2008 жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес институты

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Кәсіпорынның инвесжобаларымен, экономикалық көрсеткіштерін
талдау. (“ҚазМұнайГаз” мысалында)

Орындаған: Данабаев А.И.
Топ: ЭКжБ- 07-1k
Тексерген: Ашикбаева

Алматы 2009

Жоспары:

I.КІРІСПЕ

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін анықтау.

1. “ҚазМұнайГаз” кәсіпорыны
2. Стратегиялық бағыттары мен мақсаттары
3. Инвестициялық жобалары, тиімділіктері
4. Экономикалық көрсеткіштері

III. ҚОРЫТЫНДЫ

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының мұнай – газ өнеркәсібі экономикасының
алдыңғы қатарлы саласы болып табылады. Қазақстан Республикасы өзінің даму
ғасырында дүние жүзінің ірі мұнай – газ өндіруші мемлекеттерінің біріне
айналды, ол газ және конденсант өндіру бойынша – он бесінші, мұнай өндіру
деңгейі бойынша жиырма сегізінші орында. Қазақстан ТМД елдері арасында
мұнай қоры және өндіру деңгейі бойынша екінші орынға ие.
Қазақстан Республикасы территориясында 200 – ден астам мұнай және газ кен
орындары бар екендігі анықталған.
Республиканың төрт батыс аймағында мұнайдың қалдық алынуындағы дәл осы
аймақта ерекше теңіз, Қарашығанақ, Өзен, Жаңажол, Кенбай(қорының 90
орындары орналасқан.
Табиғи газдың негізгі қоры Батыс Қазақстан Қарашығанақ және Ақтөбе
Жаңажол аймақтарында шоғырланған. Бұл аймақтардағы мұнай орындарында ілеспе
газдардың қоры да көп. Көптеген инновациялардың пайда болуы мемлекеттік
емес ұйымдар мен орталықтардың, өндірістердің ықпалынан және
белсенділігінен туындайды. Яғни, инновацияның пайда болуына мүдделі топтар
белсенділік танытуы тиіс. Ал ұлттық экономикада мұнай-газ, металлургия,
отын-энергетика, құрылыс сынды салалардың шектен тыс жоғары табыстылықты
қамтамасыз етуі басқа салалардың дамуына үлкен тосқауыл болып отырғаны
жасырын емес. Дәл осы себеп ұлттық экономиканың тартымсыз немесе
табыстылығы төмен салаларына инвестицияның келмеуіне де кері ықпал етіп
отыр; Инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы. Әдетте,
көптеген дамыған елдерде инновацияға қызығушылығы бар тұлғалар үшін
мемлекет инновациялық сипаттағы ақпараттарды таратып, олар үшін жасалған
қолайлы жағдайларды туралы кеңестер беру орталықтарын құрады.
Бүгінде Қазақстан экономикасы әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан
экономикалардың біріне айналды. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаев атап өткендей, қалыптасқан теңдессіз жағдайда тәуелсіз
мемлекет құру, жоспардан нарыққа, тоталиризмнен демократияға өтуді жүзеге
асыру, ұштағанды міндетті шешу алға тартылды. Қазақстан, бастапқыдан
дамуының мақсаты ретінде бәсекелестікке, жеке меншіктің әртүрлі формаларын
дамытуға негізделген әлеуметтік бағдарлы экономикаға қол жеткізуді көздей
отырып, жауапты шешімге келіп қана қойған жоқ, сонымен бірге өзін
өркениетті елдердің қатарына қосып отыр. Қазақстан Республикасы Экономика
және бюджеттік жоспарлау министрлігінің миссиясы – Қазақстан
Республикасының әлемнің барынша бәсекеге қабілетті елдерінің қатарына
енуіне ықпал ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесі бар экономиканың
сапалы, теңгерімді өсуі. Министрліктің 1-ші стратегиялық мақсаты болып
экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жаңғырту болып
белгіленді. Экономиканың негізгі тетігі болып табылатын өнеркәсіп саласы
да кең құлаш жайып келеді.

“ҚазМұнайГаз” кәсіпорыны

ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның еншілес
компаниясы болып табылады. Компания 2004 жылы ӨзенМұнайГаз ААҚ мен
ЭмбаМҰнайГаз ААҚ-ны біріктіру жолымен құрылған болатын. Тәуелсіз
сарапшылардың баға берулері бойынша Компанияның активтеріне шамамен 205,9
млн.тоннаны (1 515,2 млн. баррель) құрайтын расталған және ықтимал қорлар
кіреді. ҚМГ БӨ-нің акциялары Қазақстанның Қор биржасында, ҒДҚ – ғаламдық
депозитарлық қолхаттары Лондонның Қор биржасында листингтен өтті. 2006
жылдың қыркүйегінде ІРО кезінде Компания 2 миллиардтан астам АҚШ долларын
тартты.
ҚМГ БӨ 2008 жылы Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі бойынша екінші
орынға шықты. ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ – Қазақстандағы мұнай өндіру
көшбасшыларының бірі. Компания мұнайды Қазақстанның батыс және оңтүстік
аймақтарында өндіреді. Компания Батыс Қазақстандағы 41 кен орнын игереді.
Олардың ішінде ең ірісі мұнай өндіру 1965 жылдан бастап жүргізіліп келе
жатқан Өзен кен орны болып табылады.
2008 жылдың соңындағы жағдай бойынша мұнайдың дәлелденген және
болжамды қорлары 241 миллион тоннаны (1 775 миллион баррельді) құрады. 2008
жылдың деңгейіндегі мұнай өндіру қарқыны жағдайында қорлардың еселілігі 25
жылды құрайды. ҚМГ БӨ-нің Қазақстанда мұнай өндіруде жүз жылдық тәжірибесі
бар және елдің Батыс аймағындағы кен орындарының геологиялық құрылымы
саласында кең көлемді мағлұматқа ие.
ҚМГ БӨ Компания экспортының басым бөлігін қамтамасыз ететін Өзен-
Атырау-Самара (ӨАС) құбыр желісі мен ҚМГ БӨ үшін мұнай берудің неғұрлым
пайдалы бағыты болып табылатын Каспий Құбыр желісі Консорциумы (ҚКҚ) құбыр
желісіне кепілдікті кіруге мүмкіндік беретін келісім жасады.
Мұнай сату ҚазМұнайГаз Сауда Үйі арқылы жүзеге асырылады. Мұнай
экспорты 2008 жылы берудің жалпы көлемінен 77%-ды (2007 ж.- 78%) құрады.
Жаңа активтерді сатып алу Компания стратегиясының негізгі элементі болып
табылады. 2007 жылдың сәуірінде Компания Қазгермұнай БК ЖШС-дағы
үлестердің 50 %-ын сатып алды. 2007 жылдың желтоқсанында өндіру көлемін
арттыруға мүмкіндік берген және мұнай қорының айтарлықтай өсуін қамтамасыз
еткен CCEL-дағы (Қаражанбасмұнай АҚ) үлестердің 50 %-ын сатып алды.
ҚМГ БӨ өзіне әлеуметтік әріптестікті, білім беру жобаларын,
демеушілікті және Компанияның қызметкерлері мен олардың отбасыларын
қолдауды қамтитын көп жоспарлы әлеуметтік бағдарлама әзірледі және оны
ойдағыдай іске асырып келеді. Өзінің өндірістік қызмет аймақтарында
қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жауаптылық та Компанияның негізгі
басымдығы болып табылады.
ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ Маңғыстау мен Атырау облысындағы
құрлықта орналасқан 44 мұнай-газ кенішінің меншік иегері болып табылады.
Кеніштердің жалпы ауданы 837, 4 км2 құрайды. Компанияның өндірістік
бөлімшелері 90 жылдан артық уақыт бойы қызмет етіп келеді, ал мамандары
терең білім мен үлкен тәжірибеге ие.
2006 жылы Компанияның кеніштерінде 9 551 мың тонна мұнай мен газ
конденсаты өндірілді. Бұл 2005 жылдағымен салыстырғанда 186 мың тоннаға
артық болып келетін көрсеткіш. 2006 жылы арналы газ құбырларының жүйесі
арқылы сатып алушыларға 9 419 мың тонна мұнай жеткізілді, мұнысы 2005
жылдағымен салыстырғанда 2,2 % артық, соның ішінде экспортқа арнап 6 876
мың тонна мұнай жеткізілді, мұнысы 2005 жылдағымен салыстырғанда 6,1 %
артық болып келеді. ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ (ҚМГ БӨ, Компания)
ағымдағы жылдың үш айы ішінде былтырғы жылдың соған сәйкес кезеңімен
салыстырғанда мұнай өндіру көлемінің артқаны туралы жариялады.
2007 жылдың қаңтар-наурыз айыларында Компанияның кенорындарында
2 293 мың тонна мұнай мен газ конденсаты өндірілген. Мұнысы былтырғы жылдың
соған сәйкес кезеңінде өндірілген көлемнен 12 мың тонна артық. 2007 жылдың
алғашқы тоқсанында арналы мұнай құбырлары жүйесі арқылы сатып алушыларға
2 263 мың тонна мұнай жеткізілді, соның ішінде экспортқа арнап 1 808 мың
тонна мұнай жеткізілді, мұнысы былтырғы жылдың дәл сол кезеңіндегі көлеммен
салыстырғанда 7% артық.
Компания Өзенмұнайгаз ААҚ (ӨМГ) мен Ембімұнайгаз ААҚ-ны (ЕМГ)
қосу жолымен 2004 жылдың наурызында құрылды. 2006 жылдың соңында капиталды
Лондон мен Қазақстанның Қор биржаларына табысты орналастырғаннан кейін
сатып алу саясатын кеңінен ойластырып өмірге енгізудің, негізгі активтерге
инвестициялар салу бағдарламасының және шығыстарды оңтайландыру жөніндегі
тиімді шаралардың нәтижесінде ҚМГ БӨ ішкі рыноктарда да, халықаралық
рыноктарда да өзінің ұстанымдарын айтарлықтай нығайтты. Тәуелсіз
сарапшылардың бағалауы бойынша Компанияның активтері 2008 жылдың 31
желтоқсанындағы жағдай бойынша шамамен алғанда 241 миллион тонна (1 775
миллион баррель) мөлшеріндегі дәлелденген және болжамды мұнай қорларын
қамтиды.
ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру АҚ Қазақстанда құрылықтағы өзінің
көмірсутегі шикізаты қорларынан мұнай, табиғи және ілеспе газ өндіруші
болып табылады. Компания сондай-ақ қорлар базасын сақтау және дамыту үшін
барлау жұмыстары бағдарламасын белсенді іске асырады.
ҚМГ БӨ Батыс Қазақстандағы құрылықта 41 кен орнын игеруде.
Компанияның негізгі өндірістік активтері 2008 жылы өндірудің жалпы
деңгейі тәулігіне 190 мың баррель мұнай болған екі өндірістік филиалы:
Өзеньмұнайгаз (ӨМГ) мен Ембамұнайгаз (ЕМГ) болып табылады. Өзен кен орны –
ҚМГ БӨ-нің негізгі активтері қоржынындағы ең ірісі, оның үлесіне барлық
қорлардың 73%-ы мен өндірілген өнімнің барлық көлемінің 70%-ы тиесілі.
ҚМГ БӨ-нің негізгі міндеттерінің бірі көмірсутектері қорларының
өсуін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл өсу жаңа активтерді сатып алудың,
геологиялық барлау жұмыстарының және негізгі кен орындарында өндіруді
оңтайландырудың нәтижесінде мүмкін болмақ.
Компанияның ӨМГ және ЕМГ кен орындарындағы стратегиясы – жұмыс істеп
тұрған ұңғымаларды жөндеудің, жаңа ұңғымаларды бұрғылаудың және пайдалануға
қосудың, сондай-ақ қабаттардың мұнай беруін арттыру әдістерін қолданудың
есебінен таяу жылдары қол жеткізілген өндірудің ұтымды деңгейін ұстап тұру.
Одан басқа мұнай және тоғытпалы ұңғымалар қорын ұстап тұру, Жаңа
ұңғымаларды бұрғылау арқылы жаңа ұңғымаларды іске қосу, ұңғымаларды күрделі
жөндеу, ұңғымаларды жерасты жөндеу, жерасты құралдарын химиялық
реагенттермен профилактикадан өткізу өткізу кен орындарында мұнай өндіруге
арналған жұмыстардың оңтайлы кешені іске асырылып жатыр.
Салалық қызметке төмендегілер жатады:
• игеру мен өндіру
• мұнай-газ шаруашылығының инфрақұрылымын пайдалану
• қайта өңдеу
• мұнай-газ құбырларын тасымалдау мен пайдалану
• мұнай мен газ саласындағы өткізу және маркетинг, НИОКР
• геологиялық-геофизикалық зерттеулер
• мұнай-газ құбырлары мен мұнай-газ шаруашылығының инфрақұрылымын
жобалау мен салу
• бұрғылау
Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі – барынша ұтымдылық
және орта мерзімді келешекте операциялық және күрделі шығындарды
оңтайландырудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік
емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және
халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол
жеткізілетін болады.
Компанияның бар кен орындарын дамыту бағдарламасын орындаудың ҚМГ БӨ-
нің одан әрі қарыштап өсуі үшін шешуші мәні бар.

Стратегиялық бағыттар мен мақсаттары

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның миссиясы – Қазақстан Республикасы үшін оның
ұлттық мұнай-газ саласына қатысуынан барынша жоғары пайданы қамтамасыз ету.
Стратегиялық бағыттар мен мақсаттар ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның даму
стратегиясында белгіленген және оларға төмендегілер кіреді:
• Компанияның құнын арттыру
• Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту
• Қорларды көбейту
• Өндірісті арттыру
• Мемлекеттің стратегиялық мүдделерін қамтамасыз ету
• Ірі көлемді мұнай-газ жобаларын (Теңіз, Қарашығанақ және Солтүстік-
Каспий жобалары) жүзеге асырудан болатын экономикалық әсерді арттыру
• Көліктік мүмкіншіліктерді дамыту
• Қосылған құны жоғары болып келетін мұнай-химиялық өндірістерді
дамытуға ықпал ету.
Тиімділігі жоғары мұнай-газ компаниясын құру
• Компанияның басқару жүйесін жетілдіру
Стратегиялық мақсаттарға ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның 2006-2010жж.
арналған Стратегиялық бастамалардың жиынтық жоспарында (Стратегиялық даму
жоспары) көрсетілген шараларды орындау мен ҚазМұнайГаз ҰК АҚ-ның 5
жылға (2007-2011жж.) арналған стартегиялық даму бағыттарын жүзеге асырудың
арқасында қол жеткізу ескеріліп отыр.
Қазақстанның мұнай-газ саласының қазіргі замандағы даму кезеңі
компанияның алдына жаңа міндеттер қоюда, олардың шешілуін компанияның
стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуі мен оның келешектегі тұрақты
экономикалық дамуы қамтамасыз етуі тиіс.
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Даму стратегиясы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның
еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары (бұдан әрі - Компания) қызметінің
негізгі стратегиялық мақсаттары ретінде Компанияның тұрақты экономикалық
дамуын, тұтастай алғанда елдің мұнай-газ кешенін дамытудан Қазақстан
Республикасы үшін стратегиялық пайданы қамтамасыз етуді, корпоративтік
басқару жүйесін жетілдіруді айқындайды.
Осымен қатар Компания қоғамның алдында өз қызметінің қоршаған ортаға әсерін
азайту, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, қауіпсіз еңбек жағдайын
қамтамасыз ету, Комапния қызметінің аудандарында тұрып жатқан қызметкерлер
мен тұрғындардың денсаулығын қорғау үшін жауап береді.
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің негізгі мақсаттары мыналар
болып табылады:
- басқару тиімділігі мен қабылданатын шешімдер сапасын арттыру;
- қауіпсіз еңбек жағдайын және Компания қызметкерлері мен Компания
қызметінің аудандарында тұрып жатқан тұрғындардың денсаулығын қорғау;
- өндірістік қызметтің қоршаған ортаға әсерін азайту.
Осы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін бірінші кезектегі
міндеттердің бірі Компанияда ISO 9001, ISO 14001 халықаралық стандарттары
мен OHSAS 18001 спецификасының талаптарына жауап беретін сапаны басқару
жүйесін, қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі және еңбек қауіпсіздігін
басқару жүйесі болып табылады.
Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметі мынадай принциптердің сақталуына
негізделген:
- Компания қабылдайтын шешімдер мен оның өндірістік қызметінің Жалғыз
акционердің және тұтастай алғанда қазақстандық қоғамның мүдделеріне,
сонадай-ақ Компанияның тұрақты экономикалық даму мақсаттарына сәйкес келуі;
- Компанияның тауарлары, жұмыстары және (немесе) көрсететін қызметтері
сапасының ұлттық және халықаралық стандарттарға, сондай-ақ тапсырыс
берушілердің және (немесе) тұртынушылардың негізделген талаптарына сәйкес
келуі;
- Қоршаған ортаға теріс әсерді, жарақаттану мен кәсіби сырқаттануды
азайтуды қамтамасыз ету үшін Компанияның өндірістік-техникалық даму
деңгейін арттыру;
- Компания тауарларының, жұмыстарының және (немесе) көрсететін
қызметтерінің сапасын арттыруға және Компанияның өндірістік қызметінің
қоршаған ортаға, Компания қызметкерлері мен  осындай әсерге ұшыраған
аудандар тұрғындарының денсаулығына теріс әсерін азайтуға бағытталған
өндірістік процестерді ұдайы жақсартып отыру;
- Компанияға тауарларды, жұмыстарды беретін және (немесе) қызметтер
көрсететін ұйымдарға Компанияда қабылданған және Қазақстан Республикасының
қолданылып жүрген заңнамасының шеңберінде сапа, қоршаған ортаны қорғау,
еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы  саласындағы стандарғарға сәйкес
келу талаптарын қою;
- Компания қызметкерлерінің сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау
және қауіпсіздік техникасы саласындағы кәсіби біліктілігін, құзыретін және
хабардар болуын тұрақты арттыру, Компания қызметкерлерін корпоративтік
басқару және өндірістік қызметті жетілдіруге белсене атсалысуға
ынталандыру;
- Компанияның Жалғыз акционердің, серіктестердің, Компания
қызметкерлерінің, мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және басқа да
мүдделі тараптардың алдында қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы саласындағы ақпараттық ашықтығы.
Осы Компанияның сапа, қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау және
қауіпсіздік техникасы саласындағы қызметінің  мақсаттары мен принциптері
"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ және оның еншілес ұйымдары мен тәуелді қоғамдары үшін
ортақ болып табылады. Осы құжат барлық мүдделі тараптарға ашық және қол
жетімді болып табылады.

Инвестициялық жобалары, тиімділіктері

АҚ ҰҚ ҚазМұнайГаз 2004-2010 ж.ж. мұнай химиялық өнеркәсіпті дамыту
туралы бағдарламаға белсенді түрде ат салысуда. Жақын арадағы жылдарда
республикамыз көмірсутекті қорларға бай болғандықтан, қазіргі заманда
технологиялық үлгідегі мұнайхимиялық өнеркәсәп ашуды көздеп отыр. Бұл
өнеркәсіптен экономика саласына керекті қажеттілікпен және өндіруші
өнімдерін бәсекеге қабілетті сапалы мұнайхимиялық тауар етіп дайындауды
көздеп отыр.

Қазақстан үшін халықаралық нарықта мұнайхимиялық өнімнен негізгі
талап ететіні және экономикаға пайдасының болатыны – полиэтилен,
пролипропилен, стиролды және полистирол, этиленгликоля, бензол, метанолды
мұнайхимялық өндірістен жасап шығару.

Болашақта инвестициялық жоба бойынша бұдан да кең, көп көлемде
мұнайхимиялық өнімдерінен ассортимент алу жоспарлануда (синтетикалық
каучук, аромат қосылулары, матор майлары, және т.б. ) соның ішіне мұнай
қалдықтарын және мұнайды негізге ала отырып қолдану.

Негізінен өнімнің өндіріс қоры, көзі – әртүрлі мұнай шығатын орындар
мен жолай және табиғи газдар болып табылады. Мамандардың есеп-қисап саласын
сенетін болсақ, 1 тонна дайын және жартылай ғана өңдірілген өнімнің
мұнайхимиялық қоры 1,5 тоннадан 4 тоннаға дейін. Мысалы, Тенгиз мұнай
орнынан 1 млн.кубометр жолай газдан, пиролиза әдісі бойынша 200 тонна этан
алуға болады. Бұл этанның көлемінен сутексіздендіру жолымен 130 тонна
этилен және ары қарай 85 және 60 тонн. сәйкес көлемінде полиэтилен және
полистирол өндіруге болады.

Мұнайхимиялық өндірісті қолға алу үшін Атырау облысынан және басқа
да әлеуметтік экономикалық аймақтардан кешенді құрылыс жүргізу басталды.
Қазақстанның мұнайхимилық кешені 2015 жылға дейін 7 млрд. АҚШ долларын
тартатын болады.

Жоспар:

Игерудің ағымдағы жоспары мен бюджетіне сәйкес Қарашығанақ кен орындарын үш
кезеңде іске асыру жоспарланып отыр:

1. 2002 – 2010 жылдары 2008 жылдан бастап кен орнының шығыс бөлігін
тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру арқылы игерудің басталуы және жылына 21 млн.
тоннаға дейін (тәулігіне 450 мың баррель) мұнай деңгейіне қол жеткізу;

2. 2010 – 2014 жылдары игеру учаскесін кеңейту және жылына 42 млн. тоннаға
дейін (тәулігіне 900 мың баррель) мұнай өндіру деңгейін ұлғайту;

3. 2015 – 2041 жылдары игеру учаскесін одан әрі кеңейту және жылына 56 млн.
тоннаға дейін (тәулігіне 1200 мың баррель) мұнай өндірудің барынша үлкен
деңгейіне қол жеткізу

Бұл әлем компаниялары көз тігіп отырған кеніштердегі инвестициялық
жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндігін молайтады. Осы орайда, Каспий
теңізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Урбанизацияланған аймақтардың қоршаған ортасының жағдайына әртүрлі химиялық заттардың қауіптілігі мен әсерінің сипаттамасы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚазМұнайГаз)
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Мемлекеттік бюджеттің балансы
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын пайдаланудың теориялық және әдістемелік негіздері
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын жоспарлау
Айналым қаражаттарының тиімділігін талдау
Тауарөндірушілердің инвестициялық белсенділігін ынталандыру
Меншікті капиталды пайдалану көрсеткіштері
Бәсекелестіктің болашағы мен келбеті
Пәндер