Нарықтық экономика жағдайында бағаны реттеу
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
І. Баға белгілеудің теориясы және әдістемелік ерекшеліктері. ұйымның баға 4
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
Баға экономикалық категория ретінде және оның түсінігі ... ... ... ... ... ... .. 4
1.2 Бағаның экономикалық қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Бағаның жіктемесі мен 12
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..
1.4 Кәсіпорынның бағалық саясатының мәні мен 16
міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ. Экономикадағы баға жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 22
2.1 Бағаның деңгейі, құрылымы және 22
динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Баға деңгейін анықтаушы 23
факторлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Нарықтық экономика жағдайында бағаны реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . .. 30
Кіріспе.
Баға теориясы мен оларды қалыптастыру тәжірибесі кез-келген шаруашылық
жүргізудің басты тетіктері болып табылады. Экономикалық тұрғыдан баға ең
алғашқы құндық категория. Экономика өзіндік ерекшеліктері бар байланыстар
жүйесі ретінде тауарларды тікелей айырбастау актісі, тауар құнының тауарлық
және ақшалай көрінісі түрінде пайда болады.
Бағаны анықтау әдістері нарықтың табиғатын және тұтастай экономикалық
жүйені сипаттайды. Баға өндірістің тұтастай құрылымын анықтап, материалдық
және ақшалай ағынның қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, халықтың әл
ауқатының деңгейіне әсер етеді.
Баға белгілеу процессіне үкіметпен қатар әр түрлі қаржылық жағдай да
көп әсерін тигізеді.
Баға саясаты нарықтық экономика жағдайында экономикалық тұрғыдан
басқарудың тұтқасы ретінде несие, кеден, эмиссия, сыртқы сауда және салық
саясаттары, сондай ақ еңбекақы және табысты бөлу жүйелері үйлескенде әрі
халық әлеуметтік жағынан қорғалған жағдайда өз қызметтерін тиімді және
сәтті жүзеге асырады.
Баға белгілеу жүйесі ғылыми-техникалық прогресті ынталандыруы тиіс әрі
ресурстың үнемделуіне және экономикалық құрылымдық жағынан қайта құрылуына
ықпал етуі қажет. Баға адамның қажеттілігін ескеріп, олардың тұрмыс
деңгейінің көтерілуіне септігін тигізетіндей болуы тиісті.
Нарықтық экономика жағдайында баға белгіленген кезде меншік түрлерінде
орын алған өзгерістер де, тауар-ақша қатынасының одан әрі қарай дамитына
да, сондай-ақ ішкі нарықтың қандай жолмен қалыптасатыны да назардан тыс
қалмауы керек.
Курстық жұмыстың мақсаты кәсіпорынның баға белгілеу саясатының
теориясы мен практикасын зеттеу, бағаның нарықтық экономика жағдайында
қандай рөл атқаратынын және мәнін біліп, оны белгілеудің, оның деңгейін,
құрылымы мен динамикасын болжаудың әрі талдаудың әдістерімен танысу.
І. Баға белгілеудің теориясы және әдістемелік ерекшеліктері. ұйымның
баға саясаты.
1.1 Баға экономикалық категория ретінде және оның түсінігі.
Баға – күрделі экономикалық категория. Ол арқылы қоғамдық негізгі
қатынастардың барысын, өндірістің жағдайын, тауарлардың қалай өтіп жатқанын
және олардың құнының қалыптасуын қадағалауға болады. Баға барлық әлеуметтік-
экономикалық саясаттың айналысы болып табылады. Оның микро және
макроэкономикалық мәнін баға белгілеудің тұжырымдамасына тәуелді емес, ол
өнімдердің нарықтағы айналысының және өндірістің объективті жағдайымен
анықталады.
Баға тетігі, баға белгілеу, баға саясаты – өте күрделі әрі өте ерекше
құрал. Сол себепті де біз баға белгілеуді зерттеп тануды баға теориясына
қатысты мәселелерге шолу жасайық.
Экономика ғылымында бағаның екі теориясы кеңінен мәлім.
Біріншісі – бағаның негізіне құнды жатқызатын маркстік теория,
екіншісі – бағаның негізі ретіндегі тауардың пайдалылығын қарастыратын
австриялық теория.
Баға құралудың оқыту құралы-баға теориясы мен оның тәжірибеде
қолданылуы болып табылады.
Баға механизімі, баға құралуы, баға саясаты нарықтың өте күрделі және
нәзік құралы болып саналады және іс жүзінде оның құрылуы өте қиын.
Сондықтан баға теориясы сұрағын бірінші қарасытуымыз керек. Оның ішінде
қазіргі кезде кең таралған баға теориясының бірі шығындық баға теориясы.
Бұл теорияның пайда болуы қазіргі заман экономикалық теориясының негізін
қалаушылар – А.Смит, Д. Рикардо, К.Маркс ж.т.б. көзқарастарымен байланысты.
Шығындық баға теориясы бойынша тауар құны тауар өндірушілер еңбегінің
әлеуметтік жиынтығы ретінде, ал тауар құнының өзі сол өнімді өндіру үшін
қажетті өндіріске кететін шығын ретінде анықталған. Соңғысы нақты тауарды
дайындау үшін қажетті жұмыс уақытымен есептеледі. Бұл жағдайда нарықтық
баға сол тауарларды өндіру үшін кеткен орташа шығындар бойынша құралады.
Сонымен қатар осы теорияға сәйкес тауардың құны тауарға сінген еңбектің
көлемімен анықталады. Ал еңбек мөлшері өз негізінде нақты тауарды
дайындауға жұмсалған жұмыс уақытымен өлшенеді. Бұдан шығатын қортынды: баға
тауар өндірісіне қатысты қоғамдық еңбектің шығынынын көрсетуі тиісті. Баға
белгілеудің осы үлгісінің негізгі кемшілігі – тауарға деген сұраныс пен
ұсыныс ескерілмей, жете бағаланбайды. Баға мен баға белгілеудің маржиналдық
теориясында іске асыратын австриялық тұжырымдағы сәйкес тауардың бағасы
көбінесе өндірушінің шығынына емес, осындай шығынның пайдалылығын сатып
алушының қалай бағалайтынына байланысты.
Пайдалылық категориясы қандай да бір нақты тауарды тұтынушының артық
көрінуін, қалауын білдіреді. Мұндай пайдалылықтың мөлшері үлкен сұранысқа
ие болған тауардығ қосымша шығарылымымен анықталады. Алайда, тауардың
пайдалылықты сан жағынан өлшеудің мүмкін еместігіне көз жеткізді.
А.Маршалдың пікірінше тұтынушы төлеуі тиіс баға тауардың қаншалықты
пайдалы болуымен анықталады. Екінші жағынан, өндірушінің өзі белгілейтін
баға өндіріс шығынынан төмен болмайды.
Баға құралу ғылымы – баға қозғалысы мен оны қолдануды зерттеуші ғылым.
Құн екі жақты сипатталады: сандық, сапалық.
Сандық сипаттамада тауардың тұтынылуы құндылығын құратын сол тауарға
кеткен еңбек мөлшерімен анықталады.
Сапалық сипаттамада, адамдар арасындағы тауар алмасуда өндірістік
қатынастар ретінде көрсетілген. Осыған байланысты, басқа өнімге айырбастау
мүмкіншілігі бар еңбек өнімі, құны бар болып есептеледі.
Егер баға теориясын тереңінен қарастыратын болсақ, онда бұл жайында
ежелгі кезеңдерде де көп көңіл бөлінгендігі байқалады.
Нарықтық экономикада бағаның құрылуы тек қоғамдық қажетті еңбек
шығындарымен ғана емес, ақшаның қайта үлестіру факторлары әсерінен де пайда
болады. Оған жататындар:
- Сұраныс және ұсыныс қатынасы (бұл жағдайда бағаның құрылуы үшін
қажет жайлардың бірі сұраным икемділігі);
- Әлеуметтік факторлар (бұл поблемаларды баға жүйесі арқылы шешу үшін
мемлекеттің араласуы);
- Мода және тауар болашағы факторлары, (көбіне бұл жайлар монополиялық
өндіріспен сәйкестенеді);
- Ұлттық және климаттық ерекшеліктер факторлары (кейбір ұлттардың
тағамдық ерекшеліктеріне байланысты).
Бұданда басқа, солтүстіктегі суық климат оңтүстіктегі өндірістерден
қарағанда жылу энергиясын көп қажет етеді.
Бағаның құрылуы факторлары, көріп отырғанымыздай, әр түрлі және
олардың баға көрсеткішіне әсерлері әр жақты. Бір тауарлар үшін модалық
факторлар үшін артықшылық мағынада болатын болса, ал, екінші тауарлар үшін
беделдік жайлар, ал , үшіншілерге ұлттық және климаттық ерекшеліктер болып
табылады. Барлық факторлар бағаның құрылуына тек жеке-жеке әсер етіп
қоймай, кейбір жағдайларда бірлескен жиынтық әсерлерінде тигізіп отырады.
Баға туралы толық түсінікті алу үшін оның мағынасын тереңдете
қарастырумыз қажет. Оны бағаның әр түрлі функцияларынан анықтап көруге
болады.
1.2 Бағаның экономикалық қызметтері.
Бағаның мағынасын, оның функциясы ашып көрсетде -мынадай жайды есте
ұстауымыз тиіс: баға функциясы ақша функциясымен ұласып жатыр, яғни,
ақшасыз баға болмайды, ал бағасыз, ақша экономикалық мағынаға ие бола
алмайды. Бағаға тән функциялардың тәжірибе жүзінде қолданылуына байланысты
көптеген экономистер оның негізгі бес функциясын атап көрсетті:
- бағаның есептік қызметі;
- бағаның ынталандырушы қызметі;
- бағаның бөлу қызметі;
- сұраныс пен ұсынысты теңестіру қызметі;
- бағаның өндірісті оңтайлы орналастыру қызметі.
Бағаның есептік қызметі немесе қоғамдық еңбектің шығынын өлшеу және
есептеу қызметі өз мәнінен анықталады, яғни баға құнының ақшалай көрінісі
бола отырып, қоғамға нақты қажеттілікті қандай да бір өнім түрімен
қанағаттандырудың қаншаға түскенін көрсетеді. Баға тауарды дайындауғы қанша
еңбек, шикізат, материал, бұйым және т.б. жұмсалғанын өлшейді, еңбектің
қаншалықты тиімді пайдаланылғанын сипаттайды. Баға түпкі есебінде жиынтық
өндіріс шығынының және тауар айналысының шамасын ғана емес, сонымен бірге
пайданың мөлшерін де көрсетеді. Алайда нарықтық қатынас жағдайында бағаның
бұл қызметі тауар дайындаушының өз өнімін нарыққа шығарарда ұсыныстың
бағасын немесе шығынын өлшеумен шектеліп қалмайды. Жұмсалған шығындардың
тиімділігі олардың қоғамдық мәні нарықта ғана емес, сонымен қатар тауар
өндіруші мен сатып алушының арысындағы байланыскезінде анықталады. Тауар
өндірушінің мүддесі, өз тауарын сату арқылы үлкен табысқа қол жеткізу, ал
сатып алушы бағасының мейлінше төмен болғанын қалайды.
Сол себептен түпкілікті баға тауар дайындаушының өзі белгілегісі
келген бағадан едәуір айрықшалануы мүмкін.
Тауар өндіруші бәсекелестерге төтеп беру үшін өзінің шығынын ұдайы
бақылап, оның бәсекелесінің шығынымен салыстырып отырады және өзінің
шығының кеміту әрі тауардың сапасын жақсарту арқылы бәсекелесін басып озуға
тырысады.
Баға аталмыш функцияда өндіріс тиімділігінің басты көрсеткіштерінің
бірі болып, әсіресе, нарықтық қатынас жағдайында, шаруашылық шешімдерді
қабылдау үшін бағдар ретінде әрі ішкі фирмалық жоспарлаудың маңызды құралы
ретінде қызмет етеді.
Есепетеу және шығындарды өлшеу функциясын баға, әр түрлі шаруашылық
үрдістерін, олардың көрсеткіштерін өлшеумен ұйымның құндық есепті орындауы
бойынша жүргізеді. Мысалы, алдын ала дайындалған жағармай көлемі (көліктік
дайындау шығындарын қоса алғанда) осы тауардың баға сомасына эквивалентті
кәсіпорынның өндірген немесе сатып өткізген тауарлық өнімдерінің көлемі,
оның өнімінің немесе қызмет көрсетуінің жиынтық құннына тең. Есептік-
өлшемдік функцияны іс-жүзіне асыра отырып, тауарлар мен қызмет түрлерінің
еңбек шығындарына байланысты әр түрлі тұтынушылық жайлардың салыстыруына
мүмкіндік туындатады. Қоғамнның дайын тауарларға деген мұқтаждығының
қамтамасыз етілуінің қаншаға түсетіндігін баға көрсетіп береді. Сонымен
қатар өндірістік айналым шығындарын және пайда көлемін анықтайды.
Бағаның ынталандыру функциясының мәндік сипаттамасын төмендегідей
сипаттауға болады: Оның мәні: түрлі тауарлардың өндірілуін әрі тұтынылуын
көтермелеу немесе тежеу. Баға өндірушіні ондағы пайданың шамасы арқылы
ынталандырып отырады. Баға шаруашылықөмірде қандай да бір тауардың
шығарылуы мен тұтынылуының артуына немесе кемуіне ықпал ете алады.
Өндірушілер үшін өнімді өздері тікелей сатқан кездегі бағаның маңызы
айрықша.
Бағаның көмегімен мыналарды ынталандыруға болады:
- ғылыми-техникалық прогресс;
- ресурстық шығынды үнемдеу;
- өнім сапасын өзгерту;
- өндіріс құрылымын және тұтынуды өзгерту.
Ынталандыру бағадағы пайданың жоғары деңгейі, негізгі бағадағы үстеме
және шегерім арқылы жүзеге асырылады.
Ынталандырушы қызмет өндірушіге өз өнімін тиімді өткізуіне мүмкіндік
береді. Мұндай функцияда басқа тауарларға қарағанда жоғары пайда алуға
мүмкіндік беретін баға тиімді болып саналады. Баға белгілеудің қолданыстағы
тетігінің көмегімен ұдайы өндіріс процессін ынталандыру мүмкіндіктері
едәуір тиімді.
Ғылыми-техникалық прогресті баға арқылы ынталандырудың маңызы зор. Бұл
өз кезегінде еңбек өнімділігінің артуы, материалдық ресурстардың
үнемделуіне септігін тигізетін жаға әрі озық техникаларды, еңбек пен
өндірісті ұйымдастыруда, тауарлардың сапасын көтеруде, сонымен бірге жаңа
бұйымдарды игеруде де көріне алады.
Яғни оның өндіріске әсер етуі және әр түрлі тауарларда пайданың
бекітілген деңгейі арқылы тұтынылуы.
Бағаның көмегі арқылы, ғылыми техникалық прогресті, шығын үнемділігін
қамтамасыз етуді, өнімдер сапасын жақсартуды, өндіріс және тұтыну
құрылымдарын өзгертуді ынталандыруға немесе керісінше тоқтатуға мүмкіндік
туындайды.
Ынталандыру функциясы, бағадағы пайда деңгейін теңестіру жолымен
бағаға қосымша баға немесе жеңілдіктер беру жолымен жүргізледі.
Бағаның бөлу қызметі көптеген нарықтық факторлардың әсері арқылы
бағаның құнын ауытқу ықтималмен байланысты. Оның мәні мынада: бағаның
көмегімен ұлттық (таза) табысты экономика салаларына, әр қилы меншік
түрлеріне, ел аймақтарына, жинақтау қоры мен тұтыну қорларына, әр түрлі
әлеуметтік топтарға бөлу және қайта бөлу жүзеге асырылады. Мәселен, сән-
салтанатқа арналған тауарлардың және аса құнды тауарлардың (зергерлік
бұйымдар, жеңіл автокөліктер және т.б.) жоғары бөлшек сауда бағасының
көмегі арқылы аз қамсыздырылған топтарды әлеуметтік жағынан қорғау үшін
пайдаланылатын арнайы қорларды құру табыс деңгейі жоғары белгілі бір
тұрғындар бөлігінің ақшалай қаражытының көмегімен қайта жүзеге асырылады.
Бағаның бөлу қызметі жалпы мемелекеттік мұқтаждарға арналған әр түрлі
деңгейдегі бюджетке түскен тауардың жекелеген топтарының қосылған құн
салығындағы және орталықтанған таза табыстың басқа формаларындағы акциз
бағасында есептеуді қарастырады.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру қызметі мыналардан көрінеді: баға
арқылы өндіріс пен тұтыну, ұсыныс пен сұраныс арасында байланыс орнайды.
Баға өндіріс пен айналыс салаларында сәйкестенбеушіліктің пайда
болғаны туралы хабар береді әрі оны жою жөнінде қажетті шаралардың
қабылдануын талап етеді. Баға сұраныс пен ұсыныс аралығындағы
үйлесімділікке қол жеткізудің икемді құралы болып табылады. Шаруашылықтың
дамуына үйлесімділік орын алса, сұраныс пен ұсыныстың арасы сәйкес келмесе,
олардың раасындағы тепе-теңдікке тауар өндірісін артыруменкемітумен немесе
бағаны өсіруменкемітумен, ия болмаса басқа әдістерді бір мезгілде
қолданумен жеткізуге болады.
Баға өндірушіні сұранысқа ие болған тауар нарығын қажетті
ассортиментпен толтыруға және тауардың сапасын жақсартуға итермелеуі тиіс.
Әкімшілік-жетекшілік жүйе бойынша басқару жағдайда сұраныс пен ұсыныс
арасындағы тепе-теңдік өндіріс пен материалдық-техникалық жабдықтауды
жоспарлау арқылы реттеледі. Сұраныс ішінара салыстырмалы түрде айрықша
өтімді тауарлардың бағасын кемітумен (яғни, маусымдық бағаларды
арзандатумен) реттеліп отырады. Сұраныс тауар сатып алуға мүмкіндігі бар
сатып алушының тауарға деген қажеттілігін білдіреді. Бұл іс жүзінде
нарықтық баға мен сатып алынған тауар санының арасында кері байланысты
белгіленген кезде көрінеді. Тауар бағасы неғұрлым жоғары болса, оны
тұтынушылардың сатып алу да солғұрлым азболады және осыған орай тауарлардың
сатылуы оның бағасы кеміген жағдайда артады. Тауар тапшылығы орын алған
жағдайда сұраныс артады әрі осыған орай тауардың бағасы сөзсіз көтерілетін
болады. Тауар артық өндірілген жағдайда оларды тек бағасын кеміту арқылы
өткізе аласыз.
Баға сұраныс пен ұсыныстың арасында теңдестіру, сондай-ақ тауар
жетіспеген жағдайда ұсыныстың артуын әрі тауар артық өндірілген жағдайда
сұраныстың кемуін ынталандыру секілді теңестіру қызметін орындайды.
Баға көмегімен өндіруші мен тұтынушы арасында, халықтың жекелеген
топтары арасында жасалған құндарды қайта бөлу жүзеге асырылады. Бұл қызметғ
әсіресе, мемлекет реттейтін бағаларда анық көрінеді. Тауардың бағасының өз
құнынан жоғары белгілеу барысында оның бір бөлігі сатушының пайдасына қайта
бөлінеді және тұтынушы осы тауарды сатып алу кезінде едәуір шығын шығарады,
ал сатушы тиісінше жоғары табыс алады.
Баға механизімінің көмегімен экономика секторындағы пайда мөлшері
жоғары өндірістерге капиталдың шоғырлануы іс-жүзіне асады. Осыған сәйкес
баға өзінің өндірісті орналастыру функциясын жүргізеді.
Сұраныс пен ұсынысты теңестіру функциясы (баланыстық), өндірістегі
және айналымдағы келісімсіздік ( диспропорциялық) жайлардың орнын толтыру
есебінен немесе бағаның өзгеруі есебінен (немесе бұл екі шараны бір
кезеңде жүргізу арқылы) жүргізілуі мүмкін.
Баға қызметі өндірісті оңтайлы орналастырудың өлшемі ретінде елдің
нарықтық экономикаға көшуіне қарай дамып отыруы тиісті. Ол мынадан
білінеді: баға тетігінің көмегімен (көп пайда табу мақсатымен) капиталдың
экономикадағы бір сектордан екіншісіне және пайда нармасы жоғары жекелеген
секторлардың ішіне құйылуы жүзеге асырылады. Оны фирмалар бәсекелестік пен
сұраныс заңынан әсерінен өз бетінше жүзеге асырылады. Қандай қызмет
саласына немесе экономиканың қандай саласына капитал салуды кәсіпорындардың
өздері ғана шешеді. Кәсіпорындар алдымен жан-жақты маркетингтік зерттеулер
жүргізіп, нарықтың барлық факторын, оның ішіндң бағаны да зерделейтін
болады.
Бағаның үлестіру және қайта үлестіру функциясы да негізгі орындарға
ие. Ол нарықтық факторлар іс-әрекеті шегінде бағаның құнынан ауытқуына
байланысты. Баға үлестіру және қайта үлестіру экономика салалары арасындағы
ұлттық түсімнің, оның секторларының, әр түрлі меншік формаларының,
аймақтарының, қорлану және тұтынылу қорларының, әр түрлі әлеуметтік
тұрғындар тобының арасында үлестіру құралы ретінде қолданылады. Мысалы:
қымбат заттарға (алтын, күміс) және беделі имеджі жоғары тауарларға бөлшек
сауда бағасының жоғарлауы халықтың бір бөлігінің әлеуметтік бағыттағы
қорларды құруы үшін ақша түсімін үлестіруге көмектеседі. Бағаның бұл
функциясы нақты бір тауалар тобының аксизы , ҚҚС және басқа да салықтық
сипаттағы алымдар, мемлекет халқының әлеуметтік мұқтаждығын
қанағаттандыруға бюджеттік аударымдар арқылы көрініп отырады.
Баға үлестіру құралы ретінде активті түрде қолданылады. Көбіне
мемлекеттік немесе реттеуші бағаны қолданғанда бұл жайлар байқалады.
Дегенменде, баға-үлестіру мен қайта үлестірудің жалғыз ғана құралы емес.
Бұл жерде қаржы-несие жүйесі және еңбек ақы да үлкен роль атқарады.
Бағаның әр түрлі функцияларының арасында тығыз байланыс бар. Олар
кейде бір бағытты нұсқаса, келесіде бір-біріне қарама-қайшы жағдайда болуы
мүмкін. Мысалы: бағаның ынталандыру функциясы сұраным мен ұсынымды
теңестіру функциясын іс-жүзіне ауыстыруға көмектеседі, сұранымға ие
тауарлар өндірісін өсіруге жол ашады. Ал, бағаның төмендеуі ұсыным көлемін
төмендетеді.
Бағаның үлестіру функциясы өндірісті оңтайлы орналастыру функциясымен
бірге іс-әрекет жасайды, яғни жоғарғы сұранымға ие тауарлар өндірісі
сферасына капиталдың жинақталуын іс-жүзіне асырады.
Есептік-өлшемдік баға сферасы көп жағдайларда өзінің басқа
функцияларымен қарама-қайшы жағдайда болады, себебі, нарықтық жағдайда
баға, өндірістік шығындардан көп ауытқуларға ие. Баға функцияларының бір-
бірімен байланысын айта келсе, оның арнайы маркетингтік зерттеулер құралы
болып табылатындығын ұмытпауымыз тиіс.
3. Бағаның жіктемесі мен түрлері.
Баға жүйесінің маңызды және негізгі блоктары төмендегідей:
- көтерме сауда бағасы;
- сатып алу бағасы;
- бөлшек сауда бағасы;
- жүк көлік қызмет көрсету тарифі;
Бағаның негізгі блоктары бірнеше блокасты бөліктерден тұрады. Мысалы
ретінде: көтерме сауда бағасы блогы екі блокасты тобына бөлінеді,
кәсіпорындардың көтерме сауда босату бағасы және өнеркәсіп көтерме сауда
бағасы. Жүк көлігі тарифтер блогы мынадай блокасты бөліктерінен тұрады:
темір жол жүк көлігі тарифі, теңіз жүк көлігі тарифі, өзен жүк көлігі, әуе
жолымен тасымалдау, автожүк көлігі, құбыр байланысы жүк көлігі тарифтері.
Барлық бағалар жүйелерінде анықтаушы және негіздеуші роль атқаратын,
бұл-базалық өнеркәсіптік салалар өнімдерінің бағасы, яғни, отын –
энергетикалық кешендерінің, металлургия саласының өнімдері, себебі, бұл
өнімдер экономиканың барлық салаларында қандайда болмасын бір көлемде
тұтынылады немесе қолданылады. Энергетикалық өнімдер бағасының өзгеруі
барлық өнімдер мен қызмет түрлерінің баға деңгейіне тез арада өзгерістер
енгізетіндігі айқын.
Жоғарыда аталып өткендей баға жүйесіндегі барлық бағалар бір-бірімен
тығыз байланысты. Өзара жеке жүйе құрушы бағалар байланысы және өзарар
тәуелділігі төмендегідей екі жағдайға негізделген:
- Құн заңы, сұраным мен ұсыныс және де басқа экономикалық заңдарды
қолданана отырып, жекеше әдістемелік негізде бағаның құралуы;
- Бағаның әсерінен өндірістік кәсіпорындар мен салалардың шаруашылық
қызметінің байлаыстылығы.
Бұл байланыспен тәуелділікті агроөнеркәсіптік, орман және басқа да
кешендік кәсіпорындар мен салалар мысалында көруге болады. Бұл жағдайда
айтатынымыз, соңғы өнімнің бағасы, келесі және аяқтаушы кезең үшін
қолданылатын шикізат ретінде бастапқы кезең өнімінің баға деңгейімен
анықталады.
Баға байланысы тек қана кәсіпорындар арасындағы технологиялық байланыс
кезінде ғана емес, оның жоқ кезінде де болатындығы байқалады. Себебі, жеке
салалардағы және жеке категориялық жұмысшыларға еңбек ақы деңгейінің
өзгеруі, зергерлік бұйымдардың, әдет-ғұрыптық қызмет түрлерінің және т.б.
арзандап немесе қымбаттап кетуіне әсер етуі ықтимал.
Жеткілікті түрде күрделі баға жүйесінде бағыт-бағдарды таңдау үшін
баға жіктемелері қолданылады. И.Жельтякова, Г.Маховикова, Н. Пузыния
бағаның келесідей жіктемесені атап көрсетеді.
1) Айналымды қамтамасыз ету сипаттамасы бойынша:
Көтерме сауда бағасы –кәсіпорынның өндірген тауарын басқа кәсіпорынға
немесе сатып-өткізу ұйымына сату үшін қолданылатын баға.
Бөлшек сауда бағасы - сауда - саттық ұйымының халыққа өнімдерді сатып
өткізуі үшін қолданылады.
Сатып алу бағасы - ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер өз өнімдерін
келесі өңдеулер үшін мемлекетке, фирмалар мен кәсіпорындарға сату бағасы.
Сметалық құн - құрылыс өнімдеріне (ғимараттар мен құрылғылар,) төлеу
үшін баға.
Халыққа қызмет көрсету бағалары мен тарифтері - бөлшек сауда
бағаларының негізгілерінің бірі.
2) Мемлекет тарапынан реттелу әсерлері, нарықтық бәсекелестікке
байланысты:
Еркін нарықтағы баға - нарық коньюнктурасына сәйкес сұраным мен ұсыныс
негізінде өнімдерге өндірушілердің қойған бағасы.
Реттелуші баға - арнайы басқару органдарының қойған бағасы, олар
көбіне жоғарғы дәрежелі әлеуметтік бағыттағы өнімдер, тауарлар мен
тарифтерге байланысты қойылады.
Париттетік баға - бағаның бұл түрі АҚШда мемлекеттік органдар,
ауылшаруашылық өнімдері бағасы мен басқа да тауарлар және қызмет түрлері
бағасының қатынасын реттеу үшін қолданылады.
3) Бағаның қойылу әдісі бойынша:
Қатаң (тұрақты) баға - келісім шарттарда қолданылады және оның
аяқталуына дейінгі кезеңде өзгеріссіз қалады.
Ағымдағы баға - әрбір кезеңдегі баға деңгейі. Олар бір келісім шегінде
өзгеруі мүмкін және баға жағдайымен айқындалады.
Қозғалмалы баға - келісімде белгіленген баға, екі жақтың келісімі
бойынша нарықтық бағаның өзгеруіне байланысты келісімнің орындалуы кезінде
болашақта өзгеріске ұшырайтын баға.
Сырғымалы баға - бағаның бұл түрі ұзақ уақыт дайындалу кезеңін қажет
ететін өнімдерге қойылады. Өнімді дайындау үшін қажетті, сол уақыт
кезеңінде өндіріс шығындарының өзгерісін есепке ала отырып алғашқы келісім
бағаны келісім-шарттың орындалуы кезінде қайта қарастыру жолымен
анықталады.
4) Уақыт әсерлерін есепке алу бойынша: тұрақты, маусымдық,
баспалдақты.
5) Баға деңгейі туралы мәліметтерді алу әдісі бойынша: анықтамалық,
прейскуранттық, есеп айырысу бағасы.
6) Нарық түрлеріне байланысты:
- аукциондық;
- биржалық котировка - биржа арқылы сатылатын стандартталған бір түрлі
ұқсас тауарлардың бағалары;
- сауда бағасы - мамандандырылған сауда бағасының негізгі бір түрі.
Бағаның бұл түрі тауарларды жеткізуге тапсырыстар беруге негізделеді.
7) Фирма ішінде қолданылатын баға түрлері:
- трансферттік баға - бір фирма бөлімшелерінің арасында немесе бір
ассоциацияға кіретін әр түрлі фирмалар арасында өнімдерді сатып-өткізу
кезінде қолданылатын баға.
8) Жеткізіп беру және сату жайғдайы бойынша:
- баға нетто-сатып алу-сату орнындағы баға;
- баға брутто - сатып алу - сату жайларын есепке ала отырып
анықталады. (Франко) - бұл термин, тауарлардың қозғалыс кезінде сатушыдан
сатыпалушыға дейін қайсы пункт аралығында бағаға транспорттық шығындардың
енгендігін көрсетеді.
Баға құралу үрдісі өте күрделі және бірнеше бөлімнен құралады. Осыған
сәйкес ол мақсатты таңдап алудан басталады. Кез келген фирмалар үшін
негізгі мақсаттар төмендегідей: сатып өткізуді қамтамасыз ету, пайданы
максималдау, нарықты ұстап тұру.
Бірінші мақсат - нарықта ұқсас тауар өндірушілер көп жағдайда, қатаң
бәсекелестікте іс-жүзіне асырылады. Бұл мынадай жағдайларда қажет;
- Тұтынушылардың бағалық сұранымы икемді;
- Фирма, бір тауарға шығындарды төмендету жолымен, пайданың жалпы
көлемін жоғарлату және сату көлемін максималдауға бағыт алуға
талпынуы;
- Тұтынушылар нарығының кең көлемде болуы.
Бұл мақсатқа жету үшін, яғни сатуды қамтамасыз ету –ену бағасы арқылы
жүргізіледі.
Екінші мақсатқа - оның бірнеше вариантары бар:
- фирманың бірнеше жылғы бірқалыпты жоғарғы деңгейлі пайдаға жетуіне
талпынуы (сол кезеңде фирманың нарықтағы деңгейі бірқалыпты жоғары,
дегенмен де өзіне сенімсіз фирманың ыңғайлы жайларды пайдалануға бағыт
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz