Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2

Тарау 1. Көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кедендік шекарасы
арқылы өткізу тәртібі.

1.1. Көлік құралдарын Қазақстан
Республикасының ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
кедендік шекарасы арқылы өткізу туралы
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .4
1.2. Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік
режимдер ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Көлік құралдарын өткізу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
1.4. Көлік құралдарын кедендік алып жүру
рәсімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 18

Тарау 2. ОҚО Кеден Бақылау Департаментінде әр түрлі көліктермен тауарлар
тасымалдау кезіндегі кедендік бақылаудың ерекшеліктері.

2.1. Теміржол тасымалдаундағы кедендік
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.2. Әуе тасымалының кедендік
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
2.3. Авто-көлік тасымалдауындағы кедендік
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
2.4. Су тасымалы көліктеріндегі кедендік
бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 34
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 36

Кіріспе
Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу
кезiнде тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзудiң шарты кедендiк шекарадан iс
жүзiнде өту және Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген iс-
әрекеттердi жасау болып табылады. Көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағынан әкету кезiнде өткiзудiң шарты кедендiк
декларация беру немесе тауарлар мен көлiк құралдарын әкетуге бағытталған
өзге де iс-әрекеттер болып табылады. Көлiк құралдарын әкетудi немесе
қайтаруды тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi адам не тасымалдаушы
жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге немесе
аталған аумақ шегiнен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен
көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе
халықаралық шарттарында белгiленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан
Республикасының кеден органдары жiбередi. Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк құралдары өткiзу пункттерi арқылы
ғана өткiзiледi және олар осы Кодексте көзделген кедендiк рәсiмдердi жүзеге
асыру үшiн аялдауға және тоқтауға тиiс.
      Кедендiк
рәсiмдердiң басталуы мен аяқталуы кеден органдарына қатысы жоқ себептер
бойынша жүзеге асырылмайтын жағдайларды қоспағанда, осы аталған көлiк
құралдарының тұру ұзақтығы өте қысқа болуы және ұлттық темiржол
компаниясымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган және шекара бақылау органдары
белгiлеген темiр жол көлiгiне арналған уақыттан, автомобиль көлiгi үшiн -
бес сағатқа дейiнгi, теңiз, iшкi су көлiгi үшiн бiр
тәулiккедейiнгiуақыттанаспауытиiс.
      Көлiк құралдарының тұрған орындарынан жөнелтiлуi Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына кiруi кезiнде көзделген кедендiк рәсiмдер
аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.    Тасымалдаушы көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiне көлiк құралдары
тiкелей келген кезде Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда
көзделген тасымалдаушының көлiк құжаттарын кеден органына ұсынуы арқылы
декларациялайды.       Көлiк
құралдарын уақытша әкелудi немесе уақытша әкетудi кедендiк ресiмдеу
тасымалдаушы берген көлiк құжатына кеден органының тиiстi белгiлерiн қою
жолымен жүзеге асырылады.
          Бос автокөлiк құралын уақытша әкелу кезiнде кеден органы шетелдiк
бос автокөлiк құралының әкелу куәлiгiн ресiмдеудi жүргiзедi, оны толтырудың
нысаны мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан автокөлiк құралын
керi әкету кезiнде кеден органына автокөлiк құралының Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына уақытша әкелiнгендiгiн растайтын құжаттар
берiлуi тиiс.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге
әкетiлмеген уақытша әкелiнген көлiк құралдарының немесе Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына әкелiнбеген уақытша әкетiлген көлiк
құралдарының ауыстырылған қосалқы бөлшектерi мен жабдықтары осы Кодексте
көзделген тәртiппен кедендiк ресiмдеуге жатады
      Уақытша әкелiнген көлiк құралын пайдалану және (немесе) оларға
билiк ету не иелiктен шығару құқығы қазақстандық тұлғаға не уақытша
әкетiлген көлiк құралы шетелдiк тұлғаға берiлген жағдайда, көлiк құралын
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы iс жүзiнде өткiзудi
жүзеге асырған тұлға тиiстi кедендiк режимiн мәлiмдеуге мiндеттi.
Уақытша әкелiнген көлiк құралын қайта әкету көзделген тауарлар мен
көлiк құралдарын жеткiзудiң мерзiмдерi ескерiле отырып, оларды жүзеге асыру
үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тасымалдау
операциялары аяқталғаннан кейiн дереу жүзеге асырылуы тиiс.
      Көлiк құралдарын қайта әкету және қайта әкелу кедендiк
төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу
шаралары қолданылмай оңайлатылған тәртiппен жүзеге асырылады.

Тарау 1. Көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кедендік шекарасы
арқылы өткізу тәртібі.

1.1. Көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кедендік шекарасы арқылы
өткізу туралы ережелері.
Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген
жағдайларды қоспағанда, барлық тұлғалардың мен көлiк құралдарын Қазақстан
Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге және оларды
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тең негiздерде құқығы
бар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...
Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен және Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк қаулыларымен көлiк құралдарын
Қазақстан Республикасына әкелуге, Қазақстан Республикасынан әкетуге және
оларды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеуге тыйым салулар
мен шектеулер, Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы
өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты тарифтiк және тарифтiк
емес реттеу шаралары белгiленуi мүмкiн. Көлiк құралдарын
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелу кезiнде тауарлар мен
көлiк құралдарын өткiзудiң шарты кедендiк шекарадан iс жүзiнде өту және
Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгiленген iс-әрекеттердi жасау
болып табылады.
Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету
кезiнде өткiзудiң шарты кедендiк декларация беру немесе тауарлар мен көлiк
құралдарын әкетуге бағытталған өзге де iс-әрекеттер болып табылады.
Өзге iс-
әрекеттерге: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .
      1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге кететiн жеке адамның
кедендiк бақылау аймағына
кiруi ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
      2) тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзушi тұлғаның тауарлар мен
көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан әкету туралы
хабарлама
беруi; ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..
      3) автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
шығу мақсатымен Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу
пунктiне
енуi; ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..
      4) Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс жерлерге жөнелту
үшiн тауарларды көлiк саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы
тұлғаларға не халықаралық почта жөнелтiмдерiн халықаралық почта қызметiн
көрсетушi ұйымдарға тапсыру жатады ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
      3. Валюталық құндылықтарды Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасы арқылы өткiзу Қазақстан Республикасының валюталық заңдарына сәйкес
жүзеге асырылады.
      Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн көлiк
құралдары Қазақстан Республикасының кеден заңдарында көзделген тәртiпте
және шарттарда кедендiк ресiмделуге тиiс.
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн көлiк
құралдары тұлғаның таңдауы бойынша Кодексте көзделген тәртiпте және
шарттарда белгiлi бiр кедендiк режимге орналастырылады.. Көлiк құралдарының
кедендiк режимiн тұлға осы Кодексте көзделген тәртiпте және шарттарда
Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлген көлiк
құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендiк режимге
өзгертуi мүмкiн. Тарифтiк емес реттеуге жататын
тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзу кезiнде, Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген
жағдайларда, декларант Қазақстан Республикасының кеден органдарына тарифтiк
емес реттеу шараларының сақталғандығын растайтын құжаттарды табыс етуге
мiндеттi.
Әкелуге және әкетуге тыйым салынған көлiк құралдары, егер
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе Қазақстан Республикасы
бекiткен халықаралық шарттарда осындай тауарлар мен көлiк құралдарын
тәркiлеу көзделмесе, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тыс
жерлерге дереу әкетiлуге не тиiсiнше аталған аумаққа қайтарылуға жатады.
      Көлiк құралдарын әкетудi немесе қайтаруды тауарлар мен көлiк
құралдарын өткiзушi адам не тасымалдаушы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелуге немесе аталған аумақ
шегiнен тыс жерлерге әкетуге шектеу қойылған тауарлар мен көлiк құралдарын
Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе халықаралық шарттарында
белгiленген талаптар сақталған жағдайда Қазақстан Республикасының кеден
органдары жiбередi. Көлiк құралдары жiберiлгенге
дейiн оларды пайдалану мен оларға билiк ету Кодексте көзделген тәртiпте
және жағдайларда жүзеге асырылады.
Тауарлар мен көлiк құралдары жiберiлгеннен кейiн оларды пайдалану және
оларға билiк ету мәлiмделген кедендiк режимнiң шарттарына сәйкес жүзеге
асырылады. Қазақстан
Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк
құралдары кедендiк бақылауға жатады. Кедендiк бақылауды Кодексте
белгiленген тәртiп пен нысандарда Қазақстан Республикасының кеден органдары
жүзеге асырады Кедендiк ресiмдеу Кодексте және соған сәйкес қабылданатын
кеден iсi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалатын тәртiппен
жүргiзiледi.
      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес кедендiк
ресiмдеудi оңайлату және жеделдету мақсатында басқа мемлекеттердiң кедендiк
ресiмдеу үшiн пайдаланылатын кедендiк құжаттары қолданылуы мүмкiн. Кедендiк
ресiмдеудi жүргiзудiң тәртiбi мен технологиясы мыналарға:
      Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн
тауарлардың санаттарына;
-осындай өткiзу үшiн пайдаланылатын көлiк түрiне;
-тауарларды өткiзетiн тұлғаларға байланысты сараланған.
-Кедендiк рәсiмдер тауарлар шығарылатын, жөнелтiлетiн және
жеткiзiлетiн елге қарамастан бiрдей қолданылады.
       Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк ресiмдеу - кедендiк шекара
арқылы өткiзiлетiн тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды кеден
органына берген, ал осы Кодексте көзделген жағдайларда тұлғаның ауызша
мәлiмдеуi не кедендiк ресiмдеудi жүзеге асыру ниетiн куәландыратын өзге де
iс-әрекеттер жасаған кезiнен басталады.
      Ветеринариялық, фитосанитариялық және мемлекеттiк бақылаудың басқа
да түрлерiне қатысты кедендiк ресiмдеу осындай бақылауды жүзеге асыратын
тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдармен келiскеннен кейiн ғана аяқталуы
мүмкiн. Кедендiк
ресiмдеу тауарларды кедендiк режимге орналастыру үшiн осы Кодекске сәйкес
қажеттi кедендiк операциялар жасалғаннан кейiн, сондай-ақ кедендiк төлемдер
және салықтар есептелiп, өндiрiлiп алынғаннан кейiн аяқталады. Тауарлар мен
көлiк құралдарын декларациялау және оларды белгiлi бiр кедендiк режимге
орналастыру бойынша iс-әрекет негiзгi кедендiк ресiмдеу деп танылады.
Тауарларды негiзгi кедендiк
ресiмдеу жөнiндегi кедендiк операциялар кеден органдары орналасқан жерде
және олардың жұмыс уақытында жасалады.
      Декларанттың дәлелдi сұрауы бойынша тауарларды негiзгi кедендiк
ресiмдеу жөнiндегi кедендiк операциялар осы Кодекстiң 20-22-баптарына
сәйкес кеден органдары орналасқан жерден тыс және олардың жұмыс уақытынан
тыс жасалуы мүмкiн.
Құжаттар мен мәлiметтер:
      Кедендiк ресiмдеудi жүргiзу кезiнде осы Кодексте белгiленген
тұлғалар кеден органдарына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен
мәлiметтердi беруге мiндеттi.
Кеден органдары орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген Қазақстан
Республикасы заңдары талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үшiн қажеттi
құжаттар мен мәлiметтердi талап етуге құқылы.
      Кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi және оларды
беру мерзiмi осы Кодексте белгiленедi.
Кеден органдарының кедендiк ресiмдеу кезiнде құжаттарда кеден органдарының
шешiмдерiн қабылдауға әсер ететiн негiзгi деректердi өзгертпейтiн қате
басылған жазбалар, техникалық немесе грамматикалық қателер болуы себептi
құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ.
      Кеден органдарына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар электронды
түрде берiлуi мүмкiн. Бұл құжаттарды беру мен сақтау шарттарын уәкiлеттi
орган айқындайды.
Тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен
олардың өкiлдерi кедендiк ресiмдеу кезiнде қатысуға құқылы.
      Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тұлғалар мен олардың өкiлдерi
кеден органының дәлелдi талап етуi бойынша кедендiк ресiмдеу кезiнде
қатысуға және оны жүргiзуде кеден органдарының лауазымды адамдарына жәрдем
көрсетуге мiндеттi. Кедендiк
мақсаттар үшiн құжаттарды толтыруды қоса алғанда, кедендiк ресiмдеу
мемлекеттiк тiлде және орыс тiлiнде жүргiзiледi.
      Уәкiлеттi орган шет тiлдерiнде жасалған құжаттар мен мәлiметтердi
кедендiк мақсаттар үшiн кеден органдарының қабылдауы және пайдалануы мүмкiн
жағдайларды белгiлеуге құқылы.
            Егер Кодексте өзгеше көзделмесе, тауарлармен жасалатын жүк
және өзге де операциялар кеден органдарының рұқсатымен ғана жүргiзiлуi
мүмкiн және кеден органы үшiн қандай да бiр қосымша шығыстарға әкеп
соқпауға тиiс.      Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлар
мен көлiк құралдарына қатысты кедендiк ресiмдеу аяқталмаған болса, оларды
пайдалануға және оларға билiк етуге жол берiлмейдi. Кедендiк
бақылаудағы тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн тауарларға қатысты
өкiлеттiктерi бар тұлғалар, олардың өкiлдерi, сондай-ақ кеден органымен
келiсе отырып, тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар iрiктеп алуы мүмкiн.
Сынамалар мен үлгiлер осы
сынамалар мен үлгiлердi зерттеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн ең аз
мөлшерлерде iрiктеп алынады. Кеден бақылауындағы тауарлардың сынамалары мен
үлгiлерiн iрiктеп алу туралы уәкiлеттi орган белгiлейтiн нысан бойынша акт
жасалады.
      Тауарларға қатысты өкiлеттiктерi бар тұлғалар мен олардың өкiлдерi
тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн кеден органдарының лауазымды адамдары,
сондай-ақ тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар iрiктеп алған кезде
қатысады. Кеден
органдарының лауазымды адамдары тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн тиiстi
уәкiлеттi мемлекеттiк органдар, сондай-ақ тауарларға қатысты өкiлеттiктерi
бар тұлғалар және олардың өкiлдерi iрiктеп алған кезде қатысады.
      Аталған тұлғалар және олардың өкiлдерi кеден органдарының лауазымды
адамдарына тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуы кезiнде жәрдем
көрсетуге, соның iшiнде сынамалар мен үлгiлер алу үшiн қажеттi жүк және
өзге де операцияларды өз есебiнен жүзеге асыруға мiндеттi.
      Кеден органдары тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органдар iрiктеп алған
тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiне өткiзiлген зерттеу нәтижелерi туралы
хабардар етiлуге тиiс. Кеден
органдары тауарлардың осы Кодекстiң талаптарына сәйкес iрiктеп алынған
сынамалары мен үлгiлерiн iрiктеп алуға байланысты шығыстарды өтемейдi.
Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн
iрiктеп алу тәртiбiн, оларды зерттеу мерзiмi мен тәртiбiн уәкiлеттi орган
белгiлейдi.
     Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына табиғи зiлзаланың,
авариялардың, апаттардың зардаптарын жоюға қажеттi тауарларды, сондай-ақ
тез бұзылатын тауарларды, тiрi жануарларды, радиоактивтi материалдарды,
жарылғыш заттарды, экспресс-жүктердi, iзгiлiк және техникалық көмектi,
бұқаралық ақпарат мақсаты үшiн хабарламалар мен материалдарды және осы
тектес басқа тауарларды әкелу және осы аумақтан әкету кезiнде кедендiк
ресiмдеу басым тәртiпте жүргiзiледi.
      Кеден брокерi ретiндегi қызметтi жүзеге асыруға лицензиясы бар
мамандандырылған көлiк-экспедициялық ұйымдар жетпiс екi сағат iшiнде
алушыға дейiн жеткiзу мақсатында көлiктiң кез келген түрiмен өткiзiлетiн
тауарлар экспресс-жүк деп танылады. Кедендiк
ресiмдеудiң басым тәртiбiнде жүктiң толық кедендiк декларациясын кеден
органына кейiннен бере отырып, уақытша кедендiк декларация ретiнде
қаралатын өтiнiш және тауардың iлеспе құжаттарын беру көзделедi.
      Өтiнiште тауарларды жiберушiлер мен алушылар, тауарлар жiберетiн және
жеткiзiлетiн елдер туралы мәлiметтер, тауарлардың атауы, сипаты, саны,
брутто салмағы және құны, тауарларды пайдалану мақсаты туралы, сондай-ақ,
мәлiмделетiн тауарларды орналастыру болжанатын кедендiк режим туралы
мәлiмет, жүктiң кедендiк декларациясын, кедендiк мақсат үшiн қажеттi
құжаттар мен мәлiметтердi белгiленген мерзiмде беру туралы мiндеттеме
болуға тиiс. Жүктiң толық
кедендiк декларациясы тауарлардың шартты шығу күнiнен бастап күнтiзбелiк
отыз күннен кешiктiрiлмей кеден органына берiледi.
      Кедендiк ресiмдеу кезiнде декларанттың өтiнiшi мен тауардың iлеспе
құжаттарын кеден органы тiркеген күнi қолданыста болған нормативтiк
құқықтық актiлер қолданылады. Кедендiк
төлемдер және салықтар салынатын тауарлар кедендiк төлемдердiң және
салықтардың төленуi қамтамасыз етiлген жағдайда ғана басым тәртiппен
ресiмделедi.
Авариялық жағдай туындаған кезде электрэнергиясы берiлген жағдайда
авариялық жағдай туындаған кезден бастап үш тәулiк iшiнде кеден органына
берiлетiн диспетчерлiк өтiнiмдi уақытша кедендiк декларация деп қарауға
болады.        Кедендiк ресiмдеудi жетiлдiру мақсатында уәкiлеттi орган
тауарлар мен көлiк құралдарын бiрдейлендiру үшiн қажеттi мәлiметтердiң ең
аз көлемi берiлген кезде тауарлар мен көлiк құралдарын шығаруды көздейтiн,
тауарлар мен көлiк құралдарын ресiмдеудiң оңайлатылған тәртiбiн белгiлеуге
құқылы. Тауарлар
сот шешiмi бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылғаннан басқа жағдайларда,
олар Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлген,
кедендiк режим өзгерген кезде кеден органдарында декларациялануға тиiс.
Егер Қазақстан Республикасының кеден заңдарында өзгеше белгiленбесе,
тауарларды декларациялау тауарларды кедендiк ресiмдеу жүзеге асырылатын
кеден органында жүргiзiледi.
      Уәкiлеттi орган тауарлардың жекелеген санаттарын декларациялау
белгiлi бiр кеден органында ғана жүргiзiле алатынын айқындауға құқылы.   
Мына тұлғалар:
-қазақстандық тұлғалар;
- шетелдiк жеке тұлғалар (оңайлатылған немесе жеңiлдетiлген тәртiппен
өткiзген кезде);
-осы Кодекстiң 36-тарауына сәйкес кедендiк төлемдер бойынша жеңiлдiктердi
пайдаланатын шетелдiк тұлғалар;
-Қазақстан Республикасының аумағында белгiленген тәртiппен тiркелген
шетелдiк ұйымдардың өкiлдiктерi осындай өкiлдiктердiң өз қажетi үшiн
әкелiнетiн тауарлардың уақытша әкелiнуiнiң, транзитiнiң сондай-ақ еркiн
айналыс үшiн шығарылуының кедендiк режимдерiн мәлiмдеген кезде декларант
бола алады.

           Кедендiк ресiмдеу кезiнде тауарларды декларациялау және өзге де
кедендiк операциялар жасау барысында
декларант: ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...
      1)Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнетiн тауарларды
кеден органының бақылауымен тексеруге, өлшеуге және жүк операцияларын
орындауға, сондай-ақ кедендiк декларация мен кедендiк мақсаттар үшiн
қажеттi құжаттарды бергенге дейiн тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн
iрiктеп алуға құқылы. Тауарлардың сынамалары мен үлгiлерi тауарларға
берiлген кедендiк декларацияда көрсетiлетiн жағдайда оларға жеке кедендiк
декларация
берiлмейдi; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
      2) кеден органдарының лауазымды адамдары кедендiк бақылау өткiзгенде,
олар сынамалар мен үлгiлердi iрiктеп алған кезде
қатысуға; ... ... ... ... ... ... .. ...
     3) кеден органдары iрiктеп алған сынамалар мен үлгiлерге жүргiзiлген
зерттеу нәтижелерiмен
танысуға; ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
      3-1) кеден iсi мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган белгiлеген
тәртiппен сарапшылар
тартуға; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
      4) өзiнiң құқығы бұзылған жағдайда кеден органдарының шешiмiне, кеден
органдары лауазымды тұлғаларының iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) осы
Кодексте белгiленген тәртiппен шағымдануға құқылы.
            Декларанттың мiндеттерi:
-тауарлар мен көлiк құралдарына декларация жүргiзуге;
-кеден органының талабы бойынша декларацияланатын тауарлар мен көлiк
құралдарын
көрсетуге; ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...
-кеден органына кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi
беруге; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .
-Кодекстiң 8-бөлiмiне сәйкес кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеуге
немесе олардың төленуiн қамтамасыз
етуге; ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .
 -кеден органдарының осы Кодексте көзделген өзге де талаптарын орындауға
мiндеттi.
Декларанттың жауапкершiлiгi:
- кедендiк декларацияда және өзге де ұсынылатын құжаттарда көрсетiлген
мәлiметтердiң дұрыс еместiгi үшiн;
- Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, кедендiк төлемдердi және
салықтарды төлемегенi үшiн;- осы Кодекстiң 382-бабында көзделген
құжаттарды уақтылы ұсынбағаны үшiн жауапты болады.
      Кеден органына кедендiк декларацияны бермегенi үшiн тауарларды
өткiзетiн тұлға немесе шарт бойынша осы тұлға уәкiлеттiк берген кеден
брокерi жауапты болады.
Кеден брокерi кедендiк ресiмдеу жөнiндегi операцияларды жүзеге асырған
кезде кеден брокерiне кедендiк мақсаттар үшiн берiлген қажеттi
мәлiметтер мен құжаттардың дұрыстығы үшiн берушi тұлға жауапты болады.
Декларациялау кеден органына тауарлар туралы, олардың кедендiк режимi
туралы дұрыс мәлiметтердi және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi басқа
да мәлiметтердi белгiленген нысан бойынша (жазбаша, ауызша,
конклюденттiк, электрондық) мәлiмдеу жолымен жүргiзiледi.
Кодексте реттелмеген жағдайларда, тауарларды
декларациялаудың нысаны мен тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.
Кедендiк декларацияда көрсетiлуге тиiс мәлiметтер тiзбесi
кедендiк төлемдердi және салықтарды есептеу және алу, кедендiк
статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден
заңдарын қолдану мақсаттары үшiн қажеттi мәлiметтермен ғана шектеледi.

- Тауарларды декларациялау кезiнде кедендiк декларациялардың мынадай
түрлерi қолданылады:
1)жүктiң кедендiк декларациясы; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2)
жолаушының кедендiк декларациясы. Жүктiң
кедендiк декларациясы - декларант беретiн және тауарлар мен көлiк
құралдары туралы, олардың кедендiк режимi туралы мәлiметтердi және
кедендiк мақсат үшiн қажеттi басқа да мәлiметтердi қамтитын құжат.
Жүктiң кедендiк декларациясы мынадай жағдайларда, егер:
1) тауардың декларацияланатын легiнiң кедендiк
құны тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда
белгiленген тоқсан айлық есептiк көрсеткiштен асса;
2) тауарлардың қауiпсiздiгi
жөнiндегi талаптарды қоспағанда, тауарларға қатысты тарифтiк емес
реттеу шаралары белгiленсе;
 3) осы Кодекске сәйкес көзделген өзге де жағдайларда берiледi.
      Жүктiң кедендiк декларациясы алдын ала декларациялау кезiнде,
сондай-ақ уақытша, толық емес немесе мерзiмдiк кедендiк декларация
ретiнде қолданылуы мүмкiн.
Жүктiң кедендiк декларациясын уақытша, толық емес
немесе мерзiмдiк кедендiк декларация ретiнде қолдану жағдайлары осы
Кодекстiң 387 - 388-1-баптарында көзделген тәртiппен белгiленедi.
Кодексте белгiленген жағдайларда, еркiн нысанда
жасалған өтiнiштi және (немесе) тауарларды бiрдейлендiру және шығару
үшiн қажеттi мәлiметтерi бар көлiктiк, коммерциялық құжаттарды жүктiң
кедендiк декларациясы немесе уақытша кедендiк декларация ретiнде
пайдалануға жол берiледi. Бұл орайда кедендiк баждар мен салықтар
төленген жағдайда кеден органының лауазымды адамы кедендiк кiрiс
ордерiн ресiмдеудi жүргiзедi.
      Жолаушының кедендiк декларациясы - осы Кодексте көзделген
оңайлатылған немесе жеңiлдетiлген тәртiптi қолданып, тауарлар мен
көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы
өткiзетiн жеке тұлға толтырып, кеден органына беретiн құжат.
      Кедендiк декларациялардың нысандарын және оларды толтыру
тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi. 
            баптың 3-тармағында көзделген жағдайларды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнетiн
тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы межелi кеден органында қысқаша
декларацияны тiркеген күндi қоса есептегенде күнтiзбелiк отыз күннен
кешiктiрiлмей берiледi.
      Егер жүктiң кедендiк декларациясын беру мерзiмiнiң аяқталуы
кеден органының жұмыс iстемейтiн күнiне орайлас келсе, кеден органының
одан кейiнгi жұмыс күнi осы мерзiмнiң аяқталу күнi болып саналады.
      Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге
әкетiлетiн тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы оларды нақты
әкетуге дейiн берiледi.
      Декларанттың жазбаша өтiнiшi бойынша кеден органы жүктiң
кедендiк декларациясын беру мерзiмiн ұзартады. Жүктiң кедендiк
декларациясын беру мерзiмiн ұзарту әкелiнетiн тауарларға кедендiк
төлемдер және салықтар төленген не төленуi қамтамасыз етiлген жағдайда
кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн кеден органдарында жүзеге асырылады.
      Жүктiң кедендiк декларациясын беру мерзiмiн ұзарту тауарларды
уақытша сақтау мерзiмiн бұзуға әкеп соқпауға тиiс.
      Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына кеден ережелерiн
бұза отырып әкелiнген тауарларға жүктiң кедендiк декларациясы:
      соттың тұлғаны қылмыстық (әкiмшiлiк) жауаптылыққа тарту туралы
не қылмыстық (әкiмшiлiк) жауаптылықтан босату туралы;
      уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) тұлғаны әкiмшiлiк
жауаптылыққа тарту туралы не әкiмшiлiк жауаптылықтан босату туралы;

      соттың немесе уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) кеден
ережелерiнiң бұзылу фактiсi бойынша iстi тоқтату туралы шешiмi заңды
күшiне енген күннен бастап күнтiзбелiк отыз күн iшiнде берiледi.
  Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы ретiнде есепке қою кезiнде
ресiмделетiн сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы
сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын және кеден
органдарында есептiк тiркелгенiн растайтын құжат болып табылады.
      Сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасын кеден
органы мынадай құжаттарды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
-заңды
тұлғалар: заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң нотариат
куәландырған көшiрмесiн немесе оның құрылымдық бөлiмшесi үшiн есептiк
тiркеу куәлiгiн; ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
статистикалық басқарма беретiн статистикалық карточканың көшiрмесiн;
заңды тұлғаның банк шоты ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы;
салық органы берген салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;
-декларациялау кезiнде жүктiң кедендiк декларациясы
қолданылуға тиiс тауарларды Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасы арқылы өткiзудi жүзеге асыруға ниеттенген жеке тұлғалар:
жеке тұлғаның жеке куәлiгiн;салық органы берген
салық төлеушi куәлiгiнiң көшiрмесiн;егер жеке тұлғаның банкте шоты
болса, банк шотының ашылғаны туралы банктен алынған анықтаманы
тапсырған жағдайда бiр жұмыс күнi iшiнде бередi.
-Есепке алу үшiн табыс етiлетiн
құжаттардағы мәлiметтер өзгерген кезде, декларант өзгерген
мәлiметтердi растайтын құжаттарды сыртқы экономикалық қызметке
қатысушының есеп карточкасын берген кеден органына күнтiзбелiк он бес
күн iшiнде табыс етуге мiндеттi. Жүктiң кедендiк декларациясын
беру кеден органына оның электрондық көшiрмесiн және осы бапта
көзделген кедендiк мақсат үшiн қажеттi құжаттарды тапсырумен қатар
жүргiзiлуге тиiс. Жүктiң кедендiк декларациясының
электрондық көшiрмесiнiң құрылымын уәкiлеттi орган белгiлейдi.
Егер тауарларды шығару туралы шешiм
қабылдау үшiн құжат мiндеттi болып табылса, кедендiк декларацияны
тексеру мерзiмiнiң iшiнде декларант салық органына тиiстi құжатты беру
туралы мiндеттеме табыс ете отырып, мәлiмделген мәлiметтердi растайтын
құжаттардың көшiрмесiн беруi мүмкiн.
      Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелдi өтiнiшi бойынша
көрсетiлген мерзiмде табыс етiлмейтiн жағдайда кеден органдары осындай
құжаттарды алу үшiн қажеттi мерзiмде бiрақ кедендiк декларацияны
тiркеуден кейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктiрмей осындай құжаттарды
табыс ете отырып олардың көшiрмесiн беруге рұқсат етедi. Декларант
белгiленген мерзiмдерде құжаттарды өткiзбегенi не бұрын өткiзген
құжаттардың көшiрмелерiнде дұрыс емес мәлiметтердi мәлiмдегенi үшiн
жауапты болады.
      Егер тауарлардың кейiнгi легiне кедендiк ресiмдеу жүргiзiлетiн
құжаттар кеден органына бұрын берiлген болса, онда осындай құжаттардың
көшiрмелерiн беру жеткiлiктi.

1.2. Көлік құралдарына қолданыланатын кедендік режимдер
      Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзiлетiн
көлiк құралдары кедендiк төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып
және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданбастан уақытша әкелу мен уақытша
әкетудiң режимдерiне сәйкес осы көзделген оңайлатылған тәртiппен кедендiк
ресiмдеуге жатады.
Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына өткiзу
кезiндегi алдын ала операциялар мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1)Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту;
      2) Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту туралы
кеден органдарына хабарлау;
      3)Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу
пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу;
      4) Көлiк құралдарын және оларға арналған құжаттарды межелi кеден
органына жеткiзу;
      5) Көлiк құралдарын жеткiзу туралы межелi кеден органына хабарлау;
      6) Көлiк құралдарын уақытша сақтау
  Көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына iс жүзiнде
өткiзу тауарлар мен көлiк құралдарының Қазақстан Республикасының кедендiк
шекарасынан өтуi болып табылады.
      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының
кедендiк шекарасынан өтуге сәйкес айқындалатын өткiзу пункттерiнде, олардың
жұмыс iстеу уақытында жол берiледi және тауарлар мен көлiк құралдарын
өткiзушi тұлғаға тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған
құжаттарды өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органына мүмкiндiгiнше қысқа
мерзiмде жеткiзу мiндетiн жүктейдi.
            әуе көлiгiмен өткiзiлетiн тауарлар үшiн, - межелi әуежай
немесе тауарлар тасымалдаушы әуе кемесiнiң Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағындағы қонатын және тауарларды түсiретiн алғашқы әуежайы;
      теңiз көлiгiмен өткiзiлетiн тауарлар үшiн, - Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағындағы алғашқы түсiру порты немесе қайта тиеу
порты;
      көлiктiң басқа түрлерiмен өткiзiлетiн тауарлар үшiн - жүру жолындағы
бiрiншi кеден органы;.
      Тасымалдаушы өткiзушi тұлға өткiзу пунктiнде орналасқан кеден
органын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өтуi туралы хабардар
етуге мiндеттi.
      Кеден органдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту
туралы хабардар ету - бұл Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органына шекарадан өту фактiсi
туралы хабарлау.
      Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасынан өту кезiнде кеден
органын хабардар ету тауарларды, көлiк құралдарын және оларға арналған
тауарға iлеспе құжаттарды Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзу пунктiнде орналасқан кеден органына табыс ету арқылы
жүргiзiледi.
      Кеден органының лауазымды адамдары осы баптың 3-тармағында көзделген
құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
      Негiзгi кедендiк ресiмдеу алдындағы және тыйым салынған Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына өткiзуге жол бермеу үшiн жүзеге
асырылатын iс-әрекеттер Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы
өткiзу пунктiнде алдын ала кедендiк ресiмдеу болып табылады.
      Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өткiзу пунктiнде
алдын ала кедендiк ресiмдеу кезiнде:
     орналасуы кеден органдарымен келiсiлген тиеу-түсiру операцияларын
жүргiзу үшiн арнайы бөлiнген және жабдықталған орындарда тауарлармен және
көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге асыруға;
тауарлармен және көлiк құралдарымен тиеу-түсiру операцияларын жүзеге
асырушы тұлғаның сұрауы бойынша тауарлар тиеу-түсiру операцияларын жүзеге
асыруға қажеттi мерзiм iшiнде уақытша сақтау орнына қойылмастан мұндай
операцияларды жүргiзу орындарында болуына жол берiледi. Бұл тауарларды
сақтаудың жалпы мерзiмi тауарларды уақытша сақтаудың осы белгiленген
мерзiмiнен аспауы керек. Бұл ретте тауарлар жоғалған не олар кеден
органдарының рұқсатынсыз басқа тұлғаларға берiлген жағдайда, аталған
тұлғалар кедендiк төлемдердi және салықтарды төлеу бойынша жауапты болады..
Тауарларды негiзгi кедендiк ресiмдеу кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi
жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы
өткiзу пунктiнде не осы Кодекске сәйкес басқа да кеден органында жүргiзiлуi
мүмкiн. Көлiк құралдарын және
оларға арналған құжаттарды жеткiзу көзделген iшкi кедендiк транзит рәсiмiне
сәйкес жүзеге асырылады.. Тасымалдаушы, көлiк құралдарын және оларға
арналған құжаттарды, тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезiндегi
табиғи тозуы немесе табиғи кемуi салдарынан өзгеруiн қоспағанда, өзгермеген
күйiнде кеден органы белгiлеген орынға және мерзiмiнде жеткiзуге мiндеттi.
Көлiк құралдарын межелi кеден органына
жеткiзген кезде тасымалдаушы көлiк құралдарын өткiзушi тұлға:
      1) жеткiзудi бақылау құжаттарын;
      2) көлiк және коммерциялық құжаттарын;
     3) әкелiнген көлiк құралдарын табыс ету арқылы тауарлардың
жеткiзiлгендiгi туралы хабардар етедi.

1.3. Көлік құралдарын өткізу тәртібі.
      Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы арқылы өтетiн көлiк
құралдары өткiзу пункттерi арқылы ғана өткiзiледi және олар осы Кодексте
көзделген кедендiк рәсiмдердi жүзеге асыру үшiн аялдауға және тоқтауға
тиiс.
      Кедендiк рәсiмдердiң басталуы мен аяқталуы кеден органдарына қатысы
жоқ себептер бойынша жүзеге асырылмайтын жағдайларды қоспағанда, осы
аталған көлiк құралдарының тұру ұзақтығы өте қысқа болуы және ұлттық
темiржол компаниясымен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган және шекара бақылау
органдары белгiлеген темiр жол көлiгiне арналған уақыттан, автомобиль
көлiгi үшiн - бес сағатқа дейiнгi, теңiз, iшкi су көлiгi үшiн бiр тәулiкке
дейiнгi уақыттан аспауы тиiс.
      Көлiк құралдарының тұрған орындарынан жөнелтiлуi Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына кiруi кезiнде көзделген кедендiк рәсiмдер
аяқталғаннан кейiн жүргiзiледi.      
Тасымалдаушы көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы
арқылы өткiзу пунктiне көлiк құралдары тiкелей келген кезде Қазақстан
Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда көзделген тасымалдаушының көлiк
құжаттарын кеден органына ұсынуы арқылы декларациялайды.
      Көлiк құралдарын уақытша әкелудi немесе уақытша әкетудi кедендiк
ресiмдеу тасымалдаушы берген көлiк құжатына кеден органының тиiстi
белгiлерiн қою жолымен жүзеге асырылады.  
Бос автокөлiк құралын уақытша әкелу кезiнде кеден органы шетелдiк бос
автокөлiк құралының әкелу куәлiгiн ресiмдеудi жүргiзедi, оны толтырудың
нысаны мен тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан автокөлiк құралын керi
әкету кезiнде кеден органына автокөлiк құралының Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағына уақытша әкелiнгендiгiн растайтын құжаттар берiлуi тиiс.
      Уақытша әкелiнген және
уақытша әкетiлген көлiк құралдарымен олардың шетелдiк мемлекеттiң аумағында
болған не Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылған кезде оларға
қажет болған техникалық қызмет көрсету немесе жөндеу жөнiндегi әдеттегi
операцияларды жасауға жол берiледi.
      Уақытша әкетiлген көлiк құралының Қазақстан Республикасының тиiстi
уәкiлеттi мемлекеттiк органдарында есепке алынуға жататын бөлшектерiн
ауыстыруға байланысты көлiк құралын жөндеген кезде Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарына сәйкес жасалған шарттың талаптарына
сәйкес тегiн жөндеу жүзеге асырылған не оның Қазақстан Республикасының
кедендiк аумағынан тыс жерлерде орын алған апаттың немесе ырық бермес
күштер әсерiнiң салдарынан зақымдануынан кейiн көлiк құралын қалпына
келтiру үшiн қажеттi жөндеу жүзеге асырылған жағдайларды қоспағанда,
ауыстырылған бөлшек кедендiк ресiмдеуге жатады. Әуе кемелерiнiң техникалық
қызмет көрсету немесе жөндеу кезiнде ауыстырылған бөлшектерiн кедендiк
ресiмдеу ерекшелiктерiн тиiстi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм
бойынша уәкiлеттi орган айқындайды.
      Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан тысқары жерлерге
әкетiлмеген уақытша әкелiнген көлiк құралдарының немесе Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағына әкелiнбеген уақытша әкетiлген көлiк
құралдарының ауыстырылған қосалқы бөлшектерi мен жабдықтары осы Кодексте
көзделген тәртiппен кедендiк ресiмдеуге жатады.
      Уақытша әкелiнген көлiк құралын пайдалану және (немесе) оларға билiк
ету не иелiктен шығару құқығы қазақстандық тұлғаға не уақытша әкетiлген
көлiк құралы шетелдiк тұлғаға берiлген жағдайда, көлiк құралын Қазақстан
Республикасының кедендiк шекарасы арқылы iс жүзiнде өткiзудi жүзеге асырған
тұлға тиiстi кедендiк режимiн мәлiмдеуге мiндеттi.
      Уақытша әкелiнген көлiк құралын қайта әкету көзделген тауарлар мен
көлiк құралдарын жеткiзудiң мерзiмдерi ескерiле отырып, оларды жүзеге асыру
үшiн Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына әкелiнген тасымалдау
операциялары аяқталғаннан кейiн дереу жүзеге асырылуы тиiс.
      Уақытша әкелiнген көлiк құралын оны әкелудi жүзеге асырған тұлғаға
қатысы жоқ себептер бойынша белгiленген мерзiмдерде әкету мүмкiн болмаған
жағдайда, оны пайдалану құқығын берместен, көлiк құралын уақытша қайта
әкетудiң мерзiмi көлiк құралын Қазақстан Республикасының аумағынан нақты
әкету басталғанға дейiн кеден органы ұзартуы мүмкiн. Көлiк құралын уақытша
әкелудiң жалпы мерзiмi ұзарту мерзiмi ескерiле отырып, бiр жылдан аспауы
тиiс.
      Уақытша әкетiлген көлiк құралын қайта әкелу оны Қазақстан
Республикасының кедендiк аумағынан нақты әкеткен кезден бастап бiр жылдан
аспайтын мерзiмде жүзеге асырылады.
      Белгiленген мерзiм өткенге дейiн уақытша әкетiлген көлiк құралдары
Қазақстан Республикасының кедендiк аумағына қайтарылуы тиiс, ал уақытша
әкелiнген көлiк құралдары Қазақстан Республикасының кедендiк аумағынан
тысқары жерлерге әкетiлуi не тауарлар үшiн көзделген өзге кедендiк режимге
мәлiмделуi тиiс.
      Бұл ретте уақытша әкетiлген көлiк құралын кеден органына нақты
ұсынбастан тауарлар экспортының не тауарларды уақытша әкетудiң кедендiк
режимiне мәлiмдеуге жол берiледi.
      Көлiк құралдарын қайта әкету және қайта әкелу кедендiк төлемдерден,
салықтардан толық босатыла отырып және тарифтiк емес реттеу шаралары
қолданылмай оңайлатылған тәртiппен жүзеге асырылады.
      Судың биологиялық ресурстарының кәсiбi, теңiз түбi мен оның жер
қойнауларының минералдық және басқа да жансыз ресурстарын барлау мен өңдеу,
лоцмандық өткiзу, iздестiру, құтқару және тiркеуге алу операциялары,
теңiзге батқан мүлiктi көтеру, гидротехникалық, су асты-техникалық және
басқа да осыған ұқсас жұмыстар, санитарлық, карантиндiк және басқа да
бақылау, теңiздiң аумағын қорғау мен сақтау, теңiз ғылыми зерттеулерiн
жүргiзу, оқу, спорт және мәдени мақсаттарында, сондай-ақ сауда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауарлар мен көлік құралдарын жекелеген кедендік режимдер бойынша кедендік ресімдеуді ұйымдастыру тәртібі
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Кедендік тасымалдаушының қызметі
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Тауар мен көлік құралдарының кеден шекарасынан өту тәртібі
Кедендік режимдер
Тауарлық кедендік рәсіммен орналастыруға байланысты кедендік операциялар
Әкімшілік - құқықтық режимнің түрлері
Қазақстан Республикасында кедендік ресімдеудің жеңілдетілген түрін жетілдіту
Пәндер