Басқа ұлттардың көбейгеніне қарамастан қазақ ұлтының жағдайы
Тақырыбы: “1941-2002 жылдар аралығындағы Павлодар өңіріндегі ұлттық
құрамның өзгеруі”
Мазмұны
Бет
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..2
Негізгі бөлім
1. Екінші Дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Павлодар облысындағы ұлттық
құрамның өзгеріске ұшырауы ... ... ... ... ... ... .4
2. 1959 жылғы санақ бойынша Павлодар облысының ұлттық құрамының
өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... 13
3. 1970 жылғы және 1979 жылғы санақ бойынша Павлодар облысының ұлттық
құрамының өзгеруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
4. 1989, 1990 жылдардағы Қазақстандағы неміс, ингуш және шешен
халықтарының
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
5. 2000, 2001 және 2004 санақ бойынша Павлодар облысының ұлттық құрамының

... .19
6. Қазақстан өңіріне (Жетісу) ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс
аударды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...23
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
- Қазақстан халқы туралы алқалы жиындарда әңгіме қозғала
қалғанда, ең алдымен айтылатыны- елімізде 130-дан астам ұлттың
өкілдері тұратындығы. Қазақстан кеңестік кезеңде 100-ден астам
ұлттың достық лабороториясына айналды.
Ұлт дегеннің түпкі ұғымы қандай деген заңды сауал туындайды.
Расында да, Қазақстанда 130-дан астам ұлт бар ма? Ал Павлодар
облысында неше ұлт бар? Оның есеп-қисабын кім жүргізген? Статистика
агенттігі не дейді? Сондықтан, осы мәселені қарастырғанымыз жөн. Ғылым
тілінде ұлт дегеніміз- қолданысына қарай индивидтің нақты ұлттық
немесе этностық топқа, немесе индивидтің белгілі бір мемлекетке
заңды қатыстылығын білдіреді. Ал ұлттың түп тамыры тілі, аумағы,
экономикасы, мәдениеті және мнезі, ұлттық санасы дамуының бірдейлік
базасында пайда болған, тарихи жағынан тұрақты қалыптасқан адамдар
қауымдастығы дегенді білдіреді.
Қазақстан халқының 56 пайызын қазақ халқы құрайды, 28 пайызы
орыс ұлтының еншісінде. Басқа ұлт өкілдерінің еншісіне 16 пайыз
ғана тиеді. Ал Павлодарда не? Көп ұлттылық мәселесі қайдан шығады?
Жоғарыдағы біз тақырыпқа шығарып, оның түпкі тамырына талдау
жасауға ұмытлып отырған көпұлттылық мәселесін тануға, талдауға
тырысамыз. Ол саяси ғылымдағы мемлекет құраушы ұлт мәртебесін
жалғыз қазақ ұлтының еншісіне бергісі немесе қиғысы
келмейтіндігінде. Қазақстандағы ұлт мәселесіне қатысты жаңа ұғымды
қалыптастыруға деген де ұмтылыс сондықтан туындап отыр деп айтуға
негіз бар.
Ата Заңымыз бойынша бүгінігі тәуелсіз Қазақстан – Федеративтік
емес, унитарлық мемлекет. Унитарлықтың мағынасы – жері біртұтас,
бөлінбес, бөлшектенбес иелік, оның игесі жалпылап айтқанда қазақ
мемлекеті, жаппай халық деген сөз. Мұнда ешқандай өзге территориялық
саяси құрылымдар, автономиялар болуға жол жоқ. Ал осы Ата Заңда
бекітіліп берілген туған жердің біртұтастығын, оның шекарасын
бұлжытпай сақтап қалуға, сөйтіп оны келер ұрпақтарымыздың мәңгілік
мұрасына айналдыруға ең мүдделі ұлт-осы аймақты ғасырлар бойы жайлап,
қызғыштай қорғап келе жатқан, әзірше өз мекенінде 8 милионнан жаңа ғана
асқан ержүрек те батыр,әрі аңқау, аңғал, адал жұрт екені белгілі.
Тақырыптың мақсаты:
- Павлодарда көп ұлттық мәселенің шетін шығару ұлтаралық мәселені
ушықтыру деген ұғымға жетелемейтіні анық. Біздікі қалай болғанда да
салмақты ойды саралап, ақиқатқа деген ұмтылыстан туындады. Қазіргі
жаһандану жағдайында бәзбіреулер үшін ұлттық темірқазық төңірегінде әңгіме
қозғау асылық болып көрінер. Алайда, тәуелсіздіктің арқасында ұлттық санасы
қайта жаңғырып үштен бірі алыс және жақын шет елдегі қазақтарды тарихи
Отанына жинап қазақи болмысбітімімен қайта қауышуға талпыныс танытып
жатқан тұста бұл мәселенің ара-жігін ажырата білу керек көрінеді. Халқың
неғұрлым көп болса, ну ормандай тұтасып, қалың отырса,сен қашанда елің мен
жеріңнің мүддесіз қапысыз қорғап қаласың, ешкімге есеңді жібермей, ризық
несібеңді молайта бересің.
- Павлодар облысының ұлттық құрамының қалай өзгергендігін зерттеу.
- Ұлттар арасындағы қарым-қатынастар
- Павлодар облысының ұлттық қүрамының өзгеру барысы
-1941-1945 жылдары аралығындағы Екінші Дүниежүзілік Ұлы Отан соғысы
кезіндегі ұлттық құрамының өзгеруі.
- Ұйғырлар мен дүнгендердің Қазақстан жеріне келу себептері.
Міндеттері:
- Павлодар өңіріне ұлттар қалай, неліктен, қашан келді.
- Ұлттардың орналасу мекені.
- Павлодар өңіріндегі ұлттардың қазіргі кездегі жағдайы.
- Басқа ұлттардың көбейгеніне қарамастан қазақ ұлтының жағдайы.
Тарихнамасы:
- Қаратаев Т. Жүз жылдың ақ-қарасы, Алматы, 1993 жыл.
- Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық?, Алматы, Санат
2003 жыл.
- Еңсебаев Т. Павлодар өңірінің тарихы туралы очерктер, Павлодар
2001 жыл.
- Павлодарлықтардың ерлігі халық жадында, 1941-1945, Павлодар
2005 жыл.
- Облыстық статистика бөлімінің ұлттық құрамы жайындағы
кітапшасы , Павлодар
2002 жыл.
- Павлодарская область в цифрах и факрах прошлого, Павлодар
1999 жыл
- www.google.kz интернет сайты
- С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханадағы мәліметтерді қолдану
- Екібастұз қаласындағы орталық кітапханадағы мағлұматтар.
Тақырыптың хронологиялық шеңбері (қай жылдан- қай жылға дейін):
- 1941 жылдан - 2002 жылға дейін.

құрамының өзгеріске ұшырау.
- Егер неғұрлым кең анықтама берер болсақ, патшалық Ресейдің сыртқы
саясаты басып алушылық сипатта болды, ол империяны жаңа отарлауды
иелену,товар өткізу нарығы мен шикізат көзі есебінен кеңейтуді мақсат етті.
Бұл орайда Қазақстанға ерекше маңыз берілді, өйткені ол Орталық Азияға аяқ
басу үшін маңызды стратегиялық басқыш және етке, жүнге, тері мен қойнауы
кенге толы бай шикізат базасы ретінде Ресей монархиясының назарын өзіне
тартты. Сонымен бірге, өнеркәсібі дамымаса да, халық көп қоныстанған
Қазақстан Ресей товарларын өткізу үшін ең қолайлы нарық болып табылады.
XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысы Ресей империясының
Қазақстанды біртіндеп отарлау кезеңі болды. Орыстардың өлкені отарлауының
екі сәтін ажыратып айтуға болады: мұнда ерікті отарлаушылардың пайда болуы
мен олардың үкіметтік жасақтарының жолымен әрекет жасауы.Ерікті түрде
отарлау тәсілі шаруалардың,қылмыскерлердің, сектанттар мен сол кездегі
тұрмыстық жағдайдың қиындығынан және қорғансыз келімсектерден оңай олжа
табу үшін осында қашып келген әр түрлі қағылған-соғылғандардың пайда
болуынан туды... Үкіметтік отарлау еріктілердің соңынан қалмай,былайша
айтқанда оны заңдастырып алды.
Самодержавиенің отарлау саясатында негізгі екі кезеңді бөліп қарауға
болады: 1) әскери отарлау немесе қазақтың жерлерін әскери қоныстар салу
жолымен басып алу; 2) қоныс аудару саясаты немесе шаруалардың отарлауы.
Бірінші кезең XVIII ғасырдың басынан XIX ғасырдың ортасына дейін қорғандар
салумен, форпостар, Жайық, Ертіс өзендеріне, Солтүстік Қазақстанның шетіне,
Жетісу және Сырдария бойына бекіністер орнатумен есте қалды.
Ресейдің Қазақстанға,қазақ жеріне қызығуы әсіресе,патшалық өкіметтің
башқұрттар мен татарларды күшпен қосып алғаннан кейін күшейе түсті.Енді
ұлан-ғайыр қазақ жері арқылы Қытай, Үндістан, Орта Азияға шығуға болатынын
білгенімен, бірақ алдымен Балтық, Қара теңіз жағы мәселесін шешіп алуды
бірінші кезекке қойған еді. Өйткені, ол жақ оңай жау емес болатын.
Сондықтан да қазақ жеріне асықпай,жайлап ену саясатын дұрыс көрді. Ол
жолында құйтырқы саясаттарды қолданып,аз халықтарды біріне-бірін айдап
салды. Мұндай саясатқа араласпай, башқұрттар да, қалмақтар да, тіпті Орта
Азия халықтары да тыс қала алмады.
Жалпы Ресей империясының Қазақстанды отарлап,бодан етуін мынадай
кезеңдерге бөлеміз:
1.XVI ғасырдан бастап әрқилы босқындар,қашқын казактардан құрылған
отрядтардың еркін де, қалай болса солай отарлауы өріс алды.
2.XVII ғасырдан бастап сауда-өнеркәсіп капиталының ыңғайымен әскери-
әкімшілік отарлау жүзеге асырылды.
3.XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың басына дейін көшіп-қону бағытында
отарла
4.XVII ғасырдан XX ғасырға дейін созылған әлеуметтік-идеологиялық
отарлау.
Бұл кезеңдерде басқару жүйесін реформалау,жергілікті халықты рухани
жиhаттан отарлау,әскери-жазалау шараларымен қатар жүргізіп отырды.
Қаруын орыс, қалмақ сатты,
Айдап сап малғұндарды қоқаңдатты.
Қырғызып қазақтарды қалмақтарға,
Орыстар қамалдарын салып жатты.
Ресей патшалығы шығысқа баратын қақпаның кілті есебінде қараға
Қазақстан территориясының ұтымды сәттерді пайдалана отырып, қолына түсіруге
жан-тәнін аямай салды. 1717 жылы Бухгольц экспедициясы Ом және Ертіс
қиылысына,келесі жылы Семейге, 1719 және 1720 жылдары Ертіс арқылы Зайсанға
дейін женткен генерал иайор Лихаров Өскемен бекіністерін салды.Сөйтіп,Ертіс
бойын жағалай әскери бекіністер шеп құрды, нәтижеде Орынбор жолағымен
тікелей байланысты.
Дегенмен, XIX ғасырдың екінші жартысы Қазақстанның Ресей құрамына
қосылу процесінің қаншама қарама-қайшылықтарға қарамастан заң жүзінде толық
енуімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде Қазақстанның бұрыннан қалыптасқан өміріне
ылаң түсіп, капиталисттік қоғам нышандары араласқан Ресейдің мешеу
экономиясы сипатына көше бастаған еді. Бұрынғыдай жаппай мал шаруашылығымен
айналысқан не отырықшы тұрмыстары ыдырай, тікелей Ресей ықпалына мойын
ұсынған аласапыран,қиын дәуір басталды. Рас, мәдени өмірде біршама
ілгерілеу, батыстық саяси-құқықтық, экономикалық, қоғамдық тартыстарға толы
өмірімен танысу кезеңі басталған еді. Әсіресе, Ресейде болған 1861 жылғы
крепосниктік құқықтың жойылуы күшті әсер етті. Ресейде капиталисттік
өзгерістер шеңбері өсуі Қазақстанға жайылуға мәжбүр болды. Ендігі жерде
Ресей қазақ халқын экономикалық саясатпен және салық жүйесімен қанауға
көшті. Қазақстанда сауда мен өсімқорлық капитал кең қанат жая түсті. Орыс
көпестері мен капиталистері қазақ жерін арзан шикізат көзіне айналдырып,
пайдаға кенеле түсті. Сондықтан патшалық өкімет Қазақстанды
экономикалық,мәдени жағынан ең төменгі сатыда бұғаулап, өз саясатын жүзеге
асырды. Қазақ жерінде ірі өнеркәсіп орындарын салуға құштар болмады. Оның
есесіне ауыл шаруашылық өнімдері мен пайдалы қазбаларды өңдейтін шағын
өндірістер орнатып, есіл-дерті шикізатты көптеп алуды мақсат тұтты. Оны
мына деректерден көруге болады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда орыс
империясының 0,7 процентін құрайтын өндіріс орындары мен 0,2 процент қана
жұмысшылар болған.
Жергілікті қазақ жұмысшылары қанаудың ең озбырлығына ұшырады. Небір
халық басына ауыр салық ауырлығы түсті. Нулы, суармалы, шүйгін жерлер орыс
қарашекпендеріне тартып алып беріліп қоныстандыру науқаны күшейе берді.
Өйткені, отарлау саясатының басты бір талабы қоныстандыру мемлекеттік
маңызға ие болып,қоныстандырулар патша саясатын жүзеге асыруда болғаны
даусыз. Қоныстанушыларға 45 млн. десятина жер тартып әперілді.
Қазақтарды бұратана халық ретінде қараған патшалық өкімет, олардың
шаруашылығын күйзелтіп,әлеуметтік және экономикалық күйзеліске душар етті.
Мал жайылымы тарылған халық Қытай, Монғол жерлеріне бас салуға көшті.
Патша өкіметі Қазақстанды Ресей империясының құрамына толық енгізуді
саяси-құқықтық реформалар жүргізу арқылы заң жүзінде асырды. Сөйтіп, осы
реформалар нәтижесінде Қазақстан тағдырын қазақ халқынан тыс шешіп отыру
құқығына ие болды.
Қазақстанда прогрессивті де демократиялық ой мен сананың өркендеуіне
XIX ғасырдың екінші жартысында осы өлкеге жер аударылып келген революцияшыл
әртектілер елеулі үлес қосты. Олар ғылыми-зерттеу орталықтары арқылы өз
ойларын көпке тартты, орыс географиялық қоғамы, Оңтүстік Қазақстанды
зерттеу орталығы т.б. Бұл қоғамдық органдарда Н.Дмитириев, Б.Скалов,
П.Добровольский, Ф.Щербина, Г.Н.Потанин, Л.К.Чермак, Н.Я.Ядринцев,
Г.С.Загряжский, Д.Иванов, Г.Усов, Б.Смирнов, П.И.Пашино, С.М.Мудин т.б. бір
қатарда Т.Сейдалин, С.У.Жанторин, Б.Наурызбаев, Б.Дауылбаев, Ә.Бөкейханов,
М.Шорманов, Н.Жетпіспаев т.б. қазақ зиялылары да бірге қызмет істеді.
Саяси жер аударылғандар мен революцияшыл халықшылдар Қазақстанда
педагогтық ой мен мектептік білім беруді дамытуға көп еңбек сіңірді.Қазақ
жастары біліммен сусындай бастады. Қазақ интеллигациясы пайда болды. Бұлар
қазақ халқының сана-сезімін оятуда айтарлықтай рөл атқарды. Ресейдегі
бірінші ресейлік (1905-1907), ұлт азаттық қозғалыстар т.б. қазақ
интеллигенциясына саяси мектеп болғаны құпия емес.
1867-1868 жылдардағы реформалар негізінен патша өкіметі өндіріс
иелеріне,саудагерлерге жерді жалға беру туралы заң шығарды. Бұл заң бойынша
30 жылға дейін жер жазбаша келісім-шарт бойынша берілетін болды. Әрине,
мұндай заң шетелдік келімсектерге де,орыс шенеуніктеріне де өте тиімді еді.
Жердің көп бөлігін Сібір казак-әскерлеріне тиісті делініп, оның 500
мың десятинасын орыс шенеуніктері қазақтардың өздеріне жалға беріп,жалдау
ақысын жылдан-жылға көтеріп отырды. Бұл қазақтарға ауыр тигенін сол заманғы
зерттеушілер ашық жазуға мәжбүр болды. Олар: Киргиз-арендатор принужден в
большинстве случаев беспрекословно подчиняться той или иной системе
оплаты:в противном случаеон должен выселится с насиженного места, что
неизбежно ведет за собою массу неудобств и затруднений. Прежде всего,
зачастую просто выселится:кругом уже все занято, до и условия всюду
приблизительно одинаковые, - деп жазды. Сібір казак-әскери офицерлері
мүлдем байып, ірі помещиктерге айналды. Оңай жолмен тартып алған қазақ
жерлерінен олар пайданың орасан зор көзін тапты.
Сталиндік репрессия кейбір жеке азаматтардың басына ғана қара
бұлт үйіріп қоймай КСРО-ның әртүрлі бөлігін мекендеген халықтарға
да өз салқынын тигізді. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі
кезеңдерде оларды күшпен еріксіз Еліміздің шығыс аймақтарына,
Қазақстанға, соның ішінде Павлодар облысына қоныс аударды. Осындай
қуғын-сүргін, зұлматқа поляктар, немістер, қалмықтар, шешендер,
ингуштар, кабардиндер, балқарлар, қарашайлар, латыштар, эстондықтар,
гректер, ирандықтар ұшырады.
Халықтың атасы 24 сағаттың ішінде қаншама халықты айрандай
ұйып отырған жерінен, ата-бабасының мекендеген қасиетті мекенінен
қозғап танымайтын қиыларға көшірді. Оларды арнайы қоныс аударушылар
деп атап, бастарын тағдырдың талқысына салып ажалға тікті. Бір үзім
нанын, баспанасының бір бөлмесін бөліп берген жергілікті қазақ
халқының жүрек жылуы мен мейірімі, олардың жанына арша болды. Осыдан
жарты ғасыр бұрын Павлодардың Ертіс өңірі мыңдаған қоныс
аударшылардың екінші үйіне айналып, осы жерден екінші Отанын тапты.
Соғыс қарсаңында және соғыс уақытында туындаған қиыншылыұтырға
байланысты арнайы қоныс аударушыларды қабылдау, орналастыру, оларды
шаруашылықтарға орналастыру мәселелерімен биліктің жергілікті органдары
айналысты. Тұрғын үй, материалдық және азық-түлік қорының
жетіспеушілігі қол байлау болғанына қарамастан әрекет жасауға тура
келді.
Қазақстан КП (б) Павлодар облыстық комитеті бюросының 1940 жылдың
17 мамырдағы Павлодар қаласы мен Павлодар ауданын ирандықтардан арылту
туралы қаулысында Павлодардан Ертіс ауданына тұрақты жұмыспен
қамтылмаған 450 ирандықты, Үрлітүп ауданына 300 адамды қоныстандыруға
жіберу туралы айтылған. Белорусияның батыс оьлыстары мен ССР-нен
қоныс аударылып Павлодарға жақын орналасқан Павлодар ауданының
колхоздарынан Үрлітуп ауданына 300 адам көшіріліп, қоныстанырылды.
Павлодар облыстық атқару комитетінің төрағасы Ф.А. Кобланованың Қазақ
ССР Совет халық комиссариатының төрағасы Н.Д. Оңдасыновқа 1941 жылдың
25 желтоқсанда жазған хатында Павлодар облысыны территориясындағы
барлық аудандарда 9233 польша азаматтары тұрып жатыр. Олардың тығыз
орналасқан жерлері Баянауыл, Павлодар аудандарымен Павлодар қаласы
делінген.
Ұлы Отан соғысы басталысымен Павлодар облысына Қырым АССР-нен,
Волга жағалауы мен Әзербайжаннан 42997 адам қоныс аударылған.
Солардың ішінде - 37703-і неміс ұлтының адамдары. Көшіріліп
әкелінгендердің жартысынан астамы әйелдер, олардың саны-24202 адам. 15
жасқа дейінгі балалардың саны - 17713.
1944 жылдың наурызында Павлодар өңіріне Солтүстік Кавказдан жер
аударылған 41773 адам келді. Шешен, ингуш, балқар, кабардиндердің 8651
отбасы қазақ халқының қамқорлығымен, қолдауына ие болды.
Біздің облыс 1941 жылдың 28 қыркүйегінде 21147 ирандықты
қабылдап, аудандарға орналастырды.
Соғыс басталысымен депортацияның сұрапыл сұмдығын неміс
тұрғындары банан кешірді. Волга жағалауын мекендеп еткен немістерді
жаппай жер аудару СССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941 жылдың
28 тамызындағы жарлығы бойынша басталды. Павлодар облыстық атқару
комитеті мен Қазақстан КП (б (-ның облыстық комитеті 1941 жылдың 2
қыркүйегінде Неміс қоныс аударушыларын қабылдау, орналастыру және
олардың шаруашылық мәселелеріне байланысты іс-шаралар туралы қаулы
қабылдады. Облыстық атқару комитеті мен партияның облыстық комитеті
кейіннен қабылдаған екі қаулы да осы мәселелерге арналған болатын.
Облыстық атқару комитеті мен партияның облыстық комитеті бюросының
1941 жылғы 3 қарашадағы қаулысы бойынша соғыс жүріп жатқан
аудандардан көшіріліп әкелінген адамдарды және жер аударылған
немістерді облыс аудандарына орналастыру жоспары бекітілді. Осы
жоспарға сәйкес оларды ауылдық жерлердегі жұмысшылар мен
қызметкеркерлердің, колхозшыладың үйлеріне кіргізу көзделді. Шұғыл
түрде елді мекендерде бос тұрған үйлерді жөндеп, жақсы үйлерге
соғыс жүріп жатқан аудандардан көшірілген адамдарды орналастыру
қарастырылды.
Көшіп келіп жатқан адамдарды материалдық-тұрмыстық қамтамасз
ету өте күрделі өткір мәселелердің бірі болды. Польша елшілігінң
Павлодар облысындағы өкілі, атташе Ликкиндорф 1942 жылы 6 наурызда
жазған польша азаматтары туралы материалында: 7 ауылда - польша
азаматтары шатырда тұрып жатыр, Найзатаста - үй мәселесі өте
күрделі деп атп көрсеткен.
1944 жылдың тамызында Павлодар облысының НКВД басқармасы
Солтүстік Кавказдан қоныс аударылғандардың шаруашылық-тұрмыстық
орналасуына тексеріс жүргізді. Лозов ауданында 1381 отбасының 554-і
жергілікті халықты үйлерінде сығылысып күн кешуде. Буденный атындағы
колхозда 60 үй салыну жоспарлнса, соның 6-уы ғана салынған, ал
Коминтерн, 17 пратсъезд атындағы колхоздарда үй салу жұмыстары
басталмаған, Ленин атындағы колхозда 3 отбасы баспанасыз ашық аспан
астында тұрып жатқандығы анықталды.
Цюрупин ауданында 1010 отбасы жергілікті тұрғындардың
пәтерлерінде өмір сүруде. Луначарский атындағы колхозда көлемі 48
квадрат метрлік төрт үйде 39 адам тұруда. Ударник колхозында 21
адамнан тұратын төрт отбасы мал қорада күнелтуде. Каганович ауданында
салынуы жоспарланған 300 үйдің орнына 15 қана үй тұрғызылған.
Облысымызға эшелондармен әкелінген нміс қоныстаушылары туралы
мәліметте 1941 жылдың 29 қазанынан бастап 14 қарашаға дейін 13 эшелон,
610 вгонмен 30169 адамды әкелді деп көрсетілген.
Павлодар облыстық атқару қарасты №499 совхоздан 1944 жылдың 4
қарашасында келіп түскен хатта былай делінген: Біздің совхозда тұрып
жатқан арнайы қоныс аударушылардың жағдайына сіздің ықпал етуіңізді
сұраймын. Көшіп келгендердің барлығына жуығы жалаң аяқ, жалаң
бас... Жағдайлары өте мүшкіл, олардың өмір сүрулеріне қолдау
көрсетіп, қол ұшын беруіңізді сұраймын.
Көрсетілген жәрдем жеткіліксіз болатын, қоныс аударған халықтың
тұрмысы шектен тыс ауыр болды. Палодар қаласының аудандарынан
облыстық атқару комитетіне қордан нан, киім бөлуді сұраған хаттар
легі бір толастаған емес. Каганович аудандық кеңесінің атқару комитеті
былай деп хабарлайды, біздің ауданда тұрып жатқан неміс
қоныстанушыларынан 416 адам нан тапшылығын тартып отыр, олардың әрі
қарай өмір сүруі үшін ешқандай тіршілік көзі жоқ. Колхоздардың
қоныс аударушыларды асырауға мүмкіндіктері шектеулі. Калинин
совхозының саяси бөлімінің бастығы Панкратов Павлодар облыстық
комитетіне мынадай Мәлімет берді:... 298 неміс ұлтының тұрғыны,
солардың ішінде 3 пен 12 жас аралығындағы 166 бала төтенше ауыр
жағдайда, нан мен әртүрлі азық-түліктің жетіспеушілігі салдарынан
көптеген отбасы балаларымен бірге аштықтан ісініп жатыр. Қолдануға
жарамды қолдағы өздерінің жеке бастарының мүліктерін тамаққа
айырбастап бітірген халық, әр адамға бөлінген 600гр тамақпен
күнелтіп отыр, оның өзінде бұған жұмыс істеп жүрген адамдардың
ғана қолы жетеді...
Совхохдағы неміс тұрғындарының 42 отбасына жуығы көмекке өте
мұқтаж, олар аш-жалаңаш, әбден азып жүдеген, жұмысқа жарамсыз. Біз
наурыз айында арам өлейін деп жатқан малдың 1 тонна етін таратуға
мәжбүр болдық, қылмыстық іс қозғалып кетуі де мүмкін еді...
Жағдай өте күрделі, не істеу керектігі жөнінде кеңес беруіңізді
сұраймын.
Облысқа арнайы қоныс аударылғандар жөніндегі 1942 жылдың 1
мамырындағы мәліметтерге сүйінсек Азербайжаннан, Волга жағалауындағы
неміс Республикасынан, Қырым АССР-нен, Солтүстік Кавказдан,
Сталинск, Саратов қалаларынан 42997 адамның келгенін көреміз. Қоныс
аударушылардың ұлттары бойынша мыныдый мәліметтер берілген:
Немістер – 37703
Еврейлер – 6
Орыстар – 1085
Украиндықтар – 127
Белорустар – 4
Мордовалықтар – 6
Татарлар – 5
Поляктар – 8
Мадьярлар – 1
Латыштар – 11
Австриялықтар – 1
Хорваттар – 8
Румындар – 9
Эстондықтар – 14
Армяндар – 1
Чуваштар – 5
Чехтар – 4
Француздар – 10
Молдаван – 12
Грузиндер – 13
Осетиндер – 1
Түріктер – 1
Соғыстың ортасы мен соңында неміс басқыншыларының жаулап алған
жерлерін азат ету шараларына байланысты Солтүстік Кавказ, Грузия,
Қалмақ және Қырым автономиялық республикаларының халықтары үшін
үлкен зобалаң, қара түнек әкелген жаппай жазалау шаралары басталды.
1944 жылдың 31 қаңтарында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті (ГКО)
шешендер мен ингуштерді жер аудару туралы қаулыны бекітті. 1944 жылы
23 ақпан күні таң алдында оларды депортациялау операциясы басталып,
аталмыш шара аяқталған күні 1944 жылы 7 наурызда СССР Жоғарғы Кеңесі
Президиумының Шешен-Ингуш автономиялық республикасын жою туралы
жарлығы шықты.
Совет халық комиссариаты мен Қазақстанның ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz