HTML тілінің негізгі тегтерінің кестесі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе 3

1 wORLD WIDE WEB - БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТОР 4

1. 1 WWW сервистері 4

1. 2 HTML - бұл WWW ақпараттық тілдік бейнеленуі 5

1. 3 HTML пішіміндегі мәтіндік құжаттар 7

1. 4 Гипермәтіндік сілтемелер 7

1. 5 WWW-дегі ақпараттарды оқу 8

1. 6 Web-парақтарды қарау 8

1. 7 Web-бет дизайны, HTML 9

2 Қазіргі заманғы интернет технологиялары 12

2. 1 Web дизайнның негізгі ұғымдары 14

2. 2 Тізімдермен жұмыс үшін қолданылатын негізгі тегтер 18

2. 3 Мәтінді түстермен кескіндеу 19

2. 4 HTML - құжатында графиканы қолдану 20

2. 5 HTML - құжатында сілтемелерді қолдану 20

2. 6 HTML тілінің негізгі тегтерінің кестесі 22

2. 7 Гиперсілтемелер 23

2. 8 Кесте атрибуттары 23

2. 9 Web-парақ құруда НTML тілінде кесте салудың мүмкіндіктері 23

Қорытынды 32

Қолданылған әдебиеттер 33

Қосымша А

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда компьютерлік дизайн, Web-дизайн, жүйелік программалаушы, администратор және тағы басқа мамандардың қажет екендігін түрлі жарнамалық газеттерден, бұқаралық ақпарат құралдарынан да көруге болады. Аталған мамандықтарды қалай дайындап, оларға қандай программалық құралдарды үйрету арқылы жетілдіруге болатыны әдістемелік жұмыстың өзекті мәселелерінің бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр - білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры

Жоғарғы оқуды бітірушілер компьютерлік сауатылықты меңгеріп шығады, бірақ келешекте олар программист, инженер, жүйе администраторы болуы міндетті емес. Дегенмен кез-келген шығармашылық мамандық сізден қазіргі заманға сәйкес компьютерлік технологияларды меңгеруге талап етеді. Шығармашылық жұмыстын қортындысы әр қашан жаңа білім, жаңа ақпарат, ал осы ақпаратты таратудың ең жеңіл әдісі - Интернетте жариялау.

Интеренетте материалды жариялау тиімді болу үшін ол Web-дизайн ережелеріне сәйкес болу керек. Демек, Web-дизайн негіздерін білу кез келген мамандықта қажет болады, өткені Web-бет дизайны - бұл ақпараттық дизайн.

Бұл жұмыс өзінің сайтын дайындауды үйренем деушілерге арналған.

«Web-парақ құруда НTML тілінде кесте салудың мүмкіндіктері» курстық жұмыс мақсаты : пәндік аймақты зерттеу, HTML тіліндегі негізгі тегтер мен қажетті тегтермен жұмысты ұйымдастыру.

Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер қойылады:

  1. Web-парақ құруда НTML тілінде кесте салудың мүмкіндіктеріне қажетті материалдарды жинақтау;
  2. НTML тілінің мүмкіндіктерін зерттеу;
  3. Қажетті материалдарды қазақ тіліне аудару.
  4. WWW-сервистері ұсынатын қызметтерінің маңыздылығын көрсету.

Жұмыс екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімі теориялық: HTML-тіліне жалпы шолу, WWW-сервистері. Ал екінші бөлім, практикалық - бұл бөлімде курстық жұмысқа байланысты HTML тілін қолдана отырып, кесте құру мүмкіндігін көрсету.

1 wORLD WIDE WEB - БҮКІЛ ӘЛЕМДІК ТОР

WWW (World Wide Web, бүкіл әлемдік тор) -сақталынған ақпаратқа графикалық рұқсаттылықты қамтамасыз ететін компьютерлер жиынтығы. Бейне, аудио, суреттер мен дыбыстар сияқты мультимедиялық ақпаратты сақтау мүмкіндігі WWW -ді информацияны тираждаудың бірегей құралы болып табылады. WWW -сервері интернет қолданушыларына ақпаратты таңдап және іздеу үшін WWW -ресурстарын қолдануға мүмкіндік беретін компьютер.

Жалпы 60-жылдардың аяғында Internet негізі қаланса да Web жайлы 1989 жылының наурызына дейін ешкім естімеген. Web -ты құрушы Тим Бернес -Ли Женевадағы СERN институтта физика лабораториясындағы жұмысы кезінде әлем зерттеушілері үшін жоғарғы энергия физикасы жайлы ақпаратты тарату қажеттілігін сезінді. Сөйтіп ол компьютерлер үшін байланыстың гипермәтіндік жүйесін түсінді. Бұл жүйе оның әріптестеріне өз ғылыми жетістіктерін таратуға мүмкіндігін берді. CERN Web-тің дамуына ықпал етті, уақыт өте келе ол жергілікті желіден ауқымды желіге айналды. Сол сияқты Pony Express АҚШ пошталық қызметіне айналды және гипермәтінді жүйе концепциясы World Wide Web шеңберінде кеңейтілді.

Ең алғаш рет Web Женевада 1992 жылдың қаңтарында қолданыла бастады. Бернес -Ли ақпаратты, яғни құжатты компьютерге сақтауды ұсынды, ол компьютерлер Web-серверлер деп аталды.

1990 жылдан бастап HTTP хаттамасы WWW ақпараттық жүйесінде негізгі хаттамалар жұмысы ретінде қолданыла бастады [5] .

1. 1 WWW сервистері

HTTP хаттамасы WWW -серверлердің қызметімен ресурстарына пайдалануға мүмкіндік берді. Желінің көпфункционалды ресурстарына деген қол жетушілікті бірыңғайлау үшін WWW серверлері желінің ресурстарымен жұмыс істеудің әдістері мен деңгейлерін құруға мүмкіндік беретін интерфейстер кешенін қолдайды. Жалпы, әр интерфейс өз құрылымы мен әдістері бар желі объектісі болып табылады. Осы объектілердің әрекеттестігі WWW әлемнің әр қилылығын құрайды.

URI (Uniform Resource Identifier, ресурстар идентификаторы), URL (Uniform Resource Locator, ресурстардың орналасуы), URN (Uniform Resource Name, ресурс атауы) -бұл сервистің әртүрлі аттары, ол нақты ресурстарды орналасқан компьютерлерімен жұмыс істерін, типтерін идентификациялауға арналған. Бұл ресурстар тек Internet арқылы алынады. Осы сервис үш бөліктен тұрады:

  • Сызбанұсқа. Сервис типін идентификациялау арқылы қызметке жол ашылады, мысалы, FTP немесе WWW-сервисі.
  • Адрес. Ресурстың адресін идентификациялау. Мысалы, cmc. cs. msu. su
  • Ену аты немесе жолы. Таңдалған адрес бойынша ресурсқа жетудің толық жолын идентификациялайды, мысалы, /curr/cn/mac. html

Мысалы, «mac. html» файылы идентификаторлы ресурс болып табылады: http:/cmc. cs. msu. su/cn/mac. html. бұл дегеніміз кіру HTTP арқылы жүзеге асады, кіру сызба нұсқасы қос нүктемен бөлінген «:» және HTTP хаттамасын қолдану керек екенін көрсетеді, келесі 2 слэш сервердің кезекті адресін белгілейді, мысалы, cmc. cs. msu. su; атауы бар файл /curr/cnmac. html -сұралған файлға жету жолы [8] .

Басқа сөзбен айтқанда, URL, URN мен URI -бұл Internet-тің ресурстарын біріктірудің тәсілі.

URI ресурсында тек ресурстың атауы ғана болмайды, сонымен қатар жұмыс жасау қажетті параметрлері де бар. Ресурстың атауы параметрлер жолынан «?» символымен бөлінеді. Параметрлер жолы лексемдерден тұрады, ол «&» символымен ерекшеленеді. Әр лексема «=» символымен белгіленетін параметрлер атауынан тұрады. ASCII символдарының құрамына кірмейтін символдар «%» белгісімен белгіленеді. Көрсетілген ресурстар үшін барлық жолы бір жолдың параметрі болып табылады, сондықтан жеке параметрлер атауының типі, кезектілігі немесе бірегейлігі мәнді емес [2] .

1. 2 HTML - бұл WWW ақпараттық тілдік бейнеленуі

Hyper Text Markup Language (HTML) - бұл WWW ақпараттық тілдік бейнеленуі. HTML -файлы бұл қарапайым ASCII -мәтіні, онда файлға қосылған графикті, бейне, аудиоақпаратты белгілейтін арнайы кодтар немесе ақпаратты қорғау ортасының орындалу кодтары (Java Script, Java Classes) бар. Бұл ақпараттың барлығы WWW -серверінің файлдарында сақталады. Web -браузер осы файлға кіруге мүмкіндік алғанда, ол ең алдымен HTML -файлындағы кодталған ақпаратты түрлендіреді, одан кейін қолданушыға барлық ақпаратты графикалық немесе мәтіндік түрінде ұсынады.

HTML -дағы Hyper Text - бұл WWW-да ақпаратты орналасудың негізгі концепциясы. Hyper Text немесе Hyperlinks (гиперсілтемелер) қолданушыға құжаттың бір бөлігіне екінші құжатқа тез өтуді қамтамасыз ететін құжаттың ішкі мәтіндік байланыстарды қолданады.

WWW файлдар концепциясын гиперсілтемелермен үлгілейді және WWW тарабы мен Web -беттер арасында гиперсілтеме орнату арқылы оны басқа деңгейге қолданады. Web -бетіндегі гиперсілтеменің бір объектісіне манипулятор тетігін бассақ қолданушы WWW тарабының Web -беттері арасында еркін қозғалу ғана емес, сонымен қатар басқа жерде орналасқан, басқа ресурстармен қамтылған WWW -тараптарына өтуге де мүмкіндік алады.

HTML - бұл платформалы -тәуелсіз стандарт болып табылады, өйткені онда белгілі платформаны өзгеруші параметрлері жоқ. Мысалы, параметрлер қолданылатын шрифтің өлшемін анықтауы мүмкін, бірақ қандай шрифт қолдану керек екені көрсетілмеуі әбден мүмкін. Қажет шрифті таңдау браузерге жүтеледі [1] .

Тілдің конструкцияларын басқарушы - тег болып табылады. Тег - бұл бұрыштық жақшаға алынған кілттік сөздер. Кілттік сөздер - бұл көбіне тегпен қоршалған, мәтінге қолданылатын белгілі бір команда, ол көбіне ағылшын тілінде беріледі.

Соңғы кезде тілдің кең таралған тілдің бірі - xml () . XML өңдеушілерге алдыңғы қатарлы жаңа қосымша түрлерін шығаруға қажетті құралдарды ұсынады. Бұл қосымшалар Web -тің қарапайым қосымшаларын қамтып қана қоймайды, сонымен қатар мәліметтер базасын электронды коммерциялық жүйелер және басқада ақпаратты ұсынудың жүйелерімен (HTML -дан ерекшелігі ХML мәліметтерімен жұмыс істейді) жұмыс істеуге толық мүмкіндігі бар.

HTML, сонымен бірге, Internet технологиясы үшін көп үміт күтерлік құрал болып табылады, өйткені ол өңдеушілерге қолданылып жатқан жүйелерден тәуелсіз мәліметтер базасымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді және ең негізгісі - ХML құралдары арқылы және салалар бойынша тапсырыспен мәліметтердің әртүрлі құрылымен өңдеуге болады. Бұл мәліметтер базасы мен құрылымдарды үнемі мезгілмен қарап шығуға болады, ол үшін әдейі тапсырылған интерфейстер тұрғызуға қажет емес. Қорытындысында, сайттарда ескертуші мәліметтер болмайды: «мәліметті толық қарап шығу үшін Netscape браузер қолдануды ұсынамыз». Керісінше ХML -мен қамтылған кез келген браузер мәліметтерді бейнелеп және өңдеуге мүмкіндік алады.

ХML Web-тегі құрылымды мәліметтерді манипуляциялаудың құтты құралы болып табылады.

Common Gateway Imperfect (CGI) - бұл WWW қызметін кеңейтудің стандарты. WWW -серверлері статикалық HTML Web -беттерін сұрауға және Web -браузер көмегімен қарап шығуға мүмкіндік береді. CGI қолданушының мүмкіндіктерін кеңейтеді, Web -бетпен ассоциацияланған программаларды орындауға және WWW серверінен динамикалық ақпарат алуға мүмкіндік береді [4] .

CGI - интерфейс негізінен WWW серверімен сыртқы орындалмалы бағдарламалар арасындағы шлюз қызметін атқарады. Ол қолданушыдан тапсырыс алады, оны сыртқы бағдарламаға береді, одан кейін нәтижелерді қолданушыға динамикалық түрде құрылған Web -беті арқылы қайтарады.

Көбіне CGI мәліметтер базасынан ақпаратты таңдау үшін қолданылады. Қолданушы өз тапсырмасын Web -бетке енгізеді, WWW -сервері оны оқып, оны өңдеу процесін жүргізеді, нәтижені алғаннан кейін қолданушыға оны көрсетеді.

CGI механизмі толықтай платформалы - тәуелсіз және CGI механизмімен қамтылған мәліметті кез келген WWW-сервері арқылы береді. CGI орындаушы файлдарға негізделгендіктен CGI -да жүзеге асатын программа типіне шектеу қойылмайды. Программа кез келген тілде жазылуы мүмкін, тек C/C++, Fortran, Pascal, Visual Basic немесе Power Builder алатындай болу керек. CGI программасы сонымен қатар Perl немесе Shell сияқты операциялық жүйелердің командалық тілдерін қолдану арқылы жазылу мүмкін.

Соңғы кезде ASP деп аталатын активті серверлік беттер дамуда. Мәні бойынша CGI стандартына ұқсас, тек Web -бетті құруға объективті -бағытты тәсілдер қолданылады [9] .

1. 3 HTML пішіміндегі мәтіндік құжаттар

HTML - компьютерлік желіде тасымалданатын мәтіндік құжаттарды түрлендіре отырып пішімдеуге арналған арнайы тіл (оны құжаттарды белгілеу тілі деп те атайды) . Мұнда құжаттардың баспаға шыққандағы пішімі емес, олардың электрондық түрдегі, яғни экрандағы пішімі туралы айтылып отыр.

Электрондық түрде тасымалданатын Web -құжаттар (Web -парақтар) баспаға шығаруға емес, тек экранда көруге арналған. Бұл құжаттардың қандай компьютерде (экраны үлкен -кіші, түрлі түсті, дыбыстық тақшалары бар немесе жоқ т. б. ) оқылатыны алдын ала белгісіз болады. Сондай -ақ, сол құжатты оқитын компьютерде мәтін жазылған қаріптің түрі орнатылған ба, жоқ па, терезе мөлшері қандай екені де белгісіз.

HTML -белгісіз құрылғыларда (қарап шығуға арналған) экрандық құжаттарды ресімдеуге арналған арнайы тіл. HTML тілінде құжат құру программалауға ұқсас болып келеді. Құжат авторы әдеттегі мәтін қаріптеріне (шрифтеріне) арнайы кодтарды (оларды тег деп атайды) енгізеді. Құжатты оқыған мезетте осы тегтер командалар қызметін атқарады. Мысалы, абзацтың бас жағында <CENTER> деген тег тұрса, құжатты оқыған кезде оның мәтіні жазылған қаріп түрі мен оқылатын терезенің мөлшерінен тәуелсіз түрде сол абзац терезенің ортасына ығыстырылып тураланады [3] .

1. 4 Гипермәтіндік сілтемелер

HTML тегтері құжаттың жолдарын туралауға, экран фоны, яғни реңі мен мәтін әріптерінің түсін басқаруға мүмкіндік береді. Тегтердің көмегімен мәтін ішінде әр түрлі сурет енгізіп, олардың айналасына сөз жазу, сондай -ақ парақтарды безендіруге болады. Осы әрекеттерді орындап мазмұны тартымды Web -құжат құруға болады.

Web -құжатты кәдімгі газет -журнал сияқты оқитын болғандықтан, Web жарияланымдары деп те атайды.

HTML тегтерінің ішінде гипермәтіндік сілтемелер құруға арналған арнайы түрлері бар. Гипермәтіндік сілтеме дегеніміз -мәтіннің немесе оның маңындағы суреттік бейненің басқа Web -парақтардың желілік адресімен байланысып, ерекшеленген бөлігі. Әдетте гипермәтіндік сілтемелері бар арқылы ерекшеленіп тұрады. Гиперсілтемелік мәтінге курсорды жылжытып алып барса, оның түрі өзгереді. Сол мезетте гипермәтіндік сілтемені нұсқап тұрып маустың сол жақ батырмасын шертсе, басқа сервердегі немесе басқа құрылықта орналасқан компьютердегі Web -параққа жылдам ауысуға болады.

Web -парақтардың адрестері. Әрбір Web -парақтың өзі жеке Web -құжат болып табылады. Бұл Web -парақтардың кәдімгі мәтіндік құжаттардан жазылу пішімі өзгешелеу болады және олардың атауы. HTM деген жалғаумен (кеңейтілуімен) жазылады. Біз әрбір сервердің әлемдік желіде өзіндік адресі болатындығын айтқан болатынбыз. Сондай -ақ, жер шарындағы әрбір компьютердегі орналасқан файлдың адресін -оны іздеу жолы (маршруты) немесе электрондық адресі деп атайды. Сондықтан Интернеттің ақпараттық өрісіндегі әрбір құжаттың сол сервердегі файл маршруты мен сервер адресінен тұратын толық адресі болады. Әрбір құжаттың осындай адресі URL адресі деп аталады [6] .

1. 5 WWW-дегі ақпараттарды оқу

Кез келген компьютерде HTML пішімі түріндегі Web -құжаттарды оқу үшін арнайы программа болуы керек. Мұндай программаларды Web -ті көру құралдары немесе браузерлер деп атайды.

Web -құжаттарды оқуға арналған, өте кең таралған программаларға Netscape Navigator Internet Explorer браузерлері жатады. Бұл программалардың негізгі қызметі -алыстағы компьютерлердегі Web -құжаттарды оқуға, олардың бірінен-біріне жылдам ауысуға мүмкіндік береді.

Гипермәтіндік сілтемелерді пайдаланып, Интернет ақпарат кеңістігіндегі Web -парақтардың бірінен келесісіне өтіп, оларды шексіз аралай беруге болады. Алайда, әлемдегі Web -парақтардың өте көп екендігін ескерсек, қажетті мәліметті іздеп табуға өте көп уақыт кетеді, яғни бұл іс қиындай түседі. Сол себепті Интернетте ақпарат іздеуге арналған арнайы іздеу серверлері (оларды іздеу машиналары деп те атайды) бар. Іздеу серверлері өте көп емес, Интернетте жұмыс істейтін адамдар олардың адрестерін жақсы біледі. Жалпы іздеу серверлерінің екі түрі бар, олар: іздеу каталогтері және іздеу индекстері.

Іздеу каталогтері ақпараттарды олардың тақырыбы бойынша іздеуге арналған. Мұндай серверлердегі мәліметтер негізгі және ішкі тақырыптары бойынша реттеліп құрылған [11] .

Іздеу индекстері алфавиттік көрсеткіш арқылы жұмыс істейді. Белгілі бір сөзді немесе сөз тіркесін, яғни түйінді сөздерді (keyword) енгізе отырып, сол термин кездесетін құжаттарды жылдам іздеп табуға болады.

Сонымен бірге ақпарат іздеу мүмкіндігін беретін арнайы классификациялық серверлер де бар. Бұл серверлерде ақпарат жалпы тақырыптарымен бірге көп таралған танымал сөз тіркестерінің тізімі бойынша топтастырылған. Әрбір іздеуші мәліметіне байланысты құжаттарды ашу кезінде арнайы есептеуіш (санауыш) іске қосылып, көп қолданылатын ақпараттардың есебі алынып отырады [7] .

1. 6 Web-парақтарды қарау

Егер сендер телефон желісі бойынша қызмет жеткізуші арқылы Интернетпен қатынасқа шыға алатын болсаңдар, Web -парақтарды қарау үшін Интернетпен байланыс орнатып, шолушыны іске қосыңдар. Жұмыс үстеліндегі оның шарт белгісін екі рет шертіңдер немесе Жылдам іске қосу (Быстрый запуск) тақтасында Internet Explorer шолушысын іске қосу (запустить обозреватель Internet Explorer ) батырмасын басыңдар.

Web -парақтарды жүктеу. Web -парақтарды жүктеу үшін Адрес (Address) өрісінде оның URL -адресін енгізіндер: мысалы, http://www. pcweek. kz, одан кейін Ауысу (Переход) батырмасын немесе Enter пернесін басыңдар.

Егер адрестік қатарға Web -парақтың толық адресін енгізбей Ctrl+Enter пернесін бассаңдар, Internet Explorer нақты URL -адресті хаттама және кеңейтулерді қосып толықтырады. Мысалы, адрестік қатарға mi сөзін енгізіп, Ctrl+Enter пернесін басыңдар. Адрестік қатардың өзгергеніне көз жеткізулеріне болады [17] .

Web -парақтарды жүктеудің басқа тәсілдері:

  1. Сілтемелер(Ссылки) саймандар тақтасынан қажетті сервермен байланыс орнатуды қамтамасыз ететін батырманы басыңдар;
  2. Файл -Ашу(Файл -Открыть) командасын орындап, сұхбет терезесініңАшу(Открыть) өрісінде URL -адресті енгізіңдер.

Web -парақтың мазмұны терезені тұтасымен немесе экран аймағын толтырып тұратын бірнеше тіктөртбұрышты терезелерде -фреймдерді алып тұруы мүмкін. Әрбір фреймде көлемді ақпарат қарау үшін айналдыру жолақтары болады. Фрейм өлшемін өзгерту үшін курсорды оның терезесінің шекарасына орналастырамыз. Web -парақты толық экранда көру үшін Тұтас экранға (Вид-Во весь экран) командасын орындаңдар.

Web-парақтармен жұмыс істеу . Жүктелетін Web-парақ ақпараттың келіп түсуіне қарай көрсетіледі. Бастапқыда анық емес бейне пайда болады да, біртіндеп дұрысталады. Қалып -күй қатарына әлі жүктелмеген объектілердің саны көрсетіледі. Жүктеу процесін тоқтату үшін, Тоқтату (Остановить) батырмасын немесе Түр (Вид) командасынан Тоқтату командасын орындаңдар.

Web-парақтарды басуға шығару. Файл-Басуға шығару (Файл-Печать) командасы Web-парақ экранда қалай көрініп тұрса, сол күйінде немесе жеке бөліктерін, мысалы, кадрлерді шығару мүмкіндіктерін береді. Кадрді немесе Web-парақ элементін басуға шығару үшін объектінің жанама менюімен Басуға шығару немесе Объектіні басуға шығару командасын орындау қажет [12] .

1. 7 Web-бет дизайны, HTML

Бұл тілде компьютердің программалық және ақпараттық қамтуларының айырмашылықтарын ойламайтындай құжат құруға болатындай жасалынған. HTML технологиясы кәдімгі мәтіндік құжатқа басқарушы символдар (tage-тэги-тегтер) орналасқан құрылымнан тұрады. Тегтер мәтінінің өлшемін, сызылымын, түсін, мәтіннің орналасуын, беттегі графикалық бейнені мәтіндік құжатқа графикалық бейнені жасанды қозғалысты дыбыс, бейне енгізу мұмкіндігін береді, сонымен қатар осындай Web-беттермен мағыналы байланыс орнатады. Web-бет браузерде HTML тегі арқылы берілген түрде қарастырылады. Мұндай Web-бетті HTML-файл деп атаймыз. HTML-файлының кеңейтілуі . htm немесе . html.

Қазіргі кезде Web-бетті құруды бірнеше тәсілменен құруға болатынын белгілі, яғни қолменен және автоматты түрде. Автоматты түрде парақты жасау үшін мынадай редакторлар қолданылады: Front Page, сонғы кездерде көп қолданатын Macromedia Dreaweaver 8. 0 редакторлары. Web-беттің жобасын құрудың зерттеу барысында келесі кезеңдері анықталады:

  • парақты құрудың екі тәсілі;
  • құжаттың құрылымын анықтау;
  • суреттермен мәтіндік ақпаратты енгізу;
  • мультимедиалық объектілерді қою;
  • кестелермен жұмыс атқару;
  • беттерді бірнеше терезелерге бөлу; яғни құру жұмысында барлық гипермәтін тілінің аспектілері қарастырылады.

Орындалатын жұмыстар бірте-бірте күрделендіре отырып, жұмысты өздігінен орындау дәрежесіне жетеді.

HTML гипермәтінінің тіл белгілеу дамуы жалғасуда. Осылайша DHTML (Dynamic HTML), XML, VRML және т. б. тілдер пайда болды. Белгілеуі кеңейтілген XML (Extensible Markup Language) тілі HTML гипермәтін белгілеуінің кеңейтілуі болып табылады, сондай-ақ кеңейтілген басқарушы символдарды енгізу мүмкіндігі және де құжаттың дұрыстығын тексеру мүмкіндігі бар. Виртуалды шынайы тіл VRML (Virtual Reality Modeling Language) HTML гипермәтін тілінің белгілеуімен құрылған, ол көлемі 3D-графикті пайдалану мүмкіндігін береді. HTML - құжаттарын қалыптастырудың шығармашылық сипаты программалаумен бірдей болады, сол себепті бұл жағдайда, белгілі бір қиындықтарға әкеліп соқтыратын немесе қалыптастырылған құжаттын нақты тұтынушы компьютерінің экраннында қандай көрініс беретінің алдын ала болжау мүмкіндігін бермейді.

Сонымен жақсы HTML құжатын қалыптастыру үшін, бірқатар қарапайым ережелерді басшылыққа алудың өзі жеткілікті:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі замандағы Интернет - технологиялар және HTML
HTML-ге кіріспе. Web-дизайнның негізгі ұғымдары
Web-бет дизайны, HTML
Интернеттің іздеу технологиялары
HTML - құжаттарды жасақтау және өңдеу
HTML тілі элементтері
Macromedіa flash технологиясы туралы
Web-құжат туралы түсінік
Бүкіләлемдік тор. интернет технологиялары. Visual Basic ортасында Интернет браузер құру
WORLD WIDE WEB және HTML тілі туралы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz