Валютаның әлемдік тәжірибедегі нарығы
Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым министрлігі
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті
Экономика факультеті
Әлемдік экономика және
халықаралық экономика
кафедрасы
Курстық жұмыс
тақырыбы: Кедендік органдарының экспорттық-импорттық валюталық бақылауы
Орындаған: 3-курс студенті,
КІ мамандығы
________________________
Тексерген: э.ғ.д., профессор
Р.А.Қамшибаев
Алматы' 2009
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау. Қазақстан Республикасының кеден органдарындағы валюталық бақылау
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Валютаның әлемдік тәжірибедегі
нарығы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1.3 Валюта нарығындағы валюталық құндылықтарды қолданумен байланысты
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
II-тарау. Валюталық және экспорттық бақылау саласындағы кедендік
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы
функциясы ... ... ... ...11
2.2 Кеден органдары жүзеге асыратын экспорттық
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.3 Валюталық бағам және төлем
балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
III-тарау. Шағымды қарау және ол бойынша шешім
қабылдау ... ... ... ... ... ..18
3.1 Кеден органының және кеден органы лауазымды адамының шешіміне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
3.2 Кеден органының және кеден органы лауазымды адамының шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданудың оңайлатылған
тәртібі ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .24
Кіріспе
Ұлттық экономиканың халықаралық байланыстар жүйесіндегі тиімділігінің
артуы әр елдің өзінің валюталық саясатының дамуымен ерекшеленеді. Валюталық
саясат – бұл нақты принциптердің жиынтығын, мемлекеттің нақты бағыттарының
халықаралық деңгейдегі валюталық қатынастар.
Қазақстан Республикасының валюталық саясаты тәжірибе жүзінде өткізілуі
келесілерге бағытталған:
- Қазақстан Республикасының валюта-қаржылық механизмін нығайту, кредит
және төлем қабілеттілігін көтеру;
- Қазақстанға шетел инвестициясының пайдалы жағын қарастыру, отандық
және шетел капиталының шетелге ағылуын тоқтату;
- ұлттық валюта теңгені нығайту, дамыту, Қазақстанда валюталар
курсының тұрақтылығын ұстап тұру, домлорлықтық деңгейден тыс
аспауын бақылап отырады.
Валюталық бақылау - ваюталық реттеудің нормасы мен ережесінің,
мемлекеттік қадағалаудың әкімшілік құралы. Валюталық бақылау көптеген
елдердің дағдарыс жағдайындағы қаржының өзіндігімен, дербестігін сақтау
мақсатында, мемлекеттің ақша жүйесінің тұрақтылығын, ұлттық валюта ағымын
нығайту жағдайларында қолданылады.
Валюталық бақылаудың мақсаты экспорттық түсімнің толық және уақтылы
түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен қаражатты импорт
мақсатында пайдаланудың заңдылығын және негізділігін қамтамасыз ету болып
табылады.

жүйесі
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері
Валюта (италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн) – елдiң ақша бiрлiгi , оның
шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек
бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi
болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген
салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы
жағдайларын жетiлдiру – мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық
байланыстардың кеңеюiне әсер еттi.
Әлемдiк шаруашылық байланысы өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң
өзара қарым қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк
айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi.
Әлемдегi елдердiң қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және
несие иегi жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы
өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк
нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем
құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында,
әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының
бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше
айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие
– қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi.
Валюталық қатынастардың жекеленген елементтерi ерте Грецияда және
ертедегi Римдегi вексел түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне
Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында
орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады . Мұнда аудармалы вексел
бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және
өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы
халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әсемдiк
экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң
шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломация мен комерция, өнер кәсiптiк сауда мен өндiрiс
бiр – бiрiмен өзара бетеме байланысуы валюталық қарыс – қатынастардың
ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк
нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай
капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше .
Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң
сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым
деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта
түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң
арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi.
Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен
валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық
келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру
және реттеу формасын бiлдiредi.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
1. ұлттық валюталық жүйе;
2. дүниежүзлiк валюталық жүйе;
3. аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе тарихта, ұлттық
валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан.
Ұлттық валюталық жүйе – халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын,
ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны
пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi.
Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты.
Дүниежүзлiк валюталық жүйе XIX ғасырдың ортасына қарай құрылған.
Дүниежүзлк валюталық жүйе – бұл халықаралық несие қаржы
институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз
ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың
нормалар кешенiн құрайды.
Аймақтық валюталық жүйе өнеркәсiбi дамыған елдердiң әлемдiк
валюталық жүйе тереңдiгiне құрылады . Мысалы , европалық валюталық
жүйе бұл еуропалық қоғамдастыққа мүше елдердiң қоғамдастық валюта
аймағында ұйымдастырылуы эконномикалық формасындағы катынастырды
бiлдiредi.
Ұлттық және дүниежүзлiк валюталық жүйелер арасындағы байланыстар
мен айырмашылықтары олардың негiзгi элементтерiнен көрiнедi. Оны келесi
суреттен көре аламыз.
Кесте 1. Ұлттық және дүниежүзілiк валюталық жүйенiң негiзгi элементтерi
Ұлттық валюталық жүйе Дүниежүзлiк валюталық жүйе
1.Ұлттық валюта. Резервтк валютлар, халықаралық
есептесу, валюталық бiрлiктер.
2.Ұлттық валютаның алмастырылу Валюталрдың өзара алмастырылуы
шарты .
3. Ұлттық валюта паритетi. Валюталық паритеттiң ортақ режимi
4. Ұлттық валюта бағамының режимi Валюталық бағамдар режимiнiң
регламентациясы.
5. Валюталық шектеудiң, валюталық Валюталық шектеудi мемлекет аралық
бақылаудың болуы немесе болмауы . реттеу
6. Елдiң халықаралық валюталық Халықаралық валюталық өтiмдiлiктi
өтiмдiлiгiн реттеу. мемлекет аралық реттеу.
7. Халықаралық несиелiк айналыс Халықаралық несилiк айналыс
құралдарын пайдалануды регламенттеу.құрылыстарды пайдаланудың
ережелерiнiң бiртұтастығы
8. Елдiң халықаралық есеп Халықаралық есеп айырысудың
айырысуларын регламенттеу. негiзгi формаларының бiр
тұтастығы.
9. Ұлттық валюталық рынок пен Дүниежүзлiк валюталық рыноктар
алтын рыногiнiң режимi. мен алтын рыноктарының режимi.
10. Елдiң валюталық қатынастарын Мемлекет аралық валюталық реттеудi
басқаратын және реттейтiн үлттық жүзеге асыратын халықаралық
ұйымдар. ұйымдар.
Экономикалықадағы төлем балансында көрiнетiн өзгерiстер түбiнде келiп
валюта курсына ықпал жасайды. Валюта нарығы өз жағынан пассивтiк бiлдiрмей,
белсендi түрде экономикадағы процестерге әсер етедi. Мемлекетiк валюта
нарығын реттеу саясаты оның экономика процестерiне қатынасуының әр түрлi
дәрежесiмен сипатталады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне
байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың
негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның
құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық
қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi
жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн
жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен
жүргiзiледi:
1-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың
түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс
сақталады.
2-шi кезең, жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен
аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең, толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
Дүниежүзлiк ваюталардың жүйенiң мынандай эвалюциялары белгiлi:
1. Жаңа валюталық жүйенiң құрылуының алғы шарттары.
2. Париждiң валюталық жүйесi.
3. Генуэз валюталық жүйесi.
4. Бреттон – Вудс валюталық жүйесi.
5. Ямайка валюталық жүйесi.
6. Еуропалық валюталық жүйесi.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты
ерекшелiктерi келесiдей:
• циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүние жүзлiк экономикалық және
ақша несиесiмен байланысты болды;
• құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк
стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
• ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ–ның Бреттон–Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық
конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық,
несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi
бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон – Вудс валюталық жүйенiң
дағдарысқа ұшырауы. 1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ - ға мүше елдердiң
Кинготондағы келiсiмi ХВК – дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып,
төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
• Алтын – девиз стандартты орнына СДР стандарты енгiзiлдi;
• Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық
берiлдi.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
1. эмиссиялау және басу;
2. қамтамасыз ету;
3. бағамды анықтау әдiсi;
4. СДР-дiң пайдалану ауқымы;
Еуропалық валюталық жүйе, экономикалық интеграциялану процесiн
ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму
себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас
орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық
тұрақсыздағы жатады . Еуропалық экономикалық қоғамдастық – бұл батыс
еуропа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын
бiлдiредi , ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия,
Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған
келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет
етедi.
Батыс еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен
ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және
шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ
болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ – ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына
жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
• Еувропалық кеңес;
• Министiрлер кеңесi – заң шығарушы орган;
• ЕҚ комисиясы – атқарушы орган
• Еуропалық парламент – кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер
кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты – құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ –
тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет
етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Евро қолма – қолсыз төлемдер үшiн
мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық
одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен
бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
Бiрiншiден, Еуро – алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген;
екiншiден, ЕҚ – қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын
қоры құралған.
1.2 Валютаның әлемдік тәжірибедегі нарығы

мақсатында пайдаланудың заңдылығы және теңгемен қаражатты импорт мақсатында
пайдаланудың заңдылығы және негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.
Экспорт бойынша төлем экспорт күніне дейін 180 күннен аспайтын мерзімде
жасалған экспортер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің тіркеу куәлігін алуы міндетті. Импортер
Қазақстан Республикасына құны тауарға төленген ақша сомасына тең келетін
тауарды әкелуге барлық шараларды қолдануға міндетті. Ал ол тауар
әкелінбеген жағдайларда бұрын аударылған ақшаны келісімшартта белгіленген
мерзімде, бірақ аударылағн күннен бастап 180 күннен кешіктірмей өзінің
есепшотына қайтаруы керек. Резидент пен резидент емес арасында шетел
валютасымен және теңгемен жүргізілетін операциялар бойынша жасалған
төлемдер мен ақша аударымы тек олардың банктік есепшот арқылы жүзеге
асырылады. Сыртқы экономиканың келісімшартының әрқайсысы бойынша
резиденттердің есепшотын жүргізіп отыратын бір банк қол қоятын 1 мәміле
куәлігі ресімделеді.
Экспорт бойынша мәміле куәлігін салыстыру актісі дегеніміз - өкілетті
банк органдары жүргізген экспорт-импорт бойынша мәміле куәлігін салыстырып
тексеру нәтижелерімен ресімделген акт.
Валюталық бақылау құжаттары:
- экспорт-импорт бойынша мәміле куәлігі және оған қосымша парақтар;
- өкілетті банктер немесе кеден органдары жіберетін
вадюталықбақылауына және оның жабылуына мәміле куәлігінің
қабылданғаны туралы хабарлар;
- экспорт бойынша мәміле куәлігін салыстырып тексеру актісі;
- экспорттық түсімнің импорт бойынша төлемнің жүргізілуін немесе
қайтарылғанын растайтын төлем құжатының көшірмелері. Экспортер
беретін ЖКД, тауар-көлік құжаттары, есепшот фактуралар және т.б.
- өкілетті банктердің жасалған төлемдер туралы кеден органына
жіберетін хабарламалары мен анықтамалары;
- кеден органының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
тауардың нақты ауысуы туралы кеден органына жіберетін хабарламасы;
- банктердің төлемінің түскені туралы экспортердің мекенжайына
жіберген хабарлама.
Экспорт бойынша мәміле куәлігінің электронды көшірмесі. Экспорт бойынша
мәміле куәлігі – валюталық бақылау құжаты, оны экспортер толтырады және
онда сыртқы экономикалық мәміле туралы мәліметтер болады. Экспорт жөніндегі
журнал – экспорт бойынша мәміле куәлігін, қосымша парақты қабылдау туралы
хабарламаны жеке есепке алу үшін банк пен кеден органы жүргізіп отырады.
Экспорт жөніндегі іс - өкілетті банк ресімдеген әрбір экспорт жөніндегі
мәміле куәлігі бойынша өз құзыреті шегінде өкілетті банк жүргізетін
валюталық бақылауының арнайы іріктелген құжаттары. Экспорт жөніндегі журнал
– экспорт бойынша мәміле куәлігін, импорт бойынша мәміле куәлігіне қосымша
парақты қабылдау туралы хабарламаны жекеесепке алу үшін банк пен кеден
органдары жүргізіп отыратын журнал. Кеден органының жазбаша келісімімен
және өкілетті банк тер кеден органымен бірлесе отырып құжаттарды сақтауды
және іркіліссіз жеткізуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жасайтын болса,
уәкілетті банктер мен кеден органдары құжаттарды алмасуға электронды
алмасуға көше алады.

қызметі
Уәкілетті банк экспортердің банктік есепшотына экспорт түсімін
есептеуді және импортмақсатына төлемдер жасауды нұсқау талаптарына сәйкес
мәміле куәлігін ресімдегеннен кейін ғана жүзеге асырады.
Экспортеримпортер түскен сомаларды бірегейлендіруді жеңілдету
мақсатында шетелдік төлем жасаушыға экспортердіңимпортердің пайдасына ақша
аудару үшін төлем құжатында келісімшарт деректемелері мен мәміле куәлігінің
нөмірін көрсету қажеттігін хабарлайды. Уәкілетті банктің нақты түскен
ақшаны мәміле куәлігіне енгізуі үшін банкаралық құжатта қажетті деректер
болмаған жағдайда, уәкілетті банк оларды экспоретрдіңимпортердің банктік
есепшотына аударады және сонымен қатар бірегейлендіруге болмайтын осындай
түсімдер туралы оған хабарлайды.
Экспортеримпортер уәкілетті банктің жазбаша хабарламасын алғаннан
кейін, уәкілетті банкке келісімшарт деректемелері мен мәміле паспортының
нөмірін көрсете отырып, түскен соманың сипаты туралы жазбаша хабарлауға, ал
егер осы келісімшарт бойынша ақша басқа банкке түскен, басқа банкке де
уәкілетті банктегі өзінің банктік есепшотына түскен ақшаны толық сомада
аударуға тапсырма беруге міндетті. Экспортеримпортер жапсырмамен қоса
басқа банк үшін аударымды жүзеге асыруға негіздеме болатын аударым
өтінішмен мәміле куәлігінің уәкілетті банк куәландырылған данасын береді.
Экспортердіңимпортердің банктік есепшотына түскен және олардың
бірегейлендірілмеген нақты мәміле куәлігі бойынша ақшаны Қазақстан
Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жүзеге асырылатын
төлемдерден басқасын экспортеримпортер ақша төлемдерін және аударымдарын
жүзеге асыру үшін олар бірегейлендірілгенге дейін пайдалана алмайды.
Экспортердіңимпортердің жазбаша келісімі болған жағдайда уәкілетті
банк экспортердің банктік есепшотынан мәміле куәлігі бойынша ақша алуға
және олар бірегейлендіргенге дейін транзиттік есепшотқа есепке алуға
құқылы. Егер келісмшарт бойынша валюта коды валюта төлемінің кодымен сәйкес
келмесе, өкілетті банк экспортердіңимпортердің келісімімен оның банктік
есепшотына түскен ақшаны экспортерменимпортермен келісілген бағам бойынша
келісімшарт талаптарында көзделген валютаға айырбастайды.
Есептеу шетел валютасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
белгілейтін ресми бағамы арқылы, не төлем жасалатын күні шетел валютасының
теңгеге кросс-бағамы арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің ресми бағамында есептелген кросс-бағамда 10%-дан аспайтын
айырма болуы мүмкін.
II-тарау. Валюталық және экспорттық бақылау саласындағы кедендік бақылау
2.1 Кеден органдарының валюталық бақылау саласындағы функциясы
Кеден органдары өз өкілеттіктерінің шегінде Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу кезінде
Қазақстан Республикасы валюталық заңдарының сақталуына бақылауды қамтамасыз
етеді.
Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын сақтау мақсатында кеден
органдары:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың Қазақстан
Республикасының валюталық заңдарын сақтауын бақылауды қамтамасыз етеді;
2) Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес тауарлардың
және көлік құралдарының Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы
қозғалысы туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін хабардар етеді;
3) кеден органдары анықтаған Қазақстан Республикасының валюталық
заңдарын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін және
екінші деңгейдегі банктерді хабардар етеді.
Валюталық реттеу. Валюталық реттеудің негізі Валюталық реттеу мен
валюталық бақылау туралы Қазақстан Республикасының Заңында және 2007 жыл 1
қаңтарында енгізілген (2006 жылдың 10 қазанынан бастап) Қазақстан
Республикасындағы экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асырудың
жаңа Тәртібімен қарастырылған.
Экспортты-импорттық валюталық бақылау тәсімі экспортшылар мен
импортшылар үшін көптеген рәсімдерді оңайлатуды қарастырады, өйткені,
жауапкершілікке тарту және төлқұжаттар келісімін рәсімдеу бойынша кедендік
органдардың қызметтерін алып тастайды.
Төлқұжат келісімін рәсімдеу есептік сипат алады (өйткені төлқұжат
келісімдері клиентке қызмет көрсететін банкте рәсімделеді), ал қосарланған
шектеулер, мәселен мынандай, экспортталатын тауар тізімі, тіркеу куәлігі,
лизенция болмаған жағдайда рәсімдеуден бас тарта алмайды. Төлқұжат
келісімінің өз қалыбы сондай-ақ оңайландырылған және ішкі экономикалық
келісімге қатысушы мен келісім туралы азғана мәліметтерден тұрады.
Экспорттық-импорттық валюталық реттеу саласындағы өзгерістерге 2007
жылдың қаңтарынан өкілетті банкке экспорт немесе импорт бойынша келісім
жөнінде ақша аудару-пайданың қайтып оралуына талаптардың өзгеруін жатқызуға
болады. Егер бұрын пайданың қайтып оралуы бойынша талап 180 заңдық мерзімде
қатаң белгіленген бекітумен байланысты болатын, ал қазір жаңа тәртіпке
сәйкес, пайданың қайтып оралуы бойынша талаптар экспорт-импорт операциялар
бойынша бекітілген келісім-шарттың мерзімімен анықталады.
2.2 Кеден органдары жүзеге асыратын экспорттық бақылау
Экспорттық бақылау органы ретіндегі кеден органы:
- Кеден органдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз
құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы реттеуді жүзеге
асырады.
- Уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз
құзыреті шегінде экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық
актілерді шығару жолымен кеден органдарының функциялары мен
өкілеттіктерін айқындайды.
Кеден органдарының экспорттық бақылау саласындағы құзыреті:
- Кеден органдары экспорттық бақылауға жататын тауарлардың Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы өтуі кезінде оларға кедендік
бақылауды жүзеге асырады.
- Кеден органдары экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық
базаны қалыптастыруға қатысады, экспорттық бақылауға жататын
өнімдердің Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы заңсыз
өткізілуінің алдын алады және жолын кеседі.
- Кеден органдарының экспорттық бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті
лауазымды адамдары сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан және
өзге де тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан өздері алған
ақпараттың жасырындығын сақтауға міндетті.
2.3 Валюталық бағам және төлем балансы
Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесiнiң маңызды элементiнiң бiрi
валюта бағамы болып табылады. Себебi, халықаралық экономикалық қатынастар
дамуы әрбiр елдердiң валюталары құнының арақатынасы өлшемiн талап етедi.
Валюта бағамының өлшемi төмендегi жағдайлар үшiн қажет:
• Тауарлар мен көрсетiлген қызметтердiң халықаралық сауда барысында
өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердiң қозғалысын реттеу үшiн,
экспорттаушы шетелдiк валютадағы түсiмiн ұлттық валютаға айырбастауда,
импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшiн шетелдiк
валютаны алу кезiнде, валюталармен өзара байланыстардың
қажеттiлiгiнен;
• Дүниежүзлiк және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе
шетелдiк валюталарды бейнелеген әр түрлi елдердiң құндық
көрсеткiштерiн салыстыру негiзiнде;
• Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы
қайта бағалап отыруыа байланысты.
Валюталық бағам дегенiмiз – бұл бiр елдiң ақша бiрлiгiнiң
басқа бiр елдiң ақша бiрлiктерiне бейнеленген бағасы. Әрбiр елдiң
ұлттық ваюталарын салыстыру оларды өндiрiс және айырбас процесiнде
пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық
бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген
факторларға байланысты өзгередi.
Тауарлармен, қызметтермен саудаласқанда, капиталдар мен несиелердiң
қозғалысы кезiнде, дүниежүзiлiк және ұлттық рыноктардың бағаларын,
сонымен бiрге әр алуан елдердiң ұлттық немесешетелдiк валюталарға
шаққандағы құндық көрсеткiштердi салыстыраған уақытта валюталық бағам аса
қажет.
Валюталық бағам мынадай факторлардың ықпалымен қалыптасады:
1. Құнсыздану қарқыны. Сатып алу қабiлетiне қарай құндылық заңының әрекетiн
бейнелейтiн валюталар арақатынасы валюталықбағамның өзiне тән қызмет
етедi. Сондықтан валюталық бағамға құнсыздану қарқыны әсер етедi. Басқа
факторлар қарсы әрекет етпесе, елдегi құнсыздану қарқыны неғұрлым
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz