Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін бағалау


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ
АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ
1. 1 Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік 5
1. 2 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының әдістемесін
қалыптастыру және оларды іске асыру жолдары 7
1. 3 Шетелдік тәжірибе: Қазақстан Республикасында қаржы менеджментінің
инвестициялық стратегиясы мен тактикасын қолдану тиімділігі 9
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ
СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУЫН БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2. 1 АҚ «Тұран Әлем Банкісінде» пайыздық тәуекелділікті қаржы
менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру әдісінің
механизмі 12
2. 2 Кәсіпорынның айналым активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерін
оперативті басқарудағы кешенді саясат матрицасын талдау 14
2. 3 Қаржы менеджментінің стратегиясы мен тактикасының сәйкес келуін
бағалау 16
3 ҚАЗІРГІ ЭТАПТА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯСЫ МЕН
ТАКТИКАСЫНЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
3. 1 Ағымдағы активтерді және ағымдағы пассивтерді оперативті басқару
кешені және бағалық шешімдерді қабылдау принциптерінің мәселелері 19
3. 2 Кәсіпорынның қаржылық процесі шаруашылығында қаржы менеджментінің
стратегиясы мен тактикасын іске асырудағы механизмінің жетілдіруге 20
бағытталған шаралар
ҚОРЫТЫНДЫ 23
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25
ҚОСЫМШАЛАР 26
КІРІСПЕ
Біздің еліміздің халықтық шаруашылығынан нарықтық экономикаға көшу кезінде кәсіпорындар, фирма басшылығында күрделі өзгерістерді қажет етеді. Бұл осындай іс-әрекетті жасайтындардың барлығына қатысты. Бұл процесте маңызды рөлді кәсіпорынның қызметіндегі қаржылық қызметіне, ал нақтылай айтатын болсақ, ол - қаржыларды басқару атқарады
Фирманың қаржылық ресурстарының қозғалысын зерттейтін, кәсіпорынның сыртқы және ішкі процестерін талдайтын экономикалық ғылымның ауданы Батыста қаржылық менеджмент деген атқа ие болды. Қазақстан Республикасында бұл термин кәсіпорынның қаржылық ағым қозғалысын қарастыратын білім саласында мықты бекінді. Осыдан, біз біздің мемлекетімізде қаржылық менеджмент түсінігі Батыстағы сияқты адамдардың қызмет сферасы ретінде (теориялық және тәжірибелік) қалыптасқанын көреміз. Алайда, бізде бұл сала түрі өзіндік спецификалық сипаттамаларға ие.
Қазақстан Республикасының экономикасы әлі бірқалыпты нарықтық түрде емес. Ол - советтік экономика түрінен нарықтық түріне ауыстырылған өтпелі экономика болып табылады. Біздің мемлекетімізде кәсіпорындардың есебі мен статистикасындағы батыстық стандарттарына сәйкес келмейтін нәрселер өте көп. Сондықтан арнайы зерттеулер жүргізбей, біз батыстық үлгідегі қаржылық менеджментінің теориясы мен тәжірибесін қолдануға мүмкіндігіміз жоқ.
Қазақстанның қаржы менеджменті әзірше әлі қалыптасып келеді. Осы жұмыстың көрінісі Қазақстан Республикасында кәсіпорынның статистикасын және есепке алу спецификасын есепке ала отырып, өздігінен қаржы менеджмент теориясын қолдануға талпыныс жасау болып табылады.
Осы курстық жұмыста қаржы менеджментінің объектісі ретінде кәсіпорын (фирма), ал қызметтің мотиві ретінде кәсіпкерлікті қарастырады. Оны осы курстық жұмыстың құрылымынан да байқауға болады. Кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындағы қаржыларын басқару сұрақтары талданады.
Сондай-ақ жеке түрде қаржы менеджментінің стратегиясына қатысты (фирманың өмірлік цикліндегі инвестициялық жобаны таңдау және инвестициялардың рөлі) және қаржы менеджментінің тактикасы туралы (фирманың айналым құралдарының айналымын жылдамдату, кәсіпорынның қаржылық-эксплуатациялық қажеттіліктерін кері мөлшерге айналдыру және ағымдағы активтерді және ағымдағы пассивтерді басқарудың кешенді саясатын таңдау) сұрақтар қарастырылады.
Қаржы менеджменті - бұл кәсіпкерлікті үлкен мөлшердегі ақша ағымдарын басқаруда және оптималды қаржылық шешімдерді табуда қаржылық қамтамасыз етудің стратегиясы мен тактикасы.
Қаржылық менеджмент өндірістік процестерге қатысатын құралдардың бағалар құнының жиынтығын басқарудың күрделі жүйесін және кәсіпкерлік қызметті қаржыландыруды қамтамасыз ететін ақшалық капиталдың жиынтығын өндірумен айналысады.
Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызметтің басымдылықтарын және масштабтарын анықтайтын қаржылық қамтамасыз етуді басқаратын тиімді нысан болып табылады. Мұнда қарастырылған қаржылық менеджменттің концепциясының негізі меншік қатынасына тиген қоғамның экономикалық базасында өзгеріс болып саналады. Тек қана осы өзгерістер кәсіпкерлік құрылымдардың қаржылары және жалпы мемлекеттік қаржылар арасында нақты шек қоюды қамтамасыз ете алуы мүмкін.
Қаржы менеджментпен тек қана кәсіпорындардың және банктердің стратегиясы мен тактикасы туралы ақпараттары бар және олардың клиенттер және бәсекелестермен, жабдықтаушылар және тұтынушылармен, акционерлермен, қаржылық және салық органдарымен, сақтандыру компаниялармен, институтционалды инвесторлармен қарым-қатынастары туралы толық ақпараттары бар профессионалдар айналысуы керек.
Стратегиялық және тактикалық шешімдер ұзақ мерзімді уақыт өткеннен кейін ғана бағаланады және оларға тек өз кәсіпорынның болашағына сенімді кәсіпкерлер мен қызметкерлер ғана қызығушылық танытады.
Кәсіпкерлік құрылымдарда қаржылық менеджменттің стратегиясы мен тактикасын қолданған кезінде қаржылық жұмыста қаржыландыру мен ұйымдастыруды одан әрі жандандыратын, өндіріс көлемінің және сатудың, пайданың өсуін, шығындардың азаюын қамтамасыз ететін капиталдың құрылымын оптимизациялайтын, активтердің өтімділігін, материалдық және қаржылық ресурстардың тепе-теңдігін жоғарлататын кең резервтер ашылды.
1 ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ СТРАТЕГИЯ МЕН ТАКТИКАСЫН
ІСКЕ АСЫРУДАҒЫ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІН ҚАРАСТЫРУ
1. 1 Қаржы менеджментінің стратегиясы және тактикасы туралы түсінік
Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы еш өзгеріссіз қалмайды. Ерте ме, кеш пе әйтеуір бір күні бәсекелестер пайда болады.
Сондықтан да кәсіпорынның тұрақты дамуы оның экономикалық тірі қалудың, өмір сүрудің ең басты шарты болып табылады. Даму жоспары аз мөлшер уақытқа емес, сондай-ақ, оның ұзақ перспективасына да жоспарлануы қажет.
Сондықтан қаржы менеджменті бірқатар сұрақтарға жауап қайтару қажет және сондай-ақ қаржылық стратегия мен тактиканы қалыптастыру қажет.
Бірінші сұрақ былай қойылады: «Фирманың перспективті дамуы үшін қанша мөлшердегі ақша қаражаттар қажет?». Керек кезде толық немесе бөлек мөлшерде бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша салымдар қаржысының қажеттілігі және фирманың шаруашылық қызметінің әр түрлі маңызды көрсеткіштері арасындағы тәуелділікті орнату мақсатты болып табылады.
Мысалы, сенімділікпен антуға болатын жайт, ол дамуға қажетті ақша құралдары өткізу көлеміне байланысты болатындығы туралы. Бірақ бұл әдетте олай бола бермейді.
Егер кәсіпорын бәсекелестерімен шығарылатын өнім сапасын жақсартудың күрес жолын таңдаса, онда сапаның жоғарлауы бағаның өсуімен, яғни өткізу көлемі және инвестицияны қажетсіну аралығында жүреді. Бірақ, егер инфляция жағдайында бәсекелестерге қарсы өнімнің бағасын төмендету немесе тұрақтандыру жолы таңдалса, онда өткізілуден күтілетін түсім мөлшері аз болады.
Шығарылатын өнім өзіндік құнын төмендетуге бағытталған шараларды ендіру және құрастыруға байланысты шығындарды қажет етеді. Берілген жағдайға құралдарға қажетсіну бұл шығындардың шамасымен анықталады.
Қаражатты стратегиялық, тактикалық жоспарлаудың екінші сұрағы инвестициялау қайнар көздеріне қатысты болып келеді.
Мұндай қайнар көздердің үш түрін бөлуге болады:
- жеке;
- кірістірілген;
- қарызға алынған.
Кәсіпорынға жеке ақша құралдары ең тиімді түрі болып табылады, өйткені олар оның тәуелсіздігі мен өз бетімен дамуын қамтамасыз етеді. Жеке капиталды қалыптастыру үшін екі шартты ұстану қажет. Олар:
- жинау үшін кірістің болуы
- уақыттың болуы.
Негізінде коммерциялық жобаны іске асыруда бұның біреуі болмайды. Әдетте коммерциялық жобаны іске асыратын адамда қаражат болмайды, ал қаражат кімде бар сол адам оны өзі жалғыз бұл жұмысты атқарғысы келмейді.
Жеке ақша құралдарын қолдану тек ірі компаниялар қолында. Бірақ та олар үшін бизнес жоспар мен қаржы бөлімі еш қызықтырмайды.
Кірістірілген қаражат көздері ішінде бірінші орынды акционерлер қаражаттары жатады. Акциялардың қосымша эмиссиясы немесе фирма басшылығымен жасалған бақылау пакет акцияларының бір бөлігін сату және сол арқылы инвесторларды өзіне тарту болып табылады.
Бірақ та бұл өте қауіпті. Өйткені, біріншіден, фирманы басқаратын тұлғалар фирманы басқару билігінің жарты бөлігінен айырылады. Сондай-ақ халық арасында акцияларды табысты ендіру күрделі мақсат болып табылады.
Ұсақ инвесторды жақсы құрастырылған бизнес жоспарлармен өзіне қарата алмайсын, ал ірі инвестор көп мөлшердегі кемітулерді қажет етеді.
Сондықтан да акционер капиталын өзіне қарату үшін екі негізгі шартты ұстану қажет:
- ұсақ акционерлерді оларға төленетін дивидендтер жиі төленетінін;
- олардың бағасы түспейтіндігі туралы жөнінде көндіруге тырысу керек.
Ал ірі компанияларды өздеріне қарату үшін олар үшін сіздің кәсіпорыныңыз мөлдір болуға қажет. Келтірілген ақша құралдары ішкі қажеттілікті өтеу үшін жұмсайды, демек еңбекті төлеу үшін жұмсайды.
Еңбекақыны төлеуде қарыздың оптималды деңгейін орнатып, кәсіпорын еңбекақы қорын автоматты түрде жоғарлатып жіберсе, инвестицияға қолдануға болатын қаражатты орнына қарыз мөлшерін көбейтіп жібереді. Бұл қаражаттар айналым капиталына салынған онсыз ешбір жерде бір коммерциялық жоба бұнсыз өз ісін жүзеге асырылмайды.
Қарыздарды банкирлерден және облигационерлерден алуға болады. Банкирлер қарыз бен оның құнын қайтарылуын қалайды. Ұзақ мерзімді инвестициялық несиені қамтамасыз етеді. Қарыз берушіге кім аманат бола алады.
Бұл және басқа да күрделі сұрақтарға кәсіпорынның менеджерлері жауап бере алады, олар белгілі бір банкке ссуда алуға барғанда, бұл сұрақтарға жауап қайтару қажет екендігі туралы естерінен шықпауы қажет. Корпоративтік облигациялар акциялар сияқты қасиетімен белгілі, бірақ та Қазақстан Республикасында олар қолданылмайды.
Келтірілген несиені жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда оны кеңейту мақсатында қаражаттандыру өте тиімді.
Банкирлер ойы бойынша бұған салынатын қаражаттың тәуекелділігі сонша үлкен емес, демек несие құнын төмендетуге болады деген сөз. Сондай-ақ мұндай кәсіпорында активтердің мөлшері көбірек, олар оның сенімді материалды қамтамасыздандырылуын қамтамасыз етеді, ал жаңадан ашылған кәсіпорындарға ең жақсысы жарналық немесе акционерлік капиталды келтіру болып табылады.
Бұл несие алынған жағдайда несиені өтеу жөнінде қатаң график құрылады, онда несие өтеу мен оның пайыздарын да өтеуге тырысу қажет. Бұндай кредитті жаңадан құрылған кәсіпорындардың өтеуге шамасы да жетпей қалу қаупі бар.
Бұл сұрақты шешу үшін салымдардың өтем уақытын есептеуге арналған арнайы есептеулер мен әдістерді қолдануға қажет.
Қаржылық менеджменттің үшінші сұрағы былай көрсетілген: «Жобаға салынған қаражаттардың қайтарылуы қашан күтіледі?». Бұл сұраққа жауап беру үшін салынған қаражаттардың мерзімін анықтай алатын арнайы есептеулер мен тәсілдерді қолдану қажет.
1. 2 Қаржы менеджментінің стартегиясы мен тактикасының әдістемесін
қалыптастыру және оларды іске асыру жолдары
Кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарға тән болатын, ең алдымен, сыртқы ортаның өзгерісіне серпімді диверсифицирлі реакцияның болуы және өндірістің дамуындағы ғылыми-техникалық зерттеулердің үздіксіз жүруі.
Бұның барлығы кәсіпорын дамуындағы стратегия мен тактиканы құрастырудың негізгі мәселелердің шешімі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның іс әрекетіндегі конверсия - бұл сыртқы орта өзгерістеріне әр түрлі реакциялардың үздіксіз тізбегі күйінде болады, соның ішінде тауарлар және технологиялар нарығына қатысты айтылған.
Конверсия әкелген жаңалықтар әр түрлі дәрежедегі радикалдылықты көрсетеді:
- өнімді тарату каналын өзгертуден басталады;
- технологиялық маманданудың түбегейлі өзгеруіне дейін жұмыс атқарады.
Ең тиімді өнімнің ассортиментінің құрылымын өзгертетін стратегия мен тактика және технологиялық мамандылықты өзгертетін стратегия мен тактика болып табылады (ҚОСЫМША А) .
Ол ассортиментке өнімнің жаңа модельдерін құру мен кіргізумен байланысты болып келеді. Бұндай өзгерістер бәсекелестік сипатқа ие.
Ассортиментті толық ауыстырудың стратегиясы мен тактикасы инновациялық реакцияға негізделген. Мұнда технологиялық сұраныстың жаңа өмірлік цикліне өту жүзеге асыруды, технологиялық жүйені қайта құру кезінде өнімнің барлық ассортиментінің жаңа үлгілерін және жаңа құрылымын жоспарлауды қарастырады.
Кең ассортимент кезінде бірнеше этаптарда ассортименттің толық ауысуын және бөлшектеп технологиялық жүйені реконструкциялауға болады.
Технологиялық мамандануды өзгертудің стратегиясы мен тактикасы инновациялық немесе кәсіпкерлік реакцияға сәйкес келеді және өндірістің диверсификация мүдделерінде іске асырылуы мүмкін.
Технологиялық мамандықты ауыстыру аясында шешімдер кешенді сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, қорғаныс өндірісінің конверсиясы біруақытты диверсификация мен біруақытты жаңа қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатындағы дамуымен жүзеге асуы мүмкін.
Өндіріс конверсиясының негізгі бағыттарының бірі - сұраныс технология сұранысындағы өмірлік циклінің сатысымен нарықтың талаптарына сай кәсіпорын қызметінің басымдылықтарына бейімделу.
Бастапқы сатысында тұтынушылардың талаптарын түсіну және осы талаптарға сәйкес өнімнің сапасының ассортиментін және параметрлеріне бейімделу. Бұл мақсаттарда кәсіпорындар маркетингтік зерттеулер жүргізеді және жобаларды басқарады.
Сұраныс технологиясының өмірлік циклінің өтпелі сатысындағы өндірістің тиімділігін максималды жүзеге асыру мақсаты технологияны өнім өзгерісіне бейімдейді. Басқаруда ең негізгі назарды еңбекті және өндірісті ұйымдастыруға көңіл бөледі.
Қарастырылып отырған өмірлік циклінің дамыған сатысында ассортимент құрылымының және сапаның параметрлерінің тұрақтылығына қол жеткізу маңызды болып табылады. Технологияны одан әрі дамыту еңбекті өндірудің артуына және өндірістің қарыздарының қысқаруына бағытталған. Басқару өндірістік процесте жүреді.
Ғылыми-техникалық дамудағы тактика мен стратегия қоғамның әлеуметтік-экономикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған және ол ұзақ кезең ішінде тұрақты болып қала береді.
Ғылыми-техникалық даму капиталды процесс болып табылады.
Оның стратегиялары, саясаттары және тактикалары ұзақ уақыт бойы капиталдың тиімді жұмсалуын қамтамасыз етуі керек.
Даму стратегиясындағы, саясатындағы және тактикасындағы түсіндірілмеген түзетулер және өзгерістер капиталдың жиналымының жоғалуына немесе оның қолдану тиімділігінің жоғалуына әкелуі мүмкін.
Нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық дамуындағы тактика мен стратегияның қалыптасуы акционерлер басқаратын корпорация немесе фирма деңгейінде орындалады. Мұнда ұсақ сериялы өндірістің төменгі шығындары мен жоғары еңбек өнімділігінің бейімделуі және серпімділігінің арқасында жаңа типтегі шаруашылық кешендер қалыптасады.
Өндірістік жүйелердің жаңа түрлері «жаңашылдықтарды енгізу» тәртібінде жұмыс атқаруы тиіс. Ол өндіріске мына ммүкіндіктерді жүзеге асыруға көмектеседі:
- жаңа бұйымдарды енгізуге;
- өнім шығарудағы шығындардың азаюына;
- бағаны төмендеткен кезде сапаның көрсеткішінің жоғарлауына.
Көшбасшының артынан ерілетін стратегиялар мен тактикалар технологиялық дамудың магистральды жолын көрсетеді. Мұнда кәсіпорынның жағдайларына технологияның бейімделуі және нарыққа шығарылатын тауардың бейімделуі қарастырылады.
Бәсекедегі ұзақ мерзімді басыдылықтарды қамтамасыз ететін технологиялық секірімнің стратегиясы мен тактикасы жаңа қажеттіліктерді және жаңашылдықтарды қанағаттандыру мақсатындағы жаңа техникалық принциптерді іздестірумен сипатталады.
1. 3 Шетелдік тәжірибе. Қазақстан Республикасында қаржы
менеджментінің инвестициялық стратегиясы мен тактикасын қолдану
тиімділігі
Қырғызстан Республикасының инвестициялық стратегиясы мен тактикасын қолдану тиімділігі 1991-2004 жылдардағы период шегіне дейін өткен.
Мемлекеттің инвестициялық стратегиясы мен тактикасы - бұл экономикада инвестициялық ресурстарды қалыптастыру және тарату процесі болып табылады. Ол ең маңызды механизм болғандықтан, сол арқылы мемлекет ендігі халық шаруашылығының құрылымының дамуына және қалыптасу тиімділігіне әсер ете алады.
Белгілі болатын 1991-2004 жылдардағы кезеңде де Қырғызстанда инфляция мөлшері аса көп болған жоқ, әсіресе 1991-2004 жылдардың басында инвестиция көлемі күрт төмендей бастады. Бұндай жағдай Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде де болды. Ғалымдар бірнеше себеп түрі айқындайды:
- Деорталықтандыру жағдайында маңызды шешімдер қабылдау және өндірістің күрт төмендеу салдарынан экономикалық агенттер өз көңілін өздері тіршілік ететін жағдайларға аударады. Сондықтан да болар инвестициялық құюлар күрт төмендеп кетті.
- Инфляция жағдайында бағалардың күрт және бірқалыпсыз өсуі, соның нәтижесінде болашақ сұраныстардың түсімдерін жоспарлау және инвестициялық жоспардың шығындары мүмкін болмады.
- Жоғары инфляция - нақты пайыздық ставканың шектен тыс болжанбаған өзгерістеріне ұшыратты.
- Негізгі қорға және жер иемдену құқықтарының анықталмағандығына.
- Салық ставкалары жиі өзгеріп және жоғары болады.
- Шенеуніктердің жемқорлығы және олардың криминалды құрылымдарымен күресуде бейәрекетсіздігі.
- Мемлекеттік инвестициялық саясатта нақты басымдылықтардың болмауы.
Жоғарыда аталған себептердің барлығы инвестиция динамикасының төмендеуіне әкеліп соқтырды. Сонымен қатар олар капиталдың шетелге шығарудың процесінің себепшісі болды. Олардың масштабтары Қырғызстанда бағаланбаған, бірақ маңызды және де экономиканы инвестициялауда экономика субъектілерінің талабы мен қабілеттілігін төмендетеді.
Қырғызстанда 1995 жылдан бастап ішкі инвестициялардың динамикасы жалпы өсу тенденциясында. 1998 жылы Ресейдегі экономикалық дағдарысы ішкі инвестициялардың деңгейіне әсер етіп, оны 1997 жылмен салыстырғанда төмендетті. Сонымен қатар 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы ішкі инвестициялардың көлемінің төмен мәні белгіленген. Бірақ та жалпы ішкі инвестициялардың динамикасы оң, тағы бір ескере кететін жайт, олардың көлемі 1991 жылдың деңгейіне әлі жетпеген.
Қырғызстан Республикасының инвестициялардың мультипликаторы 1992жылдан 2004 жылға дейінгі периодта теңбе-тең емес мағынаға ие болған, яғни мультипликатордың мағынасы максималды артқан, не теріс мағынада болған. Мультипликатордың бұндай мағынасын келесі факторлардың көмегімен түсіндіруге болады:
- 1991-1994 жылдар реформалардың басы болып табылады, яғни сол кезде республиканың көптеген кәсіпорындары пайда болған гиперинфляцияға қарсы тұра алмады. Тұрғындардың табыстары күрт қысқарды, өндірілетін көптеген өнімдерге сұраныс төмендеді. Нәтижесінде, экономикада жалпы өнімдерді шығару да қысқарды, яғни ол жалпы ішкі өнім.
- 1995 және 1997 жылдары мультипликатордың теріс мағынасы инвестициялардың өсу қарқынының теріс мағынасының нәтижесі болып табылады.
Көріп отырғанымыздай мультипликатор мағынасы теңбе-тең емес болған. Макроэкономикалық теорияға сәйкес мультипликатор мөлшеріне үш негізгі макроэкономикалық құралдар әсер етеді:
- тұтынудың шекті нормасы
- экономикада пайыздың ставкасы
- салықтардың деңгейі
Мысалы, тұтынудың шекті нормасы жоғары болғанда, сәйкесінше мультипликатор мөлшері де өседі. Осы норма жоғары болған сайын, экономикада сұраныс жоғары болады және фирмалар өнімдерді көп өндіре бастайды.
Қырғызстанның шарттарында қысқа мерзімді пайыздық ставка басқа шет мемлекеттердің пайыздық ставкаларымен салыстырғанда жоғары болып келеді. Ұзақ мерзімді пайыздық ставка сәйкесінше одан да жоғары болуы тиіс және ол экономикаға маңызды қаржылық ресурстарды тартуы керек. Жоғары баға жоғары ұсынысты қалыптастырады. Бірақ та нақты Қырғызстандағы инвестиция жағдайларында олар түспейді. Бұндай құбылыстың себебі - жоғары тәуекелдің әр түрлі сипаттамасының болуы.
«Экономикада пайыз нормасының әсері» факторы Қырғызстан экономикасының мультипликатор эффектісінің өсуіне кері әсерін тигізеді.
Сонымен бірге Қырғызстан Республикасында мемлекеттік бюджеттің табыстарының негізгі құрылымы ретінде жанама салықтар қызмет атқарады. Осылай, салықтардың мультипликатор мөлшеріне әсері кері.
Қырғызстан Республикасының инвестициялық стратегиясы мен тактикасы үшін инвестициялық стратегия мен тактикасының тиімділігінің төменгі көрсеткіші көрсетілген. Жоғарыда айтылғандардан республикада инвестициялық стратегия мен тактиканың тиімділігін арттыру мақсатында шаралар қолдану керек екендігін көреміз.
Сонымен Қырғызстанның инвестициялық стратегиясы мен тактикасының тиімділігінің бағалық интегральды критерийі мемлекеттің экономикасының қолданылатын және потенциалды мүмкіндіктерін бағалауға болады. Оны қолдану кезінде мемлекетте болып жатқан инвестициялық процестердің сипаттамасын анықтауға, инвестициялық ресурстардың қалыптастыру және қолдану тиімдлігін арттыру жолын таңдауға, экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ҚАРЖЫ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ
СТРАТЕГИЯСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ІСКЕ АСЫРУЫН БАҒАЛАУ
ЖӘНЕ ТАЛДАУ
2. 1 АҚ «Тұран Әлем Банкісінде» пайыздық тәуекелділікті қаржы
менеджментінің стратегиясы мен тактикасын іске асыру әдісінің
механизмі
Соңғы жылдары қазақстандық экономиканың әр түрлі салаларында дамудың оң тенденциясы байқалады. Сондағы дамудың бір саласы банк секторы болып табылады.
Қазір банк секторының ағымдағы дамуы негізінен халықаралық байланыстарды кеңейту аудандарында байқалады. Оларды сипаттау үшін соңғы жылдары үлкен жетістіктерге жеткен АҚ «Тұран Әлем Банкін» көрсетуге болады (ҚОСЫМША Б) . Осы банкті мысалға ала отырып, ол бізге қазіргі кезде қазақстандық коммерциялық банктердің қандай бағытта дамып келе жатқандығын және оларға тәуекел қандай дәрежеде әсер ететіндігі жөнінде анықтауға мүмкіндік береді.
2001 жылдан бастап «Тұран Әлем Банкінің» акционерлер құрамына ірі халықаралық қаржылық институттар кіреді, олар: Еуропалық Қайта құру мен Дамыту Банкі (EBRD) ; Райффайзен Орталық Банкі (RZB) ; Халықаралық қаржылық корпорация (IFC) ; Голландиялық Даму Банкі (FMO) .
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды шығаруға болады: соңғы жылдары «Тұран Әлем» банкінің жұмысы халықаралық капитал нарығында қаншалықты белсендірілгенін артқанын көрсетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz