Кестенің қасиетін беру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Техникалық кибернетика кафедрасы

Қурстық жұмысқа
ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА
тақырыбы___________________________ ______________________________

___________________________________ ______________________

Жетекші

_________________________________
лауазым, ғыл. дәрежесі және атағы
___________________________А.Ә.Т.
“___”______________________2005ж.
Норма бақылаушы
___________________________А.Ә.Т.
“___”______________________2005ж.
Студент____________________Т.А.Ә.
Мамандығы______________________
Тобы____________________________

Алматы 2005

КІРІСПЕ

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің
дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды,
өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға
қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте
деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез
кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге
сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға,
жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер
сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын
басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы
локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс
істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба
құруға мүмкіндік береді .
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер
базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір
мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді
МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар
жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше
компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың
корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді.
Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle,Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т.б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының
болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ
кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase , Paradox , InterBase .
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған
форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI
мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде
олардан асып та тұрады.

1 Есептің қойылымы

Бұл курстық жұмыстың мақсаты − деректер базасын құру және онымен
жұмыс істеу. Delphi программалық жүйесінде салымшының жинақ кітапшасын
көрсету базасына курстық жұмысты жасадым.
Іс жүзінде “Банк”, “Депозит” және “Клиент” кестелерін Database
Desktop-да құрып, сәйкесінше керекті жазбалармен толтырдым. Одан кейін
Delphi ортасында қажетті формаларды, есеп берулерді құрдым.

2. Есептің алгоритмі

1.BDE Administrator – ды ашып, біздің мәліметтер базасына керекті
драйверді таңдаймыз (STANDART). Диалогтық терезенің оң жағында PATH
параметріне құрылған каталогтың жолын көрсетеміз.
2.Деректер базасын құру үшін ең алдымен Database Desktop арқылы
бізге керекті кестелерді құрамыз. Сонымен қатар, бас кестенің қосымша
кестелермен байланыстыру үшін бас кестеде екінші индекстерді (Secondary
Indexes) тағайындау керек. Бас кестені қосымша кестелермен байланыстыру
керек. Барлық құрылған кестелерді BDE Administrator – да көрсетілген
каталогқа сақтау керек.
3.Содан кейін Delphi ортасына кіріп, кестелер және менюі бар жаңа
форманы жасаймыз және әр жасаған форманы сақтаймыз.
4.Delphi – де кестелерді байланыстыру үшін DataModule – ді құрамыз
және сонда сақтаймыз.
5.Әр бір кестеге формаларды жасаймыз, проектте сақтаймыз.
6.Кестені және SQL тілін пайдаланып, құжаттар мен есеп беруді
құрастырамыз.
7.Жаңа формаларға инструкцины және автор туралы мәліметтерді
енгіземіз.
8.Барлық жасалған формаларды проектің ішіне сақтаймыз.

3. Теориялық бөлім

3.1 Мәліметтер базасын ұйымдастыру
Мәліметтер базасы кейбір қолданбалы ақпараттық жүйеде қолданылатын
деректерді қамтиды. Мысалы: ’Сирена’ немесе ’Экспресс’ авиа және теміржол
билеттерін сату системасы. Мәліметтердің ұйымдастыру түріне байланысты
мәліметтер базасындағы деректердің негізгі модульдері келесі түрде болады:
• иерархиялық
• желілік
• реляциялық
• объекті-бағытталған
Иерархиялық модельде деректер ағаштәріздес (иерархиялық) құрылым
түрінде беріледі. Деректердің осындай ұйымы иерархиялық реттелген
ақпараттармен жұмыс жасағанда ыңғайлы, бірақ қиын логикалық байланыстармен
жұмыс жасағанда иерархиялық модель әлсіз .
Желілік модельде деректер ерікті граф түрінде ұйымдастырылады. Желілік
модельдің кемшілігі болып, құрылымының қаттылығы және оны ұйымдастырудың
қиындылығы болып табылады. Сонымен қатар, иерархиялық және желілік
модельдерінің кемшіліктерінің бірі болып, деректер құрылымының деректер
базасын жобалау кезінде берілуі және деректерге қатынау барысында
өзгертуге келмейді.
Объекті-бағытталған модельде мәліметтер базасының жазбасы объект
түрінде беріледі. Объекті-бағытталған модель желілік және реляциялық модель
ерекшеліктерін қамтып, күрделі мәліметтер базасын құруда пайдаланылады.

3.2 BDE Administrator
DELPHI қолданбасы деректер базасына қатынауды BDE ( Borland DataBase
Engine- Borland фирмасының деректер базасының поцессоры ) арқылы жүзеге
асырады. BDE өзінен деректерге қатынайтын динамикалық кітапханалар және
драйвер жиынтығын құрайды. BDE деректер базасымен жұмыс істейтін барлық
компьютерлерге орнатылуы тиіс. Деректер базасына BDE арқылы жіберілген
сұраныс, қолданушы сұратқан деректерді алады.
Жергілікті деректер базасы және онымен жұмыс істейтін қолданба бір
компьютерде орналасады. Бұл жағдайда ақпараттық жүйе жергілікті сәулетке
ие. (Сурет 1.1)

Сурет 3.1. Дербес сәулет

Деректер базасымен жұмыс, ережеге сай, бірқолданушылық режимде жұмыс
істейді. STANDART драйверлер үшін, әдетте Paradox деректер базасы,
мінездемелер псевдонимі жиынтығы минималды болады: Type – драйвер аты және
PATH – деректер базасына жол. PATH параметрін басқанда, сіз көп нүктелі
батырманы көресіз. Оны басқанда Windows – тің жаңа каталогты таңдау
стандартты диалогы ашылады, ол арқылы біз керекті каталогты таңдап аламыз.
STANDART типті драйверлерді тек Paradox, dBASE, FoxPro кестелері
үшін қолдануға болады.
Жергілікті деректер базасына қатынау үшін BDE деректер базасының
процессоры стандартты драйверлерді қолданады. Олар dBase, Paradox, FoxPro
және текстік файлдарымен жұмыс жасайды. Жергілікті деректер базасын
қолданғанда, желіде деректер базасына көпқолданушылық қатынауды
ұйымдастыруға болады. Бұл жағдайда деректер базасының файлдары және осымен
жұмыс істейтін қолданбалар желінің серверінде орналасады. Сонда әрбір
қолданушы өз компьютерінен серверде орналасқан қолданбаны қосқанда, өз
компьютерінде қолданбаның көшірмесі іске

3.3 Мәліметтер базасының кестесін құру
Деректер базасын құрайтын кестелер қатты дискідегі каталогта тұрады.
Кестелер файлдарда сақталып , бөлек құжаттарға немесе
электрондық кестелерге ұқсас. Кестелерді көшіруге, орнын ауыстыруға болады.
Бірақ, құжаттарға қарағанда, деректер базасының кестелері көпқолданбалы
қатынау режимін қолдайды, яғни бірнеше қолданбалармен бірмезгілде
қолданылуына болады. Бір кесте үшін ( деректер, кілттер, индекстер т.б
құрайтын ) бірнеше файлдар жасалады. Осылардың ішінде негізгісі болып
кестенің атымен аталатын деректер файлы болып есептеледі. Кестені
таңдағанда, әсіресе оның негізгі файлы таңдалады. Мыс: dBase кестесі үшін
кеңейтіндісі DBF болатын файл, ал Paradox кестесі үшін DB кеңейтіндісі
болып табылады. Деректер базасының әрбір кестесі жолдан және бағаннан
тұрады, бір типті объектілердің ақпараттық жүйелер деректерін сақтауға
негізделген.
Өріс мүмкін болатын типтің деректерін қамтиды. Кестенің негізін оның
өрісінің сипаты құрайды. Әрбір кестенің кем дегенде бір өрісі болуы тиіс.
Кестенің құрылымдық түсінігі өте кең және оның құрамына:
• өріс сипаты
• кілт
• индекс
• өрістің мәтініне шек қою
• кестелер арсындағы біртұтастықты сақтау
• парлольдер
кіреді. Кестені құрғанда кестенің аты және құрылымы беріледі. Кестенің атын
өзгерткенде кесте және оның файлдары жаңа атқа ие болады. Бұл үшін
деректер базасының кестелерімен жұмыс істейтін арнайы программалар
қолданылады. Мыс: Database немесе Data Pump. Дискіден кестені жойғанда,
оның барлық файлдары да жойылады.
Ал енді мәліметтер базасымен жұмыс жасамас бұрын, біз оның каталогын
құрып алайық. Ол каталог бізде С:\Бакыт. Деректер базасын құру
DatabaseDesktop (DBD) утилит көмегімен іске асырылады. DBD утилит көмегімен
кестені құруға және оның құрылымын өзгертуге, оның біріншілік кілттерін
және индекстерін, жазбалар құру және өзгертулер жасауға болады.
Жаңа кестені құру келесі команда бойынша іске асады:
Пуск\Программы\Borland Delphi7\Database Desktop. DBD кірген мезетте жұмыс
істейтін каталогты таңдап алу керек. Ол үшін DBD менюінде File\Working
Directory және көрсетілген терезеден С:\Бакыт каталогына сілтеме жасаймыз.
Менің жағдайымда Depozit кестесін құру үшін File\New\Table. DBD Create
Table терезесін шығарады, оның форматын таңдап алу керек.

Сурет 3.3.1

ОК-ді басып, біз осы форматты аламыз. Экранда келесідей сурет шығады:

Сурет 3.3.2 Кестенің құрылымын құру суреті

Құрылып жатқан кестенің әрбір өрісіне бір жазба сәйкес келеді. Field Name
бағанына өріс атын, Type – символ, өрісте сақталынатын мәліметтердің типін
анықтайды. Size бағанына – сан қойылады, өрістің ұзындығын анықтайды,
Key–* символы, егер бұл өріс бойынша біріншілік кілт қою керек болса.

3.4 Кестенің қасиетін беру
Validity Checks – бұл қасиет кестенің мәндерінің дұрыстығын
тексереді. Бұл бөлімнің оң жақ терезесі 2 – кестеде көрсетілген және
өрістік типіне қарай өзгеріп отыруы мүмкін:

2 – кесте Validity Checks қасиеттері.
Required FieldБұл индекаторда әрбір жазбада керекті жолдар белгілену
керек.
Minimum Мәннің минимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Maximum Мәннің максимумы. Бұл қасиет сандық өріске берілу тиімді.
Default Бұл қасиетті сандық және логикалық өрістерге, ал кейбір
жағдайда символдыққа қолдану тиімді.
Picture Енгізілетін мәннің түрін корсетуге болады. Мысалы,
телефон номерінің шаблоны (## - ## - ##).
Assist Бұл батырма Picture түрін құруға көмектесетін диалогтық
терезені шақырады.

Table Lookup – бұл бөлім берлген кестенің өрісін басқа көрсетіліп
отырған кестенің өрісімен байланысын көрсетеді. Table Lookup – ті
таңдағаннан кейін Define – анықтау батырмасы шығады. Бұл батырманы басқанда
көру диалогтық терезесі ашылады. Бұл терезеде драйверлер мен псевдонимдерді
қолдана аламыз.
Secondary Index – бұл бөлім ары қарай жұмыс барысына керекті екінші
индекс құруға мүмкіндік береді.
Жаңа индекс құру үшін Define – анықтау батырмасын басу керек. Бұл
батырманы басқанда көру диалогтық терезесі ашылады. Оның cол жақ
терезесінде Fields қатынау өрістерінің тізімі көрсетілген, ал оң жақ
терезесінде Indexed fields екінші индекс болатын өрістер көрсетіледі.
Index Options радиобатырма панелі келесідей қасиеттерді құруға
мүмкіндік береді:
Unique Бұл опция екінші индекс болатын өрісті болдырмайды,
егер кестеде бір – біріне ұқсас өрістер болса.
Descending Бұл опция кестені кему бойынша реттейді.
Case Sensitive Бұл опция енгізілген символдардың регистріне назар
аударады.
Maintained Егер бұл опция тұрса, онда кестеде өзгерістерден кейін
индекс ауысып тұрады.

Индексі таңдалғаннан кейін, оның индексін беретін терезе ашылады.
Referential Integrity – бұл бөлім әртүрлі кестелердің арасында бүтін
сілтеме байланыстарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Егер екі кестенің
арасында сілтеме байланыс көрсетілсе, оның біреуі – бас, ал басқасы –
қосымша кестелер, онда қосымша кестеде бас кестеден алатын мәннің өрісі
көрсетіледі. Сонымен қатар, бас кестедегі кілттік өрістің өзгерістеріне
қосымша кестенің өзгеруін қамтамасыз ететін операция көрсетуге болады.
Бұндай бүтін сілтеме деңгейі барлық кестелерге тән емес, бірақ Paradox 7 –
де барлығы қарастырылған.
Update rule – радиобатырмалар тобы егер бас кестеде кілттік өрісті
өшіргенде қосымша кестеде болатын өзгерістерді анықтайды. Егер Prohibit –
ті таңдасақ, онда Database Desktop бұндай операцияны болдыртпайды. Егерде
Cascade опциясы тұрса, онда кілттік өрісі бар бас кестеде өзгеріс болса,
онда қосымша кестеде де өзгеріс блады. Ал егер сіз бас кестеден кілт өрісі
бар жазбаны өшірсеңіз, онда қосымша кестеде сол кілттік өрісі бар жазба
автоматты түрде өшеді.
Strict Referential индекаторын орнатқанда Paradox – тың алғашқы
версияларына (соның ішінде Paradox for DOS) кестелердің ашылуын және
бұзылуына жолбермейді.
Барлық операциялар біткеннен кейін құрылған сілтеме атын беру керек.
Password Security бөлімі Paradox – та құрылған кестелерге және оның
әр өріс жазбасына пароль қоюға мүмкіндік береді. Бұл үшін Define батырмасын
басу керек, сонда диалогтық терезе шығады. Диалогтық терезеде басты
парольді (Master password терезесі) қоюға және сол парольді мақұлдауға
(Verify master password) мүмкіндік аламыз. Егер Auxiliary Password (қосымша
парольдар) батырмасын бассақ қосымша парольдарды тағайындауға және
өрістерге қатынаудың ережесін көрсетуге болады.
Current Password (ағымдағы пароль) терезесінде сіз парольді
көрсетесіз (ол сіз кірген парольге ұқсас болуға тиісті емес), бұл пароль
арқылы сіз қатынау ережесін құрасыз. Table Rights (кестеге қатынау құқығы)
радиобатырмалар тобында кестеге жалпы қатынау құқығын анықтауға болады.
All Барлық операциялар қабылданады, кестені өшіру, құрылымын
өзгерту, парольдерді өзгерту және өшіру.
Insert & Delete Кестедегі жазбаларға барлық операциялар қолданылады
(редактірлеу, қою, өшіру), бірақ кестенің құрамын
өзгертуге және жоюға тиім салынады.
Data Entry Мәліметтерді редактерлеуге және жазбаларды қоюға болады,
бірақ оларды өшіруге және кестенің құрылымын өзгертуге,
өшіруге тиім салынады.
Update Кестені көруге және кілті жоқ өрістерді өзгертуге
береді.
Read Only Тек кестені көруге болады.

Table Language – бұл бөлім BDE Administrator арқылы кестенің тілін
көрсетуге (егер көрсетілмесе) немесе анықтауға (Modify батырмасы) мүмкіндік
береді.
Dependent Tables – бұл бөлім Referential Integrity сілтемелі
деңгейіндегі кестелерді көруге мүмкіндік береді.
Барлық керекті құрылымдық мәліметтер кестеге енгізілгеннен кейін
Save As батырмасын басу керек, сол кезде Windows – тағы стандартты сақтау
терезе шығады. Кәдімгі терезеден айырмашылығы Alias тізмнің болуында. Бұл
тізімде әр түрлі мәліметтер базасының псевдонимдері бар. Сіз тізімнен
керекті псевдонимді таңдап, кестені сақтайсыз.

3.5 Paradox форматының кестелері
Delphi – дің өзіндік кестелік форматы жоқ, бірақ ол Paradox
кестелерімен жұмыс істей береді. Осы кестелердің әрқайсысының өзіндік
ерекшеліктері бар.

Paradox кестесі деректер базасын құруға және онымен жұмыс істегенде
ыңғайлы болып табылады .
Оның негізгі артықшылықтарын атап өтейік :
• деректердің тұтастығын
• әртүрлі типті деректерді ұсынуға арналған өрістік типті
• енгізілген деректерді тексеруді
• кестенің парольдық қорғанысын
қамтамасыз етеді .
Paradox пішімінің өрістер типі.

➢ Alpha – кез келген басылатын символдан тұратын, ұзындығы 1-255
байттық жол;
➢ Number – мағынасы оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандық
өріс. Сандар диапазоны – 10- нен 10- ге дейін;
➢ $ Money - мағынасы оң және теріс болуы мүмкін сандық өріс. Ондық нүкте
мен ақша белгісін бейнелеу үшін келісім бойынша пішімделген болып
табылады.
➢ Short – тек қана - 32768- ден 32767- ге дейінгі диапазонындағы бүтін
сандардан тұратын, ұзындығы 2 байттық сандық өріс.
➢ Long Integer – -2147483648- ден 2147483648- ге дейінгі диапазоныдағы
бүтін сандардан тұратын және ұзындығы 4 байт болатын сандық өріс.
➢ # BCD – BCD (Binary Coded Decimal) пішімінің деректерінен тұратын сандық
өріс. Басқа сандық өрістерге қарағанда есептеу жылдамдығы аз, бірақ
нақтылығы жоғары. Ондық нүктеден кейін 0 мен 32 сандарының аралығындағы
сандарды қабылдауы мүмкін.
➢ Date – біздің заманымызға дейінгі 9999- шы жылдың 1- ші қаңтарынан
біздің заманымыздың 9999- шы жылының 31- ші желтоқсанына дейінгі
даталардан тұратын , ұзындығы төрт байттық даталар өрісі.
➢ Time – миллисекундтан түнжарымына дейінгі уақыттан тұратын және де 24
сағатпен шектелген, ұзындығы төрт байттық уақыт өрісі.
➢ @ Timestamp – уақыт пен даталардан тұратын, ұзындығы 8 байттық жалпылама
даталар өрісі.
➢ Memo – ұзындықтарының қосындысы 255 байттан аспайтын және де символдарды
сақтау үшін қолданылатын өріс. Бұл өріс кез келген ұзындықты қабылдауы
мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін өлшемдер кестеде сақталынған
барлық символдардың санын қайтарады, ал қалғандары MB. кеңейтілуіндегі
жеке файлдарда сақталады.
➢ Formatted Memo – бұл Memo- ға өте ұқсас өріс. Өрістің Memo- дан бір
артықшылығы – мәтіннің қарібін беру мүмкіндігі.
➢ Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Бұл өріс кез
келген ұзындықты қабылдауы мүмкін. Кесте құру кезінде көрсетілетін
өлшемдер кестеде сақталынған барлық символдардың санын қайтарады, ал
қалғандары MB. кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады. Бұл өріс
Inter Base- тегі BLOb өрісіне өте ұқсайды.
➢ Bytes – кез келген деректерден тұратын, ұзындығы 1-255 байттық сандар
жолы.

dBase пішімінің кестелер өрісі келесідей өрістерді қабылдауы мүмкін:

➢ Character (Alpha) – кез келген баспалық символдардан тұратын, ұзындығы 1-
254 байттық жол;
➢ Float (Numeric) – мәндері оң және теріс болуы мүмкін пішімдегі өлшемі 1-
120 байттық сандық өріс. Бұл өте үлкен шамалардан тұрады. Сондықтан бұл
өрістермен жұмыс жасаған кезде шамаларды дөңгелектеудің салдарынан
болатын қателерді қадағалап отыру керек. Ондық нүктелерден кейінгі
цифрлардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу керек;
➢ Number (BCD) – BCD пішіміндегі деректерден тұратын өлшемі 1-20 байттық
сандық өріс. Сандық өлшемдерге қарағанда бұл өрістің есептеу жылдамдығы
бірнеше төмен болғанымен, нақтылығы біршама жоғары. Ондық нүктелерден
кейінгі сандардың саны бүкіл өрістің өлшеміне қарағанда 2-ге кем болу
керек;
➢ Date – ұзындығы 8 байттық даталар өрісі. Келісім бойынша қысқа даталар
пішімі қолданылады (Short Date Format);
➢ Memo – ұзындықтарының жалпы қосындысы 255 байттан аспайтын және
символдарды сақтау үшін қажетті өріс. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы
мүмкін. Бұл өріс жеке файлдарда сақталады. DateBase Desktop-тың
деректерді Memo типті өріске қоюға мүмкіндігі жоқ;
➢ OLE - өзінің өңделуі кезінде өзін құраған қолданбаларды шақыратын дыбыс,
бейне, құжаттардан, яғни OLE деректерінен тұратын (Object Linking and
Embedding) тұратын өріс. Бұл өріс те жеке файлдарда сақталады және кез
келген ұзындықты қабылдауы мүмкін;
➢ Binary – кез келген екілік мәліметтерден тұратын өріс. Берілген өріс DBT
кеңейтілуіндегі жеке файлдарда сақталады және кез келген ұзындықты
қабылдауы мүмкін. Бұл InterBase-тегі Blob өрісінің толық аналогы;

InterBase пішімінің кестелер өрісі төмендегідей типтерді қабылдауы
мүмкін:
➢ Short – тек қана -32768-ден 32767-ге дейінгі диапазонындағы бүтін
сандардан тұратын ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
➢ Long – -2147483648-ден 2147483648-ге дейінгі диапазонындағы бүтін
сандардан тұратын, ұзындығы 4 байттық сандар өрісі;
➢ Float – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 4 байттық сандар
өрісі. Сандар диапазоны 3.4*10-нен 1.7*10-не дейінгі мәні 7
символдық сандарды қамтиды;
➢ Double – мәндері оң және теріс болуы мүмкін, ұзындығы 8 байттық сандар
өрісі. Бұл өрістің ұзындығы пиктограммаға байланысты және сандар
диапазоны 1.7*10-нен 1.7*10-не дейінгі мәні 15 символдық
сандарды қамтиды;
➢ Array – деректер жиымдарынан тұратын өріс. InterBase 16-лық өлшемдегі
жиымдарды анықтауға мүмкіндік береді. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы
мүмкін. DateBase Desktop-тың Array типті өрістерді редакциялауға, сонымен
қатар оларды құруға да мүмкіншілігі жоқ;
➢ TextBlob – тек қана мәтіндік мәліметтерден тұратын Blob өрісінің
бағыныңқы типті өрісі. Өріс кез келген ұзындықты қабылдауы мүмкін.
DateBase Desktop-тың TextBlob типті өрісті редакциялауға мүмкіншілігі
бар.

Ескерту !
Database Desktop программалық ортасында жұмыс істегенде Graphic, Binary,
Memo және OLE өрістік типінің мәні көрсетілмейді.
Paradox кестесінде өріс аты әріптен басталып, әріптер мен сандар
құрылуы тиіс. Өріс атының максимал ұзындығы 25 символдан аспау керек.
Өрістің атын бергенде пробел ," # " ," $ " символдарын қолдануға болады.
Бірақ , "." , " ! " , " " символдарын қолдануға болмайды. Себебі, бұл
символдар DELPHI – де басқа мақсаттарда қолданылады .
Paradox кестесінің кемшілігі болып, кестелік деректерді сақтайтын
типтік файлдардың көптігі болып саналады. Бір каталогтан келесі каталогқа
қандай да бір кестенің орнын ауыстырғанда немесе көшіргенде, осы кестені
қамтитын барлық файлдарды көшіру немесе орнын ауыстыру керек.
Paradox кестесінің файлдарының келесі кеңейтінділері бар :
• DB – деректі кесте
• MB – BLOB-деректер
• PX – негізгі индекс
• XG* және YG* – екінші индекстер
• VAL – деректердің және сілтемелік тұтастықты тексеретін параметрлер
• TV және FAM – Database Desktop программасында кестені шығару форматы
Depozit кестесінің басқа бағаналарына анықтамалар енгіземіз

Сурет 3.5.1 - Depozit кестесінің құрылымын анықтау

Есеп шарттарына сәйкес берілген кестенің барлық өрістері толтырылуы
тиісті . Бір өрістен екінші өріске өту үшін Required Field ауыстырып-
қосқыштарын іске қосамыз. Басқа өрістер мағынасына шек салу үшін қызмет
етеді :
• Minimum value - өрістің ең аз мәнін анықтайды;
• Maximum value - өрістің барынша үлкен мәнін анықтайды;
• Default value – өріс мәнін келісім бойынша анықтайды
• Picture – өрістің бейнелеу шаблонын анықтайды . Шаблон құру үшін Assist
батырмасын басу керек. Бір өрісте мәннің болмауы өрістің шектелген
мәнінің қойылмағанын білдіреді.

Содан соң С:\Program Files\Borland\Delphi7\Курс Дельфи каталогында
құрылған кесте ( Depozit ) аты анықтағаннан кейін Depozit файлы құрылады.

Сурет 3.5.2 - Кестені сақтау терезесі

Құрылған кесте реструктурлануы. Егер МБ бар кестелерге өзгерістер енгізу
керек болса, FileOpenTable меню элементін таңдау керек, пайда болған
диалогты терезеден кесте атын таңдап Ок батырмасын басу керек. Кесте
мазмұны көрсетіледі.

Сурет 3.5.3 - Depozit кестесінің мазмұны

“Banki”,“Klienti” алаңдарына индекс құрамыз. Ол үшін біз қиылысатын Table
Properties тізімінен (Secondary Indexes) элементін таңдаймыз . Осыдан
кейін диалогты терезе 3.5.4- суретте көрсетілгендей көрініс береді.

Сурет 3.5.4 - Терезенің оң жағына Secondary Indexes элементі пайда
болды

Жаңа индексті анықтау үшін, Define батырмасын басамыз. Көрінген
диалогтық терезеде Fields өрісінде біз анықтаған кестенің тізім мазмұны
көрсетіледі. Index Fields өрісінде құрылған индекске кірушілерді сақтау
үшін тағайындалған. Fields тізімінен Index Fields тізіміне нақтылы
өрісті көшіріп алу үшін оң бағдарша бейнелеуі бар батырманы басу керек.
Өріске тізімді жүйелілі қосу маңызды, өйткені ол тізімде өрістің алмасу
ретін анықтайды. Index Fields тізіміне керек өрістерді таңдаған соң (
сурет 3.5.5), Ok батырмасын басамыз .

Сурет 3.5.5 - Индекс құрамына кіретін өрістерді анықтау

Көрінген терезеде индекс аты сұралады ( сурет-3.5.6). Атын енгізіп, Ok
батырмасын басу керек .

Сурет 3.5.6 - Индексті сақтау терезесі

Индекс атын өріс атымен қою рұқсат етілмейді. Өйткені келесіде
көрініп тұрғандай жаңа индексті қосқаннан кейін оның аты индекстер
тізімінде пайда болады. 3.5.7 - суретте көрсетілген, жаңа индексті
қосқанан кейін оның аты индекстар тізіміне пайда болады.

Сурет 3.5.7 - Depozit кестесі үшін анықталған индекстер тізімі

Индекс аты бойынша шертіп , біз оны өшіре аламыз (Erase батырмасы)
немесе өзгерту ( Modify батырмасы ).

Paradox –те сілтемелік бүтінділік, біріншіден кесте арасындағы байланысты
екіншіден каскадты жерді анықтайды.
Depozit кестесін ( элемент File менюі Table Open ) ашып және
кестені өзгерту құрылымы режіміне ( Table Restructure ) кіреді. Table
Properties түсетін тізімінде Refrential Integrity элементін таңдаймыз және
Define пернесін басамыз. Көрінген диалогтық терезеде ( сурет 3.5.8) Fields
тізімінде Prihod кестелерінің өрістері көрсетілген, ал Tables тізімінде –
primer базасының кестелері көрсетілген .

Сурет 3.5.8 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi ортасында кітапхана жұмысына МБ құру
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
Мәліметтер қоры кестесімен жұмыс
Аптека жұмысының мәліметтер базасын құру
«Магазин» Visual FoxPro деректер базасын басқару жүйесі
Деректер базасының инфологиялық моделі
Ақпараттық жүйені және деректер қорын жобалау
Мәліметтерді өңдеуге қолданылатын компоненттер
Microsoft Visual basic 6-ең жаңа программалау тілі
Компоненттердің қасиеттерінің мәндері
Пәндер