Мадагаскар аралы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университеті
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі:
Альжанова Р. Ж.
2008 ж.
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мадагаскар аралы.
Орындаған:Гуманитарлық факультет
география мамандығының
3 курс студенті
Нурмуханов Қ. Е.
Ғылыми жетекші: оқытушы
Альжанова р. Ж.
Атырау 2008 ж.
Жоспар
I. Кіріспе:
Мадагаскар аралының физикалық географиясы.
II. Негізгі бөлім:
- Мадагаскардың көпжылдық тарихы.
- Климаты және табиғаты.
- Халықтың қоныстануы.
- Басқару жүйесі және саясаты.
- Экономикасы.
- Қоғам және мәдениет.
III. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
Мадагаскардың физикалық геогорафиясы.
Мадагаскар Демократиялық Республикасы бұл Африканың оңтүстік шығысында, Үнді мұхитының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан аралдық мемлекет, көлемі жөнінен дүние жүзінде төртінші орынды алатын аралда орналасқан. Бұл елдің территориясына айналасындағы ұсақ аралдар кіреді. Мадагаскар аралы Африка континентінен 390 км қашықтықта орналасқан және оны құрлықтан Мозамбик бұғазы бөліп тұр. Арал солтүстіктен оңтүстікке 1600 км, ал шығыстан батысқа 570 км-ге созылып жатыр. Аралдың жалпы жер көлемі - 587 041 шаршы шақырымды құрайды.
Топографиялық жағынан Мадагаскарды бірнеше аудандарға бөлуге болады:
Антсиранана - аралдың солтүстік бөлігі, бұл биік таулы аймақ, ең биік шыңдары теңіз деңгейінен 2658 м көтеріліп жатыр. Тау етектерінде тропикалық өсімдіктер өсіріледі. Бұл аймақтың басты ерекшелігі Әскери -теңіз базасының болуында.
Махаджанга - ауыл шаруашылығымен айналысатын, үлкен порты бар бай аймақ. Бұл жерлерде күріш, мақта, темекі және тағы басқа өсімдіктер өсіріледі.
Толиаре - бұл мейлінше құрғақ аймақта басты минералды ресурстарының кен орындары орналасқан.
Мадагаскардың шығыс бөлігі құрғақ, әрі өте ыссы климатымен ерекшеленеді. Мұнда елдің ең үлкен порты - Тоамасина орналасқан. Бұл кофе, ваниль және т. б. тропикалық дақылдарды өсіретін басты аймақ.
Аралдың ішкі таулы аймақтарында халық мейлінше тығыз қоныстанған. Егістік жерлерінде күріш көп өсіріледі. Мемлекет астанасы және әкімшілік, мәдени орталығы осында орналасқан.
Қрлықтан Мозамбик бұғазы бөліп тұр, жағалау сызығының ұзындығы-4, 8мың км. Астанасы Антананариву қаласы (1, 33 млн адам 2003ж. ) . Мемлекет негізінен 6 әкімшілік аймаққа бөлінеді. халқы 17, 5млн адам(2004ж) . Ресми тілдері -малагасий және француз. Діндері- христиан, ислам және жергілікті дәстүрлі діндері. Валютасы- малагасийлік франк. Ұлттық мейрамы-26 маусым-тәуелсіздік күні. Мадагаскар 1960ж бастап БҰҰ-на мүше, 1963ж бастап Африкалық бірлік ұйымынамүше болды.
Мадагаскардың көпжылдық тарихы.
Отаршылдық саясатқа дейінгі кезең. архиологиялық қалдықтар Мадагаскар халқының қалыптасуының шығыс Африкадан, Индонезиядан және Шығыс Араб елдерінен неше түрлі жер аударулар мен ассимиляциялар нәтижесінде қалыптасқанын дәлелдейді. XVI ғасырдың басында бір бірінен еңбек ету формалары арқылы ажыратылатын 18 этникалық топ болған. XVI ғасырдың аяғында және XVII ғасырдың басында Мадагаскарда тайпааралық саяси бірлестіктер қалыптаса бастады: манандриана, буэни, менабе, имерина және т. б. Аралға келген ең бірінші европалықтар, португал теңізшісі және Ф. Суариша - 1506жылы. Ал отаршылар 1642 жылы Сент - Мари аралына келді. Португал, ағылшын және голландық отаршылардың XVII - XVIII ғасырлардағы Мадагаскарға жасаған жорықтарын жергілікті тұрғындар басып жаншыды. XIX ғасырдың басында имерина басшысы Андрианампуйнимерина әскери жорықтар, дипломатиялық және династиялық қатынастар арқылы мемлекетті күшейтті. Оның баласы Радама I - 1818 жылы Мадагаскардың корольдік титулына ие болды. Ұлыбританиямен келісім - шарт жасасау және ағылшындардың аралда миссионерлік жұмыс жүргізуі арқылы Ұлыбритания тарапынан әскери көмек алып, мемлекеттің жеке әскер қатарын құрды. Кейінрек Ранавалуна I патшайым басқарған кезде христиан діні және европалықтармен сауда қарым - қатынасына үзілді - кесілді тыйым салынды. Ал Ранавалуна II РанавалунаIII патшайымдар басқарған кезде Мадагаскардың тәуелсіздігін сақтап қалу мақсатында Англия мен Францияны бір - біріне айдап салды, ал христиан Мерина халқының дініне айналды. Француздардың Мадагаскарды отарлау 1822 жылы саясаты қайта жанданды. Екі франко - малагасийлік қырқыстар (1883-1895ж) нәтижесінде француздар жеңіске жетіп, 1896 жылдың шілдесінде аралды өз отарына айналдырды. Отаршылдыққа қарсы күрестер 1917 жылға дейін жалғасын тапты.
Отаршылдық кездері. Отаршылардың шаруашылықтары ваниль, кофе, раушангүл сияқты экспорттық тауарлар аясында жүрді. Тау - кен өнекәсібі дами бастады. Барлық жерлерде жергілікті халықты қанау арқылы оларды жұмысқа тартты. Отаршылдық әкішілік үкмет басына мериналықтарды қойды. 1946 жылы Мадагаскар Францияның « теңіздің арғы жағындағы территориясы» статусына ие болды. 1946 жылы Мадагаскардың тәуелсіздігін бейбіт жолмен алуды көздеген алғашқы саяси партия құрылды. Олардың көшбасшылары Равуаханг және Ж. Расета Франция парламентінде сөз қозғады. 1946 жылдың наурызында арылдың шығыс аймақтарында ұлттық тәуесіздік көзделген қарулы көтерілістер басталды. 18 айға созылған ұзақ қақтығыстар нәтижесінде 80 мың адам өлді деп болжанды. Францияның 1956 жылғы аралда автономияны құру туралы шыққан заңына дейін аралда саяси партияларды құруға қатал тиым салынды. Тәуелсіздік алуға бағытталған қозғалыстарды 1956 жылы құрылған «Социял - демократиялық партия» басқарды. Партия басшысы Фильбер Циранана 1959 жылы мадагаскардың ең алғаш президенті болып сайланды.
Тәуелсіз өркендеу кееңі. Ф. Цианана бастаған партия Францияның келісімін алып 1960 жылы 26 шілдеде Малгасий Республикасын тәуелсіз деп жариялады. Басты экономикалық және саси серіктері Оңтүстік Африка Республикасы болды. 1972 жылғы студенттермен және жұмысшылардың толқулары Ф. Циранананың ел басқару ісін уақытша әскери директорияға тапсыруына әкелді. 1975 жылғы желтоқсанда өткізілген референдум нәтижесінде жаңа конституция қабылданып, арал әлеуметтік даму жолына түсті. Ел «мадагаскар демократиялық республикасы» деп атала бастады және екінші ранг капитаны Дидье Рацирака президент болып сайланды (1982, 1989 жылдары қайта сайланды) . Үкімет фрацуздардың ел ісіне аралысуы, экономикасына шетелдік валюталардың енгізілуін шектеу, Африкадағы отаршылдықа қарсы сясатты қолдау және басқа да әлеуметтік елдермен қарым - қатынасын жақсарту аясындағы курстарын жиі өткізіп тұрды. Оппозицияның жұмысының арқасында 1992 жылы дамудың әлеуметтік түрін тоқтаты, парламенті ел басқару ісін бекіткен жаңа конституция қабылданды. Ал 1992 жылдың қыркүйек айында ел жаңа «Мадагаскар республикаы» деген жаңа атпен атала бастады. 1993 - 1995 жылдар арасында президент жұмысын Альбер Захи атқарды.
Климаты.
Климаты тропиктік және экваторлық муссонды. Аралдың әр жерлерінде климат жағдайы айтарлықтай өзгеше. Шығыс және солтүстік батыс жағалауларына тропиктік климат тән. Аралдың ең ыстық аймағы бұл- солтүстік батыс жағалаулары және Бемараха үстірті, орташа температура көрсеткіші +34 градус. Тау массивтерінің биік шыңдарына қарай температураның тез төмендеуі және аяздар байқалады. Оңтүстік Мадагаскарда құрғақшылық басым. Елдің орталық облыстарына тұрғындарға мейлінше қолайлы, жайлы климат тән. Мадагаскардың басты проблемасы Үнді мұхитынан келетін және елдің шығыс жағалауына көптеген қиыншылықтар әкелетін тропиктік циклондар болып табылады. 2005 жылы «Эрнест» циклонынан мадагаскарда 3 адам өліп, 83 адам із - түссіз жоғады. Соңғы онжылдық ішінде аралға ең көп шығын әкелген 2004 жылы келген «Гафило» және «Элита» циклондары. Нәтижесінде 295 адам қырылып 300-ге жуық адам отбасы баспанасыз қалған. Аралдың қысы құрғақ, температура +13 градусқа дейін төмендейді (жергілікті халық үшін бүл өте суық болып есептеледі) . ең суық ай - шілде. Оңтүстік жарты шарда қыс пен жаз бізге қарағанда керісінше екенін ескере кеткен жөн(қыс мамырдан қыркүйекке дейін созылса, ал жаз желтоқсаннан наурызға дейін) . Ең ыстық ай қаңтар, орташа температура көрсеткіші +35 градус. Орман жамылғысы аралдың кей жерлерінде ғана сақталған. Ормандардың көпшілігі жойылған, ал олардың орнына егістік алқаптар мен аулшаруашылығына ыңғайлы жайылымды алқаптар пайда болған. Негізінен аралдың көпшілік бөлігін далалар мен саванналар алып жатыр. Мадагаскардың ормандарының жойылуында жергілікті тұрғындардың ағаштарды отын ретінде пайдалануының да рөлі аз емес.
Табиғаты.
Территориясының 1/3 болігін таулы аймақ алып жатыр. Сөнген вулкан шоқылары көп және жер сілкіністері жиі болып тұрады. Ең биік нүктесі Марумукутру жотасы(2867м) . Шығыс жағалауын теңізалды ойпаттары, ал батысын аласа үстірттер алып жатыр. Пайдалы қазбалардан боксит, гранат, графит, темір, алтын, кварц, кобальт, монацит, никель, ниобий, сапфир, слюда, титан, көмір, уран, хром кендері көптеп кездеседі. Тропиктік климат белдеуінде орналасқан. Ойпатты жерлерде айлық орташа температура айырмасы +20-26 градус, ал таулы аймақтарында +13-тен +20 градус арасында ауытқиды. Жылдық орташа жауын-шашан молшері-1000-1500мм. Шығыс жағалауында циклондар жиі кездесіп тұрады. Ең ірі өзендер тобына- Бецибука, Мангуки, Махавави, Суфиа, Унилахи және т. б жатады. Жаңбырлы маусымдарында( желтоқсан-ақпан) су тасқындары көп болады, ал оңтүстік батысында қыста (мамыр-желтоқсан) керісінше озендердің суы азаяды. Ірі көлдері Алаутра, Итаси, және Тритрива. Мадагаскардың өсімдіктер және жануарлар дүниесінің 80%-ға жуығы эндемикалы. өсімдіктердің 19мың түрлері тіркелген, олардың ішінде орхидеяның 1мыңға жуық түрлері кіреді(әлемдік рекорд) . Тропикалық ормандарында(территориясының 10%) равенала(саяхатшылар ағашы), темір, полисандралыжәне нан ағаштары, иланг-иланг, коучуктұмсық, папоротниктер, ал саванналарда (территориясының 80%) -баобабтар және пльма ағаштары өседі. Ормандардың 1/3бөлігі оларды плантациялау кезінде жойлған. Бұл ормандарды мысырлық мангусттар, дюгондар(сүтқоректілер), лемурлар(28 түрі), сақинақұйрықты мунголар, дүние жүзіндегі ең сирек кездесетін сүтқоректі-қлолаяқты ай-ай және тенрек, фусс, тасбақа, гекон, қолтырауын, кесіртке сияқтылардың сан-алуан түрлері, құстардан ванги, көгершін, ибис, жасыл тотықұс, бүркіт және бунақденелілерден көбелектің 3мың түрі, құмырысқа өрмекші және скорпиондар мекендейді. бұл аймақтарда қоршаған ортаны қорғу мәселесі әр уақытта бірінші орында.
Халықтың қоныстануы.
Мадагаскар - көпұлтты мемлекет (18 этникалық топ:антадруи, антайсака, антайфаси, бара, бецилеу, везу, зафиманира, махафали, мерина, сакалава, танала және т. б) . ұлттың қазіргізаманғы құрамы Африка мен оңтүстік шығыс Азияның миграциясының және еуропа мен арабтардың отаршылдық саясатының нәтижесі. Халықтың аз ғана пайызын үндістер, қытайлықтар, коморлықтар креолдықтар, пакистан және француз ұлт өкілдері құрайды.
Халықтың орташа тығыздығы - әрбір шаршы километрге 27, 2 адамнан келеді. Халықтық жылдық орташа өсімі 3, 03%-ды құрайды. Туу деңгейі - 1000 адмға 41, 94, ал өлім-жітім- 1000 адамға 11, 62 адамнан келеді. Бала өлімі- 1000 адамға шаққанда 78, 52 бөбектен келеді. Халықтың 44, 9%-ын 14 жасқа дейінгі балалар құрайды. Тұрғындардың 3, 1% -ын ғана 65 жасқа жеткендер құрайды. Адамдардың орташа өміс сүру ұзақтығы - 56, 54 жас (еркектер - 54, 19, әйелдер - 58, 96) . Халқының 82%ауылдық жерлерде тұрады.
Діндері. Халықтың 52% ұлттық діндерін ұстанатындар (анимализм, фетишизм, ата-баба аруағы, табиғат күштері және т. б), 41% христиан дінін ұстанатындар (католиктер және протестанттар), 7% ғана Пакистанннан және Комор аралдарынан көшіп келген мұсылман - сүнниттер. Санаулы ғана афро-христиандық шіркеулер кездеседі. Мадагаскарда христиан діні XVII ғасырдан бастап жайыла бастады. Христиандардың көпшілігі өздерінің көне салт-дәстүрлерін ұстанады.
Басқару жүйесі және саясаты.
Басқару жүйесі Республикалық. 1992 жылдың 19 тамызында қабылданған және 1998 жылдың 15 наурызында түзетулер енгізілген конституциясы әлі де ісін жалғастыруда. Мемлекет басшысы және әскербасы болып, 5 жылға бүкілхалықтық дауыс беру арқылы сайланатын президент тағайындалады. Президент сонымен қатар Ұлттық құрылтайды таратып жіберуге құқылы. Көппартиялы басқару жүйесі тән. Есеп бойынша жүзге жуық партиялар тіркелген, олардың ішінде тоғызы ғана парламентте жұмыс атқарады.
Әкімшілік құрылғысы. Мемлекет қалаларда кварталдардан, ауылдарда селолардан тұратын фукунтанийлерге біріктірілген 6 провинциядан (фаритани) тұрады.
Экономикасы.
Мадагаскар - дүние жүзіндеі экономикасы аз дамыған елдердің қатарына жатады. Тұрғындардың 75% жуығы кедейшілік күн кешуде, жан басына орташа еңбек ақы 260 АҚШ доллары (2003ж статистика бойынша) . Барлық игерілген жерлердің жалпы аумағы тек қана 5, 07% құрайды.
Еңбек ресурстары. Халықтың еңбекке жарымды бөлігі - 7, 86 млн адам, олардың 5, 8 млн адам (80%) ауыл шаруашылығында еңбек етеді.
Ауыл шаруашылығы . Ауыл шаруашылығы жасыл ормандарды өртеу нәтижесінде қарқынды дамып келеді(күніне 65 мың га орманды алқаптар өртенеді) . Ауыл шаруашылықтың - күріш (игерілген жерлердің 50%), банан, жүгері, маниок, және тәтті картоп сияқты салаларына көп көңіл бөлінеді. Сонымен қатар ананас, авокадо, арахис, боб, ванил, раушангүл, гвуаву, иланг-иланг, какао-боб, кокос жаңғағы, корица, кофе, личи, манго, бұрыш, сизаль, темекі, мақта, хурму, алма және көкөнітердің сан - алуан түрлері өсіріледі. Мал шаруашылығымен және құс шаруашылығы ішкі күнделікті пайдалану тағамдары ретінде айналысады. Бірақ ішкі сауда - саттықты түгелдей дерлік қамтамасыз етпейді. Орманшылық та көп дамымаған. Балықшылық олардың ішінде тунец балығы, өзен балықтары, краб, креветка, омар, молюскаларды аулау ел экономикасында елеулі орын алады. Балықтарды қолдан өсіріп, көбейту тәсілін де жиі пайдаланады. Мадагаскар суларының 370 км территориясында Евроодақ, Ресей, және Жапония балық аулаумен айналысады. Ауыл шаруашылығының бұл саласы Франция және Жапонияның қаржылық және техникалық көмек көрсету нәтижесінде жақсы дамып келеді.
Өнеркәсіп саласы. Тау - кен өнеркәсібі (графит, слюда, хром және т. б. ) бөте баяу дамып келеді. Ұсақ және жартылай заңды жеке кәсіпкерлер алтын және сапфир кендерін өндірумен айналысады. Шығарылған өнімдердің 50% тамақ өнеркәсібі, олардың ішінде арахис және какос майы, шұжық, кофе, сүт, ет, көкөніс, балық және жеміс - жидек консервілері, ас тұзы, секер және какао жасау өнеркәсіптері құрайды. Қағаз, ағаш өңдеу, былғары, жиһаз, сыра дайындау, темекі және текстиль өнеркәсіптері қарқынды дамып келеді. Ірі мұнай өңдеу заыты (Туамасина қаласы), аул шаруашылық техникасын жасау, минералды тыңайтқыштар және цемент зауыттары, сонымен қатар дәрі - дәрмек, сабын, әйнек жасайтын кәсіпорындар жұмыстарын жалғастыруда.
Сыртқы сауда. Импорт көлемі экспорт көлеміне қарағанда әлдеқайда жоғары: импорт көлемі 2003 ж 920 миллион, экспорт - 700 миллион АҚШ долларын құрады. Негізгі импорт тауарларын мұнай, күнделікті тұтыну тауарлары және азық - түлік құрайды. Импорттағы басты серіктестері: Франция (31. 6%), Қытай (13%), Гонконг (10%), Бельгия (507%), АҚШ (5, 4%), және сингапур (4, 6%) . Ал экспорттық басты тауарлары - ваниль, балық және теңіз тағамдары, кофе, мұнай өнімдері, секер, мақта өнімдері және хром рудасы. Экспорттағы басты серіктестері - АҚШ (35, 1%), Франция (34, 1%), Германия (6, 1%) .
Энергетикасы. Жылу талап етуші ошақтардың 85%-ын ағш және ағаш көмірі қамтамасыз етеді. Электроэнергияның 80% -дан астамын жеті ірі су электр станцияларында шығарадыю. Бұлардың көпшілігі Андриямена аймағында салынған. 1980 жылдан бері Махадзанга қаласының маңында, Мурундава және Цимуруру бассейндерінде мұнай іздеу жұмыстары жүргізілуде.
Транспорт саласы. Транспорт жүйесінің дамуын елі мекеннің таулы болуы және күшті маусымдық циклондар қиындатады. Темір жолдарының жалпы ұзындығы 893 км, автомобиль жолдарының ұзындығы 49, 84 км құрайды. Темір жолдарының және автомобиль жолдарының көбі үлкен жөндеуді қажет етеді. Ең ірі порттарын, көпірлерін және автомобиль жолдарын күрделі жөндеуден өткізуге 2002жылы Еуроодақ Мадагаскарға 10 млн доллар, 2003 жылы Жапония 28 млн доллар көлемінде Қаржылай көмек көрмсетті. 2002 ж Мадагаскардың сауда теңіз флотында 103 кеме тіркелген. Шығыс жағалауында 600 км созылатын Пангалан каналы орналасқан. Мадагаскар территориясында 116 әуежайлар бар.
Туризм. Мадагаскарды жиі «арман аралы» деген атпен атайды. Мұнда шетелдік туристерді көбінесе табиғи ланшафтардың әдемілігі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің байлығы мен сан - алуандығы, сонымен қатар ұлттың мәдениеті тартады. 2001 ж елді 170, 21 мың шетелдік туристер ( олардың көбі Франйия, Реюньон, Маврикия, АҚШ, Канада, Италия және Германиядан келген) саяхаттаған. Туризмнен түсетін табыс 2000 ж 116 млн АҚШ долларын құрағн. Туристік индрустияның дамуын саясаттық тұрақсыздық тежейді. Рекреациялық ресурстары: Әулие Августин және Тулеар бухтасы, Нози - Би архипелагы, Әулие мария аралы, Масоала жартыаралы, Нози - Мангабе, ұлттық музыка мұражайлары, араб мешіттері, президент сарайы, ұлттық парктер мен қорықтар және т. б. жатады.
Туристік саяхаттар жайында. Әрине қазақстаннан тікелей қатынайтын ұшақтар жоқ. Ең оңай жолы Air France рейсін пайдалану арқылы парижден тікелей Мадагаскарға тікелей ұшатын ұшаққа отыру. Ұшу ұзақтығы 13 - 14 сағат. Күнделікті Мадагаскар мен Кения, Маврикия, Реюньон, Сейшел аралдары, Танзания және ОАР арасында авиа рейстер қатынап тұрады. Қазақстандық туристер үшін мұнда келу үшін виза қажет болады. Мұнда шетел валютасын әкеу шектелмеген, бірақ декларация міндетті түрде қажет болады. Ал жергілікті валютаны әкетуге қатаң тиым салынған. Сонымен қатар темекі, алкогольды сусындар әкелу шкетелмеген. Алтын, ювелир тастарын, қолтырауын терісінен жасалған өнімдерді, сирек кездесетін жануарларды және олардың мүйізі, терісі сияқты құны заттарды, осімдіктер, дән, гүл және олардың кептірілген түрлерін елден әкетуге тиым салынған. Терілерді әкету тек қана кеден немесе үкметтің рұқсатымен ғана жүзеге асырылады. Құжаты жоқ жабайы және үй жануарлырын, қару, есірткі және медециналық препараттарды елге әкелуге қатаң түрде тиым салынған. Астанасындағы криминалдық орта барынша тыныш, бірақ қауіпсіздік қиыншылықтары болды. Сондықтан туристерге өзімен бірге көп ақша әкелмегн және құнды заттарын қараусыз қалдырмаған жөн.
Ең басты курортты жерлері: Әулие Августин бухтасы және Тулеар бұл - аралдың оңтүстік батысында, өзінің далалық ланшафтарымен және тікенекті өсімдіктерімен көз қызықтырарлық жер. Бұл аймақты сирек кездесетін құстар мекендейді. Бухта әсем құмды жағажайымен және қызықты маржан рифімен ерекшеленеді;
Марондава және Киринди орманы. Марондава - әдемі де қауіпсіз жағажайы бар батыс жағалауда орналасқан таңғажайып қала. Қаладан 60 км солтүстікке қарай Киринди орманы орын тапқан. Бұл Мадагаскардағы түнде өмір сүретін жануарларды зерттеуге болатын ең қолайлы жер. Орманды сүтқоректілердің мен құстардың сирек кездесетін түрлері мекендейді және баобабтың 3 ерекше түрі өседі;
Амбохиманга - бұрынғы корольдік отбасының резиденциясы және жергілікті тұрғындар қасиетті санайтын, Антананариву қаласынан 21 км солтүсікке қарай орналасқан. Амбохиманга - бұл жасыл бақтармен қоршалған, керемет бейнелі және жыл бойына қоңыр салқын ауа райы тән керемет курорттық жер;
Антсирабе - Танадан 170 км оңтүтікте орналасқан таулы қала. Ол көктемде шипалы климаты бар, жақсы қонақүйлермен және қызықты экскурсиялармен ерекшеленеді. Қаладан 89 км қашықтықта ағаш өңдеу жіне қолөнер жақсы дамыған Амбоситра қаласы орналасқан;
Әулие Мария аралы - ұзындығы 60 км, ені қысыңқы келген, Мадагаскардың шығыс жағалауында орналасқан курорттық жер. Бұл аборигендердің әйгілі жағажайлық демалыс орны. Сонымен қатар шілдеден қыркүйек айларына дейін арал маңынан алып киттерді тамашалауға болады;
Масоала жартыаралы және Нози - Мангабе. Масоала жартыаралы Мадагаскардағы эко - туризмнің ең басты орталықтарының бірі. Жағалаудағы қалың өсімдік жамылғысы және маржан рифтері экстрималды демалысты жақсы көретіндер үшін қолайлы жағдай. Нози - Мангабе жаңбырлы орманмен көмкерілген, лемурлардың қорығы болып есептелетін арал. Қалың ормандар, көлеңке құм үңгірлері, пальма ағаштары және сарқырамалар саяхатшылардың есінде ұмытылмас әсер қалдырады. Бірақ суға жүзу өте қауіпті, себебі жағаға жақын маңда акулалар көптеп кездеседі;
Нози - Би Архипелагы республиканың солтүстік шығысында орналсқан және бірнеше ірілі ұсақты аралдардан тұрады. Олардың ішіндегі көлемі жағынан ең ірісі Нози - Би аралы туристік тұрғыдан қарағанда мейлінше жақсы дамыған. Мұнда қонақүйлер, түнгі клубтар, дүкендер көп кездеседі. Және жағажай спортын дамытуға ең қолайлы жерлердің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz