Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
1. ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРС: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Нарық жағдайында қаржылық ресурс тұрақтылығының түсінігі,
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына ықпал ететін факторлар ... ..11
1.3 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын
көрсеткіштер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРС ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ (ЖШС
Азия мысалында)
2.1 ЖШС Азия кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын талдау..19
2.2 Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын
бағалау ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРСЫН ҚОЛДАНУДЫ ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ
1. Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын жоғарылату ... ... ... ... .28
3.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдіру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
7

КІРІСПЕ
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпкерлер мен кәсіпорындардың
басшыларының алдында көптеген сұрақтар туындайды:
кәсіпорынды әрі қарай дамыту мақсатында, оның қаржылық қызметін ұтымды
орналастыру;
қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру;
кәсіпорын нақты кезең ағымында қаржы ресурстарын қаншалықты тиімді басқарды
.
Осы және де басқа маңызды сұрақтарға объективті қаржылық талдау жауап
береді, өйткені оның нәтижелері кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайды.
Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілеті
аталады. Ол кәсіпорынның қалыпты қызмет етуіне қажетті қаржы ресурстарымен
қамтамасыз етілу, оларды мақсаттылы пайдалану, басқа заңды және жеке
түлғалармен қаржылық өзара қатынастары, төлем қабілеті және қаржылық
тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері кәсіпорынның қаржы
ресурстарын дұрыс үйлестіруде көмек көрсетеді, өйткені осыдан
шаруашылықтың болашақтағы қызметі тәуелді. Бұл келесімен байланысты,
кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын - табыстардың шығыннан асып түсуін
қамтамасыз ететін ақша ағындарының жылжуын қамтамасыз етеді. Нарық
жағдайында бұл өнім өткізуден, орындалған жұмыстардан тұрақты табыс алуды
талап етеді және оның көлемі мемлекет, жеткізіп берушілер, кредиторлар,
жұмыскерлер және басқалармен есептесуге жеткілікті болу қажет. Осыған қоса
барлық есептесулерді өткізіп, міндеттемелерді орындағаннан кейін
кәсіпорында өндірісті дамыту, оның материалдық-техникалық базасын
модернизациялау, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін табыс қалу қажет.
Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін, оның
іскерлік қызметтесудегі әлуетін анықтайды, кәсіпорын және оның
серіктестіктерінің қаржылық және басқа қарым-қатынастардағы экономикалық
мүдделерін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дәстүрлі
бағалаудың ең жақсы әдісі–талдау, ол кәсіпорынның даму тенденцияларын
зерттеуге, қаржы ресурстарының түсу жоспарын және оларды пайдалануды
кешенді бағалауға мүмкіндік береді. Қаржылық талдаудың деректері
шаруашылық қызметтің нақты жағдайларынан, меншікті және заемды
ресурстарының болуынан, ресурстарды әртүрлі нұсқаларда пайдалану
модельдерін әзірлеуден, қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға және
кәсіпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағыт-талған нақты шараларды
әзірлеуден шыға тұра қаржылық нәтижелерді, эконо-микалық рентабельділікті
болжауда пайдаланылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның ресурс жағдайын,
оның пайдасы мен шығындарын, актив және пассив құрылымын-дағы, дебитор және
кредиторлармен есептесулердегі өзгерістерді объективті және дәлірек
сипаттайтын ақпараттық параметрлер алу. Талдауды дұрыс өткізуден және де
кәсіпорын қызметінің жағымды және жағымсыз жақтарын дұрыс анықтаудан
кәсіпорынның болашақтағы қызметі тәуелді. Талдау нәтижелерін кәсіпорын
иелерінен басқа оның серіктестіктері және контрагенттері пайдаланады,
өйткені оларға өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің
нәтижелерін білу қажет. Мысалы акционерлер, өз қаржысын рентабельділігі
тұрақты, дивиденттерді уақытылы төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындардың
акцияларын сатып алуға жұмсайды. Сондықтан инвестициялық жағымды болу үшін
кәсіпорынның қаржылық жағдайы қазіргі кезде және де болашақта да тұрақты
болу қажет.
Банктер несие алушы несиені уақытылы және толық қайтарғанында мүд-
делі, сондықтан ссуда беру туралы шешім қабылдағанда қандай да болса банк
клиенттің қаржылық жағдайын және ссуданын қамтамасыз етілуін тексереді.
Жеткізіп берушілер және сатып алушылар төлем қабілетті кәсіпорындармен
жұмыс істеуге тырысады. Бұл үшін де кәсіпорынның төлем қабілетін анықтау
мақсатымен қаржылық талдау жүргізу қажет.
Жоғарыда айтылғаннын барлығы АЗИЯ ЖШС мысалында Кәсіпорынның
қаржылық ресурсын басқару атты курстық
жұмыс тақырыбын таңдауды анықтады. Бұл жұмыста кәсіпорынның қаржылық
жағдайын талдау әдістемесі және тізбектілігі келтірілген. Нақты деректер
негізінде шаруашылық жүргізетін субъекттің қаржылық жағдайына талдау
жасалынған, қорытынды және кәсіпорынның қаржылық ресурсын жақсарту
ұсыныстары келтірілген.
Кәсіпорын иелері табыстарын максималдауда мүдделі, өйткені
кәсіпорындар тек ғана табыс есебінен дамып, өндіріс масштабтарын ұлғайтады,
осының есебінен өз иелерінің табысын жоғарлатады.
Талдауда есептің деректерін пайдаланып, кәсіпорынның жұмысындағы
жетістіктер мен кемшіліктердің себептерін табуға, кәсіпорынның қызметін
жетілдіру жолдарын белгілеуге болады. Инвестициялық саясат және
кәсіпорынның несиелендіру, келешек ақша қаражат ағының бағалау,
кәсіпорынның ресурстарын және міндеттемелерін, басқару органдарының
қызметін бағалау саласындағы саясатын әзірлеуге қажетті ақпарат алуға
болады.

1. ҚАРЖЫЛЫҚ РЕСУРС: ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Нарық жағдайында қаржылық ресурс тұрақтылығының түсінігі,мәні
Соңғы уақытта нарықтық қатынастардың ерекшеліктеріне бәсекелік
күрестің күшейуі, технологиялық өзгерістер, экономикалық ақпаратты
компьютермен өндеу, салық салу заңдарындағы жаңалықтар, өзгеріп тұратын
пайыз мөлшерлемелері және валюта бағамдары жатады. Осы жағдайларда
басшылар мен менеджерлердің алдында көптеген сұрақтар туындайды:
- қазіргі заманға сай кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасы кандай
болу қажет?
- кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін, оның қаржылық қызметін
қалай оңтайлы ұйымдастыру қажет?
- қаржы ресурстарын басқару тиімділігін арттыру жолдары;
- кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қамтамасыз ететін
шаруашылық қызметтің факторларын анықтау жолдары.
Объективті қаржылық талдау осы және басқа да сұрақтарға жауап береді.
Оның материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын рационалды үйлестіру бағыт-тарын
белгілеуге мүмкіндік береді. Кәсіпорынның қаржы ресурстарына ерекше назар
аударылады, өйткені бұл қысқа мерзімде басқа қандай да болса ресурс түріне
айналатын жалғыз ресурс түрі.
Қаржылық талдау кәсіпорынның қаржылық жағдайын зерттеуге, оның қаржы
ресурстарын пайдалануға бағытталған. Енді кәсіпорыннын қаржылық жағдайы
деген не және оған сипаттас белгілерін анықтайық.
Қаржылық жағдай деп кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру
қабілеттілігі аталады. Қаржылық жағдай кешенді ұғым. Ол кәсіпорынның
қалыпты қызмет етуіне қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілу, оларды
мақсаттылы пайдалану, басқа заңды және жеке түлғалармен қаржылық өзара-
қатынастары, төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Нарықтық экономика жағдайында төлем қабілеттілігі және қаржылық
тұрақтылығы кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын сипаттайтын маңызды
көрсеткіштер[2]. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты, төлемдерді уақытылы
өткізсе, ол басқа кәсіпорындармен салыстырғанда инвестициялар тарту, несие
алу, жеткізіп берушілер мен білімді кадрлар таңдауда басым болады. Ол
мемлекет және қоғаммен жанжалға түспейді, өйткені бюджетке салық,
әлеуметтік қорларға жарна, жұмыскерлер мен қызметкерлерге еңбек ақы,
акционерлерге дивидент, ал банктерге несие мен пайыздарды уақытылы төлейді.

Жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның тұрақты жағдайының сипатта-
маларының бірі болып оның қаржылық тұрақтылығы табылады. Ол кәсіпорын
қызмет атқаратын экономикалық ортаның тұрақтылығына, кәсіпорынның қызмет
ету нәтижелеріне, оның сыртқы және ішкі факторлардың өзгерісіне белсенді
және тиімді жауап беруіне негізделеді.
Қаржылық тұрақтылық өндірістік-шаруашылық қызмет үрдісінде қалып-
тасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының басты компоненті болып
табылады. Оның мазмұны қаржы ресурстарын қалыптастыру, үйлестіру және
пайдалану тиімділігімен анықталады.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі – төлем қабілеттілігі.
Төлем қабілеттілігі – бұл сауда, несие және басқа төлем сипатындағы
операциялардан туындайтын төлем міндеттемелерін уақытылы және толық орындау
қабілеттілігі. Төлем қабілеттілігін бағалау нақты датаға жүргізіледі.
Бірақ оның субъективті сипатын және де әртүрлі дәлдікпен орындалу
мүмкіндігін ескеру қажет.
Төлем қабілеттілігін келесі деректер растайды:
- есеп, валюта счеттарындағы ақша қаражаттарының болуы;
- қысқа мерзімді қаржылық салымдар (бұл активтердің мөлшері
оптималды болу қажет);
- төлеу мерзімі өткен қарыздардың болмауы;
- несиені уақытылы өтеу, несиемен ұзақ және үздіксіз пайдалану.
Төмен төлем қабілеті кездейсоқ, уақытша және де ұзақ мерзімді болу
мүмкін. Мұның себептері:
- қаржы ресурстарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілу;
- өнімді өткізу жоспарының орындалмауы;
- айналым қаржының рационалды емес құрылымы;
- контракт бойынша төлемдердің уақытылы емес келіп түсуі;
- сақтаудағы тауар запастарының артык болуы.
Кәсіпорын тұрақтылығының ең жоғарғы нысаны – оның даму қабілет-тілігі.
Бұл үшін кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрылымы икемді және қажетті
жағдайда қарыз қаражат тарту мүмкіншілігі (несиені өтеу қабілеттілігі) болу
қажет. Несиені алу және меншікті ресурстар есебінен алынған ссуданы
пайыздармен қоса уақытылы қайтару алғы шарттары болған жағдайда кәсіпорын
несиені өтеу қабілетті болып саналады.
Табыс есебінен кәсіпорын бюджет, банктер, сақтандыру компаниялары және
басқа кәсіпорындар алдында өз міндеттемелерін өтейді және де күрделі
шығындарға қаражат инвестициялайды. Қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін таза
табыстың абсолютті өсіміне қоса, кәсіпорынның салынған капиталы немесе
шығындарымен салыстырғанда (табыстылық) оның деңгейі маңызды. Бірақ, жоғары
табыстылық жоғары тәукелмен байланысты, ал бұл кәсіпорын табыстың орнына
елеулі шығындарға тап болуы мүмкін екендігін білдіреді немесе мүлдем төлем
қабілетсіз болуы мүмкін.
Сонымен, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл жіберілетін тәуе-кел
жағдайында төлем қабілеттілігін және несиені өтеу қабілеттілігін сақтай
отырып табыс пен капитал өсімі негізінде кәсіпорынның дамуын қамтамасыз
ететін қаржылық ресурстардың жағдайы, оларды үйлестіру және пайдалану.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді:
- тауарлы нарықтағы кәсіпорынның жағдайы;
- сұранысқа ие, арзан өнім шығару;
- іскерлік қызметтесудегі оның әлуеті;
- сыртқы кредиторлар мен инвесторлардан тәуекел дәрежесі;
- төлем қабілетсіз дебиторлардың болуы;
- шаруашылық және қаржылық операциялардың тиімділігі.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және критикалық болу мүмкін.
Кәсіпорынның төлемдерді уақытылы төлеу, өз қызметін кеңейтілген негізде
қаржыландыру - кәсіпорынның қаржылық жағдайы жақсы екендігін білдіреді.
Кәсіпорынның тұрақтылығы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым нарықтық
коньюктураның өзгеруінен тәуелсіз және банкроттыққа ұшырау тәуекелі төмен.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және
қаржылық қызметінің нәтижесінен тәуелді. Өндірістік және қаржылық
жоспарлардың жақсы орындалуы кәсіпорынның қаржылық жағдайына жағымды ықпал
етеді. Тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспардың орындалуына және
өндірісті қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге жағымды әсер етеді.
Сондықтан қаржылық қызмет, шаруашылық қызметтің негізгі бөлігі ретінде,
ақша ресурстарының жоспарлы келіп түсуі және жаратылуын камтамасыз етуге,
есеп дисициплинасынын орындалуына, меншікті және қарыз капиталдың
рационалды пропорцияларына және оны тиімді пайдалануға жетуге бағытталған.
Және керісінше, өнім өндіру және өткізу жоспары орындалмау нәти-
жесінде, оның өзіндік құны жоғарлайды, түсім мен табыс сомасы азаяды,
мұнын нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен төлем қабілеттілігі
нашарлайды. Осыған байланысты, қаржылық қызметтің басты мақсаты -
өндірісті тиімді дамыту және максимум пайда алу үшін қаржы ресурстарын
қайда, қашан және қалай пайдалану сұрақтарын шешу. Кері байланыс та бар,
өйткені қаржы ресурстарының болмауы материалдық ресурстарымен уақытылы
қамтамасыз етілмеуіне және де өндірістік үрдістің тоқтауына келтіреді.
Кәсіпорындар жұмысының тәжірибесінде келесі жағдайлар да болу мүмкін: жақсы
жұмыс істейтін кәсіпорын қолында бар қаржы ресурстарын тиімсіз орналастыру
және пайдаланумен байланысты қаржылық қиындықтарға тап болады. Сонымен,
кәсіпорынның қаржылық жағдайы - өндірістік-экономикалық факторлардың және
қаржылық қатынастардың барлық элементтерінің өзара байланысының нәтижесі.
Өндірістік үрдістің үздіксіз болмауы, өнім сапасының төмендеуі, оны
өткізудегі қиындықтар кәсіпорын счеттарына түсетін ақша қаражатының
азаюына келтіреді, мұның нәтижесінде төлем қабелілеттілігі төмендейді.
Жоғарыда айтылғандай, қаржылық талдау шаруашылық қызметті жалпы, толық
талдаудын бөлігі, ол екі өзара байланысты бөлімдерден тұрады:
- қаржылық талдау;
- басқару (өндірістік) талдау.
Талдаудын қаржылық және басқару деп бөлінуі кәсіпорын масштабында
тәжірибеде қалыптасқан бухгалтерлік есеп жүйесінің қаржылық және басқару
есебіне бөлінуіне негізделеді. Осыған байланысты талдау сыртқы және ішкі
(шаруашылық ішіндегі) деп да бөлінеді. Мұндай бөлініс кәсіпорын үшін
шартты болып саналады, өйткені шаруашылық ішіндегі талдау, сыртқы талдаудың
жалғасы ретінде қарастырылады және керісінше, оларды өткізгенде ақпаратпен
алмасу өтеді.
Сыртқы талдауда кәсіпорын мүлігінің нақты құны зерттеледі, келешек
қаржы түсімдері, капитал құрылымы, дивиденттердің деңгейі және өзгеру
тенденциясына болжау жасалады және т.б.
Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері:
- талдау субъектілерінің, кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты
пайдаланушылардың көптілігі;
- талдау субъектілерінің мақсаттары мен мүдделерінің әртүрлілігі;
- типтік талдау әдістемелері, есеп және есеп беру стандарттарының
болуы;
- талдаудың кәсіпорынның сыртқы есеп беруіне бағытталуы;
- алдынғы факторлар салдары ретінде талдау міндеттерінің шектеулігі;
- кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылар үшін талдау
нәтижелерінің максималды ашықтығы.
Басылымға шығарылатын қаржылық есеп беру деректері бойынша, сыртқы
талдаудың негізгі мазмұның келесілер құрайды:
- табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау;
- табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайын, қаржылық тұрақтылығын, баланстың
өтімділігін, төлем қабілеттілігін талдау;
- қарыз капиталды пайдалану тиімділігін талдау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайына экономикалық диагностика жасау.
Сыртқы талдаудың міндеттері талдау материалдарын пайдаланушылардың
мүдделерімен анықталады. Оның ішінде негізгілері:
- меншік иелері-акционерлер, құрылтайшылар, олар үшін өз жарнала-
рының тиімділік деңгейін, дивиденттер мөлшерін және кәсіпорынның даму
перспективаларын білу маңызды;
- көптеген бөтен шаруашылық жүргізетін субъектілер: бұлардың тобына
қарыз уақытылы қайтарылатынына көздері жету үшін кредиторлар, кәсіпорынға
өз қаржысын салу шешімін қабылдау үшін әлуетті инвесторлар, төлем
қабілеттілігін тексеру үшін жеткізіп берушілер, өз клиенттерінің қаржылық
қулықтарын білгісі келген аудиторлар кіреді
Шаруашылық ішіндегі талдау ақпарат көзі ретінде қаржылық есеп беру
деректеріне қоса жүйелі бухгалтерлік есептің басқа да деректерін,
өндірістің техникалық дайындығы туралы деректерді, нормативті және жоспарлы
ақпаратты пайдаланады. Шаруашылық ішіндегі талдау басқаруды
оптимизациялау, авансталған капиталдын тиімділігін талдау, шығындардың,
айналымның, табыстылықтың өзарабайланысын талдау үшін маңызды басқа да
аспектілермен толықтырылуы мүмкін[5].
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың негізгі міндеттері:
- қаржы жоспарының орындалу дәрежесін анықтау;
- меншікті айналым капиталымен қамтамасыз етілуін, оларды рационалды
пайдалануын, олардың сақталуын (барлық айналым қаржы және де жеке
мөлшерленетін) анықтау;
- қаржылық және есеп беру тәртібінің сақталуын тексеру;
- қаржылық жайдайды бағалау, ұйымның қаржылық көрсеткіштеріне ықпал
ететін факторларды анықтау, резервтерді белгілеу және оларды пайдалану
шараларын әзірлеу.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайы
оның табыстары мен шығындары, актив пен пассив құрылымындағы өзгерістер,
дебитор және кредиторлармен есептесу туралы объективті және толық ақпарат
беретін бірнеше ақпараттық параметрлер алу. Бұл жерде кәсіпорынның
ағымдағы қаржылық жағдайымен қоса, оның болашақ перспективалары да, яғни
қаржылық жағдайдың күтілетін параметрлері қызықтырады.
Қаржылық талдаудың мақсаттары уақыт параметрлерімен қоса талдау
субъектілерінің, яғни нақты тұтынушылардың мақсаттарынан тәуелді.
Қаржылық талдаудың мақсаттарына жету үшін әртүрлі әдістер және
тәсілдер қолданылады.
Қаржылық жағдайды талдау әдістері әртүрлі топтастырылады. Қаржылық
талдау тәжірибесінде қаржылық есептерді оқудың негізгі ережелері
қалыптасқан. Олардың арасында негізгілері.
- деңгейлес талдау;
- сатылас талдау;
- трендік талдау;
- коэффициенттік талдау (қаржылық коэффициенттер әдісі);
- факторлық талдау.
Деңгейлес талдау (уақыттық) – есепті кезең аралығында баланстың
әртүрлі баптарының абсолютті және салыстырмалы мөлшерлерінің өзгеруін
анықтау, есеп берудің әрбір позициясын алдынғы жылмен салыстыру.
Сатылас талдау – есеп берудің әрбір позициясының жалпы нәтижеге
ықпалын анықтап қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау.
Сатылас талдаудың мақсаты – баланс қорытындысында жеке баптардың үлес
салмағын есептеу, яғни нақты кезеңге актив пен пассивтың құрылымын анықтау.

Трендік талдау (даму тенденцияларын талдау)-деңгейлес талдаудың нұс-
қасы болып табылады - көрсеткіштер динамикасында басым болатын тенден-
цияларды белгілеу үшін бір қатар жылдар аралығында (немесе басқа есепті
кезендер аралығында) баланстың баптарының мөлшерлерін салыстыру; есеп
берудің әрбір позициясын бірқатар алдыңғы кезеңдермен салыстыру және
трендті,яғни көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтау.
Трендтің көмегімен болашақтағы мүмкін көрсеткіштер қалыптасады, яғни
перспективалық, болжамды талдау жүргізіледі.
Коэффициенттік талдау (қаржылық коэффициенттер әдісі) есеп беру немесе
бухгалтерлік есеп негізінде алынатын баланстың баптары немесе басқа
абсолютті көрсеткіштер мөлшерлерінің ара қатынасы ретінде есептелетін
қаржылық жағдайдың салыстырмалы көрсеткіштерінің деңгейі мен динамикасын
зерттеу[6]. Қаржылық коэффициенттерді талдауда олардың көлемін базистік
мөлшермен салыстырады және есепті кезең мен бірқатар есептік кезеңдер
аралығында олардың динамикасы зерттеледі.
Қаржылық коэффициенттерден басқа қаржылық жағдайды талдауда есеп беру
негізінде есептелетін абсолютті көрсеткіштер үлкен роль атқарады, мысалы,
таза активтер (нақты меншікті капитал), меншікті айналым қаражат, меншікті
айналым қаражатпен запастардың қамтамасыз етілу көрсеткіштері. Бұл
көрсеткіштер критериалдық деп есептеледі, өйткені олардың көмегімен
қаржылық жағдайдың сапасын анықтайтын критерийлер қалыптасады.
1.2. Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығына ықпал ететін факторлар
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізетін субъек-тілердің
қаржылық есеп беруі негізгі коммуникация құралы және қаржылық талдауды
ақпаратпен қамтамасыз ететін маңызды элементі болып табылады. Әрбір
кәсіпорын қандай да болса дәрежеде қосымша қаржыландыру көздерін қажет
етеді. Оларды капитал нарығында, өзінің қаржылық-шаруашылық қыз-меті
туралы, яғни негізінен қаржылық есеп беру көмегімен объективті ақпарат
беріп әлуетті инвесторлар мен кредиторларды табуға болады. Кәсіпорынның
ағымдағы және болашақ қаржылық жағдайын көрсететін қаржылық көрсеткіштер
неғұрлым жағымды болса, соғұрлым қосымша қаржыландыру көзін табу
мүмкіншілігі жоғары.
Есеп беруде көрсетілген ақпаратқа қойылатын негізгі талап – тұтынушы
үшін пайдалы болу, әғни бұл ақпаратты негізделген іскерлік шешім қабылдауда
пайдалану мүмкіншілігі. Пайдалы болу үшін, ақпарат келесі критерийлерге
жауап беру қажет:
- орындылығы – бұл ақпарат маңызды, тұтынушы қабылдайтын шешімге ықпал
етеді және болашақ, ретроспективалық талдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

- ақпараттың дәстүрлілігі – шындылығы, экономикалық мазмұны басым, тексе-
рілетін және құжаттандырылған болу қажет;
- ақпарат шынайы болып саналады, егер қателер мен жалған бағалау болмаса;
-бейтараптандырылғандық – қаржылық ақпарат тұтынушылардың жеке топта-рының
мүдделерін қанағаттандыруға бағытталмайды;
- түсініктілігі – есептің мазмұны тұтынушыларға арнайы кәсіптік дайындық-
сыз түсінікті болу қажет;
- салыстырмалылығы – кәсіпорын туралы деректер басқа фирмалардың қызметі
туралы ақпаратпен салыстырмалы болу қажет.
Есептік ақпарат қалыптасу барысында есепке енгізілетін ақпаратқа нақты
шектеулер қойылу қажет:
- шығындар мен пайданың оптималды арақатынасы, есеп құруға кеткен
шығындарды бұл деректерді мүдделі тұтынушыларға ұсынудан алынатын пайдамен
салыстыру қажет;
- консерватизм принципы, есеп беру құжаттарында актив пен пайдаға
жоғары баға және міндеттемелерге төмен баға беруге жол берілмеу қажет;
- құпиялылық - есептік ақпаратта кәсіпорынның бәсеке позицияларына
зиян келтіретін деректер болмау керек.
Кәсіпорындар мен ұйымдар келесі мекен-жай бойынша (қаржылық ақпаратты
тұтынушыларға) бухгалтерлік (қаржылық) ақпарат береді:
- меншік иелеріне (қатысушылар, құрылтайшылар) құрылу құжаттарына
сәйкес;
- мемлекеттік салық инспекциясына (кәсіпорынның заңдық мекен-жайына
сәйкес);
- мемлекеттік статистика органдарына жалпылау және жариялау үшін
(сыртқы тұтынушылар пайдалану үшін);
- басқа мемлекеттік органдарға, кәсіпорынның жеке қызмет түрлерін тек-
серу және тиісті ақпарат алу үшін. Мысалы оларға жататындар, бюджет немесе
бюджеттік ссуда есебінен алынған ассигнованиялардан кәсіпорынның шығын-
дарын қаржыландыратын қаржы органдары;
- Мемлекеттік мүлік комитетінің органдары, министерстволар, ведом-
стволарға толық немесе жартылай мемлекеттік немесе муниципалды меншіктегі
кәсіпорындар және де сатып алу мерзімі біткенге дейін мемлекеттік
кәсіпорын немесе құрамдас бөлігі негізінде құрылған жекешелендірілген
(жалға алынған) кәсіпорындар есеп береді.
Жылдық бухгалтерлік есепті кәсіпорындар есепті жылдан кейінгі жыл-дын
31 наурызынан кешіктірмей береді.
Қаржылық есеп беруге есептің үш негізгі формасы кіреді:
- форма №1 Бухгалтерлік баланс есепті кезеңге кәсіпорын мүлігінің
құрамы мен құрылымын, ағымдағы активтердің өтімділілігін және айналым-
дылығын, меншікті капитал мен міндеттемелерді, дебиторлық және кредиторлық
қарыздың жағдайы мен динамикасын, кәсіпорынның несиені өтеу қабілеттілігі
мен төлем қабілеттілігін анықтауға мүмкіндік береді. Баланстың деректері
кәсіпорынның капиталын орналастыру тиімділігін, ағымдағы және болашақ
шаруашылық қызмет үшін оның жеткіліктілігін, қарыз қаражат көздерінің
көлемі мен құрылымын және оларды пайдалану тиімділігін бағалауға мүмкіндік
береді[7]. Сонымен, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау және бағалау үшін ақпарат негізі болып табылады. - форма №2 Табыс
пен шығындар туралы есеп кәсіпорынның барлық табыстарының сомасын қызмет
жүргізуге қажетті барлық шығындар сомасымен салыстырады. Ол нақты
есептік кезең үшін кәсіпорын қызметінің нәтижелерін бағалайды.
- форма №3 Ақша қозғалысы туралы есеп нақты кезенге кәсіпорынның
қаражат көздері анықталады және бұл қаражатты пайдалану бағыттары көрсе-
тіледі. Есепті кезенде негізгі қызмет түрінен алынған қаражаттын жаратыла-
тын ақша қаражатын жабуға жеткіліктілігін есеп көрсетеді. Ол
тұтынушыларға есептік кезең үшін операциялық, инвестициялық және қаржылық
қызмет кескінінде ақша қаражатының келіп түсуі және шығуы туралы ақпаратпен
қамтамасыз етіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы өзгерістерді бағалауға
мүмкіндік береді.
Қаржылық есепте есепті жылда кәсіпорын қызметінің қорытынды нәти-
желеріне ықпал еткен негізгі факторлар, кәсіпорынның қаржылық жағдайын
бағалау және кәсіпорынның бүхгалтерлік есебіне кіретін мәліметтерді
дәлелдейтін аудиторлық қорытындының соңғы бөлімі (міндетті аудитке жататын
кәсіпорындар үшін) көрсетілу қажет.
Есеп беру бүхгалтерлік есеп жүйесінің қорытынды элементі. Бухгал-
терлік есептің барлық элементтері бір бірімен тығыз байланысты және есепті
кезенде кәсіпорынның жағдайы мен жұмысының нәтижелерін сипаттайтын
экономикалық көрсеткіштер жүйесінің біртұтастығы[8]. Осыған қоса бухгалтер-
лік есептің мәліметтері кешенді – бір шаруашылық операцияның әртүрлі
аспектілерін көрсетеді (мысалы, № 1 форманың деректері №2 форманың
деректерін толықтырады). Есепті формаларға логикалық және ақпараттық
өзара байланыс тән. Логикалық байланыстың мазмұны есептік формалардың,
олардың бөлімдерінің және баптарының өзара толықтыру және өзара
корреспонденциялау. Кейбір маңызды баланстық баптар қосымша формаларда
түсіндіріледі. Басқа көрсеткіштердің түсіндірмесін талдау есебінде табуға
болады. Осы талдау және бақылау тұрғысынан маңызды бақылау арақатынастарын
білу есеп беру құрылымын түсінуге, жеке көрсеткіштерді және олардың
арифметикалық арақатынасын тексеру жолымен есепті құру дұрыстығын
тексеруге болады.

1.3. Кәсіпорының қаржылық тұрақтылығына ықпал ететін факторлар
Қаржылық жағдайды анықтау, белгілі кезең аралығында оның жақсару
немесе нашарлау салдарын зерттеу, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын және
төлем қабілеттілігін жоғарлату бойынша ұсыныстар беру қаржылық жағ-дайды
талдаудың басты бағыттары. Бірақ қаржылық жағдайды талдауды экономикалық
талдаумен қоса өткізу қажет. Қаржылық талдау әдістемесінің процедуралық
жақтарын деталдау қойылған мақсат және де ақпараттық, уақыттық, әдістемелік
және техникалық қамтамасыз ету факторларынан тәу-елді. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау жалпы қаржылық талдаудың құрамдас бөлігі болып
табылады.

Сурет 1. Қаржылық жағдайды талдау.
Талдаушылар кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау әдістемесінің екі
түрін ұсынады: жалпы және бөлшектенген.
- қаржылық жағдайды экспресс-талдау.
- қаржылық жағдайды толық егжей-тегжейлі талдау. Экспресс-талдаудың
мақсаты – шаруашылық жүргізетін субъекттің даму динамикасын және қаржылық
жағдайын бағалау. Талдау үрдісінде әртүрлі көрсеткіштер есептеледі және
олар мамандардың тәжірибесі және біліктілігіне негізделген әдістемелермен
толықтырылады.
Талдаушылардың пікірі бойынша экспресс-талдауды үш кезенде орындау
дұрыс: дайындық кезені, қаржылық есеп беруді, есепті экономикалық оқұ және
талдау.
Бірінші кезеннің мақсаты – қаржылық есепті талдау қажеттілігі туралы
шешім қабылдау және оқу дайындығына көз жеткізу. Бұл жерде есептің
формалды белгілер және мазмұны бойынша қарапайым тексерілуі өткізіледі:
барлық қажетті фомалар мен қосымшалар, реквизиттер мен қолдардың болуы;
барлық есептік формалардың дұрыстылығы және түсініктілігі тексеріледі;
баланс валютасы және барлық аралық қорытындылар тексеріледі.
Екінші кезеннің мақсаты - баласқа қосымша түсіндірме жазбахатпен
танысу. Бұл есепті кезендегі жұмыс жағдайларын бағалау, қызметтің негізгі
көрсеткіштерінің тенденцияларын анықтау және де шаруашылық жүргізетін
субъекттің мүліктік және қаржылық жағдайындағы сапалық өзгерістерді анықтау
үшін қажет
Үшінші кезен экспресс-талдауда негізгі болып табылады. Оның мақсаты –
объекттің қаржылық жағдайы және шаруашылық қызмет нәтижелерін жалпылама
бағалау. Мұндай талдауды әртүрлі тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандыру
мақсатында жүргізеді.
Экспресс-талдау қаржылық жағдайды және қаржылық нәтижелерді терең және
деталды талдау қажеттілігін негіздейтін қорытындымен аяқталау мүмкін.
Қаржылық жағдайды деталды талдаудың мақсаты – шаруашылық жүргізетін
субъекттің мүліктік және қаржылық жағдайын, есепті кезендегі қызмет
нәтижелерін және субъекттің болашақтағы даму мүмкіншіліктерін егжей-
тегжейлі сипаттау. Ол экспресс-талдаудың жеке процедураларын толықтырады
және кеңейтеді. Деталдау дәрежесі талдаушының қалауынан тәуелді.
Талдаушылар кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін тереңдетілген
талдау бағдарламасын ұсынады:
а) шаруашылық жүргізетін субъекттің экономикалық және қаржылық
жағдайына алдын - ала шолу жасау:
1) қаржылық - шаруашылық қызметтің жалпы бағытын сипаттау;
2) есеп берудің науқас баптарын белгілеу;
б) шаруашылық жүргізетін субъекттің экономикалық әлуетін талдау және
бағалау:
1) мүліктік жағдайын бағалау;
2) талдау балансын құру;
3) балансты деңгейлес талдау;
4) балансты сатылас талдау;
5) мүліктік жағдайдағы сапалық өзгерістерді талдау;
6) қаржылық жағдайды бағалау;
7) төлем қабілеттілігін бағалау;
8) қаржылық тұрақтылықты бағалау;
в) шаруашылық жүргізетін субъекттің қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижелілігін талдау және бағалау;
1) негізгі қызметті бағалау;
2) табыстылықты талдау;
3) бағалы қағаздар нарығындағы жағдайын бағалау.
Кәсіпорынның жағдайын талдауды өткізудін мақсаты – баланс құрылымын
қанағаттанарлықсыз, ал кәсіпорынды – төлем қабілетсіз деген шешімді
негіздеу.
Баланс құрылымының қанағаттанарлығын келесі көрсеткіштер негізінде
өткізеді:
- ағымдағы өтімділілік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті);
- негізгі қаражатпен қамтамасыз етілу коэффициенті;
- төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті.
Кәсіпорынның баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал кәсіпорын – төлем
қабілетсіз деп есептеудің негізі – көрсетілген коэффициенттердің мөлшері
нормативті мөлшерден төмен болуы
Егер, жоғарыда көрсетілген екі коэффициенттердін біреуі ғана
(ағымдағы өтімділлік коэффициенті, негізгі қаражатпен қамтамасыз етілу
коэффициенті) нормативті мөлшерден төмен болса, төлем қабілеттілігін
қалпына келтіру коэффициенті алты айлық кезенге есептеледі.
Ағымдағы өтімділік коэффициенті активтердің өтімділігіне баға береді,
ол кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерінің бір тенгесіне қанша ағымдағы
активтер келетінің көрсетеді. Бұл көрсеткішті есептеу логикасы келесіде,
кәсіпорын негізінен қысқа мерзімді міндеттемелерін ағымдағы активтер
есебінен жабады, осыған байланысты ағымджағы активтер ағымдағы
міндеттемелерден асып түссе, кәсіпорын қалыпты жұмыс істейді деп
есептеледі. Асып түсу мөлшері ағымдағы өтімділік коэффициентімен
көрсетіледі. Бұл көрсеткіштің мөлшері сала және қызмет түрі бойынша
өзгеріп тұрады, ал оның динамикадағы өсімі жағымды тенденция болып
саналады. Шетел есептік-талдау тәжірибесінде көрсеткіштің критикалық
төменгі шегі (2 тең) келтіріледі, бірақ бұл нақты нормативті көрсеткіш
емес. Ағымдағы өтімділілік коэффициенті ағымдағы активтердің (өндірістік
запастар, дайын өнім, ақша қаражаты, дебиторлық қарыз және басқа да
ағымдағы активтердің (баланс активіның II бөлімінің сомасы) қысқа мерзімді
банк несиесі, қысқа мерзімді займдар мен әртүрлі несиелік қарыздар және
басқа да қысқа мерзімді пассивтер түріндегі кәсіпорынның жедел
міндеттемелеріне (баланстың V бөлімінің қорытындысы) қатынасы ретінде
анықталады.
Негізгі қаражатпен қамтамасыз етілу коэффициенті кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражатының болуын сипаттайды.
Қаржылық тұрақтылық кәсіпорын жағдайының тұрақтылығын анықтайды. Бұл
көрсеткіштің қалыпты мөлшері 0,1 төмен болмау қажет. бұл коэффициент
меншікті айналым қаражаттың (баланс пассивының I бөлімі минус баланс
активіның I бөлімі) ағымдағы актьивтердің құнына қатынасы ретінде
анықталады.
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру (жою) коэффициенті кәсіпорынның
нақты кезен ағымында өзінің төлем қабілеттілігін қалпына келтіру немесе жою
нақты мүмкіншілігін сипаттайды.
Ол есептелген ағымдағы өтімділілік коэффициентінің оның бекітілген
мөлшеріне қатынасы ретінде анықталады. Есептелген ағымдағы өтімділілік
коэффициенті жыл сонындағы ағымдағы өтімділіліктің, бұл коэффициенттің
жылдын басы мен аяғындағы (төлем қабілеттілігін қалпына келтіру кезені
ретінде анықталған) өзгеруінің нақты сомасы ретінді анықталады
Баланс құрылымын қанағаттанарлық деп есептегеннен кейін кәсіпорынның
мүліктік жағжайын талдау өткізіледі.
Негізгі құралдарды сапалық сипаттайтын көрсеткіштер де бар. Оларға
жататындар:
- негізгі құралдардың белсенді бөлігінің, яғни машиналар, құрылғылар,
транспорттық құралдардың үлесі. Бұл көрсеткіштің өсімі өнідірістің кеңейуін
, өндірістік құралдардың жаңартылуын, өндірістік қуаттардың өсуін
дәлелдейді;
- тозу коэффициенті алдынғы кезендерде есептен шығарылған негізгі
құралдардың үлесін сипаттайды;
- жарамдылық коэффициенті тозу коэффициентіне кері. Оның өсімі жағымды
тенденция болып есептеледі.
Тұрақты актив индексі меншікті қаражат көздеріндегі негізгі құралдар
мен ұзақ мерзімді активтердің үлесін сипаттайды.
Негізгі құралдардың тозу коэффициенті негізгі құралдардың техникалық
жағдайын сипаттайды және негізгі құралдардың тозу сомасының негізгі
құралдардың бастапқы құнына қатынасы ретінде анықталады.
Бұл коэффициентті есептегенде негізгі құралдар құнындағы амортизация
үлесінің динамикасын бағалау қажет. Оның қысқару тенденциясы - кәсіпорын
басшалары болашақты ойлап, негізгі құралдарды техникалық жаңарту бойынша
белсенді шаралар қабылдайды деген сөз.
Мобилды және имобилизацияланған қаражаттын арақатынасы коэффициенті.
Ол ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің арасындағы арақатынасты
көрсетеді және ағымдағы активтерді ұзақ мерзімді активтерге бөлу жолымен
анықталады.
Ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің арақатынасының оптималды және
критикалық мөлшері кәсіпорынның салалық ерекшеліктерімен анықталады.
Тұрақтылық белгісі – мобилды және иммобилизацияланған қаражаттын
арақатынасы коэффициенті заемдық қаражаттын меншікті капиталға арақатынасы
коэффициентінен жоғары болу қажет.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері абсолютті және салыстырмалы деп
бөлінеді.
Тауарлы-материалдық запастарды қалыптастыру көздерімен қамтамасыз ету
дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштерді қаржылық тұрақтылықтың абсолютті
көрсеткіштері деп атайды.
Тауарлы-материалдық запастарды қалыптастыру көздерін сипаттау үшін үш
негізгі көрсеткіш анықтайды.
а) меншікті айналым капиталдың болуы. Бұл көрсеткіш меншікті капитал
және ұзақ мерзімді активтер арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Ол
меншікті айналым қаражатты сипаттайды. Оның алдынғы кезенмен
салыстырғандағы өсімі кәсіпорынның дамуын сипаттайды.
б) тауарлы-материалдық запастардың меншікті және ұзақ мерзімді
қалыптасу көздерінің болуы. Бұл көрсеткіш алғашқы көрсеткішті, яғни
меншікті айналым капиталды ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына
жоғарлату жолымен анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын маңызды көрсеткіш –
кәсіпорынға авансталынған барлық қаражаттын сомасындағы меншікті капиталдың
жалпы сомасының үлес салмағы, яғни меншікті капиталдың кәсіпорынның
балансына қатынасы.

2. Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын талдау негіздері (ЖШС
Азия)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық ресурс тұрақтылығын талдау

Шаруашылық қызмет заңды тұлға болып саналады. Жеке куәлігі 017893287 ҚР
ӘМ 24.05.2005 жылы берілген. Мөрі, дербес балансы, ағымдық банктік
шоттары, бар. Оны қатысушы қаржыландырады. Мекеме өзінің өндірістік іс-
әрекетін Ережелерге сәйкес ұйымдастырады. Серіктестік ең алғашында әділет
органдарында 2001 жылдың 2 шілде де тіркелді.
Серіктестік бухгалтерлік және салықтық есеп Қазақстан Республикасында
1995 жылғы 26 желтоқсанда қабылданған бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп
беру Заңы, Қаржылық есеп берудің халықаралық стандартына, ҚР Салық
Кодексіне, сол сияқты 2005 жылдың 8 қарашасында Директорлар Кеңесі
бекіткен Азия ЖШС-тің Есеп саясаты талаптарына және тағы басқада
компанияның нормативтік-өкімдік құжаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Қаржылық есеп беру бухгалтерлік есептің жалпы қабылданған принциптеріне
сай дайындалады.
Есеп саясатына сәйкес бухгалтерлік есеп кірістер мен шығыстар
көрсетіліп, пайда болу ретіне сай қаржылық есеп беруде бейнеленетін есептеу
әдісімен құрылады.
Қаржылық есеп беру толық және түсініктілік, орындылық, сенімділік,
салыстырмалылық, маңыздылық, шындыққа сайлық, формадан мазмұн басымдылығы,
бейтараптық, абайлық, өз уақытындалық, жеткіліктілік және объективтілік
негізінде құрылып, алынған пайда мен оларға кеткен шығындар жайлы толық
ақпараттар берілуді қажет етеді.
Есеп саясаты бойынша бухгалтерлік жазбалар шаруашылық амалдардың
орындалу фактілерін тіркейтін бастапқы құжаттар негізінде жүргізіледі.
Барлық шаруашылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс кәсіпорнының қызмет ету тиімділігін арттыру жолдары
Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы (ҚазМұнайГаз)
Кәсіпорынның пайдасының теориялық негіздері
Кәсіпорын активтерін басқару және оның тиімділігін арттыру
Инновация Қазақстан Республикасының экономикалық өсімінің қайнар көзі
Қазақстан Республикасында заманауи-ақпараттық технологияларды қолданудың қазіргі жағдайын талдау
Кәсіпорын қызметін экономикалық талдаудың әдіснамасы мен техникасын, өндірістің тиімділігін арттыру жолдарын игеру
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқару
Инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері
Пәндер