Алакөл ойпатының географиялық орналасуы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе . . . 3

  1. Алакөл ойпатының табиғи - рекрациялық ресурстары . . . 4Алакөл ойпатының географиялық орналасуы . . . 4Географиялық даму тарихы мен ерекшеліктері . . . 5Жер бедерінің сипаттамасы . . . 6Гидроклиматогендік компоненттер . . . 12Биогендік компоненттер . . . 17
  2. Рекреациялық ресурстар және олардың тиімді пайдалану жолдары . . . 22Алакөл мемлекеттік қорығы . . . 22Көл жағалауының рекреациялық потенциалы . . . 22Батпақ және минералды сулармен емдеу және санаториялық потенциалы . . . 26
  3. Ресурстарды пайдалану жолдары . . . 28Алакөл көлінің гидрохимиялық ресурстары . . . 28Географиялық орналасуына байланысты табиғи ресурстарды игеру . . . 31

Корытынды . . . 32

Қолданылған әдебиеттер . . . 34

Қосымша . . . 35

Кіріспе

ХХ - шы ғасырдың ортасынан бастап ғылым мен техниканың қарқынды дамып келе жатқаны белгілі. Осы кезеңді ғылыми - техникалық революция ғасыры деп атайды. Осындай үрдіс үдемелі дамыған кезде рекреациялық ресурстарды зерттеу және оларға баға беру үлкен рөл атқарады. Н. С. Мироненко мен И. Т. Твердохлебовтың анықтамалары бойынша «рекреация» - деп белгілі бір территорияларда адамдардың бос уақытын, денсаулығын, танымдылығын, спорттық және мәдени деңгейін көтеруге қолдану барысында пайда болған құбылыстар мен қарым - қатынастар жиынтығын айтады.

Рекреациялық ресурстардың аймақтық ерекшеліктерін анықтау кең ауқымды зерттеулерді қажет етеді. Әртүрлі дем алу және туризм түрлері қоршаған ортаға өзінің ерекше қажеттіліктерін ұсынады, басқаша айтқанда белгілі бір рекреациялық ресурстарды қажет етеді. Осындай рекреациялық кешендері бар аймақтардың бірі Қазақстанның оңтүстік - шығысында орналасқан Алакөл ойпаты. Алакөл ойпаты жан - жағынан таулармен қоршалған, ортасында көлдер тізбегі орналасқан. Мұнда табиғи кешендердің барлық түрі кездеседі деп айтуға болады. Сонымен қатар табиғи - рекреациялық ресурстары жақсы дамыған: минералды сулар, бұлақтар, емдік қасиеті бар батпақтар көп кездеседі.

Алакөл ойпатының рекреациялық ресурстарына сипаттама бере отырып, оны тиімді пайдалану жолдарын қарастырудың маңызы зор. Рекрациялық ресурстарды бағалау, демалыс орындары мен туризмді дамытуға мүмкіндік тұғызады.

Ғылыми - әдістемелік бағалау жоспарында рекреациялық кешендердің демалыс орындары мен туризмнің дамуына әсері, қоғам мен табиғат арасындағы үлкен проблеманың аз қарастырылған бөлігін құрайды. Қазіргі күні қызмет көрсететін рекреациялық кешендердің бір немесе екінші бір туризм түрінің дамуына әсері, табиғат пен қоғам арасындағы қарым - қатынас механизмінің дамуына жол ашады.

Курс жұмысында Алакөл ойпатының рекреациялық кешендеріне кеңінен сипаттама берілген және оның туризм түрлерінің дамуына қандай әсері бар екендігі туралы мәліметтер келтірілді.

Жұмыстың мақсаты: Алакөл ойпатының табиғи жағдайын рекреациялық география ғылымымен байланыстыра отырып сипаттау. Рекреациялық ресурстарды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.

Жұмыстың әдістемелік негізіне ғылыми баспалардан жарық көрген ғылыми еңбектер мен өнеркәсіптік практика кезінде жинаған мәліметерім алынды. Осы аймақтың табиғи - рекреациялық ресурстарын зерттеген Шебельникова С. А., Мироненко Н. С., Твердохлебов И. Т., Николаенко Д. В. және т. б. ғалымдардың ғылыми көзқарастары басты рөл атқарды.

1 АЛАКӨЛ ОЙПАТЫНЫҢ ТАБИҒИ-РЕКРАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАР Ы

1. 1 Алакөл ойпатының географиялық орналасуы

Алакөл ойпаты Қазақстанның оңтүстік - шығыс бөлігінде (46 - 48 0 с. е пен 80-82 0 ш. б. ) Тарбағатай және Жоңғар Алатауы тау жүйелері аралығында орналасқан. Жалпы ауданы 1000 шаршы шақырым аймақты алып жатыр. Ойпат солтүстігінде Тарбағатай тау жотасымен шектелген (биіктігі 2000-2992 метр), тау алды жазықтарының биіктігі 400-800 метр 180 км-ге осы тау жотасының оңтүстік етегінен Алакөл, Сасықкөл көлдерінің солтүстік жағалауларына дейін созылған, оны Қаракөл, Егінсу, Ұржар, Қатынсу т. б. өзендердің аңғарлары кесіп өтеді. Жазықты аймақта жеке таулар да кездеседі (Жайтөбе, Балатөбе) . Арқарлы, Ақалы, Қарақас төбешіктері ойпаттың солтүстік - шығыс бөлігінде көтеріліп, жазықтыққа шығатын Тарбағатайдың бір бөлігі болып табылады. Шығысында ойпатты кіші- гірім Майлы және Барлық тау жоталары шектейді. Барлық тау жотасының төбелі - жонды лессті тау алды (теңіз деңгейінен 500-1100 метр) мемлекеттің шекарасын бойлай Еміл өзенінен Шүршіт өзеніне дейін 50 км-ге созылып жатыр. Жоңғар Алатау тау жүйесі (теңіз деңгейінен 4000-4442м) ойпатты биіктігі 1000-1200 метрге жететін бірнеше тізбектермен (Сайқан, Текелі) оңтүстігінен қоршап жатыр. Осы тау жотасының шөлденген тау алды (347-800 м) ұзындығы 180 км және ені 25 км болып тау етегінде шлейфті жіңішке түрде Алакөл көлінің оңтүстік - батыс жағалауларына еңістеу түседі. Ол тасты - қиыршық тасты шөл болып табылады. «Жоңғар қақпасы» деп аталатын Барлық және Жоңғар Алатауы тауларының арасындағы жер Алакөл ойпатын Қытайдағы Эбі-Нұр ойпатымен байланыстырып жатыр. Жоңғар қақпасы арқылы ерте заманда Ұлы Жібек жолы өткен. Француз саяхатшысы Вильгельм де Рубрук жазбаларында Алакөл көлінің жағалауында 1253 жылдары моңғол ауылдарының басты қаласы орналасқан, ал әйгілі «Жоңғар қақпасы», «Қантоғай жолы» деп аталыпты. Ойпаттың батыс шекарасы Сарықұм және Қарақұм құмды шөлдерден өтеді. Ойпаттың орталық бөлігінде Сасықкөл, Қошқаркөл, Алакөл, Жалаңашкөл орналасқан /сурет. 1/.

Палеозойдың аяғында қарастырылып ортыған территорияда таулы аймақ болған, ал мезозойда белсенді эрозиялық - денудациялық үрдістер нәтижесінде пенепленге айналған, оған дәлел ретінде Жоңғар Алатауы, Барлық және Тарбағатай төбелерінде сақталған тегіс беттер болып табылады. Үштік кезеңде палеозой жыныстарынан құрылған тегіс төбелі жазықтықтар көтеріле бастады, осының нәтижесінде жиналған мору қабатымен және ыстық, құрғақ климатта пайда болған қызыл түсті саздардың шөгінділерінің шайылуына әкелді. Үштік кезеңнің аяғында және төрттік кезеңнің басында Жоңғар Алатауы мен Тарбағатайдың қарқынды көтерілуімен бірге Алакөл ойпаты түбінің төмендеуі бірге жүрді, ал эрозиялық үрдістер Жоңғар Алатауы мен Барлық тау етегінде аллювийлі- пролювийлі шлейфтердің пайда болуына әкелді /1/.

И. В. Мушкетовтың тұжырымы бойынша /2/ Балқаш - Алакөл ойпаты үштік дәуірде теңіз түбі болған, ал Арал - Каспий бассейні және Ханхай теңізі аралығында Жоңғар қақпасы арқылы кең өту жолы түрінде болған. Бұлар Балқаш, Сасықкөл, Алакөл және Ебінұр көлдері болып үштік дәуірден кейін бөлінген, ғалымның түсінігі бойынша бұл көлдер ежелгі үштік теңіздің қалдықтары болып табылады. Геолог А. Влангали 1851 жылы Балқаш, Сасықкөл және Алакөл көлдерінің тасындыларының ұқсастығын анықтап мынадай нәтижеге келді: «Бұл жер ерте геологиялық кезеңдерде үлкен теңіз түбі болған» /3/. Тянь - Шань және Жоңғар Алатауы тау жоталарының мұздану кезеңінде Алакөл тобының көлдері және Балқаш көлі бір су алқабы болған, мұзданудың соңғы уақытында оның ауданы 6250 шаршы км -ге жеткен /4/. Балқаш - Алакөл жүйесі 1 млн жыл бұрын Лихвин мұздануынан кейін қалыптасқан деп есептейді. Осы кезеңге таулы Азия зоогеографиялық ауданшасына кіретін аборигенді гидрофаунасының қалыптасуы жатады. Тарихи құжаттарды оқу барысында ХІІІ ғасырлардағы саяхатты сипаттаулар және ХVІ - ХVІІІ ғасырлардағы сақталған топографиялық карталар Балқаш-Алакөл теңіз бассейні бірінші Балқаш және Сасық-Алакөл су алқаптарына бөлінген. Кейіннен Сасықкөл, Қошқаркөл және Алакөл көлдеріне бөлігенін дәлелдейді, сонымен қатар, ХІХ ғасырдың бірінші жартысында олардың деңгейі мен көлемі төмендеген /5/.

1840 жылы көлдерді А. Шренк барлаған. Ол көлдердің деңгейін өте төмен деп тапты: «Оны біз Алакөл көлінің оңтүстігінде орналасқан қайраң» арқылы қырғыздар Алакөлдің бір жағынан екінші жағына өткенінен көре аламыз деп жазған /6/. Осы жол арқылы А. Шренк те өткен, сонымен қатар ол Алакөлдің екі ірі аралының бірі - Аралтөбе сол кезде түбек түрінде болғанын атап кеткен.

Сонымен, қазіргі кездегі ландшафттар соңғы мұздану дәуіріндегі ксеротермикалық кезеңде пайда болғанының айғағы. Көлдер жер бедері ежелгі теңіздік және көлдік тұзданған шөгінділерден қалыптасқан ойпатты, террасалы жазықтықтардан тұрады. Аталған көлдерді жан-жағынан 10-25 км жолақ түрінде сортаңды, шалғынды-батпақты топырақ жамылғысы қоршап жатыр /7/.

1. 2 Геологиялық даму тарихы мен ерекшеліктері

Балқаш - Алакөл депрессиясының геологиялық құрылымында көбінесе мезозой мен кайнозой жыныстары орын алған. Таулар мен көтеріңкі аймақтар палеозой және кайнозойдың жыныстардан құралған.

Төменгі палеозой мен кембрий жасындағы жыныстар Тарбағатай тауларында кездеседі. Ойпат шекарасында ұсақ шоқының аралды көтерілімдері кездеседі. Силур жыныстары да Тарбағатай тауларында құмдақтар, конголомераттар, сазды тақта тастар және туфтар түрінде кездеседі. Үлкен Сайқан, Текелі тауларында девон шөгінділері маңызды орын алады. Мұнда олар алевролит, аргилиттермен берілген, ал туф-девон шөгінділері жеке дақтар түрінде Алакөл көлінің оңтүстігінде және Сарықұм құмдарының шығысында кездеседі. Төменгі және орта девон шөгінділері Тарбағатай тауларында тараған. Жоңғар Алатауында төменгі тас көмір шөгінділері алып жатыр. Алакөл көлінің Үлкен Аралтөбе және Кішкене Аралтөбе аралдары төменгі карбон шөгінділерінен тұрады. Жалаңаш көлінің шығысындағы Жалаулы таулары карбон жыныстарынан құрылған. Мұнда Е. Д. Шлыгин /8/ бойынша төменгі бөлігі негізінен туфогенді құмдақтардан және тақта тастардан тұрады. Жоғарғы бөлігін тасты құмдақтар, кварциттер, туфтар және андезиттер құрайды.

Жоғарғы палеозой шөгінділері Жоңғар Алатауының шығысында кіші -гірім сілемдер түрінде кездеседі. Ал Шынжылы өзенінің жоғарғы ағысында тасты қара тақта тастар түрінде берілген, оның үстіңгі қабатында қалыңдығы 100 м болатын ашық қабатты әк тастар орналасқан Жоғарылаған сайын қара тасты, әктасты - сазды тастарға ауысады. Осы карбон шөгінділерінң шайылған бетінде кварцитті парфир қабаты жатыр, оны жоғарғы карбон, төменгі пермьге жатқызады. Юра шөгінділері Қату тауларының етегінде тараған. Олар базальтты конгломераттармен, алуан түсті құмдақтармен берілген. Юра шөгінділерімен территориядағы көмір қабаты байланысты. Үштік шөгінділер қарастырылып отырған аймақта шектеулі тараған. Олар көбінесе Жоңғар қақпасы маңында көп кездеседі. Жеке дақтар түрінде Жоңғар Алатауының солтүстік тау алдында, Шынжылы және Тентек өзендерінің алаптарында, сонымен қатар, Арқарлы тауында тараған. Үштік саздар мен малта тастар Тасқарақұм құмдарының батыс бөлігінде, олар эолды құмдардың жұқа қабатымен көмілген.

Төрттік шөгінділер қарастырылып отырған аймақта кең көлемді алып жатыр. Олар лесс тәрізді саздақтар және құмдақтармен, көлді-аллювийлі және эолды құмдар, малта тастармен берілген. Аймақтағы ең ежелгі төрттік шөгінділердің бірі гоби конгломераты болып саналады. Солтүстік-батыс бөлігінде жонды және тізбекті эолды құмдар кездеседі.

1. 3 Жер бедерінің сипаттамасы

Ұзақ уақыттық геологиялық даму тарихы мен палеогеографиялық ерекшеліктеріне байланысты аймақта рельеф пішінінің алуан түрі кезедеседі деп айтуға болады. Қазіргі Алакөл ойпатының жер бедері мен оны қоршап жатқан тау тізбектерінде А. В. Попов /10/ келесідей жер бедері типтерін жіктейді /сурет. 2/:

  1. Эрозиялық - денудациялық таулар: Батыс Тарбағатай мен Жоңғар Алатауы;
  2. Тарбағатай және Барлық тау жоталарының төбелі - жонды, лессті тау алды жазықтары;
  3. Жоңғар Алатауының, Барлық және Тарбағатай тау жоталарының аллювийлі - пролювийлі тау алды еңкіштеу жазықтары;
  4. Аллювийлі және көлді - аллювийлі тегіс жазықтар;
  5. Ұсақ шоқылы таулар;
  6. Құмдар.
  1. Эрозиялық - данудациялық таулар екі тау жотасымен берілген: Жоңғар Алатауы мен Батыс Тарбағатай. Олар негізінен тығыз палеозой жыныстарынан түзілген, оның ішінде көбіне метаморфты және сазды тақта тастар, құмдақтар, әк тастар және конгломераттар кеңінен тараған.

Батыс Тарбағатай тау жотасы Алакөл ойпатын солтүстігінен 150 км-ге созылып, шектеп жатыр, ол тегіс төбелі су айрық және тік, қатты тілімденген оңтүстік беткейлерден тұрады.

Тегіс төбелі су айрық жеке аймақтарда, әртүрлі деңгейде жатыр, олардың абсолюттік биіктігі 800-2900 м.

Тегістелген беттердің бөліктері тік беткейлі жер бедерімен қоршалған. Тау жотасының баспалдақты құрылуы, төрттік кезеңде болған ірі блокты қозғалыстармен түсіндіріледі. Тектоникалық блоктардың көтерілуі эрозиялық процестердің күшейуіне әкеліп соқты, оның нәтижесінде тік беткейлі, терең тілімденген жер бедерлері пайда болды. Мұндай жер бедері кейде шың тәрізді су айрық және каньон тәріздес өзен аңғарларында кездеседі.

Тарбағатай тауларындағы ең ірі тау аралық жазықтық Некрасов грабені болып табылады. Жазықтық солтүстік - батыстан оңтүстік - шығысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, ені 3-6 км.

Тарбағатай тауына қосылып жатқан жазықтықтың бөліктері Қызыл Белдеу тауына қосылып жатқан бөліктерден 200-300 метр жоғары орналасқан.

Тау аралық жазықтықтың солтүстік - батыс бөлігі тегіс төбелі болып келеді, ал оңтүстік - шығысында біртіндеп төбелі-жонды сипатқа ауысады, салыстырмалы биіктігі 50-70 м. Дөңес беткейлері бар төбелер мен жондар жазықтықты көлденең қиып өтетін су ағыстарына (Қаракөл, Егінсу, Ұржар өзендерінің саласы) бағытталған. Өзен тілімдерінің тереңдігі солтүстіктен оңтүстікке қарай артады. Тау аралық жазықтықтың беті лесс тәрізді саздақтардан, қызыл түсті төрттік кезеңнің саздарынан және палеозой жыныстарынан немесе төрттік қойтасты малта тасты шөгінділерден құралған.

Тарбағатайдың оңтүстік беткейінде 1100-1500 м. биіктікте лесс тәрізді саздақтармен жабылағн тау аралық ұсақ, аз тілімденген ойпаттар кездеседі.

Жоңғар Алатауы Алакөл ойпатын оңтүстік жағынан шектеп жатыр. Алакөл ойпаты жағында тік жоталы болып келген, олар өзен аңғарларымен тілімденген. Жота солтүстік батыстан Жоңғар жарығы бойымен созыла орналасқан. Ол Қытайдағы Эбі-Нұр көлінен басталып Балқаштағы Арғанат тауына дейін созылады. Жотаның биіктігі солтүстік - батысында және оңтүстік-шығысында төмендейді, оның максимальды биіктігі мұздықтарда 4000 метрден асады. Жоңғар Алатауының беткі қабаты тегістелген баспалдақты түрде құрылған, олар солтүстікке және шығысқа қарай төмендейтін әртүрлі гипсометрлік деңгейде жатыр. Кішкене төбелі тегістелген беттер су айрық тау жоталарына және тау аралық ойпаттарға жалғасып жатыр. Тау жоталарының биіктігіне байланысты, эрозиялық процестердің қарқындылығының әртүрлі болуы биік таулардың тегіс беттері кішкене бөліктер түрінде су айрық жазықтарында сақталған. Сонымен, Тастау тау жотасында су айрықтың биіктігі 3-4 км болған кезде тегіс беттердің ені бірнеше жүздеген метрге дейін созылады.

Орта және аласа таулардың беткейлері денудациялық процестерге, эрозиялық тілімденуге аз ұшырағандықтан жақсы сақталған және үлкен аумақты алып жатыр. Мысалы, Теректілі және Белқайың тау жоталарында су айрықтың биіктігі 2 км болғанда, тегістелген беттердің ені 10 км-ге дейін жетеді.

Жоңғар Алатауының шығыс бөлігі аса көп емес терең өзен аңғарларымен тілімденген. Өзен аңғарлары көбіне тік беткейлі және пайда болуы тектоникалық үрдістердің әсерінен қалыптасқан деп есептеледі. Су айрықтарға қарағанда өзен аңғарларының тереңдігі әртүрлі болып келеді.

Жоңғар Алатауының Алакөл ойпатына жалғасқан шығыс жағында әртүрлі абсолюттік биіктіктерде грабенге ұқсас төбелі-жонды тау аралық ойпаттар кездеседі. Олардың ішіндегі ең ірісі Калпаков ойпаты. Ойпат шығыстан батысқа қарай Алакөл ойпатынан Шынжалы өзеніне дейін 200 км-ге созылып жатыр. Ойпат түбінің ені 5-15 км аралығында ауытқып отырады. Тұбінің жер бедері төбелі - жонды болып келген, салыстырмалы биіктігі 50 м. Колпаков ойпаты үш өзен аңғарларымен тілімденген. Батысында Шынжалы өзенінің оң саласы бастау алады, ол аса терең емес, бірақ аңғары кең. Ойпаттың орта бөлігі Тентек өзеніне кіретін су ағындарымен тілімденген, аңғар тереңдігі кейбір жерлерінде 200 метрге дейін жетеді. Үшінші өзен Жаманты, шығысқа Алакөл көліне қарай ойпатты жағалай 300-400 м тереңдігі бар каньон құрап ағады. Ойпаттың абсолюттік биіктігі Жаманты және Тентек өзендерінің су айрығынан басталады да, батысқа және шығысқа қарай төмендейді. Колпаков ойпатында лесс тәрізді саздақтар кеңінен тараған.

Олар көбіне малта тастардың үстінде орналасқан, төменгі қабатында қызыл түсті саздақтар кездеседі.

2. Тарбағатай және Барлық тау жоталарының төбелі-жонды лессті тау алды.

Тарбағатай тау жотасының төбелі-жонды лессті тау алды. Ол Тарбағатайдың оңтүстік беткейі бойымен 150 км-ге, батысында Қызыл Белдеу тауынан басталып шығысында мемлекет шекарасына дейін созылып жатыр. Ол 2620 км 2 ауданды алып жатыр, биіктігі ойпат жағына қарай төмендейді. Тау алды ені Ұржар өзенінің алабында 40 км-ге жетеді, ал шығысқа қарай кішірейе бастайды. Мұнда көбінесе тегіс беткейлі жондарды және созылыңқы келген төбелерді кездестіруге болады. Жондар мен төбелердің салыстырмалы биіктігі 20-50 метр, беткейлердің тіктігі 5-10 0 кейдк 20 0 -қа жетеді. Төбелер мен жондар тау маңында кішірек және тік беткейлі болып келеді. Таудан алыстаған сайын беткейлері тілімденіп, көлемі үлкейе бастайды.

Тау алды беті лессті және лесс тәрізді саздақтармен жабылған, тек кей жерлерде палеозой жыныстары жер бетіне шығып жатады. Ал өзен аңғарларында лессті шөгінділердің астында қой тасты, малта тасты материалдар жатыр. Лессті шөгінділердің қалыңдығы әртүрлі. Мысалы, тау алды жазықтарында аса қалың емес, осы жерден алыстаған сайын ұлғая түседі. Төбелі-жонды Тарбағатай тау алдын бірнеше өзен қиып өтеді. Ірі өзендердің жақсы шектелген жайылымдары және екі-үш террасалары бар. Мысалы, Ұржар өзенінің солтүстік саласы таудан шығар жерінде терраса құрайды, олардың биіктігі 1, 5, 11 және 14 метрге жетеді.

Барлық тау жотасының төбелі-жонды лессті тау алды Алакөл ойпатының шығысында 500-1100 м биіктікте орналасқан. Ол солтүстігінде Еміл аңғарынан бастап мемлекет шекарасы бойымен 50 км, оңтүстігінде құрғақ Шұмшыт саласына дейін созылып жатыр. Ауданы 750 км 2 . негізінде палеозой жыныстарынан құралған, оның үстіңгі қабатында қалыңдығы 50-60 м карбонатты лессті құмдар мен құмдақтармен жабылған. Барлық тау алды Алакөл ойпатынан тегіс көтеріңкі және көптеген аңғарлармен (көбіне құрғақ) тілімденген.

3. Аллювийлі-пролювийлі еңіс тау алды жазықтары.

Жоңғар Алатауының тау алды жазықтығы. Оның солтүстік-шығыс беткейінің бойымен солтүстік-батысында Шынжалы өзенінен басталып, оңтүстік шығысында Қытай мемлекетінің шекарасына дейін 180 км-ге созылып жатыр. Ауданы 2200 км 2 , абсолюттік биіктігі 347-800 метр. Жазықтықтың ені 25 км аралығында. Жазықтық Шынжылы, Тентек, Жаманты, Ырғайты, Шындалы өзендерінің құрылықтық атырауларынан пайда болған. Жер бедерінде Тентек, Жаманты, Ырғайты өзендерінің ысырынды конустары жақсы көрінеді. Жазықтықтың көтеріңкі оңтүстік-батысындағы бөлігі Жоңғар жарығы бойымен өтетін тік тектоникалық кертпештермен шектелген. Жоңғар жарығын тау бойымен тараған, сумен толтырылған ұсақ ойпаттар түрінде байқауға болады.

Ойпаттың оңтүстік-шығысында Барлық және Майлы жоралары бір жағынан Жоңғар Алатауы екінші жағынан бір-біріне жақын болғандықтан өзендер конустары Жоңғар қақпасының ортасында қосылып тік, жіңішке ойпат құрайды. Ал Ырғайты және Құсақ өзендерінің конустары қосылып Жоңғар қақпасының түбінің бір бөлігін тастаған, оның орнында аса терең емес Жалаңаш көлі пайда болған. Барлық өзендердің ысырынды конустары негізінен қой тасты, малта тасты шөгінділерден құралған. Ол таудан алыстаған сайын құм мен құмдаққа ауысады. Қой тасты, малта тасты шөгінділердің қалыңдығы өте үлкен. Жоңғар Алатауының бойында қой-малта тасты өзен ысырынды конустары делювийлі шөгінділер жапқан.

Жалпы ысырынды конустың әлсіз толқынды жер бедері сайлармен және өзен аңғарларымен күрделенген. Мұнда өзен аңғарлары ысырынды конустың әртүрлі тереңдігіне еніп, кіріп жатады.

Барлық өзен аңғарларында да террасалар жеткілікті. Ірі өзендерде олардың саны беске дейін жетеді. Олардың төртеуі қойтасты және малта тасты материалдардан құралған. Төртінші терраса конустың бетін түгелдей алып жатыр, ал тура тау маңында ол саздақтармен жабылған. Оның қалыңдығы конустың төбесінде 12 метрге жетеді. Ірі өзендердің таудан шығар жерінде, жағалау беткейлерінде бесінші терраса байқалады. Оның беті негізінен қой тасты, малта тасты материалдармен немесе қиыршық тастар аралас лессті саздақтармен жабылған. Өзен сағасына жақындаған сайын террасалар біртіндеп жоғала бастайды да, төртінші терраса жайылмаға қосылып кетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алакөлдің рекреациялық зонасының табиғи туристік-рекреациялық ресурстарын, табиғи ландшафтарын зерттеу және бағалау
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТАБИҒИ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ
Тұран жазығы
Төрттік шөгінділердің орташа күштілігі 1200 метр
Алакөлдің көпжылдық су деңгейі режимі
Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету
Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуы
Каспий маңы ойпатының табиғатының қалыптасу кезендері
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz