Қаржылық менеджменттің маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. Қаржылық менеджменттің маңызы
1.2 Қаржы менеджментінің мақсаты мен тапсырмалары
1.3 Қаржы менеджментінің экономикадағы рөлі
ІІ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МЕХАНИЗІМІ
2.1 Қаржы менеджментінің қызметтері мен механизмі
2. Қаржы менеджментінің мақсаты мен тапсырмалары
2.3 Кәсіпорынның негізінде қаржылық көрсеткіштерді талдау.
ІІІ ҚАЗАҚЫТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ОНЫ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың негізгі субъектісі кәсіпорын,
корпорация болып табылатындықтан оның қаржысы өте маңызды орын алады.
Шаруашылық тәжірибеде қаржы құралдарын дұрыс пайдалануда, басқаруда және
орналастыруда, алдымен теорияда және жұмыс істейтін қаржылық менеджменттің
негізгі әдісі, тәсілдері мен түрін ұйымдастыру болып табылады. Корпорацияда
объективті қаржылық қатынастарды ұйымдастыру қатынасы заңдылығын көзге
ілмеу оларды тәжірибе жүзінде қолдану кезінде міндетті түрде теріс әсер
етеді.
Осы курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорындағы қаржылық менеджментті
барынша ашып көрсету болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасының Президентінің айтуы бойынша елу бәсекеге қабілетті
мемлекеттер қатарына кіру үшін ең алдымен бәсекелестік бәйгісінде озу үшін
жаңа кееңге сай келетін жаңа экономика керек. Жаңа экономика жоғарғы
технологияларды, ғылымды қажет ететін экономика, ол барлық салалар мен
сегменттерде инновациялармен қаныққан экономика арқылы біз кәсіпорындарды
қазіргі кездегі бәсекелестік деңгейге төтеп бере алатын және сыртқы нарыққа
өз өніммін шығара алатын және осы арқылы нарыққа өз өнімін шығара алатын
және осы арқылы қаржы ресурстарын тиімді өсіре алады.
Жалпы алғанда курстық жұмыстың басты мақсаты осы бәсекеге қабілетті
жаңа экономикадағы қызмет ететін кәсіпорындардың қаржылық жағдайын басқару,
яғни қаржылық менеджменті жөнінде жалпы түсінік беру болып табылады. Соның
ішінде оның мәні мен маңызын анықтап оның мақсаты мен тапсырмаларын көрсету
болып табылады.
Жалпы жазылған міндеттер мен мақсаттарды қоытындылау үшін курстық
жұмыс мазмұнын ашуға кірісейік.
І ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
3. Қаржылық менеджменттің маңызы

Қаржылық менеджмент пән ретінде ХХ ғасырдың 60 жылары АҚШ – та пайда
болған. Бұл коммерциялық ұйымның шаруашылық қызметін қаржыландырудың
процестерін, ұйымды басқару жүйесін ұсынған. Қаржылық менеджмент даму
барысында әзірлейтін мәселелерді елеулі ұлғайтқан – егер ол пайда болған
кезде тек қана жаңа фирмалар мен компаниялар құрудың қаржылық мәселелерін
және қаржылық инвестицияларды басқару мен банккротқа ұшырауды зерделесе
бүгінгі күнде қаржылық менеджмент мынандай мәселелерге көңіл аударады-
қаржылық талдау, инвестициялық менеджмент, тәуекел менеджмент, банкротқа
ұшырау қатері кезінде компанияны дағдарысқа қарсы басқару.
Қаржылық менеджмент – компанияны басқару жүйесінің міндетті бөлімі бұл
жүйе екі бөлімнен тұрады:
а) басқару объектісі (басқарылатын қосалқы жүйе)
б) басқару субъектісі (басқаратын қоалқы жүйе)
Қаржылық менеджментте басқарудың негізгі объектісі ретінде
корпорацияның тұрақты ақша ағымы түрінде ұсынылатын ақша айналымы танылады.
Ақша айналымын басқару дегеніміз – оның қазіргі және болашақ кезеңдегі
мүмкіндік жағдайларын қарастыру және ақша қаражаттардың көлемін, оның
шығыстары мен кірістерін анықтап білу.
Қаржы менеджменттің субъектісі, яғни басқаратын қосалқа жүйесі болып,
қаржылық дирекция мен оның бөлімдері және қаржылық менеджерлер табылады.
Олар қаржылық менеджменттің мақсатын ұсынады және жүзеге асырады. Қаржылық
менеджменттің түпкілікті мақсаты табысты қалыптастыру және тиімді пайдалану
механизмі арқылы сәйкесті қызмет саласмында копорацияның бәсекелестік
деңгейін көтеру болып табылады.
Мазмұны бойынша қарыжылық менеджмент қаржылы ресурстар қозғалысы мен
капиталды тиімді пайдалану және өсіру мақсатымен оларға әсер ететтін
шаралар кешенін қалыптастыруды ұсынады. Қорыта айтсақ, қаржылық менеджмент
корпорацияның қаржылық ресурстарын қалыптастыру, бөлу, пайдаланумен және
оның ақша қаражаттарының айналысын ұйымдастырумен байланысты, басқару
шешімдерін әзірлеу және іске асырудың қағидалары мен әдістерінің жүйесін
ұсынады.
Корпорацияның қаржылық қызметін тиімді басқару үшін келесі қағидаларды
негізгі алу керек:
1. Корпорацияны басқарудың жалпы жүйесінің біріктірілуі.
2. Басқару шешімдерін кешенді қалыптастыру
3. Басқарудың жоғары серпіні
4. Басқару шешімдерін әзірлеудің көпжақты нұсқаларын қарастыру.
5. Корпорацияны дамытудың стратегиялық мақсаттарын бағдарлау.
1. Кәсіпорынды басқару мен жалпы біріктірілуі: Кәсіпорындық басқару
қандай қызмет саласында болмасын жүргізіледі, өйткені ақша ағымының
болмасын жүргізіледі, өйткені ақшы ағымының қалыптасуына және қаржылық
қызметтің нәтижелеріне тікелей және жанама әсер етеді. Бұл кәсіпорын
басқарудың жалпы жүйесімен қаржылық менеджменттің органиклық
интеграциялану қажеттілігін анықтайды.
2. Басқару шешімдерінің қалыптасуының кешенді сипаты:Қалыптастыру
саласындағы басқару шешімдері, қаржылық ресурстарды бөлу пайдалану ақша
қаражатты айналымын ұйымдастыру қаржылық қызмет нәтижесіне тікелей және
жанама әсер ету өзара тығыз байланысты.
3. Басқарудың жоғары серпіні: Қаржылық ресурстарды бөлу пайдалану және
ақша қаражаттарды оңтайландыру, қалыптастыру саласында сенімді басқару
шішмдерін тиімді қабылдау кәсіпорында әрдайым өңдеу және әзірлеу өткен
кезең үшін қайталанып отырмайды. Ең алдымен нарықтық экономикаға көшу
кезеңңіне ыртқы жоғары динамикаға байланысты өзгерісі ретінде.
4. Бөлек басқару шешімдерді әзірлеудің көпжақты нұсқаларын
қарастыру:Бұл қағиданың жүзеге асырылуы ақша қаражаты айналымын ұйымдастыру
мен қаржылық ресурстарды бөлу пайдалануда болмасын мүмкіндіктерді ескеру
керек. Бұл кезде критерийлер негізінде іске асырылуы керек, олар қаржылық
идеологияны, қаржылық стратегия және кәсіпорынның нақты қаржылық саясатын
анықтау.
5. Кәсіпорынның дамуының стратегиялық мақсаттрына бағытталу: Басқа бір
шешімдерінің жобалары қаншалықты тиімді болғанымен, қаржылық қызмет
саласында ағымдық уақытта кәсіпорынның басты мақсатына сай келмесе олар
меншікті қаржылық ресурстардың экономикалық қалыптасу базасында келер шақта
ішкі көздердің есебін олар алынып тасталады. Тиімді қаржылық менеджмент
айтылып кеткен қағидаларды ескере отырып ұйымдастырылған, кәсіпорынның
өндірістік қызметі қоғамдық өкілеттің ресурстарының қалыптасуына жол ашады,
меншікті капиталдың тұрақты өсуін қамтамасыз етеді, қаржылық және тауар
нарығындағы бәсекелестік алғы шарттарын жоғарылатады, стратегиялық дамудың
экономикалық дамудың тұрақтылығын қамтамасыздандырады.

1.2 Қаржы менеджментінің мақсаты мен тапсырмалары

Қаржылық менеджменттің негізгі басты мақсаты болып ағымдағы және
болашақта кәсіпорын меншікті иелерінің капиталдарының көбеюін қамтамасыз
ету болып табылады. Бұл мақсат кәсіпорынның нарықтық құнының жоғарылауын
қамтамасыз етеді, өйткені басқарушыларының қаржылық қызығушылықтарын іске
асыру есебінен негізгі мақсатын жүзеге асыруда келесі міндеттерді шешу
қажет.
1. Алдағы кезеңдегі даму мақсаттарына сай жеткілікті қаржы ресурстары
көлемінің қалыптасуын қамтамасыз ету. Бұл міндет алдағы кезеңде
кәсіпорынның қаржылық ресурстарын анықтау арқылы кезеңде
кәсіпорынның қаржылық ресурстарын анықтау арқылы шешіледі. Қарыз
қаражаттарды тарту ішкі көздер есебінен, сыртқы көздер меншік
қаржылық ресурстарының қалыптасуы және заемдық қаржылық ресурстарды
тарту, қаржылық ресурстарының потенциалдық қалыптасуының көздерін
оңтайландыру құрылымы арқылы шешіледі.
2. Кәсіпорынның негізгі бағыттары бөлігіндегі қалыптасқан қаржылық
ресурстар көлемінен тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Қалыптасқан
қаржылық ресурстарды бөлуді оңтайландыру пайдалануда
пропорцияналдықты қажет етеді, кәсіпорынның өндірістік, әлеуметтік
дамуы мақсатында, кәсіпорын меншік иелері инвестициялық капиталдың
қажетті табыс деңгейін төлеу және т.б. өндірістік даму
стратегиялары және капитал салымдарының мүмкіндік дәрежесі сияқты
қажеттілік үдерісінді қалыптасқан қаржылық ресурстардың бөлігіндегі
кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары ескерілуі қажет.
3. Ақша-қаражаттары айналымын оңтайландыру. Бұл міндет ақша айналымын
үрдісіндегі кәсіпорындық ақша-қаражаттар ағымымен тиімді басқару,
әр-түрлі кезең бойынша ақша – қаражаттардың түсуі мен шығындалуы
көлеміннің қамтамасыз етілуі арқылы шешіледі.
4. Қарастырылып оттырған қаржылық тәуекелдің деңгейіндегі
кәсіпорындардың табысын максимилизациялауды қамтамасыздандыру. Бұл
жерде табысты максимилизациялау кәсіпорын активтерін тиімді
басқару, шаруашылық айналымға қарыз – қаражаттарды талдау мен қол
жеткізуге болады. Осы мәселені шешкенде жиынтық жалдық табысты
емес, ал таза табысты өсіру қажет, яғни кәсіпорын салықтық,
амортизациялық, дивиденттік саясатты әзірлеу керек.
5. Табыстың қарастырылған деңгейінде қаржылық тәуекелділікті
минимализациялауды қамтамасыз ету. Егер кәсіпорын табысының деңгейі
алдын-ала жоспарланса, бұнда осы табысты алуды қамтамасыз ететін,
қаржылық тәуекелділіктің деңгейін төмендету негізгі мақсаты болып
табылады. Кәсіпорын қаржылық тәуекелдікті минимализациялауды
өндірістік және қаржылық тәуекелдікті өзгерту, қаржылық
инветициялар қаржының қайта қарастыру, ішкі және сыртқы сақтандыру
нысандарымен қолдану арқылы мүмкін.
6. Кәсіпорынның даму процесінде оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
ету. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын оның төлем қабілеттілігі,
активтер мен пассивтер оңтайлы құрылымын қалыптастыру, әр түрлі
көздерден қаржылық ресурстардың көлемін қалыптастыру, инвестициялық
қажеттіліктерді өзін-өзі қаржылындыру деңгейімен сипатталады.
1-кесте
Қаржылық менеджменттің негізгі мақсатын іске асыруға бағытталған,
негізгі тапсырмалардың жүйесі.
Қаржылық Қаржылық менеджменттің негізгі мақсатын іске
менеджменттің асыруға бағытталған негізгі тапсырмалар
негізгі мақсаты
1 2
Ағымдағы жыл Ағымдағы кезеңде кәсіпорынды дамыту
болашық кезең- тапсырмаларына сай қаржылық ресурстардың қажетті
де кәсіпорын көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

1-кесте жалғасы
1 2
иемденушілердің Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша
әл-ауқатын қаржылық ресурстардың қалыптасқан көлемін
максимилизация-латиімді пайдалануын қамтамасыз ету
уды қамтамасыз Ақша айналымын оңтайландыру
ету Қаржылық тәуекеділіктің қарастырылған
деңгейінде кәсіпорын табысын
максимализациялауды қамтамасыз ету.
Табсты қарастырылған деңгейде қаржылық
тәуекелділікті минимилизациялауды қамтамасыз
ету.
Кәсіпорынның даму процесін оның қаржылық
тұрақтылығын қамтамасыз ету.

1.3 Қаржы менеджментінің экономикадағы рөлі

Қаржы жүйесінің бастапқы буыны шаруашылық жүргізушісубъектілердің
қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанда жұмыс істейтін
айрықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті экономикалық
қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары қозғалысының
обьектісі бар, субъектілердің нақтылы мүдделері жөнінде көрінетін кез
келген қатынас сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы ағынының қажет етеді.
Бұл қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен
және іскерлігімен жасалатын субъективті басқарушы іс-әрекеттері арқылы
жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды
құбылыстардың талабына бағдарлануы тиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп
отыруы тиіс болағндықтан қондырмалықтарға жатады. Бұл басқарылатын іс-
әрекеттерге қаржы менеджменті ұғымы – тиімді пайдалану мақсатымен
кәсіпорынның ақша ағынының, кәсіпорынның бүкіл қаражаттарының қозғалысы
механизмін басқару жүйесі жатады.
Қаржы менеджментінің экономикадағы орны зор, себебі қаржы
менеджментінің мәні тиісті қызметтер тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең
тиімді етіп таратуға оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы нарығында
бағалы қағаздарды сатып алып, қайта сатып пайдалы операциялар жасауға
мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып
табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар
және қызметтер, ақпарат, интелектуалдық қызметтің нәтижелері, материалдық
емес игіліктер. Қаржы менеджментті уәждемелерге-адамдардың немесе
ұжымдардың қажеттліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске
асыру жөнінде қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек
өнімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндндалған
қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін –
ақпараттарын, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді.
Қржы менеджментін жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып
табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің
нарығымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдлықтары нарығының
жұмыс істеуі, кәсіпорындардың қызметті коммерциялық есеп негіздерінде
жүргіуге мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындар есеп негіздерінде жүргізуге
мүмкіндік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің шеңбері
нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында басқарудың
әдістері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы шарттарынан ажыратады.
Кәсіпорындардың қаржы менеджментінің жүйесі аса жылжымалы, өйткені бұл
буындағы нысандардың әдістердің арсеналы жалпы мемлекеттікқаржылардағыға
қарағанда тым әр түрлі. Мысалы кәсіпорындардң қаржы менеджменті әр түрлы
нысандардағы есеп айырысу, әр түрлі аккредитивтер, есеп айырысу чектері
және т.б. барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және
валютамен жасалатын операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа
хеджерлеу, кепілдік-ипотекалық және сенімгерлік операциялар, қаржы және
операция лизингі, фрначайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты
нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар бойынша қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы
құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді.

ІІ ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МЕХАНИЗІМІ
1. Қаржы менеджментінің қызметтері мен механизмі

Қаржы менеджмент өзінің негізгі мақсаты мен мәселелерінің анықталған
қызметтерін жүзеге асыру арқылы өткізіледі. Бұл қызметтер негізгі екі
бөлімнен тұрады:
Жүйелерді басқару ретіндегі қаржылық менеджменттің қызметтері (бұл
қызметтің құрылымы жалпы кез келген менеджменттің түрын сипаттайды).
Кәсіпорынды басқарудың арнайы саласы ретінде қаржылық менеджменттің
қызметтері (бұл қызметтердің құрылымы қаржылық менеджменттің нақты
объектісімен анықталады).
Бөлек бөлімшелердің бөлу негізінде қаржылық менеджменттің
қызметтерінің бөлімшелерінде басқару жүйесінің негізгілері болып келесілер
жатады:
1. Кәсіпорынның қаржылық стратегиясын өңдеу. Кәсіпорынның экономикалық даму
стратегиясына болжам жасаудан шығатын функцияны өткізу процесінде қаржылық
қызметтің ұзақ мерзімге мақсаттар жүйесі мен мақсатты көрсеткіштері
қалыптасады; басымдық мәселлерді шешіледі. Кәсіпорынның қаржылық
стратегиясы оның экономикалық дамуының стратегиясның бөлінбейтін қосалқы
бөлшегі ретінде қаратырады.
2. Кәсіпорынды қамтамасыз ететін және кәсіпорынның қаржылық қызметінің
барлық аспектілері бойынша басқарушылық шешімдерді өткізудегі ұйымдық
құрылымдардың құрылуы. Мұндай құрылымдар нақты жауапкершілік
орталықтарының айқындалуы негізінде иерархиялық немесе функционалдық
белгілері бойынша құрылады. Қаржылық менеджменттің ұйымдық құрылымдары.
Кәсіпорынды басқарудағы жалпы ұйымдық құрылымына біріктірілуі керек.
3. Басқару шешімдерінің альтернативті варианттарының негізделуін қамтамасыз
ететін тиімді ақпараттар жүйесін қалыптастыру бұл қызметтердің өткізу
процесі кезінде қаржылық менеджменттің ақпараттың қажеттіліктерінің
мазмұны мен көлемі анықталуы керек; ақпараттың ішкі және сыртқы көздері
қалыптастырылуы керек.

1-сурет

Кәсіпорынның қаржы қызметінің әр түрлу аспектілерін талдау. Осы функцияны
орындау негізінде жеке қаржы операцияларын талдау жүргізіледі.
4. Негізгі бағыттары бойынша кәсіпорынның қаржы қызметтерын жоспарлау.
Қаржы менеджментінің бұл функциясын орындау кәсіпорын бойынша, құрылымдары
мен қаржы қызметінің негізгі бағыттары бойынша бюджет жеделдігі мен
жүйенің ағымдағы жоспарын құрумен байланысты болйп келеді.
5. Қаржы қызметі саласындағы қабылданған басқарма шешімдерін орындау
жүйесін құру. Бұл қызметті орындау үрдісінде жоспарлы тапсырмалар мен
қаржы нормативтерін, қаржылық көрсеткіштердің орындалмағаны немесе
орындалғаны үшін кәсіпорнның жеке құрылымдарының менеджерлері мен
басқарушылардың көтермелеуінмен ықпал шараларының жүйесі құрылады.
6. Қаржы қызметінің саласындағы қабылданған басқарма шешімдерін орындау
бойынша тиімді бақылау жасау. Бұл қызметті орындау кәсіпорыннық ішкі
бақылау жүйесін құрумен қаржы менеджерлері мен қызметкерлерідің
міндеттерін бақылаумен, бақыланатын көрсеткіштер мен мерзімдерінің жүйесін
анықтаумен байланысты болады.
Кәсіпорынды басқару арнайы саласы ретіндегі қаржы менеджментінің
қызметтері:
1. Активтерді бақару
А) айналым активтерді басқару
Б) айналымнан тыс активтерді басқару
В) актив құрамын оңтайландыпру
2. Капиталды басқару
А) меншік капиталды басқару
Б) қарыз капиталды басқару
В) капитал құрылымын оңтайландыру
3. Инветицияларды басқару
А)нақты инветицияларды басқару
Б) қаржы инвестицияларын басқару
4. Ақша ағымдарын басқару
А) операциялық қызмет бойынша ақша ағымдарын асқару
Б) инвестициялық қызметі бойынша ақша ағымын басқару
В) қаржы қызметі бойынша ақша ағымдарын басқару
5. Қаржы тәуекелі мен банкротқа ұшырауды басқару
А) қаржы тәуекел құрамын басқару
Б) Қаржы тәуекелділігінің профилактикасын басқару
В) қаржы тәуекелділігінің сақтандырылуын басқару
Қаржы менеджментінің механизмдерінің құрылымына келесі элементтер
кіреді:
1. Кәсіпорынның қаржы қызметтеін мемлекеттік нормативті құқықтық
реттеу. Кәсіпорынның қаржы қызметін реттейтін заңдарды және басқа
да нормативті актілерді қабылдау мен мемлекеттің ішкі қаржы
саясатын орындау бағыттары болып табылады.
2. Кәсіпорынның қаржы қызметін реттеудегі нарықтық механизм. Бұл
механизм ең біріншіден қаржы нарығындағы, оның жеке түрі мен
сегменттері ретінде құрылады.
3. Кәсіпорының қаржы қызметінің жеке аспектілерін реттеудің ішкі
механизмдері. Осы механизмнің реттеуі кәсіпорынның өзінің шегінде
құрылады, сонымен сәйкес оның қаржы қызметінің сұрақтарын шешуді
жалдам басқаруды жүзеге асырады.
4. Кәсіпорынның қаржы қызметін басқаруды жүзеге асырудың әдіс-
тәсілдарының жүйесі. Талдау үрдісінде, қажы қызметін жоспарлау миен
бақылау кезінде әдіс-тәсілдер жүйесінде қолданылаады, соның
көмегімен қорытындылар алынады.

2-сурет. Қаржылық менеджмент механизінің элементтері

2. қаржылық көрсеткіштерді қалыптастыру жүйесі және оларды қаржлық
басқаруда пайдалану

Экономикадлық субъектілер қызметін бағалау, жоспарлау және басқарудың
маңызды тұқасы болып экономикалық көрсеткіштер табылады.басқарудың әр-түрлі
мақсаттары үшін практика олардың анықталған жүйесін әзірлеген.
Корпорацияның біртұтастық өндіорістік-шаруашылық және қаржылық механизмі
ретінде қарастырылуы шаруашылықтың нарықтық жағдайы бағдарландырылған,
қаржылық көрсеткіштердің жалпы кестесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Көрсеткіш жүйесі 11 блоктан тұрады.
Корпорацияның шаруашылық қызметінің барлық жэкономикалық
көрсеткіштерінің негізін өндірістің техникалық-ұйымдастыру деңгейі құрады(1
блок), яғни пайдаланылатын техниканың және өнімнің сапасы; технологиялық
процестердің үжемелі дамуы; еңбектің техникалық және энергетикалық
қамтамасыз етілуі; шоғырландыруды мамандандырудың корпорациялаудың және
құрамдастарудың деңгейі; өдірістік циклдің ұзақтығы және өндірістің
ырғақтылығы; басқаруды және өндірісті ұйымдастыру деңгейі. Өндірістің
техникалық жағдайы экономикалық талдаудың тікелей әзірлеу объектісі болып
табылмайды. Бірақ, экономикалық кқрсеткіштер өндірістің техникасы мен
технологиясының тығыз байланысында әзірленеді. Бұл жағдайда экономикалық
талдау техникалық – экономикалық сипатқа ие болады.
Экономикалық көрсеткіштердің деңгейіне табиғи жағдайлар елеулі әсер
етеді. Бұл жағдай кейбір халық шаруашылық слаларында, әсіресе ауыл
шаруашылығында, кен өніруші өнеркәсіпте маңызды рөл атқарады.
Табиғи ресурстарды пайдалану деңгейі көбінесе техниканың жай-жоспарына
және өндірістің ұйымдастырылуына тәуелді, сондай-ақ өндірістің техникалық-
ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерімен бірге әзірленеді.
Экономикалық көрсеткіштер өндірістің техникалық-ұйымдастыру-шылық және
табиғи жағдайларды ғана емес, сондай-ақ өндірістік ұжымның әлеуметтік
жағдайын, корпорациялық сыртқы-экономикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджменттің шетелдік тәжірибесі
Қаржылық менеджменттің механизмі
Қаржылық менеджменттің мәні, мақсаты, бағыттары және құрылымы
Банктердегі басқару процессіне сипаттама
Банктік менеджменттің теориялық негіздері
Банк менеджментін ұйымдастырудың мақсаты, міндеттері және принциптері
Нарықтық экономикадағы фирма менеджменті
Кәсіпорынның қаржылық менеджменттінің-басқарудың мәні, мазмұны мен құрылымы
Қазіргі нарықтық экономикадағы кәсіпорынның қаржы менеджментін қолдану механизмі
Банктік менеджменттің сипаты
Пәндер