АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 3

  1. АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

1. 1 Аймақтың тұтастай бағдарламаларының мазмұны, құрамы . . . 5

1. 2 Аймақтың тұтас кешенді бағдарламалардың жасалу технологиясы . . . 7

1. 3 Аймақтық кешенді бағдарламалардың дамуы, олардың құрылымы және типтік сыныптаушысы . . . 9

  1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЙМАҚТАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

2. 1 Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы . . . 13 2. 2 Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының аймақтарда жүзеге асырылуы . . . 29

  1. АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУАймақтың тұтастай бағдарламаларын жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру . . . 34

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 38

ҚОСЫМШАЛАР . . . 39

КIРIСПЕ

Қоғамда өтіп жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару, олардың бағыты мен желісін реттеу, нарықтың барлық субъектілерінің қалыпты қызметін қамтамасыз ету жүйесінде жоспарлау ісі ерекше орын алып отыр. Бағдарламалауды қоғамдық тәжірибенің айрықша нысаны ретінде белгілеуге болады, басқарудың болжау, бағдарлама мен жоспар түрі де басқару шешімдерінің түрлі нысандарын әзірлеу, олардың тиімділігін дәлелдеу, орындалу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және орындалуын тексеру ісіндегі басқару міндеттерінің бірі болып табылады. Жоспарлау - бұл кез-келген іс-әрекеттің маңызды және міндетті сатысы, себебі, ол үрдістің даму басымдықтарын анықтайды. Елдердің ерекшеліктеріне сәйкес жоспарлау Кеңестік, Америкалық, Француздық, Жапондық, Оңтүстік Кореялық деп бөлінетін көптеген түрлері бар. Кеңес үкіметінің алғашқы бесжылдық жоспары күні бүгін барлық елдер көңіл бөліп отырған аймақтық басқаруды дамыту, басқаруды «төменнен жоғарыға» қарай жүргізуге негізделгенімен, тәжірибе жүзінде іске асу бағыты дәл жоспарлағандай болып шықпады. Жоспарлаудан кеңес үкіметі ыдырағаннан кейін бас тартқан еліміз (Қазақстан) оған қайта оралды. Орталықтан жоспарлаудың оңтайлы тұстарыда жетерлік. Оған бірқатар мемлекеттердің тәжірибесі мысал бола алады, әсіресе, Америка Құрама Штаттарындағы екі басты бағыт орталықтандырылған жоспарлаудың тиімділігінің дәлелі. Оның біреуі муниципалды және аймақтық деңгейлердегі жоспарлау, екіншісі, ірі фирмалар деңгейінде жоспарлау. Аймақ белгілі бір территорияда қалыптасып, нарықта өндіруші, тұтынушы және қайта өндіріс үрдісін ұйымдастырушы болып табылатын, сонымен қатар халық шаруашылығы жүйесінде дамитын - әлеуметтік-экономикалық құрылым болып табылады. Аймақтың даму жағдайы - бұл әр түрлі әлеуметтік және экономикалық үрдістердің жиынтығы, даму тұрғысында анықталатын көп өлшемді және күрделі аспектілі үрдіс. Егер тек аймақтың экономикалық даму жағдайын қарастырғанның өзінде, оның өзі қоғамның әлеуметтік жағдайының дамуымен байланысты бағаланады. Сондықтан аймақ дамуы үшін, ондағы бар проблемалы мәселелерді шешіп, белгілі мерзімге даму бағдарламасын жасау басты міндеттердің бірі деп айтуымызға болады [1] . Қазіргі таңда аймақтардың дамуында, жалпы мемлекет дамуында өзекті мәселелердің бірі болғандықтан, осы курстық жұмысымды «Аймақтың тұтастай бағдарламалары: қалыптасу механизмдері жіне оны жүзеге асыру» тақырыбында жазып отырмын. Менiң бұл курстық жұмысты жазудағы мақсатым мен мiндеттерiм келесiдей:

  • аймақтық бағдарлама мазмұнымен таныстыру;
  • Аймақтың тұтас кешенді бағдарламалардың жасалу технологиясын қарастыру;
  • аймақтық бағдарламалардың құрамын, жүзеге асыру технологиясын ашып көрсету;
  • Аймақтық кешенді бағдарламалардың дамуы, олардың құрылымы және типтік сыныптаушысымен таныстырып өту.

Негізінен курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Осы жұмысым арқылы жалпы бағдарламалау маңыздылығын одан әрі арттыра түсемін деген ойдамын. Ұлттық экономиканың дамуын, коммерциялық ұйымдардың қызметін табысты басқару, қоғамда өтіп жатқан түрлі процестерді реттеу басқарудың барлық деңгейлері үшін қойылған мақсаттарын дұрыс белгілеп, осы мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін ғылыми негізде дәлелденген шараларды дайындау қажет. Осы проблемалардың бәрі жоспарлау, бағдарламалау барысында шешіледі.

  1. АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ тұтастай бағдарламаларының мазмұны, құрамы.

Аймақтың тұтастай бағдарламасы ресурстары және жүзеге асырылу мерзімі бойынша жиналған, экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және муниципалды қалыптасудың басқа да мәселелерін шешуді қамтамасыз ететін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-шаруашылық, т. б. іс-шаралар кешенінің жиынтығы. Аймақтың тұтастай бағдарламалары ағымдық және перспективті болып бөлініп, сәйкес жоспардың құрамдас бөлігі бола алады. Бұл бағдарламаларды жүзеге асырудағы шығындарды муниципалды негіздердің даму бюджеті өтейді. Атап өткендей, аймақтық қалыптасудың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы мәселелер түрлі деңгейдегі тұтас бағдарламалар арқылы өз шешімін тауып отырады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару органдары бағдарламаны қалыптастыру технологиясын, түрлі статусқа ие тұтастай бағдарламаны жүзеге асыру және бекіту технологиясын сәйкес деңшейде білуі қажет. Аймақтың тұтастай бағдарламалар жалпы мына бөлімдерді кіріктіреді:

  • бағдарлама шешуге бағытталған проблема сипаттамасы;
  • осы бағдарламаның жүзеге асырылуына негіз болатын муниципалды негіздердің әлеуметтік-экономикалық жағдайы және дамуының басты бағыттары;
  • бағдарламаның іске асырылу кезеңдері, мақсаттары мен міндеттері, сонымен қатар тұтастай индикаторлар мен көрсеткіштер;
  • бағдарламалық іс-шаралар жүйесі;
  • бағдарламаны жүзеге асыру механизмі;
  • бағдарламаның ресурспен қамтылуы;
  • бағдарламаның әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тиімділігінің бағалануы;
  • бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылайтын және басқаратын ұйым;

Аймақтың тұтастай бағдарламаларының белгілі бір үлгі бойынша жасалатын паспорты болады. Бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі болып бағдарламаның тиімділігін сипаттайтын тұтас индикаторлар мен көрсеткіштер жүйесі табылады. Проблемалы аймақтың тұтастай бағдарламалар түрлі бағыттар бойынша құрастырылуы мүмкін:

  • тиімді инвестициялық және кәсіпкерлік климатты қалыптастыру;
  • нормативті-құқықтық қайта негіздеу;
  • халықтың салауатты өмір салты үшін тиімді әлеуметтік жағдайды қалыптастыру;
  • төтенше жағдайларды ескерту және қоршаған ортаны қорғау;
  • көлік және коммуникация инфрақұрылымының дамуы;

Тиімді инвестициялық және кәсіпкерлік климат қалыптастыру қаржы инфрақұрылымының дамуына бағытталған институционалды қайта құруды өткізуді көздейді:

  • жергілікті территорияға бизнес-орталықтар, консалтингтік фирмалар, сақтандыру компанияларын немесе бөлімшелерін құру;
  • тіркеу және лицензиялау процедураларын жеңілдету (жалғыз терезе қағидасын жүзеге асыру, кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуға алғышарттар жасау) .

Нормативті-құқықтық қайта негіздеу бағдарламалары тұрады:

  • еңбек қатынастары спецификасын реттеу;
  • кәсіпкерлік ынтаны дамытуды ынталандыратын, экономикалық қызметті жүзеге асыратын тұрақты ережелерді құрастыру;
  • экономиканың дебюрократизациясы - жергілікті өзін-өзі басқару органдарының реттеушілік, басқарушылық қызметтерін саралау, кәсіпкерлік қызметке әкімшілік араласуды тоқтату;
  • муниципалды меншікті басқару тиімділігін арттыру.

Әлеуметтік бағдарлама құрамына:

  • денсаулық сақтау объектілерін дамыту және техникалық жабдықтау;
  • ана мен баланы қорғауды күшейту;
  • әлеуметтік қауіпті дерттермен күресу жөнінде түрлі іс-шаралар өткізу;
  • білім объектілерінің материалдық базасын дамыту;
  • мәдениет, спорт объектілерінің құрылысы және техникалық жабдықтау.

Экологиялық бағдарламалар мына жағдайларға алғышарттар жасайды:

  • төтенше жағдайларды ескерту, қоршаған ортаны қорғау, сауықтыру жөнінде іс-шаралар өткізу;
  • дағдарыстық аймақтардың жағдайларына мониторинг;
  • территорияның экологиялық ахуалын және тұрғылықты халық денсаулығына әсерін бағалау.

Инфрақұрылымды дамыту бағдарламалары қалалық көлікті дамыту жөнінде щаралар кешенінен, байланыс, тұрғын-үй, коммуналды шаруашылықтың үзілісіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету туралы, өмірді қамсыздандыру жүйелерінің тиімділішін арттыру, техногенді апаттарды алдын-алу шараларынан тұрады [1] .

Өндірісті реформалау бағдарламалар құрамы кәсіпкерлікті модернизациялау және техникалық қайта қаржыландыру тәсілдерінен тұрады. Аймақтық тұтастай бағдарламаларды құрастырған кезде міндетті түрде шешілетін мәселе, міндет, өнім өндірудің жоспарланған көлемі, қаржыландыру көздері, тиімділік көрсеткіштері критерийлері бойынша жүргізілетін шараларды бағалау қажет.

1. 2 Аймақтың тұтас кешенді бағдарламалардың жасалу технологиясы

Аймақтық тұтас кешенді бағдарламаларды құрастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:

  • бір мезгілді орындалатын бағдарламалар тізімін құрау және оларды жүзеге асыруы туралы шешім қабылдау, бұл этапта мақсат қоюға және оларды іске асыру үшін көп құралдарды жұмсау ұсынылады, сонымен қатар аймақ тұрғындарының дәстүріне сәйкес тиімді параметрлерді орналастыру. Бағдарламаның жүзеге асырылуына және қалыптасуына жауапты бағдарламалық-тұтас басқарушы орган анықталады.
  • бағдарламаның басты құраушысымен бірге атқарушыны анықтау. Басты құрастырушы бірге атқарушының барлық қызметіне ұйымдастырущылық және ғылыми-методологиялық жетекшілік етеді. Территориялық бағдарламаны әзірлеп, оны «тапсырыс берушіге» ұсынады. Бірге әзірлеушілер статус, қызметі, квалификацияланған кадрлары, тәжірибесіне қарай іріктеледі. Басты әзірлеуші мен көмекшілері арасындағы байланыс бағдарламаның «атқарушылар» келісімшартында регламенттеліп көрсетіледі [1] .

Бағдарламаны жобалаудың техникалық тапсырмасын жасау. Қабылданған бағдарлама негізінде тапсырыс беруші-ұйым басты құрастырушыға аймақтық бағдарламаның қалыптасуына тапсырмалар дайындап тапсырады, құрамына:

  • бағдарламаның мақсаты мен міндеттерінің соңғы анықталған сандық көрсеткіштерімен бірге басты мақсаттың тұжырымдамасы;
  • аймақ көлемінде бағдарламаларының құрамының үлгісі;
  • материалды-техникалық, энергетикалық, еңбек ресурстары және ресурстардың басқа түрлері бағытындағы қажеттілік;
  • бағдарламаны жүзеге асырудың қаржыландыру көзі мен реті көрсетілген шығын көлемі болжамы.

Басты әзірлеуші осы тапсырмаларды жетекшілікке алып, «тапсырыс берушімен» келісіп, дайындайды:

  • бағдарламаның жалпы сызбасы мен оны құрастырудың ұйымдастырушылық жоспары;
  • барлық әзірлеушілерге бағдарлама мазмұны, жобалау жұмыстарының аяқталу мерзімі мен реті, қаржыландыру көздері мен көлемі көрсетілетін үйлесімділік жоспары;
  • әзірлеушілерге қажетті әдістемелік материалдар, көрсеткіштер.

Бағдарламаны жобалау. жобалау бюджеттік-жоспарлы кезеңде жүзеге асырылады және проблеманы жан-жақты талдау мен болжамнан басталады. Талдау өзектілігі проблеманың өткен жағдайына шолу жасау болып табылады. Динамикалық көрсеткіштер қатары тартылады. Мысалы, алдыңғы жылдардағы бағдарлама өнімінің қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі, қажеттіліктерді жабуға кеткен ресурстар, нормативтік деңгейден қалушылық, өндіргіш күштердің жағдайы.

Ғылыми-техникалық прогрестің соңғы және қысқамерзімді болжанған жетістіктері ескеріледі. Қысқамерзімді бағдарламаларда экономиканың тұрақсыз факторлары (дағдарыс, инфляция) көрініс табады. Бағдарламаның соңғы мақсаттары эксперттік әдіспен жүргізіліп, нақтыланып белгіленеді. Мақсаттар ағашын құру үшін бағдарламаның мақсаттары мен міндеттерінің иерархиялық құрылымын құрастыру ұсынылады. Мақсаттар мен міндеттер жиынтығы дезагрегация ережесі бойынша жоғарыдан төмен, ал агрегация ережесі бойынша төменнен жоғары құрастырылады[1] .

Бағдарламалардағы мақсаттарға жету үшін құралдар мен жолдар ішінен ең тиімдісін, шығыны аз, пайдасы жоғары жол таңдау, сонымен қатар шешімдердің экологиялық салдары да бағаланады. Соңында көп критерийлер бойынша тиімді нұсқа таңдалады.

Мына тізбек сақталады: мақсаттар → мақсатқа жету жолдар мен тәсілдер → мақсатты жүзеге асыру шаралары → қажетті ресурстарды алу көздері мен құралдары.

Бағдарламаға бизнес-жоспарлық басты көрсеткіштерін көрсететін қысқаша мазмұны болып табылатын инновациялық жобалардың паспорты бірге беріледі. Әр бағдарлама стандартты түрде құрастырылады, титулдық бетте сәйкес аймақтық, облыстық, қалалық әкімшілік, шығарылған мерзімі көрсетіледі.

Аймақтың салалық және салааралық шаруашылық кешендері - әр аймақтың экономикалық жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Қазіргі кезде салалық және салааралық басты мәселелердің шешімін мемлекеттік және аймақтық салалық бағдарламалар негізінде қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұтас кешенді бағдарламаларының бір түрі ретінде қарастырылып, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техниканың дамуының аймақтық стратегиясын басқару мен реттеу құралы болып табылады.

Аймақтық дамудың салалық кешенінің стратегиялық мақсаты тұрақты экономикалық өсуге жету және халықтың өмір сүру сапасын арттыру және қазіргі, болашақ ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін дамыған нарықтық қатынастарды қалыптастыру болып табылады. салалық бағдарламаларда стратегиялық мақсаттар, әдістер мен саланы және салалық кешендерді орналастыру және дамыту басымдықтары, орындалу мерзімі бойынша айқындалатын және мүмкін болатын кең аумақты траекторияға таралған саланың қызмет ету шарттарының сапалы өзгерістеріне сай сценарийді құрастыру.

Сценарий мен сценарийлік шарттар сала мен кешендердің әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларын анықтайтын себептер мен салдарлар байланыстарын және алғышарттарын анықтау үшін құрастырылады. Несие беру шарттары, салық салу, ресурстар құны, жеке және шетел капиталын тарту, еңбек күшінің құны, орналасқан аудандардағы нарықтық өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жағдайына байланысты сапа өндірісінің мүмкін болатын шығындар көлемі мен өтімділік деңгейін анықтау қажет. Салалық бағдарламалар меншік түрлеріне байланысты тиімділік сараптамасынан, сала өнімдерінің аймақтық тауарлық нарығының қалыптасу бағыттарынан, оны шикізатпен, материалмен, жинақтаушы заттармен, жанармай және энергиямен қамтамасыз етуден тұру керек.

1. 3 Аймақтық кешенді бағдарламалардың дамуы, олардың құрылымы және типтік сыныптаушысы.

Аймақтық бағдарламаларды жасау - әртүрлі таксономикалық сатыдағы аймсақтардың барлық мүмкіндіктерін мобильдеудің мақсатқа бағытталған үрдісі. Аймақтық бағдарламалар мақсатты кешенді бағдарламалардың іртүрлілігін сипаттайды жіне халық шаруашылық іс-ірекетінің формасының 1 реттік және артқа қалдырылмайтын мәселелерді шешу үшін ресурстардың басымды концентрациялау әдісінің ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экономикалық дамудың аймақтық стратегиясын басқару мен реттеудің құралы қызметін атқарады. Аймақтық бағдарламалардың келесідей түрлері ажыратылады: мемлекетарлық, мемлекеттік және салалық сипаты сипаты бойынша жүзеге асырылатын және қалыптасатын, жеке аймақтық және кешенді. Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламаларына барлық тар мамандалған бағдарламалар кіреді, олардың ішінде әлеуметтік бағытталған бағдарламалаларға көп көңіл бөлінеді (денсаулық сақтаку, мәдениет, сауда, коммуналдық шаруашылық, туризм, демалыс, білім беру және т. б. ) . Белгілі аймақ бойынша кешенді бағдарламалар ресурстардың барлық түрлері бойынша барлық тар мамандаған бағдарламалар артықшылығына байланысты және белгілі бір мерзімі бойынша оларды шешудің басымдықтарын анықтайды. Аймақтық бағдарламалар бірнеше белгісі бойынша сипатталады (территориялық орналасуы, функционалдық бағытталуы, шешілетін мәселелердің мазмұны, бағдаламалық міндеттердің мазштабтылығы, салалық локализациясы, мәселелердің туу себептері және т. б. ) . Белгілілер оларға сәйкес бағдарламалар айқындау олардың жүзеге асырылуы мен қалыптасу процесінің жалпы заңдылықтарын іздеудің шарты болып табылады. Сыныпталу белгілері мәселелердің мәнін айқындап, оларды басқару ерекшеліктерін, бағдарламалардың объектілерін бейнелейді. Әрбір аймақтық бағдарламалар бір уақытта бірнеше сыныпталу белгілерімен бейнеленеді [2] . Мысалы, нақты жергілікті (аймақтық) бағдарлама территориялық орналасуы бойынша - облыстық, функционалдық бағытталу бойынша экологиялық, мәселелердің масштабтылығы бойынша - тар мамандалған, ұзақтылығы бойынша орта мерзімді және т. б. . аймақтағы бағдарламалаудың тәжірибесін зерттеу осы шаруашылық формаларын пайдаланудағы кемшіліктерді сипаттайды. Жалпы мемлекттік бпғдарламалаудың әдістерін аймақтық деңгейде қолдану, территориялық бағдарламаларды қабылдау мен жасаудағы жүйесіздіктер кездеседі. Аймақтық бағдарламалар мемлекеттік бағдарламалармен салыстырғанда жұмыс ауқымының нақты бағытталғандығымен, дәл уақыт интервалы белгілеуімен ерекшеленіп, и аймақтық дамудың жалпымемлекеттік тұжырымдамасына сәйкес келеді. Аймақтық бағдарламалардың басты міндеттері:

  • ауданаралық экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық даму көрсеткіштерін теңестіру;
  • тиімді территориялық және экономиканың салалық құрылымын қалыптастыру;
  • нарық шарттарында балансталған аймақтық шаруашылық;
  • аймақтың табиғи, материалдық және еңбек ресурстарын барынша тиімді пайдалану;
  • қоршаған ортаны қорғау;
  • басқарушы органдарды ақпаратпен қамтамасыз ету.

Осындай бағдарлама мысалын қарастырайық:

І бөлім. Аймақтың қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалау және талдау. Әлуметтік-экономикалық жағдайы, оның аймаққа әсері және бағдарлама негізінде шешілуі тиіс басты мәселелер анықталады.

ІІ бөлім. Табиғат ресурстарын бағалау және қоршаған орта жағдайы, аймақта бар табиғат ресурстарының (жер, су, орман, энергетикалық, минералды, шикізаттық) түрлері сипатталады. Олардың сандық көрсеткіші, аймақішілік мақсатта қолданылу мүмкіндігі және аймақтан тыс жерге шығару мүмкіндігі, аймақтағы экологиялық жағдай қарастырылып, оны сауықтыру шаралары қарастырылады. Бағдарлама негізінде шешімін табуы тиіс басты мәселелер айқындалады.

ІІІ бөлім. Аймақтағы демографиялық жағдай мен еңбек нарығының жағдайы. Бұл бөлімде қалыптасқан ахуал, аймақтағы еңбек нарығының жағдайы, демографиялық ахуал, бағдарлама негізінде шешілетін басты проблемалар анықталады.

ІV бөлім. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының концепциясы. Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының алғашқы бөлімдердегі орындалуын талдау және табиғи ресурстарын бағалау, қоршаған орта ахуалы, демографиялық жағдай мен еңбек нарығына талдау жасау, аймақтың шаруашылық құрылымы мен масштабын болжамдау, оның материалдық өндірістік базасы, экономикада пайда болған диспропорциялар туралы, еңбек ресурстарының сандық болжамы, табиғи ресурстық әлеуетті пайдалану мүмкіндігі, техникалық прогрестің тенденциялары мен аймақтың алдына қойған шаруашылық міндеттерді құрастыру арқылы концепцияны қалыптастырады. Концепцияның басты мазмұны ресурстарды тиімді пайдаланып, шаруашылық кешенді қалыптастыру.

V бөлім. Тұтастай басты бағдарламалар. Бөлімде аймақ үшін сала бойынша, функционалдық және проблемалық белгілері бойынша басты бағдарламалар құрастырылады. Бұл бағдарламаның әрқайсысында міндеттері, мақсаттары, соңғы нәтижелері, әр бағдарламалық шараларға сәйкес сандық және сапалық көрсеткіштер арқылы бағаланады.

VІ бөлім. Бағдарламаны жүзеге асыру механизмі. Механизм альтернативті варианттарды қатар қойып қарастыру негізінде анықталып, бағдарламаның болжамдық моделі құрастырылады.

VІІ бөлім. Бағдарламаның ресурстық қамтылуы. Болашақ шығындардың есебін қамтиды (қаржылық-кіріс көздері бойынша; материалды- өнім түрі бойынша; табиғат шарты мен ресурстар- климаттық; минералды, энергетикалық, жер, су, өсімдік- шикізаттық ресурс шарты бойынша; еңбек ресурстары- мамандық топ бойынша; ақпараттық- түрлері бойынша; ұзақ мерзімді- уақыт бойынша) .

VІІІ бөлім. Бағдарламалық кешеннің координациялануы. Бағдарламаны жүзеге асырушы барлық ұйымдар шараларының бірігіп кеңесе жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

ІX бөлім. Бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігін бағалау. Бағдарламаның экономикалық тиімділігінің есебі жүргізіледі.

X бөлім. Бағдарлама спецификасымен аймақ есебінен бағдарламаны басқарудың тәсілдері мен түрлері құрастырылатын бағдарламаның ұйымдастырушылық - функционалдық құрылымы қалыптастырылады.

Бағдарламаның бөлімдері қажетті негіздер мен түсініктерден тұрады. Олар бағдарламаның жүзеге асырылуының барлық кезеңдері мен жылдары бойынша қалыптасады. Бағдарламалық шаралар және тұтас бағдарлама сандық және сапалық көрсеткіштер жүйесі бойынша бағаланады. Қолданылатындары:

  • тұтас бағдарлама көрсеткіштері;
  • соңғы нәтижелердің экономикалық, әлеуметтік, ғылыми-техникалық, экологиялық және жалпы бағдарламаны жүзеге асыру тиімділігін көрсететін көрсеткіштер;
  • құрамы мен қажеттілігі әр бағдарламаның ерекшелігіне байланысты қалыптасатын спецификасы;
  • бағдарлама шеңберінде атқарылған жұмыс көрсеткіштері (кезеңдер мен аралық нәтижелер) ;
  • бағдарламаның жүзеге асуын қамтамасыз ететін ресурстық шығын көрсеткіштері.

Аталған көрсеткіштерден басқа бағдарламалық шаралар мен жұмыстар құрастыратын, бағдарламаны басқарудың тиімділігіне қажетті көрсеткіштер көрсетіледі.

Бағдарлама негізінде шешілуі тиіс территориялық проблемаларды таңдау көп этапты болып келеді, оның ішінде басты үш этап қарастырылады.

  1. Шешімін табу керек аймақтар проблемаларын таңдау
  2. Проблеманы шешудің бағдарламалық әдісін қолдану
  3. Проблеманы шешудің бағдарламалық әдісінің мақсаттарына эксперттік бағалау.

Проблеманы таңдау келесі процедуралардан тұрады:

  • қабылданған концепцияны, аймақтық экономиканың функционалдануының болжамдарын кешенді танып білу;
  • қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға талдау(экономикалық әлеует, дамудың ішкі және сыртқы тенденциялары, тауар нарығы динамикасы, аймақаралық байланыс конъюктурасы, ішкі сауда, т. б) ;
  • көрсетілген проблеманың құрылымдық сапалық анализі.

Проблеманы шешудің бағдарламалық әдісін қолдану:

  • проблеманы бағдарламалық тұтас тәсілімен шешудің объективті мүмкіндігін құрастыру;
  • проблемалық жағдайларды шешуде тәсілдің артықшылықтары мен кемшіліктерін талдау;
  • нарықтық қатынастар шарттарында аймақта тәсілдің қолдану мүмкіндігін бағалау.

Проблеманы шешудің бағдарламалық әдісінің мақсаттарына эксперттік бағалау:

  • проблеманы шешуге бағытталған ресурстарды алдын-ала бағалау;
  • бағдарламалық тәсілдің экономикалық тиімділігін анықтау;
  • нақты бағдарламаларды құрастыру жөнінде шешім қабылдау [2] .
  1. ҚР ИНДУСТРИАЛДЫ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЙМАҚТАРДА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫИндустриалды-инновациялық даму бағдарламасы

Атауы Қазақстан Республикасының Индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған стратегиясы

Әзiрлеу үшiн негiз Қазақстан Республикасы Президентiнiң
"Елдегi жағдай туралы және 2002 жылға
арналған iшкi және сыртқы саясаттың негiзгi
бағыттары туралы" Қазақстан халқына
Жолдауында және Қазақстан кәсiпкерлерiнiң
оныншы форумында берiлген тапсырмаларына
сәйкес әзiрлендi

Әзiрлеушiлер Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi; Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда, Бiлiм және ғылым, Көлiк және коммуникациялар, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау, Энергетика және минералдық ресурстар, Қаржы министрлiктерiмен, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiктiң, Ұлттық Банктiң және т. б. қатысуымен әзiрледi [3]

Мақсаты Шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал ететiн
экономика салаларын әртараптандыру жолымен
елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзу, ұзақ
мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық
экономикаға өту үшiн жағдай жасау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін сауда аймақтары
Алматы облысы обл
Еуразиялық Экономикалық Қауымдастықтағы Қазақстан
Қазақстан Республикасындағы аймақтық саясат
Қазақ халқының тарихына шолу
ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ӨҢІРДІҢ КЕШЕНДІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
Теңізшевройл және қоршаған орта
Еуропалық Одақтың Орталық Азияға арналған стратегиясы
Мәдени туризмді дамыту әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz