Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестициясының есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Ш. ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
“Экономика және құқық”институты
“Есеп және аудит” кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Аралық қаржылық бақылау
Тақырыбы:Қаржы салымдарының есебі

Орындаған: .
Тексерген:

Күні:______________
Бағасы:____________
Қолы:_____________

Актау 2007

Мазмұны

Кіріспе
1.Бөлім Инвестициялардын есебі
1.1.Инвестицияның мәні мен ұғымы
1.2.Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің

инвестициясының есебі
1.3.Тәуелді және еншілес серіктестердің инвестициясының
есебі
2.Бөлім Қаржылық инвестиция
2.1.Қаржылық инвестиция есебі
2.2.Қысқа және ұзақ мерзімді инвестиция есебі
2.3.Инвестицияны қайта бағалау
3.Бөлім Қазақстандағы инвестиция
3.1. Инвестицияның экономикалық мағынасы
3.2. Кәсіпорының инвестициялық стратегиясы және

инвестициялық қызметі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
Курстық жұмыстың тақырыбы: Қаржы салымдарының есебі.
Бірінші бөлімде жалпы инвестиция дегеніміз не,оны қалай жүргізуге болады
тағы сол сияқты сұрақтар қарстырылған. Ал екінші бөлімде қаржылық
инвестицияның мерзімі,оны қалай бақылауға болады. Үшінші бөлімде жалпы
Қазақстандағы қаржылық инвестиция қалай жүргізіліп жатыр сол жайында жалпы
қарастырылған.
Қаржы нарығының айрықша бөлігі, ол- бағалы қағаздар нарығы. Ал
қаржылық инвестициямен осы бағалы қағаздар нарығы тікелей
байланысты.Бүгінгі күні елімізде көптеген акционерлік қоғамдар,сақтандыру
компаниялары,инвестициялық және мемлекеттік емес зейнетақы қорлары,сонымен
қатар басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар тіркелген. Осы жоғарыда аталған
кәсіпорындар мен ұйымдардың барлығы да еліміздегі бағалы қағаздар нарығының
потенциалды қатысушылары қатарына жатқызылады.Олардың кейбіреулері эмитент,
яғни айналымға бағалы қағаздар шығарушылар болып табылса,ал екіншілері
инвестор ретінде қызмет атқарады. Кәсіпорындар мен ұйымдарға жаңа
технология енгізу,өндірісті жаңарту(модернизациялау), қайта
құру(реконструкциялау) әрқашанда ірі капитал салымын керек етеді.
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.Инвестицияны дамытуда
кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін
мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың
акияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады.

1.Бөлім инвестициялардың есебі
1.1Инвестицияның мәні мен ұғымы
Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың,ауыл шаруашылығының және
экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал ретінде
алынып,жұмсалатын шығындардың жиынтығын айтамыз. Инвестициялық қызметтің
мақсаты – түпкі нәтижесіеде кәсіпкерліктен табыс немесе процент алу болып
табылады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан қалыптасқан (құрылған)құн немесе
таза табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табысының
қаржаттарының есебінен жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған
инвестиция көзі болып кәсіпорының меншігінде қалған табысы саналады. Бағалы
қағаздардың көп түрлілігі инвестицияны жіктеудің көптеген критерийлерін
алдын-ала айқындайды.
Капиталды бағалы қағаздар кәсіпорынды дамыту үшін,оның капиталын
құрастыру немесе ұлғайту мақсатында шығарылады.
Бағалы қағаздар құқығы бойынша кімге жататындығы туралы белгілерін
куәландыру үшін олар былайша бөлінеді:
-бағалы қағазды ұсынушыға-құқықтарын орындау үшін,бірақ олардың иелерін
теңстіруді(идентификациялауды) талап етпейді,ұстаушылардың атына тіркеу
жасалынбайды. Ұсынушы бағалы қағазды куәландыратын құқығын басқа адамға
қарапайым жолмен қолына береді.
-атаулы бағалы қағаздар-белгілі бір адамның атына жазылады.Бағалы
қағаздарда куәландырылған құқықтары ондағы қойыоған талапты жеңілдету үшін
белгіленген тәртіппен басқа тұлғаға береді.Атаулы бағалы қағаздар бойынша
құқық берілетін адам соған сәйкес келетін талаптардың орындалуы емес,ондағы
тиесілі талаптың заңды еместігіне жауап береді.
-ордерлік бағалы қағаз-ол ең алғашында иемданушінің атына немесе оның
бұйрығы бойынша жазылады. Бұл көрсетілген құқықтар қағазға түсірілген
тәртіпке байланысты ауыспалылығын сақтайтындай етіп-индоссаментке жазып
береді.
Инвестиция - экономиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын
қалыптастыруды, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін енгізуді,
инфрақұрылымды дамытуды көздейтін басты фактор.Инвестицияны дамытуда
кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ мерзімге несие беретін
мамандандырылған инвестициялық банктер мен акционерлік қоғамдардың
акияларынан құрылған инвестициялық қорлар ерекше роль атқарады.
Инвестор бағалы қағаздар нарығында жұмыс істей жүріп салымдарды
тараптандырудың (диверсификациялаудың) приципін ұстануы тиіс: инвестор
қаржылық активтердің әр түрлісін алуға ұмтылуы керек. Бұл салымдардың
тәуекелділігін азайту үшін қажет. Мысалы, инвестор өзінің барлық ақшаларын
бір компанияның акцияларына салады делік. Бұл жағадайда ол акция курсының
нарықтық ауытқуына толық тәуелді болады. Егер кәсіпорын қаражаттары бірнеше
компаниялардың акцияларына салынатын болса, онда инвестордың табысы
неғұрлым аз ауытқитын біршама копаниялардың акциясына тәуелді болады. Егер
инвестор әр тараптандыру (диверсификациялау) принципін ұстанатын болса,
онда ол инвестициялық (фондылық) портфель деп аталтын бағалы қағаздардың
жиынтығымен байланысты болады.
Мәмілеге байланысты шығырылатын бағалы қағаздар: фондылық (акциялар,
облигациялар) және ссудалық (коммерциялық вексельдер, чектер,
коносаменттер, кепілдік міндеттемелер, т.б.) болып бөлінеді.
Фондылық бағалы қағаздар көптеп шығарылуымен (эмиссиясымен)
ерекшеленеді және лоар қор биржаларында айналысқа түседі.
Ссудалық бағалы қағаздар коммерциялық бағытқа ие: ол негізінен сауда
операциялары бойынша есеп айырысуға және тауарларды орын алмастыру
процесіне қызмет көрсетуге арналған.
Нарықтағы айналыс ерекшеліктеріне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық
(айналыстағы) және нарықтық емес (айналыстағы емес) етіп бөлуі мүмкін.
Нарықта болатын бағалы қағаздар биржалық және биржалық емес айналым
шеңберінде нарықта екінші рет еркін сатылуы және сатып алынуы мүмкін. Олар
сатылғаннан кейін эмитентке мерзімінен бұрын ұсынылмайды.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін көше
алмайды, екінші рет айналысқа түспейді. Бұндай бағалы қағаздар қатарына
оларды шығару кезінде сатылмайды деген шарт қойылса, онда оларды тек
эмитенттің өзі ғана сатып алады. Сондай-ақ айналысқа шектеулі бағалы
қағаздар да бөлініп көрсетілуі мүмкін. Мысалыға, жабық АҚ акциялары сатып
алу және асту мәміле бойынша шектелген акциялардың қатарына жатады.
Бағалы қағаздар әрекет ететін орнына байланысты: ақша нарығының бағалы
қағаздары және капиталдық бағалы қағаздарболып екіге бөлінеді.
Ақша нарығы дегеніміз – қысқа мерзімді бағалы қағаздардың алынуы мен
сатылуын көрсетеді және ол қаржылық нарықтың бір бөлігі. Қысқа мерзімді
бағалы қағаздардың әрекеті ету мерзімі – бір күннен бастап бір жылға дейін
болуы мүмкін. Айналыстағы бағалы қағаздар, әдетте, төменгі төлем
тәуекелімен қатар жүреді, өйткені қарыз берушілердің төлем қабілеттілігі
жоғары болас ғана шығарылады. Ақша нарығының бағалы қағаздарына: қазыналық
вексельдер, депозиттік сертификаттар, коммерциялық қағғздар жатады.
Бағалы қағаздар нарықтық капиталдар ретінде бір жылдан астам мерзімге
ұсынылады. Бұл борышкерлік, сондай-ақ инвестициялық бағалы қағаздар болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздардың атқаратын рөлі бойынша: негізгі (акциялар мен
облигациялар), көмекші (чектер, вексельдер, сертификаттар т.б.) және
негізгі қағаздардың алынуы мен сатылу құқыығын куәландыратын шартты бағалы
қағаздар болып бөлінеді (варранттар, опциондар, қаржылық фьючерстер, сатып
алу құқығының артықшылығы).

1.2 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің
инвестициясының есебі.
Заңды тұлға басқа кәсіпорындардың пакет акциясын, қатысу үлесін алу
арқылы қаржылық салымдарын жүзеге асыруы мүмкін. Салынған қаржылық
салымдардың деңгейіне байланысты олар: не бақылаушы, не қаржылық немесе
субъектінің басқа да саясатына едәуір әсер ететін болып белгіленеді.
Егерде инвестордың қатысу үлесі 50% және оданда көп дауыс беру құқы
бар акциясы болса, онда ол қаржыландыратын объекті бойынша оның бақылауында
болатын және еншіліс серіктестігі болып табылады.
Инвестицияның есебі 14 Инвестициялар бөлімшесінің шоттарында
жүргізіледі, оның құрамына мынадай синтетикалық шоттар кіреді: 141 “Еншілес
серіктестерге салынған инвестициялар”, 142 “Тәуелді серіктестерге салынған
инвестициялар”,143 “Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға салынған
инвестициялар”,144 “Басқа инвестициялар”.
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестердің инвестицияны жүзеге
асыруы
- бірлесіп жасайтын қызметтің бір нысаны, онда бірлескен бақылау қызметін
бекіткен кезде әрбір қатысушы шаруашылық серіктестерге өзінің қатысу
үлесі бойынша топшылаған келісім-шартын жасайды.
Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалар активтерді бірігіп аларды, жасалған
шығындарды таниды және алынған табыстарды анықтайды. Олардың әрқайсысы өз
атынан мәміле жасай алады, өз қызметін қаржыландыру үшін капиталдарды тарта
алады. Бұл кезде бірлескен қызметке қатысушылардың әрқайсысы қызмет
нәтижесінде алынған олжадан өз үлесін алуға құқылы. Бірлесіп бақыланатын
заңды тұлға басқа да бірлескен қызметтерді келесі нысанда жүзеге асыруына
болады:
-бірлесіп бақыланатын өндіріс;
-бірлесіп бақылайтын активтер;
Бірлесіп бақылайтын өндіріс- заңды тұлғаны құрмай тұрып, қатысушылар
өздерінің жалпы шаруашылық мақсатына жету үшін активтерді пайдалануын
топшылайды.
әрбір қатысушы бірлесіп бақыланатын өндіріс бойынша өзіне тиесілі
шығындарын алады және олар алдын-ала өнімді сатудан алған табысты таратудың
тәсілін қарастырып қояды. Осы процестің барысында пайдаланған негізгі
құралдардың, тауарлы-материалдық запастардың және т.б. активтердің құнын әр
қатысушы өз балансында тексереді.
Бірлесіп бақылайтын активтер-жалпы мақсат үшін алынған немесе салынған
активтерді қатысушылар бірлесіп иелік етуді топшылайды. Бұл арада олардың
негізгі қызметі үшін салынған активті барлық қатысушалар теңдей
пайдаланады. Әрбір қатысушының табысы олардың кәсіпорын экономикасына
қосқан үлесі арқылы анықталады. Әрбір қатысушы өзінің қосқан үлесін басқа
қатысушыларға сатуға, тегін беруге құқылы.
Төменде нешілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын серіктестерге
салынған инвестициялар бойынша шоттар корреспонденциясы көрсетілген.

Қа Шаруашылық операцияларының Сомасы
тар мазмұны тенге Дебет Кредит
1 2 3 4 5
1 Еншілес,тәелді және бірлесіп
бақыланатын сетіктестердің
мына игіліктерді салу арқылы
инвестициялары жасалынды:
-тауарлар,нег. Құралдар,
материалдық емес активтер 200 000 141-144 125,101-104,10
-есеп беретін адамдарға 6
берілген соманың есебінен 50 000 141-144
-заңды және жеке тұлғалардан 450 000 141-144 333
671,687
2 Заңды және жеке тұлғалардан 100 000 141-144 727
тегін түскен инвестициялар
3 Тәуелді немесе еншілес 300 000 141-144 542
серіктестер өз активтерін
қайта бағалаудың нәтижесінде
үлестік қатысу сомасы
инвестицияның құнын өсіреді

1.3 Тәуелді жіне еншілес шаруашылық серіктестердің инвестициялық есебі
Тәуелді серіктестік инвесторлардың едәуір ықпал етуінде болады және ол
еншілес шаруашылық серіктестігі де, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғасы да
бола алмайды. Субъектінің қызметіне инвестор едәуір ықпыл етеді, оның
20%-дан астам ғана дауыс беруші акциясы болса да. Тәуелді серіктестер өз
инвестициясын жүзеге асыру үшін мына екі әдістің бірін пайдаланады:
-үлестік қатысу әдісі;
-құндық әдісі (немесе құн әдісі);
Үлестік қатысу әдісі – инвестицияларды иеленген мезетте сатып алу
құнымен көрсетіп, кейінірек тәуелді шаруашылық серіктестердің таза
активтеріндегі өзгерістерді инвестордың үлесі мойындалуына байланысты
олардың құнының өсуін(кемуін) есепке алу әдісі. Тәуелді шаруашылық
серіктестігінің таза кірісінде(шығысында) инвестор үлесінің өзгеруі
қаржылық-шаруаышылқ қызмет туралы есептегі табысқа(шығынға) жатқызылады.
Құн әдісі – инвестицияны алу кезінде сатып алу құны бойынша
көрсетілетін есептік әдіс. Инвестордың қаржылық-шаруашылық қызметінің
нәтижелері туралы есепте инвестиция табысы тәуелді шаруашылық
серіктестігінің жинақталған жалпы табысының сомасынан тиісті девиденттердің
мөлшері алынғаннан кейін барып мойындалады.
Инвестиция сатып алу құны бойынша есептеледі, егер де инвестицияны
жақын арада сату мақсатынад алса немесе инвестицияланған кәсіпорын қатаң
ұзақ мерзімді шектеулі жағдайында әрекет ететін болса, бұл соңғы инвесторға
табысты беру қабілетін біршама төмендетеді. Мұндай шектеулерді тудыратын
себептерінің қатарына: реттеуші органның бақылауында болса, сондай-ақ олар
кәсіпорындағы девиденттерді бөлудің саясатына араласа кәсіпорын өз
қызметін. Девиденттерді аударуға шек қойылған елдерде жүргізуі мүмкін.
Егер де девиденд инвестицияны алынғанға дейін алса, онда ол капиталды
қайтарған болып саналады және инвестордың балансы сол сомаға азаяды.

№ Шаруашылық операциялардың мазмұны Сомасы, Шоттар
тенге корреспонденциясы
дебет Кредит
1 2 3 4
5
1 Заңды тұлғалардан, онда қалыптасқан
(немесе олардан алынған) бағасы
бойынша акциялары сатып алынды: 142 671
-“Темір” ААҚ-33% айналыстағы акциясы3 110 000
-“Цемент” ААҚ-28% айналыстағы 4 600 000
акциясы
2 Бірінші жылдың нәтижесі бойынша
“Цемент” ААҚ 2000 мың девидедті
жария еткен, сондықтан “Шығыс” ААҚ
оны табыс ретінде көрсетуі керек
373333 тенге (2 000 000х28%12), 373333 332 724
яғни инвестицияны алғанға дейін
алынған табыс – 186667 тенге
(2 000 000х28%х412), инвестицияның 186667 332 142
баланстық құнын азайтады
3 Келесі жылдың наурызында сатылған
инвестиция көрініс табады:
-инвестициның баланстық құнының
сомасына 7523333 843 142
-инвестицияны сатқан кездегі, оның
келісім шарттық құнына 8500000 301 723
4 Сатып алушылар ұсынылған шотты 8500000 441 301
төледі

Еншілес шаруашылық серіктестік – негізгі серіктестіктің бақылауында
болатын серіктестік. Бұндай бақылау қаржыландыратын объектінің 50% астам
акциясын тікелей немесе жанама иемденсе жүзеге асуы мүмкін. Еншілес
серіктестердің көрсеткіштері негізгі серіктестердің қаржылық есеп беруінде,
біріктірілген сепе беруінде көрсетіледі, бірақ онда қабылданған есептік
саясаты ескеріледі, сондықтан олар мына екі әдістің бірін пайдалануы
мүмкін:
-үлестік қатысу әдісі;
-ұзақ мерзімді инвестицияны емдеу әдісі.
Негізгі серіктестік өзінің еншілес серіктестігіне инвестициясын бөліп
біріктірілген, қаржылық есеп беруін жасайды, ол кезде барлық жергілікті
және шетелдік еншілес серіктестерді өзіне енгізеді.

2.Бөлім Қаржылық инвестиция
2.1Қаржылық инвестиция есебі
Қаржылық инвестициялардың есебі 40 “Қаржылық инвестициялар”
бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Оған 401 “Акциялар”, 402
“Облигациялар”, 403 “Басқа қаржылық инвестициялар” шоттары кіреді.
403-401 шоттары активті, күрделі, негізгі ьолып табылады. Осы
шоттардың дебетіне қаржылық салымдардың айдың басы мен аяғындағы
қалдықтары, инвестициялардың ұлғаю операциялары; кредит бойынша қаржылық
инвестициялардың кему операциялары жазылады.
Қаржылық инвестициялардың шоттары бойынша талдамалы есеп
инвестициылардың түрлері және осы инвестициялар салынған объектілер бойынша
жүреді.
Қаржылық инвестициялар сатып алу кезінде ол оның сатып алынған
бағасымен бағаланады, ал сатып алынған бағаға алумен байланысты тікелей
шығыстар, яғни брокерлік марапаттауы, банктің көрсеткен қызметі үшңн
төленетін пайыздары, қор биржасының комиссиондық төлемдері кіреді.
Облигация – ұстаушысына өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс
беретін бағалы қағаздардың бір түрі. Облигациясы барлар (ұстаушылар)
эмитенттің (акционерлік қоғам, мемлекеттік муниципалды органдар)
облигацияны швғарушының кредиторы болып табылады.
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша
есептеулерді келесі мысалдармен көрсетейік:
1. Облигация, номиналдық құны бойынша шығарылған. Кәсіпорын 1млн. тенге
тұратын, әр қайсыс мың тенгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды делік,
бұл арада эмитент үш жылдық мерзімге, әр үш ай сайын, жылдық деңгейден
есептелген 20% төлем жасап тұруға міндеттенген. Сатып алынған
облигациялардың құнына:
402-ші “Облигациялар” шоты дебеттеледі де 441 шоты кредиттеледі – 1000
000 тенге.
2. Сыйақысымен шығарылған облигация. Эмитент 1000 000 тенге сомаға
әрқайсысы 1000 тенге тұратын, 2 жылдық мерзімге арналған, жылына 2рет
жылдық 25% -ік міндетті түрде төлемін жасап отыратын облигацияның 1000
данасын басып шығарады. Инвестор-кәсіпорын облигациялардың нарықтық құны
хабарланған номиналдан 3% артық немесе 1 030 тенгеден астам болған кезде
табыс табу үмітімен оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы
орташа төлеммен (нарықтық проценттік ставка 22%) салыстырғанда неғұрлым
жоғары процнттер төлемі жөнінде хабарлаған болатын.
Депозиттер – бос ақша қаражаттарының банктердегі салымдары.
Бондар – мемлекеттік қазына, жекелеген мекемелер мен кәсіпорындар
шығаратын қарыздық міндеттемелері. Бондарды сатып алу және сату қаражаттары
суррогаттарының есебінде қолдана алады.
Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қысқа мерзімді міндеттемелердің
түрі; олардың пайыздық купондары болмайды.
Қазыналық ноталар – қазыналық эмиссия тәртібі бойынша шығарылатын
ақшалардың түрі. Қазыналық билеттердің синонимі (асыл металдармен
қамтамасыздандырылмаған және алтын мен күміске ауыстырылуға жатпайды);
ұсыну үшін шығарылатын мемлекеттік міндеттемелердің орташа мерзімділігінің
бір түрі.
Опцион – опциондық контрактінің нәтижесі болып табылатын бағалы қағаз,
соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы қағаздарды
алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуын немесе сатуына құқығы бар
қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақщалай сыйақы алу үшін қажет
болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы бойынша
сатуға немесе сатып алуға құқы бар.

2.2 Қысқа және ұзақ мерзімді инвестиция есебі
Қысқа мерзімді мерзімді қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста:
не ағымдағы құнымен, не сатып алу құнымен немесе ағымдағы құнының ең
төменгі бағасымен есептелінеді.
Егерле қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы (нарықтық)
құнымен есептелінсе, онда тұрақты түрде кезеңдік өзгерістерін ескеріп
отыруға тура келеді, мысалға, қор биржасындағы инвестицияның котировкасы
сияқты.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестиция өссе, онда ол табыс болып
танылады, ал керісінше өзгерсе, онда ол шығыс ьолып танылады.
Егер де қысқа мерзімді қаржылық инвестиция ағымдағы бағадан жоғары
немесе сатып алу құн,ының ең төменгі бағасымен алынса, онда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық бизнес - жоспар
Нақты және қаржылық инвестициялардың ұғымы және олардың жіктелуі
Қаржылық инвестиция есебі туралы ақпарат
Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестік
Инвестициялардың есебі
Қысқа және ұзақ мерзімді инвестиция есебі
Ұңғымалардың құрылысын жобалау
Қаржылық есеп беру туралы сипаттама
Қаржылық салымдар есебі
Инвестицияландыруға қатысу сипаты
Пәндер