтың нақты стратегиялары мынадай:
• Нарықтағы позициясын күшейту. Мұнда кәсіпорын берілген нарықты белгілі
бір өніммен жаулап алу үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.
• Нарықты дамыту стратегиясы. Мұнда өндірілген өнімге жаңа нарық
іздестіріледі.
• өнімді дамыту стратегиясы, мұнда берілген нарыққа жаңа өнімді енгізу
және оны өткізу көзделеді.
Бизнесті дамытудың эталондық стратегиясының екінші тобын
әртараптандырылған өсу стратегиялары құрайды. Мұндай стратегиялар кәсіпорын
берілген нарықта бұрыңғы өнімімен ары қарай дами алмайтындай жағдай туғанда
қолданылады.
Мұндай стратегиялардың негізгі түрлері мынадай:
• өндірісте жаңа өнім түрін өндіруге жаңа мүмкіндіктерді пайдалану
негізінде орталықтандырылған әртараптандыру. Бұл жерде жұмыс істеп
тұрған өндіріс бизнестің ортасында қалып қояды да, жаңа өндіріс
игерілген нарықтағы мүмкіндіктерге орай немесе компания іс-
әрекетіндегі басқадйкүшті жақтарда пайда болады;
• Көлденең әртараптандыру, нарықта жаңа технологиямен өндірілген,
қолданыстағы тауарға ұқсамайтын ерекше тауар көмегімен өсу мүмкіндігін
қарастырады. Мұнда компания ең алдымен жаңа өнім өндіруге
құзыреттілігіне бағалау жүргізгені жөн;
• Конгломеративті әртараптандыру стратегиясының мәні компанияның
қолданыстағы тауарға технология жағынан байланысты жоқ жаңа өнім
өндіруінде жатыр. Бұл жүзеге асыру жағынан ең қиын стратегия болып
есептелінеді, себебі оның ойдағыдай жүзеге асырылуы көптеген
факторларға, атап айтқанда, персоналдың құзыреттілігінен бастап,
менеджердің өзіне тән ерекшелігі, нарық өмірінің маусымдылығы және
қажетті капиталдың бар болуына байланысты болады. Әртарап-тандырылған
өсу стратегиясын қолдануда ұйым жаңа өнімді өткізуге қажетті нақты
мүмкіндіктерге ие болмаса, көп шығынғв ұшырайды немесе дағдарысқа
тіреледі;
Эталондық стратегияның үшінші тобы жаңа құрылымдарды қосу есебінен
кәсіпорынды кеңейтуге байланысты біріктірілген өсу деп аталатын
стратегияларды өз қатарына алады. Бұл топқа мыналарды жатқызуға болады:
• Сатылап біріктірудің кері стратегиясы, жабдықтаушылардың үстінен қатаң
қадағалау және жабдықтаушының еншілес компания құруы есебінен өсуге
бағытталған. Стратегияның бұл түрін қолдану кәсіпорынның
жабтықтаушылардың бағасы мен жабдықтар бағасының өзгеруіне тәуелді
болмайтын жағдайын жасайды;
• Алға ұмтылатын сатылас біріктіру стратегиясының мәні – компания мен
түпкі тұтынушы арасындағы құрылым, яғни сату мен бөлу жүйесінің
үстінен қатаң бақылау жүргізу немесе жаңа құрылымдар құру есебінен
кәсіпорындарды кеңейтуден тұрады;
Эталондық стратегияның төртінші түрі қысқарту стратегиясы деп аталады.
Кейбір жағдайларда бизнесті жаңартудың бұл стратегиясы ең соңғы мүмкіндік
болуы мүмкін, өйткені жаңару және жаппай тездету – көбіне кәсіпкерлікті
дамыту жолындағы бір-біріне қайшы процесстер. Бизнесті мақсатты қықарту
стратегиясының төрт түрін бөліп көрсетуге болады:
• Кәсіпорын бизнесті ары қарай жүргізе алмайтын жағдайда қолданылатын
жою стратегиясы;
• Кәсіпорын өзінің қызмет ету аясына ұзақ мерзімді өзгеріс енгізу үшін
бизнесінің немесе бөлімшелерінің бірін сату немесе жабу арқылы
қысқарту стратегиясы. Әдетте кәсіпорын мұндай стратегияны өндірістің
өсуі басқалармен сәйкес келмегенде немесе кәсіпорын мақсатында орай
қолданады;
• өндірістік шығындарды кеміту мүмкіндіктерін қарастыруға және шығындар
көлемін азайту бойынша іс-шаралар жүргізуге бағытталған стратегия. Бұл
стратегияны жүзегег асыру шығындарды азайту, өніділікті арттыру,
персоналды қысқарту және тіпті жұмыстан шығару, пайдалы тауарлардың
өндірісін тоқтатумен байланысты.
Іс жүзінде ұйым бірнеше стратегияларды бірге қолдануы (әсіресе көп
салалы компанияларда) және оларды белгілі бір жүйе бойынша жүзеге асыруы
мүмкін. Бұл жағдайларда құрамдастырылған стратегия ұғымын қолданамыз.
Кәсіпорынның ерекше стратегияларын іске асыратын бірнеше амалдардың өз
тәртіптері бар. Олардың ішінен мыналарды атап өтуге болады:
• стратегиялық жоспарлау жалпы бағдарлау мен белгілі шектеулермен
сипатталады. Оның негізгі парамтрлері қатаң сақталуы керек, өйткені
олардың көегімен ықтимал өзгерістерді бағалауға болады.
• Жоспарлауда сценарийлерді қолдан. Оптимистік тұрғыдан келешектегі
оқиғалардың ең оңтайлы, ал пессимистік тұрғыдан ең қолайсыз даму
барысын анықтау. Мұндай әдістеме барлық ықтимал нәтижиелерді қамтуды
талап етеді. Әдетте жоспарлау шеңберінің базасы ретінде аталған екі
нұсқаның біреуін ғана әзірлейді. Мұнда алдын-ала ескерту жүйесін
әзірлеу өте маңызды. Бірақ, бұл түзету енгізу процесі нақты жағдай мен
шығындарды талдауды қажет етеді.
Жоғарыда айтылғандарды назарға ала отырып, стратегияны кәсіпорын
саястынан бөліп, басқарудың жеке функциясы ретінде қарастыру керек деген
қорытындыға келеміз.
Кәсіпорын стратегиясы мен саясаты өзара байланысты болады. Бір жағынан,
стратегия кәсіпорын саясатының норма мен принциптеріне бағынышты болса,
екінші жағынан, американдақ экономистердің зерттеулері көрсеткендей, сол
принциптері мен нормалары стратегиядан келіп шығады. Бұл жерде кәсіпорынның
стратегия жүзінде анықталған саясаты туралы айтып өткенді жан көріп
отырамыз.
Стратегия компанияны тиімді басқаруға әер ететін көптеген бәсекеге
қабілетті амалдар мен жалпы тәсілдерге бөлінеді.
Жалпы алғанда кәсіпорын стратегиясы – барлық негізгі функциялар мен
бөлімшелерді қамтитын мақсаттарды, тұтынушыларды қанағаттандыру және
нарықтық позициясын нығайтуға бағытталған кәсіпорынның басқару жоспары.
Кәсіпорынның негізгі қызметі мен бөлімшелеріне жабдықтау, өндіріс,
қаржы, маркетинг, кадрлар және ғылыми зерттеулерді жатқызуға болады және
олардың әрқайсысының стратегия ішінде атқаратын міндеттері бар. Стратегияны
таңдау – бүкіл ұйым бойынша жинақталған өндірістік шешімдер мен бәсекеге
қабілетті амалдарды бір арнаға келтіру. Амалдар мен тәсілдердің мұндай
бірлігін кәсіпорынның ағымдағы стратегияны білдіреді. Жақсы ойластырылған
стратегия кәсіпорынды келешекке дайындап, оның ұзақ мерзімді даму бағытын
белгілейді және оның нақты іскерлік позицияға орналасу ниетін анықтайды.
Кәспорынның міндеті анықтаған басқарушы кәсіпорынның атқарар қызмет
аясын және тұтынушыларға ұсынатын қызмет түрін айқындайды. Басқарушы
кәсіпорын қызмет аясын таңдауды стратегиялық тұрғыдан орындауы керек және
ол кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасымен үйлесіп, қатар жүруі
керек.
Нақты мақсаттарды анықтау кәсіпорынға миссияны жалпы тұжырымдаудан
істің бөлек жоспарына көшуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның алға қойған
мақсаттары оның қызметі мен прогресінің бағытын белгілеуге қатысады және
мақсаттар қысқа немесе ұзақ мерзімді болуы мүмкін. Қысқа мерзімді мақсаттар
жақын арадағы нәтижиеге бағытталса, ұзақ мерзімді мақсаттары келешекте
кәсіпорын жағдайын жақсарту үшін не істеу керектігі туралы ойлануды талап
етеді.
Кәсіпорын стратегиясын айқындау үшін оның сыртқы және ішкі факторларын
зерттеп шығу қажет. Менеджер кәсіпорын жағдайы мен нарық ерекшелігі туралы
анық және нақты мәліметке ие болғанда ғана дұрыс стратегияны таңдауға
мүмкіншілік туады.
Кәсіпорын стратегиясы – ойланып істелген мақсатты іс-әрекеттерден және
күтілмеген оқиғалар мен күшейе түскен бәсекелік күреске жауап қайтару. Кез
келген кәсіпорында қай деңгейде болсын, келешекке тәуелділік болады.
Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі
бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап,
басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері сондай табысқа ие
болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.
Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар
ресурстарға, нақты тәжірибиеге сүйене отырып, өз стратегиясы әзірлеу керек.
Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан
тиімсіз болады.

1.3 Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын қоршаған орта тарапынан
көптеген қауіп-қатер төнуі мүмкін. Бұл қатерлер бәсекелестік күрестің
шиеленісуімен, техникалық және бағдарламалық құралдарды заңсыз
пайдаланумен, елдегі саяси және экономикалық түрақтылықтың болмауымен
байланысты. Сондықтан кәсіпорын менеджері негізгі қызметінен, яғни
кәсіпорынды басқарудан басқа да, қауіпсіздікті қамтамасыздау сұрақтары
жүктелетіні сөзсіз.
Кәсіпорын алдына өзіне тән өндірістік қызметтерді орындауына байланысты
жалпы жағдайын бағалау мен болжау, яғни кәсіпорынға әсер ететін ішкі және
сыртқы факторлардан қорғау, қауіптілік индикаторларының мониторингі жүйесін
құру, олардың шектерін анықтау, қатерлерге қарсы шаралар қабылдау сынды
өзекті мәселе туады.Кәсіпорын тұрақты қызмет ету жағдайында экономикалық
қауіпсіздік сұрақтарын шешуде басты назарды өндірістің және өнім өткізудің
қалыпты қарқынын сақтауға, материалдық және қаржылық залалдардың болмауына,
ақпараттардың компьютерлік базасының бұзылмауына, теріс пиғылды бәсекені
болдырмауға бағыттайды. Біздің ойымызша, кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесін екі тұрғыдан қарастыру керек (1-
сурет).
Кәсіпорындардың, оның ішкі “Қайсар-сүт” кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесенің бір қыры мемлекет тұрғысында,
макродеңгейде көрінсе, екінші қыры кәсіпорын шеңберінде, микродеңгейде
бекітілуі тиіс.
Елімізде қалыптасқан қазіргі экономика мемлекет тарапынан реттеліп
отыратын нарықтық экономика болғандықтан, кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіндегі мемлекеттік бағыттарды жоққа
шығаруға болмайды.
Мемлекет тұрғысынаң алғандағы сыртқы жүйенің бағыттары болып,
монополияға қарсы және баға саясаты, салықтық реттеу, өнім және қызмет
сапасын мемлекеттік реттеу, импортты алмастырудың және отандық
кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты, мемлекеттік инвестициялық
саясат, кәсіпорындарды оңалту және санация болуы керек. Осы айтылған
бағыттар кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес
қосады деп пайымдауға және кәсіпорын тұрғысындағы бағыттар маңызын
жоймайды.
Әр кәсіпорын өзінің микродейгейдегі экономикалық қауіпсіздікті
қатамасыз ету жүйесінің келесідей бағыттарын ұстануы керек: шығындарды,
өнім сапасын және бәсеке қабілеттілікті басқару, өндірістік әлеуетті
оңтайландыру, еңбек ресурстарын мотивациялау, контроллинг, кәсіпкерлік
белсенділікті ынталандыру, маркетинг және логистика, инвестицияларды және
инновацияларды басқару, бизнес – реинжиниринг.
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмнің
макро және микродеңгейдегі бағыттар бірін-бірі жоққа шығармай, кәсіпорында
тең жүргізілсе, кез-келген фирманың қатерлердің, қолайсыз жағдайлардың
алдын-алып, өз бизнесіне тұрақты сипат беруіне толық мүмкіншілігі бар.
Әрине, экономикалық қатерді қамтамасыз ету дәстүрлі басқарудан біршама
ерекшеленеді, ол кәсіпорын қызметіндегі елеулі өзгерістермен, көлденең
жағдайлармен, жаңа басқару мәселелерімен байланысты болады. Фирмаға кейбір
факторлар кенеттен әсер еткенде, экономикалық қызметтің нәтижиесіндегі
қалыпты ауытқулардың арасында олардың әсері жасырын болып қалады. Сөйтіп,
егер ммкін болатын өзгерістер арнайы болжау нәтижиесінде анықталмаса, өткен
мерзімде фирманың экономикалық көрсеткіштерінің мерзімді құлдырауын
сәйкестендіру үшін пайдалынылған шаралар (шығындарды азайту, еңбек
өнімділігін арттыру, өндірісті дамыту, өткізуді белсенді ұйымдастыру)
өзгерістерге жасалтын алғашқы жауап болып қарастырылады.

1-сурет Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін және белсенділігін анығырақ
сипаттау неміс заңдылығы бар. Осы ел заңдылығы бойынша кәсіпорынның
экономикалық-қаржылық жағдайы 6 топтан тұратын көрсеткіштерді талдаудан
тұрады. Біз осы әдістемені толықтырып, кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін 9 топқа бөлеміз, ол көрсеткіштерге: өндірістік бағдарламаның
орындалуы, өнім сапасы және бәсеке қабілеттілігінің көрсеткіштері,
өндірістік әлует көрсеткіштері, еңбек әлуетінің көрсеткіштері, қаржылық
қауіпсіздік көрсеткіштері, ісерлік белсенділік көрсеткіштері, инвестициялар
және инновациялар көрсеткіштері, шығындар және өнімнің өзіндік құнының
көрсеткіштері, маржиналдық талдау негізіндегі басқару шешімдерінің
көрсеткіштері (кәсіпорын қызметі экономикалық қауіпті деңгейде болса
есептеледі) жатады.
Осы ретте, біз кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін анықтау
диагностикасын экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің микродеңгейдегі
жүйесінің бағыттарымен ұштастыруға тырыстық. Микродеңгейдегі экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету (1-уретте) 9 бағыттан тұрады. Маркетинг және
логистика көрсеткіштері сапа және бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерімен
қайталанып отырады, бизнес-реиндениринг міндетті алдыңғы міндеттер оң шама
бермегенде қосылады деп тұжырымдауға болады, себебі бизнес-реинжиниринг
кәсіпорын қызметі қайтадан жобалау дегенді білдіреді.
Негізгі капиталдың экономикалық қауіпсіздігін тозу коэффициенті, жаңару
коэффициенті, баланс валютасындағы негізгі құралдардың беленді бөлігінің
үлесі, негігі капиталдың белсенді бөлігінің үлесі, өндірістік қуаттың
қолданылуы көрсетеді.
Еңбек әлуетінің қауіпсіздігін жұмыскерлердің орташа тізімдік санының
артуы, кәсіпорындағы орташа еңбек ақы мөлшерінің саладағы орташа айлық
жалақысынан артық болуы, еңбек өнімділігінің өсуі сипаттайды. Жоспарланған
өндірістік бағдарламаның %-пен есептегендегі орындалуы өндірістік
бағдарламаның қауіпсіздігін көрсетеді. Қаржылық коэффициенттердің оңтайлы
мөлшерде болуы кәсіпорын қаржыларының қауіпсіздігін анықтайды. Өнім
сапасының және бәсеке қабілеттілігінің көрсеткіштерін тұтынушылар арасында
анкеталық сұрау жүргізу, SWOT талдау арқылы анықтауға мүмкіндік туады.
Инвестициялар мен инновациялардың қауіпсіздігін, кәсіпкерлік белсенділік
көрсеткіштерін экономикалық әдебиеттерде анықталған әдістемемен анықтаймыз.
Кәсіпорынның экономикалық қауіпсіздігін жаңа коэфициент табу арқылы емес,
қолданып жүрген көрсеткіштерді жүйелеп, кәсіпорынның экономикалық
қауіпсіздігін анықтайтын деңгейде жүргізілуі тиіс. Кәсіпорынның
экономикалық қауіпсіздігін осылай бағалау арқылы ғана экономикалық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің диагностикасын толыққанды етіп
көрсете аламыз.

2 Қайсар - сүт ЖШС экономикалық ахуалы мен маркетингтік жүйенің
тиімділігін талдау
2.1 Қайсар-сүт ЖШС жалпы сипаттамасы

Қайсар – сүт ЖШС – і 2000 жылдың күзінде құрылған. Және ол Алматы
облыстық әділет басқармасында тіркелді, 07.11.2000 жылы №7344 -1907 ЖШС
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алынды. Негізгі қызметі – сүтті өңдеу,
кәсіпорынның орналасқан мекен – жайы – Қарасай ауданының Іргелі поселкесі.

Өзінің қызмет етуі кезінде Қайсар – сүт ЖШС – і Алматы облысының
ірі сүт зауыттарының біріне айналды.
Зауыт сүт өңдеу үшін қазіргі, жоғары технологиялық құрал –
жабдықтарда жұмыс істейді және Қазақстан нарығында жақсы сапалы сүт
өнімдерін ұсынады, автоматты жуу жүйелері орнатылған және сүтті өңдеу
технологиясы толығымен ұсталынады. Сонымен қатар қолайлы баға бойынша
тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін қазіргі қораптау машиналары
да орнатылған. Зауыттың сүт өнімдері әлемдік стандарттарға сай келеді.
Зауыттың салық және міндетті төлемдер бойынша бюджет алдында қарызы
жоқ. Кәсіпорын Қарасай ауданының бюджетіне квартал сайын салық түрінде
850000 теңге, зейнетақы қорына 695947 теңге, және республикалық бюджетке
ҚҚС түрінде 888279 теңге аударып отырады. Бүгінгі таңда зауыт сүт
өнімдерінің 40 – тан астам түрлерін және балмұздақтың 10 – нан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«DreamPro» компаниясының даму стратегиясы
Бәсекелестік қабілеттің теориялық негіздері
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиясы
−кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру
“Казхром” акционерлік қоғамының экономикалық жағдайы мен тиімділігін бағалау
Ақсай нан НБК ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорында инновациялық қызметті басқару стратегиясы және инновациялық стратегияны таңдау
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі туралы
Маркетингтегі стратегиялық жоспарлау
Ішкі нарықтағы тауар мен қызметтің бәсекелікке қабілеті
Пәндер