Орта Азия аймағына жүргізген орыс саяхатшыларының зерттеулері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
І. Орта Азия аймағын зерттеу жөніндегі алғашқы тарихи - географиялық
мағлұматтар
1.1. Орта ғасырдағы Каспий және Арал теңізі аймағында қоныстанған
этникалық тайпалардың тарихы жөніндегі мәліметтер
1.2. А.Бекович-Черкасский және И.Д.Бухгольц экпедициялары
ІІ. Орта Азия аймағына жүргізілген орыс саяхатшыларының зерттеулері
2.1. П.И:Рычков, И.И:Лепихин, Э.А.Эверсманның зерттеулері
2.2. А.И.Левшин, Г.А.Карелин және өзге де ғалымдардың
зерттеулері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

КІРІСПЕ

ХҮІІІ ғ. ортасы мен ХІХ ғ. басындағы орыс зерттеушілерінің Орта және
Орталық Азия территорияларына жасаған экпедициялары Орта Азия, соның ішінде
Қазақстан үшін маңызды болды. Осы экспедициялардың жасақталуының себептері
туралы түрлі пікірлер бар. Кейбір зерттеушілер бұл экпедициялар Орта Азия
мен Қазақстан жерінің қазба байлықтарын, әлеуметтәк – экономикалық
жағдайларын зерттеу үшін жасақталды десе, кейбір зерттеушілер бұл
экпедициялар Орта Азия және Қазақстан жерінің қазба байлықтарының көзін
ашып, жер, су яғни географиялық деректер қалдырды дейді.
Менің курстық жұмысымның мақсаты осы орыс зертеушілерінің қандай
зерттеулер жүргізді және ашқан жаңалықтарының Қазақстан үшін пайдасын
немесе зиянын анықтау.
Осыған орай алдыма мынадай міндеттер қойып отырмын:
1) Экспедицияларды кім жасақтап, кім басқарғанын анықтау.
2) Экспедициялардың жасақталу себептерін ашу
3) Орыс зерттеушілерінің қандай жаңалықтар ашқанын анықтау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қосымшадан, қортындыдан және
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. Орта Азия аймағын зерттеу жөніндегі алғашқы тарихи-географиялық
мағлұматтар
1.1. Орта ғасырдағы Каспий және Арал теңізі аймағын қоныстанған
этникалық тайпалардың тарихы жөніндегі мәліметтер

Орта Азия территориясы мен табиғаты жайында географиялық деректердің
тамыры ықылым замандардың терең түпкірінде жатыр.
Физикалық-географиялық білімге талпыну ең әуелгі кезеңде адамның
материалдық-практикалық қызметімен, оның Қазақстанның табиғаты мен
территориясы жөніндегі көмескі де дүдәмал ұғымымен тығыз байланысты болған.
Б.з.д. VI-V ғасырдағы Бехустин жазбаларында І Дарин патшаның Батыс
Қазақстан аумағы мен Арал теңізі аралықтарында жүргізілген соғыс жорықтары
туралы мәліметтер кездеседі. Мұның өзінен алғашқы жер бедері туралы
түсініктер географиялық ілім элементтерін байқауға болады.
Ежелгі көшпенділер дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалардың
тұрағын сипаттай отырып, Геродот Каспий теңізі мен оның төңірегіндегі
аймақтар туралы тұңғыш географиялық деректер қалдырған. Геродот
картасында Сар Еділ, Лик Жайық, және Сергис Жем өзендері бейнеленген.
Геродот Каспий теңізін жақсы білді. Ол оны жабық бассейн деп анықтады.
“Теңізбен ұзынынан 15 күн, көлденеңнен 8 күн кемемен өтуге болатын
кеңістікті алып жатқан” деуі Батысы мен Шығысының өзі бір жалпақ кеңістік
ретінде суреттелген. “Оар бассайінінен әрі (Геродот Каспийді осылай атаған)
ойлы – қырлы, тастақты жерлер, одан әрі биік, құлан өтпес таулар жатыр” деп
Орал тауының алдын, Жалпы Сыртты сипаттаған. Айта кету керек, ежелгі
заманнан табиғатта жер, су атауларын адам баласы қойған. Бір ғана Каспий
теңізінің 70-ке жуық атауы болған. Атақты әзірбайжан зерттеушісі П.В.
Жилонның “Каспий теңізі атаулары жайлы” мақаласында “... Можно с полный
уверенностью утверждать, что ни одно морей земного шара ... не имело и
половино такого количество названий” делінген. (қараңыз. Карта-сұлба №1)
Б.з.д IV-V ғасырда Александр Македонскийдің, Руфтің сауда соғыс
жорықтарында Батыс Қазақстанның географиялық объектілері туралы және
қазіргі дала аймақтары бай өсімдіктер дүниесі (ну орман) туралы мағлұматтар
берілген.
Ибн Фадлан өзі өткен өзендердің аттарын айтады: Яганды Шаған, Жем
Ембі, Жахыш Сағыз, Өзіл Ойыл, Ердем Қалдығайты, Барыш бұлдырты,
Анхаты Атил Итиль-Еділ-Волга, Ирхиз Ырғыз және Жайық Жайық. Саяхатшы
өз жазбаларында әлгі атауларды оңтүстік-шығыстан бастап солтүстік-батысқа
қарай белгілі бір жүйемен келтіреді., соған қарап оның жолсапарының
бағдарын анықтау қиын емес. Сонымен бірге өзен атаулары Х ғасырда Батыс
Қазақстанда су жүйесі қандай болғанын айқындауға мүмкіндік береді. Ол
кездегі су жүйесі негізінен осы күндегідей болғанымен, қазір кейбір
өзендердің суы тартылғанын немесе мүлде құрғап кеткенін көреміз. Ибн Фадлан
“үлкен өзендердің бәрінің” суы мол болғанын және олардан өтерде “Құрбан
шалып” отырғандарын мәлімдейді. Саяхатшы Яик Жайық өзені жөнінде “ол біз
көрген өзендердің ең үлкені...”-әрі ағыны да өте қатты” деп жазады.
Ибн Фадлан Үстірттен төмен түсіп, Ембі (Жем) өзенінің бойымен Орал
оюлысынан Жаман сор” деп аталатын тұзды көлдің бойында зерттеулер жүргізіп,
“Су теңіз суынан ұқсас, ақпайды екен” деп Индер көлін суреттеген.
Саяхатшы Шалқар көлінде болып, оны аумағы үлкен “суы нағыз теңіздікі
секілді” көл ретінде сипаттайды.
Батыс Қазақстан өңірінің географиялық зерттеулерінің тұрақты межесі
Орал өңірі. Солтүстік Каспий жағалауынан Шығысқа қарай саяхат жасаушыларды
алғашқы табиғат зерттеушілердің көңілін аудартқан бірден-бір үлкен Орал
өзені.
Б.з.э. ІІ ғасырда өмір сүрген ежелгі геогроф Клавдия Птоломей ең
бірінші рет осы өзенге “Дайкс” деген ат қойған, ал “Яик” деген орысша атауы
1229 жылы жазбаларында кездеседі. Бұл сөзді жалпы түрік тілінен аударғанда
“Жалпақ жайылған өзен деген ұғымды білдіреді.
Б.э. 568 жылы Земарх Киликий “Даих” деген атау берген. Кейінірек 1253
жылы Орал жағалауына жасаған саяхатында Вилгельм де Рубрук өзенді “Ягак”
деп атаған. Ал араб зертеушілері ал- Идриси және Ибн-Баттут 1154-1333 ж.
өзенді “Руза” және “Улусу” деп атаған. Атақты Марко Поло Жазбаларында өзен
“Жайық” деген атауға түпкілікті ие болды.
Қазақ жерін танып-білу саласында көптеген араб және Орта Азия
саяхатшылары ежелгі заман оқымыстыларының ізін басып, олардың істерін әрі
қарай жалғастырды. Олар антикалық авторлардың еңбектерін аударып,
түсініктемелер берумен ғана шектелмей, сонымен бірге Қазақстан территориясы
туралы географиялық және картографиялық ұғымға көп жаңалықтар қосты. Сол
кезде ашылған территориялық жаңалықтардың қатарында айқындалған деректер де
бар. Каспий және Арал теңіздері, Ыстықкөл мен Балқаш, Сырдария, Жайық, Шу,
Ертіс, Ойыл, Сағыз және басқа өзендер аталады.

1.2. А.Бекович-Черкасский және И.Д.Бухгольц

экпедициялары

Ертедегі орта ғасырдағы мәліметтерде Қазақстан өңірінің географиялық
табиғаты туралы құнды еңбектер бұл аймақты тереңірек зерттеп білуге жол
ашып, әрі қарай орыс ғалымдары мен саяхатшыларының қолына жетеді.
Орыс үкіметі көршілес жатқан халықтың жерімен өмірін зерттеуге аса зор
қызығушылықпен қарады.
XV-XVI ғасырда орыс мемлекетінің елшілері Семен Мальцев пен Третяк
Чебуков қазақ даласында болып, қазақ жері мен халқын шаруашылығы туралы
мағлұматтар алған. XVI ғасырдың басында Иван Грозный қазақтарға орыс
жерінде сауда жасауға рұқсат берген.
С.У.Ремезов еңбектері Қазақстан территориясын географиялық тұрғыдан
танып-білу саласында картаға түсіріп, зерттеу дәуірінің басы болды.
Қазақстан арқылы Азияның түпкіріне өту мақсатымен 1714 жылы І Петр екі
әскери экспедиция жасақтады. Бірі- Каспий теңізі жағынан келген А. Бекович
–Черкасскийдің, екіншісі – Сібірден шыққан И.Д.Бухгольцтің экспедициясы.
А. Бекович-Черкасскийдің экспедициясы 1714-1717 Орта Азия мен
Қазақстанның Каспий теңізі жағалауына және ол арқылы құрлық жолмен Астрхань
қаласы – Гурьев қаласы –Жем өзенінің төменгі сағасы-Үстірт маршруты бойынша
екі дүркін сапар шекті. Бірінші экспедиция тұсында Бекович-Черкасский
жүрген жолдарына мұқият зерттеу жүргізді. Ол Каспий теңізінің солтүстік
және солтүстік-шығыс жағалауын съемкаға түсіріп, оның шындыққа үйлесімді
пішінін анықтады. Үзбой өзенінің төменгі сағасында жатқан алқап жайында
тұңғыш мағлұмат алды.

XVIII ғасырдың басында Орал өңірін тереңірек зерттеуге саяхатшылар
кірісті. Сөйтіп табиғат зерттеуші ғалымдар және картографтар Батыс
Қазақстан аумағын географиялық тұрғыдан тереңірек зерттеуге кірісті.

ІІ. Орта Азия аймағына жүргізген орыс

саяхатшыларының зерттеулері

2.1. П.И:Рычков, И.И:Лепихин, Э.А.Эверсманның
Зерттеулері

Қазақстанның батыс бөлігінің Россияға қосылуы патша үкіметінің қыр
еліне жаңадан екі қала салу жөніндегі жоспарын іске асыруға жол ашты.
Орынбор экспедициясы ұйымдасқан күннен бастап қызмет еткен
П.И.Рычков 1712-1777 жылдар осындай ғалымдардың бірі болды. Ғылыми
еңбектері үшін кейін ол Россияға Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі
болып сайланды.
И.П.Рычков Орынборда 43 жыл тұрып жұмыс істеді.
И.П.Рычковтың еңбегі –“Орынбор топографиясы” 1-2 бөлімдер, 1762
жыл Оңтүстік Оралдың, Қазақстан мен Орта Азияның географиясын, тарихын
және экономикасын көп жылдар бойы зерттеулер негізінде жазылған тартымды да
сүбелі ғылыми шығарма болды. Мұнда автор Орынбор өлкесінің табиғаты жайында
бұрыннан жинақталған деректерді, тұңғыш рет жүйеге келтірген.
И.П.Рычков Орал жотасын үш жүйеге, Жалпы сырт, Мұғалжар және Алтын
сырт деп тармақтап бөледі.
И.П.Рычков аракідік пайдалы кен қазбаларының шығатын жерлерін де
нұсқаған. Мәселен, Сағыз өзенінің жоғарғы сағасынан мұнай шығаратын, Индер
көлінде тұздың мол қоры бар екенін мегзейді. Ғалым Қазақстанның климатын
сипаттап, оның шұғыл континентальды екенін атап көрсетеді.
Қазақстанның тарихи географиясы тұрғысынан алып қарағанда жануарлар
дүниесі туралы мағлұматтар өте қызғылықты. Мәселен, П.И.Рычков:
“Сырдарияның төменгі сағасындағы ну қамыстарда жолбарыс мекендеген, Сарысу
мен Жем өзендерінің алқаптарында үйір-үйір құлан жортқан. Қазір ол жерлерде
аталмыш жануарлардың иісі де жоқ. Каспий теңізінде және Гурьев маңында
тюлендер тіршілік еткен, жергілікті тұрғындар оларды аулайтын болған. Сол
сияқты осы күні жойылып кеткен тағы жылқы-тарпаң туралы мағлұматтарды да
атап кеткен жөн. Тарпаңның үлкендігі орта мөлшері жылқыдай, бірақ жұп-
жұмыр, жүннің түсі құла немесе көкшіл, басқа да түстері ұшырасқанымен, олар
тым сирек. Қырғыз-қайсақтар жиырма шақты болып жиналып, қос аттап оларды
ұстайды да, мінген аттарының мойындарын арқанмен байлап, жылқыға қосақтап
бір ай бойы, кейде оданда көп уақыт қолға үйретіп, мініске пайдаланатын
болған”-дейді.
Тарпаң жөніндегі мағлұматтар тың бір қызғылықты жері сол, ол
жануарлар XVIII ғасырдың ортасына дейін көптеген аймақтарда тіршілік еткен,
ал жүз жылдан кейін ХІХ ғасырдың ортасында, олар тек Еділ мен Жайық
аралығындағы шөлейт жерлерде сақталып қалған. Ең соңғы тарпаңды 1918 жылы
Молдавия аңшылық атып құртқан. Тарпаңды жануарлар дүниесінің бір түрі
ретінде қалпына келтіретін уақыт туса, ол туралы әлгі айтылған деректерді
әбден пайдалануға болады.
Табиғатты зерттеуші мамандардың қатысуымен ғылыми экспедицияларды
пайдалану тәсіліне көшу Қазақстан территориясын физикалық-географиялық
тұрғыдан танып-білу ісіне айрықша сипат берді.
И.И:Лепихин Батыс Қазақстанның аудандарын зерттеген. Ол Еділ
өзенінің атырауы-Гурьев-Орал-Орынбор қалалары арқылы өзі жол жүрген маршрут
туралы мәлімет қалдырған. Саяхатшы Каспий теңізінің жағалауындағы
өсімдіктер мен жануарлар дүниесі жайында едәуір толық баяндаған.
И.И.Лепихин жануарлардың аз-көп болуы өсімдіктердің шығымына байланысты
екенін анықтайды. Ал мұның өзі жануарлар дүниесін зерттеуде экологиялық
тәсілді қолданудың айқын мысалы болып табылады. И.И.Лепихин жергілікті
кәсіпшілікті, атап айтқанда Жайық өзенінде бекіре балығын аулау кәсібін
өрістету жөнінде бір қатар құнды кеңестер берген.
Белгілі Орынбор ғалымы-жаратылыс зерттеуші П.И.Рычковтың ұлы
Н.П.Рычков П.С.Паллас экспедициясына қатысып, 1771 жылы Орск қаласы –
Ұлытау-Усть-Уй қамалы маршруты бойынша саяхат жасады. Ол этнографиялық және
археологиялық деректерге баса назар аударды. Алайда оның “Күнделікті
жазбаларында” кейбір географиялық мағлұматтар келтіріліп, Ор өзенінің
салаларының біреуінің алқабынан өте сапалы мәрмәр шыққаны туралы, Ұлытау
жотасындағы гипс кен орны жайында, Торғай өзенінің алқабында өсетін ағаш
түрлері және т.б. деректер келтірілген.
Екінші академиялық экспедицияның жұмыс бағдарының ерекшелігін ғана
атап өткен жөн. Оның басты айырмашылығы сол-экспедиция жер-су атауларын
ашып, анықтаумен қатар, теориялық байламдар жасау ісін де қолға алды. Бұл
экспедицияның мүшелері Арал-Каспий ойпатының мәселелері бойынша сындарлы
пікірлер айтып, бірнеше түрлі тұжырымдар ұсынды.
1819 жылдан бастап 1856 жылға дейін Қазақстанның бүкіл
территориясында бірте-бірте арнайы шолып-барлау сипатындағы зерттеулер кең
өріс алды. Бұл зерттеулер ендігі жерде бүкіл Қазақстан территориясын
географиялық тұрғыдан танып-білудің алғашқы дәуіріндегі екінші кезеңнің
басталуының айғағы болды. Зерттеу жұмыстарын 1829 жылға дейін жүргізген
Э.А.Эверсман Орынбор территориясының табиғаты туралы көптеген қызықты
мағлұматтар берді. Ол 1825-1826 жылдары Үстіртте Ф.Берг экспедициясының
құрамында, ал 1827 және 1829 жылдары Бөкей Ордасында Г.С.Карелин отрядында
жұмыс істеді.
Орынбор өлкесінде жүргізген көп жылдар бойғы зерттеулерінің
нәтижесінде ғалым “Орынбордан Бұхараға саяхат” және үш томдық “Орынбор
өлкесінің жаратылыс тарихы” 1840-1866 жылдар атты еңбектер жазды. Соңғы
шығармасының бірінші бөлімінде автор Батыс Қазақстанның табиғат жағдайларын
талдап, қорытындылаған.
Э.А.Эверсманның еңбектері, әсіресе оның соңғы шығармасы “елдерді
комплексті зерттеу” сипатында жазылған. Соңғы еңбегіне жазған алғы сөзінде
автор өзінің “табиғатта жаратылғандардың” бәрін-жануарларды, өсімдіктерді,
қазба байлықтарын өзі қолымен жинап, көзімен көргендерін түгел тізіп
қағазға түсіргенін баяндайды. Ол Үстірт қыратында құзды чинк таудың
мүжілуінен болған құбылыс деп есептеді.
Үстірттің тұңғыш анықтамасын беріп, Э.А.Эверсманның айтуы бойынша
Үстіртті құрайтын қабаттар көлбей біткен және тау жыныстары үш түрлі
шөгінді маргельдерден, жақпар тастан және борпылдақ жыныстардан түзілген.
Үстірттегі кемер құздың чинктің қалыптасуы судың шаю абразия
әрекетінен қалыптасқан, бұл қыраттың маңындағы қалдық тау шоқылары
негізінен аналық көне жыныстардан тұратындығын, Үстірт пен оның
қалыптасуы бірдей, біртұтас сонымен бірге үсті тегіс қыраттан тұратыны
туралы тұңғыш ғылыми тұжырым жасаған.
Э.А Эверсманның зерттеулері Үстіртте “тұманды таулар” бар екен деген
жаңсақ жоққа шығарды.
Сонымен бірге, Э.А Эверсман өзі зерттеген аудандардағы өсімдіктер
мен жануарларды тіркеп жазу ісін де жүйелі жолға қойып, зоологиялық мол
коллекция жинады. Бұл саладағы оның жұмыстары Орынбор өлкесінің өсімдіктер
мен жануарлар дүниесін, сондай-ақ экологиялық ғылыми зерттеулердің
бастамасы болды.
Құрамына Ф.Ф.Берг, В.Д.Волковский, Б.Лемм, П.Ф.Анжу, Э.А.Эверсман
кірген экспедицияның Каспий теңізін жіне оның шығыс жағалауын зерттеулері
қыруар географиялық деректер берді. Каспий теңізінен бастап Үстірт арқылы
Арал теңізіне дейінгі бір қатар географиялық объектілердің геологиялық
құрылымы, орфографиясы және су жүйесі зерттеліп, шекаралары мен қашықтығы
анықталады.
Зерттеулер нәтижесінде құрастырылған карталарда Каспий теңізінен
Аралға дейінгі арақашықтық дұрыс көрсетілген. Аралдың батыс жағалауының
топографиялық пішіні берілген. Үстірт қыратынан солтүстік, батыс және шығыс
кертпештері бейнеленген. Арнаулы аспап пен Арал теңізінің деңгейі Каспий
теңізіне қарағанда 35,86 метр биік екені анықталды.
ХІХ ғасырдың 30жылдарына дейін Қазақстанның географиялық жағдайлары
туралы жиналған мол материалды қорытып талдау сол кездегі география
ғылымының алдына тым міндеттеп қойды. Орыс географиялық қоғамының негізін
қалаушыларының бірі А.И.Левшин осы міндетті орындауға кірісті.

2.2. А.И.Левшин, Г.А.Карелин және өзге де ғалымдардың зерттеулері

А.И.Левшин 1799-1879 1918 жылы Харьков университетін бітіргеннен
кейін өз тағдырын Қазақстанмен біржола байланыстырған адам еді. Әуелі ішкі
істер министрлігінде жұмыс істеп, қазақтар жөніндегі қызметке ауысқан.
Орынбор мен Орал қалаларында жұмыс істей жүріп, ол қазақ ауылдарына келіп-
кетіп, қазақ халқының тарихы мен этнографиясын, оның мекендеген жерлерінің
географиялық жағдайларын зерттеген. Энтузиаст-зерттеуші Орынбор архивін
егжей-тегжейлі қарастырып, кітап қазынасын түгелдей оқып шыққан.

А.И.Левшиннің қазақтар туралы алғашқы ғылыми мақалалар “Жол
жазбалар” және “Кіші қазақ-қайсақ ордасының ханымен жүзбе-жүз көрісулер”
деп аталып, 1820 жылы “Вестник ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XVI-XIX ғасырларда Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттеу
Қазақстан Республикасы туралы жалпы мағлұмат
Қазақтың ұлттық ойындары туралы деректерді алғаш жинаған Италия саяхатшысы П.Карпини, итальяндық Марко Поланың, австриялық С.Герберштейнің, итальяндық И.И Новокамскийдің, орыс саяхатшысы П.И Рычковтың, орыс ғалымы П:С Паластың жазбалары жөнінде
Қазақ жері туралы ерте географиялық мәліметтер
Оңтүстік Қазақстан облысы топономиясының физикалық-географиялық астарлары
Қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов
Ислам дініндегі қажылық парыздың орны
Орыстандыру саясаты
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Қазақстан табиғатының Қазан төңкерілісі қарсаңында зерттелуі және физикалық-географиялық ой-пікірлердің дамуы
Пәндер