Мекеменің қаржы жағдайына бағалау көрсеткіштерін топтастыру


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ
«Экономика» факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: « Компанияның қаржылық қызметінің жағдайын бағалау »
050508-Есеп және аудит
«Е ж А» -08 ҚОБ с/б
Атырау, 2010
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ ИНСТИТУТЫ
«Экономика» факультеті
«Есеп және аудит» кафедрасы
«Бекітемін»
«Есеп және аудит» каф. меңгерушісі
э. ғ. к., доцент Жалғасбаева А. А.
«___» 20__ ж.
Курстық жұмысқа
ТАПСЫРМА
Жұмысқа қажет ақпарлар
- Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы
- Кәсіпорынның есеп саясаты
- Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есепті жүргізудің типтік шоттар жоспары.
Негізгі бөлім
Кіріспе
1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметінің қаржылық жағдайын бағалаудың теориялық мәні мен мазмұны
1. 1 Қазіргі жағдайдағы қаржылық бағалаудың мақсаты мен маңызы
1. 2 Қаржылық бағалауды ақпаратпен жабдықтау және оны жүзеге асыру
1. 3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі
2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржылық қызметінің жағдайын бағалау
2. 1 «Атырау мұнай өндеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің қысқаша сипаттамасы
2. 2 Кәсіпорынның қаржылық қызметінің жағдайын бағалау
2. 3 Кәсіпорынның қаржылық құралдарының жағдайын және оларды пайдалану деңгейін бағалау
2. 4 Мекеменің қаржы жағдайына бағалау көрсеткіштерін топтастыру
3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруының негізгі бағыттары мен жолдары
3. 1 Компанияның қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша негізгі бағыттар
3. 2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржылық капиталын пайдалануының тиімділігін арттыру жолдары
Қорытынды
Пайдаланылған ақпар көздері
Ұсынылатын ақпараттар тізімі
- Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі бухгалтерлік есеп әдістемесі және аудит Департаменті. Бухгалтерлік есептің стандарттары мен әдістемелік ұсынымдары. - Алматы: «LEM» баспасы, 2003ж.
- Абленов Д. О. Анализ факторов интенсификации использования оборотных средств на предприятиях, -Алма-ата, 1997 г.
- Тасмағанбетов Т. А., Әлібекова Б. А., Байболтаева Н. Ә. Қаржы есебі:Оқу құралы. / жалпы редакциясын басқарған Тасмағанбетов Т. А. -Алматы:Дәуір, 1998 ж.
- Баканов М. И., Сергеев Э. А. Анализ эффективности использования оборотных средств // Бухгалтерский учет. - 1999г. - №10 - с. 64-65.
Графикалық материалдар тізімі
Тапсырманы алу мерзімі: «»20__ж.
Жұмыс жетекшісі:
Тапсырманы орындау мерзімі: «»20__г
Студент:
Жоспар
Кіріспе . . . 4
І Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметінің қаржылық жағдайын бағалаудың теориялық мәні мен мазмұны . 6
1. 1 Қазіргі жағдайдағы қаржылық бағалаудың мақсаты мен маңызы . . . 6
1. 2 Қаржылық бағалауды ақпаратпен жабдықтау және оны жүзеге асыру . . . 9
1. 3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі . . . 14
2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржылық қызметінің жағдайын бағалау . . . 19
2. 1 «Атырау мұнай өндеу зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің қысқаша сипаттамасы . . . 19
2. 2 Кәсіпорынның қаржылық қызметінің жағдайын бағалау . . . 22
2. 3 Кәсіпорынның қаржылық құралдарының жағдайын және оларды пайдалану деңгейін бағалау . . . 34
2. 4 Мекеменің қаржы жағдайына бағалау көрсеткіштерін топтастыру . . . 39
3 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметінің тиімділігін арттыруының негізгі бағыттары мен жолдары . . 42
3. 1 Компанияның қаржылық тұрақтылығын нығайту бойынша негізгі бағыттар . . . 42
3. 2 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қаржылық капиталын пайдалануының тиімділігін арттыру жолдары . . . 48
Қорытынды . . . 51
Пайдаланылған ақпар көздері . . . 54
Кіріспе
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикасы жылдан жылға даму үстінде. Сонымен қатар, шаруашылық процесті реттейтін негізгі механизм - бәсекелестік те дамып келеді. Осыған байланысты, берілген курстық жұмыстың актуалдығы мынада: қазіргі кезде мекеменің өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін басқарушылық персоналға өзінің мекемесімен қатар потенциалды бәсекелестердің қаржылық жағдайын бағалау керек. Қазіргі экономикалық жағдайда мекеменің қаржылық жағдайын бағалап, талдап отыру өте маңызды. Қаржылық жағдай -мекеменің экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы. Ол мекеменің бәсеке қабілеттілігін анықтайды, іскерлік келісімдерде потенциалын, сол мекеменің және әріптестерінің қаржылық және өндірістік қатынастағы экономикалық қызығушылығы қандай дәрежеде кепілдендірілгенінің бағалайды. Бірақта, бір ғана бағалаудың өзі мекеменің үздік қызмет етуі мен алға қойылған мақсаттарға жету үшін жеткіліксіз. Мекеменің иелігіндегі қаржылық ресурстар мен капиталдың қозғалысын дұрыс басқару нәтижесінде ғана бәсеке қабілеттілігі қамтамасыз етіледі.
Мекеменің қаржылық жағдайы - шаруашылық жүргізуші субъектінің белгіленген уақытта өзін-өзі дамытуға қабілеттілігі мен айналым процесінде капиталдың жағдайын бейнелейтін экономикалық категория болып табылады. Өнім өндіру, өткізу мен қаржылық қызмет процесінде капитал айналымының үзіліссіздігі болады, қаржы құрылымы мен олардың қалыптасу көздері өзгереді, қаржы ресурстарының бары мен қажеттілігі, яғни осының барлығы мекеменің қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігін көрсетеді.
Қаржылық талдау қаржылық менеджмент пен аудиттің маңызды элементі
болып табылады. Көбінесе барлық қаржылық есепті қолданатын кәсіпорындар өзіне қажет сұрақты шешу үшін мекеменің қаржылық жағдайын талдау тәсілдерін қолданады. Жеке меншік фирмалар қаржылық есепті табыс капиталының өсуі үшін фирма тұрақталығының өсуін қамтамасыз ету үшін талдайды. Мекеменің қаржылық жағдайына талдау сұрақтарын қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» не екенің анықтап алу қажет. Соңғы жылдарда арнайы әдебиеттерде бұл түсініктің көптеген анықтамасы берілген. Профессор Шеремет А. Д. былай жазған «мекеменің қаржылық жағдайы - құралдар (актив) мен олардың құралу көздерінің (меншікті капитал мен міндеттемелер) пайдалану мен бөлуді сипаттайтын көрсеткіш». Ал, Родионова мен М. Федотова былай жазған - мекеменің қаржылық жағдайы - қаржылық ресурстарда пайдалану мен болу процестерінің қалыптасуын айтады. С. Стуков өзінің көзқарасын балай тұжырымдаған «Мекеменің қаржылық жағдайы - оның ден саулығы мен оның өмір сүру қабілеттілігіне комплекстік баға, ол қасындағы көрсеткіштермен сипатталуы керек». Аталған анықтамалар қарастырып отырған түсініктің мазмұның толық ашпайды, бірақ олардың әрқайсысының рационалды ұнтағы бар, оларды пайдаланған кезде түсініктің дәл анықтамасын табуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде, мекеменің қаржылай жағдайы әлсіздерді алмайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайында мекеменің перспективті тұрақты және сенімділігі туралы кәуәландырылуы керек.
Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында соңғы жылдары бухгалтерлік есеп тәжірибесінде және әдістемесінде түбегейлі өзгерістер
енді., ең басты себебі елдің нарықтық экономика қатынастарына көшуімен байланысты. Бухгалтерлік есептің жаңа жоспарының енуі, бухгалтерлік есептің формасын халықаралық стандарт талабына сәйкес ету, нарықтық экономика жағдайына сай келетін қаржылық талдаудың жаңа тәсілдерін қолдануға қажет етеді.
Тәжірибемен дәлелденгендей есеп регистірлерде шаруашылық - операцияларды бейнелеуде дәстүрлі бухгалтерлік қызмет қаржының ақпаратты пайдаланушының көптеген сұрақтарына жауап бермейді. Қазіргі кезде бхгалтерлік қаржының нәтижені құруда көптеген нәрсені білу керек, мекеменің қабылданған қаржының саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін есептін саясаттың тиімді түрін басшыға таңдап және ұсынып білуі керек.
Қазіргі уақытта экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі мекеменің шаруашылық субъект ретінде статусын сақтап қалуын қатайтты, оның алдынан, өндірістік және қаржылық сұрақтарды өз бетімен шешу мүмкіндіктерін ашты.
Нарықтық қатынастар жағдайында мекеменің қаржылық жағдайын талдау өте маңызды рөл атқарады. Бұл мекеменің өз бетімен шығып, меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық әріптестер немесе басқа да контингенттер алдыңда өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толықтай жауап берумен байланысты.
Курстық жұмысты жазудағы басты мақсат: өндірістік мекеменің қызметінің тиімділігінің қаржылық жағдайын “АМӨЗ” ЖШС үлгісінде талдау, өндірістік мекеменің бухгалтерлік есеп, қаржылық-шаруашылық қызмет нәтижесі туралы есеп, қаржы құралдары қозғалысы туралы есеп және негізгі қорлардың қозғалысы бойынша есептің мәліметтеріне сүйене отырып, өндірістік мекеменің қаржылық жағдайын бағалау, яғни мекеменің әлді және әлсіз жақтарын анықтау болып табылады.
1 Өнеркәсіптік кәсіпорынның қызметінің қаржылық жағдайын бағалаудың теориялық мәні мен мазмұны
1. 1 Қазіргі жағдайдағы қаржылық бағалаудың мақсаты мен маңызы
Қазіргі кезде мекеме дұрыс қызмет етуі үшін, оның меншік түріне байланыссыз, басшылықтан міндетті түрде мыналарды талап етеді; қаржылық жағдайды талдауға жүйелі-комплексті бағытты таңдау, ал мекеменің қаржысын сауатты басқару үшін - қаржылық стратегияны өндеп, жүзеге асыру. Қаржылық жағдайды талдау өз алдына ғылым саласы болып, тек 20-шы ғасырдың ортасынан бастап аталды, бұрын бұл сала экономикалық талдау шеңберінде ғана болды.
Ең бірінші болып, жүйеленген экономикалық талдауды француз ғалымы Ж. Савари бастады (17ғ. ), ол синтетикалық және аналитикалық есеп түсінігін еңгізді. Шамамен сол кезде Италияда Б. Вентури мекеменің 10 жылдық шаруашылық қызметінің көрсеткіштерін динамикалық қатарға талдап, құрды. Саваридің идеяларын 19 ғасырда италияндық ғалым Д Чербонимен тереңдетілді. 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында - балансты жүргізудің жаңаша бағыты пайда болды, яғни балансты экономикалық талдау . Бұл кездерде балансты экономикалық талдау теориясын дамытқан И. Шер, П. Герстнер и Ф. Ляйтер болды. Ресейде балансты талдау туралы ғылымның дамуы 20 ғ. І-ші жартысына келеді, бұл кезде А. К. Рощаховский атты орыс бухгалтері бухгалтерлік есеппен экономикалық талдаудың өзара байланысы мен маңызын бірінші болып бағалады. 20 ғ. 20-30 ж. ж. А. П. Рудановский, Н. А. Блатов, И. Р. Николаев балансты жүргізу теориясын соңыда дейін аяқтады.
Соңғы кезде қаржылық талдаудың теориясы мен практикасына көп көңіл бөлінуде.
Мекеменің басты қызметтерінің бірі өзінің қаржылық қызметін бағалау болып табылады. Ол өз алдына, уақыттың соңғы интервалында қызметін талдау нәтижесінде мекеменің жағдайын анықтауға мүмкіндік беретін
әдістердің жиынтығымен жүзеге асырылады.
Мекеменің қаржысы - бұл экономикалық категория, ол өзінің қызмет ету сферасы мен оған жүктелген функциялармен ерекшеленеді. Олар материалдық өндірісте қызмет етеді, және оның негізінде жиынтық ұлттық өнім мен ұлттық табыс қалыптасады. Мекеменің шаруашылық қызметін қаржыландыру барысында өндірісті ұйымдастыру, өнімді өткізу, қаржылық ресурстарды құру пайданы тарату мен пайдалану кезінде қаржылық қатынастар пайда болады.
Мазмұны бойынша мекеменің қаржылық қатынасының жиынтығын келесі бағыттар бойынша жүйелеуге болады ( 1 - сызба) :
- Жарғылық капиталдың қалыптасуы байланысты;
- Жаңа құнның пайда болуымен, өнім өндіру мен өткізумен байланысты;
- Бағалы қағаздарды эмиссиялау мен орналастыруымен байланысты мекемелер мен комерциялық ұйымдардың арасындағы қатынастар;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен оның бөлімшелерінің арасындағы байланыс;
- Коммерциялық ұйымдар мен бөлек сатып алушылар арасындағы қатынас;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен бюджетке салықтар мен басқа да төлемдерді жүргізудегі мемлекеттің қаржылық жүйесімен байланыс;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілермен банкіде қаржы сақтау процесіндегі банкі жүйесімен қатынас.
1 - сызба. Мекеменің қаржылық қатынасының түрлері
Мекеменің қаржысы 3 негізгі функцияны атқарады (1 - сурет) :
1 - сурет. Мекеме қаржысының атқаратын функциялары
Мекеменің қаржысы - бұл экономикалық категория, ол қызмет ету функциясы мен ортасына байланысты ерекшеленеді. Олар жиынтық қоғамдық өнім мен ұлттық табыстан құрылатын материалдық ортада қызмет етеді. Мекеменің шаруашылық қызметін қаржыландыру барысында өндірісті ұйымдастыру мен өнім өткізу, қаржылық ресурстарды қалыптастыру, пайданы бөлумен байланысты көптеген қаржылық қатынастар пайда болады.
Бағалаудың мақсаты - мекеменің қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі мен табыстылығы туралы ақпарат алу болып табылады. Талдаудың нәтитжесінде басшылар мекеменің қаржылық жағдайы бойынша толықтай мағлұмат алады, ал бұл мекемеде қызмет етпейтін, бірақта оның жағдайына қызығушылық білдіретін адамдар үшін маңызды (мысалы, несие берушілер олар ақшаларын қайтарып алатындығына сенімді болуы керек, аудиторлар қаржылық қулықтарды шығарып алуы керек, салым салушылар) .
Талдаудың мақсаты -тек мекеменің қаржылық жағдайын бағалап қана қоймай, сонымен қатар оның жағдайын жақсартуға бағытталған жұмыстарды
жүргізу болып табылады.
Мекеменің қаржылық жағдайын талдау нақты қай бағытта қызмет ету керектігін көрсетеді, мекеменің қаржылық жағдайындағы әлді және әлсіз
жақтарын анықтауғы мүмкіндік береді.
Мекеменің қаржылық жағдайын бағалау талдаудың мақсатына байланысты деталданудың түрлі деңгейнде жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың нәтижесі мекеменің әлсіз жақтарын анықтауға, оларды жою бойынша шараларды өндеуге мүмкіндік береді.
Мекеменің қызметінің қаржылық жағдайына мыналар кііреді (2- сурет) :
2 - сурет. Кәсіпорынның қаржылық қызметін бағалаудың бағыттары
Қаржылық талдау шаруашылық қызметті толықтай талдаудың жалпы бөлігі болып табылады және ол өзара тығыз байланысты екі бөлімнен тұрады: қаржылық талдау мен өндірістік басқарушылық талдаудан.
Сыртқы қаржылық талдаудың ерекшеліктері келесіден көрініс алады:
- Талдау жүргізуші субъектілердің көптілігі, мекеменің қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылар;
- Талдау жүргізуші субъектілердің мақсаттарының әртүрлілігі:
- Талдаудың типтік әдістерінің, есеп стандарттарының болуы:
- Талдаудың тек бұқаралық мекеменің сыртқы есебіне бағытталуы:
- Мекеменің қызметі туралы ақпаратты пайдаланушыларға талдаудың қорытындыларының максималды деңгейде ашықтығы:
Бухгалтерлік есептің мәліметеріне неізделген қаржылық талдау, сыртқы талдау деп сипатталады, яғни мекемеден тыс меншік немесе мемлекеттік органдармен, контрагенттермен жүргізілетін талдауды айтады. Тек осы есептер негізінде жүргізілетін талдаудың нәтижесі, мекеменің қызметі туралы ақпаратты шектеуле бөлікте ғана береді, үздік қызмет етудің сиқырын ашпайды немесе мекеме қызметіндегі сәтсздіктерді анықтай алмайды.
Берілген қаржылық есептер бойынша мекеменің әріптестерімен жүзеге асырылатын сыртқы қаржылық талдаудың негізгі мазмұны мынады:
- пайданың абсолютті көрсеткішін талдау,
- рентабельділік көрсеткіштерін талдау,
- қаржылық жағдайын, нарықтық тұрақтылығын, баланстың өтімділігін, мекеменің төлем қабілеттілігі,
- зайымдық капиталдың тиімділігін талдау,
- мекеменің қаржылық жағдайының экономикалық диагностикасы мен эмитенттің рейтингтік бағасы.
1. 2 Қаржылық бағалауды ақпаратпен жабдықтау және оны жүзеге асыру
Нарықтық қатынастарға өткелі шаруашылық субъектінің бухгалтерлік есебі қаржылық талдауды ақпараттық қамтамасыз етуінің басты элементі мен коммуникацияның негізгі құралы болып табылады. Мекеме қызметінің нәтижесі бойынша негізгі көрсеткіштер жылдық № 2 форма бухгалтерлік есебінде көрсетілген. Оған мыналар жатады: өнімді өткізуден пайда; қаржылық -шаруашылық қызметтен түскен пайда; есепті кезеңдегі пайда (шығын) ; есепті кезеңдегі бөлінбеген табыс (шығын) .
Әрбір мекеме қандай дәрежеде болмасын әрдайымда қосымша қаржыландыру көзін қажет етеді. Оны капитал нарығында өзінің қаржылық-шаруашылық қызмет туралы объективті ақпарат арқылы потенциалды несие берушілер мен инвесторларды еліктіру жолымен тарта алады. Көрсетілген қаржылық нәтиже қаншалықты тиімді және алдағы уақытта перспективасы
қаншалықты жоғары не төмен болса, қосымша қаржыландыру көзінің тартылу мүмкіндігі соншалықты жоғары болады.
Есепте көрсетілген ақпаратқа қойылатын негізгі талаптар, пайдаланушыға пайдалы болуы керек, яғни бүл ақпаратты негізделген іскерлік шешімдерді қабылдауға мүмкін болуы керек. Ақпарат пайдалы болу үшін сәйкесінше мынадай критерияларға жауап беруі керек:
Орынды ақпарат, яғни пайдаланушыға қандайда бір шешім қабылдауына әсер ететін ақпарат, сонымен бірге перспективті және ретроспективті талдау жасауға мүмкіндік береді. Ақпараттың шынайылылығы құжатта ешбір қате болмауы керек.
Ақпараттың түсініктілігі, пайдаланушы есептің мазмұнын арнай кәсіптік білімсіз де түсінуін айтады. Ақпараттың сәйкестігі, мекеменің қызметі туралы мәліметтер, басқа бір мекеменің сондай ақпараттарымен сәйкес болуын айтады Сақтық (консерватизм) принципі былай тұжырымдалады, есептік құжаттарда міндеттемелердің төмендетілген бағасы, пайда мен активтердің көтерме бағалары жіберілмеуі тиіс. Ақпаратты пайдаланушылар саны әртүрлі, олардың мақсаттары бәсекелі, кейде қарама-қарсы болып келеді. Сонымен бірге, бухгалтерлік есептің түрлі пайдаланушыларын қаржылық нәтиженің нақты көрсеткіштері ғана көздейді. Мысалы, мекеменің әкімшілігі алынған пайда мен оның құрылымына, оның өсуі мен төмендеуіне әсер ететін факторлары туралы ақпаратты қажет етеді, ал салық инпекциясы пайданың салық салынатын базасы туралы ақпаратты қажет етеді. Потенциалды инвесторларды пайданың сапасы төңірегіндегі сұрақтар толғандырады, яғни жақын арадағы перспективада пайда алудың тұрақтылығы мен сенімділігі. Инвестордың берілген мекеменің активіне салынған қаржы бойынша шығындар мен қаржылық тәуекелділікті азайтуға бағытталған стратегияны таңдап, негіздеу үшін, сол мекеменің қаржылық жағдайы туралы толықтай мәлімет алуы керек. Бухгалтерлік есепті пайдаланушылар тобы түрлі әдістермен орындалуы мүмкін, бірақта тәртіп бойынша олардың 3 іріленген топтары бар: нақты мекемеге қатысты болса сыртқы, мекеменің өздері (дәлірек айтсақ, олардың басқарушылық персоналы) ; және те бухгалтерлер.
Мекеменің қаржылық жағдайын талдаудағы ақпараттық базасы болып қаржылық есеп табылады.
ҚР Президентінің заңдық күшке ие жарлығы бойынша «Бухгалтерлік есеп туралы» 26 желтоқсан 1995 ж №2732 Қаржылық есеп 1998 жылдан бастап мыналардан тұрады:
1. Бухгалтерлік баланс.
2. Қаржылық - шаруашылық қызмет нәтижесі бойынша есеп.
3. Қаржы құралдарының қозғалысы бойынша есеп.
Сонымен қатар, бухгалтерлік балансқа қосымша түсіндірме жазуы бар құжат беріледі, және басқа да материалдармен толықтырылады.
Қазіргі кездегі енгізілудегі қаржылық есептің негізгі параметрлері халықаралық есеп стандарттарына сәйкес келеді, себебі соңғы жылдары Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есепті реформалау процесі жүргізілді: біріншіден, жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуына (оның негізі нарықтық қатынастар), екіншіден, еліміздің әлемдік экономикалық кеңістікке енуімен байланысты.
ҚР бухгалтерлік есепті реформалау процесінде есепті құруда жаңаша көз қарас, бағыт пайда болды. Қаржылық есептің мақсаты - бухгалтерлік есеп стандартында бухгалтерлік баланс және негізгі қаржылық есептегі ашылулар заңды тұлғалар қаржылық жағдайы туралы дұрыс, сенімді ақпарат алуын қамтамасыз етеді.
Қаржылық есеп негізінде қаржылық нәтижесін бейнелейді, соның нәтижесінде қаржылық инвестициялар мен несие беру шешімін қабылдау үшін пайдалы ақпараттарды қамтиды. Сонымен бірге басқару органдарының жұмыстары мен оған еңгізген ресурстарға байланысты оның міндеттері есеп ресурстарының, субъектілерінің қаражат ағымын бағалауға өте қажет.
Бірақта, қаржылық есеп экономикалық шешім қабылдауда пайдаланушыға қажет ақпараттарды қамтымайды.
Нарық экономика жағдайында қаржылық есеп іс жүзінде шаруашылық субьектінің қызметі туралы қаржылық ақпарат дара жүйеленген көзі болып табылады. Негізінде түрлі ұйымдық құқықтық формадағы шаруашылық субъектінің камуникация қоры және басқарушылық шешімдерге қажет аналитикалық есептерінің ақпараттық базасы болып табылады.
Мекеменің қаржылық жағдайды талдау қамтамасыз ететін ақпарат көзі болып бухгалтерлік баланс табылады.
Қаржы құралдарының қозғалысы туралы есеп әлемдік тәжірибеде мекеменің қаржылық-экономикалық талдауына қажет мәліметтердің негізгі көзі болып табылады.
ҚР шаруашылық субъектінің қаржылық есебінің жаңа формасы №3 «Қаржы құралдарының қозғалысы туралы есебі» болып табылады. Бұл есеп мекеменің нақты кезеңдегі қаржы көзін анықтайтын және оның қандай бағытта жұмсалып отырғандығын білуге мүмкіндік беретін қажет ақпарат көзі болып табылады. Бұл есепте мекеменің негізгі қызметтен түскен түсімі, шығындырды қаржыландыру мүмкіндігі көрсетіледі.
Кәсіпорынның қаржы құралдарының нақты қозғалысын анықтау үшін, қаржы құралдарының түсуі мен жұмсалуының бір мезгілге сәйкес келуін бағалап, сонымен қатар алынған қаржылық нәтиженің мөлшерін кәсіпорындағы қаржы құралдарының жағдайымен ұштастыру үшін барлық түскен қаржы құралдарын талдау керек. Ағымдағы қызмет көлемінде ақшаның құйылуы, өнімді өткізуден түскен түсімдерді алу есебімен байланысты, ал, шығуы жұмысшыларға еңбекақы, әлеуметтік қамсыздандыру мен қауіпсіздендіру қорларына өндірістен бөлінетін қаржыны айтады.
Инвестициялық қызмет көлеміндегі қаржы қозғалысы ұзақ мерзімді пайдаланылатын мүліктерді алумен (өткізумен) байланысты.
Есептің құрамында қозғалыстың (қаржы құралдарының түсімі мен шығыны) сипатына байланысты 3 негізгі бөлімді қарастырады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz