КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ


1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
1.1Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерінің ұғымы және маңызы 5
1.2Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері 7
1.3Ресейдегі Грант АҚ төлем қабілеттігін және өтімділігін
нығайтудағы іс – тәжірибелері 9

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ
2.1Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау әдістері 11
2.2Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдауда пайдаланылатын 14
коэффициенттер
2.32004 – 2006 жж аралығындағы АЗ Эталон АҚ ағымдағы 17
активтерінің өтімділік көрсеткіштері

3 КӘСІПОРЫННЫҢ ТӨЛЕМ ҚАБІЛЕТТІГІН ЖӘНЕ ӨТІМДІЛІГІН
НЫҒАЙТУДАҒЫ КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ
ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
3.1Кәсіпорынның төлем қабілеттігін және өтімділігін нығайтуда
кездесетін мәселелер 19
3.2Кәсіпорынның көрсеткіштерін оңтайландырудағы негізгі жолдары 20

ҚОРЫТЫНДЫ
22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
24

ҚОСЫМША
27

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай - ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер
және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Соңғы кездері Қазақстанның саяси - экономикалық және қоғамдық
өмірінде болып жатқан сан - алуан өзгерістер іскерліктің көптеген түрін
тудырып, оларды жүзеге асырумен қоғамды жанталастыруда. Кейінгі уақытта
шетел капиталының нығаюының көрсеткіштері болып әртүрлі саладағы өнеркәсіп
орындарының дамуы және нығаюы табылады. Бұл көріністі біз олардың қаржылық
көрсеткіштері арқылы ғана көре аламыз. Сол қаржылық көрсеткіштері арқылы әр
елдің экономикасының дамып, тұрақтанғанына көз жеткізе аламыз. Елімізде
нарық экономикасының орнауы әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндіру, сату
және тұтыну процестерін реттейтін механизмдердің пайда болып, дамуына
жағдай жасайды. Экономикалық іс - әрекеттің төлем қабілетті сұранысы мен
талаптарына сай келетін, өндірістің оңтайлы инфрақұрылымын құру, ұлттық
нарық пен өзгеріп отыратын нарық жағдайларына байланысты тауар өндіріп,
қызмет атқаратын кәсіпорындар мен экономика секторларының жағдайлары
нарықтың тұтыну құрылымына, оның бағытына, оны бағдарлау мүмкіншіліктеріне
байланысты. Ал, осы бағыт – бағдарды беріп отыратын әрине елімізде ҚР
Үкіметі болып табылады. Шетел тәжірибесенің тек қана жетекші реформаларын,
бағдарламаларын қолдану арқылы ғана біз елімізде кәсіпкерлікті шыңдай
аламыз. Мемлекетімізде әлі де кәсіпкерліктің алуан түрін дамытып,
кәсіпкерлердің нарықта тұрақтандыруына жағдай жасай алмай отырмыз. Осы және
курстық жұмыстың барысында аталып өтілетін мәселелермен тақырып өзекті
болып табылады.
Нысанаға алынып отырған тақырыпты жан – жақты зерделеу. Қазіргі кезде
кәсіпкерліктің дамуын тежеуші факторларды анықтап, соларды ашып көрсету.
Бұл тежеуші факторлар қаржылық көрсеткішке де тікелей қатысты. Кәсіпкерлер
өз қаржылық жағдайын тұрақтандыруға байланысты қандай қиындықтарды көріп
отыр деген сұрақтарға жауап іздеу. Өнеркәсіп орындарының төлем қабілеттігі,
баланс өтімділігі жөнінде туындайтын мәселелермен жіті танысу. Бұл салада
шетел тәжірибесін пайдалана отырып, біздің еліміздегі жіберіліп отырған
қателіктерді ашып көрсетіп, қажетті көмекті қарастыру. Курстық жұмыстың
мақсаты сол тәжірибелерді танып біліп, жіберіліп отырған қателіктерді
көрсету.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Кәсіпорынның төлем қабілеттігін және өтімділігін нығайту
жолдары атты тақырыпты кешенді, әрі жан - жақты танып білу;
– Жаңа нарық заманындағы қаржылық көрсеткіштердің ұғымын
анықтау сонымен қоса маңызын ашып көрсету;
– Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және өтімділігі ұғымын
қалыптастырып бағалай алу;
– Шетелдегі қаржылық көрсеткіштер бойынша іс – тәжірибемен
алмасу;
– Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерінің ең негізгі
түрлерімен танысу;
– АЗ Эталон АҚ мысалға ала отырып оның ағымдағы
активтерімен танысып, көрсеткіштер деңгейін ашып көрсету;
– Кәсіпорынның төлем қабілеттігі және өтімділігі жөнінде
туындайтын мәселелермен танысу;
– Курстық жұмысты зерттеу барысында туындаған мәселелердің
шешу жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың барысында көптеген мәліметтермен танысуға болады.
Жұмысымның бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы түсінікті
қарастыра отырып, қаржылық жағдайды талдау не үшін қажет, кім үшін қажет
деген сұрақтарға жауап алуға болады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың әдестері толық қарастырылды.
Курстық жұмыстың екінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық
көрсеткіштері: төлем қабілеттілік, баланс өтіміділігі көрсеткіштерімен
танысуға болады. Екі көрсеткіштің мәні, есептеу коэффициенттері
көрсетілген. Және мысал ретінде АЗ Эталон АҚ мысалға ала отырып оның
қаржылық көрсеткіштері толық талданды.
Курстық жұмыстың үшінші бөлімінде кәсіпорында қаржылық көрсеткішті
есептеу, оны талдау кезінде қандай мәселелер кездесетіні жайлы айтылған.
Сонымен қатар осы қаржылық көрсеткіштің мемлекеттік қаржылық көрсеткіштерге
қандай әсерін тигізеді деген сұраққа жауап алынды. Сонымен қатар сол
кездескен мәселелердің шешу жолдарының негізгі бағыттары қарастырып
айқындалған.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

1.1 Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерінің ұғымы және маңызы

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды
қарастырмас бұрын, "қаржылық жағдай" дегеніміз немесе "қаржылық жай - күй"
дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы
әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет
"Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны
қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни
пассивтер) сипатталады" деп жазған.
Профессор Н.А Русак болса бұл ұғымды былайша анықтайды: Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен
сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік,
коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстармен
қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және
пайдаланумен, сондай – ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым –
қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен
сипатталады. Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайыньң
жақсылығын көрсетеді".
В.М. Радионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы "қаржы
ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі" деп
жазады.
Ал, М. Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай
ұғымын былайша түсіндіреді: "Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының
қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын
көрсеткіштер жиынтығы".
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін
жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек
анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі
әдістермен есептелетін бірыңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек
өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы
бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық.
Менің көзқарасым бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының
үздіксіздігін және оның төлем қабілеттілігін көрсетеді [3, 56 б.].
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, мен бұл ұғымды былай
анықтауды ұсынамын:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі
қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі
мен өзінің карыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та
арнайы оқулықтарда түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты "өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы" деп
түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының
байланысы деп жазады. Енді біреулер "өз қаражаттары есебінен активтерге
(негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген
қаражаттарды жабатын, сондай – ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық
қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын
шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады" деп жазады.
Бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды.
Олардың ойынша "Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін
кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы".
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді:
"Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән
арнайы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін
пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды
кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның
қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды, қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы
тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар
одан әрі мына анықтаманы келтіреді:
"Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін
болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай
отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы
кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы" [5, 302 б.].
Жалпы қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін анықтайды,
кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа
қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде
кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті
дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму
бағыттарын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге
мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен
кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы
қызметін атқарады.
Қаржылық талдау кезінде осы мерзімге дейінгі уақытта қаржы
ресурстарын қаншалықты дұрыс басқарады деген сұраққа жауап береді, Қаржы
ресурстар жағдайының нарық талаптарына сай болуы және де кәсіпорынның
дамуына байыланысты қажеттіліктерге жауап бере алуы өте маңызды. Өйткені
қаржылық тұрақтылықтың жетіспеушілігі кәсіпорынның төлеу қабілеттігінің
жоқтығына және оның дамуына қажетті қаражатының болмауына, ал көп болуы –
дамуға кедергі жасап, басы артық қорлармен және резрвтермен кәсіпорын
шығындарын көбейтуіне әкеп соғуы мүмкін[14, 156].
Нарық жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты
мақсаттары келесідей:
– қаржылық жағадйға баға беру, оның есеп беру мерзіміндегі
өзгерісі;
– актвитер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы
сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы
тиімділікті зерттеу;
– айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және
ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
– баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын
және төлеу қабілеттігінің абсолюттік және салыстырмалы
көрсеткіштерін анықтау;
– кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және
қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стартегиясын
анықтау.
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір суру қабілеті
жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы
кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын
куәландыруы тиіс. Сондықтан да қаржылық көрсеткіштерінің маңызы біздің
заманымызда өте зор болып табылады[4, 62 б.].

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістері

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі
ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе керсеткендей, есеп берудің екі түрі бар:
Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары
мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы
және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашьшық
кызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы
кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың
мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл
кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері
туралы, сондай – ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс
шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң
құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп
берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша
шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды
есеп түрлері болады.
Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін
анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін
көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті
жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет[7, 25 б.].
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі
ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп
қарастыруға болады:

1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлык талдау;
6) қаржылық коэффициентгер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен
кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік
есептің түрлі баптарының абсолюггік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
мүмкіндік береді [8, 356 б.].
Тікелей (құрылымдьқ) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге
тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құры-
лымын анықтау. Ол жалпы баланс немесе оның бөлімдері бойынша қорытынды
көрсеткіштегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді.
Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы,
яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.
Тікелей және көлденен талдаулар бірін - бірі толықтырып отырады.
Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке
көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын
базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы
ауытқуын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір
есеп позициясын бір қатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни
жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған
көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің
көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал
одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.
Қаржьшық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған
әдісі әр түрлі қаржылық коэффициенттерді пайдалану болып табылады [8, 356
б.].
Коэффициеиттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу
кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке
қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициентерді есептеу баланстың жеке
баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген. Олар
кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база
болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын
құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара
математикалық қатынастарды көрсетеді.
Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес
фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша
есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ
берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы
экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен
салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып тыбалады [9, 78 б.].
Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың (себептердің) қорытынды
көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің детерминдік (анықтау) немесе
реттелмеген тәсілдері көмегімен талдау. Сонымен қатар факторлық талдау
қорытынды көрсеткіштерді оның кұрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал
оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол — кері
(синтез) болуы мүмкін.

1.3 Ресейдегі Грант АҚ төлем қабілеттігін және өтімділігін
нығайтудағы іс – тәжірибелері

Ресейдің Новосибрск қаласында қызмет атқарып отырған Грант АҚ қаржы
нарығыныда өте көп уақыт бойы қызмет атқаруда. Оның осы салада іс –
тәжірибесі де мол.
Активтердің ішіндегі ағымдағы активтер құны 2004 жж – 6 162 611
теңге, 2005 жж – 5 766 242 рублі, ал 2006 жж – 7 383 198 рублі құрап отыр.
Сол баптың ішінде 2004 жж – 105 488, 2005 жж – 107 632 теңге, 2006 жж – 112
368 ақша қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар алып отыр.
Дебиторлық борыш және басқа да активтер 2004 жж – 2 717 646 теңге, 2005 жж
– 3 002 897 теңге, 2006 жж – 3 682 989 рублі құрап отыр. Алдағы кезең
шығындарынсыз тауарлы – материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың
жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған
құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары – 2004 жж –
163 850 теңге, 2005 жж – 272 702 теңге, 2006 жж – 306 224 рублі құрады.
Жоғарыда аталған көрсеткіштерді пайызбен санағанда келесідей болды.
2004 жж ақша қаражаттары – 13,1 % 2005 жж – 11,5 % 2006 жж – 11,4 %
құрады.
Дебиторлық борыш 2004 жж – 11,8 % 2005 жж – 10,7 % 2006 жж – 10,4
%.
Алдағы кезең шығындарынсыз тауарлы – материалдық қорлар қосылған
басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне
азайтылған құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қаржы салымдары – 2004
жж – 20,2 % 2005 жж – 29,3 % 2006 жж – 31,1 % құрады.
Қысқа мерзімді міндеттемелері – 2004 жж – 98 790 теңге, 2005 жж –
102 454 болса, 2006 жж – 105 498 рублі құрап отыр. Байқағандай кәсіпорынның
активтерімен қоса, міндеттемелері де көбейіп отыр. Оған себеп кәсіпорынның
осы баспаға берген мәліметтері бойынша бұл міндеттемелердің көбеюі жыл
ортасында қомақты қаржыға жаңа техникалар сатылып алынды. Оның ішінде
кредиторлық борыш 2004 жж – 32 489 теңге, 2005 жж – 33 490 теңге, 2006 жж –
33 373 рублі көрсетті. Осы жылдар аралығындағы кредиторлық борыш – 2004 жж
– 50 301 теңге, 2005 жж – 50 964 теңге, 2006 жж – 51 125 теңге болды. Басқа
да ағымдағы міндеттемелер 2004 жж – 16 000 теңге, 2005 жж – 19 000 теңге,
2006 жж – 21 000 рублі құрады[15, 158б.].
Жалпы соңғы үш жылдың қысқа мерзімді міндеттемелері - 306 742 рублі
құрады. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді пайызбен есептесем мысалға
қысқа мерзімді заемдар мен несиелер 2004 жж – 32,8 % 2005 жж – 31,7 %
2006 жж – 31,6 % .
Меншікті капитал коммерциялықөлемі – 2004 жылы 3 444 965 рубль,
2005 – 2 763 345, 2006 – 3 700 209 рубльді құрады. Ағымдағы активтердің
меншікті капиталының банкөлігі – 2004 жылы 0,559, 2005 жылы 0,479, 2006
жылы 0,501. қарыз капталы 2004 жылы – 0,441, 2005 жылы 0,521, 2006 жылы –
0,499 құрады.
Команияның өтімділігі жоғары активтері: 2004 жылы – 439 961, 2005
жылы – 219 508, 2006 жылы – 482 375. тез өткізілетін активтер 2004 жылы – 2
041 106, 2005 жылы – 2 157 024, 2006 жылы 3 538 225. Баяу өткізілетін
активтер 2004 жылы 4 417 464, 2005 жыл – 3 397 975, 2006 жыл – 359 157.
Қиын өткізілетін активтер 2004 жылы – 5 184 009, 2005 жылы – 17 406 399,
2006 жылы – 19 858 342.
Тез төлеуге тиісті міндеттемелер 2004 жылы 2 717 644,
2005 жылы - 2 883 965, 2006 жылы – 3 154 989.
Тұрақты пассивтер 2004 жылы – 19 355 896, 2005 жылы – 20 172 009,
2006 жылы – 23
Кредиторлық борыш – 2004 жж – 50,9 % 2005 жж – 49,7 % 2006 жж – 48,
5%.
Ағымдағы міндеттемелер 2004 жж – 16,2 % 2005 жж – 18,5 % 2006 жж –
19,9 % құрады.
Өткен жылдардағы кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштері: абсолютті
өтімділік көрсеткіші – 2004 жж - 1,06, 2005 жж – 1,05 құраса, 2006 жж –
1,06 болды, яғни бұдан кәсіпорынның абсолютті өтімділігінің құбылуын
байқауға болды. Ал аралық өтімділік коэффициенті – 2004 жж – 2,035, 2005 жж
– 2,031, ал 2006 жж – 2,035 құрады. Кәсіпорында аралық өтімділік
коэффициентінің және абсолютті өтімділік коэффициентінің біркелкі құбылуын
байқауға болады. Жалпы өтеу коэффициентіне келетін болсам, 2004 жж
көрсеткіш – 3,69, 2005 жж – 4,69 жж, 2006 жж – 4,93 құрады.
Осылайша мен кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды
көрсеткіштерінің бірі – төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол
баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем
қабілеттілігіне басқа да факторлар – елдегі саяси және эконмикалық жағдай,
ақша нарығының жағдайы, кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің
капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы жағдайы
және басқалар әсер етеді [17, 26б.].
Төлем қабілеттілігін талдау кезінде осы факторларды кешенді түрде
қарастыру маңызды, бұл талданатын кәсіпорынның қаржы дағдайын обьективті
бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның балансынан – ақ көре
аламыз деп те айтуға болады. Жоғарыда айтылғандай аталған кәсіпорынның
баланс өтімділігінің жақсаруына орай, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық
деңгейіне жетті деген қорытындыға келе аламыз.

2 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ТҮРЛЕРІ
ЖӘНЕ ОЛАРДЫ БАҒАЛАУ

2.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттігін талдау әдістері

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды
белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол
себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.
Арнайы есептік - талдау әдебиеттерінде төлем қабілеттілігін анықтау
жөнінде әр түрлі көзқарастар кездеседі. Қаржылық талдау бойынша кейбір
авторлар төлем қабілеттілігі ретінде кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді
міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсінеді. Мысалы,
О.С.Ефимова төлем қабілеттілігі: "кәсіпорынның өзінің ұзақ мерзімді
міндеттемелері бойынша есептесе алу қабілеттілігін түсіну қабылданған", -
деп жазады. "Фирманың қызметін қаржылық талдау" кітабының авторлары да осы
көзқарасты ұстайды.
"Төлем қабілеттілігін, - деп жазады олар, - компанияның ұзақ мерзімді
қарыздарын уақыты келген кезде өтеу қабілеттілігін анықтау үшін бағалайды".
Басқа авторлар төлем қабілеттілігі деп кәсіпорынның тек қысқа
мерзімді міндеттемелерін өтеуге дайындығын түсінеді. Осылай, "Шаруашылық
қызметті талдау" оқулығының авторлары "Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі деп
оның өзінің жедел міндеттемелері бойынша өзі мерзімінде төлем жүргізу
қабілеттілігі түсіндіріледі" деп есептейді. Бұл түсінікті М.Н. Крейнина
толығырақ баяндайды. "Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бұл
кәсіпорынның кредиторлары жағынан төлемдер туралы қойылған талаптары
қарыздарын өтеуге дайындығы". Сөз, тек қысқа мерзімді қарыздар туралы
екендігі анық. Ұзақ мерзімді қарыздарды қайтару мерзімі алдын ала белгілі
болады. Төлем қабілеттілігі — бұл барлық қысқа мерзімді
міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз
іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы [21, 110б.].
Профессор В.В. Ковалев төлем қабілеттілігі деп оның "қысқа мерзімді
міндеттемелері бойьшша есеп айырысуды өз уақытында және толығымен жүргізу
қабілеттілігін" түсінеді. "Төлем қабілеттілігі, — деп жазады ол, -
кәсіпорынның жедел өтеуді талап ететін кредиторлық қарыздар бойынша есеп
айырысуға жеткілікті ақша қаражаттарының және олардың эквиваленттерінің
болуы". Соңғы түсінікпен келісетін профессор И.Т. Балабановтың анықтамасы.
"Төлем қабілеттілігі, - деп жазады ол, - бар ақша сомасының белгілі бір
мерзімді жедел төлемдердің сомасына қатынасын көрсететін төлем
қабілеттілігінің коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігінің
коэффициенті бірден үлкен немесе тең болса, онда бұл шаруашылық жүргізуші
субъект төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер төлем қабілеттілігінің
коэффициенті 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының
жетіспеу себептерін анықтау керек".
Қысқа мерзімді міндеттемелер жайлы болса да, бұл түсінікті профессор
А.Д. Шеремет басқаша ашып көрсетеді. Ол "кәсіпорынның төлем қабілеттілігі
деп өз уақытында техника және материалдармен жабдықтаушылардың төлем
талаптарын қанағаттандыру, несиелерді қайтару, қызметкерлердің еңбегінің
төлемін жүргізу, бюджетке төлемдер енгізу қабілеттілігі түсіндіріледі" деп
жазады. Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор
В.П. Кондраков береді. Оның пікірінше "төлем қабілеттілігі бұл кәсіпорынның
өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі". Бұл жағдайда
міндеттеме - бұл кәсіпорынның банкке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу
және сонымен өз қарыздарын (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеу міндеті.
Ұзақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің
және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен
сәйкес келуі мүмкін. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, кәсіпорынның
төлем кабілеттілігі деп, оның дер кезінде өзінің барлық міндеттемелері
бойынша төлемдер жүргізуге дайындығын түсіну керек деп есептейміз. Бірақ
бұл үшін кәсіпорынның есеп айырысу, валюта және басқа да шоттарында
ақшалары болуы керек[20, 263б.].
Қарыздарды өтеу үшін кұралдардың айналымы кезінде ақшаға айналуы
керек дебиторлық борыштар потенциалды кұрал болып табылады.
Қарыздарды өтеу үшін кұралдар сонымен бірге кәсіпорында бар тауарлы –
материалдық құндылықтардың қоры бола алады. Оны сатып кәсіпорын ақша
қаражатын алады.
Басқаша айтқанда, теориялық түрде қарыздарды өтеу кәсіпорынның барлық
ағымдағы активтерімен қамтамасыз етіледі. Нақ осылай теориялық түрде, егер
кәсіпорынның ағымдағы активтері қысқа мерзімді міндеттемелерінің сомасынан
артса, онда ол қарыздарды өтеуге дайын деп есептеуге болады. Бірақ, егер
кәсіпорын барлық ағымдағы активтерін қарыздарды өтеуге бағыттаса, онда дәл
сол кезде оның өндірістік қызметі тоқтатылады, себебі онда өндіріс
құралдарын тек негізгі құралдары құрайды, ал материалды айналым құралдарын
алуға ақша жоқ, олар толығымен қарыздарды төлеуге кетті.
Сондықтан төлем қабілеттілігі бар деп, ағымдағы активтің сомасы
ағымдағы міндеттемелерінен көп жоғары кәсіпорынды есептеуге болады.
Кәсіпорынның тек қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз
өндіріс үшін қаржылары болуы керек.
Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзімімен анықталады.
Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар
бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.
Келешекке арналған төлем қабілеттілігі нақты бір мерзімдегі оның
төлем құралдарының сомасын осы мерзімдегі жедел (бірінші кезектегі)
міндеттемелерімен салыстыру жолымен анықталады.
Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел
төлемдер сомасына қатынасын керсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті
арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе
үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді.
Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының
жетіспеуі себептерін анықтау керек[14, 156б.].
Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі
көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа
мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез
өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы
пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің
қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар
және басқа пассивтер кіреді.
Жалпы төлем қабілеттігі бірнеше коэффициенттер көмегімен есептеледі.
Мысалға: ақша қаражатының жеткіліктілігі коэффициенті (Каж):

Каж = өнім өткізуден түскен табыс күрделі шығындар +
+ дивидент төлеу + айналым

Келесі коэффициент ақша қаражатын капиталға айналдыру коэффициенті
(Ккс). Бұл коэффициент кәсіпорын активіндегі инвестиция деңгейін анықтауда
қолданылады.

Ккс = өткізуден түскен табыс + төленген дивиденттер алғашқы құны
бойынша негізгі құралдар + инвестициялар + басқа активтер + меншікті
капитал

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттігін анықтау үшін кәсіпорын
активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және ждйындықты
сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткіштері кеңінен пайдаланылады:
1. абсолютті өтімді коэффициенті
2. аралық өтеу (жабу) коэффициенті
3. жалпы өтеу (жабу) коэффициеті.
Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның
төлемге қабілетті екенін білдіреді. Банкте есептің және басқа шоттарда
ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы
органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақталмауы
төлемге қабілетсіздікті көрсетеді.
Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау
кезінде анығырақ көрінеді[11, 78б.].

2.2 Кәсіпорынның баланс өтімділігін талдауда пайдаланылатын
коэффициенттер

Баланс өтімділігін талдау мәселесін қарастырар алдында, жалпы
активтердің, баланстың және кәсіпорынның өтімділігін анықтап алу керек.
Өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі. Бірінші тұжырымдама бойынша
өтімділік: кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу
қабілеттілігі ұғынылады. Мысалы, О.В. Ефимова өтімділік деп
-"кәсіпорының өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу
қабілеттілігі", - деп жазады. Дәл осынысымен, оның пікірінше,
өтімділік төлеу қабілеттілігінен өзгешеленеді. И.Т. Балабанов
та өтімділікке осы сияқты анықтама береді: "шаруашылық
субъектісінің өтімділігі, - ол оның өзінің борыштарын тез өтеу
кабілеттілігі, егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни
оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін
орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын
больп саналады". Бұл тұжырымдама жоғарыда айтылған төлем қабілеттілігі
тұжырымдамасына өте ұқсас. Олардың айырмашылығы пайдаланатын көрсеткіштер
мен есептеу әдістерінде. Екінші тұжырымдама бойынша, өтімділік - бұл
ағымдағы активтердің ақша қаражттарына айналуына дайындығы мен жылдамдығы.
Профессор Н.П. Кондраков өтімділік деп — "материалдық және тағы басқа
кұндылықтардың сатылу және олардың ақша қаражаттарына айналу
мүмкіндігін айтады".
Ағылшын авторларының "Бухгалтерлік талдау деген" еңбегінде
"фирманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Корпорацияның қаржылық тұрақтылыққа жету жолдары және қаржылық жағдайын бағалау
Қаржылық менеджменттің механизмі мен ақпараттық база
Қаржы менеджменті туралы
Кәсіпорын табысын бөлу және пайданы арттыру жолдары
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын қалыстастыру есебі және талдау
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Кәсіпорынды қаржы көздерімен жетілдірудің негізгі көздері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын ЖШС СП «FIAL» мысалында қаржылық коэфиценттерін бағалау
Пәндер