Деректер қорын басқару жүйелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I Деректер
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Деректер қоры туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Деректер қорын басқару
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.3 Қазіргі кездегі деректер қорын басқару
жүйелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
II Мәліметтер қоры
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...8
2.1 Мәліметтер қоры туралы жалпы
мағлұмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
2.2 Иерархиялық мәліметтер
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.3 Желілік мәліметтер
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 10
2.4 Реляциялық мәліметтер
қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.5 Мәліметтер қорының негізгі
түсініктемесі ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..13
2.6 Қордың
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 14
2.7 Delphi-де МҚБЖ-мен жұмыс істеуге арналған базалық класстар мен

компоненттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5
2.8 Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер
қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.9 Мәліметтер қорын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 18
2.10 Қолданушының сұранысы және пәндік аймақтың
анализі ... ... ... ... ... 19
2.11 Концептуалды талаптың
анализі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.12 Концептуалды моделді
құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 0
2.13 МҚБЖ нақты
таңдауы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...20

Қорытынды

Кіріспе

Қазіргі уақытта, қоғамның компьютерлендіруіне қарамастан, білім
сферасында жеткілікті деңгейде құжаттық іс-жүргізуді автоматтандыратын
құрал жоқ.
Өз кезегінде маңызды қарастырылған жағдай оқу орын әкімшілігі мен
мұғалімдер өздерінің көп уақытын әртүрлі құжаттарды рәсімдеуге
жұмсайтындығы жайлы айтады. Оқу көлемінің көпшілігі және ұсыныстың жоқтығы
осы сферада берілген өнімге жоғары тұтыну кепілдігін береді.
Қазіргі уақытта ақпараттық іс-жүргізуде компьютермен
қамтамасыздандыруын мәліметтер қоры құрайды, яғни адамдардың бүкіл
сферадағы практикалық кіріс іс-жүргізуінде.
Шынында, ақпараттық іс-жүргізу өңдеуінде жалпы табиғатын иемденеді
және шындықтың фрагменттерін жазуға тіреледі. Қордың құрылымын және
манипулярлауды ұсынуда мәліметтер қоры эффективті құрал болып табылады.
Мәліметтер қорының концепциясы, ақпаратты сақтауда, қорды
орталықтандырылған басқарумен қамтамасыздандыратын және көптеген
қолданушылар қамтамасыз етілуге рұқсат беретін интегралды құралды
қолданғанды жөн көреді.
Сонымен қатар мәліметтер қоры ЭВМ ортасында мәліметтер қорын
басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталатын бағдарламалық қамтамасыздандыруды
ұстануы керек.
Курстық жұмыс мәліметтер қорын жобалау анализіне арналған, әрі
жобаларды құрау әдістері мысалы, валюта айырбастау пункттері бағдарламасын
құру.
Мәліметтер қорын, сапалы құрастыратын құрал ретінде Delphi тілі
қолданылады.

I Деректер қоры

1. 1 Деректер қоры туралы жалпы түсінік

Деректер қорын (ДҚ) бірыңғай жиынақталған деректер деп атауға болады.
Ол қандай да бір тұтас аутоматтандырылған ақпараттық жүйе (АЖ) аймағында
бірігіп, әртүрлі есептерді шешу үшін қолданылады.
Деректер базасын басқару теориясы жеке пән ретінде XX ғасырдың 50-
жылдарының басында дами бастады. Осы уақыт аралығында оның маңызды
ұғымдарының анықталған жүйесі орнықты. Солардың біразына тоқтала кетсек.
Пәндік аймақ – осы саладағы басқаруды ұйымдастыру мақсатын оқытуға
арналған басқару процесінің кезекті аутоматтандырылуы.
Объект – деректер қорында сақталатын ақпараттық жүйенің элементі.
Кейде объектіні- мән (сущность) деп те атайды.
Объектілер класы - қасиеттері бірдей жиынтықтан тұратын объекті-лердің
жиынтығы.
Атрибут – объект қасиеттерінің ақпараттық бейнеленуі. Деректердің
кілттік элементі – деректердің басқа элементтерінің мәндерін анықтауға
мүмкіндік беретін атрибут (немесе атрибуттар тобы).
Деректер жазбасы — деректердің байланысқан элементтері мәндерінің
жиынтығы.
Бастапқы кілт — объектінің (жазба) әрбір данасын бірден-бір бейнеде
ұқсастыратын атрибут (немесе атрибуттар тобы). Екінші кілт – мәні бірнеше
жазба (объекттің даналалары) үшін қайталанатын атрибут (немесе атрибуттар
тобы). Екінші кілттер жазбаны іздеу операциясы кезінде қолданылады.
Базада деректерді сақтау процедуралары кейбір жалпылама принциптерге
жүгінуі тиіс. Олардың ішінде алдымен мыналар аталады:
Деректердің тұтастығы мен қайшылығы, бұл деректердің физикалық
тұтастығы, деректерді дұрыс қолданбауды болдырмау, мәндердің үйлесімділігін
қолдау, құрылым жағынан бұзылуынан және рұқсатсыз қатынаудан қорғау;
Артық деректердің аздығы - қоймада деректердің кез келген элементі бір
ғана түрде сақталуы тиіс деген сөз, ол жасалған операцияларды қайталау
қажеттілігін болдырмауға мүмкіндік береді.
Деректер қоры бойынша операцияларды орындайтын бағдарламалық жасақтама
деректер қорын басқару жүйесі (СУБД) деген атауға ие болды.

1.2 Деректер қорын басқару жүйелері

Деректер қорын басқару жүйесі класына жататын нақты бағдарламалық
өнімдерге қысқаша тоқталайық. Жалпылама деңгей бойынша барлық деректер
қорын басқару жүйелерін былайша жіктеуге болады:
• кәсіби немесе өнеркәсіптік;
• дербес.
Деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби (өнеркәсіптік) түрі ірі
экономикалық объектілерді басқарудың аутоматтандырылған жүйелерін жасауға
арналған бағдарламалық негізді береді. Оның қорында басқару кешендері мен
үлкен мекемелердің, оның ішінде банктер мен тұтас өнеркәсіп салаларының
ақпараттарын өңдеу құрылады. Деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби
түрінің қызметіне кіретін ең алғашқы шарттарына мыналар жатады:
Өте көп қолданушылардың қатар орындалатын жұмысын ұйымдастыру
мүмкіндігі;
Басқаратын объектінің пропорционал түрде кеңею жүйесінің өсу
мүмкіндігі; әртүрлі аппараттық және бағдарламалық платформаларға көшуі;
Әртүрлі қақтығыстарға байланысты орнықтылығы, оның ішінде сақталатын
ақпаратты резервтеудің көп деңгейлі жүйесінің бар болуы;
сақталған ақпараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға қатынауға
арналған дамыған құрылымдық жүйелердің бар болуы.
Қазіргі кезде деректер қорын басқару жүйесінің өнеркәсіптік түрінің
даму кезеңі айтарлықтай болып отыр. Негізінен 70-жылдардың аяғы мен 80-
жылдардың басында үлкен есептеу машиналарының негізінде құралған
аутоматтандырылған жүйелерде Adabas деген деректер қорын басқару жүйесін
қолданды. Ал қазіргі кезде деректер қорын басқару жүйесінің кәсіби түрінің
негізгі бағдарламалық өнімдері қатарына Oracle, DВ2, Sybase, Informix,
Progress бағдарламаларын жатқызуға болады.
Oracle деректер қорын басқару жүйесінің негізін американдық ғалымдар
(Ларри Эллисон, Роберт Майнер и Эдвард Оутс) қалаған. Олар осыдан жиырма
жыл бұрын Relational Softwarе Inc. компаниясын құрып, алдарына Э. Ф. Кодд
пен К. Дж. Дейттің жасаған идеялары мен жұмыстарын іске асыруды мақсат етіп
қойып, солар арқылы белгілі жүйе жасауды қолға алды. Олардың жұмыстарының
нәтижесі тасымалданатын деректер қорын басқару жүйесінің реляционды түрі -
50Ь атты базалық тілді құрды. 1979 жылы тапсырыс берушілерге осы компания
тарапынан Digital Equipment Corporation фирмасының PDP-11 мини-
компьютерлеріне Oracle-дің жаңа версиясы ұсынылды. Олар бірден RSX-11, IAS,
RSTS және UNIХ сияқты бірнеше операциялық жүйелерге тапсырыс берді.
Кейінірек Oracle VAX VMS атты операциялық жүйесімен басқарылатын VAX
компьютерлеріне ауыстырылды. Бағдарламалық кодтың басым көпшілігі ассемблер
тілінде жазылды. Сондықтан жүйені жаңа платформаға ауыстыру процесі
айтарлықтай қиындықтар туғызды. Oracle-дің кезекті үшінші версиясының
айырмашылығы мен ерекшелігі оның толығымен С тілінде жазылуында еді. Бұл
шешім жүйенің басқа жаңа платформаларға ауысуына, оның ішінде UNIX-ке
ауысуына өз септігін тигізді. Жаңа версияның (1983 жыл) негізгі ерекшелігі
оның транзакция концепциясын қолдай алатынында болатын. Шамамен сол уақытта
фирма жаңа атпен атала бастады. Жаңа аты Oracle Соrporation. Ол деректер
қорын басқару жүйесін жасаушылардың үздігі болды. Oracle-дің төртінші
версиясы өзі қолдайтын платформалар мен операциялық жүйелер тізімінің
кеңейгендігі бойынша өзіндік сипат алды. Oracle үлкен ЭЕМ фирмасы IBM-ге
(мэйнфреймдер) және MS-DOS-тың басқаруымен жұмыс істейтін дербес
компьютерлерге ауысты. Осы төртінші версияда деректер қорының тұтастығын
қолдайтын технолгияны дамытуда маңызды қадам жасалды. Көп қолданушылар
тұтынатын жүйелер үшін Oracle-дің оқу кезінде қайшылыққа қарсылығын
қолдайтын шешімі ұсынылды. Бесінші версиясында клиент-сервер
архитектурасын қолдайтын деректер қорын басқару жүйесі іске асырылды.
Oracle-дің одан кейінгі версиялары транзакцияларды өңдеуші үлкен масштабты
жүйелерді құру, енгізушығару жүйелерін іске асыру әдістерін өзгерту,
буферге алу, қосалқы қатынауды басқаратын ішкі жүйелер, көшірме алу,
қалпына келтіру мүмкіндіктерін бере алатындай күйге жетті. Сонымен қатар
симметриялық мультипроцессорлық архитектураларды қолдау жүйесі іске
асырылды.
Ingres атты деректер қорын басқару жүйесінің жобасы және тәжірибелік
нұсқасы Беркли университетінде деректер қоры саласында аты әлемге әйгілі
ғалымдар мен оқымыстылар арасындағы ең танымал ғалым Майкл Стоунбрейкердің
басшылығымен жасалынды. Құрылған күнінен бастап Ingres деректер қорын
басқару жүйесі мобильдік жүйе сияқты жасалына бастады. Ол UNIX операциялық
жүйесінің қолдауымен жұмыс істеді. Igres-тің бірінші версиясы 16-разрядты
компьютерлерге есептелініп жасалынды және PDP сериялы машиналарда ғана
жұмыс істеді. Бұл университеттерде тегін қолданылатын ең алғашқы деректер
қорын басқару жүйесі болып табылды. Ізінше Стоунбрейкер бастаған топ Ingres-
ті UNIX BSD операциялық жүйесіне ауыстырды, бұл да сол Беркли
университетінде жасалынды. 80-жылдардың басында RTI (Relational Technologyу
Inc.) компаниясы құрылды, ол ол Ingres жүйесінің коммерциялық версиясын
жасап, оны алға қарай дамуына үлесін қосты. Қазіргі кезде Ingres-тің
коммерциялық версиясы қолдау тапқан әрі дамыған, оны Computer Associates
компаниясы сатып, ауқымын кеңейтуде. Бұл жүйе қазіргі кезде дамыған
коммерциялық реляционды жүйе болып отыр.
Жоғарыда айтылған біржақты пікірлер (Oracle жүйесі үшін) әмбебап сипат
алады және басқа бағдарламалық өнімдердің даму жолын анықтайды. Бұл қазіргі
нарық жағдайында қалыптасқан үлкен бәсекелестік жағдайды туғызып отыр.
Деректерді басқарудағы дербес жүйелер – жергілікті қолданушы немесе
бірнеше қолданушы топтарының тапсырмаларын шешуге бағытталған және микро
ЭЕМ-дерде (дербес компьютерлерде) қолдануға арналған бағдарламалар. Дербес
жүйелерді анықтаушы сипаттамаларға мыналар жатады:
• эксплуатацияның қарапайымдылығы, бұл дегеніміз жұмыс істейтін
қосымшаларды жай қолданушылардың да құра алатындығы, яғни
соншалықты дағдылықтың, шеберліктің қажеті шамалы;
• аппараттық ресурстарға талаптар біршама шектелген.
Барлық аталған жүйелер өздерінің даму жолында біршама құрылымдық
сипаттардан тұрады. Олардың бірнешеуіне тоқталып өтсек:
• құралдарды құру процесін, деректерді манипуляциялайтын
аутоматтандыратын визуальды интерфейстің бар болуы, оларға экран
формаларын, шаблондардын, есептерді, сұранымдарды және т.с.с.
жатқызамыз;
• сұхбаттық режимде деректер қорының объектілерін құрушы
саймандардың бар болуы:
Paradox-та Experts, Access-те Wizards, Арргоаch-та Assistants;
• біріккен деректер қорын басқару жүйесі аймағында бағдарламалық
кеңейтілулерді құрудағы жетілдірілген жабдықтардың болуы: Рагаdox-
та РAL қосымшасын құру, Ассеss –те VBA-ны (Visual Basic for
Applications) құру;
• деректерді басқаратын әмбебап т ілдердің бірін-бірі қолдауы.
Кейінгі жылдары кәсіби және дербес жүйелер арасында шекарасыз
тенденция қалыптасты. Ең бірінші кезекте жүйені жасаушылар өз өнімдерін
потенциялды нарықты барынша кеңейтуге жұмылуда.
Деректер қорын басқару жүйелерін құру кезінде қолданылатын
бағдарламалық жүйелерге қысқаша сипаттама бере кетсек:
Microsoft компаниясының бағдарламалық өнімдерін, оның ішіндегі Visual
FoxPro 3.0, Visual Basic 4.0, Visual С++, Access 7.0, SQL Server 6.5.
бпғдарламаларын толығырақ қарастырайық. Осы бағдарламалық пакеттердің
ерекше белгісі болып олардың деректерді қолдану мен бірігіп жұмыс істеу
сияқты интеграциялық үлкен мүмкіндіктері табылады. Өйткені бұл пакеттер бір
өндірушінің өнімі. Сонымен қатар деректермен алмасуға ұқсас технология.
Visual FoxPro өзіндік жоғары жылдамдығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар
диалекттері көптеген деректер қорын басқару жүйелерінде орнатылған xBase
және SQL-ді қолданатын дайын объектті-бағытталған бағдарламалау тілінен
құралған. Объекттік моделдің жоғарғы деңгейінен тұрады. Есептеу желілерінде
қолданылғанда деректерге қолданушылардың қатынауының жекелеген түрін де,
монопольды түрін де қамтамасыз ете алады.
Access ең танымал Microsoft Office пакетінің құрамына кіреді. Негізгі
ерекшеліктері: деректердің жоғарғы тұрақтылығы, меңгеруге жеңіл, кәсіпқой
емес бағдарламалаушы қолдана алады, әртүрлі форматта деректер қорынан есеп
беру түрлерін дайындауға мүмкіндік береді. Кез келген формадағы есеп беру
түрлерін әртүрлі деректер үшін құруға және коммерциялық емес қосымшаларды
өңдеуге арналған.
Visual Basic – бұл диалекттері Access, Visual FoxPro-да орнатылған
әмбебап объектті-бағытталған бағддарламалау тілі. Ерекшеліктері:
әмбебаптылығы, OLE компоненттерін құру мүмкіндігі, ЭЕМ-нің аппараттық
ресурстарына деген талаптары азғантай. Деректерді өңдеудің үлкен
интенсивтілігімен, OLE компоненттерін өңдеумен, Microsoft Office
компоненттерін интеграциялаумен байланысы жоқ орташа қосымшаларды құру үшін
қолданылады.
Visual C++ – ең қуатты объектті-бағытталған бағдарламалау тілі.
Жылдамдығы бойынша күрделі болып табылатын операцияларды орындауға арналған
қосымшалар компоненттерін құруға арналған.
SQL Server – деректер қорының сервері, клиент-сервер ұғымын іске
асырады және көрсетілген пакеттермен әрекеттесіп жұмыс жасайды. Басты
ерекшеліктері: деректерді сақтауда жоғары деңгейлі болып табылады,
деректерді өңдеу үшін қуатты құралдардан жабдықталған, жоғары өнімділігі.
Қолданылу аймағы: үлкен көлемді деректерді сақтауда, жоғары құнды
деректерді немесе құпиялылық режимін қадағалауды талап ететін деректерді
сақтауда. Көрсетілген бағдарламалық өнімдер қолданушы интерфейсін визуальды
жобалау мүмкіндігінен тұрады, яғни өңдеуші дайын фрагменттерден интерфейс
элементтерін құрады. Қандай да бір орындалатын жайтқа жауап ретінде олардың
өзгертілуін бағдарламалайды.

1.3 Қазіргі кездегі деректер қорын басқару жүйелері

Деректер қорын басқару жүйелері объектіге бағытталған және реляционды
болып табылады. Негізгі бірлік ретінде өзінің қасиеті бар объект және сол
объектілер арасындағы байланысты айтамыз. Деректер қорын басқару жүйелері
деректердің бірнеше моделін қолданады. Олар: иерархиялық (тармақталған),
желілік (60-жылдардан бастап) және реляционды модельдер (70-жылдардан
бастап). Осы объектілердің негізі айырмашылықтары объектілер арасындағы
байланыстардың берілуінде.
Деректердің иерархиялық моделі объектілердің иерархиясының принципі
бойынша құрылады, яғни объекттің бір ғана типі басты болып саналады,
қалғандары бағынушы объектілер болып келеді. Бірдің көпке қатынасы
байланысы орнатылады, яғни қандай да бір басты тип үшін бірнеше бағынышты
(тиесілі) объектілер типі бар болады деген сөз. Бағыныңқы типтерде де өз
кезегінде бағыныңқы типтері болуы мүмкін. Иерархияда ең жоғарғы торап
(атрибуттардың жиынтығы) түпкі деп аталады.
Деректердің желілік моделі басты және бағыныңқы тип бір уақытта
принципі бойынша құралады, яғни деректердің кез келген типі бір уақытта
бірнеше бағыныңқы типтерді (жиынның иесі болу) тудыруы мүмкін және бірнеше
басты типтерге (жиынның мүшесі болу) бағынышты болуы мүмкін.
Деректердің реляционды моделі объектілер мен олардың арасындағы
байланыс кесте түрінде беріледі, сондықтан да ол да объект ретінде
қарастырылады. Реляционды деректер қорында кесте құратын барлық жолдар
бастапқы кілттен тұруы тиіс. Деректер қорын басқару жүйесінің қазіргі
түрлерінің барлығы да реляционды моделді қолдайды.
Объект (Мән) – қандай да бір жүйенің элементі, ол жайлы ақпарат
сақталынады. Объект нақты (мысалға, адам), әрі абстрактты (мысалы, оқиға –
адамның ауруханаға түсуі) болуы мүмкін.
Атрибут – объектінің қасиеттерінің ақпарат түрінде бейнеленуі. әрбір
объект атрибуттардың жиынымен сипатталады.
Кесте – типтес (бір типтегі) жазбалардың жиынынан құралған реттелген
құрылым.

II Мәліметтер қоры

2.1 Мәліметтер қоры туралы жалпы мағлұмат

Мәліметтер қоры. Ең бірінші мәліметтер қорының не екені, ол не үшін
қажет, оның қолданылуы туралы және т.б. сұрақтарға жауап беруіміз қажет.
Бүкіл әлемнің фирмалары мен компаниялары қызметке қажет ақпаратты
сақтау және өңдеу үшін компьютерлерді қолданады.
Мәліметтер қоры – белгілі бір іс-әрекет жасауға болатын (қосу, жою,
өзгерту, көшіріп алу, жүйелеу және т.б.) жүйеленген мәліметтердің үлкен
көлемінің сақталатын жері.
Мәліметтер қорындағы барлық мәліметтерді жазбалар немесе объектілер
түрінде көрсетуге болады.
Мәліметтер қорларымен нәтижелі жұмыс жасау үшін қажет ақпаратқа қол
жеткізуді, мәліметтер қорына белгілі бір өзгерістер енгізуді және
мәліметтерге қолданылатын басқа да іс-әрекеттер орындауды қамтамасыз ететін
бағдарламалық құралдар қажет. Бұл мақсатты орындау үшін Мәліметтер қорларын
басқару жүйелері қолданылады.
Мәліметтер қорларын басқару жүйесі – мәліметтер қорының құрылуын,
қолданылуын қамтамасыз ететін тілдік және бағдарламалық құралдардың
жиынтығы.
Бүкіл мәліметтер қорларын басқару жүйелері екі топқа бөлінеді:
локальді;
желілік;
Локальді – бір компьютерде жұмыс істейтін мәліметтер қорларын
басқару жүйелері. Оларға dBase, FoxPro, Microsoft Access және т.б. жатады.
Желілік – клиент-сервер технологиясының көмегімен мәліметтер қорын
бірнеше компьютерлер қолданатындай мүмкіндік бар мәліметтер қорларын
басқару жүйесі. Оған InterBase, Oracle, Microsoft SQL Server және т.б.
мысал бола алады.

2.2 Иерархиялық мәліметтер қоры

Мәліметтердің сақталу принциптері бойынша мәліметтер қорын бірнеше
негізгі типтерге бөлуге болады.:
иерархиялық;
желілік;
реляциялық;
Иерархиялық мәліметтер қорлары 60 жж басында қолданылды. Олар
қарапайым ағаш түрінде құрылған. Осы жердегі мәліметтер екі категорияға
бөлінеді: басты және бағынышты. Осылайша, объектінің типі басты, ал
иерархияның төменірек сатыларында орналасқан объектілер – бағынышты болады.
Иерархиядағы ең жоғарғы объект – түбірлі, ал басқалар тәуелді объектілер
деп аталады.

2.3 Желілік мәліметтер қоры

Желілік мәліметтер қорлары. Олар иерархиялық мәліметтер қорларымен
бір уақытта қолданыла бастады. Бұл қорларда кез келген объект басты да,
бағынышты да бола алады.
Білімді ұсынуда эффективті әдістердің бірі желілік модел болып
табылады.
Модел негізінде желі түсінігі жатыр, яғни түсінік биіктігі, сай
келетін обьектілер,жаңалықтар, іс-жүргізу,өзгерістер,доға-осы түсініктер
арасында
Байланыс тараптардын диаграмма түрінде көрсетуге болады.
Егер желі биіктігі өзінің ішкі құрылымын иемденбесе,онда қарапайым
болады. Егер биіктіктер желі түріндегі кейбір құрылымы иемденетің болса,
онда оны иерархиялы д.а. Егер биіктіктер арасындағы қатынас бірдей, яғни
біртүрлі болса,онда қарамақайшы жағдайда-желі бір түрлі болмайды. Қарым
қатынас мінездемесі, доғамен жазылса, онда өзгешелі болуы мүмкін. Бұнын сай
келуімен келесі желі типті бөлінеді.
- Функционалды желі процедураны шағылыстырады, ал доғалар де
композирланған бөлімдер арасындағы функционалды байланыстарды көрсетеді ;
бұл тіл білімді ұсынуда жеткіліксіз бай емес;
- Сценарий, өзінен кейін қатал емес түрінде бірғана қатынасымен
біртүрлі желіні ұсынады, семантика қатынасы өзгеше болуы мүмкін. Қатынас
классификация мен уақытша және т.б. сияқты трактатталады.Сценарилер
мақсатында жету үшін мүмкін болатын жоспарларды формалауда жиі қолданылады
;
- Семантикалық желі түрлі типтердің қатынастарын қолданады, ал
биіктігі онда түрлі интерпритацияларды иемденеді. Істің қарамды бойынша
боынша семантикалық желі сценарий мен функционалды желі қосылатын класс
болып табылады. Желі байланыс типі жақсырақ бұл желі жиі қолданылады.
Олар тораптың төменгі деңгейін қарастыру қасиеті мен жақсырақ жоғарғы
денгей торабын, иерархиялық түсінігің, желі түрінде құрыға рұқсат етеді..
Осы механизмнің берілу қасиеті эффективті семантикалық желімен шартталған.

2.4 Реляциялық мәліметтер қоры

Реляциялық (англ. Relation - қатынас) мәліметтер қоры 70 жж бастап,
бағдарламалауда қолданыла бастады. Осындай қорларда объектілер мен олардың
арасындағы байланыстар баған мен жолдардан тұратын тік бұрышты кестелер
түрінде көрсетіледі. Әрбір кесте мәліметтер қорының объектісі болып
табылады.
Реляциялық мәліметтер қорының кестелерімен келесі әрекеттер жасауға
болады:
кестені құруға немесе оның құрылымын анықтауға:
кестенің құрылымын өзгертуге;
кестенің атын өзгертуге;
кестені дискіден жоюға;
Егер басқару реаляциялық алгебра мен реляциялық таңдау
қолданылатынәдістер математикалық моделге негізделсе, онда мәліметтер қорын
реляциялық деп атайды. С. Дейт реляциялық мәліметтер қорына келесі формалды
емес анықтамаларды береді:
- Барлық ақпарат мәліметтер қорында кесте түрінде ұсынылған;

- Кестеге салынған қажетті мәліметті әпере алатын реляция үш таңдау-
операторы, жобалау мен біріктіріуді ұстанады.

Реляциялық моделдің авторы доктор И. Ф. Кодд, реляциялық моделді
қанағаттандыратын, келесі критерий тізімдерін өңдеді. Коддтың ойынша
реляциялық деп есептеу үшін, мәліметтер қорын басқару жүйесі мыналарға
міндетті:
- Барлық ақпаратты кесте түрінде ұсыну;

- Физикалық ұсыныстан тәуелсіз, мәліметтердің логикалыққұрылымын
ұстанады;

- Мәліметтер қорының ақпаратын өзгерту мен сұранысты орындайтын құрылымы
үшін жоғарғы деңгейлі тілді қолданады;

- Негізгі реляциялық операцияны ұстану, (жобалауды таңдау мен біріктіру),
сонымен қатар біріктіру, қиылстыру мен толықтыру сияқты теоретика-
көпшілік операциясы;

- Кестеден мәліметтерді алтернативті тәсілмен көрсетуге қолданушыны
қамтамасыздандыратын виртуалды кестені ұстану;

- Кестеден белгісіз мәндерді (nulls) айыратын, яғни нөлдік мән мен
мәліметтердегі бос орын;

- Бүтіндік, авторизация, транзакция мен мәліметтерді қалыпқа келтіруді
ұстану үшін механизммен қамтамасыздандыру.

Коддтың бірінші ережесі барлық ақпараттар реляциялық мәліметтер
қорының кестенің мәндерімен ұсынылатынын білдіреді. Барлық мәліметтер кесте
форматы түрінде ұсынылады, мәліметтер қорынан ақпаратты көретін басқа тәсіл
жоқ. Байланысқан кесте жиыны мәліметтер қорын құрайды. Кестелер реляциялық
қорда бөлінген, бірақ жалпылай біркелкі. Олардың арасында ешқандай иерархия
жоқ.
Әрбір кесте жол мен бағаннан тұрады. Әрбір жол обьекттіні немесе
оқушы, пән, күн, апта және т.б. біліктілігін жазбалайды. Әрбір баған бір
оқушының аты немесе фамилиясы, адресі, бағасын, мезгілін обьектінің
мінездемесін жазбалайды.
Әрбір мәліметтің элементі немесе мәннің жол мен баған қиылсуында
анықталады. Керекті мәлімет элементін табу үшін, оның кестесінің атынбілу
керек немесе баған мен біріншілік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіби ортада деректерді жинау, талдау құрылымдау деректер базасын әзірлеу
Берілгендер қоры
Ұйымдастырушылық басқару ақпараттық жүйелері
Деректер қорын үйлестіру
«Toyota» автосалон деректер қорына навигациялық тәсілдерді қолдану
«Есік-терезе» құрылыс дүкені деректер қорын құру
CASE - құралдарын ендіру және меңгеру технологиялары
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері
Деректер базасының архитектурасы
Мәліметтер қорын басқару жүйесін пайдалану салалары
Пәндер