Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде


МАЗМҰНЫ
Кіріспе… . . .
І тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні рөлі
1. 1. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні . . .
1. 2. Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде . . .
ІІ тарау. ҚР-ның мемлекеттік бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
2. 1. ҚР-ның мемлекеттік бюджет жүйесі . . .
2. 2. Мемлекеттік бюджет кірістері мен шығыстарының құрамы
мен құрылымы . . .
Қорытынды . . .
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтің алдымызға міндет етіп қойып отырған бәсекеге қабілетті және дүниежүзінің аса дамыған 50 мемлекетінің қатарына қосылу мақсатында жаһанданған, әрі иновациялық экономикамызды дамыту мәселесі тұр. Экономика, соның ішінде мемлекеттік бюджет қоғамның басты қазығы. Себебі, қоғамның басқа салалары ( білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылыми техникалық прогресс, т. б. ) соның негізінде дамиды. Сондықтан мемлекеттік бюджет мәселесі, оның тепе-теңдігін сақтау мәселесі, бюджет тапшылығының себеп-салдарларын анықтау жан-жақты зерттеулерді қажет етеді. Мемлекеттік бюджетті қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизімінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнелетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары- салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т. б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бқлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп моойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды орнын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айырықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы бақарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизім арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң) . Сөйтіп, бюджетті осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Қаржылық жоспарлау процесінде бюджет ұлттық шаруашылықтың салаларына және өндірістік емес сфераның мекемелеріне айтарлықтай әсер етеді. Мемлекеттің ақша қорын жасау және пайдаланудың негізгі қаржы жоспары бола отырып, бюджет барлық шаруашылық жүргізуші субъектілермен және ұжымдармен етене байланысқан.
Курстық жұмыстың мақсаты -- еліміздегі мемлекеттік бюджеттің маңызын, оның экономиканы басқарудағы механизімін саралау. Бюджет тапшылығының себеп - салдарын анықтап, мемлекеттік бюджетті тиімді пайдалану әдістерін талдау. Экономиканың дамуы көбінесе мемлекеттің қаржы жүйесінің жағдайына байланысты. Мемлекеттің дамуындағы қаржы-лық, несиелік, бюджеттік қарым-қатынастың ролі, орны және мәні өте маңыз-ды екені белгілі, себебі, жалпы ішкі өнімнің өсу қарқыны, жұмыссыздық пен инфляцияның деңгейі, валюталық курс және басқа да макроэкономикалық көрсеткіштердің оңтайлық деңгейіне жету осы қарым-қатынастардың ахуалына тәуелді.
Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды жүзеге асыру үшін қазіргі кезеңге дейін нарықтық экономика аумағындағы жинақ-талған жалпы қаржы қарым-қатынасының, оның ішінде бюджеттік қарым-қатынасының даму тәжірибелерін біліп, дұрыс пайдалану қажет. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының бүкіл қаржы жүйесін реформалау, оның негізгі тармағы - бюджеттік жүйені күрделі түрде қайта құруын мәжбүр етті. Сол реформалаудың логикалық жалғасы - ол жаңа бюджеттік заңнама жасау және қабылдау. Нәтижесінде, 2004 жылы көкек айының 24 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Бюджеттік кодексі қабылданып,
2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызына қолдануға енгізілді.
Жаңа Бюджеттік кодекстің ережелері біздің республикамыздың бүгінгі күнгі қаржылық қарым-қатынас пен жалпы бюджеттік саясаттың даму жағда-йын көрсетеді. Кодексте бюджеттік процеске қатынасушылардың барлық іс-әрекеттерінің тәртібі мен ережелері толық және жан-жағынан жазылып дәлелденген. Бұл бірыңғай құжатта мемлекеттің міндеттемелері мен функция-ларын орындауға арналған ақша қаражаттарын қалыптастыру мен оларды жұмсау процестері толығымен анықталған.
Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптасты-румен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағат-тандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу пройесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.
АННОТАЦИЯ
Курстық жұмыста ҚР-ның мемлекеттік бюджеті мен оның құрылымы қарастырылады. Мемлекеттік бюджет --- бұл мемлекеттік өкімер органдарының қызметін қамтамасыз ету үшін ақшалай қаражатты қалыптастыру және жұмсаудың негізгі қаржы жоспары. Мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіреді.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы --- қаржылық жоспар, материалдық негізі --- орталықтандырылған қор, экономикалық негізі --- жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі --- заң.
Курстық жұмыс бет компьютерлік тексте берілген,
кесте мен 2 схема және 25 түрлі әдебиет қолданылған.
І тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні рөлі.
1. 1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні
Бюджет --- ол жалпы қаржы категорияға қарағанда бөлек, ерекше тұрған экономикалық категория. Оның қаржыдан ерекшелігі тек қана абстракцияның басқа деңгейі мен қаржылық байланыстың әр түрлі дәрежеде болуына байланысты. Сондықтан, көптеген қаржылық байланыстардың ішінде бір-бірінен ерекше тұратын бөлек арнайы салаларды бөліп шығаруға болады. Сондай бір ерекше байланыс қоғамдық құндылық өнім бөлу аума-ғында мемлекет пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қаржылық қарым-қатынас болып табылады. Бұндай қаржылық қарым-қатынастың жал-пы белгісі, біріншіден, олар мемлекеттің қатысуымен болатын құндылық бөлу процесінде орын алуы, екіншіден, жалпы мемлекеттік функцияларды атқаруға арналған орталықтандырылған ақша қаражаттар қорын қалыптас-тыру мен пайдалануына байланысты. Осындай барлық қаржылық қарым-қатынас мемлекеттік бюджет деген түсініктің экономикалық мазмұнын құрады.
Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексінің 4-бабында бюджетке келесідей түсінік берілген: «Бюджет - ол мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруын қаржылық қамтамасыз етуге арналған оның орталықтандырылған ақша қоры». Бюджеттің формасы --- қаржылық жоспар, материалдық негізі --- орталықтандырылған қор, экономикалық негізі --- жалпы экономикалық қарым-қатынас, заңнамалық белсендіруі --- заң.
Бюджет әр мемлекетке өзінің экономикалық, әлеуметтік және саясат-тық функцияларын орындауға объективті ақшалай түрде қажетті. Бюджет қай мемлекеттікі болмаса да мазмұндары бірыңғай категориялардан қалып-тасады, яғни салық, займдар, шығын және тағы басқалары, сонымен қатар олар бір қоғамдық-экономикалық формациядан басқа формацияға ауысса да өздерінің мазмұнын өзгертпейді. Дәл осы ұғым бюджетті экономикалық категория деп дәлелдейді. Сондықтан, бюджеттің экономикалық түбі басқа да экономикалық категорияларға сай ақша түріндегі және соған сәйкес материалды негізі бар өндірістік қарым-қатынаста жатыр.
Бюджет қаржы жүйесінің орталық тізбегі болғандықтан, ол сол қаржы-ның барлық негізгі, сапалы сипаттамаларына сай. Басқаша айтқанда, егерде «қаржы» жалпы ақша қарым-қатынас жүйесі болса, яғни мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорын қалыптастыру және пайдалану процесі. Бюджеттік қор көптеген қоғамдық қажеттілік шығындарды (әлеуметтік, қорғаныс, т. б. ) қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.
Экономикалық әдебиет (заңдар, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар) беттерінде «бюджет» термині әр түрлі ұғымда пайдаланады, мысалы, ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы формасында немесе ақша қаражаттарының негізгі орталықтандырылған қоры ретінде. Осыған қоса, әдебиетте мемлекеттік бюджетке тағы да келесідей анықтама беріл-ген: бюджет --- ол қаржылық жоспар; бюджет - ол басқарушылық жоспар; бюджет - ол заңнамалық құжат; бюджет - ол коммуникация құралы; бюджет - ол бюджеттік салық саясатының мазмұны өте кең, себебі оған мемлекеттік басқару органдарының негізгі функциялары, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен фискалдық саясаттың көрсеткіштері, бюджеттің көрсеткіштері тағы басқа көрсеткіштер мен ережелер кіреді.
«Бюджет» деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесідей түсінік-темелерден қалыптасады деп айтуға болады:
- Ол өз алдында жеке бір экономикалық категория;
- Ол мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
- Ол экономиканы реттеуге арналған құрал ( бюджеттік механизм арқылы) ;
- Ол мемлекеттің негізгі қаржы жоспары;
- Ол барлық бюджеттік қарым-қатынасқа қатысушылар міндетті түрде орындайтын заң.
Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негізделгендіктен объективті
түрде сипатталады. Өз алды бюджеттік сала болуы адамзаттың субъективтік пікіріне байланысты емес, ең алдымен ол қоғамдық өндірістің дамуына керекті орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттің табиғаты мен функ-цияларынан туатын объективтік қажеттілікке байланысты. Ақша қаражаттары ресурстарын орталықтандырудың экономикалық және саясаттық мәні өте зор, себебі олар мемлекеттің жоспарланған шараларын іске асырудың негізгі құралы, біріккен экономикалық және қаржылық саясатты жүргізуге қажет болып табылады.
Сондықтан, Бюджет кодексінде мемлекеттік бюжетке мынадай түсінік берілген --- ол «республикалық және жергілікті бюджеттердің арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретінде пайдаланатын және бекітуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет». Сонымен қатар, «мемлекеттік бюджет» термині - мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттік қор мағынасында да пайдаланады.
Бүгінгі күнгі мемлекеттің бюджеті қаржылық қарым-қатынастағы әр түрлі қатысушылардың әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қалыптас-тыратын күрделі және көп міндет атқаратын құрал. Бюджет арқылы орталық пен аймақтар арасындағы әлеуметтік шығындар мен салық бөлу, еңбекақы мен кіріс жөніндегі ымыраға (компромисс) келеді, бюджеттік дотациялар мен трансферттер бөлу арқылы мемлекет орталық және жергілікті мүдде-лерді қалыптастырып іске асырады. Ал бюджет экономикалық құжат ретінде қоғамның саясаттық және әлеметтік дамуын көрсетеді.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет арнайы қоғамдық міндет атқарады, яғни ол жалпы мемлекеттік мүдделерді қаражаттандыруға қызмет етеді. Бюджет қаражаттары арқылы өндірістің дамуы мен ұлғайтуы-ның шығыстары, ғылыми-техникалық пен қоғамдық өндірістің салалық және аумақтық құрылымын жетілдіру қаражаттандырылады ұжымдық шығындар (білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала) және басқа да шығындар қамтамасыз етіледі.
Құндылық бөлудің айрықша аумағы ретінде бюджет келесі арнайы белгілермен сипатталады:
- Бөлулік қарым-қатынастың айрықша экономикалық формасы, яғни мемлекет тарапында жалпы ішкі өнімнің бөлігін жинау және оны қоғамдық мүддені қамтамасыз етуге пайдалануға арналған;
- Ұлттық экономика салалары, аумақ, экономика секторлары қоғамдық іс-әрекет салалары арасында құндылықты қайта бөлуге арналған;
- Құндылық бөлудің ерекше бір кезеңін атқарады, яғни жалпы қаржылық қарым-қатынас тауарлық-ақша қарым-қатынаспен тығыз байланысты болса, бұл арада құндылық бөлу тауарлы формадағы ішкі өнім қозға-лысымен тікелей байланысты емес және одан белгілі мөлшерде бөлек атқарылады.
- Бюджеттік бөлу пропорциялары мен формалары әрбір тарихи кезеңде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуының сұраныстары мен міндеттемелері бойынша анықталады;
- Бюджеттік бөлу аумағы қаржы жүйесінің басқа да тізбектерімен өзара тығыз байланыста, бірақ олардың арасында бюджеттік бөлу бастапқы жағдайда, себебі ол экономиканың құндылық құрылымы мен экономикалық және әлеуметтік дамудың негізгі бағыттарын ақша қаражаттарынмен қамтамасыз етуге әсер етеді.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік бюджет басқа да бір экономика-
лық категория сияқты өндірістік қарым-қатынасқа негізделеді және өзіне сай материалды-құндылық түрі бар, яғни бюджеттік қарым-қатынас материалды түрде орталықтандырылған ақша қаражаттар қоры --- бюджеттік қорда болады. Бұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер мемлекеттің жинап және пайдаланып жатқан ақша қаражаттары көлемі арқылы көрінеді. Бюджеттік қор (бюджет ресурстары) --- ол мемлекет тарапына, оның жалпымемелкеттік функцияларын орындауға арналған, құн-дылық бөлу сатыларын өткен, объективтік экономикалық формадағы қоғам-дық өнім мен ұлттық табыс қозғалысының белгілі бір бөлігін құрайды. Бюджеттік қорды қалыптастыру мен пайдалану --- құндылықты бөлу мен қайта бөлуге байланысты сол құндылықтың қозғалыс процесін көрсетеді.
Бюджеттік іс-әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономкалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі. Экономикалық формалар түсінігі ретінде жалпы ішкі өнімді құндылық бөлу процесінің бір жақтарын объективтік түрде көрсететін бюджеттің кіріс және шығыс категориялары айтылады. Бұл категориялар өз алды арнайы қолданылады, яғни кіріс --- мемлекетті бюджеттік ресурстар-мен (қажетті ақша қаражаттарымен) қамтамассыз етуге арналған, ал шығыс--- жалпымемлекеттік функциялар орындауды қаражаттандыруға бюджеттік ресурстарды бөлуге арналған. Бюджет іс-әрекетінің ұйымдастырушылық формалары ретінде кірістің түсуінің нақты түрлері, олардың көлемін анықтайтын әдістер, бюджет тапшылығы мен оның шығыстарының көлемін есептейтін тәсілдер пайдаланады.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механиз-мдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің ролі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырылады.
Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады. Сөйтіп, бюджет осы жоғарыдағы айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн.
Схема- 1
Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы
ҚОН-
ДЫРМА БӨЛІГІ
(СУБЪЕК-ТИВТІ ЖАҒЫ)
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУДЫ БАСҚАРУ МЕХАНИЗИІ
БАЗИС
БӨЛІГІ
(ОБЪЕК- ТИВТІ ЖАҒЫ)
МЕМЛЕКЕТТІҢ
ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН
АҚША ҚОРЫ
М Е М Л Е К Е Т Т І К Б Ю Д Ж Е Т
Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды, кешен-ді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техника-лық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбасыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерін әлеу-меттік қорғауға бағытталуы тиіс. Шығындар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
1. 2 Бюджет мемлекеттің қаржылық жоспары ретінде
Бюджеттің әрекет етуінің барлық ұйымдастырушылық және экономи-калық формалары жоспарлы түрде жүргізіледі, себебі көптеген меншік
формадағы шаруашылық өз алды болжам-жоспарлық жүргізуді талап етеді. Бұл, кезекті ретте, бюджеттік қарым-қатынастың осындай болжам-жоспарлық формада әрекет етуін талап етеді. Мемлекеттің ақша қаражаттары орталық-тандырылған қорының қозғалысы жоспарлық форма мен бюджеттік байла-ныстың тұрақты сипаты негізінде болуы бюджеттік байланыстардың арнайы қаржы құжатында --- бюджетте, яғни мемлекеттің негізгі қаржы жоспарында анықталады. Бұл құжатта бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын барлық бөлу процестері қарастырылған.
Негізгі қаржылық жоспардың арнайы кіріс және шығыс баптары мемлекеттің ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын пайдалану бағыттары мен оның қалыптасу көздерін көрсетеді. Негізгі қаржы жоспар мемлекеттің жоспарлық әрекетінің нәтижесі болып табылады, себебі мұнда қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін анықтайтын және оларды орын-дайтын мемлекеттің күш-жігері жарияланады. Қазақстан Республикасы Парламенті жыл сайын қабылдайтын «Республикалық бюджет жөніндегі» Заңға сәйкес мемлекеттің негізгі қаржы жоспарының көрсеткіштері ешқандай шартсыз орындалуға тиісті.
Қаржы жоспары ретінде бюджет, бір жағынан, экономика мен басқа да салалар дамуының қаржы жоспарларына негізделеді, екінші жағынан, көбінесе соларды анықтайды. Ол мелекеттік бюджеттің жалпы экономикаға белсенді түрде ықпал етуіне шартасты, яғни негізгі қаржылық жоспар барлық ұлттық экономиканың бюджеті болып табылады. Материалдық өндірістің дамуын ынталандырушы ретінде де мемлекеттік бюджеттің рөлі өте зор. Бюджет қаражаттары жеке (бөлек шаруашылық субъектілер) және қоғамдық (барлық ұлттық шаруашылық) негізгі қорлар айналымдылығын қамтамасыз етуге де пайдаланады.
Мемлекеттің бюджеттік - салық саясатында қаржылық жоспар ---
бюджет арқылы і ске асырылады. Мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты ---
ол халықтың ауқаттылығын жоғарлату мен экономикалық дамуды қамта-масыз етуге арналған іс-әрекеті. Бұл саясат --- еліміздегі жұмыссыздықты қысқарту, инфляцияның қарқынын төмендету мен басқа да осындай мәселелерді шешуін қамтамасыз етуге бағытталған.
Осындай күрделі мәселелерді шешуге және еліміздің жалпы экономика жүйесіне әсер ету үшін мемлекет өз қызметінде мемлекеттік қаржы басқару-дың механизмдері мен құралдарын пайдаланады. Бюджет тарапынан негізгі құралдар ретінде мемлекеттік кіріс пен мемлекеттік шығыс табылады.
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық маңызы жалпы қаржы қасиет-терімен сипатталады, яғни экономикалық маңызды әлпеттейтін әдіс жалпы қаржы мен оның тізбектерінде біртиптік функцияларға сәйкес. Сондықтан, мемлекеттік бюджет, барлық қаржы жүйесі секілді бөлу және бақылау функ-цияларын атқарады. Сонымен қатар, «қаржы» категориясына қарағанда бюджет ерекше категория, оған келесі негізгі функциялар атқаруы тән:
- Ұлттық табысты қайта бөлу;
- әлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету;
- экономиканы реттеу мен ынталандыру;
- ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын қалыптастыру мен пайдалануын бақылау.
Ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімдердің құндық бөліс құралы ретін-
де мемлекеттік бюджет осы функция арқылы өзінің экономикалық маңызын тікелей әлпеттейді. Бөліс функция арқылы мемлекет ауқымында ақша қара-
жаттарын орталықтандыру мен оны жалпымемлекеттік мұқтаждықты қана-ғаттандыруға пайдалану іске асырылады. Ал бақылау функциясы мемлекет тарапына уақытында және толық қаржы ресурстар түсуі, орталықтандырыл-ған қаражаттар бөлінудегі пропорциялар жағдайы, сол қаражаттар үнемді және тиімді пайдалану жөнінде мәлімдейді.
Мемлекеттік бюджеттің бөлу мен бақылау функциялары бір бірінен бөлек емес, неғұрлым бірігіп, бір уақытта іске асырылады, себебі бұларда бюджеттік қарым-қатынастың барлық жағы бейнеленеді.
Бөлу функцияның мазмұны қоғамдық іс-әрекет салалары, аумақтар, экономика салалары арасында қаржы ресурстарды қайта бөлу процесімен анықталады. Бюджеттен басқа бір де бір құндылық бөлу категориялар ақша қаражаттарын осындай көп аспектіні қайта бөлу мен экономикалық басқа-рудың әр деңгейінде іске асыру алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz