Тауларда климат қатаңырақ
Мазмұны
Кіріспе
3
1 Тарихы және рәміздері
5
2 Географиялық орналасуы
8
3 Экономикалық-географиялық орналасуы
10
4 Табиғи жағдайы
11
4.1 Геологиялық құрылысы мен жер бедері, пайдалы қазбалары
11
4.2 Климаты
13
4.3 Гидрографиялық торабы
14
4.4 Флора мен фаунасы
14
4.5 Экологиялық жағдайы
16
5 Халқы
17
5.1 Халық саны
18
5.2 Ұлттық құрам
19
6 Діні
20
7 Ауыл және қала халқы
21
8 Еңбек ресурстары
23
9 Экономикасы
25
9.1 Өндірістік сала
26
9.1.1 Өнеркәсібі
26
9.1.2 Ауыл шаруашылығы
28
9.1.3 Көлік және сыртқы экономикалық байланыстар 29
9.2 Өндірістік емес сала
31
9.2.1 Денсаулық сақтау және спорт
31
9.2.2 Ғылым және білім
31
9.2.3 Баспасөз, радиохабар мен телевизия
33
9.2.4 Әдебиет
33
9.2.5 Сәулет пен бейнелеу өнері
34
9.2.6 Музыка
34
9.2.7 Театр және кино
35
9.2.8 Мәдениет
35
9.2.9 Туризм
37
9.3 Қосымша мәліметтер
38
10 Геосаяси жағдайы
40
10.1 Саясат пен халықаралық қарым-қатынастары
41
Қорытынды
42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
43
Кіріспе
Франция Республикасы. Астанасы – Париж қаласы. Онда 8,2 млн. адам
қоныстанған.
Мақсаты – Франция Республикасына толық сипаттама беру және елдің
ерекшеліктерін анықтау, сонымен қатар экономикалық-географиялық тұрғыдан
баға беріп, мемлекеттің даму перспективасын болжау.
Міндеттері:
– жоспардағы барлық бөлімді толық қамту
– көрнекілік материал пайдалану
Өзектілігі – Франция аумағының көлемі жағынан Еуропада Ресей мен
Украинадан кейінгі орын алып жатыр және экономикасы жоғары дамыған Басты
капиталистік елдер тобына жатады. Сондықтан осындай елді зерттеу өте
қызықты болады. Себебі зерттеу барысында оның экономикасының дамуына әсер
еткен көптеген факторлар мен алғышарттарды анықтауға болады.
Бұл курстық жұмыста қысқаша түрде Отан зерттеулеріне сүйенген
ақпарат баяндалған. Франция мемлекеттік ықпал нәтижесінде экономикалық
тұрақтылықтың үлгісі болғандықтан тақырып қызықты болып табылады.
Экономикалық тұрақтылық дамыған елдердің көрсеткіші. Сонымен қатар Франция
экономикасында біздің елімізге көмек бола алатын көптеген ерекшеліктер
бар. Сайып келгенде, ел экономикасының кейбір жалпы жағдайлары қаралатын
болады, сонымен қатар оның дамуының кейбір ерекшеліктері көрсетіледі.
Ауданы 543,9 мың км2, халыќ саны —59,5 млн. адам. Астанасы — Париж
(9,5 млн. тұрғыны бар). Мемлекеттік құрылымы — республика, президентпен
басқарылады. Әкімшілік тұрғыда 96 департаментке бөлінеді.
Франция – жоғары дамыған ел, әрі ядролық және ғарыштық технологиялары
алда келе жатқан ірі мемлекет. Экономиканың жалпы көлемі жөнінен Европалық
Одақ елдерінің ішінде көшбасшы орынына ие, жан басына шаққанда ішкі өнім
көлемі жөнінен дүниежүзілік біріншіні ондыққа кіреді. Француз экономикалық
саясатының дәстүрлі ерекшелігі — мемлекеттік сектордың үлкен үлесі, әсіресе
стратегиялық маңызды облыстарда — мұнай-газды өнеркәсіптер, көлікте.
Жоспарлау бар, бірақ ол нормативті емес индикативті сипатқа ие (нормативті
көрсеткіштер жеке кәсіпорындар үшін келмейді). Шетелдік капитал
экономикасында үлесі үлкен (өнеркєсіп 40%, жылжымайтын мүлік 27,5%, сауда
—20%, ќызмет көрсету саласы —9%). Шетел капиталы кіріскен өнеркәсіп
салаларында жұмысшылырдың 20% астамы еңбек етеді. Ақпараттық және басқа да
алдыңғы технологияларда шетел капиталының үлесі үлкен (50% жоғары).
Франция — НАТО мүшесі, бірақ бұл одақ ішінде ерекше орынға ие, себебі
тек оның саяси ұйымына кіреді. Франция — ядролық және ғарыштық ірі
мемлекет. Оның әскери бюджеті 1996 ж. (38,4 млрд. дол.— әлем бойынша
төртінші орын) кез келген европалық НАТО елдерінен көбірек болды. Томсон
және Лагардер топтары дүниежүзілік әскери өнім өндірушілерінің
бірінші ондығына кіреді .
БҰҰ жүйесінде Франция — ќауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшесі, Парижде
көптеген халықаралық ұйымдар, дүниежүзілік ірі банкілердің 25-тен астам
басшылықтары орналасқан. Париж — ЮНЕСКО-нің негізгі резиденциясы. Франция
және оның саясатшысы Ж. Делор біріккен Европа ойларының бастауында тұрған .
Өткенде ќұдіретті отарлық империяның қалдығы ретінде Францияның
теңіздіњ ар жағындағы департаменттері саналады (Гваделупа, Мартиника,
Реюньон жєне Француз Гвианасы ), теңіздің ар жағындағы аумақ (Француз
Полинезиясы, Жаңа Каледония, Уолис және Футуна, оңтүстік және антарктикалық
аралдар) және теңіздің ар жағындағы территориялық қауымдастықтар (Майотта,
Сен - Пьер жєне Микелон ). Олардың жалпы ауданы 135 мың км2, ал халық саны
—1,9 млн. адам. Француз Гвианасында негізгі француз космодромы Куру
орналасқан
1 Тарихы және рәміздері
Франция атауы Маас және Шельда өзендері алабын мекендеген франктер
аймағының атауы есебінде алғаш рет 6 ғ-да пайда болды. Ал 10 ғ-дан қазіргі
Франция жеріне ұқсас аймақтар Франция деп атала бастады. Адамзат
қоғамының алғашқы ошағының бірі Франция жерінде, сірә, шамамен, бұдан бір
миллиондай жыл бұрын қалыптаса бастаса керек. Қазіргі Францияның аумағы
тарих алды кезеңде қоныстанған және елдің солтүстік-батысында бүгінгі күнге
дейін сақталған көптеген тас дәуіріндегі монументті құрылыстарды көруге
болады. Б. з. б. 3-мың жылдықта жер көп жыртылды. Б. з. б. 2-мың жылдықта
мыс, қола, алтын, күміс, ал б. з. б. 1-мың жылдықта темір қолданыла
бастады. Бұл кезде Солтүстік-шығыс және Орталық Францияны кельттер және
әртүрлі кельттенген автохтонды тайпалар, Оңтүстік-батыс Францияны көбінесе
иберлер, сонымен қатар кельтиберлер, Қиыр оңтүстік-шығысты лигурлар
мекендеді. Олар римдіктермен соғыста жеңіліске ұшырады. 5 ғ-да ел аумағына
басып кірген бургундтер, вестготтар, франктер рим үстемдігін құлатып, өз
мемлекетін құрды. Рим империясының құлдырауынан кейін бұл аумақты герман
тайпалары иемденді. 5-9 ғ-да Франция жері Франк мемлекетінің құрамына кірді
де, феодализм генезисі дәуірінде өмір сүрді. 7-8 ғ-да христиан діні дендеп
еніп, үстемдік ала бастады. Ұлы Карл билік құрған кезде Франция кең-байтақ
Каролингтер империясының құрамына енді. Феодалды таптардың қалыптасуы
жеделдеді. Франк мемлекеті құлдырап, орнына феодалдық бытыраңқылық дәуірі
басталды. 10-12 ғ-да Франция өзінің экономикалық дамуында жаңа сатыға
көтерілді. Қалалар өсіп, сауда өркендеді. Тұтас алғанда 13 ғ-да француз
мемлекетінің күшеюі тауар-ақша қатынастарының өсуіне байланысты болды. 12-
14 ғ-да жүргізілген шаралар шаруаларға еркіндік беру деп аталды.
Ортағасырларда Франция Англияға қарсы жүз жылдық ұзақ соғысқа қарамастан
гүлденді, бірақ көптеген шығындар болды. Кейін 16 ғасырдың аяғында Еуропада
Реформация атты діни қозғалыс таралды. Франциядағы протестанттар мен римдік
католиктердің шиелінісі отыз жылдық азаматтық соғысына әкелді. Елдің
экономикасы құлдырап кетті. 16-17 ғ-да экономиа қайтадан өркендей бастады.
Франция белсенді сырқы саясат жүргізді. Бұл ғ-да француз ұлты қалыптасты.
Француздық монархия Людовик XIV (1638-1715) басқарған кезде күшейді.
Бірақ халық арасында билік пен патша байлығы мен аристократияға наразылық
өсе берді. 1789 жылы Француздық революция басталды. Төңкеріс нәтижесінде
Францияның билік басына Наполеон Бонапарт келді. Оның бұйрығымен француздық
әскер Еуропа бағытында жорығын жүргізді. Тек 1812 жылы Ресеймен соғыста
және 1815 жылы британ мен пруссия әскерімен шайқаста жеңіліске ұшырады.
Империя құлағаннан кейін Францияда бурбондар монархиясы қайта қалпына
келтірілді. Ақ террор жүргізіліп, революция пиғылындағы адамдар жазаланды.
Сырқы саясатта реакциялық бағыт ұстады. Жұмысшылардың наразылығы күшейді.
Капитплизмнің қайшылықтары утопиялық социализм идеяларын туғызды. Шілде
төңкерісі бурбондарды құлатты. Бірақ бұл төңкеріс нәтижесін буржуазия
пайдаланып кетті. Экономика өркендеді. Төңкеріс Шілде монархиясын құлатып,
республика жарияланды (25.02.1848ж). 1852 жылы 2.12. империя жарияланып,
Луи Наполеон Бонапарт (Наполеон 3) император болды. 1870-71 ж. Франция –
Пруссия соғыс, Седан түбіндегі шайқас нәтижесінде революция бұрқ етті.
Париж жұмысшыларының талабы бойынша республика жарияланды. Үшінші
республика тұсында прогресшіл маңызы бар бірсыпыра төңкерістер жүзеге
асырылды. Сонымен қоса, қаржы буржуазиясының мүддесі үшін Африкада,
Вьетнамда басқыншылық соғыстар жүргізілді. Сырқы саясатта импералистік
бағыт ұстады. 19 ғасыр бойы Франция Африка мен Азияда үлкен отарларға ие
болды, бірақ 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында Германиямен соғыста
әлсіреп қалды. Төртінші республиканың 1946 ж. 10 қарашасында сайланған
Ұлттық жиналысында ФКП ең көп орын алды. 1950 жылдары генерал Шарль де
Голль басқаруымен екінші дүниежүзілік соғыс кезінде бұзылған елдің
шаруашылығы қалпына келтірілді. Бұл кезеңде өнеркәсіп дамуының қарқыны
жөнінен АҚШ-ты, Англияны, Канаданы, Бельгияны басып озды. Бесінші
республиканың 1958 ж. қабылданған конституциясы парламент өкілділігі
шеңберін тарылтып, президент құқығы едәуір кеңейді. 1958 ж. 21 желтоқсанда
генерал де Голль президент болып сайланды. 1968 жылдың басында елде
әлеуметтік-саяси дағдарыс басталды. Президент орнын Ж. Помпиду басты. Ол
қайтыс болғаннан кейін Ф. Миттеран сайланды. Франция мен Германия
Еурападағы бейбітшіліктің орнауына өз үлесін қосты, яғни олар Еуропалық
Экономикалық Бірлестік құрды, қазір ол – Еуропалық Одақ деп аталады.
Жалауы
Пропорциялары: 2:3, 1794 жылы қабылданған. Жалау үш бірдей тік келген
жолақпен сипатталады: көк, ақ және қызыл түсті. Осы тудағы түстер
патшалық, империя мен республиканы білдіреді.
Елтаңбасы
Эллипс тәрізді пішінге ие және орталығында дикторлық шоқ орналасқан –
ол билік пен республиканың символы болып табылады. Жолақта келесі сөздер
жазылған: Бостандық, теңдік және ағайындық. Бұның барлығы емен және зығыр
сабағымен қоршалған.
Сурет 1 – Францияның туы мен елтаңбасы
Бұл билік пен атақ белгісі. Елтаңбадағы фигураны қоршаған шынжыр –
құрмет пен қайырымдылық символы. Астында Легионның Құрмет ордені
безендірілген.
Тілі – Мемлекеттік және ресми тілі – француз тілі. Елдің алыс шетінде
баскша, каталонша, итальян, неміс, фламанд және бретон диалектілерінде
сөйлейді.
Валютасы - 1 қаңтардан 2002 ж. Евро (Euro) енгізілген. Бір евро 100
цент құрайды. 2012 жылдың аяғына дейін ұлттық банк ұлттық банкноттарды
евроға тегін айырбастайды. Айырбастау құны - 1 евро = 6,55957 француз
франкі, енгізілген және өзгермейді. Айналымда келесі банкноттардың
номиналы: 5, 10, 20, 50, 100, 200 и 500 евро, сонымен қатар монета номиналы
1, 2, 5, 10, 20 и 50 цент.
Сағаты – Мәскеуден 2 сағатқа артта қалады.
Ерекшеліктері:Францияда жоғары білімді тегін алуға болады. Қандай да
бір француздық университеттегі оқу біздің оқу орнымыздан арзан. Тіпті
Сорбоннаның өзінде оқу $ 100 - $ 800 жылына. Шетел студенттеріне шектеу
жоқ. Франция әрқашан жоғары сапалы тұтыну заттарымен, француздық киіммен,
аяқ киіммен, әшекей бұйымдарымен, парфюмериямен, бояумен, шарап және
коньякпен танымал болды.
2 Географиялық орналасуы
Франция Республикасы – Батыс Еуропадағы мемлекет. Солтүстік-шығысында
Бельгиямен, Люксембургпен және Германиямен, шығысында – Германиямен,
Швейцариямен, оңтүстік-шығысында - Монако және Италиямен, оңтүстік-
батысында – Испаниямен және Андоррамен шекараласады. Францияны Солтүстік
және Жерорта теңіздері, Па-де-Кале бұғазы, Ла-Манш және Бискай шығанағы
шаяды. Жалпы ауданы 551,6 мың.кв.км.
Әкімшілік бөлінуі: 95 департамент, сонының ішінде ерекше аумақтық-
әкімшілік бірлік – Корсика, 22 облыс, коммуна бар. Сонымен қатар 37 тарихи
провинцияға бөлінген. Франция Еуропаның батыс бөлігінде орналасқан. Оны
Атлантикалық, жерорта теңіздік және пиренейлік ел деп атауға болады. Теңіз
шекараларының (жалпы ұзындығы 3100 км ) ұзындығы құрлықтық шекараға
қарағанда ұзынырақ. Франция теңіз шекараларының екі майданына ие: біреуімен
(солтүстік-батыста және батыста) ол Атлант мұхитына және Бискай шығанағына
қарайды; екіншісімен(оңтүстікте) — Жерорта теңізіне. Ел құрамына оның
оңтүстік жағалауының оңтүстіктік-шығысына қарай орналасқан Корсика аралы
кіреді. Ла-Манш жєне Па-де-Кале б±ѓаздары арќылы Франция солт‰стік тењізге
шыға алады, сондықтан оны солтүстік теңіздік деп те атауға болады. 1994
жылы Ла-Манш астында Дувр-Кале жер асты автомобильдік жєне теміржолдық
туннелі іске қосылды, бұл Ұлыбританияның континенттік Европамен
байланыстарын нығайту үшін жасалған жағдай. Жиектің көптеген учаскелері,
әсіресе Бретань және Прованседе, күшті тілімденген, кемелер аялдамасына
арналған шығанақтар өте көп. Францияның мұхиттағы экономикалық аймағы 11
млн. км2 құрайды, бұл көрсеткіш Германия аймағынан әлдеқайда үлкен.
Рим империясының ең бай аймағы болған Ежелгі Галлияның ерте
экономикалық дамуына қолайлы георгафиялық жағдай және жақын маңда маңызды
сауда жолдарының өтуі жағдай жасаған деп есептеледі .
Францияның картадағы кескіні алтыбұрышқа ұқсайды. Сондықтан француздар
оны — Экзагон деп атайды. Каролинг империясының ыдырау уақытынан
құрлықтық шекара айқын көрсетілген табиғи шекаралармен өтеді — а Пиренеи,
Альпі, Юра таулары және өзендер арқылы. Құрлық шекарасының тек бір учаскесі
ғана — ойпаң жер. Бұл Бельгия шекарасы — францияның өзіндік Ахиллес
өкшесі болып саналады. Нақ осы жер арқылы елге көптеген жаулап алушыларды
басып кірген, ал соңғы рет бұл 1940 жылда неміс-фашистік әскерлері болатын,
олар қорғаныс Мажино сызығын солтүстіктен айналып өтті. Оңтүстік-,
солтүстік- және орталықевропалық аудандарға өтуі францияның жағдайын Батыс
Еуропада тораптық, ал Париж барлық батыс европалық коммуникациялық
желілерінің маңызды транзиттік орталығы болып табылады. Теңіз жєне құрлық
байланыстарының ыңғайлы болуы, халықаралық жолдардың торабында орналасуы
Францияның экономикалық позицияларын күшейтеді, басқа елдермен оның
шаруашылық дамуы саласында, сауда жєне мәдениет саласында байланыстарының
нығаюына жағдай жасаған. Мемлекеттің басты маңызды ерекшелігі болып,
аудандарының көбі, атап айтқанда Солтүстік, Арденнылар, Лотарингия, Эльзас
жєне Лиондық аймақ, Европалық мегало полиске кіреді. Франция, Бельгия,
Голландия, Люксембург және Германия торабында қалыптастырылған
трансшекаралық евроаймақтар европалық интеграциясының дамуына жағдай
жасайды, әсіресе, Швейцария басқа, францияның барлық көршілері — ЕС
мүшелері .
3 Экономикалық-географиялық орналасуы
Елдің экономикалық-географиялық орналасуы тиімді. Оны келесі
себептерінен көруге болады:
Көршілес елдерге қатысты. Франция экономикасы дамыған елдермен
шекараласады, оның үшеуі Үлкен Жетілікке жатады: Германия, Ұлыбритания,
Италия.
Жер бедері.Кең теңіздік фасад, көп жазықтар мен биік емес массивтері,
сонымен қатар күшті тау жүйелерінің ел шетінде орналасуы Франция аумағында
ішкі және сыртқы байланыс жолының дамуына қолайлы әсер етеді. Оның жерімен
Орталық Еуропадан Пиреней түбегіне апаратын негізгі сауда жолдары өткен.
Бретан, Прованс, Корсикадағы және ірі өзен эстуариіндегі айлақ теңіз
шаруашылығы мен теңіз арқылы басқа теңіз сырты елдерімен сауда байланысының
дамуына түрткі болды.
Отын-шикізат базаларына қатысты. Минералды шикізат пен энергия
көздерінің орналасуының оң және теріс жақтары бар. Негізгі көмір, темір
рудасы, калий және тас тұздары елдің қиыр солтүстік шығысында, ал боксит,
газ бен мұнай қиыр оңтүстігінде орналасқан. Пайдалы қазбалардың осындай
орналасуы аудан аралық байланыстарды қиындатады. Бірақ, басқа жағынан
Францияда пайдалы қазбалардың жақсы үйлескен аумақтары бар. Мәселен,
Лотарингияда темір руда маңында тас көмір мен тұздар орналасқан, ал
оңтүстік шығысындағы боксит маңында Альпі өзендерінің арзан энергия
көздері, елдің солтүстік шығысындағы көмір гидроэнергия мен газбен
үйлеседі. Әлсіз шикізат пен энергия базасы орталық пен солтүстік батыста
өнеркәсіптердің дамуына әсер етеді.Негізінен металлургиялық зауыттар темір
рудасы мен тас көмір маңына жақын шоғырланған.
Көлік қатынасына қатысты.Францияда темір және автомобиль жолдарының
жүйесі тығыз орналасқан. Бұнда көптеген порттар мен каналдар бар. Су
жолдары елді Солтүстік және Жерорта теңізімен байланыстырады. Екі порт –
Марсель мен Гаврдың мәні үлкен. Олар арқылы Жерорта теңіз, Үнді және Тынық
мұхит елдерімен байланыстар жүзеге асады. Америка және Батыс Африка
елдерімен байланысады. Руан – Париждің аванпорты. Ол Францияны Солтүстік
және Орталық Еуропамен қатынастырады.
4 Табиғи жағдайы
Батыс Еуропадағы мемлекет. Негізгі физикалық-географиялық ерекшелігі –
оның батысы мен оңтүстігіндегі табиғи шекарасы, орталық ауданның
оңтүстігіндегі қыраты мен шексіз жазықтары. Альпі мен Юра Италия мен
Швейцарияның табиғи шекарасы болып табылады. Француздық Альпілерінің
көптеген шыңдары 4000 м жоғары биіктікке жетеді. Монблан тауы (4807 м )
Еуропада екінші биіктікті алады. Юра тауы 1700 м көтеріліп, Рона өзенінің
аңғарымен Бельфорт науасына төмендейді. Одан солтүстік-шығысқа қарай франк-
герман шекарасы Рейнмен өтеді. Бұл жерде Вогез таулы тізбегі 1424 м
көтеріледі. Франция мен Испанияны бөлетін Пиреней тауы 3298 м жетеді ( Пик-
де-Винемаль тауы). Орталық ауданның оңтүстігіндегі Орталық массив деп
аталатын таулы ауданнан Рона аңғарымен бөлінген. Жазықтар ауданы
Францияның үлкен аумағын қамтып,Үлкен Еуропалық жазықтың бөлігі болып
келеді. Жеке жартастары теңіз деңгейінен 200 м биіктіктен аспайды. Бұл
ауданның негізгі құрамдас бөлігін Сена, Луара, Рона және Гаронна өзен
аңғарлары құрайды. Францияның 200 өзенінің барлығы кеме жүзуге қолайлы.
Көлдер көп емес. Ал Женев (Леман) көлінің үлкен бөлігі Швейцария аумағында
жатыр.
4.1 Жер бедері мен геологиялық құрылысы, пайдалы қазбалары
Францияның бүкіл солтүстік және батыс бөлігі, яғни елдің жартысы
ойпандар мен жазықтарда жатыр; орталық және шығыс аудандарында қатты
бұзылған орташа таулы массивтер мен көтерілімдер, ал оңтүстік-шығысы мен
оңтүстік-батысында альпілік қатпарлықта пайда болған биік таулар
көтеріледі.
Кең теңіздік фасад, көп жазықтар мен биік емес массивтері,

Жазықтар бельгиялық шекарадан Пиренейге дейін созылып жатыр. Ең
ірісі - Солтүстік Француздық немесе Париж алабы, - елдің солтүстігіндегі
тектоникалық ойпаңда жатыр. Ол табақша тәрізді формаға ие: шөгінді
жыныстарының пластары алап ортасынан шеттеріне қарай ірі куэста болып
көтерілген. Сена өзені доға болып табылады.
Гаронна немесе Аквитан жазығы – елдің оңтүстік-батысында Орталық
массив пен Пиреней аралығында тектоникалық ойыста жатыр. Жазық беті Гаронна
өзенімен кесілген және мұнда Францияның ең құнарлы жерлері орналасқан.
Аквитанияның оңтүстігіне Арманьяк пен Ланмезан көтерілімдері сәйкес келеді.
Жазықты сипатқа Ланд ие. Бұл аудан су өткізбейтін жыныс үстіндегі құмдармен
құралған, сондықтан да ол қатты батпақтанған. Қазір онда қарағай
отырғызылған. Ланд теңізден ені 4-6 км мен биіктігі 90 м жететін құмды
дюналармен бөлінген. Теңіз жағасы түзу. Сондықтан кеме тұрағына қолайсыз,
бірақ осында ең жақсы құмды жағажай бар. Мұнда мұнай мен газ кенорындары
орналасқан.
Лангедок жазығы – Аквитанның оңтүстік шығысында және Жерорта
теңізі жағасына таяу жатыр. Жаға маңы бөлігіне лагуналар, құмдақтар мен
өзен-көлдер сәйкес келеді. Ұзақ уақыт бойы бұл жағалау шөлді болған. Осында
тұщы су жеткіліксіз болып, малярия болды. Бірақ 1960 жылдары батпақтарды
құрғата бастады, жол, канал, су құбырларын және ірі туристік кешендерді
сала бастады.
Шығыста үлкен жазықтар жоқ. Орталық массив пен Альпі және Юраны
жіңішке Рона-Сона жазығы, ал Вогезы мен Шварцвальды Жоғарғы Рейн жазығы
бөледі. Екеуі борпылдақ жыныстардан құралған. Көлемі аз болса да ауыл
шаруашылық маңызы зор. Және Эльзаста калий тұздарының ірі қорлары
шоғырланған.
Орталықта, солтүстік-батыста және солтүстік-шығыста ежелгі
герциндік массивтер орналасқан. Ең ірісі – Орталық Француз массиві, елдің
16 бөлігін алып жатыр. Геологиялық жағынан бұл Франциядағы ең ежелгі
облысы болып табылады. Ол негізінен кристалл жыныстарынан тұрады. Оның 1700
м көтерілген оңтүстік-шығыс шеті – Севенна тауы – Рона өзені мен Лангедока
жазығына қарай тік түседі. Орталық массивтің белесті беті жанартау әрекетін
анықтайды. Мұндағы көптеген ірі сөнген жанартау конустары көлдерге және
лавалы далаға айналған. Болған жанартау әрекетін минералдық көздер растайды
– Виша, Мон-Дор, Ла-Бурбуль. Сөнген жанартаулар Санси (1886 м) және Канталь
(1858 м) – Орталық массивтің ең биік шыңдары. Жанартаулық облыстар өнімді
топырақпен ерекшелінеді.
Францияның солтүстік-шығысында герцин массивтері Вогезы мен Арденны
Жоғарғы Рейн мен Лотарин үстіртін бөледі. Шыңдары 1400 м жетеді. Арденның
Франция жеріне тек аласа тау алды бөлігі ғана енеді. Францияның солтүстік-
батысын қатты бұзылған ежелгі Арморик массиві алып жатыр. Оның беті төбелі
жазыққа сәйкес келеді, ал биіктігі 300 м шамасында ғана.
Альпі – Еуропаның биік тауларының бірі, орташа биіктігі – 3,5-4 мың м.
Әсіресе, солтүстік жотасы таңқаларлық – Савой Альпілері, күн сәулесіне
шағылған ақ қар мен мұздықтарымен ерекшелінеді. Италиямен шекарада Батыс
Еуропаның ең биік нүктесі – Монблан (4807 м). Таудың батыс бөлігі шөгінді
жыныстардан құралған, негізінен, әктастардан, ал батысы кристаллды
жыныстардан. Көп ғасырлық мұздық, қар мен еріген су әрекеті қатты үгілуге
әкелді. Биік жоталары мен массивтері терең әрі кең аңғарлармен бөлінген.
Альпі алдарында карст кең таралған. Асулар арқылы темір жол мен шоссе
жолдары Италия мен Швейцарияға апарады. Альпіде көркем көлдер көп. Соның
бірі – Женева. Солтүстікке қарай Юра таулары көтеріледі.
Пиреней – 2500 м биіктікке көтеріледі. Бірақ оларға шығу қиынға
соғады, себебі қатты кристаллдық жыныстардан құралған, жоталары аз
тілімденген. Бұрын оларды мұз басқан. Сондықтан көптеген цирктер, карлар
мен басқа мұздық пішіндері кездеседі.
Альпі мен Пиреней тау жүйелері су қорына бай және оның субальпілік
және альпілік шалғындары жайылым ретінде пайдаланады, ал ормандары орман
шаруашылығының негізгі шикізаты болып табылады. Мұнда халықаралық туризм
мен альпинизм орталықтары орналасқан.
Ежелгі геологиялық құрылыммен көптеген пайдалы қазбалар байланысты.
Магмалық және метоморфтық шығу тегі бар әтүрлі руда кен орындары
эпигерциндік платформада таралған. Тас көмір Францияның солтүстігіндегі
герцин тауларының тау алды және тау аралық науаларында, яғни Лотарингия мен
Орталық массивте шоғырланған. Жалпы тас көмір қоры көп емес: 2-3 млрд. т,
осында сапасы төмен, кокстелген және антрациттер аз. Орталық массивте ірі
уран руда қоры барланған; мұнда сурьма, алтын және басқа түсті металлдар
алынады.
Мезозойдағы Юра әктас пластында, Лотарингия үстіртінің батысында ірі
темір рудасы барланған. Қоры – 4 млрд. т. Рудасы бай емес: 30-33 % темір
мен көп фосфор, бірақ пласт қуаттылығы күшті, терең емес. Нанси маңында тас
тұзы бар.
Франция қойнауы минералды шикізатқа бай, әсіресе, темір рудасына,
бокситтерге, калий және тас тұздарына, бірақ отын ресурстары шектеулі.
Минералды шикізат пен энергия көздерінің орналасуының оң және теріс жақтары
бар. Негізгі көмір, темір рудасы, калий және тас тұздары елдің қиыр
солтүстік-шығысында, ал боксит, газ бен мұнай қиыр оңтүстігінде орналасқан.
Пайдалы қазбалардың осындай орналасуы аудан аралық байланыстарды
қиындатады. Бірақ, басқа жағынан Францияда пайдалы қазбалардың жақсы
үйлескен аумақтары бар. Мәселен, Лотарингияда темір руда маңында тас көмір
мен тұздар орналасқан, ал оңтүстік-шығысындағы боксит маңында Альпі
өзендерінің арзан энергия көздері, елдің солтүстік-шығысындағы көмір
гидроэнергия мен газбен үйлеседі. Әлсіз шикізат пен энергия базасы орталық
пен солтүстік батыста өнеркәсіптердің дамуына әсер етеді.
4.2 Климаты
Франция қоңыржай белдеуде орналасқан және Еуропаның төрт климаттық
зонасына ие жалғыз елі болып табылады: атланттық (батыста), континенттік
(орталық пен шығысында), альпілік және жерорта теңіздік (оңтүстікте).
Климаты жалпы, таулы аудандары мен солтүстік шығысын санамағанда жұмсақ
қысы бар қоңыржай. Қысқы температура амплитудасы оң және қар жамылғысы
тіпті болмайды, ал өзендері қатпайды. Атлантика солтүстік-батысқа әсер
етіп, ылғалды әрі жиі қатты батыс желді және көп жауын-шашынды ауа райын
қалыптастырады. Мұхит жағалауынан шығысқа қарай климат континенттілігі
жоғарлайды. Осында ашық, аязды күндер де байқалады. Оңтүстік жағалауындағы
жазықтар жағымды жерорта теңіздік климатпен ерекшелінеді: аяздар сирек
байқалады, көктемгі және күзгі нөсер жауындар қатты болса да қысқа мерзімді
болады, ал жазда тіпті болмайды. Францияның оңтүстігі – Рона аңғарынан суық
әрі құрғақ жел магистралі жылына 100 күн соғатын аудан. Ал шынымен де
жұмақ секілді климат Француздық Ривьерада.
Париждегі қаңтардың орташа температурасы +1°-тан +6°С, ал шілде
айының орташа температурасы +15°-тан +25°С. Марсельде Жерорта теңіздік
жағалауда қаңтарда +2°С –ден +10°С және шілде айында +17°-тан +29°С.
Тауларда климат қатаңырақ. Оларға күшті желдер, көп жауын-шашын, төмен
температура амплитудасы, қар жамылғысы тән.
Елдің көп бөлігінің орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 600-1000
мм шамасында. Әсіресе көбі 2000 мм тау беткейлерінде және Атлант мұхиты
жағалауында түседі. 600 мм ішкі аудандарына тән.
Осындай қоңыржай температура мен жеткілікті жауын-шашынның үйлесуі
ауыл шаруашылығынының дамуына қолайлы, ал климат айырмашылығы қоңыржай,
субтропиктік дақылдарды өсіруге жағымды әсер етеді.
4.3 Гидрография торабы
Францияда өзендер көп, ал көлдер аз. Өзендердің көбі Атлант мұхитының
алабына жатады. Көптеген өзендері Орталық массивтен бастауларын алады. Ең
ұзын – Луара (1020 км), Бискай шығанағына құяды. Одан басқа оған Гаронна
(575 км) және Дордонь, ортақ эстуарий қалыптастырады – Жиронду. Сена –
Францияның ірі өзендерінің бірі (780 км). Сонымен қатар Рейн, Шельда, Маас
пен Мозель кесіп өтеді. Жерорта теңізіне жалғыз ғана – Рона (812 км) өзені
құяды.
Солтүстік және солтүстік-шығысындағы өзендер жаңбыр суымен қоректеніп,
тұрақты ағынмен, су молдылығымен және тұрақты деңгейімен ерекшелінеді.
Орталығы мен оңтүстігіндегі өзендер режимі күрделі және тұрақты емес.
Әсіресе, Луара. Көктемде Орталық массив қарының еруі нәтижесінде, ал күзде
нөсер жауыннан суға толып кетіп, жазда болса су деңгейі шұғыл төмендейді.
Қорғау шараларын ұйымдастырады.
Гаронна және оның сол сағалары Пиренейдің мұздықтары мен еріген қар
суымен қоректенеді. Рона – француздық өзендердің ең суы мол және
күштілердің бірі. Ол альпілік мұздықтардың еріген суларымен
қоректенетіндіктен жазда суға мол болады. Күзде және қыста өзеннің жоғары
деңгейі жаңбыр суымен қоректенетін Сона суларымен реттеледі. Рона өзенінің
ерекшелігі – ағысының жылдамдығы мен қатты еңіс келуі.
Франция өзендерінің гидроэнергия қоры мол. Ақ көмірдің жарты қоры
Рона және оның салаларына, 15 бөлігі Орталық массив өзендеріне келеді.
Жалпы гидроэнергия ресурстарының қоры жөнінен Франция тек Норвегия мен
Испанияға орын береді. Энергияның мол қоры өзіне Франция теңіз жағалауының
толысуын қосады.
Францияда көлдер аз, негізінен шығу тегі жағынан мұздық көлдер. Ең
ірісі – Бурже (45 кв. км.) және Анси (28 кв. км.), ең кең және тереңі
Женева көлі.
Жалпы Франция су ресурстарына бай. Бүкіл елге жылына 528 куб. км.
атмосфералық жауын-шашын мөлшері түседі, ал өзендердің жылдық ағысы 139
куб. км. Барланған жер асты су қоры 93 куб. км. Бірақ елдің аумағына су
біркелкі таралмаған. Мәселен, жерорта теңіздік Франция су тапшылығын
көреді.
4.4 Флора мен фаунасы және топырақ жамылғысы
Елдің алуан түрлі геологиялық құрылымы, жер бедері мен климаты топырақ
жамылғысы мен өсімдіктің түрлі құрамын қалыптастырды. Франция топырағы
құнарлы болып келеді. Тек кристаллдық жыныстар мен құмдарды санамағанда.
Жазықтарға құба орман топырағы, әктастарды дамыған шымтезек-карбонатты
топырақ, ал солтүстік-батысында – күлгін құба топырақ тән. Тауларды таулы
орманды құба топырақ дамыған. Шаруашылық әрекет нәтижесінде топырақтың
табиғи қасиеті қатты өзгерген және қазіргі қасиеті ауыл шаруашылықты
жүргізу әдісіне байланысты болады. Францияның оңтүстік аудандарында орман
мен мал шаруашылығын дұрыс жүргізбеу нәтижесінде топырақтың эрозиясы
дамыған.
Францияның табиғи ортасы адам әрекетімен қатты өзгертіліп, қазір
барлық жерде мәдени ландшафт таралған.
Бүкіл елді бұрын түгел орман басқан-ды. Қазір елдің ¼ бөлігін құрайтын
ормандарында жаңғақ, қайың, емен, шырша өседі. Және көптеген бұташалар бар.
Ең ірі табиғи орман массивтері тауларда сақталған – Вогезы, Юра, Солтүстік
Альпіларда. Сонымен қатар отырғызылған ормандар кең таралған. Әсіресе,
Ландыда теңіз маңы шырша өсірілген. Солтүстік Франция ормандарының орнында
қазір саябақты массивтер таралған. Мысалы, Париж алабының орталығына ашық
жазықтар мен дала тән – олар кампани деп аталады және тек тұрғын үй маңы
мен өзен аңғары бойы кездеседі. Ал Францияның солтүстік-батысы тіпті
ормансыз, осы жерге алма ағышының қоршауы тән – олар бокаж дер аталады.
Солтүстік-батыс пен Орталық массивте су өткізбейтін кристаллдық
жыныстар жер бетіне шығып, осында батпақтар мен торфты жерлер кең таралған.
Ал арам шөпті жерлер қой жайылымы ретінде пайдаланады.
Оңтүстікке қарай климат құрақтау мен жылырық болып, каштанды ормандар
мен емен түрлілігі көбееді. Орталық массивтің биік шыңдарында қарағай,
шамшат пен самырсын, ал Канталь мен Үй жанартаулы массивтерінде самырсын
ормандары өседі.
Биіктік белдеулік Альпі мен Пиреней тауларында айқын байқалады.
Төменгі беткейлерінде 800 м дейін емен мен каштан ормандары, жоғары қарай,
ылғалырақ ауданда шамшат пен аралас орман, 1800-2300 м биіктікте
субальпілік өсімдіктер – рододендрон және т.б., ал одан жоғары альпілік
зонада төмен шөпті шалғындар өседі.
Жерорта теңіздік Франция ерекше сипатқа ие. Климаттың құрақ болуына
байланысты осында адам әрекеті айқын байқалады. Теңіз маңы және альпілік
шыршалы, тас еменді мәңгі жасыл ормандарының көп бөлігі шабылған. Оның
нәтижесінде қысқы жауыннан топырақ жамылғысының шайылуы мен тас
беткейлерінің жалаңаштануы болды. Енді жағалауға маквис, мәңгі жасыл
бұталар, көпжылдық ксерофитті шөптер мен аласа ағаштар тән. Сонымен қатар
мәдени және отырғызылған өсімдіктер де дамыған. Мысалы, жүзім бақтары,
зығыр алқабы мен оңтүстік жеміс-жидектері. Осында экзотикалық оңтүстік
ағаштар, батпақтарда австралиялық эвкалиптер, жол және қала көшелері бойы
пальмалар мен агавалар өседі.
Соңғы жүзжылдықта Францияның жануарлар дүниесі қатты азайған. Бұл
адамдардың тура әсерімен, сонымен қатар өмір сүру жағдайының нашарлануымен
және ормандардың шабылуымен түсіндіріледі. Бірақ та басқа Батыс Еуропа
елдерімен салыстырғанда Францияда жабайы жануарлар жақсы сақталған. Осында
ортаеуропалық, жерорта теңіздік жанурлар кездеседі. Ірілері аз ғана және
олар тек Альпі мен Пиренейдің қорықтары мен ұлттық саябақтарында сақталған.
Мәселен, Батыс-Пиреней паркінде 40 қоңыр аю бар.
Фауна өкілдерінен бұғы мен түлкі ерекшелінеді. Еліктер альпілік
аудандар, жабайы қабан алшақ орманда, ал муфлондар Корсикада таралған.
Кеміргіштерден – тиін, тышқандар мен жапалақ. Құстардың көп түрі кездеседі.
Негізінен қарлығаш, қарабауыр шіл, құр мен қоқиқаз тән. Тауларда
жыртқыштардан – бүркіт пен орлан. Рептилиялар аз, жыланның бір ғана түрі -
сұр жылан. Бір кездері Франция өзендері балыққа бай болған еді. Бірақ
ластану нәтижесінде балық қоры шұғыл төмендеді. Жаға маңы теңіз суларында
балықтардың көптеген түрлері бар: май шабақ, треска, тунец, сардина,
скумбрия, камбала, сұр хек. Балық аулаудың негізгісі – форель, ол жасанды
жолмен көбейтілген. Жерорта теңіз бен Ла-Манш балыққа кедей. Бискай
шығанағында негізінен сардина, камбала, омар мен теңіз шаяны, моллюскалар
ауланады. Франция дүниежүзінде устрицаларды аулау жөнінен бірінші орынға
ие. Негізгі балық аулау порттары – Булонь мен Лориан.
Францияда ұлттық байлықты сақтауға көп көңіл бөлінген. Тіпті арнайы
табиғатты қорғау министрлігі құрылған. Елде 6 ұлттық парк (353 мың га жер
алып жатыр), соның ішінде ең ірісі – Вануаз. Ол Савойяда орналасқан және
60 мың га жер алып жатыр. Онда альпілік флора мен фауна қорғалады. Және 30
шақты қорық бар. Қорықтардың табиғаты едәуір сақталған. Одан басқа ел
табиғатты сақтау мен оны қалпына келтіруге көп қаражат бөледі. Теңіз жағасы
мен өзендер өте қатты ластанған. Орман өрті де алдыңғы қатарлы мәселе болып
отыр.
4.5 Экологиялық жағдайы
Франция – халық, қалалар, өндірістік және ауыл шаруашылық өндірістері,
көлік, туризм және рекреация көп шоғырланған елдердің бірі және осылардың
барлығы қоршаған ортаға қысым жасайды.
Атмосфераға көміртегі диоксиді жылына 360 млн. т шығарылады.Орман өрті
кең таралған.Атлант пен Солтүстік теңіз жағалаулары мұнаймен қатты
ластанған. Экологиялық ахуалдың нашарлауы елде табиғатты тиімді
пайдаланудың жаңа концепцияларын іздеу мен экологиялық саясат жүргізуге
әкеліп отыр. Мемлекет тарапынан табиғатты қорғауға бағытталған заңдар
бекітіліп, қаржы бөлінуде. Францияның табиғатты қорғау жүйесі күшті
орталықтандырылуымен ерекшелінеді.
5 Халқы
Халық саны - 59,5 млн. адам, негізінен француздар. Шамамен 5 млн. адам
шетелдіктер, африкандықтар басым. 1,8 млн.адам - теңіз сырты
департаменттерінде. ЖІӨ 1525 млрд. Доллар, ал бір адамға шаққанда 25,1 мың
доллар құрайды.
Франция 19 ғасырдың басында Шетел Еуропа елдерінің ішінде халық саны
жөнінен бірінші орында болды. 1801 жылы 28 млн. адам мекендеді. Халық
санының төмендеуі келесі себептерге байланысты:
Шетелдік Еуропа елдерінің ішінде Францияда туу көрсеткішінің төмендеу
үрдісі еретерек басталды;30-шы жылдары өлім көрсеткіші туудан жоғары болды;
Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстардағы адам шығыны.
Табиғи демографиялық үрдістер (адамның орташа өмір сүру ұзақтығының
жоғарлауы, халықтың бірьіндеп қартаюы, жаңадемографиялық үрдіске ену);
әлеуметтік-экономикалық факторлар (бала бағасының күрт жоғарлауы);
Шынымен, Екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін елдің халық саны жоғарылай
бастады. 1946-1975 ж.ж. халық саны 13 млн. адамға өсті. Бұл табиғи өсу
нәтижесінде ғана емес, сонымен қатар шетел еңбекшілерінің иммиграциясымен,
тәуелсіздік алған отарлардан француздардың қайтып келуімен байланысты.
Францияда ер адамдар 26 жаста, ал әйелдер 23 жаста тұрмыс құрады.
Статистика мәліметтері бойынша неке беріктігі әлсіреп бара жатыр да,
айырылысу саны күрт жоғарылауда.
Туу көрсеткіші – 12 адам 1000 адамға шаққанда.
Өлім деңгейі бойынша (9-10 адам 1000 адамға шаққанда) Франция басқа
Еуропа елдерінен ерекшеленбейді. Ер адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы
69, ал әйелдерде 76 жас. Францияда ерлер әйелдерден 1,1 млн-ға аз.
Табиғи өсім жоғары емес: жылына 3-4 адам 1000 адамға шаққанда. Ал
Орталық масситвің экономикалық артта қалған аудандарында жастар басқа жаққа
кету нәтижесінде халықтың көп бөлігін қарттар құрайды да, өлім көрсеткіші
туудан басымырақ болады.
Тығыздығы
Франция аса тығыз қоныстанбаған. Мұнда орташа тығыздығы шамамен 108
адам бір кв. км. Таулы аудандарда және құнарлығы төмен жерлерде – Ланды,
Солонида, Бургун көтерілімінде халық тығыздығы 20 адамнан кем болады.
Париж, Лион және Солтүстік Францияда 300-500 –ден жоғары көрсеткішті
анықтайды. Сонымен қатар құнарлы жері бар ауылдарда және теңіз жағалауында
100 адамға жуық болады.халықтың үлкен бөлігі қалаларда тұрады. Әр қалада 2
мың адамнан шоғырланған.
Франция халқының мобильділігі жоғары. Жыл сайын 1 млн. жуық адамдар
қоныс аударады. Әсіресе, жастар жағынан мигранттар көп. Миграцияның негізгі
бағыты – ауылдан қалаға, ол келесі себептерге байланысты болады:
– ұсақ ауыл шаруа қожалықтарының ыдырауы;
– еңбектің ауыр жағдайы;
– еңбек ақының төмен болуы;
– тұрғын үйлердің жайсыздығы;
– ауыл өмірінің архаикалық болуы.
5.1 Ұлттық құрамы
Франция – бір ұлтты мемлекет. Халықтың көп бөлігін француздар құрайды.
Тамырлы халықтың ¼ бөлігі – Францияда туып, өскен шетелдіктер. Халық саны –
58805000 адам, орташа тығыздығы шамамен 108 адам бір кв. км. Этникалық
топтар: француздар – 85,8%, португалдықтар, алжирліктер, итальяндықтар,
мароккандықтар, түріктер. Олар негізінен елдің шет аудандарында
шоғырланған. Эльзастың солтүстік-батысында және Лотарингияның солтүстік-
шығысында эльзастар (1,3 млн.) мекендейді. Бретань түбегінің батысын
бретондықтар (1 млн.), ал солтүстігін фламандтар (100 мың), Корсика аралын
корсикандықтар (300 мың) және Пиреней етегін басктар (130 мың) мен
каталондықтар (200 мың) мекен етеді. Тұрмыстық қатынас тілі - өздерінің
тұған тілі. Өзінің туған тілімен қатар французша білім алып, іскерлік,
қоғамдық және мәдени қатынастарды жүргізеді.
Францияда ұлттық мәселе ешқашан болмаған. Бірақ Эльзаста тілдік
жағдайының мәселесі болып тұрады. Ол әдеби тілдерінің немісше болуына
байланысты. Ал неміс тілін оқыту бұнда қиынға соғып, эльзастықтар тарапынан
мектептегі неміс тіліндегі білімге қатысты бой көтерулер болып тұрады. Жаңа
Францияда шеткі аудандарының өзіндік мәдениетін сақтау қозғалыстары
байқалады. Оны қолдаушылар жергілікті мектептерде, ұйымдарда, радио мен
телеарналарда жергілікті тілдерді енгізу шартын қояды.
Ресми тілі – француз. Ол үндіеуропалық тілдің роман тобына жатады.
Көптеген француздар ағылшын тілін ұнатпайды.
Франция. Au Pair
Au Pair. Отбасыларда тұрып, француз тілін үйрену.
Шетел тілін жақсы меңгеру үшін ең тиімді әдісі – сол тіл ортасында
тұру екені бәріне мәлім. Бірақ, барлығының шетел елде ұзақ тұруға шамасы
жетпейді. Қазіргі кезде жастардың ең әйгілі бағдарламасы болып, AU PAIR
Program саналады. Бұған бүкіл әлем жастары қатыса алады. Бұл Еуропалық одақ
елдерінде бір жылда заңды түрде тұрып, тілді үйренудің арзан әрі тиімді
бағдарламасы болып табылады.
Негізгі шарттары:
AU PAIR бағдарламасына қатысушы 18-25 жас аралығында болу керек;
балалар мен ата-аналарымен сол шетел тілде сөйлеу деңгейі жетік болу
керек;
балалармен жұмыс істеу тәжіриебесі мол болу керек; (мысалы, туысқандардың,
достардың және таныстардың балаларын күтуде, сонымен қатар тәрбиеші,
тренер, спорт инструкторы, мұғалім және т.б..);
жан-жақты әрі отбасыға тез бейімшіл болу;
отбасы құрмауы шарт;
тұрмыстық жұмыстарды істей білу керек, үй жинау, тамақ пісіру, кір жуу
т.с.с.;
автожүргізушінің қағазы болуы жақсы.
Бағдарлама мерзімі: 1-1,5 жыл. Төлем: 300 евро + елшілік консулдық
жиын және жол ақысы.
5.2 Ұлттық мінезі
Француздар – сабырлы, ақылды және үнемшіл. Олар өте сыпайы әрі қонақ
жай, бетке тура айтпайтын, бірақ басқа ұлттарды ұната қоймайтын халық:
ағылшындарды қызықсыз, американдықтарды сараң әрі екі жүзді, орыстарды
тәрбиесіз деп санайды. Көп француздар ағылшын тілін ұнатпайды. Бір жерді
анықтау үшін полициядан сұраған жөн. Сағат 21.00 кейін телефон соғуға
болмайды, ал жұмыс жөніндегі сұрақтарымен офисте байланысқан жақсы. Бүкіл
елде сағат 13.00 – 16.00 дейін түскі демалыс уақыты (сиеста). Бұл кезде
барлық мекемелер, банктер мен дүкендер жабылады. Түскі уақытта шіркеулерді
аралауға тиім салынады. Мұражайлар күннің бірінші жартысына дейін ғана ашық
болады. Дүйсенбіде мұражайларда демалыс. Дәстүрлі ас түстігі сағат 20.00
басталады. Астан кейін бірнеше түрлі сыр беріледі. Оны тек қызыл шараппен
ғана ішу керек. Парижде шай-пұл барлық жерде берген дұрыс: таксиде,
ресторанда, және т.б. жерлерде. Католиктік шіркеу мен соборларда ақырын
сөйлеу керек.
Ұлттық асхана - әрбір француздың мақтанышы. Әр провинцияда өзіндік
ерекшеліктер бар. Жалпы француздар жемістерді көптеп жейді, ал сүт
тағамдарын аз пайдаланады, ірімшіктен басқа. Қала және ауыл халқының
тамақтану дәрежесі етке байланысты әртүрлі болады. Ауылдарда тамақтану
режимі маусым мен шаруашылық жұмыстарға байланысты болса, қалалықтар жеңіл
таң асын таңдайды. Ұлттық тағымы – бланкет.
Француз асханасын шартты түрде үшке бөлуге болады: аймақтық, жалпы
таралған және өте ерекше.
Аймақтық асханасы оңтүстік аудандарда астың тым қышқылдылығымен және
көп шарап пен түрлі қоспалардың қосылуымен ерекшелінеді. Эльзас асханасы
көп шошқа еті мен қырыққабаттың пайдалануымен, ал жаға маңы аудандарда
теңіз азығының – балық, теңіз шаяны, омар және лангусталар мен
устрицалардың көп пайдалануымен ерекшелінеді.
Көптеген тамақтардың атауы француз тілінен келген: котлет, соус,
майонез, омлет, антрекот. Француздар бақа етін тағамда тым көп пайдаланады.
Сонымен қатар шарап пен сыр және бутербродтарды ұмытпау керек.
Негізінен француздар азықты жұмасына бір рет алып қойып, күнде тек нан
мен әйгілі круассан сатып алады. Ал жемістер мен жидектерді нарықта алады.
Қалалардың барлық аудандарында азық-түлік супермаркеттері бар, және олар
бір-бірінен бағасы мен ассортиментімен ерекшелінеді. Француздар таңдау
кезінде бағасы мен сапасына және өз қалтасына негізделеді. Барлық
дүкендерде жеңілдік бағамен сатылатын тауарлар бар.
Шарап, коньяк, ликер, шампан мен вискиді фирмалы дүкенде ғана алуға
болады. Сонымен қатар сыр дүкендері де бар. Мұндағы ірімшік түрлері алуан
түрлі. Францияда дүкендердің бірыңғай жабылу уақыты жоқ. Көптеген дүкендер
сағат 9-19.30 дейін жұмыс істейді.
6 Діні
Діні - шамамен 82% католиктер, 12,2% протестанттар, 1,3% - иудеилер
мен 4,5% мұсылмандар. Католицизм – басты дін болып табылады. Сонымен қатар
атеисттер саны көбейіп келеді. Халық діні әлеуметтік жағдайы мен ел
ауданына байланысты әртүрлі болады. Католиктік шіркеудің әсері Бретан,
Вандей мен Орталық массивтің жеке департаменттерінде, Эльзаста,
Лотарингияда, Савояда, сонымен қатар басктердің аудандарында көрінеді.
Ауылдық жерлерде халықтың діншілігі жоғары.
Шіркеу 1905 жылы мемлекетпен бөлінсе де, осы уақытқа шейін тұрақты
көмек алып тұрады: мемлекет еркін бастауыш және орта мектепті
қаржыландырады. Мектептен басқа католиктік насихаттаудың құралы баспа болып
табылады. Францияда дін әдебиеті үлкен басылымдармен басылып шығарылады.
Шіркеу капитализмді шектей отырып, еңбекшілердің өмірлік
қызығушылықтарын қорғайды.
7 Ауыл және қала халқы
Франция – жоғары урбандалған мемлекет: қала халық саны 80%.
Қалалардың көбі ертеде пайда болған. 20 ғ–да қала мекендері қалыптаса
бастады. Олар серік қалалар болып табылады. Сонымен қатар пайдалы қазбаны
игеруге байланысты (газ кен орнындағы Муранск), жаңа атом орталықтарында
(Маркуль, Пьерлат) және тау мен теңіз жағасындағы туризм орталықтарында
бірнеше жаңа қала құрылған. Францияға орташа және кішігірім қалалар тән, ал
ірі қалалары аз (100). Қала шекаралары аз өзгеріп, негізінен көбі ескірген.
Ірі қалалары өзінің әкімшілік шегінен шығып, өз тәуелсіздігін сақтай отырып
қала маңы мекендерді қалаптастырған. Нәтижесінде Францияда қала
мекендерінің негізгі типі болып агломерация саналады. Негізінен олар ірі
қала маңында қалыптасады. Сонымен қатар өндірістік аудандар маңында, шахта
маңында пайда болған. Лион мен Марсельде милиондық шектен асты. Ал ірі
агломерация сыртында жартылай қалалы және жартылай ауылды елдімекендер
қалыптасты. Францияда астананың маңызы жоғары.
Ауыл елдімекендері де алуан түрлі. Ең көп тарағандары бірнеше ондық
немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz