Оңтүстікке қарай
Жоспар
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Тектоникалық құрылымы және жер бедері.
2. Климаты.
3. Ішкі сулары.
ІІІ. Қорытынды.
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер.
І. Кіріспе.
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, экваторлық
және субэкваторлық белдеулерде жатыр. Оңтүстік жарты шардыдың субтропиктік
және қоңыржай ендіктеріне материктің енсіз бөлігі ғана кіреді.
Оңтүстік Американың енді жері (5000 км-ден астам) 50 о.е.-те.
Материктің ең батыстағы нүктесі – Париньяс мүйісі (810 20б.б.), ең
шығыстағысы – Кабу-Бранку мүйісі (340 46 б.б.).
40 с.е.-те оңтүстікке қарай материктің ені 600 км-ден аспайды.
Оңтүстік Америка солтүстікте 120 25с.е. дейін (Гальинас мүйісі),
оңтүстікте – 530 54 о.е. дейін (Магеллан бұғазындағы Фроуорд мүйісі)
жетеді.
Отты жер архипелагының қиыр оңтүстік нүктесі – осы аттас аралдағы Горн
мүйісі – 550 59 о.е.-те жатыр.
Солтүстік Америкамен арадағы географиялық шекара Кариб теңізіндегі
Дарьен шығанағынан Тынық мұхиттағы Буэнавентура шығанағына дейінгі аралықта
өтеді. Панама мойнағы екі материк арасындағы шекара деп шартты түрде
есептеледі.
Оңтүстік Америка төңірегінде аралдар біршама аз. Оның жағалауына таяу
жатқан материктік ірі аралдар – Тринидад, Чили, Отты жер, Фолкленд
аралдары. Мұхиттық аралдардан Оңтүстік Америкаға Галапагос, Хуан-Фернандес
аралдары жатады.
Оңтүстік Американың жер көлемі оған тиісті аралдармен қоса есептегенде
шамамен 17 850 мың км2 . Оның 150 мың км2-і ғана аралдарға тиесілі.
Экватор тұсында Оңтүстік Американың жағасына Атлант мұхитынан Оңтүстік
Пассат ағысы келеді. Сан-Роки мүйісі тұсында ол екі тармаққа бөлінеді,
тармақтың біреуі Гвиана ағысы деген атпен материктің жағасын бойлап
солтүстік-батысқа Антиль аралдарына қарай, ал екіншісі – Бразилия ағысы
оңтүстік-батысқа Ла-Платаның сағасына қарай ағады.
Материктің оңтүстік-шығыс жағалауы тұсында Фолкленд салқын ағысы өтеді.
Бразилия және Фолкленд ағыстары 400 және 350 о.е. аралығында Ла-Плата
ауданында тоғысады.
Атылант мұхиты жағалауында құрлыққа ішкерілеп еніп жатқан ірі
шығанақтар жоқтың қасы. Тек оңтүстік-шығыста Патагонияның жағасына жарты
шеңбер тәріздес Сан-Матиас, Сан-Хорхе ірі қойнаулары т.б. еніп
жатады.Парана өзені құйятын жерде жаға Ла-Платаның кең әрі ұзын
эстуарийімен тілімдеген. Одан солтүстікке таман Оңтүстік Америка жағалауына
терең және кеме тұруғақолайлы шағын қойнаулар кіріп жатады. Аса ірі өзен
сағаларын, әсіресе Амазонканың сағасында кең қойнаулар бар.
Кариб теңізі жағалауындағы біраз ірі түбек қолайлы шығанақтарды бөліп
тұрады. Солтүстікте Пария шығанағы мен осы аттас түбек, солтүстік-батысы
мен шығысынан Гуахира және Парагуана түбектері оқшауланып тұратын еңірі
шығанақ – Венесуэла шығанағы ерекше көзге түседі.Панама мойнағы етегінен
теңізге қарай кеңейе түсетін Дарьен шығанағы басталып кетеді.
Тынық мұхиттың Оңтүстік Америка жағасы тұсында континенттік плпатформа
өте енсіз болады, ал кей жерде ол мүлде жоқ. Материкке таяу маңда ең тереңі
7000-м-ден асатын терең мұхиттық шұңғымалар өңірі жатыр. Жылы ағыстардың
әсері экватордың солтүстік жағында сезіледі, ал Оңтүстік Американың Тынық
мұхит жағалауының қалған өн бойында күшті Перу салқынағысының әсері
байқалады, оның салқын суы оңтүстіктен экваторға дейін ұласып жатады.
Материктің солтүстік-батыс жағалауы шамамен 50 о.е. дейін өте
тілімденіп кеткен. Ең ірі және қолайлы қойнау – Гуаякиль. Оңтүстікке қарай
300 о.е. дейін жаға мүлдем тілімденбеген, биік және кеме қатынасына
қолайсыз. Дегенмен, Тынық мұхит жағалауының ең оңтүстік бөлігі тілімденіп
кеткен және оны бойлай Чили мен Отты Жер архипелагтарын құрайтын көптеген
ірілі-ұсақты аралдар жатыр. Материктің жағалауына ішкерілей кіріп жатқан
шығанақтар мен жеке аралдарды бөліп тұратын бұғаздар ирелең келеді әрі
енсіз болады. Бұған Корковадо мен Пеньяс ірі шығанақтары, сондай-ақ
материктен Отты Жер архипелагын бөлетін Магелан бұғазы мысал бола алады.

Оңтүстік Американың орфографиясында Солтүстік Америкамен кейбір
ұқсастықтар байқалады. Шығыста, Атлант мұхиты жағасына таяу маңда Бразилия
мен Гвиана таулы қыраттары және Патагония үстірті жатыр. Материктің қиыр
батысы мен солтүстік батысында оның жағалау пішінін қайталап отырып, дүние
жүзіндегі ең ұзын Анд немесе Оңтүстік Американың Кордилер тау жүйесі 9мың
км-ге созылады. Тау қыраттары мен Анд аралығында материктің жалпы көлемінің
шамамен 45%-ін қамтитын кең байтақ Амазонка, Оринокожәне Парагвай-Парана
(Ла-Плата) ойпат жазығы жатыр. Оларды Оңтүстік Американың аса ірі өзендері
суландырады. Олар бір-бірімен қосылып, материктің орта бөлігіндегі тұтасып
кететін жазық өңір құрайды.
Солтүстік Америкамен орфографиялық ұқсастық екі материктің дамуы мен
құрылымындағы кейбір ортақ белгілерімен байланысты: олардың батыс шеттері
Тынық мұхит белдеуінің қатпарлы ғимараттарына, ал үлкен шығыс бөліктері
платформалық құрылымға жатады. Бірақ платформалық бөлімі құрылымының
ерекшеліктері және дамуы жөнінен Оңтүстік Америка Солтүстік Америкадан гөрі
Африкаға ұқсастау келеді.
Жоғарыда айтылғандай, Оңтүстік Америка платформасы орасан зор Гвиана-
Бразилия мегақалқанынан (оны Оңтүстік Африка қалқанының аналогы деп қарауға
болады) және Африканың Сахара плитасына ұқсас Пампа-Патагония плитасынан
тұрады.
Мегақалқан алабында фундаменттің үш ірі дөңі: Гвиана, Батыс Бразилия
және Шығыс Бразилия дөңдері бар. Оларды Амазонка, Парана, Сан-Франсиску,
Мараньяо (Паранаиба) кейіннен түскен ірі ойыстар (синеклизалар) бөліп
жатады. Соңғы үшеуі Батыс және Шығыс Бразилия дөндерінің аралығындағы төмен
түскен бір зонаға бірігіп кетеді деуге болады.
Қалқандардың Анд қатпарлы зонасына қарағанбеткейлері Андының алдыңғы
майысуларына қосылып кететін перикратондық ойыстарға ұласады.
Оңтүстікте субмериандық перикратондық майысу Чако-Пампа синеклизасына
жалғасады. Ол Парана синеклизасына ұласады. Чако-Пампа синеклизасын енді
Патагония плитасына жатқызуға болады. Бұл плитада беті шөгінді және
жанартаулық жыныстармен жабылған және енсіз майысумен бөлінген екі массив
оқшау тұрады.
Платформа алабында әр түрлі пайдалы қазбалар бар. Олардың Оңтүстік
Америка картасындағы қазіргі таралуы бір, бір жағынан, платформаның
геологиялық құрылысының айырмашылықтарын көрсетсе, екінші жағынан, оның
геологиялық зерттелу дәрежесінің әр қилылығын көрсетеді.
Металдың ірі кендері архей-протерезой фундаметінің жыныстарымен
байланысты. Гвиана, әсіресе Бразилия таулы қыратының протерезой метаморфтық
жыныстарында (итабириттерде), темір рудаларының магнит пен гематиттердің
қоры мол. Интрузиялар енген жерлерде алтын кен орындары бар.
Ежелгі үгілуден және гранит-гнейстердің бұзылуымен пайда болған
заттарда марганец рудаларының мол қоры түзілген, оның құрамындағы металл
50%-тен асады.
Осымен қатар Гвиана таулы қыраты мен Гвиана ойпатындағы кристалл
жыныстарының ежелгі үгілу қыртысымен капиталистік дүниедегі аса ірі боксит
кендері байланысты.
Әр қилы жастағы пегматит желілерінде сирек кездесетін және радиоактифті
элементтер түзілген.
Ориноко, Амазонка бассейнінің перикратондық майысуларында, мұнай кен
орындары ашылып әрі өндіріліп жатыр.
Оңтүстік Америка платформасы алабындағы жер бедерінің Африканың жер
бедерімен көптеген ұқсас жері көп. Олардың айырмашылықтары негізінен
алғанда белгілі бір жер бедері типтерінің өзара арасалмағында. Мысалы,
Оңтүстік Америкадағы синеклизалардың кеңірек таралуына байланысты ойпатты
аккумуляциялық жазықтар едәуір үлкен кеңістіктерді қамтиды: жанартау тектес
үстірттер таралған территориялар да ұлан-ғайыр және т.б.
Аккумуляциялық жазықтар Африкадағы сияқты барлық синеклизалардың
дерлік орталық бөліктерін алып жатады және перикратондық майысу зонасына
сәйкес келеді. Синеклизалардың қалқандармен іргелес шеткі бөліктері, сондай-
ақ Патагония плитасы аймағы биік қабатты жазықтар мен үстірттер түзеді.
Шөгінді комплексі көршілес қалқандармен бірге көтерілуге ұшыраған Мараньяо
және Сан-Франсиску ойыстары үшін беткейлері тік жарлы моноклинальды және
сатылы биік үстірттердің (шападас) таралуы тән.
Батыс (Орталық)Бразилия қалқанының солтүстік және батыс бөліктеріне,
Шығыс Бразилия мен Гвиана қалқандарының солтүстік беткейлеріне жер
бедерінің типтік формалары – кең немесе тар шатқал тәріздес өзен аңғарлары
кесіп өтетін тұғыр жазықтар мен таулы үстірттер тән болады.
Бразилия таулы қыратының оңтүстік-батысында, Парана бассейнінде көп
жерді сатылы жанар таулық үстірттер алып жатыр.
Шығыс Бразилия қалқанының шетінде жатқан Бразилия таулы қыратының
шығысы мен Гвиана таулы қыратының едәір бөлігі гендік күшейе түсуі
нәтижесінде Шығыс Африка сияқты эпиплатформалық таулар жүйесіне айналған
(Бразилия серралары және Гвиана таулы қыратының ең биік бөліктері).
Анд қатпарлары белдеуі бүкіл өн бойында дерлік антиклинорийлерге сәйкес
келетін параллель немесе параллелге жақын жоталар жүйесінен және
синклинорийлер мен опырықтарға сәйкес келетін тауаралық аңғарлардан тұрады.
Андының қазіргі қатпалы ғимараты құрамына кейініректегі орогендік
процестермен қайта құрылған палеозой қатпарлы құрылымдары кіреді. Оларға
тау жүйесінің орта және шығыс бөліктері жатады. Батыста бүкіл палеозой мен
мезозой бойында шөгіп жатқан, кайнозой эрасында қатпарлануға және
көтерілуге ұшыраған зона созылып кетеді.
Жалғыз Анды белдеуі солтүстікте негігі бөлігі Солтүстік Американың
құрамына кіретін Антиль-Кариб аймағына жалғасады.Оңтүстік материкте бұл
аймаққа Кариб Андысының ендік жүйесі ғана жатады.
Дамуындағы және құрылымындағы өзгешеліктеріне сәйкес Анд тауын мынадай
ұзына бойғы құрылымдық-геоморфологиялық зоналарға бөлуге болады: Батыс
Кордильер – альпі циклінің орта кезінде немесе аяғында түзілген биік және
орта биіктіктегі қатпарлы-жақпарлы жоталар. Батысынан бұл зонаға жарысы
ұзына бойғы аңғарлар мен ойыстар өңірі өтеді. Ол өз кезегінде Тынық
мұхиттан барлық жерінде дерлік кайнозойдың қатпарлы шөгінділерінен тұратын
Жағалық Кордильердің үзік-үзік зонасымен бөлінген. Келесі зона –
палеозойдың қатпарлы құрылымдары негзінде кайнозойдың аяғындағы жақпарлы
қозғалыстардың нәтижесінде түзілген Шығыс Кордильер. Андының орталық
бөлігінде, Батыс және Шығыс Кордильердің аралығында Боливия таулы қыратының
Пуналары жатыр. Олар альпі орогенезі процесінде айтарлықтай өзгеріске
ұшырамаған палеозой жақпары болып табылады. 26 және 370 о.е. аралығында
Прекордильер мен Пампа серраларының орташа биіктегі және биік жақпарлы
массивтері мен жоталарының жүйесікөтеріліп жатады. Бұл тау ғимараттары
платформасының палеозой, ал одан кейін кайнозой тау түзілуіне іліккен шеткі
бөлігі болып табылады. Олар кәдімгі Андыдан және бір-бірінен тектоникалық
ойпаңдармен бөлінген, сонымен бірге оларды платформа мен Андының
аралығындағы өтпелі аймақ деп қарауға болады.
Пайдалы қазбалардан Анд белдеуінде мыстың, қалайының, қорғасынның,
мырыштың пневматологиялық рудалары таралған. Сонымен бірге күміс, алтын,
асыл тастар да таралған.
Андының тауаралығы және тау бөктері майысулары, әсіресе тВенесуелла мен
Колумбия аймағында мұнайға бай.
2. Климаты.
Оңтүстік Америка экватордың екі жағында жатыр, бірақ оның негізгі
бөлігі оңтүстік жарты шарда жатыр. Материктің ең енді бөлігі тропиктердің
аралығында, субтропиктік және қоңыржай ендіктерде оның енсіз және
тілімделген шеті жатыр.
120 с.е. пен 560 о.е. аралығындағы географиялық орны Оңтүстік
Американың бүкіл территориясында дерлік күн радиациясы жиынтығының өте мол
болуына жағдай жасайды. Оның көпшілік бөлігі жылына 120-150 ккалсм2
жиынтық радиация қабылдайды, тек қиыр оңтүстікте ғана бұл шама 80 ккалсм2-
ге дейін азаяды. Жер бетінің радиация баланысы қыс кезінде 450 о.е.
оңтүстікке қарай ғана, яғни материктің өте шағын бөлігінде теріс мәнді
болады.
Атлант және Тынық мұхиттарының материктің жағасына таяу маңдағы
ағыстарының да мәні зор. Атлант мұхитындағы Оңтүстік Пассат ағысының Гвиана
және Бразилия тармақтары Оңтүстік Американың жағаға таяу маңында 30С
мөлшеріндегі қысқы оң аномалия тудырады. Ал Тынық мұхиттағы экваторға дейін
тікелей өтетін Перу салқын ағысы солтүстікке Антрактидадан салқын су
массалары апарады да, экваторлық зонадағы температураны осы ендіктердің
орташа температурасымен салыстырғанда 40С-ге төмендетеді.
Оңтүстік Американың көпшілік бөлігі үшін атмосфера циркуляциясының аса
маңызды типі – екі жарты шардың пассаттық циркуляциясы. Біршама ылғалды
тропиктік ауа массалары атланаттық максимумдардың батыс шеттері арқылы
шығады. Бұл ауа материктердің түкпіріне қарай жылжи және ылғалының едәуір
бөлігін Бразилия мен Гвиана таулы қыраттарының шеткі жағына бере отырып
трансформацияға ұшырайды.
Материктің шығыс шетінде, экватордан оңтүстікке қарай солтүстік және
оңтүстік жарты шарлардың пассаттары кездеседі, ал батысқа таман жатқан
аудандарда әр жарты шардың жазғы кезінде пассат тасқындарының басқа жарты
шарға ауысуы және муссон желдерінің түзілуі байқалады.
Материктің батыс шетінің едәір бөлігіне Оңтүстік Тынық мұхит
максимумының шығыс шеті және онымен байланысты оңтүстік және оңтүстік-батыс
желдері мен пассаттық инверсия әсерін тигізеді.
Материктің қиыр оңтүтігіне қоңыржай ендіктердің батыс тасымалы ықпал
етеді.
Қаңтарда Оңтүстік Американың экватордан оңтүстікке жатқан бөлігі
көбірек қызады да, оның үстінде төмен қысым аймағы орнайды. Солтүстік
Атлант максимумы біршама оңтүстікке ауысқан, сөйтіп, оның оңтүстік шеті
арқылы жететін ауа тасқыны, солтүстік-шығыс пассат түрінде Оңтүстік
Американың солтүстік бөлігін қамтиды. Ол Гвиана таулы қыратының шығыс
беткейі мен Гвиана ойпатында едәуір мөлшерде жауын-шашын болып түседі де,
тау қыратының ішкі аудандары мен Ориноко ойпатында құрғақ жел түрінде
соғады. Құрғақшылық кезеңі соған байланысты. Экваторды кесіп өткеннен кейін
ол бағытын солтүстік және солтүстік-батысқа ауыстырады да, Бразилия таулы
қыратының көпшілік бөлігі мен Гран-Чако жазығын жаңбырмен ылғалдандырады.
Оңтүстік Атлант антициклоны жағынан қызған материк жағына қарай муссон
сипатындағы желдер соғып, олар Бразилия таулы қыратының оңтүстік-шығыс шеті
мен Ла-Плата ойпатына жаңбыр әкеледі.
Батыс жағалаудың көпшілік бөлігі 300о.е. бастап экваторға дейін дерлік
Тынық мұхит максимумының шығыс шетінің ықпалында болады және онда жауын-
шашын болмайды. Гуаякиль шығанағынан солтүстіккке қарайғы жағалаудың
бөлігінен ғана экваторлық ауа массалары әсер етеді, жаңбыр көп жауады.
Материктің қиыр оңтүстігінен батыстан мұхиттық ылғалды ауа келеді.
Сөйтіп, Тынық мұхит жағалауында, әсіресе Анд тауының батыс беткейлерінде
жауын-шашын мол болады, ал Анд тауының қалқасында жатқан және шығысынан
салқын ағыс өтетін Патагония қоңыржай ендіктердің біршама құрғақ
континенттік ауа массалары қалыптасатын орталығына айналады.
Шілдеде материктің бүкіл солтүстік бөлігі оңтүстік-батыс муссон
әкелетін ылғалды экваторлық ауаның және Атлант мұхиты жағынан келетін
ылғалдылығы одан кем түспейтін теңіздік тропиктік ауаның ықпалында болады.
Бразилия таулы қыраты үстінде оңтүстік жарты шардың тропиктік
максимумының солтүстікке ауысуына байланысты жоғары қысым және құрғақ ауа
райы орнайды.Таулы қыраттың оңтүстік-шығыс шеті ғана тікелей Атлант
мұхитынан келетін оңтүстік-шығыс пассаттың әсеріне душар болып, жазғыға
қарағанда кемдеу болғанымен, мұнда едәуір жауын-шашын түседі.
Оңтүстік жарты шардың субтропиктік және қоңыржай белдеулерінде батыс
тасымалы басым болады және циклондық жаңбырлар жауады. Патагония
бұрынғысынша біршама құрғақ және салқын ауаның құрылу орталығы болып
қалады. Бұл ауа мезгіл-мезгіл солтүстікке енеді және тура Амазонка ойпатына
дейін өтеді де, онда ауаның температурасын едәуір төмендетеді.
Тынық мұхит жағалауының орталық бөлігінде шілдеде қаңтардағыдай 300
о.е. экваторға дейін жағаны қуалай салқын Перу ағысының үстінен соғатын
оңтүстік және солтүстік-батыс желдері басым болады. Бұл Тынық мұхит
жағалауының осы ендіктерде өте құрғақ болып соғуына әкеліп соғады. Пассат
оңтүстік-батыс муссонға ауысатын солтүстік бөлігінде ғана жағалауға едәуір
мөлшерде жауын-шашын жауады.
Оңтүстік Америкадағы экваторлық климат белдеуі Амазонка ойпатын түгелге
жуық (шығыс бөлігі мен қиыр оңтүстігінен басқа), Гвиана таулы қыраты мен
Ориноко ойпатының жапсарлас бөліктерін қамтиды. Экваторлық белдеу алабына
экватордан солтүстіктегі Тынық мұхит жағалауы да кіреді. Бұл белдеуге бүкіл
жыл бойы мол жауын-шашын мен бір қалыпты жоғары температура (+240, +280С)
тән.Жылдық жауын-шашын жиынтығы 1500-ден 2500мм-ге дейін ауытқиды, тек Анд
тауының беткейлері мен Тынық мұхит жағалауында ғана жауын-шашын мөлшері
жылына 5000-7000 мм-ге дейін молаяды. Бүкіл жыл бойы бұл ауданға жауын-
шашынды оңтүстік және оңтүстік-батыс желдері әкеледі және оның көп түсуі
орфографиялық себептермен байланысты. Амазонка ойпатында жауын-шашынның
негізгі бөлігі экваторлық ауа массаларындағы конвекция процестерінің
есебінен жауады. Мол жауын-шашын буланушылықтан әлдеқайда асып кетеді де,
бүкіл жыл бойы ылғалдану коэффицентінің жоғары болуына жағдай жасайды
(барлық жерде 100%-тен астам).
Оңтүстік Американың бүкіл солтүстік бөлігі Ориноко ойпаты, Кариб теңізі
жағалауы, Гвиана таулы қыратының едәуір бөлігі және Гвиана ойпатымен бірге
субэкваторлық климат белдеуінде жатыр. Оңтүстік жарты шардың субэкваторлық
белдеуіне Бразилия таулы қыратының солтүстігі мен Амазонка ойпатының
оңтүстігі кіреді. Шығыстасолтүстік жарты шар мен оңтүстік жарты шардың
субэкваторлық белдеулері қосылып кетеді. Оған Тынық мұхит жағалауының
эватордан 4-50о.е. дейінгі бөлігі де кіреді. Субэкваторлық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz