Компьютерлік жүйелерді жасау принциптері
Кіріспе
Казіргі таңда бар әлемде компьютерлік анықтамалы-ақпараттық жүйелер кең
тараған, олардың көмегімен қажетті ақпаратты ең қысқа мерзімде алу
мүмкіндігі бар. Барлық жүйелер ақпаратты өңдеу мен ұзақ уақыт сақтау
функцияларымен қандай болса да деңгейде байланысты деп айтуға болады.
Ақпарат ол кезде іс-әрекеттің әртүрлі саласының тиімділігін анықтайтын
факторы болып табылады. Ақпараттың көлемі үлкейді, сонымен қатар
мәліметтерді өңдеу жылдамдығына қойылатын талаптар жоғарылады, енді
көптеген операциялар қолмен жасалынбайды, олар ең ауқымды компьютерлік
технологиялардың қолдануын қажет етеді. Әрбір әкімшілік шешім кезектегі
жағдайдың анық және дәл бағалануын, сонымен қатар оны өзгертуге болатын
талаптарды қажет етеді.
Дербес компьютерлерде ең көп қолданылатын реляционды мәліметтер қоры.
Сондай қорларда ақпарат жазбалардың реттелген жиынтығы түрінде сақталады,
әр жазба белгіленген көлемді өрістерден (поле) тұрады. Ақпаратты сақтау
мұндай әдісі мәліметтерді қағазда бірнеше кестелер түрінде көрсеткенге
ұқсайды. Кестерлердің жеке жолдарына мәліметтер қорында жазбалар, ал
бағаналарға – жазбалардың өрістері сай келеді.
Компьютерлік техниканың дамуы мен тікелей қол жеткізуге мүмкіндік
беретін сыртқы жады құрылғыларының пайда болуы әртүрлі масштаб пен
мақсаттарға арналған автоматты жүйелердің қарқынды дамуына алып келді,
ол бірінші кезекте бизнес-қосымшыларда белгілі болды. Компьютерлік жүйелер
әдетте күрделі құрылымы бар, өңдеу жылдамдығын талап ететін, жиі жаңартылып
тұратын және ұзақ уақыт сақтауды қажет ететін ақпараттың көптеген көлемімен
жұмыс жасайды.
Бірінші тарау
1.1 Компьютерлік жүйелердің жіктелінуі мен оларды жасау принциптері
Әдетте компьютерлік жүйенің ішінде жинақтауға, сақтауға, іздеу және
текстілік немесе фактографиялық мәліметтерді өңдеуге бағытталған қолданбалы
программалық ішкі жүйе бар. Компьютерлік жүйенің (КЖ) басым көпшілігі
пайдаланушымен сұхбаттық режимде жұмыс жасайды.
Жалпы жағдайда компьютерлік жүйенің құрамына кіретін типтік
программаларға кіретіндер компоненттер:
• сұхбаттық енгізу-шығару;
• сұхбат;
• берілгендерді өңдеудің қолданбалы логикасы;
• берілгендерді басқару логикасы;
• файлдар мен қорды басқару амалдары.
Корпоративті компьютерлік жүйелер деп программалық қамтамасыз етуде
орнатылған және құрылған мамандандырылған программаның жабдықтау мен
есептеуіш аппараттық платформалар жиынтығын айтады.
Корпоративті компьютерлік жүйеге әсер етуші факторларды қарастырайық.
Соңғы уақытта барлық жетекшілер қазіргі заманғы талаптарға сай бизнестің
нәтижелі басқарылуының қажетті құралы ретінде қарастырылатын корпоративті
компьютерлік жүйелерді өндіріске орнатудың маңыздылығын түсіне бастады.
Корпоративті компьютерлік жүйенің дамуына әсер ететін маңызды үш
факторды қарастыруға болады:
• өндірісті басқару әдістерінің дамуы;
• компьютерлік жүйенің өнімділігі мен жалпы мүмкіндіктерінің дамуы;
• техникалық және компьютерлік жүйенің программалық өткізу элементтеріне
сәйкес дамуы.
Енді осы үш факторға жеке-жеке тоқталайық.
Өндірісті басқару әдісі - бұл әлемдік рынокте үнемі ауыспалы жағдайда
болатын кең спектрмен қамтамасыз етілген. Барлық уақытта өсу деңгейінде
болатын бәсеке компания жетекшілеріне өзінің рыноктағы орнын сақтаудың жаңа
әдестерін іздеуді және өз іс-әрекетінің тиімділігін қолдау керек. Бұндай
әдістерге диверсификация, децентрализация, сапалы басқару және т.б.
жатқызуға болады. Қазіргі заманғы КЖ менеджмент практикасының және
теориясының барлық жаңалықтарына жауап беру керек. Сөз жоқ, бұл өте манызды
фактор, себебі функционалдылықты талап етуге жауап бермейтін қозғалмалы
техникалық жүйенің қатынасын жасау маңыздылығына ие болмайды.
1.2.Компьютерлік жүйенің өнімділігінің және мүмкіншілігінің жалпы дамуы
факторы
КЖ-дегі прогресс, желілік технологияның және берілгендерді жіберу
жүйесінің дамуы, компьютерлік техниканының кең мүмкіндікті интеграциясы
әртүрлі жабдықтармен КЖ-ң өнімділігін және оның функционалдылығын үнемі
өсіріп отыруға көмектеседі. Кейінгі жылдары КЖ аппараты бөлігінің дамуымен
параллель КЖ программаларын техникалық дамуының өте ынғайлы және әмбебап
жаңа түрін іздестіруде.
Кейінгі жылдары КЖ-ң дамуына өте зор ықпал ететін үш жаңалықты атап
көрсетуімізге болады:
• Бағдарламалардың жаңа тәсілі 90-шы жылдың басында объектілі-бағыттаушы
программалау модульдікті ығыстырып шығарды; қазіргі уақытқа дейін
объектілік модельді құру әдісі үзіліссіз жалғасуда. Техникалық
объектілі-бағыттауды көрсетуді орнатудың арқасында күрделі КЖ дамуы
қарапайымданды.
• Желілік технологияның дамуы арқасында локальды КЖ жаппай көпдеңгейлік
және клиент-серверлікке ауыстырылуда.
• Интернет желісінің дамуы шеткері бөліктермен жұмыс істеу мүмкіндігіне
әкелді, бұл электронды коммерцияның кең көлемді дамуына жол ашты,
Интернет арқылы сатып алушыларға қызмет көрсетуге және т.б.
мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.
Сонымен бірге, Интернет-технологиясын қолдану өндірістің интражелілік
мүмкіндіктерінің артуына әкелді.
1.3. Компьютерлік жүйелердің құрастылымы және жіктеулі
Корпоративті КЖ-ң құрамындағы бір-біріне тәуелсіз екі құраушыны бөліп
көрсетуімізге болады:
• Ұйымның компьютерлік инфрақұрылымы. Ол телекоммуникациялық,
компьютерлік программа және ұйымның инфрақұрылымы, желінің жалпылығын
көрсетеді. Осы берілгендер негізінен корпоративті желі деп аталады.
• Өзара байланысты функционалды ішкі жүйелер, олар ұйымның алдындағы
мақсаттар мен міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді.
Алғашқы құраушы кез келген КЖ-ң жүйелік-техникалық, құрылымдық жағын
көрсетеді. Бұл негізінен КЖ қасиетін толық анықтайтын және оның тиімді
эксплуатациялануына мүмкіндік беретін, функционалдық ішкі жүйелерді
интеграциялауға мүмкіндік береді. Екіншісі толығымен қолданбалы облысқы
жатады және өндірістің тапсырмасы мен мақсатының өзгешелігіне толығымен
тәуелді болады. Бұл құраушылар толығымен өндірістің компьютерлік
инфрақұрылымын негіздейді және КЖ-ң қолданбалы қызметін анықтайды. Екі
осындай қасиеті бар КЖ-ң қарым-қатынасы өте күрделі, бір жағынан бұл екі
құраушылар белгілі жағдайда тәуелсіз. Басқа жағынан, бұлар белгілі бір ойда
бір-біріне бағынады. Функционалды ішкі жүйе компьютерлік инфрақұрылымсыз
бар бола алмайды. Сонымен қатар компьютерлік ақпарат керекті тәуелділігі
болмағандықтан өздігінен көп мөлшерде шектеулі. Желілік инфрақұрылымы
болмағандықтан бөлінген ақпараттық жүйені маңызды құрылымдар ретінде
компьютерлік инфрақұрылымды құрастырудан бастаумыз керек. Корпоративті желі
көптеген жылдардан бері алдынғы орында. Оны толық өңдеудегі шығын және
орнатуы өте қымбат, яғни ол бар желіде іс жүзінде толық және бөліктеп
өңдеуге жіберілмейді. Функционалды ішкі жүйе, компьютерлік желімен
салыстырғанда өз арасында өзгермелі, яғни оның ұйымдық іс-әрекетінің заттық
облысында әрқашан аз-маз өзгеріс болады, КЖ-нің функционалдығы ұйымның
ұйымдық-басқарушылық құрылымына, оның функционалдығына, құжат алмасу
технологиясы және басқа көптеген факторларға тәуелді болады.
1.4. Компьютерлік жүйелердің жіктеулі
КЖ әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі. Жіктелудің өте жиі қолданылатын
түрлік қарастырамыз:
1. Масштаб бойынша жіктелуі
Масштаб бойынша КЖ-лер келесі топтарға бөлінеді:
• Жекелік;
• Топтық;
• Корпоративті.
Жекелік компьютерлік жүйелер ережеге сәйкес автономды қолданбалы
компьютерлерде таратылады, мұндай жүйе жалпы ақпараттық қормен байланысы
бар көптеген және бір жұмыс орнында уақыт бойынша бөлінетін бірнеше топ
қолданушының жұмысына есептелінген қарапайым қосымшалардан тұрады. Мұндай
қосымшалар столдық немесе берілгендер қорымен локальды басқару жүйесі
көмегімен құрылады. Локальды МҚБЖ арасындағы танымалалары Clarion, Clipper,
Foxpro, Paradox, dBase және Microsoft Access.
Топтық компьютерлік жүйелер жұмыс тобы мүшелерімен ақпаратты
коллективті қолдану бағытын көрсетеді және көптеген жағдайда ЛЕЖ –іне
сәйкес құрылады. Мұндай қосымшасы өңдеуде жұмыс тобына берілгендер қоры
сервер (SQL - сервер деп аталатын) қолданылады. SQL – серверінің көптеген
түрлері кездеседі, коммерциялық, яғни сонымен бірге кең таралған түрлері
кездеседі. Солардың ішінде кең таралғандары Oracle, DB2, Microsoft SQL
Server, InterBase, Informix.
Корпоративті компьютерлік жүйелер жұмыс тобының арналған дамыған жүйе
болып табылады. Олар күрделі компанияларға негізделген және аймақтық
тіркелген желі мен түйінді қолданады. Негізінен олар көптеген деңгейден
тұратын иерархиялық құрылымға ие. Бұндай жүйе құрылымы сипаттамысына
серверге мамандырылған клиент-сервер немесе көп деңгейлі архитектура
кіреді. Бірақ күрделі компьютерлік жүйелерде кеңінен таралған серверлер
Oracle, DB2, Qicrosoft SQL Server алынуда. Топтық және корпаративті жүйелер
функционалдау сенімділігін және берілгендерді сақтауды арттыруды талап
етеді.
2.Қолдану аясы бойынша жіктелуі
КЖ қолдану аясы бойынша негізінен төрт топға бөлінеді:
1. 1.транзакцияны жөндеу жүйесі;
2. 2.шешімді қабылдау жүйесі;
3. 3.ақпаратты-анықтамалық жүйе;
4. компьютерлік офистік жүйе.
Транзакцияны жөндеу жүйесі, өз кезегінде берілгендерді өңдеу
жылдамдығына байланысты пакеттік КЖ-не және оперативтік КЖ-не бөлінеді. КЖ-
ң ұйымдық басқарылуы транзакцияны оперативті өңдеуді заттық облыстың
жағдайының қандайда уақыт моментінде актуальды көрінуі үшін OLTP (Online
Transaction Processing) режимін қолданады, ал пакеттік өңдеу мейілінше
шектелген бөлікті қамтиды. OLTP жүйесінің сипатамасына, тапсырыс, сұралым
әсер ететін үнемі ағымда болатын өте қарапайым транзакция және т.б. жатады.
Олардың маңыздылығы:
1. транзакцияны өңдеудін үлкен шығарылымы
2. телекоммуникация арқылы БҚ-ның шетте болуына қарамастан ақпаратты
жеткізу кепілділігі болуы.
Шешімді қабылдау жүйесін қолдау – DSS (Decicion Support Systeq) – КЖ-
нің басқа түрін көрсетеді, яғни оның көмегімен мейілінше күрделі
сұраныстарда берілгендерді талдау және іріктеу жүргізіледі.
Ақпаратты-анықтамалық жүйелер классы гипертексті құжаттар мен
мультимедиаға негізделген.
КЖ-ң офистік классы қағаз типті құжаттарды электронды түрде,
ісқағаздардын және құжат алмасуды басқарудын автоматтандыруға негізделген.
Қолдану аясына байланысты компьютерлік жүйелердің жіктелуі мейілінше
шартты. Үлкен КЖ-е барлық саналатын үлкен класты белгілерді жиі игереді.
Сонымен қатар корпоративті КЖ-дің өндірістік масштабы негізінен ішкі жүйе
қатарынан әртүрлі қолдану аясына жатады.
3. Ұйымдастыру тәсілі бойынша жіктеу
Ұйымдастыру тәсілі бойынша топтық және корпоративті КЖ-лер келесі
кластарға бөлінеді:
1) Файл-сервер архитектурасына негізделген жүйе;
2) Клиент-сервер архитектурасына негізделген жүйе;
3) Көп деңгейлік архитектурасына негізделген жүйе;
4) Интернетинтранет – технологиясына негізделген жүйе.
Файл-сервер архитектурасы
Файл-сервер архитектурасы PS пен LP диалогтерінің желілік бөлінуін
иеленбейді және компьютерді бейнелеу функциясы ретінде қолданады, ол
графикті интерфейсті құруды жеңілдетеді. Файл-сервер тек берілгендерді
файлдан алады, сондықтан жаңадан қосылған пайдаланушылар мен қосымшалар
орталық процессорға болар-болмас әсер береді. Әрбір жаңа клиент желіге
есептеу қуатын қосады. Файл-серверлік қосымшаларды өңдеу объектісі болып PL
логикалық диалогын, сонымен бірге BL өңтеу логикасын және ДL
берілгендерімен басқаруды анықтайтын қосымшалар компоненттері алынады.
Өңделген қосымшалар соңғы модульдің аяқталу түрінде және интерпретация үшін
арнайы код түрінде таратылады. Бірақ та мұндай архитектура мынадай
кемшіліктерге ие: клиенттің берілгендер қорына кейбір сұранымын орындау
кезінде желіні жүктей және уақытты ала отырып үлкен көлемдіі мәліметтер
берілуі мүмкін. Желілік трафик әсіресе байланыстың төменгі жылдамтылықты
каналдары арқылы шеткері берілгендер қорына сұраныс жасағанда байқалады.
Берілген кемшіліктерді жоюдың мүмкіндіктерінің бірі желіде файл-серверлік
қосымшалардың шеткері басқаруларын қолдану болып табылады. Бұл жағдайда
локальды желіде телекоммуникациялық сервермен қоса сервер қосымшасы
орнатылады. Оның ерекшелігі диалогты кіріс-шығыс аулақтағы клиенттерден
телекоммуникация арқылы түсетіндігінде. Қосымша өте күрделі болмауы керек,
әйтпесе серверді жүктеу ықтималдылығы үлкен немесе серверлік қосымша үшін
өте қуатты платформа керек болады.
Файл-серверлік қосымша негізінде құрылатын дәстүрлік әдістің біріне
локальді БҚБЖ-і жатады. Бірақ бұндай жүйелер ереже бойынша берілгендерді
тұтастай қарауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан оларды қолдануда
берілгендерді тұтастай қамтамасыз ету есебі клиент программаларына
жүктеледі, ол клиент қосымшасының күрделеуіне әкеледі. Бұл құрылғылар
өзінің қарапайымдылығы, қолдануға тиімділігі және қолайлығымен назар
аудартады. Сондықтан файл-серверлік КЖ-е осы уақытқа дейін аз жұмыс
топтарында қызығушылық туғызады, сонымен бірге кейде КЖ-е үлкен
мекемелерде де қолданылады.
Клиент-сервер архитектурасы
Клиент-сервер архитектурасы файл-сервер қосымшасының мәселелерін
қосымшалар компоненттерін бөлу және оларды тиімді жұмыс істейтін жерлерге
орналастыру жолымен шешуге арналған. Клиент-сервер архитектурасының
ерекшелігі болып белгіленген берілгендер қорының серверін пайдалану
табылады. Ол SQL құрылымдық сұраныс тілінде ақпараттарды іздеуді, сорттауды
және агрегаттуды орындайды. Берілгендер қорының серверлерінің тағы бір
ерекшелігі берілгендер қорының құрамында жазылған мәліметтердің
анықтамалығының түгелдігі, мәліметтер форматы және тіпті шақыру бойынша
мәліметтерді өңдеудің серверлік процедуралары немесе программадағы оқиға
бойынша болуы. Мұндай қосымшыларды диалог пен өңдеу логикасының өңдеу
объектісі ең бірінші берілгендердің релационды моделі сонымен байланысқан
берілгендер қорына типтік сұранымдар үшін SQL – оператор жиынтығы болып
табылады.
Клиент-сервер конфигурациясының көпшілігі клиенттік сервердің көмегіне
назар аударатын екі денгейлі модельді пайдаланады. PS және PL диалогты
компоненттер графикалық интерфейсті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін
клиентке орналасады. DS және FS компоненттері серверге, ал диалог, BL және
DL логикалары клиентке орналасады. Клиент-сервер архитектурасының екі
деңгейлі анықтамасы осы варианты қолданады: қосымшалар клиентте, ал БҚБЖ
серверде жұмыс істейді. Бұл схема серверге мүмкіндігінше аз талап
қоятындықтан, ол жоғары қарқында болады. Сервер қорымен үлкен әрекетте
болатын күрделі қосымшалар клиентпен қатьар желігі де күшті жүктелуі
мүмкін. SQL – сұранымның нәтижесі қайта өңделу үшін клиентіне қайта келуі
қажет, себебі онда шешім қабылдау логикасы бар. Мұндай схема әкімшілік
басқаруыда қосымша қиындықтарға әкеліп соқтырады.
Желіде жүктеулерді қысқарту үшін және административті қосымшасының
компонентін қарапайымдау үшін BL-ді серверге орнатуымызға болады. Мұнда
барлық шешім қабылдау логикасы сақталынатын процедура түрінде өрнектеледі
және БҚ-ы серверінде орындалады.
Сақталынатын процедура – БҚ мүмкінді үшін SQL – операторлары бар
процедура, яғни аты бойынша шақырылатын қажетті параметрді тауып беретін
және БҚ-да серверінде орындалады. Сақталған процедуралар компиляциялануы
мүмкін, ол орындалу жылдамдығын арттырады және серверге жүктілуін
қысқартады.
Сақталынған процедуралар қосымша мен БҚ-ң бүтіндігін жақсартады және
топтық орындалатын амалдар мен есептелудің тұрақтылығына кепілдік береді.
Осындай процедураладың орындалуы сондай-ақ қауіпсіздікті (берілгендерге
тікелей кіру жоқ) жақсартады. Қолданбалы логикалық сақталған процедураларын
жүктеу өнімділікті төмендетеді. Бұл проблема бір уақытта бірнеше клиент
қолданған жағдайда үлкен компьютерлік жүйелерде көбірек байқалады.
Сондықтан көптеген жағдайда мынадай шешім қабылданады: логикалық қосымшаның
бір бөлігін сервер жаққа, екінші бөлігін клиент жағына орналастыру керек.
Бұндай клиент-серверлік жүйелер бөлек логикалық жүйелер деп аталады. Логика
тиімді бөлгендегі схема клиент пен сервердің баланс жасалған жүктелуін
алуға мүмкіндік береді, алайда қосымшамен жұмыс қиындайды. Клиент-сервер
архитектурасын көп терминалды жүйе негізінде құруға да болады. Бұл жағдайда
көптапсырмалы ортада қосымша сервері қолданбалы прграмма ретінде
орындалады, ал клиент түйіні терминал ретінде туындайды және көрсетіледі.
Мұндай компьютерлік жүйелер схемасы Unix операциялық жүйелеріне де тән.
Қазіргі уақытта клиент-сервер архитектурасы корпоротивтік деңгейдегі
компьютерлік жүйелер мен жұмыс топтары үшін ұйымдастырылатын қосымшалар
ретінде кеңінен танымал. Жұмысты бұлай ұйымдастыру желі мен берілгендерің
бүтіндігін тексеруді қамтамасыз етуді, желінің жүктелуін, БҚ-ы серверінің
мүмкіндіктерін қолдану арқасында қосымшаның тиімді орындалуын жоғарылатады.
Клиент-сервер архитектурасының екідеңгейлі схемасы күрделі компьютерлік
қосымшалардағы пайдаланушылардың көптігіненжәне шиеленіскен логикаға
байланысты кейбір қиын мәселерді туғызуы мүмкін. Мұндай мәселелердің шешімі
көпдеңгейлі архитектураны қолдану болып табылады.
Көпдеңгейлі архитектура
Көпдеңгейлі архитектура клиент-сервер архитектурасының дамыған түрі
және өзінің классикалық формасымен үш деңгейден тұрады:
• Төменгі деңгей PS және PL логикалық көрсетілулері мен функицялардың
орындалуларына мүмкіндік беретін және орташа деңгейде қосымшаны шақыру
үшін программалық интерфейсі бар клиенттер қосымшасын көрсетеді
• Ортаңғы деңгей BL қолданбалы логкасы орандалатын және DL берілгендерді
өңдеу логикасы DS берілгендер қорының амалдарын шақыратын сервер
қосымшасын көрсетеді.
• Жоғарғы деңгей FS файлдық амалдар мен DS берілгендерін өңдейтін
арнайы шеткері берілгендер қоры серверін көрсетеді.
Үш деңгейлі архитектура әртүрлі түйіндер мен желідегі жүктілуге тағы да
баланс жасауға руқсат етеді, сонымен бірге қосымшаны өңдеу мен клиент
-сервер екі деңгейлі моделінің жетіспеушілігін жоблауға арнаулы құрал-
жабдықтар мүмкіндігін береді. Қосымша логикасын орталықтандыру басқару мен
қосылуын жеңілдетеді. Қолданбелы логика мен интерфейсті таратуға құрал-
жабдықтар мен платформалар анық айқындалады. Сонымен қолдабалы логика
өзгерісі интерфейсті өзгертпейді, және керісінше. Бірақ PL, BL және DL
компоненттері арасындағы шекара бұзылғандықтан, қолданбалы логика барлық үш
деңгейде пайда болуы мүмкін. Қосымша сервері транзакция мониторы көмегімен
клиенттер мен басқа да серверлер интерфейсін қамтамасыз етеді, ол
транзакцияны басқарады және таратылған берілгендер қорының бүтіндігіне
кепілдік береді.
Қашықтағы процедураны шақыру таратылған есептелудің идеясына жақынырақ
келеді. Олар басқа түйінде орналасқан қолданбалы процедураны кез келген
түйінен шақыруға мүмкіндік береді, параметрлер алмасуын, шетте өңдеу және
нәтижені қайтаруды қамтамасыз етеді.
Клиент-сервердің өсуімен үш деңгейдің қажеттілігі өте анық көрінеді. Үш
звенолы архитектураның өнімі, монитор транзакциясы деп аталатын
салыстырмалы түрде жаңа болып табылады. Локальді желі практикасында
берілендер қорының бір серверінің аралас архитектурасының (екі және үш
деңгейлі) қолданылуы мүмкін. Глобальді байланысты ескерсек архитектура
үштен көп звенодан тұруы мүмкін. Қазіргі уақытта әртүрлі байланыс түйіні
бойынша клиент-сервер қосымшасының икемді құралдары жасалынуда. Осылайша,
кеңейтілген қосымшалардың көпдеңгейлі архитектурасы корпоративті
компьютерлік жүйенің жұмысының нәтижелігін жоғарылатуда және оның
программалық-аппараттық ресурстарының тиімді бөлінуне ықпал етуде.
Интернетинтранет технологиясы
Интерентинтранет технологиясының дамуы барысында негізгі атқарылатын
жұмыс инструментальды программалардың құралдарды өңдеу болып табылады.
Сонымен қатар, берілгендер қорымен бірге жұмыс істейтін қосымшаларды
өңдеудің кеңейтілген құрылғыларының болмауы байқалады. Компьютерлік
жүйелерде берілгендер қорымен бірге нәтижелі жұмыс істейін ыңғайлы және
қарапайым қорды пайдалану үшін ИнтернетИнтранет технологиясының
көпдеңгейлі архитектурамен біріктірілуін айтуға болады. Осыған байланысты
мәліметтік қосымша құрылымының мынадай түрлері бар: браузер – қосымшалар
сервері – берілгендер қорының сервері – динамикалық беттер – Web
-серверлері. ИнтернетИнтранет технологиясы интеграциясы және клиент–сервер
архитектурасы арқасында корпоротивті компьютерлік жүйені енгізу ақпаратты
ортақ қолдануда жоғары нәтиже береді.
1.5. Компьютерлік жүйелерді жасау принциптері
Компьютерлік жүйелері жасау барысына келесі принциптер кіреді:
1. Компьютерлік жүйенің жасаулы, функционалдау және дамуы кезінде ең
маңыздысы болып жүйелілік принципі табылады. Ол зерттелетін объектіні
бүтін бірлік ретінде қарастыруға; осы негізде жүйенің бүтіндігін
қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер арасындағы байланыстардың
түрлі типтерін көрсетуге; жүйе жұмысының өндірістік – шаруашылық
бағытын, орындалатын нақты функцияларды анықтауға мүмкіндік береді.
Жүйелік зерттеу макро- мен микрозерттеу деп аталған екі аспектілік
талдаудың орындалуын талап етеді.
2. Макроталдау кезінде жүйе және оның элементі жоғарғы деңгейлі жүйенің
бөлігі ретінде қарастырылады. Ақпараттық байланыстарға ерекше мән
беріледі: олардың саны анықталып, жүйені зерттеу мақсатында
кездесетін байланыстар алынып, талданады, сонаң соң берілген мақсатты
функцияны жүзеге асыратын ең ықтималдары таңдалады.
3. Микроталдау кезінде объектінің құрылымы зерттеледі, осы құрайтын
элементтер басқа элементтермен және сыртқы ортамен байланысы арқылы
көрінетін функционалдық сипаттамалары жағынан талданады.
4. Компьютерлік жүйе оның функциялары мен қамтамасыз ету түрлерін үнемі
толықтырып отыру жіне жаңарту мүмкіндіктерін ескере отырып жасалуына
негізделетін принцип даму принципі деп аталады. Мұндағы компьютерлік
жүйе өз есептеу мүмкіндіктерін арттыруы, жаңа техникалық және
прграммалық құралдарды пайдалануы, тапсырмалар шеңбері мен мәліметтер
қорының жүйесі түрінде құрылатын ақпараттық қорды үнемі үлкейтіп,
жаңартып отыра алатындай болуы тиіс.
5. Үйлесімділік принципі түрі, деңгейі өзгеше болатын компьютерлік
жүйелердің олардың бірлесіп функционалдауы процесінде байланысу
мүмкіндігін қамтамасыз етуге негізделген.
6. Стандарттау мен унификациялау принципі компьютерлік жүйенің
функционалдауының типтік, унификацияланған және стандартталған
элементтерін қолдану қажеттілігіне негізделген. Бұл принципті ендіру
жинақталған тәжірибені барынша пайдалану арқылы компьютерлік жүйені
құруға кететін уақыттық, құндық және еңбек шығындарын азайтуға
мүмкіндік береді.
7. Эффективтілік принципі компьютерлік жүйені құруға кеткен шығындар мен
жүйе функционалдауы кезінде пайда болатын мақсатты эффект арасында
рационалды қатынасқа жетуге негізделген.
Әдетте, басқаруды эффективті жүргізу үшін негізгі принциптерден басқа
жалпыларды бөліп көрсететін бірқатар жеке принциптерді қарастырады. Осы
жеке принциптердің әрқайсысын орындау белгілі бір экономикалық эффект алуға
мүмкіндік береді:
1. Декомпозиция принципі элементтер мен жалпы жүйенің қасиеттері,
ерекшеліктерін зерттеу кезінде қолданылады. Ол жүйені бөліктерге
бөлуге, бөлек жұмыс комплекстерін алуға негізделген, және жүйені
талдау мен жобалаудың тиімдірек болуы үшін жағдай жасайды.
2. Бірінші басқарушы принципі бойынша жүйінде жасау кезінде
жауапкершілік тапсырыс беруші – мекеме, кәсіпорын басшысына,
яғни компьютерлік жүйенің іске қосылуы мен функционалдауына
жауап беретін болашақ пайдаланушыға жүктеледі.
3. Жаңа есеп принципі – жүйе мүмкіндіктерін үнемі кеңейтіп отыру
ізденісі, басқару процесін жетілдеру, басқарушы шешімді
оптимизациялдау мақсатында қосымша нәтижелік көрсеткіштерді алу.
4. Ақпараттық ағын мен құжатайналымын автоматизациялау принципі
информацияның тіркеу моментінен бастап, нәтижелік көрсеткіштерді
алу мен басқарушы шешімдерді шығаруға дейінгі барлық өту
кезеңдерінде техникалық құралдардың комплекстік қолданылуын
көздейді.
5. Жобалауды автоматизациялау принципі өнеркәсіптік әдістерді
ендіру арқылы уақыттық, құндық және еңбек шығындарын азайтуды
қамтамасыз ете отырып, халық шаруашылығының барлық деңгейлерінде
компьютерлік жүйені жасау мен жобалау процесінің эффективтілігін
арттыруды мақсат етеді.
Қаралған базалық принциптер өте маңызды ұйымдастыру технологиялық
принциптермен толықтырылады; бұлардың орындалуынсыз жаңа ақпараттық
технологияның жасалуы мүмкін емес:
1. Абстрактілеу принципі мәселені талдау мен жобалауға ыңғайлы
болатындай жалпы қарапайым түрде көрсету үшін жүйенің маңызды
аспектілерін басқаларынан ерекшелеуге негізделеді.
2. Формальдау принципі мәселені қатаң методикалық түрде шешу,
зерттелетін процестерді сипаттау мен модельдеуінің формальданған
әдістерін қолдану қажеттілігіне сүйенеді.
3. Концептуалды біріктеру принципі компьютерлік жүйе мен оны
құраушыларды жобалаудың барлық этаптарда ортақ методологияны
бұлжытпай орындауға негізделген.
4. Қамтылу және қарсы келмеу принципі жаңадан пайда болған жүйеде
қажетті элементтердің барлығының болуы және олардың үйлесімді қарым-
қатынасы.
5. Мәліметтердің тәуелсіз болу принципінде мәліметтер модельдерінің
оларды өңдеу процесінен, олардың физикалық құрылымы мен техникалық
ортада үлестірілуінен тәуелсіз талдануы және жобалануы керек
екендігі айтылған.
6. Мәліметтерді құрылымдау принципі жүйенің ақпараттық базасының
элементтерін құрылымдау мен иерархиялық ұйымдастыру қажеттілігін
көрсетеді.
7. Пайдаланушыға ену мүмкіндігін беру принципі пайдаланушыда тікелей
(программалаусыз) қолдана алатын мәліметтер базасына ену
құралдарының болуына негізделеді.
Келтірілген принциптер компьютерлік үйенің құрылуы мен функионалдауының
барлық стадияларындағы жұмыс кезінде орындалуы қажет.
Екінші тарау
2.1 Заттық саланың жүйелік талдауы
Пошта – ол транспорт жабдықтары арқылы жүйелі түрде жазба хат-хабар,
периодтық басылымдар, ақша аудармалар, бандероль, посылкаларды жіберуін
жүзеге асыратын байланыстың түрі.
Ұйымдастыру жөнінде пошта байланысы ол пошта жіберулерді қабылдау,
өңдеу мен жеткізуді қамтамасыз ететін транспорт жабдықтар мен байланыс
өнеркәсіптердің желісінен тұратын біркелкі жүйе болып табылады. Байланыс
өнеркәсіптерге почтамттар мен байланыс топабтар және олардың құрамына
кіретін бөлімшерлер жатады. Почтамптар аймақ орталықтарында, аймақ пен
республика бағынысты қалаларында, ал байланыс түйіндар аудан орталықтарында
ұйымдастырылған.
Почтамптар мен байланыс түйіндар оларға бекітілген аймақта пошта
байланысты ұйымдастырады – пошта берулерді қабылдайды, тапсырады, олардын
өңдеуің жасап, пошта маршруттар бойынша тасуын іске асырады. Байланыс
бөлімшілер пошта жіберулерді қабылдайды, өзінің почтампына немесе түйінге
жібереді және олардаң түскен поштаны адресаттарға жеткізеді.
Байланыс өнеркәсіптерде пошта жіберулерді қабылдауға арнайы жер
бөлінеді, ол жерде операторлардың жұмыс орындары орналасады, ол
операциондық залы деп аталады. Операторлар жай корреспондециядан (тапсырыс
емес хаттар мен открыткалар) басқа барлық жіберулерді қабылдайды.
Пошта жіберулерін өңдеу - оларды адрес мәліметтер бойынша реттеу және
адресаттарға қалай болса да тезірек тапсыруын қамтаммасыз ететін ең тиімді
жолдармен жіберуге дайындау деп түсінеді.
Пошта байланыс өнеркәсіптердің жұмысың аяқтайтын этапы адресаттарға
пошта жіберулерді жеткізу мен тапсыру болып табылады. Ірі мекемелерге және
кәсіпорындарға пошта автокөлікпен жеткізіледі және қабылдауға уәкіл
етілген адамдарға тапсырылады. Халыққа поштаны пошташы жеткізеді.
Периодтық баспасөзді экспедированиесі деп баспаны типографиялардаң
қабылдау, жолдама құжаттарды дайындау, баспаны жазылушыларға апарып беретін
байланыс өнеркәсіптер бойынша реттеу, буып-түию және самолетпен, поездбен
немесе автокөлікпен жіберу. Әдетте бұл жұмысты типографияларда
ұйымдастырылған және байланыс өнеркәсіптерге бағынатын экспедициялар
орындайды. Бірақ көп деген жағдайларда экспедированиені тікелей байланыс
өнеркәсіптер іске асырады – почтамттар, қалалық пен аудандық байланыс
түйіндар - өздерінің өндіріс алаңдарында.
Аудармаларды қабылдау мен төлеу операцияларды іске асыру нәтижесінде
байланыс өнеркәсіптер арқылы ақша қаражаттың үлкен соммалары өтеді.
Аудармаларды қабылдау мен төлеу алғашкы құжаттарың салыстырып тексеру
арқылы төлеудің дұрыстығы білінеді.
Поштаны тасуы теміржол транспорт бойынша жүзеге асырылады. Теміржол
транспорты ауыр поштаны – посылка, бандерол, журналдарды тасуға
пайдаланады. Пошта вагондары жүйрік пен жолаушы поездердің құрамына
қосылады. Ең толтырылған бағыттарда поштаны 8-12 пошта және 2-6 жүк
вагондардан тұратын, бағыт бойынша жүретін пошталы-жүк поездермен тасыйды.
Авиакөлік газеттер мен корреспонденцияны үлкен қалалар арасында, аймақтың
ішінде тасып жүруге арналған.
2.2 Есептің жалпы қойылымы
Пошта қызметкеріне арналған автоматтандырылған жұмыс орнын жасау қажет.
Жүйе ақпаратты енгізу, өзгерту және іздеуге мүмкіндік беру керек.
Жасалатын мәліметтер қорында келесі есептер шешіледі:
1. Телефонға абоненттік жал ақысын төлеу тұралы мағлуматты енгізу;
2. Телефонға абоненттік жал ақысын толеуін есепке алу;
3. Аудармалар, қабылданған посылкалар тұралы мәліметтерді енгізу;
4. Аудармалар, қабылданған посылкалар тұралы мәліметтерді есепке
алу;
5. Телеграммалар тұралы мағлуматты есепке алу;
6. Анықтаманы беру:
7. Статистикалық есептерді жасау.
Барлық есептер қажет кезінде шешіледі.
Үшінші тарау
3.1 Бағдарламалық жабдықтаудың таңдалуының негізделуі
Қазіргі таңда қойылған тапсырманы шешуге рұқсат берілген көптеген
программалық құралдар мен МББЖ-рін жасайтын жүйелер бар. Windows қабығында
жұмыс істейтін мәліметтер қорын басқару жүйесін жетілдіруде бірнеше әртүрлі
жүйелер қарастырылған. Бұл жүйелер келесілерді білдіреді:
Visual FoxPro бөлек компоненттерден тұрады, олар ақпаратты сақтауға
және түсіндіруге пайдаланады. Бұл компоненттер кестелер, мәліметтерді
түсіндіру, формалар, есептер, сұраулар, программалар және библиотекалар
болып табылады. Формаларды және есептерді жасауға конструкторлар
пайдаланады, сондықтан оларды конструкторлық объекттер деп атайды.
Конструкторлық объекттер құрамалы объекттер болып табылады, яғни одан да
майда объекттер (мысалы алаң, кнопкалар, диаграммалар, рамкалар) тұрады,
оларды интерфейстің объектілері деп атайды.
Интерфейстің объектілеріне келесілер жатады:
- Мәтіндік объектілер;
- Тікбұрыш және сызық;
- Алаңдар;
- Кнопкалар;
- Графикалық объектілер;
- OLE - объектілер;
Visual FoxPro-да барлық ақпарат кестелерде орналасқан. Әрбір кестенің
бірегей аты және ол бөлек файлда сақталады, оның аты кестенің атымен сәйкес
келеді. Кестелердің атын қою тапсырмасында Windows файлдарына ат қойған
кезедегі ережелер пайдаланады, Visual FoxPro кестелері бар файлдарға
автоматты түрде DBF платасы кеңеюі беріледі.
Әрбір объект бөлек файлдарда сақталады, негізгі объекттері бар
файлдардың атын сіз өзінің бересіз, ал объектілері бар файлдардың
кестемен байланысты аттары, кестенің атымен сәйкес келеді.
Microsoft Access – ол толық реляциялы МББЖ. Онда мәліметтерді анықтауда
және өңдеуде барлық құралдар, сонымен қатар үлкен көлемді ақпараттармен
жұмыс істеу де қарастырылған. Microsoft Access пайдаланушының интерфейсін
тез жасауға мүмкіндік береді, бірақ алайда тез әрекетті программаларды
жасайды.
MS Access 2002 программалық өнім MS Office XP тобына жатады, өйткені ол
реляциондық мәліметтер қорын басқару 32-разрядтық алымды және жоғары
өндірімді жүйесі болып табылады, ол мәліметтер қорын және клиент-сервер
архитектуралық мәліметтер қорының қосымшаларын жасауға арналған.
Алдындағы нұсқасымен салыстырғанда, Access 2002 жаңа мүмкіндіктер
пайда болды:
Microsoft Access 2002 кестелерді, сұраныстарды, түсініктерді, сақталған
процедураларды, функцияларды және жиынтық кестелердегі және жиынтық
диаграмма режимінде формаларды ашу мүмкіндіктері бар. Енді мәліметтерді
талдау және қиын жиынтық кестелерін және жиынтық диаграммаларын бұрынғыға
қарағанда тез жасауға болады. Мәліметтерге кіру беті есебінде жиынтық кесте
және жиынтық диаграмма режимдерінде түсініктерді сақтауға мүмкіндіктер бар,
ол кіру беттерін содан кейін Microsoft Internet Explorer 5 немесе одан
кейінгі версиялары компьютерінде бар болған жағдайда әрбір пайдаланушы
көріп шыға алады. Сонымен қатар жиынтық кестедегі және жиынтық
диаграммадағы режимдерде бағынышты формаларды бүгінгі таңда кесте
режиміндегідей пайдалануға болады. Өңдеушілер жиынтық кестесі және жиынтық
диаграммасы режимінде программалардың формасын өздеріне ыңғайлы екенін
түсінуі, сонымен қатар жаңа оқиғалардың артықшылықтарын жиынтық кесте және
жиынтық диаграмма режимінде пайдалана алады.
XML тілінің медеті. XML тілі (Extensible Markup Language) Интернетте
мәліметтерді беру стандартты технологиясы ғана емес; ол іскер қосымшалар
арасында мәліметтерді алмастырып алу технологиясына тез айналады. Microsoft
Access 2002 бизнес-ережелері, құрылымы, хаттамалары, мәліметтер форматы,
тұғырнама XML-ге тәуелді емес мәліметтерін бірлесіп пайдаланудың алымды,
интуициялық әдістемелерін қамтамасыз етеді.
Пайдаланушыға таныс Microsoft Access интерфейсі арқылы XML
мәліметтерін және документтер структурасын, Jet немесе SQL Server
структураларын және мәліметтерін пайдалана отырып оңай жасауға. Сонымен
бірге формаларда, есептерде және мәліметтер беттеріне енуде XML-дің басқа
да қосымшаларын пайдалануға болады. Мәселен, керек мәліметтер SQL-дің
бірнеше қайнар көздерінің ішкі серверінде, электронды кестелерде және басқа
да, SAP сияқты ену құралдарында орналасқан. Бұл қайнар көздерінде
мәліметтер алмастыру XML форматында орындалады, Microsoft Access-те осы
мәліметтерді түсініктерге қыстырып статистикалық сұраныстардың жиынтығын,
содан кейін осы түсініктер арқылы формалар мен есептерді жасауға болады.
Microsoft Access стиль кестелерінің және схемаларының қолдануын және
жасауын тым жеңілдету арқылы мәліметтерді ыңғайлы басқарудың әдістерін
пайдалануға мүмкіндік береді. Microsoft Access қиын, құрастырылған
мәліметтерді стандарттық және бірлескен әдісі бойынша оңай сипаттауға және
әрбір қосымшаның ішінен және одан жеткізуге мүмкіндік береді. Мысалы,
Microsoft Access арқылы мәліметтер құрылысын сипаттайтын схемасын жасауға
болады, содан кейін оны жабдықтаушыларға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz