Ортақ нарықтың басымдылықтары
Жоспары:
КІРІСПЕ
1. НАФТА
2. АСЕАН
3. Еуропалық Одақ
Қортынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
КІРІСПЕ
Дүниежүзілік шаруашылық дамуындағы негізгі тенденциялардың ішінде екі
басты бағытты атап көрсетуге болады: біріншіден – жаһанданудың дамуы,
екіншіден – аумақтық интеграцияға ұмтылыс. Осы процесстер халықаралық
экономикадағы аумақтанудың тереңдей дамуының жаңа кезеңдері болып табылады.
Сонымен қатар оның кең дамуы жаһандануға және интеграцияға әкеп соқтырнады,
яғни ұлттық экономикалардың өзара ауысуы және бірнеше мемлекеттер
шеңберінде біртұтас нарықтық кеңістіктің құрылуы.
Интеграция (integratio) латын сөзінен аударғанда жеке бөліктердің
ортақ болуын білдіреді, яғни integer – ортақ, біртұтас. Мемлекеттердің
интеграциясы экономикалық, саяси және басқа да мүдделерінің
біртұтастығының негізіндегі қарым-қатынастар жүйесінің көрінісі болып
табылады. Мемлекеттер интеграциясы ынтымақтастықтың кез келген сферасында
екі жақты немесе көпжақты келісімдер негізінде болуы мүмкін.
Соңғы онжылдықта дүниежүзінде интеграцияланған қоғамдастықтың құрылу
процесі іс жүзінде жүруде. Европада интеграциялық процесстер тереңдету және
кеңею шеңберінде жүруде, Американ континетінде Панамерикандық жалпы нарық
қалыптасуда, Тынық мұхит аумағында белсенді түрде сауда және кооперативтік
байланыстар дамуда.
Халықаралық интеграция өндірістік және ғылыми-техникалық
кооперациялардың дамуын, еркін сауда зонасы, кеден одағы, экономикалық және
валюталық одақтардың, сонымен қатар аумақтық негізде экономикалық және
саяси сипаттағы өзара мемлекеттік бірлестіктердің құрылуына мүмкіндік
береді.
Дүниежүзілік тәжірибе мен тарихи тәжірибе интеграция процесі ұзақ және
қиын екеніне куәгер. Мемлекеттер арасындағы тұрақты қарым-қатынастар
бірнеше онжылдықтарда қалыптасады. Өзара қызығушылық және екі жақтың туып
жатқан қарама-қайшылықтарға қарсы тұру үшін ұмтылыс міндетті және басты
талап болып табылады.
Осы курстық жұмысымның мақсаты – экономикалық және саяси интеграцияның
дүниежүзілік тәжірибесін қарастыру және оның негізінде осы процестердің
дамуы мен басты бағыттарын көрсету.
Осы курс жұмысымыздың өзектілігі – қазіргі кезеңде әлемдік
шаруашылықтағы глобализацияның дамуы мен аймақтық интеграция аса маңызды
роль атқарады. Соңғы ок жылда барлық дүниежүзінде интеграцияланған
қоғамдастықтың құралу процесі жүруде.
Курс жұмысты жазу барысында осындай тарихнамалық базаға сүйендік:
Қазақстан Республикасы жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер
институты[1] мен Әлемдік экономика мен саясат институтының[2]
кітаптарындағы мағлұматтармен және басқа да авторлардың жұмыстарымен толық
таныстық.
Курстық жұмысымыздың мақсаты – Интеграция процесінің мәні,
экономикалық интеграцияның алғышарттар, басымдылықтарына толық сипат беру
және дүниежүзіндегі басты үш аймақтық бірлестіктерге тоқталу.
Осы мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер: тарихнамалық базаны қолдана
отырып, қазіргі кезеңдегі әлемдік интеграцияның жағдайын көрсетіп,
экономикалық интеграциядағы проблемаларды жан жақты талдау жасау және оны
шешу жолдарын көрсету.
Курс жұмысымның құрылымы: Кіріспеден, 2 тараудан, Қорытынды және
қолдынылған әдебиеттер тізімінен тұрады. І тарауында Интеграция процесінің
мәні, яғни оның алғышарттары мен сипаты және аймақтық экономикалық
интеграция туралы, ІІ тауарында аймақтық бірлестіктердің негізгі үш бағыты
(ЕО, НАФТА, АСЕАН) туралы мәселелері қарастырылған.
ІІ тарау. Аймақтық бірлестіктердің негізгі үш бағыттары
2.1. Еуропалық Одақ
Еуропалық экономикалық интеграция орта ғасырлардан басталған. Ғасырлар
бойы Европаны біріктіру әрекеттері көп рет болды. Жаулап алушылар соғыстар
нәтижесінде империяға халықты біріктірді, бұл бірнеше рет континенттің
саяси картасының өзгеруіне алып келді.
Еуропадағы қазіргі кездегі интеграциялық процесстер ресми түрде екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін басталды. Негізгі себептерінің бірі еуропалық
мемлекеттердің екі дүниежүзілік соғыстар нәтижесінде экономикалық және
саяси жағынан әлсіреуі болып табылады. Қазіргі кездегі еуропалық интеграция
экономикалық және саяси аспектлерге ие және комплексті құбылыс болып
табылады. Батысеуропалық мемлекеттердің интеграциясы алғашқы кезде саяси
сипатқа ие болды, оңғжылдықта оның дамуы негізінен экономикалық сферада
жүргізілді.
1958 жылғы ЕЭҚ қазіргі кездегі ЕО айырмашылығы бар. Қазіргі кезеңде
негізгі қайнар көз қызмет секторы болып табылады: 2001 жылы ЕО 67 %
тұрғындары қызмет сферасында 1958 жылғы 37 % қарсы жұмыс істеді.
ЕО тұрғындарының қызметі экономика салаларында:
• 1958 ж. өнеркәсіпте 40 %; ауыл шаруашылығында 23 %; қызмет көрсету 37
%.
• 2001 ж. өнеркәсіпте 29 %; ауыл шаруашылығында 4 %; қызмет көрсету
67 %.
Бүгінгі ЕО біртұтас шаруашылықты көрсетеді. Адамдар, капитал,
тауарлар, қызмет көрсету (авиакомпаниялар, банктер, телефон компаниялары)
ЕО территориясында еркін қозғалады. 1958 жылдан бастап ЕО дүниежүзінде
екінші экономика болды (АҚШ кейін), 12 мүше-елдер ортақ валюта қолданады.
1957 жылғы Рим келісімінде жазылған негізгі мақсаттар ішінде
әлеуметтік пен экономикалық прогресс және өмір мен еңбек талаптарын
тұрақты жақсарту болып табылады.
Еуропа елдерімен бес онжылдықта интеграция жеке ұлттық экономикадан
интеграциялық қауымдастыққа өтті, тәжірибеде оның біршама кезеңдерден өтуі
– кеден одағы, ортақ нарық, Экономикалық және валюталық одақ.
Бірінші кезең 1950 жылдың 9 мамырынан басталады. Францияның сыртқы
істер министрі Робер Шуман Франция мен Германияның болат және көмір
индустриясын біріктіруді ұсынады. 1951 жылы 18 сәуірде Париж келісімі
бойынша алты мемлекет (Франция, Италия, Германия, Бельгия, Нидерланды,
Люксембург) болат және көмірдің еуропалық бірлестігін құрды (ЕОУС). Көмір,
темір рудасы, металлургияның ортақ нарығының мақсаты импорт пен экспорттың
шектеуліктерін жою болып табылады. Бірлестікке кірмейтін мемлекеттерге
импортқа бірдей баж салығы енгізілді. Өзінің индустриясын басқа елдерге
бағындырмаған Ұлыбритания ұйымға мүше болудан бас тартты.
1957 жылдың мамыр айында бейбітшілік мақсатта мүше-елдердің ядролық
ресурстарын біріктіруге және Еуропалық Экономикалық Қауымдастық (ЕЭҚ)
құруға Атомдық энергия бойынша (Евратом) Еуропалық Комиссия құру туралы
Рим келісіміне қол қойылды. Осы құрылған үш қауымдастықтар болашақ біртұтас
Еуропа құрудағы алғашқы қадам болып есептелді.
ЕЭҚ мекемесі 6 мүше-мемлекеттермен төрт қозғалыс бостандығы (тауар,
қызмет, капитал және адамдар) негізінде ортақ нарық құру мақсатында
құрылды. 1959 жылдан бастап осы механизмдер іске асырыла бастады: кеден
жеңілдіктері 20 % көбейді, ал кеден баж салығы 10 % азайды; 1968 жылы баж
салығы жойылды. Нәтижесінде ЕЭҚ мемлекеттерінің арасындағы тауар айналымы
1958-1972 жылдары 9 есеге, ал басқа елдермен тауар айналымы 3 есеге өсті.
1950-1987 жылдары жалпы ұлттық өнімде экспорт бөлігі Францияда - 2,8,
Бенилюкс елдерінде – 4, Италияда – 4,7, Австрияда – 5, Германияда – 5,3
есеге өсті.
Кеден Одағы, 1968 жылы құрылған, ЕО біртұтас экономикасының құру
процесіне бастама болды. Кеден Одағының құрылуы бүкіл дүниежүзінің барлық
импорттаушыларын бірдей шартқа қойды, осы ережелер барлық келу пунктлеріне
бірдей болды, яғни теңіз немесе өзен порттары, аэропорт, автокөлік трассасы
немесе теміржол вокзалы үшін.
Тауарлар ЕЭҚ кез келген бір мемлекетінде импортталынады да, мүше-
мемлекеттердегі клиенттерге таратылады. Греция үшін Пирей порты мен француз
нарығы үшін Марсель порты тауарларға қажет емес, әр порт екі бағытта
қолданылуы мүмкін. Бұл қозғалыстың рационалдауына, бағаның бәсекелестігіне
және тұтынушылар таңдауының кеңеуіне мүмкіндік туғызады.
Интеграцияның басымдылықтары бірден көріне бастады. 1970 жылы мүше-
мемлекеттер арасындағы айналым 12 жыл бұрынғы нәтижемен салыстырғанда 6
есеге өсті. Мемлекеттердің экономикасының көлемі жоғарлады, және олардың
деңгейі АҚШ-қарағанда тез өсті.
ІЖӨ өсуі ресурстарды рационалды қолдануға және технология мен өндіріс
басқаруды дамыту есебіне экономиканың рентабельдігін көтеруге негізделген.
ЕО елдеріне шетел инвестицияларының өсуінің темпі дүниежүзінде ең
жоғарғы болды. ЕЭҚ шеңберінде 60-жылдардан бастап ауыл шаруашылығы,
телекоммуникация, авиатасымалдау, теміржол транспорты, медициналық қызмет
көрсету және т.б. облыстарында саясаттың үйлестіруі басталды. Еуропалық
интеграция дамушы және өзін-өзі қолдаушы процесс ретінде қалыптасты.
1968 жылдан бастап ЕЭҚ елдерінің азаматтары Қауымдастықтың кез келген
елінде жұмыс істеу құқығына ие болды. Еркін қозғалыс жұмыс іздеуші
студенттер, зейнеткерлер мен тұрғындардың басқа да категорияларының
арасында кең таралды. 15 млн. астам ЕО тұрғындары басқа мүше-мемлекеттерге
көшіп кетті, сол жерде жұмыс істеу және зейнетке шығ мүмкіндігіне ие болды.
Алты мемлекеттердің жеткен жетістіктеріне сүйене отырып, 1973 жылы
Ұлбритания, Дания және Ирландия ОЕ мүше болды.
70-жылдары алғашқы жалпыеуропалық жобалар жасалынды, Airbus
Industrie авициялық консорциумының құрылды, авиакосмос және қорғаныс
сферасында технологиялық өңдеулер жүргізілінді.
1979 жылы ЕЭҚ барлық елдері алғашқы рет Еуропалық парламентке тікелей
сайлауға қатысты. 1981-1995 жылдар аралығында Қауымдастық мүшелігіне
Греция, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия және Швеция қабылданды.
Бірақ та кемшіліктер де болды. Кеден Одағы тауар айналымы мен
бәсекелестіктің даму жолындағы көрінетін барьерлерді ғана жойды. Сонымен
қатар басқа әкімшілік кедергілер сақталды, яғни шекарада кеден тексерісі.
1988 жылы бұл операциялар өнеркәсіп пен үкімет үшін 9 млрд. евро болды.
ЕО мемлекеттерінде ұлттық шаруашылық құрылымдары мен олардың
экономикалық даму деңгейінің әртүрлілігімен қатар, осылармен байланысты
ұлттық экономикалық саясаттың ерекшелігі сақталды. Кеден одағы құрылу кезде
олар өзара сауданы реттеу мүмкіндігінен айырылды, нәтижесінде төлемақы
балансы төмендеді және мүше-елдерде валюталық курстың тұрақсыздығы күшейді.
Аса дамымаған елдердің мүшелікке кіруінің нәтижесінде мемлекеттер
арасында теңсіздік болды. ЕО елдерінде экономикалық даму деңгейі нашарлады.
Бұл 1973 және 1979 жылдардағы мұнай дағдарысынан кейінгі рецессия
кезіндегі интеграция әлсізденді. Тек келесі онжылдықта мүше-мемлекеттер
келесі кезеңге дайын болды.
Бірінші кезеңде еркін сауда зонасының шарттары іске асырылды және
мерзімнен бұрын кеден одағы, біртұтас аграрлық нарық құрылды, ортақ нарық
пен ұлттық институттардың құрылуына негіз қаланды. Бұл дамымай жатқан
ұлттық экономикадан ашық экономикаға өтпелі кезеңі болды.
Осы кезеңде саяси интеграциясына талаптану әрекеттері жүргізілді,
бірақ бұл сәтті болмады. Француз Ұлттық Ассамблеясы 1954 жылы қорғаныс
бойынша Еуропалық Қауымдастықтың құрылуы туралы келісімді мойындаудан бас
тартты.
Екінші кезең Ортақ нарық құру мақсатындағы Біртұтас Еуропалық Актіні
қабылдаудан басталады. 1986 жылдың басында қабылданған Біртұтас еуропалық
акт 1992 жылдың соңына қарай сауда айырбасындағы барьерлерді жоюды болжады.
Осындай шарттардағы интеграциялық процестің жалғасуының негізі материалдық
базаның, сонымен қатар саяси күш-жігердің болуы болып табылады. Ортақ
нарықтың енуі 7 жыл ішінде 1000 астам құқықтық құжаттарды қабылдауды талап
етті.
Осы кезеңде кеден тексерісі өзара сенімге негізделген жүйемен
ауыстырылды, яғни тауардың жіберілуі мен қабылдануы кезіндегі толық
тексерілістің жүргізілуі.
1980 жылдан бастап кез келген өнім қосымша сертификациясыз
Қауымдастықтың бүкіл территориясында саудаға жіберілді. Қаржы мекемелері
ЕО бойынша минимум ресми тіркеусіз өзінің банктік, қорғаныс, қор жинау
қызметтерін ұсынды.
Жұмысшылардың негізгі әлеуметтік құқықтары туралы Қауымдастықтың
Хартиясына (1989 ж.) сай тұрғындар ЕО кез келген мемлекетінде жұмыс істей
алды және сол елдің әлеуметтік құқығымен қорғалды.
Еуроодаққа аса дамымаған оңтүстік еуропалық мемлекеттердің
интеграциясы ЕО есебінен қаржыланды. Мысалы, 1992 жылы Қауымдастықтың
қорларынан дотациялар барлық инвестициялардан Греция экономикасына 11%,
Португалия - 8 % құрады.
1990 ж. бастап мекемелердің концентрациясы күшейді. Өндіріс шығындары
төмендетілді, нәтижесінде үлкен бәсекелестікке жетті. Бұл тұтынушыларға
ұтымды болды, яғни тауардың бағалары төмендетілді.
Бәсекелестік ең алдымен телекоммуникация, әуе компанияларында,
теміржол мекемелерінде, пошта қызметінде, газ және электрмен қамтамасыз
етуде кең байқалды. Осы процесстер қазіргі күнге дейін жалғасуда. Осы ішкі
нарықтағы өз белсенділігінің даму мүмкіндігі мен бәсекелестігі еуропалық
мекемелерді дүниежүзіндегі ең мықты мекемелердің құрамына кіруге мүмкіндік
туғызады. Қазіргі кезде Еуродақтың 32 мекемесі 100 мықты әлем мекемелерінің
ішінде қызмет етеді, 100 ішіндегі 39 мекемелері аса үлкен коммерциялық
банктері және 27 тауарлардың маркалары болып табылады.
Ортақ нарықтың басымдылықтары.
Саудаға шектеуліктерді жою керек. Ортақ нарықтың жұмыс істеу барысында
сауда балансының сальдосы экономикалық өсуге шектеулік әсерін тигізбейді.
Ортақ нарық еуропалық потенциалдың іске асырылуына мүмкіндік туғызады.
1992-2002 жылдары ІЖӨ 1,8 % өсті. Сонымен қатар осы кезеңде:
• 900 млрд. еуроға қосымша байлық;
• 2,5 млн жуық жұмыс орны, шекара ашылуының көмегімен;
• Фабрикалық тауарлар саудасы 30 % өсті, бұл тауар таңдауы мен
бәсекелестігінің кеңеуіне мүмкіндік туғызды;
• 2000 жылы ЕО ішінде тікелей инвестиция 1992 жылғы көрсеткішпен
салыстырғанда 12 есеге өсті;
• үшінші мемлекеттен тікелей шетел инвестициясының көлемі ұлғайды;
• халықаралық жоспарда ЕО бәсекелестігі күшейді. Мысалы, үшінші елге
Еуропалық Одақтан экспорт 1992 жылғы ЕО ІЖӨ 6,9 %-тен 2001 жылы 11,2 %
өсті.
• бағаға бәсекенің ықпалынан сатып алу мүмкіндігінің өсуі. ЕО ішіндегі
максималды және минималды бағалар арасындағы айырмашылық төмендетілді;
• еңбектің өнімділігі 1956-192 жылғы 1,9 % қарағанда 1993-1998 ж. орташа
есеппен алғанда 2,1 % көбейді.
Ортақ нарықтың кемшіліктері.
Сауда ағымдары қабылданбауы қауіп-қатері болуы мүмкін. Аймақтық
келісімдерді қабылдауға дейін мекемелер мен экономикалар жаңа сауда
серіктестерге ие болуы мүмкін, яғни бұрынғы серіктестерін қалдырып, жаңа
аймақтық зоналарға ие болуы келесі проблемаларды тудырады:
• рентабелділікке келеңсіз әсері, яғни үшінші мемлекеттің өндірушілері
сол тауарды төменгі бағада сатуы;
• өндірушілердің жағдайының нашарлауы;
• ортақ тариятің енгізілуі үшінші мемлекетке қатысты дискриминация
тудырады; (мысалы, Африкамен изоляцияға дейін жетуі)
Аймақтық экономикалық интеграцияның әсері: еңбекақын немесе салықтың
(әлеуметтік және салық демпинг) азайтылуы. Ортақ нарықта бәсекелестік
ерекше рөл ойнайды. Бұның қауіптілігі, яғни бәсекелес бағаға жету үшін
еңбекақының төмендеуі мүмкін. Осындай саясатты ұстанғанның нәтижесінде
міндетті салымдар мен салықтар ставкалары төмендетіледі. Бұл экономикалық
дерегламентацияға әкеледі. Осындай жағдай қоғамдық қаржы мен әлеуметтік
бірлестіктің ұйымдастырылуына қауіп төндіре отырып, салық кірістерін
жоғалтатын мемлекеттерді біріктіреді.
1992 жылы ресми түрде бекітілген Ортақ нарықтың құрылуы біртұтас
экономикалық саясаттың жүргізілуін қамтамасыз ететін интеграцияның қиын
кезеңі болды. Интеграциялық процестердің тереңдетілуі – тауар мен
қызметтің бәсекелестік деңгейіне ұзақ мерзімді позитивті әсеріне; Ортақ
нарық потенциалын тиімді қолдануға; инфляцияны шектей отырып экономикалық
деңгейдің көтерілуіне мүмкіндік береді.
3 кезең – Экономикалық және валюталық одақтың (ЭВО) құрылуы. 1980
жылға қарсы ЭВО құрылуы 1969 жылы мақсатқа алынған, бірақ осы мақсаттың
іске асырылуы өте қиын болды. 70-жылдардағы дағдарыстан кейінгі рецессия
ЭВО құрылуы мен ортақ валютаның енгізілуін тежеді. 1978 жылы процесс
айырбас курс облысындағы коомерациялардың қайта қалпына келуімен жаңа
деңгейге көшіп, 1988 жылы іске қосылды. ЭВО-ң құрылуының үш фазасының
біріншісі барлық мүше-мемлекеттер арасындағы капитал қозғалысының толық
либерализациясымен 1990 жылы аяқталады. ЭВО нағыз либерализациясы 1993 жылы
1 қарашада Маастрихте Еуропалық Одақ туралы келісім қабылданғаннан кейін
басталады. Бұл Келісімде біріккен Еуропа Ұйымының маңызды принциптері
бектілген: ортақ азаматтық принципі, білім, мәдениет және денсаулық сақтау
облыстарында ортақ саясатты ұстану, сонымен қатар ЕО азаматтарының
құқықтарына негізделген келісімді аймақтық және табиғат қорғау саясатын
жүргізу. [3]
Екінші фаза процесінде мүше-мемлекеттер олардың ұлттық заңдылықтарының
бірлесуін қамтамасыз етуге міндетті болды, негізінен орталық банктердің
тәуелділігі. Сонымен қатар, олардың экономикаларының конвергациясында
жетістіктерге жету болжанды. Мүше-мемлекеттер арасындағы конвергация
жағдайы бойынша жылдық есеп комиссиямен бекітілді.
Үшінші фаза 1994 жылы 1 қаңтарда Еуропалық валюталық институттың
(Еуропалық Орталық Банк) құрылуынан басталады, ол екі миссияны орындайды:
• орталық банктер арасындағы кооперациялардың нығаюына және валюталық
саясаттың координациясына мүмкіндік беру;
• Үшінші фазадан бастап біртұтас валюталық саясат жүргізетін және ортақ
валютаны ендіретін Орталық банктердің Еуропалық жүйесін қабылдауға
дайындық жұмыстарды жүргізу.
1996-1997 жылдар арасындағы экономикалық өсудің қайта жаңғыруы,
конвергенцияның нығаюы, төмен процент ставкалары мен инфляция деңгейі және
айырбас курсының тұрақтылығы қоғамдық қаржы жағдайының жақсаруына мүмкіндік
туғызды. Бұл 1999 жылдан бастап мүше-мемлекеттердің евроға көшу
мүмкіндігінің бар екендігін айтуға болады.
Біртұтас еуропалық актінің қабылдау кезінде экономистер мүше-
мемлекеттердің бірігуінде үлкен жетістіктерге жету үшін конвергенция
параметрлерін ұсынды.
Маастрих критериилері. 1992 жылы мүше-мемлекеттердің ортақ валютаны
қабылдаудағы дайындықты айқындау үшін 5 критерий қабылданды: Ол Маастрих
критерийлері деп аталды.
• баға тұрақтылығы: инфляция деңгейі үш мүше-мемлекеттің 1,5 % аспауы
керек;
• бюджет тапшылығы (кіріс пен шығын арасындағы айырмашылық) ІЖӨ-ге
байланысты 3 % төмен болуы керек;
• қарыз: ІЖӨ-ге 60 % көлемінде лимит бекітілді;
• несиеден ұзақмерзімді процент үш мүше-мемлекетте қолданылатын 2%
пункттен аспауы қажет;
• айырбас курсының тұрақтылығы.
ЭВО құрылуының басталуы - 1999 жылы 1 қаңтарда 11 мүше-мемлекеттің
евро қабылдауы болды. Греция маастрихт критерияларына сәйкес келмей, 2001
жылы еуроны қабылдады.
Дания, Швеция және Ұлыбритания қабылдаған жоқ, яғни айырбас курсы
критериясына сәйкес келмеуі.
Ортақ валютаның басымдылықтары.
Еуроның енгізілуіне дейін валюта айырбастаудағы шығын жолаушылардың
бюджертінің 1 % құрады, бұл бірнеше мемлекеттер жолаушылары үшін көп.
Бағаның тұрақталуы бәсекелестік пен тұтынушыларға позитивті әсерін тигізді.
Сонымен қатар трансшекаралық жіберуде банкоматтарда ақшалай берудегі
операцияны төлеу толығымен жойылды.
Ортақ валютаның енгізілуі еуропалық мемлекеттердің шаруашылығының
жоғарғы деңгейін көрсетті. Қорытындысы:
• Экономикалық өсу ЭВО бекітілгеннен бастапқы екі жыл ішінде орташа
есеппен 3 %;
• Еңбек нарығы. Үш жыл ішінде жақсарды. 6 мыңға жуық жұмыс орны,
жұмыссыздық 2001 жылы 8,3 % төмендетілді, құрылымдық реформалар,
еңбекақы модернизациясы мен экономикалық өсудің арқасында.
• Инфляция. 1999 жылғы 1,1 % инфляция деңгейімен 2001 жылы тұтыну
бағалары 2,5 % өсті, яғни мұнайға бағаның өсуі және долларға
қарағанда еуроның құнды болуы.
• Айырбас курсы. Еуро енгізілгеннен кейін ортақ валюта өзінің 20 %
құнын жоғалтты, бірақ сосын 10 % көтерілді.
• Ағымдағы баланс пен евро зонасының бәсекелестігі күшейді, 2001 жылға
қарсы бюджет профицитіне қол жеткізілді. Бәсекелестік мемлекеттер
бойынша бағытталды: ЭВО бастапқы үш жылында Германия, Греция мен
Австрияда жақсарды. Ағымдағы баланс пен бәсекелестік проблемаларына
бюджет саясаты мен құрылымдық реформалар тежеу жасады.
Ортақ валютаның енгізілуі сонымен қатар маңызды саяси аспектіге ие
болды, яғни ұлттық валюта мемлекеттің валюталық егемендігінің белгісі
болды. Валюталық бірігу Еуропалық Одақтың біріктіруін нығайтты.
Ортақ валюта енгізілуінің кемшіліктері:
• конвергенцияға жетудегі (бірлестік) шектеуліктер. ЭВО жету үшін
экономикалардың даму деңгейі мен бірлей шарттарға ие болуы:
инфляцияның төмен деңгейі, үлкен емес дефицит (ІЖӨ-нен 3 % төмен),
тұрақты айырбас курсы және процент ставкасы. Тұрақты конвергенцияның
мақсатында белгілі деңгейде жұмыссыздықты ұстаудың қатал саясаты
жүргізіледі. Бюджет дефицитінің дейгейі шығынның төмендеуіне әкеледі.
Үкіметтің айырбас курсымен ойнауға мүмкіндігі болмағаннан кейін,
мекемелер еңбек ақы деңгейінің төмендеуі арқылы өз жағдайын жақсартуға
тырысады.
• асимметрия шогының пайда болуының қауіп-қатері. Американ экономисті
Р.Манделлдің айтуынша валюталық зона үлкен басымдылықтарға ие. Бірақ
Еуропада еңбектің толық қозғалысы жоқ. Бұл шок асимметриясын туғызады.
Мысал ретінде Финляндия, оның экономикасы орман өнеркәсібінен
тәуелді. Орманға бағаның төмендеуі фин экономикасына үлкен
қиыншылықтар туғызады, яғни шок біржақты болады. Осындай жағдайда
Финляндия экономикалық шаралар қабылдауы керек, мысалы, әлеуметтік
немесе салық демпинг қолдану немесе бюджет дефицитін өзгертпеу.
Бірінші жағдайда, курс төмендеуі, ал екінші жағдайда еуропалық
критерийлермен сәйкес келмеуі (ІЖӨ-нен 3 % төмен дефицит), бірақ
осындай бюджет саясаты мемлекеттердің инфляциялық басымдықты болдырмас
мақсатында евроға проценттік ставканы көтеру үшін мемлекеттердің
бірігуі проблемасы қауіп-қатер әкеледі.
Сонымен Еуропадағы интеграция дамуы сәтті өтуде. Кеден Одағы
тауарлардың еркін айырбасына жол ашты. Ортақ нарық тағы тауарлардың еркін
қозғалысындағы әкімшілік шектеулерді жойды, территорияда еркін қызмет
алмасуға дайындады. Экономикалық және валюталық одақ тансшекаралақы
инвестициялар жолындағы соңғы шектеулердің көп бөлігін жойды. Бұл ортақ
валютаның енгізілуіне себеп болды және экономикалық саясатқа келісілген
жолға мүмкіндік берді.
Қорыта келгенде, Экономикалық және валюталық одақтың құрылуы ЕО жалпы
шаруашылық жүйесінің құрылуының соңғы кезеңі болды.
ЕО құрылуының саяси аспектісіне келетін болсақ, ЕО келісілген сыртқы
саясат жүргізеді, әлемде халықаралық құқықтың субъектісі ретінде
мойындалды. Қазіргі кезде Еуропалық Одақ басшылығы ұлтаралық органдармен
іске асырылады: Еуропалық кеңесМинистрлер кеңесі – заңды органы, құрамына
ЕЭҚ мүше-мемлекеттердің үкімет басшылары кіреді, Еуропалық Қоғамдастығының
Комиссиясы – атқарушы орган, Еуропалық парламент, Комиссия жұмысын
қадағалайды және бюджетті бекітеді, Еуропалық Қоғамдыстық Соты – жоғарғы
сот органы, Аудиторлық сот.
Еуропалық құрылымның келесі кезеңі Еуропалық Конституциясының
қабылдануы болып табылады. Бұл саяси тенденциялар мен еуропалық
интеграциялық процестің өркениетті сипатын бекітеді, ал бұл ортақеуропалық
азаматтық қоғам мен ортақ еуропалық азаматтықтың болуына мүмкіндік
тудырады.
ЕО кеңеуі.
ЕО экономикалық даму деңгейі бойынша әлемнің ең бай жерлерінің бірі
болып табылады, бірақ оның аудандарында кіріс пен потенциалдары бойынша
үлкен айырмашылықтар бар. 90-жылдардың екінші жартысында статистика
бойынша, ЕО жеке мемлекеттер арасындағы азаматтар кірісінің айырмашылығы
1,5-2 есе көп, толығымен АҚШ қарағанда, ал экономикалық потенциалдардың
айырмашылығы қазіргі күндеде байқалады.
Бұл айырмашылықтар 2004 жылдың мамыр айында 10 жаңа мүше-
мемлекеттердің келуінде ерекше көрінді, олардың кірісі Одақ бойынша орташа
көрсеткіштен төмен. Одақтың жаңа және ескі мүшелерінің арасындағы үлкен
айырмашылықтар экономикалық және әлеуметтік жоспарда бар. Жаңа мүше-
мемлекеттердің ЖІӨ Одақ бойынша (Кипр) орташа 72 % және шамамен 35-40 %
балтық елдері үшін.
ЕО территориясы мен тұрғындарының 20 % ұлғаюында ЖІӨ 5 % өсті. ЕО
бесінші кеңеюі басқа сипатта өтеді. Біріншіден, бастапқы кезде интеграция
мен оның географиялық кеңеуі сатылы болса, ал қазір Еуроодақ бір уақытта
екі бағытта жүреді. Сондықтан оны екі мәртелік кеңею деп атайды.
Екіншіден, жаңа кеңею масштабты болып табылады. Оған бір, немесе екі-үш
мүше кірген емес, толығымен негізінен өтпелі экономикасымен үлкен және
әртүрлі мемлекеттер тобы енді. Үшіншіден, кеңею бақылау мен басқаруда
қиындытар мен айырмашылықтарды білдіреді.
Осы тұрғыдан, аумақтық саясат маңызды роль атқарады. ЕО тәжірибесі
көрсеткендей, толық мақсатты аумақтық саясат жақсы нәтижелер береді.
Ирландия тәжірибесі көрсеткендей, ЕО мүше болғанда ІЖӨ 30 жыл бұрын орташа
64 % болды. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш ең үлкен болып табылады.
Аймақтық саясат бай мемлекеттерден кедей мемлекеттерге ресурстардың
трансфертін қарастырады. Бұл экономикалық интеграцияның мықты құралы болып
табылады.
ЕО саясаты аймақтық айырмашылықтарды азайту мақсатына ие және төрт
құрылымды қордың шеңберінде құрылады:
• аймақтық дамудың Еуропалық қоры
• Еуропалық әлеуметтік Қоры
• Еуропалық ауылшаруашылық қор секциялары
• Балық аулаудан тәуелді территорияларды қаржылай қолдау.
2000-2006 жылдары осы қорларға 213 млрд. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz