Инвестицияның негізгі түрлері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . 3 -4

I. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

1. 1. Инвестицияның мәні және құрылымы . . . . 5-8

1. 2. Инвестиция:түрлері және олардың тиімділігін бағалау 8-13

1. 3. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденциялары ……… 14-21

II. ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ОТАНДЫҚ КОМПАНИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУ

2. 1. Қазақстандағы инвестициялық ахуалдың факторлары . . . 22-27

2. 2. Салықтық қалқан әсері есептеу тәсілдерінің кәсіпорындардың қызмет нәтижелігіне әсер етуіндегі тиімділігін бағалау . . . 34-39

III. ШЕТЕЛ ИНВЕСТИЦИЯЛАРЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ

3. 1 Инвестициялық саясат және шетел инвесторларын құқықтық қорғау 39-42

3. 2 Шетел инвесторларын тартуды мемлекеттік реттеу . 42-46

3. 3 Қазақстанның көрші мемлекеттермен инвестициялық қарым - қатынасы .

ҚОРЫТЫНДЫ. 47

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . 48-49

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда нарықтық қатынастарға бейімделген Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде дамуы үшін мемлекеттік инвестициялық қызметті қалыптастыру мен дамыту экономикалық реформалардың негізі болуы тиіс.

Инвестициялық қызмет ең біріншіден экономиканың тиімділігін өсіру және жоғарлату темпін қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Осы мәселелерді шешуге инаестицияның тиімділігін кәсіпорын деңгейде зерттеу қажет.

Курстық жұмыстың өзектілігі - компанияның инвестициялық қызметінің тиімділігін бағалау.

Инвестицияға экономикалық өсімнің құралы ретінде мінездеме беріледі, соның ішінде инвестицияның түрлері мен типтерін ашып көрсетуге инвестицияның қазіргі жағдайы мен динамикасына аса көңіл бөлінді. Экономикалық сипаттағы реформаларды жүзеге асыру әрқашанда инвестицияларды тарту әрі оларды қолданумен тығыз байланысты. Инвестициялық қызметке әсер ететін маңызды мәселелердің бірі - елдегі инвестициялық ахуал болып табылады. Сондықтан, қандай елдің болса да экономикасына капитал келтіру сол елдегі қалыптасқан инвестициялық ахуалға байланысты. Қазақстандағы инвестициялық ахуал қандай жағдайда екені инвестициялық өсу республиканың қай облысында, қанша көлемде тартылғандығы да осы тарауда айтылған.

Курс жұмысында кіріспе, қорытынды және үш бөлімнен тұрады. I бөлімде нарық жағдайындағы инвестициялық қызметтің қалыптасуы туралы айтылса, II бөлімде «Ансат» компаниясының инвестициялық қызметіне талдау жасалады. III бөлімде шетел инвестициялары туралы айтылады.

- Қазақстанның шетел инвестициясын тартудағы мақсатын, міндетін, қызметі мен экономикаға пайдасын ашып көрсету мақсатын ескере отырып, келесі міндеттер беріліп, экономикасындағы шетел инвестициясының мәнін анықтау;

- Шетел капиталының ел экономикасында қызмет ету механизмін ашып көрсету;

- Қазақстанда шетел инвестициясын тартуда кездесетін мәселелер мен оларды жетілдіру жолдарын анықтау;

I. НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯНЫҢ ОРНЫ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

1. 1. Инвестицияның мәні және құрылымы

Экономикалық әдебиетте инвестиция түсінігіне анықтама беру жөнінде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына кәсіпкерлік қызметті дамыту жұмсалатын меншік және интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді.

Кейбір әдебиеттерде инвестицияны күрделі қаржы ретінде қарастырған. Бұлайша қарастырудың себебі, инвестициялық қорларды нақты пайдалану нысанының анықталмауында. Егер күрделі қаржы негізгі қорларды қарапайым және ұдайы өндіруге бағытталған болса, онда инвестициялар құрылыс монтаждау жұмыстарының керекті қондырғылардың және басқа шығындардың құнын қамтиды. Яғни, инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігіне әлдеқайда кең.

Инвестицияны жалпы және таза деп айырады.

Жалпы инвестиция -капитал жинағының жалпы көбеюі. Жалпы инвестицияларды орын толтыруға кеткен шығындармен салыстырады.

Орын толтыру -тозған негізгі капиталды ауыстыру процессі.

Таза инвестициялар -орын толтыруға кеткен жалпы инвестициялар.

Жалпы инвестициялар - Орын толтыру = Таза инвестициялар

Егер жалпы инвестициялар орын толтырудан көп болса, онда таза инвестициялар жағымды болады (мұнда капитал жинағының көбеюі және өндірістің кеңеюі орын алады) . Ал, егер жалпы инвестициялар орын толтырудан кем болса, онда таза инвестициялар жағымсыз болады: бұл жағдайда қолда бар капитал кемиді. Және, жалпы инвестициялар орын толтырумен тең болса, онда капитал жинағы бұрыңғы деңгейінде қалады, өзінің масштабында өндірістің жалғасуы көрініс алады.

Инвестициялардың келесідей түрлерін ажыратамыз:

  • Қаржылық (портфелді) инвестициялар-қаржыларды пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге акцияларға және басқа да бағалы қағаздарға салу;
  • Капитал құрайтын инвестициялар- құрылысқа (реконструкцияларға, модернизацияларға) және инвестицияланып отырған объектілерді құрылғылармен жабдықтау үшін, объектінің функционалдануына қажетті құрылыстың дайындығына шығындар және айналым құралдарының және материалдық емес активтердің көбеюіне салынған сомма;
  • Интеллектуалды инвестициялар- курстық оқуларды мамандарды даярлауға, тәжірибемен алмасу үшін, лицензиялар мен ноу-хауларға және тағы басқаларға қаржыларды аудару;
  • Ұзақ мерзімді инвестициялар- капиталдық салымдарға қолданылатын инвестициялар. Бұл инвестицияларға өндірісті құруға және оның көлемін үлкейтуге кететін шығындар және ұзақ мерзім қолданылатын айналыстан тыс активтерді сатып алу жатады;
  • Қысқа мерзімді (уақытша) инвестициялар- нарықтық бағалы қағаздар - компанияның қолдағы бар бағалы қағаздарының кейіннен сату үшін көлемін анықтайды, нарықта айналыста болатын және табыс әкелетін бағалы қағаздар баланста мәліметтерді ашу облысындағы кәсіпорынның сұрақтарына номиналды құны, нарықтық құны бойынша немесе сату құны бойынша қайсысы көбірек сәйкес келеді, сол бағаланады;
  • Қаржылай емес инвестициялар- лицензиялардың құқығының, ноу-хау, машиналардың, құрылғылардың, жер учаскелерінің және тағы басқалардың инвестициялық жобасына салынған ақшалай емес инвестициялар;
  • Нақты инвестициялар- материалдық өндіріс саларына салынған ұзақ мерзімді капитал;
  • Тікелей инвестициялар- капиталдың нақты өнім өндіретін өндіріске, оның ішінде кәсіпорының фондыларын құруға және кеңейтуге, сонымен қатар компанияның үстінен оның заңды формасына тәуелсіз бақылау орнату немесе компанияның жұмысын кеңейту мақсатындағы басқа да операциялар үшін салынуы. Тікелей инвестициялар инвесторларға инвестицияланып отырған объектінің үстінен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді;
  • Жанама инвестициялар- мультипликатор әсері негізінде алғашқы инъекция түріндегі жүргізілетін автономиялы инвестиция ұлттық табыстың өсуіне әкеледі. Іскерлік белсенділік және жұмыспен қамтудың өсуі әр түрлі кәсіпкерлік тобының инвестициялау бейімділігін көтереді. Мұндай инвестициялардыжанама инвестициядеп атайды. Автономды жеклеген

жанама инвестициялар экономикалық өсуді күшейтеді және оны тездетеді, міне сондықтан да ол акселератор- (тездеткіш) деген атқа ие болды. Алайда тездету доңғалағының басқа жаққа бұрылып кетуі де мүмкін. Табыстың қысқаруы (мультипликация мен акселерация әсері нәтижесінде) жанама инвестицияны да қысқартады, ал ол болса экономиканы тоқыраға ұшыратады.

  • Материалдық емес активтерге инвестициялар- ғылыми-техникалық шығармаларды сатып алуға салынған қаржылар (мүліктік құқық, өнеркәсіптік жекеменшіктің құқығын өткізуге лицензиялар, ноу-хау және тағы басқа ) .

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынадай топтарға бөлінеді:

  • Тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар. Олардың негізгі мақсаты -жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.
  • Өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар. Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарықта тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.
  • Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.
  • Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар. Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік ұйымдардың экологиялық стандарттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданады.

Кәсіпорынның өндірістік - шаруашылық іс-әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік - экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту. Кәсіпорынның бұл саласындағы іс-әрекетті - инвестициялық іс-әрәкет деп атайды.

Инвестициялық іс-әрекеттердің субъектілеріне инвесторлар, тапсырыс берушілер, жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс-әрекеттің объектілерін қолданушылар, сонымен бірге жеткізушілер, заңды тұлғалар және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады. Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы тұлғалар жатады.

1. 2. Инвестиция: түрлері және олардың тиімділігін бағалау

« Инвестиция» немістің «invesiton» сөзі және бұл кәсіпорынға пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыда « инвестициялау» күрделі қаржыға қарағанда кең мағына береді.

Батыс елдері экономикалық теория мектептері инвестициялау процесін былай түсінген:кез келген қаржыны жұмсаудың мақсаты табыс пайда немесе пайда табу. Бұған акция. облигация. жинақ сертификаттары. сақтық және зейнеткерлік қорға және басқаларға жұмсалған шығындар да жатады. Инвестиция қайнар көзіне кәсіпорынның көптеген пайдасы ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарына (салық, кеден салығы және т. т. б) оның барлық шығындарын алып тастау. Тұтынуға кетпеген барлық ресурстар - жинақталған ресурстар болады. Олар инвестиция ретінде жаңа кәсіпорындарды салуға және жұмыс атқарып тұрғындарын жабдықтауға сондай ақ жол құрылысына, денсаулық сақтау, оқу ағарту, мәдени обьектілеріне бағытталған, яғни капиталдың қорлануына жұмсалады.

Инвестиция теориясын ағылшын экономисі Дж. Кейнс өзінің « жалақы, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» (1936ж) еңбегінде қарастырған, онда ол инвестицияны өндіріске жан бітіретін және тиімді сұранымның басты факторы ретінде қарастырады. Инвестицияның өсу ұлттық табыстың ұлғаюына, өндіріске қосымша жұмыскерлерді тартуға ықпал етеді, яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестицияның күрделі қаржыдан тағы бір айырмашылығы, олар материалдық пайдалану емес активтерді (жер бөліктерін пайдалану құқығы мен табиғатты пайдалану нысандары, патенттер, авторлық, лицензиялар және т. б) ұлғайту үшін де жұмсалады. Материалдық емес активтерді құру және ұлғайтуды қаржыландыру үшін қолданылатын негізгі көздерге амортизациялық төлемдер, таза пайда, коммерциялық және басқа да банктердің саудалары, қор нарығынан түсімдер және т. б жатады.

Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізетін қызтеттің басқа да түрлерінің обьектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.

Қаржы инвестициялары - мемлекеттен, басқа да кәсіпорындардан, инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

Нақты инвестициялар нысанында, инвестор өзінің өндірістік капиталының көлемін - өндірістік негізгі қорлар мен айналым қорларын ұлғайтады. Ал, қаржы инвестицияларында, инвестор бағалы қағаздардан дивидент алу арқылы өзінің қаржы капиталын ұлғайтады. Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді.

Жанама инвестициялар- қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.

Инвестицияның негізгі түрлері. Әрбір фирманың іс - әрекетінің маңызды бір бөлігі инвестициялық операциялар болып табылады, яғни жобаларды іске асырудағы жіберілген ақша қаражаттарына байланысты мұндай инвесициялардың түрлері мынадай:

- табиғи активтерге инвестициялар;

- ақша активтеріне инвестициялар;

- материалдық активтеріне инвсетициялар.

Табиғи активтерге - өндірістік ғимараттар мен құрылымдар мен жабдықтар және өндіріс процесінде қолданылатын басқа да мүліктер жатады.

Ақша активтеріне - басқа да жеке және заңды тұлғалардан ақша қаражатын алуға болатын құқық жатады. Мысалы банкіде - депозиттер, облигациялар, акциялар, несиелер, т. б.

Материалдық емес активтерге - фирмалардың жұмысшыларының қайта жеке оқыту және біліктіліктерін жоғарлату арқылы, сауда белгілерін жасау, патенттер мен лицензия алу, өнеркәсіп үлгілерінің куәлігін алу, өнімге сертификат алу, жерді қолдануға құқық алу арқылы алынған құндылықтар жатады.

Нақты активтерге байланысты инвестициялар мынандай топтарға бөлінеді:

- тиімділікті арттыруға бағытталған инвестициялар.

Олардың негізгі мақсаттары - жабдықтарды ауыстыру, персоналды оқыту және өндіріс қуаттарын өндірістің тиімді жағдайы бар аймақтарға қарай ауыстыру арқылы фирманың шығындарын азайтуға жағдай жасау.

- өндірісті кеңейтуге бағытталған инвестициялар.

Негізгі мақсаты - өндіріс орындарының нарыққа тауар шығару қабілеттілігін кеңейту.

- Жаңа өндіріс орындарын ашуға бағытталған инвестициялар. Жаңа өнімдер, тауарлар шығара алатын жаңа кәсіпорындар салуға бағытталады.

- Мемлекеттік басқару ұйымдарының талаптарын орындауға бағытталған инвестициялар.

Бұл инвестициялар кәсіпорындардың, мемлекеттік қйымдардың экологиялық стандаттар, өнімнің қауіпсіздігі және басқа да жағдайларға байланысты талаптарын орындауға мәжбүр болған жағдайында қолданылады. Жоғарыда аталған инвестициялардың бұл топтары тәуекелшілдік деңгейі төменгі кестеде көрсетілген.

Кәсіпорынның өндірістік - щаруашылық іс - әрекетінің маңызды бір бөлігі өзінің өндірістік - экономикалық потенциалын сақтау және әрі қарай дамыту.

Инвестициялық іс - әрекеттің субъектілеріне инвесторлар (инвестициялық іс - әрекетті жүргізетін заңды және жеке тұлғалар), тапсырыс берушілер жұмысты орындаушылар, инвестициялық іс - әрекеттерін қолданушылар сонымен қатар жүргізушілер заңды тұлғалар (банкілер қамсыздандыру ұйымдары инвестициялық қорлар) және басқа да инвестициялық процестің қатысушылары жатады.

Тапсырыс берушілерге - инвесторлар және басқа да инвестициялық жобаны іске асырушы жеке және заңды тұлғалардан жатады.

Жоспарланған, іске асырылған инвестициялар инвестициялық жоба формасын қабылдайды.

Инвестициялық жоба капиталдарды ұлғайту мақсатымен эконмиканың әр түрлі салалары мен сфераларына құюға бағытталған, жоспарланған және орындалатын шаралар жиынтығы.

Инвестициялық жобаларды құру және іске асыру мынандай кезеңдерден тұрады:

  • инвестициялық ұғымды қалыптастыру;
  • жобаны техникалық экономикалық негіздеу;
  • келісім құжаттарын дайындау;
  • құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізіп іске беру; обьектіні қолдану, экономикалық көрсеткіштердің мониторингі;

Инвестициялық жобалардың тиімділігін анықтау және бағалауды, материалдық және заңдық түрде тікелей жауап беретін инвесторлар жүргізеді.

Инвестициялардың тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтиже мен салыстыру керек.

Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қосу болады. Ал, инвестицияның түпкі нәтижесі ұлттық табыстың өсуі болмақ. Инвестиция тиімділігінің артуы дегеніміз - ең аз инвестиция мөлшерінің нәтижесі бір өнімге деген инвестицияның жеке үлесінің азаюына қоғам үшін қажетті прогрессивті өнімді шығаруды айтамыз.

Инвестицияның тиімділігін арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетуге болады:

  • инвестицияның техникалық құрылымын жақсарту;
  • шығындар оның жеке үлесінің артуын көрсетеді;
  • жұмыс жасап тұрған кәсіпорында техникалық жарақтандыру;
  • реконструкциялауға және жаңа құрылыстың салынбауында күрделі қаржының жеке үлесінің арту;
  • жаңа обьектілердің салу мерзімін қысқарту;

Әдетте, инвестициялар тиімділігін бағалауда нормативті әдіс қолданады. Бұл аталған әдіс мәніне тақталар болсақ, бұл жағдайда инвестициялар ең аз шығынмен алдын - ала белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуші құрал ретінде қарастырылады. Нормативті әдіс белгілі бір деңгейде экономикалық есептеулерді жеңілдетеді. Алайда, бұл әдістің өзіне тән кемшіліктері де бар, сол себепті іздестіру әдістері бірге қолданады. Егер нормативті әдіс берілген өндіріс көлемін қамтамасыз ету үшін қажет болса, ал іздестіру әдіс ғылыми техникалық прогресс мүмкінділіктерін пайдалана отырып, әлеуметтік мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Бұл әдістерді бірге қолдану алға қойған мақсаттарға қол жеткізу ықтималдылығының неғұрлым оптималды нұсқасын таңдауға мүмкіндік береді.

Нормативті - іздестіру әдістеріне сәйкес инвестициялардың оптималды нұсқасы белгілі бір материалдық игіліктерге байланысты қоғамдық қажеттіліктердің қанағаттану деңгейімен, инвестициялардың экономикалық тиімділігі жағдайында жоғары деңгейде әлеуметтік нәтижелермен сипатталуы шарт.

Жалпылама алғанда, инвестициялардың экономикалық тиімділігімен қатар олардың әлеуметтік тиімділіктеріде бірге көрініс алады. Осыған қарамастан, олардың әрқайсысы уақыт өте келе, біртіндеп эффект қалыптастырушы факторлар есебінен жеке дара дами бастайды. Экономикалық тиімділік адам факторының әрекет етуін ынталандырса, ал әлеуметтік тиімділік өндіріс факторын ұтымды қолдануға әсер етеді.

1. 3. Қазақстандағы инвестициялық қызметтің тенденциялары

Инвестициясыз мемлекеттегі экономикалық процестің дамуы мүмкін емес. Кез келген елдің, әсіресе Қазақстан сияқты экономикасы өтпелі кезеңдегі елдің әлеуметтік - экономикалық перспективасын негізгі капиталға салынатын инвестиция анықтайды.

Қазақстан экономикасының дамуы көптеген жаңа өндірісті тудыру мен дамытуды, сонымен қатар қызмет етіп жатқан өндірістік инфрақұрылымды қажет етеді. Бұл өз кезегінде инвестицияның қомақты көлемін тек тартуды емес, оны рацоиналды пайдалануды да талап етеді. ҚР статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері бойынша инвестицияның көп бөлігі мұнай - газ секторына бағытталған: 1998 жылы 32 %, 2000 жылы - 78%, 2002 жылы - 88%. Бұл тенденция алдағы жылдары да сақталады деп күтілуде. 2015 жылға дейін жылу энергетика комплексі 74 млрд. доллар шамасында инвестицияланады.

Жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестиция көлемі 2005 жылдың I жарты жылдығында 5303, 5 млн долларды құрады, оның ішінде шетел инвестициясының көлемі - 4248, 8 млн доллар, ал отандық - 1055 млн доллар. Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдаланудың дамуына өз үлесін өосып жатқан республикада негізгі инвесторлар АҚШ (27%), Недерланды (23%), Оңтүстік Корея (8%) фирмалары болып табылады. Басқа елдің инвестициялары 2% дан аспайды. Қазіргі кездегі Қазақстандағы инвестициялық қызмет сферасында бірнеше негізгі тенденцияларды көрсетуге болады:

1. Қазақстан постсоветтік кеңестіктегі шетел капиталын тартатын негізгі реципиент мемлекет болып табылады. Мұнда жан басына шаққандағы инвестиция көлемі Батыс Европа және ТМД елдері арасындағы Венгриядан кейінгі бесінші орынды алады.

Эксперттердің бағалауы бойынша Қазақстан 2004 жылы Орта Азияға түсетін барлық тікелей инвестицияның 80% - ын алған. Бұл Бүкіләлемдік Банк Қазақстандағы инвестицияның ең кқп мөлшерін қызықтыратын 20 елдің қатарына қосты. Осылайша, Қазақстан жылына 1 млн доллар инвестиция тартатын әлемнің 200 елінің ішінде елуінші орынға тіркелді.

2. Қазақстанның инвестициясы қызықтыратын елдердің ішіндегі алдынғы қатарды иемденуіне қарамастан шетел капиталының құйылуы әлі де жеткіліксіз.

Инвестицияның өсуі республиканың 14 өңірінде байқалады. Ең көп өсуі Атырау (1, 7есе), Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан (1, 5есе) облыстарында болды. Өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемінің төмендеуі Батыс Қазақстан (1, 7 есе) мен Ақмола (5, 1 есе) облысын да байқалады. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің меншік қаражаттары (57, 8%) және шетел инвестициялары (26, 2 %) негізгі капиталға қаражат салудың негізгі көздері болып табылады. Бюджет қаражаты 11, 4%, қарыз қаражаты 4, 6 % құрады.

Мұнаймен табиғи газ өндіру - негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінен 364% жылжымайтын мүлікпен операциялар - 22, 7% (геологиялық барлау мен инженерлік іздестіру есебінен), көлік және байланыс - 12, 4%, өңдеу өнеркәсібі - 107% басым салалары болып табылады. Шетел инвестицияларының жалпы республикалық көлемінің қомақты үлесі Атырау (74, 5%), Қарағанды (7, 7% ) және Ақтөбе (6, 4%) облыстарында игеріледі.

Кең тараған пайдалы қазбаларды және жер асты суларын қоса пайдалы қазбалардың барлық түрлерін өндіруге барлығы - 4310, 8 млн АҚШ доллары (жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестициялардың жалпы көлемінің 81 % - ы), барлауға барлығы - 992, 7 млн АҚШ доллары (19%) жұмсалды. Көмірсутегі шикізатын (КСШ) және қатты пайдалы қазбаларды (ҚПҚ) өндіруге жұмсалған инвестициялардың көлемі 4225, 1 млн АҚШ долларын құрады. Соның ішінде: КСШ өндіруге - 3203, 4 млн АҚШ доллары (КСШ және ҚПҚ өндіруге жұмсалған инвестициялар көлемінің 76% ), ҚПҚ өндіруге - 1021, 7 млн АҚШ доллары (24%) КСШ және ҚПҚ геологиялық барлау жүмыстарына жұмсалған инвестициялар 990, 4 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде КСШ -ға - 956, 1 млн АҚШ доллары ҚПҚ -ға 25, 3 млн АҚШ доллары ( 3%)

Жер қойнауын пайдалануға жұмсалған инвестициялардың өңірлік бөлінісіндегі ең көп үлесі Атырау (44, 2%), Қарағанды (9, 4%), Маңғыстау (20, 2%) . Батыс Қазақстан (5, 5%), және Ақтөбе (6, 7%) облыстарында игеріліп жатыр. Осы облыстарда ең көп көлемге негізінен шетелдік инвестициялар есебінен қол жеткізілді. 2005 жылдың 1 жарты жылдығында 2004 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда минералдық шикізат кешеніне жұмсалған инвестициялар көлемі Батыс Қазақстан (27, 9 %-ға төмендеген) және Жамбыл (6, 1 %-ға төмендеген) облыстарынан басқа республиканың басқа өңірінде өсті. Инвестициялар көлемінің өсуі Солтүстік Қазақстан (4, 8%), Ақмола (3есе), Оңтүстік Қазақстан (1, 8 есе), Атырау және Қарағанды (1, 7есе), Алматы, Қызылорда және Маңғыстау (1, 6 есе) облыстарында байқалды.

Жер қойнауын пайдаланушылардың бюджетке түскен салықтары мен төлемдердің жалпы сомасы 2153 млн АҚШ долларын құрады, соның ішінде РОЯЛТИ ( өндіруден алынған салық) - 616, 9 млн АҚШ доллары (жер қойнауын пайдаланушылар салықтары мен төлемдерінің жалпы сомасының 28, 6 %-ы ) . Салықтар мен төлемдердің жалпы сомасынан ел бюджетіне түскені 1741, 7 млн АҚШ доллары (81%) - көмәрсутегі шикізаты (КСШ) бойынша, 397, 5 млн АҚШ доллары (18%) - қатты пайдалы қазбалар (ҚПҚ) бойынша, 10, 1 млн АҚШ доллары ( 1% дан аз) - кең тараған пайдалы қазбалар (ҚПҚ) бойынша 4, 5 млн АҚШ доллары - жер асты сулары (ЖС) бойынша1.

Тәуелсіздік алғаннан бергі республика экономикасына құйылған инвестиция мөлшері 1 млрд АҚШ доллары шамасына жетті. Соның ішінде барлық инвестицияның 40% мұнай газ комплексіне тиеді. Дегенмен, республиканың шетел инвестициясына деген қажеттілігі жылына 4-5 млрд АҚШ долларын құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының инвестициялық климатын талдау
Қоржындық инвестиция қарекеті
Инвестицияның қатысу сипаты бойынша инвестицияның түрлері
Инвестициялық климаттың мәні және әсер ететін негізгі факторлары
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі
Инвестициялық бизнес - жоспар
Қаржы инвестиция есебі
Инвестициялардың анықталуы мен жіктелуі
Инвестициялардың жіктелуі және ұғымы
Инвестицияландыруға қатысу сипаты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz