Маңғыстау облысының халқы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 4 бет

1. Маңғыстау облысының экономикалық - географиялық жағдайы

1. 1 Географиялық орны. ……… . . . 5 бет

1. 2 Әкімшілік-территориялық бөлінуі . . . . 6-15 бет

1. 3 Табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарына экономикалық -географиялық тұрғыдан баға беру . . . 15-18 бет

2. Маңғыстау облысының халқы

2. 1 Нарықтық экономика жағдайында халқының орналасу ерекшеліктері мен дамуы . . . 19-21 бет

3. Облыстың шаруашылығының мамандануы және даму ерекшеліктері

3. 1 Шаруашылығының мамандануының халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына әсері . . . 22-33 бет

4. Облыстың экологиялық жағдайы

4. 1 Экологиялық мәселелері . . . …… . . . 34-36 бет

Қорытынды . . ……… . . . 37 бет

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 38 бет

Кіріспе

Маңғыстау облысы Қазақстан республикасының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1973 жылы Маңғышлақ облысы болып құрылған, 1990 жылдан бастап Маңғыстау облысы болып аталады. Облыс көлемі 165, 6 мың шаршы километрге тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 361, 7 мың адамды құрады. Облыс бойынша халықтың тығыздығы орташа (1ш. км. көлемге) 2 адам құрайды. Облыстың солтүстік бөлігінде Желтау, (221 м), Мыңсуалмас (148 м) таулары және құмды массивтері ( Қарақұм, Сам және басқалары), сортаң жерлері (Өліқолтық, Қайдақ, Қара дүлей және басқалары) және Бозащы түбегі бар Каспий маңы жазығы орналасқан. Орталық бөлігінде Маңғыстау түбегі және ТМД-дағы ең үлкен ойпат - Қарақия (132м. ) орналасқан. Оңтүстік-батысында Кендірлі-Қаясан жазығы, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты, шығысында - Үстірт жазығы орналасқан.

Маңғыстау облысының аумағы биолклиматтық жағдайларының сипаты бойынша сұр-бозғылт топырақты шөлейтке жатады. Барлық аумақта кең таралған сорлар, сортаңдар кездеседі. Кең ауқымды аумақты құм алып жатыр.

Облыста 4 аудан және 2 қала (Ақтаудан басқа), 6 кент, 30 селолық және ауылдық округ бар, қала халқының саны 274, 6 мың адам құрайды (76%), ауылдықтар - 87, 1 мың адам (24%) . Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88, 1 мың), 13 колледж (10, 3 мың қатысушы), 4 жоғары оқу орны (17, 8 мың студент) жұмыс жасайды. Облыста барлық мамандық бойынша 1, 2 мың дәрігер қызмет ететін және 3, 1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар.

Мұнай мен газдың айтарлықтай қоры Өзен кенорнында, алынатын қоры 500 млн. тонна, Жетібай кенорны - мұнай-газ конденсаты қоры 150 млн. тонна барланып, табылды. 70 жылдардың ортасында Бозащы түбегінде алынатын жалпыұлттық қоры 350 млн. тонна Қаражанбас, Солтүстік Бозащы, Қаламқас ірі мұнай-газ кенорындары ашылды. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы аумағында мұнай мен газдың 59 кенорны белгілі. Облыс бойынша мұнай қоры 3156, 2 млн. тоннаны, алынатын шикізат - 1440, 3 млн. тонна, жиналған олжа -382, 7 млн. тоннаны құрайды.

Маңғыстаудың жер қойнауы тұз шөгінділеріне де бай. Үш ірі ас тұзы кенорындары бар: Бұлақ 1, Қошқар Ата, Қарақия. Бұлақ1 кенорны Форт-Шевченко қаласы ауданында орналасқан. Ауданы 0, 5 шаршы метр экваторияны алып жатыр. Құрамы Nа СІ 95, 2%, қоры шамамен 300 мың тонна. Қошқар Ата кенорны Каспий теңізі жағалауына өте жақын орналасқан. 25, 17 шаршы метр ауданды алып жатыр. Құрамы Nа СІ 97%, қоры есептелмеген, алайда ол Маңғыстаудағы ең ірі кенорын болып табылады. Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау.
Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді. Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты.

1. Маңғыстау облысының экономикалық - географиялық жағдайы

  1. Географиялық орны

Маңғыстау облысы Қазақстан республикасының оңтүстік батыс бөлігінде орналасқан. 1973 жылы Маңғышлақ облысы болып құрылған, 1990 жылдан бастап Маңғыстау облысы болып аталады. Облыс көлемі 165, 6 мың шаршы километрге тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына облыс халқы 361, 7 мың адамды құрады. Облыс бойынша халықтың тығыздығы орташа (1ш. км. көлемге) 2 адам құрайды. Облыстың солтүстік бөлігінде Желтау, (221 м), Мыңсуалмас (148 м) таулары және құмды массивтері ( Қарақұм, Сам және басқалары), сортаң жерлері (Өліқолтық, Қайдақ, Қара дүлей және басқалары) және Бозащы түбегі бар Каспий маңы жазығы орналасқан. Орталық бөлігінде Маңғыстау түбегі және ТМД-дағы ең үлкен ойпат - Қарақия (132м. ) орналасқан. Оңтүстік-батысында Кендірлі-Қаясан жазығы, оңтүстігінде - Қарынжарық ойпаты, шығысында - Үстірт жазығы орналасқан[1] .

Маңғыстау облысының аумағы биолклиматтық жағдайларының сипаты бойынша сұр-бозғылт топырақты шөлейтке жатады. Барлық аумақта кең таралған сорлар, сортаңдар кездеседі. Кең ауқымды аумақты құм алып жатыр.

Сурет 1. Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық бөлінуі

1. 2 Әкімшілік-аумақтық бөлінуі

Облыста 4 аудан және 2 қала (Ақтаудан басқа), 6 кент, 30 селолық және ауылдық округ бар, қала халқының саны 274, 6 мың адам құрайды (76%), ауылдықтар - 87, 1 мың адам (24%) . Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88, 1 мың), 13 колледж (10, 3 мың қатысушы), 4 жоғары оқу орны (17, 8 мың студент) жұмыс жасайды. Облыста барлық мамандық бойынша 1, 2 мың дәрігер қызмет ететін және 3, 1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар[3] .

Ақтау қаласы . Облыс орталығы 1963 жылы құрылған және Каспий теңізінің айғағы болып табылады. Аумағы - 165 мың шаршы шақырым (Қазақстан аумағы ның жалпы ауданының 6, 1 % алып жатыр) . 2005 жылдың 1 қаңтарына қалада 159, 2 мың адам тұрған, немесе барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғында-рының саны 19, 4 мың адам) және Өмірзақ (1, 4 мың адам) . 2004 жылы қала мұнайшылары 9, 5 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша барлық өндірілгеннің 61% өндірді. 2, 3 млрд. кВт. сағат электр энергиясы, 268 тонна өңделген сүт, 1478 тонна басқа сүт өнімдері, 21, 5 мың жұп аяқ киім шығарылды. Климаты - шұғыл континенталды, аса құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы - минус -9 0 С, маусымның орташа температурасы - плюс 25-29 0С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 100 -150 мм. Аумақтың көп бөлігін сұр топырақтағы бұтақты өсімдіктері бар жусанды-сортаңды шөл алып жатыр; беті сорлы, тақырлы сор, өсімдігі сирек құмды жерлер болып келеді. Аумақтың көп бөлігін сұр топырақтағы бұтақты өсімдіктері бар жусанды-сортаңды шөл алып жатыр; беті сорлы, тақырлы сор, өсімдігі сирек құмды жерлер болып келеді[1] .

Ақтауда 80 астам ұлттан тұратын Маңғыстау халқының саны 10. 01. 2006 ж. жағдай бойынша 373, 4 мың адамды құрайды немесе Қазақстан халқының 2, 4 % құрайды.

Жаңаөзен каласы . Облыс қарауындағы қала Жаңаөзен 1968 жылы құрылған. 2005 жылдың 1 қаңтарына қалада 60, 7 мың адам немесе облыстың барлық халқының 17% тұрған. Ақтаудан Жаңаөзенге дейінгі ара қашықтық - 150 км. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне кіретін ауыл-дар: Теңге (тұрғындарының саны 12, 7 мың адам) және Қызылсай (4, 0 мың адам) ауыл-дары кіреді. 2004 жылы қала мұнайшылары 6, 2 млн. тонна шикі мұнай немесе облыс бойынша шығарылған көлемінің 39%, 0, 9 млрд. текше метр табиғи газ шығарған. 818 тонна сүт өнім-дері, 5, 1 мың дана жұмыс киімі шығарылды.

Бейнеу ауданы. Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Ақтаудан Бей-неуге дейінгі арақашықтық - 470 км., аудан көлемі 40, 5 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 34, 6 мың адам тұрған. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады.

Сурет 2. Қарақия ауданы

Қарақия ауданы. Қарақия ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Құрық селосы. Ақтаудан Құрыққа дейінгі ара қашықтық - 72 км., аудан көлемі 63, 3 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 25, 0 мың адам тұрған. Аудан құрамында 8 ауыл кіретін 4 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығы-мен айналысады[2] .

Маңғыстау ауданы. Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы. Ақтаудан Шетпеге дейінгі ара қашықтық-159 км., аудан көлемі 47, 9 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 28, 7 мың адам тұрған. Аудан құрамында 22 ауыл кіретін 11 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады.

Түпқараған ауданы. Түпқараған ауданы 1992 жылы құры-лған. Аудан орталығы аудан қарамағындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан. Ақтаудан Форт-Шевченкоға дейінгі ара қашықтық - 132 км., аудан көлемі 12, 6 мың ш. км. тең. 2005 жылдың 1 қаңтарына ауданда 15, 4 мың адам тұрған. Аудан құрамында 5 ауыл кіретін 3 ауыл әкімшілігі бар. Аудан экономикасы ауыл шаруашылығымен айналысады.

Негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер

:
2002: 2002
2003: 2003
2004: 2004
: Тұрақты халық саны (жыл соңында), мың адам
2002: 338, 6
2003: 349. 7
2004: 361, 7
: мың адам
2002: 4823
2003: 5485
2004: 6740
: 1000 халыққа шаққанда
2002: 14, 5
2003: 15. 7
2004: 19, 3
: Жұмыс істейтін халық, мың адам
2002: 133, 2
2003: 141. 4
2004: 164, 4
: Жұмыссыз халық, мың адам
2002: 14, 4
2003: 15. 2
2004: 17, 9
: оның ішінде:
2002:
: жұмыссыздар ретінде тіркелген азаматтар саны (жыл соңында)
2002: 5, 3
2003: 3. 3
2004: 3, 0
: Халықтың атаулы ақшалай табыстарын бағалау (бір айда жан басына шаққанда), теңге
2002: 20724
2003: 24372
2004: 29417
: Халықтың нақты ақшалай табыста-рын бағалау (алдыңғы жылға пайызбен)
2002: 100, 6
2003: 110, 0
2004: 112, 4
: Бір жұмысшының орташа айлық атаулы жалақысы, теңге
2002: 38847
2003: 44369
2004: 53832
: Өнеркәсіп өнімі, млн. теңге
2002: 292364
2003: 363918
2004: 50344
: Өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы саласындағы қызметтерді қоса есептегенде ауыл шаруашылығының жалпы өнімі млн. теңге
2002: 1132 *
2003: 1349
2004: 1628
: оның ішінде:
2002:
2003:
: Өсімдік шаруашылығы саласы қызметтерді қоса есептегенде өсімдік шаруашылығының өнімі
2002: 17
2003: 68
2004: 143
: Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
2002: 59933
2003: 75384
2004: 100518
: Негізгі қорларды іске қосу, млн. теңге
2002: 24837
2003: 28128
2004: 36795
: Тұрғын үйлердің жалпы көлемін іске қосу, мың ш. метр
2002: 122, 7
2003: 122. 5
2004: 167, 8
: Жалпы пайдаланатын көлік-тің жүк айналымы, млн. ткм
2002: 375
2003: 436
2004: 363
: Көпшілік пайдаланатын көліктің жолаушы айналымы, млн. жкм
2002: 651
2003: 667
2004: 726
: Бөлшек сауда айналымы ( қоғамдық тамақтану қызметінсіз ), млн. теңге
2002: 10627
2003: 15219
2004: 17701
: Орындалған жұмыс, қызмет көлемі, млн. теңге
2002: 15278
2003: 13316
2004: 13500
: Экономикадағы пайда, млн. теңге (шағын санды кәсіпорындарсыз, бан-ктік және сақтандыру йымдарынсыз)
2002: 77224
2003: 89886
2004: 145081
: Экономиканың жеке секторларын-дағы бағалар индекстерІ (желтоқсан алдыңғы жылдың желтоқсанына), пайызбен:
2002:
2003:
: Тұтыну бағаларының индексі
2002: 109, 1
2003: 106, 9
2004: 107, 0
: азық-түлік тауарлары
2002: 108, 4
2003: 104, 9
2004: 106, 2
: азық-түлік емес тауарлар
2002: 107, 3
2003: 108, 1
2004: 107, 9
: халыққа ақылы қызмет көрсету
2002: 112, 0
2003: 109, 7
2004: 107, 7
: Өнеркәсіп өнімдерін өндірушілер бағаларының индексі
2002: 105, 3
2003: 111, 4
2004: 120, 0
: Жүк тасымалы тарифтерінің индексі
2002: 102, 2
2003: 95, 0
2004: 98, 9
: Ауылшаруашылық өнімдерін сату бағаларының индексі:
2002: 102, 8
2003: 103, 0
2004: 114, 1
: егін шаруашылығының өнімі
2002: -
2003: -
2004: -
: мал шаруашылығының өнімі
2002: 102, 8
2003: 118, 8
2004: 114, 1
: Күрделі құрылысқа инвестицияларға бағалар индексі
2002: 108, 4
2003: 103, 0
2004: 105, 1
: Құрылыс-монтаждау жұмыстары бағаларының индексі
2002: 110, 5
2003: 103, 8
2004: 106, 2

Маңғыстау облысының Энергетика және коммуналдық шаруашылық Басқармасы : 1. Маңғыстау облысының инженерлік инфрақұрылымының орнықты дамуы мен қызметін қамтамасыз ету;

2. Қолдағы бар бар қуатты қайта құрылымдау, жаңғырту және жаңа қуат көздерінің құрылысы;

3. Маңғыстау облысының қалалары мен аудандарындағы селолық елді мекендерді ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету;

4. Облыстың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік сала энергетика объектілеріндегі жылу беру маусымының орнықты өтуі.

Миссия: Жоғары деңгейдегі бәсекелестікке қабілеттілікті және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономиканың отын-энергетикалық және коммуналдық саласын дамыту, энергетиканы дамыту саласы, жылу энергетикасы, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау және коммуналдық шаруашылық саласында экономиканың артып келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және облыс елді мекендерінің энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын, газбен жабдықтау сумен жабдықтауға, сонымен қатар тиімді пайдалануға бағытталған шараларды іске асыру[5] .

2005 жылдың 1 қаңтарына шағын бизнес кәсіпорындарының саны

:
бірлік: бірлік
қорытындыға %-бен: қорытындыға %-бен
барлығы: барлығы
Оның ішінде үзіліссіз: Оның ішінде үзіліссіз
: бірлік
бірлік: қорытындыға %-бен
қорытындыға %-бен: Бірлік
барлығы: қорытындыға % бен
: Облыс бойынша барлығы
бірлік: 3936
қорытындыға %-бен: 100, 0
барлығы: 3282
Оның ішінде үзіліссіз: 100, 0
1181
100, 0
: Ақтау қаласы
бірлік: 3365
қорытындыға %-бен: 85, 5
барлығы: 2814
Оның ішінде үзіліссіз: 85, 7
1038
87, 9
: Жаңаөзен қаласы
бірлік: 356
қорытындыға %-бен: 9, 0
барлығы: 277
Оның ішінде үзіліссіз: 8, 4
72
6, 1
: Бейнеу ауданы
бірлік: 62
қорытындыға %-бен: 1, 6
барлығы: 56
Оның ішінде үзіліссіз: 1, 7
25
2, 1
: Қарақия ауданы
бірлік: 51
қорытындыға %-бен: 1, 3
барлығы: 45
Оның ішінде үзіліссіз: 1, 4
12
1, 0
: Маңғыстау ауданы
бірлік: 48
қорытындыға %-бен: 1, 2
барлығы: 43
Оның ішінде үзіліссіз: 1, 3
20
1, 7
: Түпқараған ауданы
бірлік: 54
қорытындыға %-бен: 1, 4
барлығы: 47
Оның ішінде үзіліссіз: 1, 4
14
1, 2

2008 жылдың есебі

Сумен жабдықтау жүйесін дамыту жөнінде . Облыста 2003-2009 жылдарға арналған «Ауыз су» өңірлік бағдарламасы бойынша іс-шаралар Жоспарын іске асыру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Облыстық мәслихаттың 2009 жылғы 27 тамыздағы шешімімен 2003-2011 жылдарға арналған «Ауыз су» РБ өзгерістер мен қосымшалар енгізілді.

2008 жылы облысымыздың 8 елді мекеніндегі ауыз сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы мен қайта құрылымдалуына республикалық бюджет есебінен - 438, 9 млн теңге бөлінді (оның ішінен - 438, 9 млн теңге игерілді, бұл жылдық жоспардың 100% құрайды), ауыз сумен жабдықтау объектілеріне, оның ішінде облыс қалалары мен поселкелерін қоса алғанда, жергілікті бюджеттен - 1 468, 4 млн теңге бөлінді, қаражатты игеру 100% құрайды.

2008 жылдың басында тасымалданатын сумен 19 елді мекен қамтамасыз етілді, оның ішінде:

- Бейнеу ауданындағы Сам (Қызыл әскер), Ноғайты, Тұрыш, Тәжен селолары;

- Қарақия ауданында - Бостан, Бостанқұм, Қызылсу, Құланды, Сенек, Аққұдық және Төлеп елді мекендері;

- Маңғыстау ауданында - Жарма, Сазды, 15 бекет, Бекі, Басқұдық, Боздақ, Тасмұрын және Тиген елді мекендері.

Алынған шаралардың арқасында 2009 ж. 01. 01. жағдай бойынша 4 елді мекен, атап айтқанда Бейнеу ауданындағы Сам, Тұрыш, Ноғайты және Бостан селоларына су құбыры тартылып, су жинайтын ыдыстар орнатылып, ауыз сумен қамтамасыз етілді.

9 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жақсартылды, Сарға, Бейнеу, Бейнеу ауданындағы Боранкқұл селоларында, Қарақия ауданының Құрық селосында әртүрлі сыйымдылығы бар су жинайтын резервуарлар орнату жөннідегі жұмыстар жүргізілді, қарақия ауданының Мұнайшы және Жетібай поселкелерінің, Өзен қаасының Теңге селосындағы жаңадан салынған тұрғын үй массивтерінде поселке ішілік су құбыры тартылды, Мұнайлы ауданының Маңғыстау селосында су құбырына күрделі жөндеу жүргізілді, сонымен қатар Бейнеу ауданының Ақжігіт-Майлы су тартқыш құбырының топтық стансасының бас сорабына қайта құрылымдау жүргізілді.

2009 ж. 01. 01. жағдай бойынша 4 елді мекенде сумен жабдықтау жүйесі жақсартылды, сапалы ауыз суға 2895 адам қол жеткізді, облысты ауыз сумен қамтамасыз ету 98% құрады[4] .

Электрмен жабдықтауды дамыту бойынша. Дер кезінде алынған шаралардың арқасында Маңғыстау облысының барлық елді мекендері 100% электрлендіріліп, электрмен жабдықтаудың орталық жүйесіне қосылды.

Жопарды құру кезінде Маңғыстау облысының инфрақұрылымын дамытудың барлық негізгі бағыттары есепке алынды. Пайдаланып отырған қосалқы стансалар мен электр тораптарын қайта құрылымдау цемент зауытының құрылысын салу, коммуналдық-тұрмыстық секторды дамыту, өңірдегі, оның ішінде Маңғыстау облысының селолық елді мекендеріндегі кіші және орта бизнес кәсіпорындарын дамытуға байланысты қажет болды.

Маңғыстау облысы бойынша тұтастай алғанда селоларды электрлендіруге бағытталған шығындардың өсімі байқалып отыр. Осылайша, 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 212, 2 млн теңге бағытталды, оның ішінде электрлендіру құрылысын аяқтауға:

Қарақия ауданында:

- ұзындың 2, 9 км Жетібай стансасының ауа желісінің құрылысына 7, 4 млн теңге;

- Жетібай поселкесіндегі Мұнайшы-2 ықшам ауданындағы ұзындығы 3, 7 км электрлендіру құрылысына - 10, 6 млн теңге;

- Мұнайшы поселкесіндегі ұзындығы 5, 9 км электрлендіру құрылысына - 27, 9 млн. теңге;

Маңғыстау ауданының Жармыш, Ащыбұлақ, Жыңғылды селоларындағы жеке тұрғын үйлер 103, 9 млн теңгеге толықтай электрлендірілді.

Түпқараған ауданының Қызылөзен, Ақшұқыр селоларындағы сомасы 62, 4 млн теңгені құрайтын ұзындығы 9, 5 км электрлендіру құрылысы аяқталды.

Жергілікті бюджет есебінен Қарақия ауданындағы «Құрық селосының 13 ы/а және Жолшы массивін электрлендіру құрылысына» - 37, 6 млн теңге бөлінді. Бұл қаражат толықтай игерілді.

Мұнайлы ауданын электрлендіру, оның ішінде электр тораптары жүйесінің құрылысын аяқтау үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 941, 7 млн теңге қаражат бөлінді:

- Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Маңғыстау- тұрғын үй массивіндегі ұзындығы 16569 м ВЛ-04 электр желісінің құрылысына 69, млн теңге, бұл қаражат толықтай игерілді; Маңғыстау-4 тұрғын үй массивіндегі ұзындығы 28768 м 0, 4кВ электр желісінің құрылысына 197, 3 млн теңге бөлінді, қаражат толықтай игерілді;

-Маңғыстау-5 тұрғын үй массивіндегі ұзындығы 37921м 0, 4 кВ электр желісінің құрылысына 197, 2 млн қаражат бөлінді, бұл сома толықтай игерілді;

- Жаңа Дәулет тұрғын үй массивінің электр желісінің құрылысына 133, 0 млн бөлінді, қаражат толықтай игерілді;

- Қызылтөбе-2 0, 4 кВ электр желісінің құрылысына 344, 4 млн теңге бөлінді, нақты шығын -316, 9 млн теңгені құрады;

Бейнеу ауданы бойынша жергілікті бюджеттен 192, 4 млн теңге келесі құрылыстарды аяқтауға бөлінді:

- Атамекен сыртқы жүйелерінің құрылысы (электрмен жабдықтау, газдандыру) - 141, 0 млн теңге;

- Сарға қаласындағы оралмандар қалашығының электрмен жабдықтау жүйесінің құрылысы - 32, 5 млн теңге;

- Тәжен селосындағы төменгі кернеулі электр желісінің құрылысы - 8, 8 млн теңге;

-Тәжен селосындағы ұзындығы 3, 7 км ВЛ-10кВ электр желісінің құрылысы - 10, 0 млн теңге;

Жаңаөзен қаласы бойынша Теңге селосын 11, 8 млн теңгеге электрлендірудің құрылыс жұмыстары аяқталды[10] .

Газбен жабдықтау жүйесін дамыту бойынша. Облысты газбен жабдықтаудың ағымдағы жағдайын анықтау қажеттілігі, облыс тұрғындарын табиғи газбен қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды іске асыру басымдылықтарын анықтау өзінің негізгі мақсаты ретінде облыстың газдандырылмаған елді мекендерін табиғи газбен 100 % қамтамасыз етуді, қажетті көлемдегі газды тасымалдау және жеткізу үшін газ тасымалдау жүйесінің өткізгіштік қабілетін арттыруды алдына қояды. Бұл міндетті орындау үшін «Маңғыстау облысының елді мекендерін 2008-2010 жылдардағы газдандыру» өңірлік Бағдарламасы бекітілді. Осы Бағдарламаға сәйкес 2008 жылдың қыркүйек айында жергілікті бюджет қаражаты есебінен Шөлтөбе-Үштаған газ құбырының құрылысы аяқталды, Үштаған селосындағы - 1700 адамды газбен толықтай қамтамасыз етуге, сонымен қатар Маңғыстау ауданының тұрғындар саны 270 адамдың құрайтын Сазды, Сауысқан селоларын толықтай газдандыруға мүмкіндік берді. Объект 2008 жылғы 21 қарашада пайдалануға берілді, газ құбырының ұзындығы - 42 км.

2008 жылы ұзындығы - 180 км Маңғыстау ауданының Сайөтес-Ақшымырау-Қызан-Шебір-Тұщықұдық газ құбырының құрылысы басталды, жергілікті бюджеттен -221, 7 млн теңге бөлінді, ол сома толықтай игерілді. Бұл 2009 өтетін өтпелі объект, жергілікті бюджет қаражаты есебінен - 3506 млн теңге қарастырылып отыр[9] .

2009 ж. 01. 04. жағдай бойынша 1 849 077 мың теңге игерілді. Осы газ құбырының құрылысы болашақта Боздақ, 15-бекет трассасының маңындағы жақын жерде орналасқан кіші елді мекендерді газдандыруға мүмкіндік береді.

Түпқараған ауданында Таушық селосындағы поселке ішілік 679, 4 млн теңгелік облыстық бюджет қаражаты есебінен ұзындығы 69, 6 км құрайтын газ құбырының құрылысы аяқталды.

«Ақтау-Форт-Шевченко» магистралдық газ құбырының құрылысы аяқталды, құрылыс «аджипККО» компаниясының қаражаты есебінен қаржыландырылды. Осыдан кейін табиғи газ кезең-кезеңмен Аташ, Баутино және Форт-Шевченко қаласының аудандық орталығына беріледі. Бейнеу ауданының Боранқұл селосында «Интергаз-Центральная Азия» АҚ қаражаты есебінен құрылысы 2006 жылы басталған ТКЦ-4 КС құрылысының жобасы іске асырылды, осы құрылыстың мақсаты САЦ (Средняя Азия-Центр) магистралдық газ құбыры арқылы айдалатын газ ағысының көлемін арттыру болып табылды. КС-4 пайдалануға енгізу Окарем-Бейнеу магистралдық газ құбыры арқылы айдалатын табиғи газдың көлемін жылына 4 млрд 380 млн м3 дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді[7] .

«Өзен-Жетібай» учаскесінде магистралдық «Өзен-Ақтау» газ құбырының резервтік тінінің құрылысы аяқталды, бұл «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС сияқты облыстың, тұтастай алғанда республиканың экономикасы үшін аса маңызды әлеуметтік-экономикалық мәні бар ірі өндірістік кәсіпорындарға толассыз және апатсыз түрде газ тасымалдауға мүмкіндік береді.

Елді мекендерді газдандыруға жергілікті бюджет қаражаты есебінен келесі объектілерге қаражат бөлінді:

-Жаңаөзен қаласындағы ГГРС-тан басталатын ГК-5 «Нан зауытына» дейінгі диаметрі 530 орташа қысымдық жер асты газ құбырын қайта құрылымдауға - 94, 2 млн теңге, 84, 0 млн теңге игерілді, ауыспалы объект;

- Жаңаөзен қаласының «Рахат-1, 2» ы/а ЖТҮ газбен жабдықтауға - 44, 8 млн теңге бөлінді, толықтай игерілді;

-Жаңаөзен қаласының «Арай-1» ы-а ЖТҮ газбен жабдықтауға - 16, 0 млн теңге бөлінді, толықтай игерілді;

- Бейнеу ауданындағы Сарға селосындағы жаңа тұрғын үй массивінің инженерлік жүйесінің құрылысы -67, 1 млн теңге бөлінді, толықтай игерілді[5] .

2008-2009 ж. ж. жылу беру маусымының нәтижесі туралы ақпарат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама
Мұнай және газ өндіру
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Батыс Қазақстан облысының демографиялық жағдайы
Маңғыстау облысының географиялық орны
Оңтүстік Батыс Қазақстан экономикалық ауданы
Жаңаөзен қаласының тарихи
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz