Монополиялық фирманың тауарына салық салу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 МОНОПОЛИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІСІ . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Монополия және монополиялық билік . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Мемлекет тарапынан монополияны реттеу . . .
3: 12
КІРІСПЕ . . .: 2 МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ ЖҰМЫСЫ ҚАҒИДАТЫНЫҢ АЙҚЫНДЫҒЫ МЕН АНЫҚТЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ . . .
3: 16
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Қолданыстағы монополияға қарсы заңнаманы бәсекелестік құқықтық халықаралық стандартына сәйкес келтіру . . .
3: 16
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Субъектінің монополистік тәртібін және мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін болдырмау . . .
3: 26
КІРІСПЕ . . .: 3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТ . . .
3: 30
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 39
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
3: 41

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Монополияға қарсы реттеу мемлекеттің бәсеке ережелерін қалыптастырып, оны жүзеге асыратын бірден бір экономикалық саясат. Қазақстанның экономикалық дамуындағы негізгі бағыттарының бірі бәсекені қорғау мен монополиялық қызметті реттеу болып табылады. Монополияға қарсы саясат ең бірінші, бәсекенің дамуына туғызу мен тұтынушылардың құқығын қорауға бағытталады. Мемлекет монополизмнің қауіптілігімен бәсекені шектеудің кері әсерін қадағалап отырады. Бұл саясат екі жақты: бір жағынан, монополистердің көп пайда табуға ұмтылыстарын тежеуге, екінші жағынан, нарық қатынастарында бәсекенің дамуын ынталандыруға арналады. Барлық елдерде өзінің технологиялық артықшылықтары мен ерекшеліктеріне байланысты бәсеке жағдайы болуы мүмкін емес немесе сол нарықтың біршама бөлігіне ие болатын кәсіпорындар болады. Осындай кәсіпорындар монополист кәсіпорындар деп аталады. Монополист кәсіпорындар табиғи монополия субъектілері және белгілі бір тауар рыногында үстем жағдайға ие субъектілер болып екі түрге бөлінеді. Монополизм үнемі және жалпы нарыққа кері әсерін тигізеді деуге болмайды, сондықтан монополияға қарсы саясат барлық монополизмге қарсы емес, ол тек нарық құұрылымдарын бұзып, нарық заңдарын өз мүдделері үшін пайдаланғысы келетін монополияға қарсы саясат жүргізеді.

Тауар нарығы мен бәсекені дамытуға, монополиялық қызмет пен жосықсыз бәсекенің алдын алу, шектеу мен тыюға бағытталған мемлекеттік саясаттың іс шараларын жүзегее асыратын Қазақстан Республикасының монополияға қарсы саясат жүргізетін органы болып саналады. Өазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу Агенттігі Қазақстан Республикасының Үкіметінің құрамына енбейтін орталық атқару органы болып есептеледі. Монополияға қарсы саясат жүргізу рганы басынан бастап он шақты рет реформаларға шалынды. Соңғы реформа нәтижесінде бұл агенттік күрделі өзгеріске ұшырады.

Табиғи монополистердің қызметін реттеу мәселесімен табиғи монополияны реттеу Агенттігі шұғылданады да л, тауар нарығында үстем жағдайда тұрған монополистер қызметін реттеу мәселесі индустрия және сауда министірлігіне қарайтын бәсекелестікті қорғау комитетіне жүктелді. Мемлекет әр нарыққа тиісті экономикалық іс - шаралардың тәртібін жасап, оны жүзеге асырып отырады.

Кейбір жағдайларда табиғи монополия саласында кәдімгі бәсеке миханизмі жұмыс істемеуі мүмкін. Қаланың барлық объектілерін газбен қамтамасыз ететін жалғыз өндірушінің шығындары, дәл осындай қызмет көрсететін бірнеше компаниялар шығынынан аз болуы мүмкін. Ол компания жалғыз өндіруші болғандықтан, үкімет олардың өз қызметіне баға белгілеуін реттеп отырады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының табиғи монополияны реттеу агенттігінің негізгі міндеттері табиғи монополия субъектілерінің ісін реттеу және бақылау, мемлекеттік және табиғи монополия субъектілерінің істерінің аясында тұтынушылардың құқығын қорғау, мемлекеттік мекемелердің ақылы қызмет көрсету ережелерін бақылау, мемлекеттік монополияға жататын мемлекеттік мекемелердің істерін қадағалау болып табылады. Республикадағы монополияға қарсы саясат жүргізуші органның қызметтеріне табиғи монополияны реттейтін мемлекеттік саясатты, мемлекеттік монополияны реттейтін мемлекеттік саясатты қалыптастыру, нормативтік - құқықтық актілер мен заңдарды жетілдіру, қосарлас құрылымдарды құру, тауар нарығындағы үстем жағдайға ие заңды тұлғаларды бөлу жөнінде ұсыныстар жасау сияқты стратегиялық шаралар жасалады. Сондай ақ монополияға қарсы орган тиісті мемлекеттік органдарға қаралуы міндетті мынандай: 1) жеткілікті бәсеке жоқ, сондай ақ басым дамытуды талап ететін салаларда баға саясатын жетілдіру туралы, соның ішінде монополиялық қымбат бағаларды болғызбау мақсатында Қазаұстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен тауарларға тіркелген мемлекеттік базалар белгілеу туралы, 2) инвесторлар тарту және бірлескен кәсіпорындар ашу туралы, міндетті лицензиялауды енгізу, рынл\ок субъектілері монополияға қарсы заңдарды бұзған жағдайда, олардың экспорт импорт операцияларына тыйым салу және кеден баждарын жетілдіру туралы қсыныстар енгізеді .

Мемлекеттік монополияға қарсы саясатын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы территориясында экономикалқ кеңістіктің бірыңғайлылығын қалыптастыру, коммерциялық ұйымдардың бірігулері, құрылуы және топтасулары, ірі көлемдегі акция пакетін және басқа активтерді иелену процестері ашық түрін жүруін қамтамасыз ету, жосықсыз бәсекенің алдын алу мен тыюға бағытталған жұмыстарды жандандыру негізгі мақсат болып табылады .

Өндіріс пен капиталдың шоғырландыруы және монополияның өсуі ірі капиталдың экономикалық қуатын арттырады, капитал арқылы олардың саяси ықпалы да күшейеді . Экономиканы мемлекет тарапынан басқаруда билікті дұрыс пайдалану Қазақстан халқының тұрмыс тіршілігін одан әрі арттырады. Парасатты саясат еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына кепілдік береді .

1. МОНОПОЛИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКЕТІСІ

1. 1 Монополия және монополиялық билік

Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайдады ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.

Бәсекелесу деген сөздің өзі экономикалық пайданы бөлу және тұтынушының тандауының бар екендігін көрсетеді. Дәл осы себептен де өндірушілер тұтынушының сұранысьш арттыру үшін әрекеттер жасайды. Ал монополия жағдайьшда тұтінушының алдьнда бір ғана ірі өндіруші тұрады. Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистің өнімін пайдаланып, оның тағайындағын бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистін үлкен билікке ие болуына оның тауарының ерекшеленуімен қатар, осы тауардың алмастырушысы аз болуы да әсерін тигізеді. Бұл 1. 1-суретте бейнеленген.

Монополияның ерекшеліктері .

Берілген тауарды өндіретін тек бір ғана жеке фирма бар және осы тауарды ауыстыратын басқа тауарлар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық - монополия, ал фирма - монополист деп аталады . Монополист берілген тауарды өндіретін жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бір мезгілде нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының бағасын анықтайды. Монополист өзінің ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары деңгейде белгілейді және де бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерін тигізе алса, онда ол монополиялық билікке ие болады деп айта аламыз.

Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық билігі орнықса, онда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді. Сондықтан да дүние жүзінің көптеген елдерінде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл зандарға қарамастан әлемнің барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар. Экономикалық түрғыдан қарағанда тиімді болады деп есептелетін кейбір нарықтарды монополиялауға да мүмкіндіктер туғызылады. Оларды монополиялық нарыққа енудің тосқауылы деп атайды. Және де олар кез келген жаңа өндірушінін, нарыққа кіруіне мүмкіндік бермейді.

Бұл шектеулер төмендегідей:

  1. ірі өндірістің басымдылығы;
  2. легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін өкіметтен алынған ерекше ерекше құқықтар) ;

3) бәскелесуді әділетсіз жүргізу.

Ірі өндірушілердің үсақ өндірушілермен саластырғанда өте көп артықшылықтары бар. Мысалы, ұсақ бәсекелестердің шикізат көзіне, несиеге, нарықтық ортаға шығуына ірі өндірушілер тосқауыл қоя алады.

Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары үсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатна практика жүзінде дөлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.

Монополияны тек қана экономикалық шектеулер емес, сонымен қатар құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрі - жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін шикізат болса, онда бұл фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса, онда ол өзіне берілетін ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Легальды тосқауылдың негізгі мәнін былай түсінуге болады. патентің болса - құқығың бар, ал патент жоқ болса - құқығың да жоқ. Бұл жағдайдың біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор, өйткені Кеңес үкіметі кезіндегі ойлап тапқан жаңалықтардың көбінің мемлекетаралык патенті жоқ болды, сондықтан да бұл жаңалықтарды шет елдің адамдары тегін пайдалануда.

Легальды тосқауылдың тағы бір түрі жеке өндірушіге мемлекет тарапынан белгілі бір тауарды өндіруге ерекше түрде (монополиялық) құқық беру. Бұндай жағдайда елдің үлттық қауіпсіздігі көзделеді. Көп жағдайда арақ-шарап өнімдері, қару-жарақ шығару, дөрі-дөрмек шығаруда қолданылатын есірткілік заттар бір мемлекеттік фирмада өндіріледі.

Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі -демпинг - бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік қүнынан төмен бағамен сату. Ірі фирмалар - олар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Ұсақ фирма шыдамай нарықтан кеткен соқ, ірі фирма бағаны көтере отырып, өз шығынын қайтарып алады. Өкімет тарапынан бәсекені әділетсіз жүргізу қадағаланады.

Нарықты монополиялаудың негізгі себептеріне байланысты монополияның төмендегідей түрлері болады:

1) Жабық монополпя. Ол бәсекелестіктен заңды шектеулер көмегімен қорғалған.

2) Табиғи монополия. Белгілі бір көлемдегі өнімді бір фирмада өндіру, оны екі немесе одан да көп фирмаларда өндіргеннен арзанға түсетін өндіріс саласы.

3) Ашық монополия. Берілген тауарды өндіретін тек қана бір фирма болып және оның бәсекелестіктен ешқандай арнайы қорғанышы жоқ болатын жағдай.

Монополистің өнім көлемін белгілеуі

Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты - пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясьш көрсетеді:

Р = Р(Q) (1) .

Жалпы жағдағда сұраныстың икемділік коэффициенті Е<0 , демек монополиялық нарықта тауардың бағасы өңдірістің шекті шығынына қарағанда жоғары болады, яғни Р>МС . Монополиялық нарықта Р = МС теңдігі Е = 0 болғанда ғана орын алады, ал басқа жағдайларда Р > МС. Бұл монополистің белгілейтін бағасы шекті шығыннаң сұраныс икемділігіне кері пропорционал шамаға артық болатының көрсетеді. Шекті түсімнің формуласынан, монополист өндірушінің жалпы табысы тауардың бағасы мен сұраныс икемділігіне байланысты екенін көрдік. Осы байланысты талдау үшін, сұраныс икемділігі өзгеруіне сәйкес жалпы табыстың қалай өзгеретінін сипатгайтын кесте, құрамыз.

Кесте 1 - монополистің сұраныс қисығы

Сұраныс икемділігі
Шекті түсім, МR
Жалпы түсім, ТR
Сұраныс икемділігі: 1. Икемді сұраныс
Шекті түсім, МR: МR>0
Жалпы түсім, ТR: ТR өседі
Сұраныс икемділігі:
Сұраныс икемділігі: 2. Сұраныстың бірлік икемділігі Е=-1
Шекті түсім, МR: МR=0
Жалпы түсім, ТR: ТR ең жоғары деңгейге жетеді
Сұраныс икемділігі: 3. Икемсіз сұраныс -1<Е<0
Шекті түсім, МR: МR<0
Жалпы түсім, ТR: ТR төмендейді

Егер монополистің сұраныс қисығы түзу формада болса, онда шекті түсім қисығы қөлденең осьте сұраныс қисығының жартысын қиып өтеді. Бұл ереже сұраныс қисығы түзуден өзге формада болатын жағдайда қолданылмайды. Ешқандай өндіріс шығынсыз шекті шығындары өңдірістің кез келген көлемі үшін МС>0 болады.

Монополист барынша көп пайдаға МС= МR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын, жағдайды көздейді, яғни МR >0 немесе Р(1+1/Е р ) >0.

Егер өнімге деген сұраныс икемді болса, шекті табыс оң болады, яғни - ∞<Е<-1.

Монополистің өніміне деген сұраныс икемсіз болған жағдайда, MR = MC теңдігі кез келген өндіріс көлеміне қатысты болмайды. Алынған нәтиже маңызды қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Монополист өндіруші енім шығару және оны сату келемін өзінің өніміне сұраныс икемді болғанда ғана кеңейте түседі.

Енді, монополистін, ұтымды өндіріс көлеміне қатысты шешімін анықтаймыз. Тапсырманың берілуінде екі белгісіз шама - баға мен өнім көлемі бар екенін ескеруіміз керек. Осы себептен пайданы барынша кебейту есебінің шешуі 2 кезеңнен тұрады. Бірінші кезенде, шығарылатын өнімнің үтымды көлемі (<Q m ), ал екінші кезенде тауардың монополиялық нарық бағасы (Р m ) анықталады. Берілген есептің графиктік шешімін көрсетеміз.

1. Пайданы барынша көбейту шартын пайдалана отырып, МR= МС болғанда шығарылатын үтымды өнімнің санын анықтаймыа Суретте ол Q m көлеміне сәйкес келеді. Екінші кезенде монополиялық нарық бағасы анықталады. Ол үшін өндіріс кагемі мен ( Q m ) сұраныс қисығының АR қиылысу нүктесін тапса болганы. 1. 2-суретте нарықтың монополиялық бағасы Р т әрпімен көрсетілген. Бағаның Р т нүктесінен кез келген ауытқуы монополистің пайдасын көбейтпейді. Мысалы, егер монополист бағаны Р 1 деңгейінде белгілесе, онда берілген баға мен Q 2 көлемі үшін шекті түсім шекті шығындардан жоғары болады. Демек, өнім шығаруды көбейтсе, онда жалпы пайда да көбейеді

1. 2 - сурет Монополистің пайдасын барынша көбейту .

Монополиялық өндіруші әрдайым экономикалық пайда ала бермейді. Экономикалық пайда табу мүмкіндігі сұраныс қисығы мен орташа жалпы шығын қисығының бір-біріне қатысты қалай орналасқанына байланысты болады.

Монополиялық биліктің көрсеткіштері

Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына өсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың нарықтағы бағасына әсерін тигізге және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда біз жеке өндірушінін, монополиялық билігінің екендігін айтамыз. Ал монополиялық биліктің күшін бағалау үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады:

L=P-MC/P (2) .

Берілген коэффициент нарықтағы тауардың бағасьның шекті шығындардан ауытқу деңгейін анықтайдs және оның мәні 0-ден 1-ге дейін өзгеріп отырады.

Көрсеткіштің мәні неғұрлым жоғары болса, монополиялық билік солғүрлым күшті болады. Монополистің тепе-тендік жағдайында:

Р {1/Е+1}=МС екенін біле отырып, Лернер көрсеткішін мына түрде де жазуға болады:

L=P-MC/P=-1/E

Бұдан байқайтынымыз: монополиялық биліктің күші, басқа жағдайларды түрақты деп үйғарғанда, сұраныс икемділігіне кері пропорционалды болады, демек, өнімге деген сүраныс икемсіз болғанда монополиялық билік күшейе түседі.

Нарықты монополиялаудың белгілері

Нарықты монополиялаудың екі негізгі белгісі бар. Олар мыналар:

  1. бір фирманың қолында нарьтқтың үлкен бөлігінің шоғырлануы;
  2. ірі фирмалардың бәсекелестерімен байланысы ;

Мемлекет өндірістің шоғырлану деңгейін анықтағанда үш көрсеткішке жүгінеді: айналым мөлшері, жұмыспен қамтылғандар саны және капитал мөлшері. Монополияға қарсы саясатшылдардың көзқарасымен қарағанда ең негізгі көрсеткіш болып айналым мөлшері есептеледі. Бұл мөлшер тауар ұсынысының қай бөлігі бір фирманың қолында шоғырланғанын көрсетеді. Ірі фирмалардың нарықтык үлесін анықтау үшін экономистер бірнеше индекстерді пайдаланады. Соның бірі - Херфиндаль-Хиршман индексі (I hh )

I hh =(х 1 ) 2 +(х 2 ) 2 + . . . +(х n ) 2 (3) .

мұнда, х 1 - % түрінде көрсетілген саладағы фирмалардsң әрқайсының үлесі. Индекстің мәні үлкен болған сайын саладағы фирмаларды шоғырлану деңгейі жоғары болады.

Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері

Нақты өмірде фирма басқарушыларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектелуі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан, олар МR= МСболғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны аңықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шыфғандарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төменгідей тәсілмен есептеледі:

Р=МС/1+1/Е (4) .

Ұзақ мерзімді кезеңдегі монополиялық тепе-тендік

Жетілген бәсекелестік моделін қарастырғанда біз осы нарықтағы фирмалар саны уақыт ағымында өзгермесе, онда осы салада үзақ мерзімді кезңде тепе-теңдік орнығады деп аңықталық. Бұл жағдайға жететін басты шарты осы нарықта жұмыс істейтін фирмалардың оң экорномикалық пайдасынынң болмауы.

Ұзақ мерзімді кезенде монополиялық тепе-тендікті зерттеу, келесі сұрақтардың мазмұнын түсінумен тығыз байланысты:

  1. қпандай жағдайларда жалғыз өндіруші ұзақ уақыт кезеңінде өзінің нарықтағы монополиялық билігін сақтай алады,
  2. егер салада ұзақ мерзімді кезенде тепе-тендік орнаса, онда монополист бірнеше зауыттар салу арқылы өндіріс ауқымын кеңейтуге қандай объективті күштер интермелейді.

Ұзақ мерзімді монополиялық тепе-тендікке жетудің негізгі шарты жеке өнім өңдірушінің оң экономикалық пайда табуға мүмкіндігі болуы. Тек осы жағдайда ғана өнім өндіруші өз нарығын басқа өндірушілердің еркін ағынынан қорғай алады. Экономикалық пайда алу мүмкіндігі өңдірістің орташа шығындарымен монополиялық бағаның арақатынастырына байланысты. Тауардың бағасы монополистің ұзақ мерзімдегі орташа шығындарынң жоғары болған жағдайда ғана, өндіруші оң экономикалық пайда болады.

Бір зауытпен жұмыс істейтін монополия

Монополистің алдында үзақ мерзімді кезенде өнім шығару көлемін арттыру мақсаты тұр делік. Бұл мақсатты ол екі жолмен шеше алады. Біріншісі, зауыттың өндіру қуатын кеңейту, ал екінші жолы екінші, үшінші т. б. зауыттарды салу. Бір зауытпен жұмыс істейтін монополистің іс-әрекетімен кеңірек танысайық. Ұзақ мерзімде монополист өндіретін өнімінің үтымды санын үзақ мерзімдегі шекті шығынның шекті түсімге тең болған жағдайында анықтайды :

LRMC = MR (5) .

Өнім шығару көлемін ұлғайтумен үзақ мерзімді орташа шығындардың азаюы қатар жүріп отырған жағдайда монополист тек қана бір зауытта өнім өндіреді. Өндіріс шығындары LRAC - ға қарағанда жоғары болып тұрғанда, монополист өндіріс ауқымының тиімділігін дұрыс пайдалана алмайды, демек оған 2-зауытты салудың керегі де жоқ. Басқаша айтқанда, LRMC<LRAC болғанша монополист бір зауытпен жұмыс жасайды .

Егер, одан өнім шығару орташа шығындардың өсуіне әкеліп соқтырса, онда монополистке бір ғана зауытты пайдалану тиімсіз болады. Бүндай жағдайларда монополист көбінесе екінші зауыт салу туралы шешім кабылдайды.

Нәтижесінде, өндіріс көлемі айтарлықтай өседі, бірақ өндірістің орташа шығындары LRАС min деңгейінде болады. Жалпы жағдайда монополист өндірісте (МR) шекті түсім LRAC min -га тек болған жағдайға сәйкес келетін өнім көлемін шығарады және бүл кезде бірнеше зауытта өнім өндіреді. Сонымен қатар осы зауытгардың әрқайсысында шығарылатын өнім көлемі LRAC min -ға сәйкес келуі керек, басқаша айтқанда Q*-ге бөлінетіндей шама болу керек. Монополист өндірісті, зауыттардың әрқайсысында өнім шығару кезінде шекті шығындары шекті түсіміне тең болатьгадай етіп орналыстырады:

LRAC min = LRMC = MR (6) .

Монополиялық биліктің әлеуметтік шығындары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсеке туралы
Монополия және монополиялық билік туралы
Жетілген бәсеке нарығы мен монополиялық бәсеке нарығына теориялық талдау жасау
Монополиялық бәсеке нарығы және монополиялық билік
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
МОНОПОЛИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Монополия. Монополиялық билік пен бәсеке
Монополия және монополиялық тепе-теңдік
Монополиялық бәсеке туралы түсінік
Монополиялық бәсеке
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz