Деректер қоры объектілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
1. 1 Қарапайым деректер қорының құрылымы . . . 5
1. 2 Деректер қорының обьектілері . . . 8
1. 3 Деректер қорын қалыптастыру . . . 10
1. 4 Деректер қорының модельдері . . . 10
1. 5 Деректер қорын жобалау . . . 14
1. 6 Деректер қоры қауіпсіздігі . . . 17
2 “ЕВРОСЕТЬ” БОЙЫНША ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ҚҰРУ
2. 1 Кестелермен жұмыс жасау . . . 19
2. 2 Сұраныстар құру . . . 22
2. 3 Формалармен жұмыс жасау . . . 25
2. 4 Есеп және макростар құру . . . 31
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 35
КІРІСПЕ
Деректер қоры қазіргі біздің дамып келе жатқан заманымызда өте қолайлы жүйе болып табылады. Деректер қорын басқару жүйесі көптеген ұжымдық мекемелерде және мекемелерде, оқу орындарында көптеп пайдаланылып жүр. Қарапайым сөзбен айтқанда, деректер қорын басқару жүйесі бізге деректерді қолданғанда ыңғайлы болу үшін жасалған жүйе болып табылады. Әр қолданушы деректерді өзіне тиімді жолмен сақтай алады. Деректер қорының белгілі обьектілері бар, сол обьектілер арқылы әр түрлі мәліметтердің өңделуі жүзеге асырылады. Ол обьектілер жайлы біз курстық жұмыс барысында анықтамалар беріп, сонымен қатар мысалдар келтіре өтеміз. Негізінен бұл обьектілермен жұмыс жасау қарапайым қолданушыға аса қиын емес. Олар өте түсінікті және де бірнеше функциялармен жұмыс жасайды. Мысалы үшін кесте құрудың үш жолы бар. Ол үш жолдар туралы келесі бөлімдерде айтып кетемін. Қазіргі кезде Microsoft Oficce ұсынған Access 2000, Access 2002, версияларымен көптеген жоғарыда айтылып кеткен орындар жұмыс жасап жатыр. Бұл жүйе әрбір адамға тиімді жүйе болып табылады.
Курстық жұмыс барысында көптеген мәліметтер ала аласыздар. Бірінші бөлімде жалпы жүйемен жұмыс жасау түсінікті болу үшін, деректер қорының негізгі түсініктерімен танысамыз. Содан кейінгі тарауларында деректер қорын басқару жүйесімен танысу, мәліметтердің типтері, деректер қоры қауіпсіздігі, жобалау және де тағы басқа мүмкіндіктермен танысамыз.
Екінші бөлімде Microsoft Access 2002 деректер қорын басқару жүйесімен қалай жұмыс жасалатындығы жайлы айтылады. Бұл бөлімде алдымен жалпы ескертулер жүргізіледі. Содан кейін, обектілермен жұмысты жеке - жеке түсіндіріледі. Ал, соңғы бөлімде «ЕВРОСЕТЬ» бойынша кішігірім деректер қорын мысалға келтіріледі. Бұл мысалдың мақсаты қолданушыға іс - жүзінде мәліметтерді қалай енгізіп, қолдануға түсінікті болу болуын қамтамасыз ету.
Курстық жұмыстың өзектілігі: деректер қоры басқару жүйесінің мүмкіндіктері және жұмыс істеу аймағын қолданушыларға таныстыру, көрсету.
Курстық жұмыстың мақсаты: деректер қоры басқару жүйесінің атқаратын қызметімен танысу; сонымен қатар жүйемен жұмыс жасауды тереңірек үйрену; олардың түрлері мен мүмкіндіктерін ашу.
Осы мақсаттарға жету барысында келесідей міндеттер туындады:
- Деректер қорын басқару жүйесі туралы қажетті материалдарды жинақтау;
- Кейбір материалдарды қазақ тіліне аудару;
- Деректер қорын басқару жүйесін зерттеу.
1 ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕРІ
Деректер қоры дегеніміз- мәліметтерді сақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Бұл деректер қорының құрлымына информациямен қатар, оларды ұйымдастыруға, қолдануға арналған тәсілдер мен әдістер кіреді.
Деректер қоры деректер басқару жүйесімен (ДҚБЖ) тығыз байланысты. Бұл программалық құрылымдар кешені жаңа қордың құрылымын құруға, оны деректермен толтыруға, мазмұнын редактрлеуге және ақпаратты визуалдандыруға арналған. Қор ақпараттарын визуалдау дегеніміз берілген критерий бойынша экранға шығаратын мәліметтерді таңдап, оларды белгілі бір ретке келтіріп, безендіріп артынан баспаға немесе байланыс каналдарына беруді айтамыз. Әлемде деректер қорын басқаратын көптеген жүйелер бар. Олар әр түрлі объектілермен түрліше жұмыс жасап және қолдануға әр түрлі функциялар мен құралдар ұсынуға қарамастан, көптеген ДҚБЖ-рі тұрақталған негізгі кешенді ұғымдарға сүйенеді. Бұл бізге бір жүйені қарастырып, оның ұғымдарын, әдіс- тәсілдерін ДҚБЖ-ң барлық классына жинақтап қорытуға мүмкіндік береді. Оқыту объектісі ретінде Microsoft Office пакетіне Microsoft Word және Microsoft Excell пакеттерімен қатарлас кіретін Microsoft Access объектісін таңдаймыз. Егер операцияның нақты тәсілдері программа версиясына тәуелді болған жағдайда, біз Microsoft Access 2002 соңғы версиясына сүйенеміз, бірақ негізінен программа версиясы екінші ретте болатын жинақталып қорытылған түсініктермен тәсілдерге тоқталамыз [1] .
1. 1 Қарапайым деректер қорының құрылымы
Алдымен мынаны түсініп алайық, егер қорда ешқандай деректер болмаса, қор бәрібір де ұйымдасқан деректер қорына жатады. Бұл айғақта методикалық мағына бар. Қорда деректер болмағаны мен, онда мәлімет бар- ол қордың құрылымы. Қор құрылымы осы қорға деректерді енгізу мен сақтау әдістерін анықтайды. Деректер қорының қарапайым “компьютерлік емес” варианты- ол іскерлік күнделік, онда әрбір күнге бір беттен бөлінген. Оған бір жол жазу жазылмаса да, ол күнделік болып қала береді. Өйткені, оның жазба кітапшаларынан, жұмыс дәптерінен және басқа да жазба қағаздардан айқын айыратын құралы бар.
Деректер қорында әртүрлі объектілер болуы мүмкін, бірақ қандай да деректер қорын алмасаңыз да, оның негізгі объектілері болып кестелер саналады. Қарапайым деректер қорында кем деген де бір кесте болады. Осыған сәйкес, деректер қорының құрылымы ондағы кесте құрылымымен бірдей.
Біз білеміз, екі өлшемді кестенің құрылымын бағаналар мен жолдар құрайды. Қарапайым деректер қорының құрылымында оларды өрістер мен жазбалар деп атайды. Егер жазбалар кестеде жоқ болса, онда оның құрылымы тек өрістерден құралады. Базалық кестенің өрістер құрылымын өзгертсек, онда біз деректер қорының құрылымын өзгертеміз және соған сәйкес жаңа деректер қорын аламыз [2] .
Деректер қоры өрістерінің қасиеттері. Деректер қоры өрістері тек қана қордың құрамын анықтамайды, сонымен қатар әр өріске берілген ұяшыққа жазылатын мәліметтің қасиеттерін анықтайды. Microsoft Access деректер қорын басқару жүйесін пайдаланып, осы өрістердің қасиеттерін атап өтейік:
- Өрістің аты- қормен автоматты операциялар орындағанда осы өрістегі мәліметтермен қалай жұмыс жасау керек екені анықталады.
- Өрістің типі- осы өрісте жазылатын мәліметтердің типін анықтайды.
- Өрістің өлшемі- өрісте жазылатын мәліметтердің шекті ұзындығын анықтайды.
- Өрістің форматы- өрістегі мәліметтерді форматтау тәсілін анықтайды.
- Енгізу маскасы- өріске енгізілетін мәліметтердің формасын көрсетеді.
- Таңба- берілген өріс үшін кестедегі бағананың тақырыбын анықтайды.
- Келісілген мән- өрістің ұяшықтарына автоматты енгізілетін мән.
- Мәнге қойылатын шарт- енгізілетін мәліметтің дұрыстығын тексеруге арналған шектеме.
- Қателікті хабарлау- өріске қате мәліметтерді енгізгенде автоматты хабарлау.
- Міндетті өріс- қорды толтыруда міндетті толтыратын өрістерді анықтайтын қасиет.
- Бос жолдар- бос жолдар болуына рұқсат берілетін қасиет.
- Индекстелген өріс- егер өрісте осы қасиет болса, онда осы өрісте сақталатын жазбаларды іздеу немесе іріктеу операциялары тездетіледі. Индекстелген өрістерде мәліметтердің қайталануы болмайды.
Әртүрлі өрістерде әртүрлі типті мәліметтер жазылғандықтан, онда осы өрістердің қасиеттері де мәліметтердің типіне байланысты әр түрлі болады. Мысалы, жоғарыда көрсетілген өрістердің қасиеттерінің тізімі негізінен мәтіндік типке қатынасты. Ал сандарды сақтайтын өрістер немесе суреттерді, видеоклиптерді сақтайтын өрістер үшін жоғарыда көрсетілген қасиеттердің көбісі қажетсіз [2] .
Мәліметтердің типтері. Microsoft Access деректер қоры келесі мәліметтердің типтерімен жұмыс істейді.
- Мәтіндік - 255 символға дейінгі өлшемді, форматталған, кәдімгі мәтінді сақтауға қолданылатын тип.
- МЕМО өрісі - 65635 символға дейін үлкен өлшемді сақтайтын арнайы тип. Ол өрісте емес қордың басқа жерінде сақталады, ал өрісте оған көрсеткіш сақталады.
- Сандық тип - сандарды сақтауға арналған тип. - Мерзім\уақыт - уақыт пен каленьдарлық датаны сақтайтын тип.
- Ақшалық - ақшалық сомманы сақтайтын тип.
- Есептегіш - жазбалардың енгізілу ретін есептеуге арналған тип.
- Логикалық - логикалық типтерді сақтайтын тип.
- OLE объектісінің өрісі - OLE объектілерін сақтауға арналған тип, мысалы мультимедиялық. Әрине бұл объектілер кестеде сақталмайды. МЕМО өрісі сияқты олар деректер қоры файылының ішкі құрлымында сақталады.
- Гиперссылка - интернеттің Web объектілері үшін URL адрестерін сақтайтын арнайы өріс. Сілтемені шерткенде автоматты түрде браузерлер қосылып, оның терезесінде объект шығады.
- Көмек беруші шебер - ол арнайы тип емес. Бұл объект арқылы өрістерге мәліметтерді енгізуді қолмен емес, оларды ашылған тізімнен таңдау арқылы орындауға болады [2] .
1. 2 Деректер қоры объектілері
Деректер қоры көптеген объектілермен жұмыс жасайды. Олардың негізгілері:
- Кестелер - деректер қорының негізгі объектісі. Біріншіден оларда деректер қорының барлық мәліметтері сақталады, екіншіден кестелер деректер қоры құрлымын сақтайды.
- Сұраныстар - кестелерде мәліметтерді қолданушыға ыңғайлы түрде таңдайтын объект. Сұраныстың көмегімен мынадай амалдар орындалады: сұрыптау, реттеу, сүзу. Сонымен қатар сұрыптаудың көмегімен берілген алгоритм бойынша мәліметтерді түрлендіруге болады, жаңа кесте құруға болады, автоматты түрде кестені мәліметтермен толтыруға болады, ол мәліметтерді басқа кестеден алу арқылы, кестедегі қарапайым амалдарды орындауға болады. Сұраныстың ерекшелігі: олар мәліметтерді базалық кестеден алып, олардың негізінде уақытша нәтижелік кесте құрады немесе бұл кестелерді жедел сурет деп атайды.
Кестелермен жұмыс істеген уақытта мәліметтерді қатты дискіден аламыз, сол себепті мәлімет алмасу уақыты ақырын өтеді. Сұраныстармен жұмыс істеген уақытта кестеден жедел жатта сақталады. Сол себепті одан мәліметтерді алу одан жылдам орындалады. Кестелерге жаңа мәлімет енгізгенде оның құрлымы өзгеруі мүмкін, бұл проблемалар деректер қорын басқару жүйесінде сұраныстардың көмегімен шешіледі. Яғни негізгі кестелерде мәліметтердің реттеліп орналасуы талап етілмейді, ал қолданушыға олар реттелген түрде қажет болса, немесе іріктеп алу керек болса, ол сәйкес сұранысты жасайды. Егер ондай сұраныс болмаса оны жасау керек.
- Формалар - мәліметтерді шығару құралдары. Форма
экранға сұраныстар жасаған қолданушыға қажетті
мәліметтерді береді. Формаларда арнайы басқару
элементтері орналасады: есептеуіштер, тізімдер, қосып -
алушылар, жалаушалар т. б. форманы бланктар түрінде
жасауға болады. Көмекші суретте форманы қалай
толтырудың жобасы тұрады. Формаға мәліметтер шығару
үшін сұраныстар қолданылады. Форма арқылы деректерді
тек қана енгізуге ғана емес, сонымен қатар экранға
шығаруға да болады. Сұраныстар да деректерді экранға
шығара алады, бірақ оны ешқандай безендіруі жоқ
нәтижелі талблица түрінде жасайды. Форма арқылы
деректерді енгізгенде арнайы безендіру әдістерін қолдануға болады.
- Есеп - құжаттары өзінің қасиеттері жағынан есеп құжаттары көбіне формаға ұқсас, бірақ олар дерекетерді экранға емес баспаға шығару үшін арналған. Сондықтан есеп құжаттарында енгізілген деректерді топтау үшін арнайы каналдары мен баспаға шығарылатын құжаттарға лайықтап безендіруге арналған элементер болады.
- Беттер - Microsoft Access ДҚБЖ - нің соңғы версияларында іске асырылған деректер қорының арнайы объектілері, немесе, дәлірек айтқанда, оларды деректерге өту беттері деп атауға болады. Іс жүзінде бұл Web бетінде HTML кодымен орындалған және сол бетпен тұтынушыға берілетін ерекше объект. Бұл объект өздігімен деректер қоры бола алмайды, бірақ онда тұтынушыға берілген Web бетімен басқа жақтағы деректер қоры байланыстыратын компоненттері бар. Бұл компоненттер арқылы Web торабының қолданушысы деректерге өту беттері тұтынушы мен басқа жақтағы деректер қорының арасында интерфейс жүргізеді. Бұл міндетті түрде Microsoft Access - тің деректер қоры болуы тиіс емес. Microsoft Access арқылы жасалған өту беттері, сонымен қатар Microsoft SQL Server деректер қорымен жұмыс істей алады.
- Макростар мен модульдер. Бұл объектілердің категориялары деректер қорын басқару жүйесімен жұмыс жасағанда қайталанатын амалдарды автоматтандыру үшін және программалау арқылы жаңа функцияларды құруға арналған. Microsoft Access ДҚБЖ-де макростар ДҚБЖ-нің ішкі командаларының тізбегінен тұрады және қормен жұмыс істегенде автоматтандырудың Visual Basic for Applacations тілінің құралдарымен жасалады. Макростар мен модульдер арқылы қорды жасаушылар оған қолданушының стандартты емес функционалдық мүмкіндіктерді, арнайы шарттарын қанағаттандыратын және басқару жүйесінің жылдамдығы мен қорғаныс қасиетін арттыратын қасиеттерді енгізе алады [3] .
1. 3 Деректер қорын қалыптастыру
Деректер қорымен жұмыс жасау режимі. Әдетте деректер қорымен екі категориялы орындаушылар жұмыс жасайды. Бірінші тобы- жобалаушылар, яғни, деректер қорын жасаушылар. Олардың жұмысы- деректер қоры кестесінің құрлымын жасап, тапсырушымен келістіру. Кестелерден басқа жобалаушылар бір жағынан жұмысты автоматтандыру үшін, екінші жағынан оның функционалдық қасиеттерін шектеу үшін деректер қорының басқа объектілерін жасайды. Жобалаушылар деректер қорын мәліметтермен толтырады.
Деректер қорымен жұмыс жасайтын екінші категориялы орындаушылар - қолданушылар. Олар бастапқы деректер қорын жобалаушылардан алып, оларды мәліметтермен толтырады. Жалпы қолданушылар деректер қорының құрлымын өзгерте алмайды, тек деректер қорының мәліметтерімен жұмыс жасай алады. Сәйкесінше деректер қорының басқару жүйесінде 2 режимдік жұмыс бар. Жобалаушылар және қолданушылар. Біріншісі - қор құрлымын және оның объектілерін құрады. Екіншісі - арнайы дайындалған объектілерді толтыру және ішінен деректерді алып пайдаланады. Бірінші режим қордың және олардың объектілерінің құрлымын құруға немесе өзгертуге арналған. Екінші режимде қорды толтыру үшін бұрын дайындалған объектілерді қолданады [3] .
1. 4 ДҚ модельдері
Иерархиялық модель. Мәліметтер арасындағы байланысты реттелген графтар, яғни тармақтың көмегімен сипаттауға болады. Қандай да бір программаның тілінде иерархиялық деректер қоры құрылымын сипаттау үшін тармақ мәліметтер типі пайдаланылады.
Тармақ типі Pascal 1 программалау тіліндегі «құрылым» деген, ал Pascal тілінде «жабық» мәліметтер типіне ұқсас.
«Тармақ типі» - құрама тип болып тадылады, яғни ол өзінің құрамына әрбіреуі тармақ типі болып табылатын ішкі типтерді қосады. Тармақ типі әр біреуі түпкі типтен және оған бағытталатын типтің реттелген жиынтығынан құралады. Тармақ типіне енген элементтер типтің әр біреуі қарапайым және құрама жазба типті болып табылады.
Жазба бір типтен тұрады. Ал, құрама қарапайым жазбалар белгілі бір типтер жиынтығынан тұрады. Олар символды мерзім болуы мүмкін.
Иерархиялық мәліметтерді ЭЕМ жадында орналасқан ұйымдастыру үшін келесі әдістерді пайдаланамыз:
- жадты тізбектеп бөлу арқылы;
- сызықтық тізім ретінде көрсету;
- байланысатын сызықтық тізімдер ертінде көрсету иерархиялық ұйымдасқан мәліметтерді байланыстыратын негізгі амаладр;
- деректер қоры көрсетілген данасын іздеу;
- бір тармақтан басқаға өту;
- бір тармақтың бір жазбасынан екіншісіне өту;
- көрсетілген позицияға жазбаны қосу.
Иерархиялық модельдің жақсы жағы:
- ЭЕМ жадын тиімді пайдалану;
- Мәліметтер мен амалдар орындау уақытының жақсы көрсеткіші.
Иерархиялық модельдің кемшілігі:
- ақпаратты өңдеу үшін өте үлкенділігі;
- логикалық байланыстың күрделілігі;
- қарапайым қолданушы үшін түсініксіздігі.
Желілік модельдер. Мәліметтің желілік модельі мәліметтің элементінің еркін графтар түріндегі өзара байланысын білдіреді.
Желілік модельдің схемесын сипаттауға екі тип пайдалынады:
- жазба
- байланыс
Байланыс типі түбір және ұрпақ 2 жазба типі үшін қолданылады. Байланыс типінің айнымалысы байланыстар данасы болып табылады. Желілік деректер қоры жазбалар және сәйкес байланыстар жиынынан тұрады. Байланыстардағы ұғымға ерекше шектеулер қойылмайды.
Желілік типті қордағы мәндерді басқарудың амалдары:
- деректер қорындағы жазбаны іздеу;
- түбірмен бірінші ұрпаққа өту;
- ұрпақтан түбірге өту;
- жаңа жазба құру;
- кезектегі жазбаны өшіру;
- кезектегі жазбаны жаңарту;
- жазбаны байланысқа қосу;
- байланыстағы жазбаны алу;
- байланыстарды өзгерту.
Желілік модельдің артықшылығы: жадты шығындау көрсеткіші және желідегі бойынша тиімді орындау мүмкінділігі.
Кемшілігі: д. қ. схемасының күрделілігі, қаттылығы.
Реляциялық модельдер. Мәліметтердің реляциялық мәнін IBM фирмасының қызметкері Эдгар Кодд ұсынған және ол relation (қатынас) ұғымына негізделеді.
Қатынас - элементтер жиыны.
Қатынасты бейнелеудің көрнекі формасы екі өлшемді кесте болып табылады. Кестелер жолдар мен бағаналардан тұрады. Кестенің әрбір жолы бірдей құрылымға ие және ол өрістерден тұрады. Кестенің жолына кортеж сәйкес келеді, ал бағанаға қатынастар атрибуттары сәйкес келеді.
Реляциялық модельдің жақсы жақтары:
- қарапайымдылығы
- ЭЕМ - де орындау ыңғайлылығы
- түсініктілігі
Кемшілігі:
- жеке жазбаларды идентификациялауды стандартты құралдардың жоқтығы;
- иерархиялық және желілік байланыстардың күрделілігі.
Постреляциялық модель. Мәліметтердің көпмүшелілігі кестенің жазбада сақталған мәліметтің бөлінбеушілігін шектеуін алып тастайтын кеңейтілген реляциялық модель болып табылады. Постреляциялық модель көп мәнді, яғни мәндері ішкі мәндерден құралған өрістерден тұрады. Көп мәнді мәндер жиынтығы негізгі кестеге қосылған жеке дара кесте болып есептелінеді.
Постреляциялық модельдің артықшылығы: байланысқан реляциялық кестелер жиынын бір постреляциялық кесте түрінде бейнелеу.
Көп өлшемді модельдер. Қордан мәліметтерді қарасақ көп өлшемді тәсілі реляциялық деректер қоры қатар пайдаланылады. Оған деген қызығушылық 1990 жылдың ортасынан бастап болды. Көп өлшемді жүйелерге жолдау жүргізу және шақыру үшін ақпаратты жедел өңдеуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық жүйелер концепциясының дамуына 2 бағыт ерекше болды:
- жедел өңдеу жүйелері
- аналитикалық өңдеу жүйелері
Аналитикалық өңдеу жүйелерінде көп өлшемді деректер қорының жүйелері тиімді. Көп өлшемді деректер қорын басқару жүйесі ақпаратты аналитикалық түрде өңдеуге арналған деректер қорын басқару жүйесі болып табылады. Оның негізгі ұғымдары: мәліметтің агригациялануы, көрнекілігі, болжамдылығы.
Мәліметтердің агрегациялануы - ақпаратты таратуда әр алуан деңгейде осы ақпаратты қарауды білдіреді.
Мәліметтердің көнелілігі - мәліметтер мен олардың өзара байланысының өзгермейтінін соған байланысты уақыт бойынша мәліметтің бір - бірімен байланысқанын қамтамасыз етеді.
Мәліметтердің болжамдылығы - болжау функциясын орнату және оларды әр алуан уақыттың аралығында пайдаланылады, біріктіреді.
Реляциялық модельмен салыстырғанда мәліметтерді көп өлшемді ұйымдастыру жоғарғы көрнелігімен ақпаратты меңгереді.
Мәліметтің көп өлшемді модельдің негізгі ұғымдары:
- өлшем
- ұяшық
Өлшем - гиперкубтың бір жағын құрайтын бір типті мәліметтің жиынтығы жиі пайдаланатын уақыт өлшемдерге күндер, айлар, жылдар ретінде қалалар, аудандар, аймақтар, елдер т. с. с. Компьютер өлшеміне кб, мб, гб т. б. жатады.
Ұяшық - анықталған өлшемді белгілегіленген бір мәнді анықталған өріс. Өрістің типі көбіне сандық тип болуы мүмкін.
Көп өлшемді модельдердің артықшылығы: уақытпен байланысты үлкен көлемді мәліметтер санитарлық түрде өңдеу тиімділігі және ыңғайлылығы.
Кемшілігі: қарапайым есеп үшін оны шығарудың үлкенділігі.
Обьектілі бағытталған модульдер. Құрамы тармақ түрінде, түйініне обьектілер бағытын тармақ түрінде болатын модель.
Обьектінің қасиеті типі қандай да бір стандартты типке және қолданушы өзі құрайтын типтен сипатталуы мүмкін. Мысалы: class типі. Обьектілі бағытталған деректер қоры логикалық құрамы сырттай иерархиялы деректер қорына ұқсас болады. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық мәліметтер мен әрекетер орындау әдісінде болады. Обьектілі деректер қоры қарастырған мәліметтерге амалдар орындау үшін логикалық амалдар қолданады.
Обьектілі бағытталған модульде пайдалынатын негізгі ұғымдар:
- инкапсуляция
- туындау
- полиморфизм [5] .
1. 5 Деректер қорын жобалау
Жобалау кезінде жіберілген бұрыс шешулер мен қажетіліктер артынан жөндеу өте қиынға түседі. Сондықтан бұл кезең негізгі кезең болып табылады.
Техникалық тапсырмаларды жасау. Деректер қорын жобалағанда тапсырманы қолданушы ұсыну керек. Ол үшін қолданушы ең болмағанда жалпы түрде сәйкес терминалогия мен ДҚБЖ-нің негізгі техникалық мүмкіндіктерін білу керек. Сондықтан қолданушы мен жұмыс жасау үшін келесідей іс әрекеттер жасалады.
- Қолданушыға оның жұмысына ұқсайтын жұмыстар көрсетіп, ондағы спецификалық айырмашылықтар айтылады.
- Егер ұқсас жұмыс болмаса тапсырушының мәселелері мен қажетін біліп, оған техникалық тапсырманы дайындауға көмектеседі.
Техникалық тапсырманы дайындауға келесілерді құрады:
- Тапсырушы қолданатын мәліметтердің тізімін жасау керек.
- Тапсырушының өз ұжымын басқаруға арналған қажетті мәліметтердің тізімін, яғни компьютерден шығатын мәліметтердің тізімін.
- Тапсырушыға қажет емес, бірақ ол басқа өзінен жоғары немесе басқа тексеру органдарына беру қажет. Мәліметтердің тізімін.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz