Сақтандырудың теориялық негізі


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті
Микроэкономика пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Сақтандыру және нарықтық экономикадағы рөлі
Орындаған : Сагинова Дана э-11к тобының студенті
Ғылыми жетекші: Ғабит. Ж. Х, э. ғ. доценті
Астана 2010
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
І. Сақтандырудың теориялық негізі
1. 1 Сақтандырудың қалыптасу тарихы . . . 5-7
1. 2 Сақтандырудың белгілері мен функциялары . . . 7-8
1. 3 Жалпы сақтандыру теориясы мен практикасы . . . 8-11
1. 4 Cақтандыру нарығы… . . . 12-13
ІІ. Қазақстан Республикасында сақтандыруды қолдану жағдайына талдау
2. 1 ҚР-ғы сақтандыру рыногының қалыптасуы және қазіргі жағдайы . . . 14-18
2. 2 ҚР-ғы сақтандыру ұйымдарының қызметтеріне талдау . . . 18-19
2. 3 ҚР-ғы сақтандыру рыногын дамытудың кемшіліктері мен мәселелері . . . 19-20
ІІІ. ҚР-ғы сақтандыруды жетілдірудің жолдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Кіріспе
«Республика экономикасында және барлық компаниялардың көзқарасында жүзеге асатын, қазақстандық сақтандыру компаниялары арасындағы қайта сақтандыруда кооперациялардың қажеттілігін және Отандық қайта сақтандыру жүйесі халықаралық қайта сақтандыру компанияларда ірі тәуекелділіктерді сақтандыру жауапкершілігін қазақстандық сақтандырушылар пайдаланатын максималды мүліктермен қамтамасыз ету керектігін, сондай-ақ қазақстандық сақтандыру нарығы техникалық көмекті, сақтандыру білімін, артық көлемде қайта сақтандыруды қажет етеді, Қазақстандық сақтандыру ұйымдары республиканың сақтандыру потенциалын құруы, нығайтуы және жаңа сақтандыру салаларын құруы қажет» деп республикалық Алматыда өткен мемлекеттік сақтандыруды бақылауымен болған кеңесу-семинарында сақтандырудың әдістері мен амалдарын ұйымдастырған мемлекеттік сақтандыруды қорғау төрайымы О. Э. Лер атап өткен.
Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам өмірінің қатерлі сипаты.
Сақтандыру - өзінің экономикалық және заңды табиғаты бойынша заңды немесе жеке тұлғаның тосын оқиға нәтижесінде шығынға ұшырауының орнын толтыратын заңмен бекітілген әдісі.
Шығынның орнын толтыру сақтанушылардың ақшалай төлемдерінің есебінен қалыптасқан сақтандыру ұйымдары түріндегі орталықтандырылған қорлар есебінен жүргізіледі.
Қазіргі уақытта сақтандыру қоғам өмірінде негізгі роль атқарады. Бұл рольдің мәні сақтанушылардың сақтандырылған оқиғалардың болу себебінен кеткен шығындардың орнын толтыруға негізделеді. Қазақстан мемлекеттің сақтанушыларға салық салу жүйесі арқылы қосымша ақша қорларын қалыптастырып, сол арқылы сақтандыру оқиғаларына байланысты шығындарды өтеу мемлекеттің міндеті болып табылады.
Сақтандырудың міндетті түрлерін бекіту мемлекеттік маңыздылықтың ісі болып табылады және үлкен әлеуметтік салдарға әкеліп соғады. Міндетті сақтандыруды заңды енгізу құқығы Парламентке, ал оның жүзеге асыру механизмін қарастыру Үкіметке жүктелуі қажет болып табылады. Бұл жағдайда барлық министрліктер мен ведомствалардың, қоғамдақ ұйымдардың, сонымен қатар сақтанушылардың мүдделері мен пікірлері ескеріліп отырады.
Қазіргі таңда елімізде заңды тұлғалардың, сонымен қатар азаматтардың негізгі тәуекелдері сақтандырумен аз қамтылған. Экономиканың кейбір салалары толығымен, соның ішінде жылу-энергетикалық және құрылыс кешендері сақтандырумен мүлдем қамтылмаған. Пәтерлерді жекешелендіріп алған адамдар да оларды өрттен немесе басқа да қайғылы оқиғалардан сақтандарып қоймаған. Жұмыс берушілер өз жұмыскерлерін тосын оқиғалармен қызметтік жарақаттардан сақтандырмаған шағын және орта бизнес те толық дерлік сақтандырумен қамтылмаған.
Осының барлығы сақтандыру ісінін заңдық базасын әрі қарайғы жетілдірудің, экономиканың маңызды салаларын сақтандыруды дамыту бойынша нақты шаралар қабылдаудың қажеттілігін көрсетеді.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы таңдалған курстық жұмыс тақырыбының өзектігін білдіреді.
Курстық жұмыстың міндеті болып, сақтандырудың экономикалық мәні мен мазмұнын ашу, тарихына тоқталу, оның қоғамдық өмірдегі маңызы мен қажеттігін түсіндіру, сақтандыру нарығына сипаттама беру, Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың қызмет етуіне талдау және дамыту жолдарын қарастыру болып табылады.
Жұмыстың әдістемесі болып, қолданылған Қазақстан Республикасының заңдары, Ұлттық банктік нормативтік актілері, экономикалық қаржылық әдебиеттер мен журналдар, статистикалық көрсеткіштер табылады.
Жұмыстың мақсаты - cақтандырудың теорикалық негізін ашу, сақтандырудың қалыптасу тарихына шолу жасап, белгілері мен функцияларын анықтау, Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың қызмет ету ерекшеліктерін сипаттау, сақтандырудың кемшіліктері мен артықшылықтарын баяндау, Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды дамытудың, жетілдірудің жолдары мен іс шараларын көрсету.
І. Сақтандырудың теориялық негізі.
1. 1 Сақтандырудың қалыптасу тарихы
Сақтандырудың тамыры ғасырлар шегінде, ежелгі уақыттан белгілі. Осылайша, б. э. д. ІІІ мыңжылдықта вавилондықтар теңіз істерінде қарыз алу жүйесін дамытты. Мұнда егер шығын болса немесе іс жүрмегі қылса қарыз қайтарылмайтын болған. Бұл жүйе Ежелгі Грецияда да дамыған.
Ең ежелгі теңіздік сақтандыру полисі Генуядан Майоркаға дейін “Санта - Клара ” кемесімен теңізге шыққанды пайда болған. Оның мәні мынадай: сыйақы (сақтандыру полисі) егер жүк аталған жерге дұрыс жетсе, қайтарылмайтын, (қарыз берушінің) сақтандырушы қарызы болады, егер де жүк жақсы жетпесе, онда жүк иесіне 2 есе ақшасы төленетін болған.
Қазірге дейін сақталған ежелгі полистердің бірі - теңіздік сақтандыруды қабылданған 1584 жылғы полис. Ол Марсельден Триполға 5% сыйақылық төлемді теңіз жүгінің қорғалуын қамтамасыз еткен. Теңіз жүктерін жеткізуді сақтандырудың соңғы тәртібі XVI ғ. аяғында Англияда бекітіліп, 1601 күшіне енген.
Алғашқы полистерді талдай келіп, сақтандырушылар индивидум ретінде шықты, сақтандыру бизнесі сауда операцияларының бөлігі ретінде қарастырылды. Сол кездегі полисті иемденушілер түрлі деңгейдегі бизнесі бар саудагерлер болған. 1584 жылғы сақтандыру полисі 3 сақтандырушымен жасалынған, олардың біреуі міндеттеменің жартысын өз мойнына алса, қалған екеуі міндеттеменің жартысы бойынша жауап берген. XVII ғ. сауда көлемінің өсуіне байланысты алғаш сақтандырушы болған кейбір саудагерлердің мамандануын талап етті. Жүзжылдықтың екінші жартысында теңіз жұмыстары туралы ақпарат жазылған тақта Сити-Лонфндағы сақтандырушылардың жиналатын орнына айналды. Бұл ақпарат тақтасын жасаған Ллойд атты саудагер. Кейін осы жағдай Ллойд Корпорациясының құрылуына түрткі болды.
Өрттен сақтандыру орта ғасырларды пайда болған. Өрттен кім зардап шексе, соған көмек ретінде төлемі төленетін болған. Өрттен сақтандырудың басы ретінде Ослодағы Кристиания қаласында 1667 ж. құрылған “Конгресс Брандкассе” компаниясын атауға болады. 1666 ж. Лондонда болған үлкен өртке жауап ретінде Николас Барбан “Өрт қызметі” атты үйлер мен басқа да ғимараттарды сақтандыру ісін ашты. Одан кейінгі жылдары бірнеше жұмыстары құпия компаниялар мен қоғамдар ашылды. Англияда отыз жыл бойына көптеген үлкен сатқандыру компаниялары ашылды. Олар “Хэнд ин Хэнд” (1696 ж. ) . 1905 ж. дейін өмір сүрді, сосын “Коммерциялық одақ ” компаниясы сатып алды. “Сан иншуэренс офис” (1710 ж. негізі қаланды ), ”Юнион” (1714 ж. ), ”Вест минстр Файр офис” (1717 ж. ) . 1720 ”Оңтүстік теңіздің қойнауы” атты қаржылық операциясының жүруі кезінде үй жинауларын тонаудан, қарыздарды қайтармау мәселесінен сақтандыру пайда болды. Бірақ олар жетіліп дамымады. Несиелі сақтандыру 1920 ж. ғана пайда болды. Сақтандырудағы ең тиімді жағдай 1840 жылы кепілдік беруші қоғамның құрылуы кезінде болды. Ол қазір Англияда Апат бойынша жалпы топ ретінде танылуда. Осыдан кейін Корвиктің Бас сақтандыру компаниясы пайда болды, ол жаңбыр, нөсерден келетін зияннан сақтандырумен айналысты, ал 1845-1847 жылы жануарларды сақтандыру ісіне көшті. 1949 ж. теміржол жолаушыларын сақтандыруды ұсынған компания адамдары апаттан жеке сақтандыруды бірінші болып ұсынды. Бұл компания қазіргі уақытта “Коммерциал Юнион групп” компаниясының мүшесі ретінде қызмет етеді.
Сақтандыру ісінде елеулі оқиға болып континентальді Европада болған Орталық Европада құрылған локальді сақтандыру компаниясының құрылуы табылады. Өмірді сақтандырумен айналысқан ең бірінші ұйым 1706 жылы құрылған “Дружеское общество” компаниясы болды. Кейін ол “Корвис Юнион групп” мүшелігіне енді. Содан кейін “Лондон амуэренс”, “Ройял эксчейнджамурэнс” компаниялары құрылды.
Ресей империясында XVIII ғ. аяғына дейін отандық сақтандыру ұйымы болмады, шетел сақтандыру ұйымдарының қызметі қолданылды. Осы сақтандыру төлемі ретіндегі алтын шетелге шығып жатты, ол елдің қаржылық жағдайына кері әсер етті. Осыған орай 1786 ж. Ресейде мемлекеттік сақтандыру монополиясы орнатылды, оның фискальді сипаты болды. Монопольдік құқыққа ие болған мемлекеттік сақтандырушының қызметін Мемлекеттік заемдық банктегі сақтандыру экспедициясы атқарды. Экспедиция құрылысты өрттен сақтандырды (құрылыс құнының 75% шамасында) . Төлем 1 жыл ішінде сақтандыру сомасының 1, 5 % құрады.
1827 жылы мемлекеттік мүліктік сақтандыру өз орнын жеке сақтандыру кәсіпорындарына берді. Сонымен “Ең бірінші өрттен қорғайтын сақтандыру қоғамы” пайда болды. Олар Мәскеу, Петербург, Одесса, т. б. жерлерде 1847 жылға дейін қызмет атқарды. Қоғам табысы акционерлерге тұрақты пайда әкеліп тұрды. 1835 жылы “Екінші ресейлік өрттен сақтандыру қоғамы ” құрылды, 1846 жылы елдің жекелеген аймағында сақтандыру құқығына ие болған өрттен сақтандырушы “Саламандра” компаниясы құрылды.
1835 жылы Ресейде жеке сақтандыру ұйымдастырылып, “Өмір ” атты жеке меншік сақтандырушы акционерлік қоғамы пайда болды. Бұл компания монополист бола тұрса да (жеке сақтандыруда) 1838 ж. тек105 келісім-шарт жасалынды. 1847 жылы қоғам өз құрамында 235 келісім-шарт жасасты.
Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеу мен қазына табысын салық бойынша толықтыру үшін фискальдік мақсатта 1849 жылы сақтандыру қоғамдарының қаржылық қызметіне мемлекеттік бақылау қойылды. Оны мемлекеттің Ішкі Істер министрлігі жүргізді, сақтандыру қоғамдары өз қызметі туралы есепті БАҚ (бұқаралық ақпарат құралдарында) жариялайтын болды.
1885 жылы Ресейде шетелдік сақтандыру қоғамының қызмет етуіне тыйым алынып тасталынды. Петербургте “Нью-Йорк” АҚШ сақтандыру қоғамының орталық агенттігі ашылды. 1889 жылы Урбен (Франция ) және Эквитеба (АҚШ) сақтандыру қоғамдарының қызмет етуіне рұқсат берілді. XIX ғасырдың соңына қарай сақтандырудың ресейлік және шетелдік қоғамдарының жұмысы үйлестірілді.
АҚШ-тағы сақтандыру компаниялары негізінен алғанда өмірді сақтандырумен айналысады. АҚШ-та 10 000 аса компания жұмыс істейді, оның 8 000 мүліктік сақтандырумен айналысады. Ең ірілері: 1853 “Континентал корпорейшн”, 1876 жылы “Прудениш Иншуранс компани оф Америка ”, 1913 жылы “Олстейт Иншуранс компани”.
1. 2. Сақтандырудың функциялары мен белгілері
Сақтандырудың функциялары:
1) Ақша-қаражаттарының маманданған сақтандыру қорын қалыптастыру, яғни сақтандыру компанияларының өз мойнына алған тәуекелділіктері үшін төлем. Бұл қор міндетіне ерікті түрде құрылуы мүмкін. Бұл функция резервтік қор жүйесінде сақтандырудың тұрақтылығын төлемнің кепілдігін қамтамасыз етеді. Мысалға, егер коммерциялық банктерде халықтардың қаржысы ақшалай жинақ мақсатында тек сақтауға бастау ие болса, сақтандыру бұл қызмет арқылы сақтау - тәуекелділік бастау алады. Моральдік жағынан алғанды сақтандыру процесінің әрбір қатысушысы, мысалы, өмірді сақтандыру кезінде қайғылы оқиға орын алғанда материалдық қамтамасыз етілетініне сенімді болады. Мүліктік сақтандыруда бұл қызмет арқылы тек қана зиян шеккен мүлік құнын жабу мәселесі ғана емес, сондай-ақ оның материалды қайтарылу мәселесі шешіледі. Сонымен қатар, осы қызмет арқылы инвестиция салу мәселесі өз шешімін табады.
2) Зиянды жабу мен азаматтарды жеке материалды қамтамасыз ету. Зиянды жаба алу құқығына тек сақтандыру қорын қалыптастыруға қатысқан жеке және заңды тұлғалар ие. Ол келісім-шартта көрсетілген тәртіппен жүргізіледі және мемлекеттің реттелуімен қадағаланады.
3) Сақтандыру оқиғасы туралы ескерту және зиянды минимумдау не азайту - бұл кездейсоқ жағдайлар мен тексерістердің салдарын азайту мақсатында шаралардың жиынтығы. Сақтандырушы алдын-ала шаралар жүргізу арқылы, мысалы өт сөндіретін құрал алып қою, жылу шығаруды анықтаушы құралды сақтандыру оқиғасы болған жағдайдағы төленетін сақтандыру жарнасы саласын азайта алады.
4) Бақылау қызметі, яғни мақсатты қалыптасқан сақтандыру резервін қаржылық бақылау, сақтандыру операцияларының дұрыс жүргізілуін, сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын қатаң сақтауын қадағалайды.
5) Тәуелділік қызметі, ең маңызды қызметі, ол сақтандырудың негізгі қолданылу себебімен байланысты. Осы қызметтің жүзеге асуы кезінде сақтандыру резервінің сақтандыруға қатысушылар арасында зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетумен байланысты қайта бөлінуі жүреді.
Сақтандырудың белгілері:
- Сақтандыру кезінде ақшалай қайта бөлу қатынастары туындайды, олар сақтандыру оқиғасының болып қалу мүмкіндігі мен сақтандыру тәуекелінің бар болуына негізделеді.
- Тұйық қайта бөлу қатынастары. Ол зардап шеккендер санының аз болуына байланысты негізделеді (сақтандыруға қатысушылар саны көп болған жағдайда) . Мұнда мақсатты сақтандыру қоры құрылады да, зиянды сақтандыру жарнасын бөлудегі әрбір қатысушының үлесі арқылы анықталады.
- Сақтандыру зиянды қайта бөлуде территориялық бірлік арасында да, уақыт бойынша да қарастырады.
1. 3 Жалпы сақтандыру теориясы
Сақтық қызметті ұйымдастыру және мемлеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді. Сақтық ұйымның сақтық қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылды.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадац сыныптарды қамтиды: өмірді сақтандыру, аннуитеттік сақтандыру.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды: жазатайы м жағдайдан және аурудан сақтандыру, медициналық сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су көліктерін) сақтандыру, жүктерді сақтандыру, мүлікті сақтанрдыру (көлік құралдарын қоспағанда) кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру, шарт бойынша азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының азаматтық- құқықтық жауаптылығын қоспағанда) .
Сақтандыру түрі сақтық ұйым сақтанушыға сақтандыру шараларын жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және беретін сақтық өнім болып табылады.
Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп- қатерлер) азаматтық- құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) каупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайиыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада немесе ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медециналық сақтандыру медециналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянд ішінара немесе толвқ өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Мүлікті сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болвп табылады.
Азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтанрдырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық- құқықтық жауаптылықты сақтанрдыру кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін. Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық- құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық- құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс- қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс- қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсәпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты жағдайлармен осы қвзмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша иек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.
Сақщтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.
Сақтанрдырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтанрдырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құқрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қолғамдық ұйычмдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногіндегі операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өндеу және тасымалдау жөніндегі) және т. т. сақтандыру.
Кәсіпорындардың мүліктерін сақтау, олардың негізгі және айналым қорларын сақтау болып табылады. Сақтандыруға жататын олар тек кәсіпорындардың мүліктері ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынмен алынатын мүліктер де жатады. Мүліктердің бір бөлігі ғана немесе белгілі бір түрлері де сақтануы мүмкін.
Осыған сәйкес мүлікті сақтаудың мынадай келісімшарттары қарастырылған:
- Негізгі келісімшарт - барлық мүліктерді, яғни кәсіпорынның иелігіндегі мүліктерді сақтаау келісімі;
- Қосымша келісімшарт - барлық мүлікті сақтау, яғни кәсіпорынмен алынған мүлікті жалға алу келісімі немесе әр түрлі ұйымдардан немесе азаматтардан жөндеуге, өндеуге, сақтауға, тексеруге алынған мүліктерді сақтау келісімі;
- Тандап сақтандыру келісімшарты - сақтандырушының иелігіндегі мүліктің бір бөлігі мен онымен жалға алған мүліктерді сақтандыру келісімі;
- Арнайы келісімшарт - тәжірибе, зерттеу жұмыстары барысында немесе көрмеге шығарғанда мүліктерді әр түрлі жағдайлардан сақтаумен қамтамасыз ететін келісім.
Сақтандыруға жататындар:
- Ғимараттар, көліктер және құрылғылар, көлік құралдары, инвенторлар;
- Аяқталмаған өнеркәсіптер;
- Шикізат және материалдар;
- Дайын өнімдер.
Нарықтың шарттарына байланысты халықтардың мүліктерінің натуралды және құнды мағынадағы келісімдерін кеңейтуге үлкен мүмкіндіктері бар. Сәйкесінше оның сақтандыруын қажет етеді. Ал оның жойылуы немесе бұзылуы жағдайында зиянды толтыруға.
Күтпеген оқиғаларға байланысты мүліктерді жоғалту тәуекелі және соған байланысты материалдық зияндардың пайда болуынан, азаматтарды сақтандыруды керек етеді. Нарықтық жағдайда мүлікті сақтандыруды қорғаудың кейбір ерекшеліктері бар.
Нарықтық жағдайда мемлекеттік сақтандыру ұйымдарынан басқа көптеген акционерлік сақтандыру компаниялары да жұмыс істейді. Олар бәсекелестік күресте өздеріне сақтанушыларды жақсы қызмет көрсету және арзан қызмет көрсету арқылы тартады.
Тұрмыстық мүлік, сондай- ақ сақтанушының ынтасының құрылуы келесі нұсқалардың біреуімен сақтандырылуы мүмкін:
- Әр сақтандыру жағдайларынан зияндарды толтыру, нәтижесінде мүлікке кеселі тиуі мүмкін;
- Оттың кесірінен мүліктің жойылуы және бұзылу зиянының орынын толтыру;
- Кездейсоқ жағдайлардан, яғни су арқылы мүліктің жойылуы немесе бұзылу зиянының орнын толтыру.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz