Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

бет
Кіріспе
2
І. Мемлмкеттік бюджеттің экономикалық мазмұны

1.1. Бюджет және мемлекеттік бюджеттің экономикалық
мазмұны мен белгілері
3
1.2. Бюджеттің қызмет етуінің формалары

1.3. Бюджет – мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
5
1.4. Мемлекеттік бюджеттің қызметтері
7
ІІ. Мемлекеттік бюджет мемлекетті басқару құралы ретінде

2.1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің
рөлі мен мәні
10
2.2. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні
12
2.3. Бюджеттің жалпымемлекеттік бақылау құралы ретіндегі
рөлі мен мәні
13

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйенің даму
мәселелері

3.1. Бюджеттік жүйенің экономикалық мазмұны және қызмет
ету принциптері
15
3.2. Қазақстан республикасындағы мемлекеттік бюджеттің
жағдайы
17
3.3. Жамбыл облысындағы мемлекеттік бюджетке баға беру
18
Қорытынды
23
Қолданылған әдебиеттер тізімі
24

КІРІСПЕ

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше
тұрған экономикалық категория.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және
саясаттық қызметтерін орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті.
Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай
категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы
басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан
басқа формацияға ауысса өздерінің мазмұнын өзгертпейді.
Нарықта бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі
болғандықтан, ол сол қаржының барлық негізі, сапалы сипаттамаларына
сай. Басқаша айтқанда, егер қаржы жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі
болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру
және пайдалану процесі, онда бюджет өз алдына ақша қарым-қатынас
жүйесін құрады, яғни бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану
процесі.
Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары.
Мемлекеттік бюджет жұмсалатын шығындардың негізгі каналдары мен
көздері бойынша мемлекеттің табыстары мен шығындарының толық сметасы,
балансы. Бюджет табыс пен шығыстың тепе-теңдігі. Басқаша айтқанда,
мемлекеттік бюджет – ақша ресурстарының орталықтандырылған қоры.
Мемлекет өндірістік сипаттағы инфрақұрылымды дамытумен
байланысты салалардың (жол, көлік, байланыс ) шығындарын
қаржыландырады. Мемлекеттік шығындардың басты статьясы – білім беру
мен денсаулық сақтауға байланыстыжұмсалатын шығындар. Сонымен қатар,
мемлекеттік бюджет - әлеуметтік шығындарды қаржыландырудың басты көзі.
Мемлекеттік бюджеттің табыс бөлігі негізіненсалық
түсімдерінен құралады.
Мемлекеттік бюджетті өзінің ұйымдастырушылық қызметін іске
асырудың маңызды құралы ретінде қолданып, оны экономиканы
басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Мемлекеттің барлық қаржы
жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі бюджеттік жүйе болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты – мемлекеттік бюджеттің
маңыздылығын, оның ішінде : бюджетті жоспарлау, қалыптастыру және
атқару аумағындағы мәселелермен таныс болу.
Курстық жұмыстың міндеттері :
- Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны ;
- Мемлекеттік бюджет экономиканы басқару құралы ретінде ;
- Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйенің даму мәселелері .
І. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1.1. Бюджет және мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны мен
белгілері

Бюджет – ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше
тұрған экономикалық категория.Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана
абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі
дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық
байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы
салаларды бөліп шығаруға болады.Сондай бір ерекше байланыс қоғмдық
құндылық өнім бөлу аумағында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар
арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық
қарым-қатынастың жалпы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен
болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы
мемлмкеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша
қаражаттар қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты. Осындай
барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің
экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодедексінің 4-бабында
бюджетке келесідей түсінік берілген : Бюджет – ол мемлекеттің
міндеттері мен қызметтерін іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге
арналған оның орталықтандырылған ақша қоры. Бюджеттің формасы –
қаржылық жоспар, материалдық негізі – орталықтандырылған қор,
экономикалық негізі – жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық
белсендіруі – заң .
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және
саясаттық қызметтерін орындауға объективтік ақшалай түрде қажетті.
Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай
категориялардан қалыптасады, яғни салық, зайымдар, шығын және тағы
басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан
басқа формацияға ауысса өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым
бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді.Сондықтан, бюджеттің
экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша
түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-
қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол
қаржының барлық негізі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда,
егер қаржы жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік
орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі,
онда бюджет өз алдына ақша қарым-қатынас жүйесін құрады, яғни
бюджеттік қорды қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор
көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды ( әлеуметтік, қорғаныс, т.б. )
қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет ( заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми
мақалалар ) беттерінде бюджет термині әр түрлі ұғымда
пайдаланылады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында
немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде.
Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей
анықтама берілген : бюджет – ол қаржылық жоспар; бюджет – ол
басқарушылық жоспар; бюджет – ол заңнамалық құжат; бюджет – ол
коммуникация құралы; бюджет – ол бюджеттік салық саясаты дәлелдейтін
құжат деген. Бірақ, бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең,
себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі қызметтері,
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалды саясаттың
көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен
ережелер кіреді.
Бюджет деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей
түсініктемелерден қалыптасады деп айтуға болады :
- ол өз алдына жек бір экономикалық категория;
- ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- ол экономиканы реттеуге арналған құрал ( бюджеттік механизм
арқылы );
- ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- ол юбарлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті
түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективтік
түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы азаматтың
субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық
өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің
табиғаты мен қызметтерінен туатын объективтік қажеттілікке
байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық
және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарлаған
шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және
қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, бюджет кодексінде мемлекеттік бюджетке мынадай түсінік
берілген – ол республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы
қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат
ретіндегі пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын
жалпы бюджет . Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет термині – мемлекет
құрастыратын және орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да
пайдаланады.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық
міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді
қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің
дамуы мен ұлғайтуының шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық
өндірістің салаліқ және аумақтық құрылымын жетілдіру
қаражаттандырылады, ұжымдық шығындар ( білім беру, денсаулық сақтау,
әлеуметтік сала ) және басқа да шығындар қамтамасыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы
белгілермен сипатталады:
1. Бөлулік қарым-қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни
мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны
қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
2. Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық
іс-әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
3. Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы
қаржылық қарым-қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен байланысты
болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім
қозғалысымен тікелей байланыста емес және одан белгілі мөлшерде
бөлек атқарылады;
4. Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи
кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстары мен
міндеттемелері бойынша анықталады;
5. Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен
өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу
бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен
экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша
қаражаттарымен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір
экономикалық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді
және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-
қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры –
бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты
экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан
ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет
ресурстары) – ол мемлекет тарапына, оның жалпымемлекеттік қызметтерін
орындауға арналған, құндылық бөлу сатыларын өткен, объективтік
экономикалық формадағы қоғамдық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының
белгілі-бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен
пайдалану – құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол
құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.

1.2. Бюджеттің қызмет етуінің формалары

Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша
қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және
ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде
жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі
өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде
көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл
категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс – мемлекетті
бюджеттік ресурстармен ( қажетті ақша қаражаттарымен ) қамтамасыз
етуге арналған, ал шығыс – жалпымемлекеттік қызметтер орындауды
қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған.
Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің
түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет
тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер
пайдаланады. Негізінде, бұл мемлекеттің арнайы заңнамалық актілер
қабылдау арқылы ретейтін бюджеттік қарым-қатынастың белгілі
формалары.
Алайда, мемлекеттік бюджет ішкі өнімді құндылық бөлу мен
қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа да
қатысушылар арасында болатын ақша қарым-қатынасқа байланысты
экономикалық категория. Бұл қарым-қатынас мемлекет ақша
қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру және оны
экономиканың дамуы мен қоғамдық мүдделерді қамтамасыз етуге
пайдалану жолдары арқылы іске асырылады.

1.3. Бюджет – мемлекттің қаржылық жоспары ретінде

Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және
экономикалық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген
меншік формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап
етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам-
жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша
қаражаттары орталықтандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен
бюджеттік байланыстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік
байланыстардың арнайы қаржы құжатында – бюджетте, яғни мемлекеттің
негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің
экономикалық мазмұнын қарайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары
мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану
бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы
жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады,
себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және
оларды орындайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады.Қазақстан
Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет
жөніндегі Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының
көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа
да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан,
көбінесе соларды анықтайды. Ол мемлекеттік бюджеттің жалпы
экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шарттасты, яғни негізгі
қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады.
Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік
бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық
субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар
айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттік бюджеттік-салық саясатында қаржылық жоспар – бюджет
арқылы іске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты – ол
халықтың ауқаттылығын жоғарылату мен экономикалық дамуды қамтамасыз
етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат – еліміздегі жұмыссыздықты
қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай
мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы
экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік
қаржы басқарудың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет
тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік
шығыс табылады.

1.4. Мемлекеттік бюджеттің қызметтері

Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы
қасиеттерімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс
жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік қызметтерге сәйкес.
Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және
бақылау қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, қаржы категориясына
қарғанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі қызметтер
атқаруы тәнті:
- Ұлттық табысты қайта бөлу;
- әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
- экономиканы реттеу мен ынталандыру;
- ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен
пайдалануын бақылау.
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы
ретінде мемлекеттік бюджет осы қызмет арқылы өзінің экономикалық
маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс қызмет арқылы мемлекет ауқымында
ақша қаражаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты
қанағаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау қызметі
мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі,
орталықтандырылған қаражаттар бөлуіндегі пропорциялар жағдайы , сол
қаражаттар үнемі және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау қызметтері бір-бірінен
бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі
бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу қызметінің мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар,
экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен
анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар
ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық
басқарудың әр деңгейінде іске асыра алмайды.
Бөлу қызметін ішкі өнімнің бөлінген құнын қайта бөлуге
пайдалануының кең тарауы бірден мемлекеттік бюджет арқылы ұлттық
табыстың белгілі бір бөлігін бірнеше қайта бөлуге әкеледі. Ақша
қаражаттарының ағыны бюджетпен кәсіпорындардың өзара қатынастарының
өзгерістері арқылы ең алдымен өзара байланыстарды өзгертеді, сонымен
қатар бюджеттің экономикаға тигізетін әсерінің дәрежесін тек сандық
үйлесімдермен анықтамай, олардың экономика процестерінің дамуы мен
еліміздің қаржы ресурстарының өсуіне әсерлі болады. Сондықтан,
бюджеттің бөлу қызметі экономиканың құндық құрылымын реттеуде,
салалық және аумақтық үйлесімдерді жетілдіруде, мемлекет ішіндегі
және мемлекетаралық деңгейдегі интеграциялық процестерді ұлғайтуда
кеңінен пайдаланады.
Бюджеттің бақылау қызметінің негізін бюджеттік түсімдер мен
шығындар көрсеткіштері арқылы бюджеттік ресурстар қозғалысы қалайды.
Мысалы, бюджетке уақытында немесе толық төленбеген салықтар мен
түсімдер экономиканың кейбір салаларында даму қарқыны төмендегеннің
белгісі жатады. Егер бюджет тарапынан қарастырылған қаражаттар толық
көлемде пайдаланбаса, онда экономика салалары мен іс-әрекет
салаларда экономикалық коньюктура қажетті деңгейде еместігі.
Сондықтан, бюджеттік көрсеткіштер экономикадағы осындай кемшіліктерді
көрсете отырып, сол кемшіліктерді жою мен бұзылған қаржылық тәртіпті
қалпына қайта келтіруге бағытталған нақты шара қарастырып қолдануға
негіз болады.
Бюджеттің бақылау қызметі бәрін қамтушы сипатқа ие. Бұл
қызмет экономиканың барлық салалары мен қоғамдық өндірістің барлық
қатысушыларына жайылған. Дегенмен, бюджетке елдің барлық қаржы
ресурстары жиналмаса да, ол бақылау қызметке экономиканың жалпы
қаржылық ахуалы жөнінде хабар беруге кедергі болмайды.
Қазіргі заманның шарттарына сәйкес бюджеттің бақылау қызметі
де өзгеруде, себебі ол өз мақсаттарын іске асыруға кең тараған
ақпарат пайдалану, автоматталған жүйелер, қаржылық есептемелер,
компьютерлер қолдану негіздерінде көп мүмкіншілік алады.
Мемлекеттік бюджет категориясы объективті болғандықтан оның
қызметтері де объективті. Бюджет қызметтерін бірден оның ішкі
потенциалдық қабілеттілігінен түсіну қажет, себебі ол ( қабілеттілік )
өзін тек міндетті түрде бюджеттік қатынасы бар қоғамдық қарым-
қатынастың белгілі саласында көрініс табады. Сондықтан, бюджетке
тәнті қасиеттер көрінісі, оларды бөлу мен бақылау құралдары ретінде
пайдалануы тек адамша іс-әрекет процесінде мүмкін, ал ол мүмкіндік
мемлекет жасаған бюджеттік механизм арқылы іске асырылады.
Бюджеттік механизм, бюджеттік саясатты шынайы түрде іске
асырушы болып, бюджеттік қатынастарды нақты түрде экономикалық және
әлеуметтік сауалдарды шешуге бағытталады. Бұл арада бюджет іс-
әрекетінің объективтік және субъективтік жақтарының арасындағы
арақатынасты дұрыс түсіну қажет, себебі бюджеттің және оның
қызметтерінің объективтік сипаты қатынас жүйесіндегі бюджеттің орны
мен оның экономиканың даму деңгейіне тәуелді екенін анықтайды.
Сонымен, бюджет қызметтері, дәл айтсақ, бюджеттік салық саясаттың
қызметтері қорытынды түрде келесілерді құрайды:
а) нарықтан тыс қызмет көрсету ( қоғамдық сипаттағы қызметтер :
білім беру, денсаулық сақтау, қорғаныс және т.б. );
ә) кірістерді қайта бөлу (салықтар, трансфертер, суьсидиялар және
т.б.);
б) мемлекеттік реттеу ( монополияға қарсы реттеу, еңбекпен
қамтамасыз ету және т.б. );
в) мемлекеттік бақылауды іске асыру ( сыртқы бақылау, ішкі
бақылау ).

ІІ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ЭКОНОМИКАНЫ БАСҚАРУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ

2.1. Экономиканы басқару ретіндегі мемлекеттік бюджеттің рөлі мен

мәні

Мемлекеттік бюджетті, жалпы басқа да экономикалық категориялар
секілді мемлекет белсенді түрде болашақ және ағымды әлеуметтік-
экономикалық міндеттерін нақты шешуде пайдаланады. Мемлекет бюджетті
өзінің ұйымдастырушылық қызметін іске асырудың маңызды құралы
ретінде қолданып, оны экономиканы басқарудың құралы ретінде қолданып,
оны экономиканы басқарудың әсершіл құралына айналдырады. Бюджетті
экономикалық басқарудың құралы ретінде пайдалануы мынадай маңызды
қасиеттерімен дәлелденеді: ол заң күшіне ие; мұнда қоғамдық
өндірістің дамуына бағытталған, оның тиімділігін жоғарылатуға, қоғам
мүшелерінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға арналған бағдарламалар
тікелей көрсетілген. Бюджеттік қатынастарды пайдалану құқықтық
формада болғандығы оған өте үлкен ұтқырлы және ұйымдастырушылық мән
береді.
Экономикада тауарлы-ақша қатынас болғандықтан экономикалық
пропорциялар екі формада көрініс табады, яғни натуралды-заттық және
құндық ( ақшалай ). Натуралды-заттық форма қоғамдық өндірістің
құрылымдық бөлімдері арасында материалды-техникалық құралдарды бөлуі
мен лоарды жұмыс күшімен қамтуды, ал құндық форма ақшалай
қаражаттарды бөлудің пропорцияларын анықтауды қарастырады.
Ішкі өнім бөлудің ақшалай формасының біршама дербестік
болуының салдарынан қоғамдық өндірістің құндық құрылымын реттейтін
мүмкіншілік болады және ол қажетті экономикалық нәтижеге жеткізеді.
Құндылық құралдарды ( қаржы, бюджет, несие және т.б.) пайдалану
мемлекетке қоғамдық өндірістің құрылымын жетілдіру мен экономикалық
процестердің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
Реттеу құралы ретінде мемлекеттік бюджет экономиканың салалық
және аумақтық пропорцияларын жетілдіруде, өндірістен тыс салалардың
дамуын реттеуде, қаржы ресурстарын жалпы мүддеге сәйкес қайта бөлуде
пайдаланады.Ол еңбек, ақша және материалды ресурстарды пайдалануын
ынталандыру, экономиканың барлық тізбектерінде жүйелі бақылауды іске
асыру мен басқа да әлеуметтік-экономикалық мақсаттарды шешуге
мүмкіншілік береді. Экономиканы басқарудың белсенді құралы ретінде
мемлекеттік бюджетті айтуға болады, себебі бюджет негізі – бюджеттік
қатынастар қоғамдық өндіріс дамуы мен оның тиімділігін жоғарылату
мүдделерінің алуан-алуан бағытында пайдаланады.
Мемлекеттік бюджетті – экономиканы басқару құралы ретінде
сипаттай отырып, бұл құралдың рөлі объективті алдын-ала анықталғанын
айрықша айту қажет. Оған дәлел, біріншіден, экономикалық байланыстарды
жалпы реттеу нәтижесінде бюджеттік қатынастарды негізгі қаржы құжат
арқылы формада пайдалану, екіншіден, мемлекеттік бюджеттің бөлу
табиғаты негізінде оны қоғамдық өндіріске әсер ететін маңызды
экономикалық құрал ретінде пайдалану. Бюджеттің мәні мен рөлі оның
экономикалық құрал ретіндегі ерекшелігімен дәлелденеді, яғни ол
қоғамдық өнім бөлу саласының кең пайдаланатын құндық құралы болып
табылады.
Экономиканың дамуына байланысты оны басқару құралы ретінде
бюджеттік бақылаудың мәні ұлғаяды. Қоғамдық өндірістің ауқымы
неғұрлым ірі болса, соғұрлым экономиканың даму қарқыны жоғары,
сондықтан ақша қаражаттарын уақытында қалыптастыру мен тиімді
пайдалану процестерін бақылау өте маңызды.
Бюджеттің рөлі экономиканы ынталандыршы есебінде арнайы
бюджеттік механизм арқылы іске асырылады. Осы механизмнің арқасында
объективтік түрде бар қатынастарды экономиканың даму мүддесінде
пайдаланудың мүмкіншілігі болады.Бюджеттік механизм – ол бюджеттік
қатынастарды ұйымдастыруға мемлекеттің құрастырған және пайдаланатын
арнайы формалар кешені мен қаржылық ресурстарды қоғамдық іс-әрекет
салалары, экономика салалары және елдің аумақтар арасында қайта
бөлуді қамтитын әдіс-тәсілдердің жүйесі.
Бюджеттік механизмнің объективтік негізі Мемлекеттік бюджеттің
экономикалық мазмұнын құрайтын бөлу қатынастар процестері болып
табылады. Экономикалық категория ретіндегі бюджеттің өзінің ішкі
құрылымы бюджеттік механизмнің ішінде әр түрлі қызметтер бар
екенін дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттік механизм құрылымында кірістер,
шығыстар, бюджетаралық байланыстар сияқты бюджеттік қатынастар топтары
және соларға сәйкес ақша қаражаттарын қайта бөлудің әр түрлі
формалары мен әдістерін енгізеді. Сол себепті бюджеттік механизмде
бюджеттік қатынастар көрінісінің формаларына тәуелді келесі
құрылымдық тізбектерді бөлуге болады, олар: ақша қаражаттарын
мемлекет тарапына жұмылдыратын әдістер; әр түрлі іс-әрекет
салаларында бюджеттік қаражаттар беру мен бюджет қалыптастыратын
тәртіп пен формалар; ішкі бюджеттік бөлу мен қайта бөлу және
олармен маневр жасайтын әдістер.
Бюджеттік механизмнің әр құрылымдық буыны мен элементіне
өздерінің орындайтын міндеттеріне сәйкес функционалдық ерекшеліктері
тән. Бірақ, бюджеттік механизмнің буындары мен элементтері өздерінің
қатыстылы дербестігіне қарамай біртұтас болып қызмет атқарады, яғни
барлық құрылымдық буындар мен элементтердің өзара байланысты
әрекеттері бюджеттік механизмнің бірыңғай іс-әрекетін қамтиды.
Сонымен, мемлекет экономиканы басқаруда бюджеттік механизмді
белсенді түрде пайдаланады. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың
маңызды бағыттарына ақша қаражаттарының қосылымын күшейтуде, сол
бағыттарға сәйкес экономиканың салалық және аумақтық құрылымын
жетілдіруде, жалпы барлық ресурстар түрлерін тиімді пайдалануда
елеулі рөл атқарады. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет өзінің барлық
көрініс және пайдалану формаларында экономиканы басқарудың құралы
ретінде болып, қоғамдық өндіріске қаржылық құжат, экономикалық тұтқа
және ынта түрлерінде интегралды әсер етеді.

2.2. Негізгі қаржы жоспары ретіндегі бюджеттің мәні

Бюджет қаржылық жспар ретінде, бір жағынан, экономика салалары
мен іс-әрекет салаларының қаржылық жоспарларына негізделеді, ал
екінші жағынан, ол көбінесе оларды анықтайды. Мемлекеттік бюджетті
елдің негізгі қаржы жоспары деп айту, оның объективтік категория
түріндегі экономикалық табиғатына қайшы келмейді. Себебі,
мемлекеттік бюджет термині өз сипатына байланысты екі әр түрлі
түсінікте қолданылады, біріншісі – бөліп тұратын қатынас саласына
жатады, екіншісі – адамзат іс-әрекет прцесінде пайдаланатын объективтік
форманы көрсетеді. Мемлекеттік бюджеттің елдің негізгі қаржы
жоспары ретінде болуы бюджеттік қатынастың ерекшелігіне байланысты,
яғни қоғамдық өнімді құндық бөлістің айрықша саласы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Германияның жағдайы
Апологетика
Квадрат теңдеудің шығу тарихы
Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғаннан кейін тіліміздегі сөздердің қолданылу орны мен аудару мәселесі бүгінгі күндегі басты мәселе болып отыр
Күздік бидай және қара бидай
Экспорт және импорт тауарлары бойынша валюталық бақылау. Валюта заңнамасын бұзған үшін жауапкершілік
Мемлекеттік бюджеттің мәні және мазмұны
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Мемлекеттік бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұны туралы
Пәндер