Компьютерлік оқыту бағдарламалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық уникерситеті

Магистратура және PhD докторантура институты

УДК

ИСА ҚҰРАЛАЙ ЕРМҰРАТҚЫЗЫ

Математикалық статистикасын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану жүйесі

6N0602 Информатика

Диссертация на соискание академической степени

магистра

Ғылыми жетекші: Бекпатшаев М. Ж

Ғылыми кеңесшісі:Искаков К. Т

Қорғауға жіберілді

«Жаратылыстану пәндері »

кафедрасының ғылыми семинарының

№ «__» ___ 2010 ж. протоклы

кафедра меңгерушісі, профессор

Ғылыми семинардың төрағасы

Алматы, 2010 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ2

І ТАРАУ Ақпаратты технологиялар5

1. 1 Ақпараттық технологиялар жайлы түсінік5

1. 2 Ақпараттық технологиялар - білім беру кеңістігінде7

1. 3 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану10

ІІ ТАРАУ Курстық контент-технологиясы. 13

2. 1 Курстық контент-технологиясы. 13

2. 2 Манифестің метасипаттамасы15

ІІІ ТАРАУ Электрондық оқулық17

3. 1 Электрондық оқулыққа жалпы сипаттама17

Қосымша А28

ҚОРЫТЫНДЫ30

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі мемлекет саясатының басты мақсаты» (6. 02. 2008) Жолдауында « . . . қазіргі өмірге cай білім алу мен алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану мүмкіндігін жасау» деп атап көрсетілген. Осыған байланысты жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды қолдану, бір жағынан, оқу әрекетін табысты жасайтын, екінші жағынан, мамандардың сапалық дайындығын арттыруға басты себеп болатын фактор - инновациялық үдеріс. Әйтсе де, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты қазіргі ғылым мен техниканың даму жағдайы мен автоматтандырылған ақпараттық орта мамандардың қоғам талабына сай жауап беруін қажет етеді. Сондықтан жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіндегі студенттердің ақпараттық технологияларды пайдалана білу жұмыстарының үлесін көбейту, олардың білімді меңгеру барысында жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдануына мол мүмкіндік беру педагогикалық үдерістің маңызды міндеті болмақ.

Білім берудегі мемлекет саясатының ең маңызды мәселелері - маман даярлау сапасын жақсарту, білім берудегі ғылыми-әдістемелік жүйелерді түбегейлі реформалау, оқытудың кредиттік технологиясын жетілдіру, оқытудың формалары мен әдістерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы жаңашыл оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғам сұраныстарының арасындағы алшақтықты болдырмау, білімді арттыру үдерісіндегі жүйелілікті қамтамасыз етуде оның ролін жетілдіру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Кредиттік оқыту жағдайында ақпараттық технологияларды пайдалана білуге үйрету үшін оларда ең алдымен практикалық іс - әрекет барысында пайда болатын мәселелерді формальды сипаттау дағдыларын, яғни ақпараттық-компьютерлік әдістер туралы кәсіби білім, білік және дағдылар жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар негізінде ақпараттық мәселелер пайда болды, ең алдымен, бұл мәселелерді техникалық құралдармен де, жеке адамның не болмаса жеке адамдар тобының қоршаған ортаға көзқарасын, қарым-қатынасын қайта бағдарлау жолымен шеше аламыз. Осы тұрғыда студенттердің ақпараттық ой-өрісін, мәдениетін дамыту және олардың оқыту жүйесінде ақпараттық технологияларды меңгерумен қатар оларды жасау іскерлігін, дағдыларын қалыптастыру мәселесінің маңыздылығы күннен-күнге артуда.

Андреев В. И., Бабанский Ю. К., Кузьмина Н. В., Сериков В. В. және т. б. педагог ғалымдар маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларын зерттеген. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өзіндік дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдарларын ұсынады.

Бірқатар еңбектер информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі саласында да жарық көрді. Оларда - университеттерде информатикамен ұштасқан профиль мамандарын информатикаға оқытудың әдістемелік жүйесін жетілдіру (Бидайбеков Е. Ы. ), жалпы білім беретін орта мектептерде информатиканы оқытуды жетілдіру (Қариев С. ), мектептер мен университеттерде информатика мен экономиканы біріктіріп оқыту жүйесін жетілдіру (Бекзатов Б. ), мәліметтердің иерархиялық құрылымдары негізінде компьютерлендірілген оқытуды ұйымдастыру (Гриншкун В. В. ) мәселелері жан-жақты зерттеген.

Компьютерлік оқыту мәселесіне бірқатар ғалымдар тобы да ерекше назар аударған. Мысалы, Қараев Ж. А. оқытудың компьютерлік технологияларын пайдалану жағдайында оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, Шәріпбаев А. Ә. компьютерлердің бағдарламалық және ақпараттық құралдарының дұрыстығын дәлелдеу, Кеңесбаев С. М. болашақ мұғалімдердің жаңа ақпараттық технологияны пайдалана білу мәселелерін, Баймұхамедов М. Ф. компьютерлік оқытудың бейімделген технологиясын құрастырудың нобайларын, әдістері мен құралдарын жасау мәселелерін, Жаңабаев Ж. Ж. ақпараттық технологиялардың даму жағдайында мамандарды инженерлік-сызба дайындықтарына жетілдіру, Сыдықов Б. Д. ақпараттық-компьютерлік және математикалық модельдеу негізінде болашақ мұғалімдерді кәсіби дайындау жүйесі туралы қарастырған.

Ал, математикалық статистиканы оқыту технологиясына арналған зерттеу жұмыстары әлі де кемшін.

Бiлiм беру жүйесiнiң жаңа талаптары мен жоғарыдағы ғалымдардың зерттеу еңбектерiнiң нәтижелерiн ескере отырып, мынадай тұжырымға келуге болады: үздiксiз бiлiм беру жүйесiн жетiлдiрудiң негізгі бағыттарының бiрi ретiнде ақпараттық технологияларды математикалық статистиканы оқыту жүйесінде қолдану бүгiнгi күннiң басты талабы, ал оның негiзгi техникалық және дидактикалық мүмкiндiктерiн дамыту маңызды мәселелердің бірі, сол себепті де, онан әрi зерттеудi қажет етедi.

Жоғарыда аталған жұмыстар, елімізде информатиканы оқыту теориясы мен әдістемесі, ақпараттық технологияларды оқыту үдерісінде пайдалану мәселелері жөнінде бірнеше зерттеулер жүргізілгенін көрсетеді. Алайда, математикалық статистикасын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану жүйесі негізінде білім беруді жүзеге асыру мәселелері жеткіліксіз.

Осы себепте зерттеу тақырыбын “Математикалық статистикасын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану жүйесі” деп таңдауымызға негіз болды.

Диссертациялық зерттеудің мақсаты: ақпараттық технологиялар көмегімен математикалық статистика пәнін оқытуда элкетрондық оқулық жасау

Зерттеу нысаны: математикалық статистикасын оқыту жүйесіндегі ұйымдастырылған оқыту үдерісі.

Зерттеу пәні: математикалық статистикасын оқытуда жүйесінде ақпараттық технологияларды пайдалану жүйесі арқылы білім беруді ұйымдастыру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

- математикалық статистикасын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың жүйесінде теориялық негіздеріне талдау жасалды;

- математикалық статистикасын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың жүйесінде жағдайында ақпараттық технологияларды пайдаланудың құрылымдық-мазмұндық нобайы негізделді;

- математикалық статистика пәні бойынша жасалған электрондық оқулық арқылы ақпараттық технологияларды пайдалану жоғары оқу орындарында студенттерге сапалы білім беруді ұйымдастырудың ерекшеліктері талданды;

Қорғауға ұсынылады:

  • «ақпараттық технология», «оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды қолдану» ұғымдарының мазмұндық сипаттамасы; электрондық оқулық арқылы оқыту жағдайында ақпараттық технологияларды пайдалана білудің құрылымдық-мазмұндық нобайының негізделуі; математикалық статистикасын оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың жүйесінің ЖОО оқытуды ұйымдастыру формаларында негізделуі;

Жұмыс құрылымы мен көлемі:

Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған ғылыми әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің көкейкестілігі, зерттеудің мақсаты, пәні, нысаны, әдістері, ғылыми жаңалығы, қорғауға ұсынылған қағидалары, жарық көрген мақалаларды ендіру) сипаттама беріледі.

«Ақпараттық технологиялардың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде жоғары оқу орындарында ақпараттық технологияны пайдаланудың теориялық негіздері сипатталады, жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту жүйесін енгізу мәселелері, оқыту тиімділігін арттыруда ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары қарастырылады

«Электрондық оқулыққа жалпы сипаттама» атты екінші бөлімде оқыту үдерісіндегі ақпараттық технологиялардың алатын орны мен маңызы, түрлері, мазмұны мен әдістері талданып, оқыту жүйесіндегі ақпараттық технологияның пайдалану жолдары, ЖОО оқыту формаларында ақпараттық технология түрлерін қолдана білу мүмкіндіктері сипатталды.

«Қорытындыда» зерттеудің нәтижелері, негізгі қорытындылар және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен тұжырымдар беріледі.

І ТАРАУ Ақпаратты технологиялар

1. 1 Ақпараттық технологиялар жайлы түсінік

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі « . . . осы заманғы білім беру, «парасаттың экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сол себепті де елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылып отырған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділігі мен жеке даралық қабілеттерінің жетілуіне әсер ететін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану әлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашуда. Осы орайда жоғарғы оқу орнын оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мәнін ашуды талап етеді. Сондықтан біздің зерттеу проблемамыздың әдіснамалық негізіне жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі, оның ішінде кредиттік оқыту, ақпараттық технологиялар пайдалану мәселелері алынды.

Қазіргі кезде университеттердегі оқу үдерісін басқарудың объективті жағдайы күрт өзгеруде. Бірақ осы уақытқа дейін университеттік білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару дәстүрлі әдістер деңгейінде қарастырылып, қазіргі білімдік инновациялар толық ескерілген жоқ. Жалпы алғанда жоғары білім туралы зерттелген материалдардың басым көпшілігі ЖОО-ның ғаламдық мәселелерін шешуге немесе, керісінше, ЖОО-ның күнделікті оқу үдерісін жоспарлау, ұйымдастыру және басқаруға байланысты мәселелерін шешуге тиімділігі аз жеке әдістеме немесе ғылыми база әзірлеуге бағытталған. Нақ осы уақытта оқу үдерісін басқару жүйесіне қойылатын талаптардың орындалу деңгейі мен бәсекеге қабілетті болашақ маман даярлау қажеттілігі туындап отыр. Жоғары білім берудің дамуы түбегейлі өзгерістерге жиі ұшырауы салдарынан жаңа бағдар дамуындағы ізденістерге алып келді, сол себепті де тәуелсіздік егемендік алғаннан кейінгі еліміз үшін әлемге танылған батыс елдерінің әлеуметтік - экономикалық прогресстері жетекші бағдар болды. Толық мәнге бұл білім беруге де әсерін тигізді. Осылайша Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде кәсіби мамандардың бәсекелестік қабілеттілігі мен талапқа сай болуына жағдай жасап, еңбек сұранысына бағдарланған оқу бағдарламаларының жоспарлануына икемді ғана болуы мүмкін, халықаралық стандарттар талабы бойынша кредиттік оқыту жүйесі сай келді.

Әлемдік білім кеңістігінің талаптарына сай университеттік білім беру жүйесін басқарудың негізгі бағыттарын зерделеу, олардың ерекшеліктерін, артықшылықтарын, кемшіліктерін айқындау, оқу үдерісін басқарудың мәнін, қағидаларын, қызметтік құрамын және олардың өзара байланысын анықтау мәселелері қазақстандық ғалымдар тарапынан қарастырылып жүр. Бұл мәселелердің негізгісі - халықаралық жоғары оқу орындарының тәжірибесінде жоғары сапалық білім көрсеткішімен белгілі болып отырған оқыту технологиясы - кредиттік оқыту жүйесі.

Кредиттік оқыту жүйесі - оқу үдерісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасатады.

Жоғары оқу орындарында кредиттік жүйе бойынша оқытудың тиімділігі әлі де болса толық зерттеле қойған жоқ. Сол себепті де кредиттік оқыту және ақпараттық технологияны бұл оқыту жүйесінде пайдалану мәселелерінің арасында қарама-қайшылық туындайды. Осы қайшылықтардың шешімін табу мақсатында зерттеу жұмысымызда оқыту үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдалануды қарастырдық.

Ақпараттық технологияларды тиімді пайдаланудың мүмкіндіктерін қарастыру, жолдарын іздестіру, өткенге көз жүгірту арқылы болашақты болжаумен тығыз байланысты.

Білім беру жүйесін ақпараттандыру мәселелері педагог ғалымдардың үнемі назарында болып келеді. Білім беру саласын ақпараттандыру, компьютерлендіру мәселелерінің әртүрлі аспектілері В. С. Гершунский, А. П. Ершов, В. М. Монахов, Е. И. Машбиц секілді ғалымдардың зерттеу еңбектерінде көрініс тапқан. Оқыту үдерісінде компьютерлік технологияларды қолданудың теориясы мен әдістемесі Ю. С. Брановский, Н. В. Василенко еңбектеріне арқау болған. Ал Қазақстанда бұл мәселелерге Е. Ы. Бидайбеков, Ж. А. Қараев, С. К. Кариев, К. А. Таңатаров, К. З. Халықова тың зерттеулер жүргізді.

Ақпарат дегеніміз - тұтынушыға бұрын белгісіз болған және оның зерттелетін нысаны (үдеріс, құбылыс) туралы түсінігін толықтыратын деректерден тұратын мәліметтер жиынтығы.

Ақпараттық үдерістер - ақпаратты жинау, жіберу, жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, беру және пайдаланушыға жеткізу. Информатика ғылымы ақпараттық үдерістерді мақсатты түрде зерттеу нәтижесінде пайда болды.

Білім беруді ақпараттандыру - бұл ақпараттық-коммуникациялық технологияның құралдарын білім беру саласына қолданудың методологиялық және тәжірибелік құндылықтарын зерттеп, оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық және педагогикалық мақсаттарына қамтамасыз ету үдерісі. Оқу үдерісінде білім беруді ақпараттандырудың негізгі бөлігі дербес компьютерлерді қолдану, интернет желісін пайдалану арқылы жүреді. Сондықтан ол Қазақстан Республикасында біртұтас білімдік ақпараттық ортаны құру болып табылатын негізгі мақсатты көздейді. Олай болса, білім беру саласындағы жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану еліміздегі ақпараттық кеңістікті әлемдік білім беру кеңістігімен сабақтастыруға мүмкіндік береді.

Оқу-тәрбие үдерісінде ақпараттық технологияны пайдалану оқытушылардың, білімгерлердің мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі кезеңде өзекті мәселеге айналып отырғаны даусыз. Оқытудың ақпараттық технологияларына дербес компьютерлерден басқа мультимедиалық, электрондық оқулық, ақпараттық білім берудегі негізгі құрал интерактивті тақтаны жатқызамыз. Енді осы ақпараттық технология түрлерін қарастырсақ.

Мультимедиалық технологиялар дегеніміз - әр түрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын технологиялар жиынтығы (әдістер мен тәсілдер жиынтығы) .

Бүгінгі күнде электрондық оқулықтарды, компьютерлік оқыту бағдарламаларын, дыбыстық және бейнелік оқу материалдарын пайдалануда қолданылатын мультимедиалық технологиялар оқыту үдерісіндегі инновациялық әдістерді жүзеге асыратын бірден бір жаңа ақпараттық технология болып есептеледі. Бұл технологияның жекелеген элементтерін пайдалануда мультимедиа сөзі қосарлана қолданылады. Мысалы, мультимедиа бағдарламасы, мультимедиа өнімі, мультимедиа қызметі, т. б. Мұнда мультимедиа ақпараттық технология кешенінен құралатындықтан оның жекелеген элементтерін атау кезінде «мультимедиалық» сын есімін қосарлана қолдану дұрысырақ (мультимедиалық бағдарлама, мультимедиалық өнім, т. б. ) .

Білім берудегі мультимедиа - біріншіден, таным үдерісінің жоғарлауына септігін тигізетін, екіншіден, әртүрлі типті ақпараттарды біріктіре пайдалануға мүмкіндік беретін, үшіншіден, білім беру мазмұнын интерактивті қалыпта ұсынатын дидактикалық аппаратты-бағдарламалық құрал.

Мультимедианың бағдарламалық құралдары деп - интерактивті режимде әртүрлі типті ақпараттарды дайындау, өңдеу, ұсыну, біріктіру секілді іс-әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін компьютердің бағдарламалық жабдықтары. Ал, мультимедиалық өнімдер - мультимедиалық құралдар және арнайы бағдарламалық жабдықтар көмегімен дайындалған ақпарат.

Қазіргі қоғамның ғылыми-техникалық, экономикалық-әлеуметтік салаларындағы мультимедиалық технологиялардың алатын орны зор. Өйткені, мультимедиалық технологиялардың белсенді түрде пайдалану оқытудың компьютерлік технологияларын дамытудың перспективалы бағыттарының бірі.

1. 2 Ақпараттық технологиялар - білім беру кеңістігінде

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.

Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде, сонымен бірге оқыту, тәрбиелеу, дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді. Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ, ақпараттық технологиялар білім, білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.

Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет. Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз, барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз, оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған, ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десе де болады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

- оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

- нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

- материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпараттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады. Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

1. Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылың ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.

Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;

- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т. с. с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді) ;

- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

3. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.

Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді, нысандық жағдайлар жөніндегі мәліметтер модел ретінде оның сөздік, сандық "сипаттамасы" қаралады. Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады.

4. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

1. 3 Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп жасындағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда компьютерлік оқыту және бақылау бағдарламаларының рөлін анықтау
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
Казақ тілі сабағында интерактивті тақтаны қолдануы
Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды қамтамасыз ету жөніндегі «Балапан» бағдарламасы
Ашық интерактивті тапсырмалардың компьютерлік бағдарламаларын жасаудың әдістемесі (алгебраны оқыту мысалында)
Бастауыш сынып математикасында ақпараттық-коммуникативті технологияны қолдану
Қашықтықтан оқыту модельдері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Мультимедиалық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz