Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

Кіріспе

1 Нарықтық экономика жағдайында сақтандырудың алатын рөлі
1.1 Сақтандырудың экономикалық мәні мен маңызы
1.2 Экономикада әлеуметтік сақтандырудың мәні және рөлі
1.3 Нарықтық экономика жағдайында сақтандырудың атқаратын қызметтері

2 Мемлекеттің және кәсіпорынның қаржы көрсеткіш қызметінің
статистикалық мәліметтер арқылы талдау жүргізу
2.1 Шаруашылық субьектілердің қаржы нәтижесін талдау
2.2 Салалардың өзара байланысты есеп айырысу жағдайларын талдау.
2.3 Кәсіпорынның негізгі көрсеткіштер қызметі, шетел инвестициясына баға
беру
2.4 Жамбыл облысының бюджетінің орындалуын талдау
2.5 Ұйымның сыртқы экономикалық қызметіне баға беру

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Экономикалық әдебиеттерде сақтандырудың пайда болу уақыты туралы
бірнеше көзқарастар бар. Біреулер сақтандыру капитализмге дейінгі
формацияларда пайда болды деп айтады. Басқалары сақтандыру капитализмнен
кейін пайда болды дейді.
Тарихи сақтандырудың екі негізгі нысаны болады:
- сақтандырушылық өзара көмек. Ол оның қатысушылары арасында өзара
көмек туралы бір реттік келісімдер сипатьнда болды. Сонымен қатар, ол
натуралды сипатқа ие болып, залалды өтеу сақтандырудың қатысушылары
арасында кейінгі жайып салу негізінде жүзеге асырылады.
Сақтандырудың басты мақсаты - залалды ынтымақтастық бастаулар
негізінде жайып салу ойы және өзін залал мен құлдыраудан қорғану тілегі.
Сақтандырушылық өзара көмек келесі тәртіпте жүреді:
қатысушылардың біреуінің өміріндегі қолайсыз жағдайлардың келуі кезінде
көмекті көрсету туралы қатысушылар арасындағы ауызша келісім;
залалды келісімнің барлық қатысушылары арасында бөлу және осы залалды оған
ұшыраған адамға компенсациялау;
сақтандыру қорын ұйымдастыру. Сақтандыру қатынастарына түскен кезде
сақтандырудың қатысушылары төлейтін сақтандыру төлемдері есебінен
қалыптасады және осы қордың қаражаттарынан адамдарға залал өтеледі.
Сақтандыру қорын құру сақтандыру қатысушысы сақтандырылатын объектінің
қүнынан төмен болатын сақтандыру төлемін төлеу түрінде жүреді.
Экономикалық әдебиеттерде сақтандыру ұзақ уақыт бойы қаржылық санат
ретінде қарастырылды. Бүл сақтандыру операцияларын жүргізуге мемлекеттік
монополияның болуымен және сақтандыру қор қаражаттарының көбінесе
мемлекетгік бюджеттік тапшылықты жабу мақсатында мемлекетпен
алынатындығымен шарттасылған еді. Соңғы кезде экономикалық әдебиеттерде
сақтандыру жеке экономикалық санат ретінде қарастырылады. Осыған байланысты
сақтандыруды үйымдастырудың теориялық және практикалық негіздерін зерттеу,
ұлттық сақтандыру нарығының дамуында ерекшеліктер мен үрдістерді анықтау
сақтандыру сферасындағы қаржылық қатынастарды зерттеу ерекше көкейкесті
болады.
Сақтандыруды нарықтық қайта құрулардың үдерісінде рөлі күшейе түсетін
Қазақстан экономикасының стратегиялық секторы ретінде қарастыру керек.
Нарықтың қазіргі заманғы жағдайы сақтандыру ісінің кейінгі дамуын және
жаңартылуын, оның сақтандыру қатынастарын ұйымдастырудың әлемдік
қағидаларына бейімделуін талап етеді. Бұл, ең алдымен, заң шығарушы және
ақпараттық базаларының кемшіліктеріне, сақтандыру сферасындағы әдістемелік
зерттемелеріне, сонымен қатар нарықтық экономикаға сәйкес келетін
сактандырушылық қорғау нысандарына қатысты.
Сақтандыру бойынша зерттеу болып ақша қаражаттарының мақсатты
қорларын қалыптастыру әдістері мен нысандарын және осы қорларды әр түрлі
қолайсыз құбылыстардьң залалын өтеуге, сондай-ақ адам өміріндегі белгілі
бір жағдайлар болған кезде азаматтарға көмек көрсетуге пайдалануды
біріктіретін экономикалық қатынастардың жүйесі болып табылады.
Сақтандырудың мәні нарық жағдайындағы қоғамдық қайта өндірістегі оның
мәні сақтандыру нарығының мазмұны және оның қатысушыларының сипаттамасы,
ұлттық сақтандыру нарығының құқықтық базасының сипаттамасы, сақтандырудың
негізгі салаларының сипаттамасы, сақтандырушылардың қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етудің кейбір сұрақтары, қайта сақтандыру қорғауының негізгі
әдістері қарастырылған.
Курстық жұмыстың мақсаты. Сақтандыруды қоғамның экономикалық
қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категория ретінде оның
функциялары мен мәнін айқындап алып, экономикада мемлекеттік сақтандырудың
ролі мен маңызын және нарықтық экономика жағдайындағы сақтандырудың алатын
ролін атап көрсетуге болады.
Курстық жұмыстың міндеттеріне теориялық тұрғыдан сақтандырудың
экономикалық мәні, маңыздылығы, алатын ролі және фунциялары, сонымен қатар
сақтандыру нарығының динамикасына талдау жасау жатады.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Жалпы жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші
бөлімінде таңдалған тақырыпты теориялық тұрғыдан негіздеу мақсатында
сақтандыру туралы жалпы мағлұмат беріліп өтеді. Мемлекеттің және
кәсіпорынның қаржы көрсеткіш қызметінің статистикалық мәліметтер арқылы
талдау жүргізу жұмыстың екінші бөлімінде жүргізіледі.

1 Нарықтық экономика жағдайында сақтандырудың алатын рөлі

1.1 Сақтандырудың Экономикалық мәні мен маңызы

Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түпкі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде калыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтаңдыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
- қатынастардың ықтималдық сипаты;
- қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда
-мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
- оның іс-қимыл ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып
отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда
бола бермейді (қанынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемелекет сақтық ресурстары меншігінің
субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды
бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметі,
бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның
қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы - кредит институты
ретінде қарауға болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдык
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бүл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын
қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың
нақты қатынастарында көрінеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
бойынша мыналар сақтандырудың нысандары болып табылады:
міндеттілік дәрежесі бойынша - ерікті және міндетті;
сақтандыру объектісі бойынша - жеке және мүліктік;
сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша - жинақтаушы және
жинақтаушы емес.
Міндетті сақтандыру — заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге
асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады. Міндетті
сақтандырудың әрбір түрі сактандырудың жеке (бөлек) сыныбы болып табылады.
Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны және оны
жүргізуші жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың осы сыныбын
реттейтін заңнамалық актілермен белгіленеді.
Ерікті сақтандыру - тараптардың еркін білдіруіне орай жүзеге
асырылатын сақтандыру.
Сақтық қызметі - сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының сақтық (қайта
сақтандыру) шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы
заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде
жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтық қызметтің ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды
жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымның сақтық қызметі өмірді сақтандыру саласы және жалпы
сақтандыру саласы бойынша жүзеге асырылады.
Жалпы сақтандыру саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды
қамтиды: жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық
сақтандыру, көлік құралдарын (автомобиль, темір жол, әуе және су
көліктерін) сақтандыру; жүктерді сактандыру; мүлікті сақтандыру (көлік
құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру; көлік құралдары
иелерінің және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын сақтандыру;
шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру; зиян келтіргені
үшін азаматтық-кұқықтық жауаптылықты сақтандыру (көлік құралдары иелерінің
және тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауаптылығын қоспағанда).
Сақтандыру түрі сақтық ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын жасау
арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шеңберінде әзірлейтін және
беретін сақтық өнімі болып табылады.
Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бүл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса,
толтырумен байланысты.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мұліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның косымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет
көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе
толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру көзделетін жеке басты
сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік қүралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сактық төлемдерін
жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соньң ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Мүліктік сақтандару мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
телемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Азаматтық - құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сактандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сақтандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарга сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық - құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық - құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс - қимыл жасайтын тұлғаның паидасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс - қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы
сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана
сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардьщ кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап Сақтық төлемақыларына кепілдік беру қоры
өзінің тікелей қызметін бастады. Қор Сақтық төлемақыларына кепілдік беру
қоры туралы заңға сәйкес жарғылық капиталында Ұлттық банктің 100%-дық
қатысуы болатын акционерлік қоғам нысанында құрылған. Қордың қатысушылары
сақтандырудың тек міндеті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары
болады. Бүгінде сақтандырудың мұндай оншақты түрі бар (қабылданған зандарға
сәйкес): әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың
азаматтық-құқұықтық жауаптылығын сақтандыру, турагенітер мен
туроперацияларды, еңбек міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің
өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын
сақтандыру, қызметі үшінші - тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар)
зиян келтіру қаупі бар объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық
жауаптылығын, есімдік шаруашылығында сакгандыру, экологиялық және
медициналық сақтандыру.
Қазақстанда сақтық ұйымдары шет елде инвестицияларды және экспорттық
кредиттерді төлемеу тәуекелдігінен сақтық қорларға қатыспайды. Осыған
байланысты, республиканың экспорттық мүмкіндіктері өсуінің жекеше сақтық
ұйымдардың капиталдану қарқынан озық қарқынын ескере отырып, отандық
инвесторлар мен экспортерларды сыртқы қауіп-қатерден қорғау саласында
мамандырылған корпорацияны құру және оның жұмыс істеуі өте деркезділік
болып табылады.

1.2 Экономикада әлеуметтік сақтандырудың мәні және рөлі

Қоғамның дамуының объективті факторларының бірі, бұл өздерінің белгілі
себеппен қоғамдық жұмысқа қатыспайтын, және өз күнін еңбекақы арқылы көре
алмайтын тұлғаларды материалды қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.
Еңбекке қабілетсіз немесе түрлі себептермен оны іске асыра алмайтын қоғам
мүшелерін асырауға құрылған валдық өнімнің қоғам, арнайы мұндай мақсаттарға
бағытталған бөлігі қолданылады. Тауарлы-ақшалы қатынастарды жүйелеу
шартында, бұл қоғамдық өнімнің бөлігі белгілі ақша қорларының құрылуы мен
қолдануы арқылы қолданылады.
Берілген тұлғаларды материалдық қамтамасыз етуге арналған ақша
қаражаттары қоры қатынастар жүйесі арқылы құрылып шығындалады, және бұл
әлеуметтік сақтандыру болып табылады.
Әлеуметтік сақтандыру жүйе секілді мемлекет арқылы реттеледі,
капитализм кезінде құрылып, оның дамуының объективті талаптары мен
қажеттіліктерін көрсетеді. Кейіндегі әлеуметтік сақтандырудың орны мен рөлі
мәнді түрде өседі, бұл деген талап етілетін қызмет көрсетулердің саны мен
сапасының көбеюін және олардың құнының өсуімен байланысты мемлекеттің
әлеуметтік қызмет шегінің кеңеюін білдіреді.
Әлеуметтік-саясаттық аспектіде әлеуметтік сақтандыру қартайған
кездегі, ауырған жағдайда, толық немесе бөлшекті еңбек қабілеттілігін
жоғалтқан жағдайда немесе туғаннан болмауы, асыраушыдан айырылып қалған
жағдайда, жұмыссыздық кезіндегі материалдық қамтамасыздығына азаматтардың
конституциялық құқығын іске асыру тәсілін ұсынады. Алынатын қаражаттар
мөлшері еңбек стажының көптігіне, еңбек төлеміне, еңбек қабілеттілігін
жоғалту дәрежесі мен мүгедектілігіне байланысты болады және әрекет ететін
заңдылықпен реттеледі.
Әлеуметтік сақтандыру ұйымы келесі негізгі қағидаларға сүйенеді.
Әлеуметтік сақтандыру бойынша азаматтарды бүкіл жалпы қамтамасыз ету,
сонымен қатар, бөлігінің көбі кәсіпорын, ұйымдар мен мемлекеттің
қаражаттарынан болып, жалпы тұлғалардың, еңбек коллективтерінің және жалпы
қоғамның талаптары әлеуметтік сақтандыру қаражаттарын қолдану кезіндегі
келісулері, ақырғыларды еңбекшілер ұйымы арқылы бақылау. Әлеуметтік
сақтандыру өзін өзі басқарудың бастамасынан құрылады, басқа қоғамдық
ұйымдардың сәйкес мақсаттық қорларын құру мен қолдануындағы професионалдық
одағының белсенді рөлін болжайды.
Әлеуметтік сақтандырудың маңызды мақсаты еңбек ресурстарын өндіру үшін
қажетті жағдайларды құру болып табылады.
Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорынан ұсынылған материалдың
қамтамасыздығы, медициналық қызмет көрсету қоғамның еңбекке қабілетсіз
мүшелеріне еңбек қабілеттілігін қайта құруына көмектеседі және оларды түрлі
саладағы және халықтық шаруашылығындағы сферасындағы белсенді қызметіне
оралуына көмектеседі. Мүгедекті тіркеу, оларға қоғамды пайдалы жұмыспен
айналысуға мүмкіндік туғызуы сол сияқты жұмыспен қамтылуды қамтамасыз
етеді, мемлекеттің сәйкес әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыру көздеріне
деген жүктемесін жеңілдетеді. Зейнеттік қамтамассыздандыру келесі түрде
құрылады, бұл деген, зейнеттік жастағы тұлғалар арқылы қатысты түрде еңбек
ресурстарының кеңейтіліне қол жеткізу, еңбекке қабілетті азаматтардың
ұрпақтарының ауысымға келуі, оны нақты салалар бойынша территориялар,
экономика сферасы бойынша орналастыру.
Екіншіден, әлеуметтік сақтандыру қаражаттары арқылы уақытша жұмыссыз
қалған тұлғалар өмір сүреді, сол сияқты олардың қайта оқытулары мен қайда
мамандану іске асырылады. Нарықтық экономика шегінде дамып келе жатқан
ғылыми технологиялық революция нәтижесінде, уақытша жұмыссыз тұлғалардың
ақшалай төлемдері үнемі жоғарлатып отыруын талап етеді, және олардың
материалдық көмегімен жұмысқа орналастыру бойынша әлеуметтік
бағдарламаларын кеңейту. Берілген әлеуметтік сақтандыру облысы қазіргі
уақытта еңбек ресурстарын өндіру процесін іске асырудағы ең негізгі шарты
ретінде көрініс табады.
Сонымен қатар әлеуметтік сақтандыру бұл адам индивидиум және жеке
тұлға ретінде өмір сүретін әлеуметтік сферадағы мемлекет саясатының мәнді
бөлігі. Әлеуметтік сақтандырудың негізделген жүйесі – қоғамдағы әлеуметтік
әділеттілігінің қамтамасыздығының, саясаттың тұрақтылықты құру мен ұстап
тұрудың бастапқы белгілерінің бірі.
Сол сияқты, әлеуметтік сақтандыру арқылы қоғам келесі мәселелерді
шешеді:
Еңбекке қабілетсіз және жұмыс процессіне қатыспайтын тұлғаларды асыраумен
байланысты шығындарды жабуға пайдаланатын ақшалай қорлары құрылады;
Еңбек ресурстарының қажетті құрылысы мен санын қамтамасыз етеді, және сол
сияқты қоғам дамуының белгілі сатысындағы объективті қажеттіліктерге сәйкес
оларды орналастыру;
Қоғамның жұмыс істейтін және жұмыс істемейтіндердің материалдық
қамтамасыздығындағы деңгейлерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту;
Жұмыс процесіне қатыспайтын, тұрғын елдерінің түрлі әлеуметтік топтарының
өмірлік деңгейін түзетуде қол жеткізу;
Әлеуметтік сақтандыру жүйесі 2 бөліктен тұрады: біріншісі жұмысшылардың
еңбекке қабілеттілігін қайта құрып және сақтауды қамтамасыз етуге арналған,
сонын ішінде, денсаулық сақтау іс шараларын жүргізу; екіншісі еңбек
қабілеттілігін жоғалтқан немесе мүлдем болмаған тұлғаларды материалды
қамтамасыз етуіне кепілдік береді. Әлеуметтік сақтандырудың белгілі
бөліктерінің материалды негізі ретінде сәйкес белгілі бағытта қолданылатын
ақша қорлары әрекет етеді.
Әлеуметтік сақтандыру қорының құрылу мен қолдану процессінің іске
асырылуы кеңейтілген қайта өндірістік объективті заңдарының талаптарына
сәйкес орындалады. Дәл осы объективті заңдар тұлғалар қажеттіліктерін
қаржыландыру үшін қорларды құруды талап етеді, нақты төлемдер мен
жеңілдіктерді қарастырады. Құндылық заңының әрекет етуі білім алудың ақша
формасы мен қордың зейнетақы, жәрдемақы, төлемдер, мақсатты қаржыландыру
шығындарын түсіндіреді, экономиканы мемелекеттік реттеу қажеттілігі жалпы
мемлекеттік көлемдегі қордың мәнді бөлігінің орталықтандырылуын анықтайды,
қабылданған нормативті құжаттарға сәйкес олардың жүйеленуі орындалады.
Әлеуметтік сақтандыру қорын құру мен қолдану бойынша қатынасы қаржының
органикалық бөлігі болып табылады және ұлттық табысты таратуда қатысып,
еңбекке қатыспайтын, еңбекке қабілетсіз тұлғалардың қажеттіліктерін
қаржыландыру үшін арналған, олардың бөлігі бірігіп тұтыну қорларындағы
мақсаттық ақша қорларына бөлінеді. Қатынастар субъектілері: мемлекет,
кәсіпорын және әртүрлі меншік формаларының ұйымдары, жұмысшылардың
профессионалды одағы, тұрғындар.
Сол уақытта бұл реттемелі қатынастар әлеуметтік сақтандырудың жүйелі
мәнін көрсететін спецификалық қырларға ие.
Біріншіден, әлеуметтік сақтандыру қорының құрылуы мен қолдануы бойынша
қатынастары бойынша, ұлттық табыстың сәйкес бөлігі іске асырылады, яғни
нақты пайдаға айналады.
Екіншіден, қаржының басқа аудандарына қарағанда әлеуметтік
сақтандыруда алғашқы және екінші орналастыру шегі қатаң бақыланады. Алғашқы
тарату қорлардың ұйымдар, кәсіпорындар табысынан арнайы алымдарынан
құрылған қорлар фазасы үшін мінезді болып табылады. Мемлекеттік бюджет
қаражатын тарту, келесі әлеуметтік сақтандыру қорларының шығындары қайта
тарату облысына жатады.
Үшіншіден, берілген қаржылық қатынастар сферасы мемлекет арқылы
белсенді реттеледі. Орталықтанған қорлар тізімі, олардың мәні, қолдану
ауданы, құрылу көздері мен шығындану бағыттары мемлекеттік актілермен
анықталады, және әрекет етуі түрлі меншік формаларына таратылады. Сонымен
қатар, әлеуметтік сақтандыру қорының жүйеленуі қоғамдық ұйымдардың белсенді
қатысуымен орындалады: професссионалды одақтар, кооперативтілердің кеңесі,
акционерлі ұйымдарының, қоғамдық органдар.
Төртіншіден, әлеуметтік сақтандыру қорлары сақтандыру әдісімен
құрылады, яғни, кәсіпорындар, ұйымдар, мекеме және азаматтардың сақтандыру
кепілдіктері арқылы. Қорлар белгілі жағдай туу жағдайына құрылған: ауру,
кездейсоқ жағдай жұмыстан айырылу және тағы басқа, асылардың нәтижесінде
адам еңбек процессінде уақытша немесе тұрақты уақыт бойы қатыспайды.
Сол сияқты, қаржылық категория секілді әлеуметтік сақтандыру қоғамдық
еңбекке қатыспайтын тұлғаларды асырауға арналған қорларды құру мен қолдану
мақсатымен ұлттық табысты тарату мен қайта таратумен бойынша ақша
қаражаттар бөлігін өкілдік етеді.
Әлеуметтік сақтандыру қаражаттары түрлі пішінде шығындалады, адамның
еңбекке қатыспау себептеріне сәйкес, және халықтың әлеуметік статусының
ерекшеліктеріне назар аударылады.

1.3 Нарықтық экономика жағдайында сақтандырудың атқаратын қызметтері

Қазақстанның сақтандыру нарығы соңғы кезде дерлік прогресс көрсетуде.
Бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан бұл нарықтағы болып жатқан барлық
қызық және позитивті тенденциялар толығымен көрсетпей отыр. Мұны ескере
келе, сонымен қатар маңызды жайт – сақтандыру төлемдерін кепілдендіру
қорының құрылуы, міндетті сақтандыру түрлерінің ұлғаюы, экспортты
сақтандыратын Мемкорпорацияны құру – ҚР-ның сақтандыру нарығының дамуындағы
ең маңызды тенденциялары болып отыр.
Оларды сипаттай келе, Қазақстандағы сақтандыру ісінің дамуын
анықтайтын факторларды белгілеу керек. Ең алдымен, ол жалпы халықтың әл-
ауқатының жақсаруы, қоғамның сақтандыру мәдениеті мен сақтандыру
менеджменті деңгейінің жоғарлауы, сонымен бірге жалпылай мемлекеттік
бақылаушы органның тиімді саясаты болып табылады.
Бірақ та, Қазақстанның сақтандыру нарығын сапалы түрлендіру
үрдістерінен тежеп тұрған бірнеше субъективті факторлар тағы бар, соның
ішінде сақтандыру бизнесінің терең дифференция үрдісі және сақтандыру
қызметінің диверсификациясы. Қазақстандағы сақтандыру қызметін тежеп тұрған
жалпы субъективті факторлары әртүрлі: солардың қатарына сақтандыруға
қатысты заңдардың тым қарапайымдылығынан (қазіргі заң жобасында сақтандыру
нарығының өркениетті дамуына қажетті сұраныстың минималды бөлігі ғана
қамтылған), кейбір сақтандыру бизнесінің өкілдерінің ашық қылмыстық іс-
әрекеттерін жатқызуға болады. Осының бәрі халықтың арасында сақтандыру
компанияларына деген сенімге нұсқан келтірді.
Біріншіден, қатаң орталықтанған экономикалық жүйенің ұзақ мерзім жұмыс
істеуі экономиканың маңызды саласы болып табылатын сақтандырудың толық
көлемде дамуын шектеді, сонымен бірге, шаруашылық субъектілері халық
арасында сақтандыру қызметі екінші рөлді, көмекші қызмет деген түсінік
қалыптасты. Нарыққа дейінгі екі жақты әсері нарық жүйесіне ауысқаннан
кейін түпкілікті өзгереді, нарықтың экономикалық маңызды сферасы ретінде
сақтандыру бизнесінің оза дамуына қажеттілік туындады, әсіресе кризестік
тенденциялар туындағанда білінеді. Бірақ ұзақ уақыт бойы сақтандыруға
қатысты қалыптасқан көзқарас сақталып отыр және Отандық сақтандыру
нарығының сапалы түрленуіне тежеуші әсер етуде. Бірақ та, қазіргі кезде
басқарудың нарықтық жүйеге ауысқанын бері сақтандыру ісіне деген
консервативті көзқарас ашық айтылмаса да, стратегиялық маңыздылықтың
бағаланбай отырған элементтерін көру қиын емес.
Екіншіден, Қазақстандағы сақтандыру ісінің дамуына басқа да бұрынғы
социалистік елдердегі сияқты, сақтандыру компанияларының қызметінің артық
регламентациясы, олардың инвестиция қызметін катаң шектеу, капитализация
бойынша артық жоғары талаптар қою және тағы да басқалары. Сондай-ақ ерекше
атап өтетін жағдай ол сақтандыру компанияларының құқығын қолдан шектеу
жасау арқылы сақтандыру тарифтерінің өлшемін анықтау. Бұл іс жүзінде сатушы
мен сатып алушы арасындағы қарым-қатынас принцептері нарықтан аулақ екенін
көрсетеді.
Сақтандыру тарифтерінің мөлшерін қатаң бекіту, бәсекелестік деңгейін
төмендетеді, сақтандырудың кейбір жаппай түрлерін сақтандырушыларға аз
ұнамды етеді. Бекітілген тарифтер сақтандырушылардың қызмет ету сапасын
жоғарлатуға септігін тигізбейді. Бұл авто иелерінің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыруында анық көрінеді, сақтандырудың жаппай
түріне айналады және Қазақстанның нарықтық сақтандыруының негізгі үрдісін
қалыптастырады.
Қазақстандық сақтандыру компанияларының көбі, осы секторда қызмет
етеді, бірақ әлі де болса қызмет сапасы төмен деңгейде қалуды.
Сақтандырушылар жағынан тарифтер бойынша проблемалар туындайды, олар
экономикалық өмірдің өсуімен санаспайды. Бұған шетелден әкелетін авто
көліктердің көлемінің өсуі және осыған байланысты көп қалаларда көліктің
легінің артуы өз ықпалын тигізуде. Сақтандырушылардың сөзіне қарасақ олар
сақтандырудың бұл түріне сақтандыру заңына қарамастан қызығушылықтарын
жоғалтқан. Әліде сақтандырудың бұл түрімен айналысып жүрген сақтандыру
компанияларының өкілдерінің сөздеріне қарасақ, сақтандырудың бұл түрінен
шығындары аспандап барады, әсіресе Алматы Астана сияқты өте ірі қалаларда.
Күн өткен сайын ЖКО саны, келтірілген зиянның көлемі де артуда, осының
салдарынан төленетін төлемақылар сомасында артты. Егер бұрындары орташа
зиян 30-50 мың бағдарында болса, ал қазір әр ЖКО үшін сақтандырушылар одан
2-3 есе артық сома төлеуге мәжбүр. Ал орташа тариф болса, машинаның
маркасына қарай 5000 теңге жобасында.
Үшіншіден, Сақтандырушылардың жағынан автоиелерінің
азаматтық–құқықтық жауапкершілігі сияқты сақтандырудың жаппай түрі
негізінде статистикалық есепке алуын жасауды созуы сияқты субъективті
фактор өздігінен сақтандыру нарығының тұрақтануына тежегіш болып табылады.
Өйткені мемлекет тарапынан осы нарықты құруға деген ынталылықтың
жеткіліксіздігі, жақсы нәтиже әкелмеді, ал ондай факторлар жеткілікті
мөлшерде жиналып қалды.
Төртіншіден, Қазақстандағы сақтандыру нарығының дамуының қарқынымен
деңгейіне едәуір ықпал еткен фактор, құнды қағаздар нарығының
қалыптасуындағы баяулылық. Сақтандыру қызметінің қалыпты өсуі көп жағдайда
қолда шоғырланған қаржы көздерін сенімді және пайдалы орналастыруға тікелей
байланысты. Ұлттық құнды қағаздар нарығының жеткілікті деңгейде дамымауы
Қазақстандық сақтандыру компаниялары үшін ұзақ мерзім көлемінде рационалды
инвестиция портфелін құруда үлкен қиындықтар туындырады. Сонымен қатар,
ұлттық құнды қағаздар нарығында жекеменшік компаниялардың акцияларын сатып-
сатып алудағы көлемнің аздығы сақтандыру компанияларының капитализациясын
тежеуші фактор ретінде айтылып жүр.
Қазақстанның сақтандыру нарығы салыстырмалы түрде әлі жас, себебі
тәуелсіз даму 1992 жылдан басталады. Оған қарамастан тек қана Қазақстанның
сақтандыру нарығының дамуының ерекшеліктері бар:
- ұсынылып отырған сақтандыру өнімдерінің аздығы (барлық салаға 35-
40);
- нарықтың тығыз концентрациясы (10 үлкен компаниялардың үлесі 80%
құрайды);
- коорпоративті сақтандыруға ерекше көңіл бөлінуі;
- жинақтаушы сақтандыру түрлерінің дамымағандығы.
2007 жылдың 1 қаңтарына республикадағы қаржы нарығында Агенттікпен
берілген лицензиясы бар 40 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істеп
отыр, соның ішінде өмірді сақтандыру бойынша лицензиясы бар 5 ұйым
тіркелген, міндетті көлік иелерінің жауапкершілігін сақтандыру бойынша 30
ұйым тіркелген. Сонымен бірге сақтандыру нарығында 12 сақтандыру брокері
және 33 актуарийлер өз қызметтерін атқарып отыр.

Кесте 1
Ірі компаниялар, сақтандыру сыйақылары, млн. USD

Ірі сақтандыру компаниялары Сақтандыру сыйақылары, млн. USD
Евразия СК АҚ 87
Казахинстрах СК АҚ 54
АМСГ СК АҚ 45
Казкоммерц-полис СК АҚ 41
АТФ-полис СК АҚ 40
Аманат-иншуранс СК АҚ 38
НСК СК АҚ 29
Лондон-Алматы СК АҚ 22
AIG СК АҚ 22
Алтын-полис СК АҚ 18

Әдеттегідей, сақтандыру нарығын талдағанда сақтандыру ұйымдарының даму
жағдайы көрсететін шығын коэффиценті (сақтандыру төлемдерінің сақтық
сыйақысына қатынасы) маңызды көрсеткіш ретінде есептелінеді. Қазақстан
республикасында ол әлі де орташа есеппен 40 % аспай отыр, міндетті
сақтандыру бойынша – 38,9 %, ерікті жеке сақтандыру бойынша – 36,6 %,
ерікті мүлікті сақтандыру бойынша – 8 % құрап отыр. Сол арада бізге мәлім
шығын коэффиценті кейде 100 және одан аса пайызға жетеді. 2-кестеде
көрінетіндей 2000 жылдан бастап сақтандыру компанияларының саны 36-38
аралығында тұрақтанып отыр.

Кесте 2
Сақтандыру компанияларының динамикасы

Жылдар1997 1998 1999
2002 22 476 033 000 2 287 709 000 10,18
2003 28 440 076 000 4 161 755 000 14,63
2004 39 324 856 000 6 689 793 000 17,01
2005 65 731 789 000 10 693 502 000 16,27

Кесте 4 көретін болсақ, сақтандыру нарығы жылына кем дегенде 27% өсіп
келеді. Бірақ та, оптимистік перспективаларға қарамастан Қазақстан
Республикасының сақтандыру нарығының дамуында проблемалар бар.

Кесте 4
Сақтандыру нарығының орта жылдық өсім қарқыны

2002 жылы 2003 жылы 2004 жылы 2005 жылы
51 % 27 % 38 % 67 %

Капиталдандыру. Сақтандыру нарығының дамуына сақтандыру төлемдері мен
сыйақыларының, сақтанушы санының, шарттар мен сақтандыру объектілерінің
өсуі тән. Бірақ та, капиталдандырудың үлкен емес дәрежесі сақтандыру
ұйымдарының әлеуетті тәуекелін ұлғаюын көздейді. Сақтандыру компанияларының
активтерін және жеткілікті нормативін есептегенде негізгі құралдардың құны
ескерілмейді, ол сақтандыру компанияларының маңызды бөлігі болып
есептеледі, себебі сақтандырушының үлкен филиалдық желісі есепке алу қажет.

Салық салу мен аннуитет. Сақтандыру нарығын дамуытуға маңызды роль
атқаратын салықтық ынталандыру шаралары болып табылады, әсіресе оның
жинақтаушы түрлеріне. Мысалға, АҚШ пен Еуропалық Одақ елдерінде өмірді
жинақтаушы сақтандыру сыйақылары сақтандыру секторында жинақталған барлық
сыйақы сомасынан 50 %-тен аса жинақталады. Ал Қазақстанда өмірді сақтандыру
бойынша сақтық сыйақылары барлық сыйақы көлемінің 2 %-ке де жетпейді. Бұған
көбінесе сақтандыру сыйақыларына салық салу себеп болып отыр. Сақтандыру
ұйымының пайдасы аннуитет шарттың әрекет ету кезінде (5-10 жыл)
аннуиететтік өнімдерге әдеттегідей аннуитет құнынан 4-5 %-тен кем. Бұл
сақтандыру ұйымдарына аннуиетет шығарудың экономикалық жағынан тиімсіз
болып келеді.
Қайта сақтандыру шотына сыйақылардың шетелдерге кетуі. Тәуекелді қайта
сақтандырудың көп бөлігі шетелдерде жүзеге асырылады, себебі онда
сақтандыру компанияларының төменге капиталдандыруына байланысты. 5-
кестеде шетелге кеткен сыйақылардың сомасы бейнеленген. Одан көретініміз,
2002 жылдан бастап, жинақталған сақтандыру сыйақыларының көлемінен алатын
үлесі 2005 жылға шейін 68-39,7 %-ке шейін қысқарған, ал кеткен сомма саны
15,5 млрд. теңгеден 28,6 млрд. теңгеге шейін ұлғайған.

Кесте 5
Шетелдерге қайта сақтандыруға кеткен сыйақылар сомасы

Жыл Қайта сақтандыруға шетелге кеткен Жинақталған сыйақынының көлемінен
сомма, млрд. теңге алатын үлесі, %
2002 15,5 68
2003 15,7 54
2004 18,7 42,8
2005 26,6 39,7

Актуарлық қызмет. Актуарийлерді дайындап, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Сақтандырудың экономикалық мәні, арналымы
Сақтандыру туралы ақпарат
Сақтандыру курсына кіріспе
Жүктің сақтығын қамтамасыз етудің заманауи түрлері жайлы
Сақтандыру оқиғасынан зиян келтіру ықтималдығы
Өзара сақтандыру қоғамы
Қайта сақтандыру және оның сақтандырудағы мәні
Сақтандырудың экономикалық категоря ретіндегі ролі және әлеуметтік - экономикалық мәні
Әлеуметтік туризм нарығының құрылымы
Пәндер