Кәсіпорынның қаржы жағдайын ЖЕТІЛДІРУ бойынша шара


МАЗМҰНЫ
- Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау . . .
КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым - қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестіктерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл - талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды тартудағы рационалды және пайдаланудағы тиісділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Оқу өндірістік тәжірибенің есеп беруінде «КазМикроФинанс» ЖШС-тің ЖО филиалының жалпы қаржылық жағдайына талдау жүргізілген, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы жағдайын жетілдіру бойынша шара ұсынылған.
1 «КазМикроФинанс» ЖШС -тің ЖО ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ, ҚЫЗМЕТІ, БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ
1. 1 Кәсіпорынның сипаттамасы, қызметі
Жауапкершілігі шектелген серіктестік «КазМикроФинанс» ЖО филиалының кіші кәсіпкерлік субъектісі ретінде және 19. 09. 1997 жылда қабылданған «Кіші кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңына, 22. 08. 1998 жылы қабылданған «Жауапкершілігі шектелген және қоысмша серіктестер туралы» Заңына сәйкес құралған.
Жауапкершілігі шектелген серіктестік «КазМикроФинанс» ЖО филиалы 14. 07. 1999 жылы тіркелген. Меншік түрі - жеке меншік.
Серіктестіктің құрудың және қызметінің негізгі мақсаты таза табыс табу, өндірісті дамыту. Серіктестік қызметкерлерінің әлеуметтік мәселесін шешу.
Серіктестік қызметінің негізгі пәні:
- аударым операциялар: төлемдер және ақша аударымдар бойынша тапсырыстарды орындау;
- қарыз операциялар: ақша түрінде несиелерді беру;
- несие серіктестіктің қатысушылардың төлем құжаттарын инкассоға қабылдау;
- аккредитивті ашу және бекіту және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
- сейфтік операциялар: құнды қағаздарды, құжаттарды және құндылықтарды сақтау бойынша қызметтер;
- лизингтік қызметті жүзеге асыру;
- несие серіктестіктің қатысушыларының банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- факторингтік операциялар;
- кассалық операциялар: операцияларды орындау кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау және беру.
Серіктестіктің оқшауланған мүлкі бар, тек Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңнамасына сәйкес қана төлеттіріп алуға жұмсалуы мүмкін өзінің міндеттемелері бойынша жауапкершілік көтереді. Серіктестік өзінің атынан мәмілері (шарттар, келісім - шарттар) жасай алады, мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып ала алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына қарама - қайшы емес басқа әрекет жасай алады. Серіктестік қорғаныс құжаттарын, технологияларды, НОУ-ХАУ және зияткердік меншік пен басқа ақпараттар объектілерін иегруге және пайдалануға, сатып алуға құқығы бар. Серіктестік жалпы жиналыстың шешімімен республикада және шетелде филиалдар мен өкілдіктер аша алады, өзінің мүлкі есебінен оларға негізгі және айналымдағы қор үлесін бере алады және олардың қызметінің тәртібін белгілейді. Филиалдың немесе өкілдіктің мүлкі Серіктестіктің балансында есепте тұрады. Филиалдардың немесе өкілдіктердің қызметіне Серіктестік тағайындаған адамдар басшылық жасайды. Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары Серіктестіктен алған бас сенімхаттардың негізінде әрекет етеді. Филиалдардың немесе өкілдіктердің шаруашылық, қаржылық және өзге қызметіне белгіленген тәртіппен ревизиялар мен тексерулер жүргізе алады.
Серіктестік Қазақстан Республикасының аумағында да, шетелдерде де өз құзыретінің шегінде шетелдік заңды және жеке тұлғалармен мәмілелер, келісім - шарттар, келісімдер және өзге де заңдық актілер жасайды. Белгіленген тәртіппен және заңнамада көзделген жағдайларда өзінің қызметін іске асыру үшін, Серіктестік жүзеге асыратын қызметтің барлық түрлері үшін қажет жылжымалы немесе жылжымайтын материалдық немесе материалдық емес мүлікті, оған қоса жерді, ғимаратты, құрылысты және құрал-жабдықты сатып алып меншігінде ұстауға, жалға беруге және жалға алуға, жөндеуге, құрылысын жобалауға, қайта жабдықтауға және сатуға кепілге беруге немесе өзге амалмен басқарады. Салық есебін беру, мүлік бағалау және кіріс пен шығыстың есебін жүргізу мақсаттары үшін бухгалтерлік есептің жалпыға бірдей қағидаларына сәйкес талап етілетін және қажетті бухгалтерлік есептің кітабы мен есеп құжаттамасын жүргізеді. Серіктестіктің жарғылық қызметін жүзеге асыруға, келісім - шарттардың жасалуына және орындалуына байланысты қызметтер көрсету үшін шетелдік фирмаларды қатыстырады. Серіктестіктің алдына қойылған міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған бағдарламаларды қаржыландырудың схемаларын әзірлейді және іске асырады. Акцияларды, үлестерді немесе Серіктестік қызметінің түрлерін немесе оларға сәйкес қызметтерді жүзеге асыру үшін қажетті заңды тұлғалар мен қауымдастықтардың мүлкіне өзге құқықтарын сатып алуға, меншікке иеленуге, жалға беруге, сондай-ақ сатуға немесе басқаша басқаруға.
1. 2 «КазМикроФинанс» ЖШС тің ЖО филиалының құрылымы және қызметтік міндеттемелер
Қызмет міндеттері. Барлық әлеуметтік мекеменің барлық қызметтері мен заңдылықтарына сәйкес басқарады. Басқа да ұйымдық құрылым бөлімдерінде мекеменің жұмысын тиімді өндіріс бірліктерінде ұйымдастырылады. Барлық заңдылықтар, әдіс, жаңа нұсқауларды қабылдап, әр бөлімнің жұмыс істеуін қадағалап отырады.
Серіктестіктің квалификациялық кадрларына жаңа жағдай қабылдайды, қоршаған ортаны қорғау т. б. іс-шараларды ұйымдастырады. Өндірістің материалды және моральды көтерілу жағдайының тиімділігін, жұмысшылардың қорытынды жұмысын тексеріп, әр жұмысшының өзіне тиесілі жұмысын орындауын қамтамасыз етеді.
Бас бухгалтер
Қызмет міндеттері: даму нысаны мен бухгалтерлік есетің әдістерін және бақылау жүргізу, шаруашылық есебін қатайту, кәсіпорындағы есептілікті ұйымдастыру керек.
Ақша есебінің түсетін әдісін, тауарлы-материалды құндылықты және негізгі әдістердің өзіндік көрінісін бухгалтерлік есептегі операцияларды, заңдылыққа бақылау, өзіндік уақыттылық пен дұрыстықта олардың толтырылуын, қызмет өндірістегі жұмысшылардың жалақысын есептеу, дурыс есептілік пен мемлекеттік бюджеттегі төлемдерін қысқарту және қорлар мен резервтерді ұйымдастыру, материалдық тексеру толықтырылуында қатысады.
Білуі тиіс: қаулыны, жарлықтарды, әдістемелік органдардың бұйрығын, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің нысандарын мен әдістерін, іс-қағаз айналымын, қаржы-шаруашылық қызметтердің өндірістегі көлемін, шаруашылық резервтердің шығуы мен ақша қаражатын сақтау, шығындау; дебиторлармен есеп жүргізу ережесі, өртке қарсы және санитарлық қорғауды білуі тиіс.
Сапаны бағалау. Жоғарғы экономикалық білімі мен қаржы-бухгалтерлік жұмыстардағы басқару стажы кем дегенде 5 жыл.
Бухгалтер
Қызмет міндеттері: бухгалтерлік есеп берудегі әр түрлі бөлімдерінің жұмысын атқарады.
Шаруашылық есепті күшейтуге, арнайы кәсіпорындарды өңдеу жұмыстарына қатысады. Іс-қағаздар мен есеп берудегі құжаттарды қабылдап және бақылауға алып, есеп берудегі есептілікті өңдеуде өткізеді. Іс-қағаздарын қатаң бақылауға алып ондағы кіріс пен шығындарды есептеп қорытындысын есептеп, оны есеп берудің қайта өңделуіне жібереді.
Ақша айналымындағы әдістермен байланысты және тауарлы-материалдық құндылықтардың бухгалтерлік есептегі операцияларын қамтып көрсетеді. Калькуляциялық есеп берудің өзіндік құнының жоғалтылған бөлігін және өндірістегі емес шығындарды құрайды және олардың ескертулеріне ұсыныс дайындайды. Төлемақы мен мемлекеттік бюджеттің санауы мен есептелуін тудырып, оны мемлекеттік әлеуметтік жекешелендіру төлемін төлеу, жалақының төмендеуіндегі капиталды жинағының әдісін қаржыландыру, сондай-ақ экономикалық қорлардың жағдайын жасау т. б. әдістер.
Білуі тиіс: қаулыны, жарлықтарды, әдістемелік жоғары тұрған органдардың бұйрығын, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің нысаны мен әдістерін, жоспарды есептерді, құжаттар айналымын, толтырылуын, талдау әдістерін, экономика негіздерін т. б.
Кесте 1-«КазМикроФинанс» ЖШС ЖО филиалының штаттық кестесі
Жабдықтау бөлімі:
ТБ және ГО инженер міндетімен біріккен жабдықтаушы инженер
1. 3 «КазМикроФинанс» ЖШС -тің ЖО филиалының негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері
«КазМикроФинанс» ЖШС-тің ЖО филиалының негізгі қызметінің қаржы-экономикалық көрсеткіштері төмендегідей сипатталады.
Кесте 2-Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері
Кесте 3-Серіктестіктің құнды қағаздар, нетто
Кесте 4-Займдар және клиенттерге берілген қаржылық жал, нетто
Кесте 5-Серіктестіктің негізгі құралдары, нетто
Кесте 6-Басқа да активтер
2 «КазМикроФинанс» ЖШС-тің ЖО ФИЛИАЛЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
2. 1 Баланс активінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Баланс өтімділігін талдаудың мәні - активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қысқаларға қарай, яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі, сондықтан да онымен тығыз байланысты. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек. Бірақ бұл үшін кәсіпорынның есеп, валюта және басқа да шоттарында ақшалары болуы керек. қарыздарды өтеу үшін құралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы керек дебиторлық борыштар потенциалды құрал болып табылады. Егер, кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті
Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдау үшін алғы мәліметтер негізінде 01. 01. 2009 ж ықшамдалған баланс-нетто құрамы.
Кесте 7-Аналитикалық баланс- нетто
2009ж,
мың тг.
Ауытқуы
+, -
Актив
І. Ұзақ мерзімді активтер
1. 1 НҚ қалдық құны
1. 2 Ұзақ мерзімді дебиторлық қарыз
ІІ. Ағымды активтер
- Тауарлы материалдық қорлар
- Қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар.
- Ақша қаражаттары.
316, 4
237, 9
78, 5
700, 9
610, 7
89, 5
0, 7
31, 1
23, 4
7, 7
68, 9
60, 0
8, 8
0, 07
196, 4
196, 4
0
732, 0
566, 8
19, 2
146
21, 2
21, 2
0
78, 8
61, 1
2, 1
15, 7
-120
-41, 5
-78, 5
31, 1
-43, 9
-70, 3
145, 3
Пассив
І. Меншікті капитал
-жарғылық капитал
- бөлінбеген табыс (жабылмаған шығын)
- он ішінде есептік жылда
ІІ. Ұзақ мерзімді міндеттемелер.
ІІІ. Ағымды міндеттемелер.
-қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар
--басқа да кредиторлық қарыз
-1610, 5
66
-1676, 5
-501, 4
-
2627, 8
389, 6
2078, 1
-158, 3
6, 5
-164, 8
-49, 3
-
258, 3
38, 3
204, 3
-1792, 3
66
-1858, 3
-181, 9
-
2720, 7
152, 4
2460, 1
-193, 1
7, 1
-200, 2
-19, 6
-
293, 1
16, 4
265, 0
-181, 8
-
-181, 8
-319, 5
-
92, 9
-237, 2
382, 0
Кесте мәліметтері бойынша, кәсіпорынның активтері 88, 9 мың тг. азайды. Активтердің азаюы ұзақ мерзімді активтердің 120, 0 мың тг және ағымдағы активтердің 31, 1 мың тг. азаюының есебінен болды. Ұзақ мерзімді активтер құрылымында өзгерістер болуы: негізгі қорлардың баланстық құны (қалдық) 41, 5 мың тг. азайды.
Ағымдағы активтер құрылымында тауарлы материалдық запастар 43, 9 мың. тг. азайды, қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 70, 3 мың. тг азайды.
Баланс пассивінде сондай - ақ өзгерістер болады. Ол өзіндік капиталдың көп үлесімен сипатталады. Егер өзіндік капиталдың үлес салмағы 2005 жылда 14, 9 пайызды құраса, онда 2006 жылдың аяғында ол 51 пайызға тең болады.
Кәсіпорынның өзіндік капиталы оларға капиталы қосымша төленбеген және резервті капитал, бөлінбеген табыстар сомасы есебінен қалыптасады. өзіндік капиталда үлкен үлес салмақты жарғы капиталы және бөлінбеген табыс алады.
Кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелері 92, 9 мың тг. көбейді. Ағымдағы міндеттемелер қысқа мерзімді кредиторлық қарыздың 237, 2 мың тг. азаю есебінен азайды. Жалпы алғанда баланстық пассивтік бөлімі 88, 9 мың тг. азайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржылар қаншалықты тез нақты ақшаға айналуына тәуелді.
“ КазМикроФинанс ” ЖШС ЖО филиалының балансындағы пассив бөлiгiнiң құрылымын талдаған кезде жалпы сомадағы үлес салмағын және негiзгi капиталдың 1 теңгесiне шаққандағы айналым капиталын есептедiк. Жалпы сомадағы негiзгi капиталдың үлес салмағы жыл аяғында 33, 4 % болса, айналым капиталының үлес салмағы 66, 6 % болды. Ал негiзгi капиталдың 1 теңгесiне шаққандағы айналым капиталы жыл басында 0, 81 теңгенi құраса, жыл аяғында 1, 99 теңгенi құрады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерге тәуелсіздік коэффициенті, қаржылық тұрақтылығы коэффициенті және қаржыландыру коэффициенті жатады. Берілген коэффициенті есептеу келесі кестеде көрсетілген.
Кесте 8-Қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерін есептеу
- Кәсіпорынның мүлігі
1. 1. Меншіктік қаржылар
1. 2 Қарыздық капитал
оның ішінде: -ұзақ мерзімді
1017, 3
-1610, 5
2627, 8
-
100
-158, 3
258, 3
-
928, 4
-1792, 3
2720, 7
-
100
-181, 9
293, 1
-
-88, 9
-193, 1
92, 9
-
-
-29, 3
35, 2
-
Х
-128, 1
-45, 3
-
Тәуелсіздік коэффициенті кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі. Ол кәсіпорынның мүлігіндегі өзіндік капиталдың жалпы сомасының үлес салмағын көрсетеді.
Өзіндік капитал сомасының көбеюімен кәсіпорында экономиканың дағдарыс құбылыстарын жеңуге мүмкіндіктері көбейеді. Бұл көрсеткіштердің мәні жоғары болған сайын, несие берушілер сенімділігі жоғары болады.
Қаржылық тұрақтылық коэффициенті кәсіпорын мүлігінде өзіндік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің үлесін көрсетеді. Біздің жағдайда тәуелсіздік коэффициентінің шамасы қаржылық тұрақтылығы коэффициентіне тең және нормативті мәнінен жоғары. Бұл дегеніміз барлық заемдік қаржылар өзіндік қаржылар мен жабылады.
Қаржыландыру коэффициенті өзіндік қаржылар шамасы қысқа мерзімді міндеттемелерден қаншалықты жоғары екендігін анықтайды. Оның шамасы нормативтік мәннен жоғары болған сайын кәсіпорын қызметін несиелеу кезінде несие берушілерде сенімділік жоғары болады.
2009 жылы кәсіпорында қаржылық тұрақтылығының барлық көрсеткіштері нормативтік мәндерінен жоғары, бірақ 2008 жылы салыстарғанда төмендеуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz