Жұмыр құрттар типі
Аскариданың ішкі және сыртқы құрылысы
(жұмырқұрттар)
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3
І-тарау. Жұмыр құрттар
типі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ тарау. Жұмырқұрттардың класстары
2.1. НАҒЫЗ ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе НЕМАТОДТАР КЛАСЫ – NEMATODA (аскарида)
2. Құрсақ кірпікшелілер класы –
GASTROTRICHA ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Киноринхалар класы -
KINORHYNCHA ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4. Түкті құрттар класы -
NEMATOMORPHA ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5. Коловраткалар класы -
ROTATORIA ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды

... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
І тарау. Жұмыр құрттар типі
ЖҰМЫР ҚҰРТТАР немесе АЛҒАШҚЫ ҚУЫСТЫ ҚҰРТТАР ТИПІ -NEMATHELMINTHES немесе
ASHELMINTHES
Жұмыр құрттардың көптеген түрлері теңіздер мен мұхиттарда, тұщы
суларда, топырақта қозғалып өз бетімен тіршілік етсе, біразы өсімдіктер мен
жануарлардың, адамның паразиттері. Бұлардың планета биосферасында
кездеспейтін ортасы жок. Сондықтан бұлар космополиттік топ болып табылады.
Жұмыр құрттардың жалпақ құрттардан басты айырмашылығы, ішкі
мүшелерінің арасында дене қуысының болуы. Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы
болмағандықтан оны алғашқы қуыс немесе схизоцель деп атайды. Сондықтан
кейде жұмыр құрттарды алғашқы қуыстылар деп атайды. Денесінің ішкі
қуысындағы сұйық заттың біркелкі қысымда болуы оның дене жұмырлығын тұрақты
етеді. Құрттардың денесі жұмыр болып келетіндіктен типтің аталуы да солай.
Типтің негізгі сипаты: денесі бөлшектенбеген (сегменттелмеген); зәр
шығару жүйесі дамымаған, зәрді денеден тері бездері шығарады, немесе
протонефридияльды; қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған; ас қорыту
жүйесінде артқы ішегі және аналь тесігі дамыған; нерв жүйесі ортогонды,
сезім мүшелері нашар дамыған; дара жыныстылар, жыныс жүйесінің құрылысы өте
қарапайым.
Жұмыр құрттар типі 5 класқа бөлінеді:
1. Нағыз жұмыр құрттар класы - NEMATODA АДЕНОФОРЕА
класс тармағы - ADENOPHOREA
сецерненттер класс тармағы - SECERNENTEA
2. Құрсақ кірпікшелілер класы - GASTROTRICHA
3. Киноринхалар класы - KINORHYNCHA
4. Түкті құрттар класы - NEMATOMORPHA
5. Коловраткалар класы - ROTATORIA

Нематодтар түр саны жағынан (27000-нан астам), кеңістікке таралуы
сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Бұлардың бүкіл әлемде кездеспейтін
ортасы жоқ. Мұхиттар мен теңіздер түбінде, тұщы суларда, топырақ арасында
еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері өсімдіктер мен
жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мен насекомдардың
паразиті ретінде олар ауа қабатын да меңгерген деп айтуға болады.
Айналамызда жүріп жатқан шіру процесінің барлығы осы нематодтардың қатысуы
арқылы жүреді. Кеңістікке таралуы тұрғыдан оларды бактериялар мен
бірклеткалы организмдермен салыстыруға болады.
Нематодтардың тіршілік ету орталарының алуан түрлі болып келуіне
қарамастан құрылыстары бірдей.
Құрылысы мен физиологиясы. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы
(пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік орталарына бейімделу нәтижесінде
(бентос қабатында сырғуға, суда жүзуге, топырақ арасына енуге) қалыптасқан.
Грек тілінде "nematos" - жіп деген мағынаны білдіреді. Бұлардың
денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына
қарай сүйірлене түседі.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 миллиметрге әзер
жетеді, ал паразит түрлері әжептәуір ұзын болады. Мысалы: жылқы
аскаридасының (Parascaris eguorum) ұзындығы 37 см, Placentonema
gigantissima-ның 8 метр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, артқысында аналь
тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ (екеуі бүйірінен, екеуі
арқа және құрсақ бөлімдерінің ортасынан) таралымдар өтеді.
Нематодтардың денесі сыртынан қалың кутикула қабатымен қапталған.
Кутикула (латынша "cuticula" - қабықша) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий
клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Құрамындағы белок пен минералды
заттар және сақиналы әрі ұзынша келген таралымдары оған механикалык
беріктік береді де, оны созылғыш етеді. Кутикула сомалық (дене)
бұлшықеттерге тірек бола тұрып нематоданың өзіндік сыртқы қаңқасын құрайды
да, денені механикалық жарақаттанудан, улы заттардың әсерінен сақтап,
қорғайды.
Кутикуланың астында орналасқан гиподерма қабаты клеткалы не
синцитиялы (клеткалардың косылуынан туған плазмалық қатар) құрылысты болып
келеді. Денесінен өтетін төрт таралымына (сызығына) байланысты гиподерма
ішке қарай төрт ойық (білеу) құрайды.
Гиподерманың астында бір қабаттан тұратын ұзына бойы бұлшықеттері
жатады. Олар тұтас қабат құрмай гиподерманың төрт ойығына сәйкес төрт таспа
(лента) тәрізді жіктеліп, бөлініп жатады: екеуі бүйір, екеуі арқа құрсақ
бөлімінде.
Ac қорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы,
ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында
орналасып, көпшілік жағдайда ерекше өсінділер - еріндермен қоршалған: арқа
және екі бүйірлік. Ауыз тесігі ауыз қуысымен (стома) жалғасады. Ауыз
қуысының құрылысы әр түрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін
(зоопаразит) өкілдерінің ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері болады,
ал өсімдік паразиттерінің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге - стилетке
айналған. Стилет ауыз қуысында арнайы бұлшықет - протракторлар арқылы
қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік ететін жыртқыш нематодтарда
стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын өсінділер - онхамен қаруланған.
74-сурет. Аскариданың (Parascaris equorum) тері-бұлшықет қапшығы және
бұлшықет клеткалары: A - тері-бұлшықет қапшығының құрылысы (көлденең
кесілген бөлшегі); 1 - кутикула қабаты, 2 - мембрана, 3 - гиподерма, 4 -
бұлшықет клеткалары, 5 - фибрилла, 6 - протоплазма (саркоплазма), 7 - ядро,
8 - саркоплазма қапшығы, 9 - саркоплазмалық қапшықтың көлденең кесіндісі,
10 - плазмалық өсінді; Б - бұлшықет клеткалары; 1 - жиырылғыш бұлшықет
талшықтары (миофибрилдер), 2 - ядро, 3 - саркоплазма қапшығы, 4 - плазмалық
өсінді.
Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты
протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару қызметін мойын
безі (ренетта) деп аталатын бір клеткалы тері (гиподермальді) бездері және
фагоцитарлы клеткалар атқарады.
Жылқы аскаридасында (Parascaris equoram) фагоцитарлы клеткалар
төртеу. Егер тәжірибе жүзінде, аскарида денесінің қуысына шприцпен сепия,
кармин тағы басқа бояулар жіберілсе, бірнеше сағаттан соң олар фагоцитарлы
клеткаларға жиналады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі нематодтарда болмайды. Еркін
тіршілік ететін түрлері бүкіл денесі (терісі) арқылы тыныс алады, ал
эндопаразиттік нематодтарда тыныс алу процесі анаэробты, яғни оттегі жоқ
жерде гликогеннің ашуы арқылы іске асады. Гликоген қоры жұмыр құрттарда
белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. Гликогеннің анаэробты ыдырауы
нәтижесінде түзілген соңғы өнімдері - органикалық қышқылдар, соның ішінде
май және валериан қышқылдары қуыс сұйықтығында жиналып, улы, күйдіргіш
затқа айналады. Сондықтан құртты сойғанда өте мұқият және абай болу керек.
Нерв жүйесі және сезім мүшелері қарапайым құрылысты. Біріншіден, нерв
жүйесі тұтасымен гиподерма қабатында, теріге жақын орналасқан, екіншіден -
күрделі ганглиозды клеткалар жүйесі дамымай, нерв клеткалары нерв
бағаналарымен байланыса жекеленген (ганглияларды құрмай), тек құрсақ нерв
бағанасының ұзына бойында нерв клеткалары шоғырланып "құрсақ тізбегін"
құрып дамыған.
Арқа бағанасы арқа-бүйір бөліктерінің бұлшықеттерін, ал құрсақ
бағанасы құрсақ-бұйір бұлшықеттерін және өңеш пен ішекті иннервациялайды
(нервтендіреді). Алдыңғы алты қысқа нерв бағаналары сезім мүшелерін және
бас папиллаларын, амфидаларын, қылтаншаларын, жарық сезгіш клеткаларын
нервтендіреді.
Жыныс жүйесі түтік пішінді, дене қуысында орналасқан, аналығында жұп
күйінде сақталса, аталығында түтіктерінің біреуі редукцияға ұшырап тақ
болады.
Аскарида аналықтарының жыныс мүшесі өте жіңішке, жіпше тәрізді, жұп
жұмыртқа безінен басталады. Оның қабырғасы бір қабатты эпителий
клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп аталатын кіндік желі немесе
овоциттердің (жұмыртқалардың) өсу аймағы орналасқан. Рахистың төңірегінде
жыныс клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа безі біршама жуандау, екі жұмыртқа
жолына ауысып, олар одан да жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын қосылып
жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы құрсақ жақ бөлімінде жыныс
тесігімен аяқталады
78-сурет. Аскариданың ішкі құрылысы: 1 - ауыз, 2 - өңеш, 3 - ішек, 4 -
жұтқыншақ нерв сақинасы, 5 - құрсақ нерв бағанасы, 6 - бүйір сызығы, 7 -
фагоцитарлы клеткалар, 8 - аналық без, 9 - аналық жол, 10 - жатын, 11 -
қынап, 12 - аналь тесігі, 13 - аталық без, 14 - аталық жол, 15 - тұқым
шығарғыш түтігі
Аталықтарының жыныс мүшесі аналықтарындай өте жіңішке, жіпше тәрізді
тұқым (аталық) безінен басталады. Ол біршама жуандау аталық жолына ауысып,
ұрық көпіршігіне жалғасады. Көпіршіктің артқы жағы жіңішкеріп жұқа
бұлшықетті түтікшеге немесе тұқым шашқыш өзекке айналады да, ол артқы
ішекке ашылады (аналь тесігінің алдында). Осы жерге ерекше жұп шағылысу
қалтасы ашылады. Онда көбіне екі немесе одан да көп кутикулярлы ине немесе
спикулалары орналасады. Спикуланың ұштары сыртқа шығып, шағылысу кезінде
көмекші мүше ретінде қызмет атқарады.
Көптеген нематодтарда спикулаларға қосымша копулятивті бурсалары
дамиды. Олар құйрық бөлімінің екі бүйірінде орналасқан, кеңейген және
қалыңдаған қанат түріндегі өсінділер. Бурса және спикулалары шағылысу
кезінде аналығына бекіну ретінде қызмет атқарады. Сперматозоидтарының
талшығы болмайды, Олар жалған аяқтары арқылы амеба тәрізді қозғалады.
Жынысты жолмен көбейеді.
Дамуы. Жұмыртқалар жатынның ішінде ұрықтанады. Нематодтардың
көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де
кездеседі (Trichinella туысынан). Тіршілік циклі қарапайым, ұрпақ алмасуы
болмайды. Бірақ, кейбір түрлерінде, мысалы бақа өкпесінде паразиттік
тіршілік ететін Rhabdias bufonis-тің дамуында гетерогония байқалады (екі
түрлі ұрпақтың пайда болуы).
Детерминацияға байланысты әрбір жеке мүшелер құрамындағы клеткалар
саны тұрақты. Мысалы, Шенберг ұсақ нематоданың бір түрінде 68 бұлшықет, 200
нерв, 120 эпидермальды және 172 ішек клеткаларының санын анықтаған. Сол
сияқты ірі түрлерінде де клетка тұрақтылығы сақталады. Мысалы, аскариданың
нерв жүйесі 162 клеткадан құралған. Осыған байланысты нематодтар
регенерациялық қабілетінен айрылған.
Нематодтардың жұмыртқалары тығыз қабыршақпен қапталған. Жұмыртқадан
сыртқы пішіні ересек формасына ұқсас личинка шығады. Личинка өсуі мен
дамуында төрт рет түлейді, бұл кезде ескі кутикула тасталып, жаңасы
түзіледі.
Классификациясы. Нематодтардың систематикасы сезім мүшелерінің және
зәр шығару жүйесінің ерекшелігіне негізделген. Нематодтар класы екі класс
тармағына бөлінеді: аденофореа - Adenophorea және сецерненттер -
Secernentea.
АДЕНОФОРЕА КЛАСС ТАРМАҒЫ - ADENOPHOREA
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар.
Кейбір түрлері өсімдіктердің, жануарлардың паразиттері.
Тері сезу мүшелері - қылтаншалар, папиллалар түрінде. Папиллалар
нашар дамыған. Қылтаншалар құрттың бүкіл дене бойында орналасқан.
Амфидалары жақсы жетілген, ірі, жұмыр, спираль, қалта тәрізді. Паразитті
түрлерінде олар дамымаған. Фазмидалары жоқ. Теңізде тіршілік ететін кейбір
түрлерінде жарық сезгіш пигментгі дақтары (көзшелері) болады.
Зәр шығару жүйесіндегі мойын безі шомбал типті, түтікшесі қысқа.
Қосымша ретінде гиподермальды бүйір және терминальды құйрық бездері
болады, соңғысынан бөлінген зат, суда қатып, құрттың субстратқа бекінуіне
мүмкіндік жасайды. Бурсальды қанатшалары дамымаған. Көпшілігі бүкіл
денесімен тыныс алады, кутикуласы жұмсақ, қорғаныш қабілеті нашар.
Аденофореа класс тармағы екі отрядқа бөлінеді: хромадорида - Chromadorida
және эноплида - Enoplida.
Хрбмадоридалар өте ұсақ, еркін тіршілік ететін құрттар, теңіз
түбіндегі органикалық тұнбасы мен топырақта (Plectidae тұқымдасынан)
шіріген заттардың арасында жиі кездеседі.
Эноплидалар - жыртқыштар, теңізде, тұщы суда, топырақта кең тараған.
Аздаған түрлері (Mermitidae, Dioctophymidae, Trichocephalidae тұқымдасынан)
насекомдардың, сүтқоректілердің, адамның паразиттері. Маңызды өкілдері:
Dioctophyme renale - алып свайнигі, Trichocephalus trichiurus - түкбасты
құрт, Trichinella spiralis - спиральды трихинелла.
Dioctophyme renale - алып свайнигі - иттің, қасқырдың, түлкінің
бүйрегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің
бүйрегінен несеп заттары арқылы сыртқа шығарылады. Ары қарай даму үшін
жұмыртқалар жауын құрттың (Lumbriculus variegatus) ішегіне түсуі қажет.
Құрттың ішегінде жұмыртқадан шыққан личинкалар дене қуысына өтіп қан
жүйесіне түседі де, бірнеше рет түлейді. Егер де, ит ішінде личинкасы бар
жауын құртты жұтса, онда личинкалар иттің ішегін тесіп, дене қуысына одан
бүйрегіне өтіп, ересек формасына айналады. Осылайша паразит иесін алмастыру
жолымен дамиды.
Trichocephalus trichiurus - түкбасты құрт (қылбас құрт) адамның соқыр
ішегінде және тоқ ішегінде (өте сирек) паразиттік тіршілік етеді. Ақшылдау
түсті, аталығының ұзындығы 30-40 мм, аналығының - 25-50 мм. Денесінің
алдыңғы жағы қылдай жіп тәрізді жіңішкерген, онымен ол ішектің кілегейлі
қабықшасында бұрғылап терең енеді (79 А, Б-сурет). Сондықтан да оны ішектен
шығару өте қиын.
Жұмыртқалары тек қана сыртқы ортада, суда немесе ылғалды топырақта
дамиды. Адамға жұмыртқалары су, жуылмаған көкөніс арқылы жұтудың
нәтижесінде жұғады. Жұмыртқадан шыққан личинка ішектің қабықшасына бекініп,
бір айдан соң ересек құртқа айналады. Ішек ісініп, ас қорыту жүйесінің
қызметі бұзылады.
СЕЦЕРНЕНТТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - SECERNENTEA
Топырақта, тұщы суларда шіріктік ортада кеңінен тараған нематодтар,
сонымен қатар көптеген түрлері адамның, жануарлардың және өсімдіктердің
паразитгері (шамамен 3000-ға жуық паразиттік түрлері белгілі).
Тері сезу мүшелері - папиллалар түрінде және тек бас бөлімінде
орналасқан. Амфидалары нашар жетілген, кішкене шұңқыр тәрізді. Фазмидалары
жақсы дамыған, жұптасып құйрық бөлімінің екі бүйірінде жатады. Жарық сезгіш
пигментті дақтары (фоторецепторлары) болмайды. Гиподермальды бүйір және
терминальды құйрық бездері жоқ. Аталықтарында бурсальды қанатшалары жақсы
дамыған. Зәр шығару жүйесіндегі мойын безі бұтақталған, екі немесе бір
бүйір экскреторлы түтігі бар. Кутикуласы берік, қорғаныш қабілеті жақсы.
Сецерненттер класс тармағы бірнеше отрядтарға бөлінеді, солардың
ішінде ең маңызды отрядтары: Ascaridida, Rhabditida және Spirurida.
Ascaridida отряды. Адамның және сүткоректілердің ішегінде паразиттік
тіршілік ететін түрлер жатады: адам аскаридасы - Ascaris lumbricoides,
жылқы аскаридасы - Parascaris equorum, шошқа аскаридасы - Ascaris suum т.б.
Туғызатын аурулары - аскаридоз.
Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды құрттардың
бірі. Аналығының ұзындығы 20-40 см, аталығы - 15-25 см (80-сурет). Ересек
түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған
жұмыртқалар нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға, топыраққа түседі.
Жұмыртқалар тығыз қабықшамен қапталынған, сондықтан ортаның әр түрлі
қолайсыз жағдайларына өте берік, төзімді. Тіпті олар 2-4% улы калий немесе
натрий ерітіндісінде бір ай уақыт, ал формалиннің ерітіндісінде 4-5 жылға
дейін тірі болған. Бұның бәрі аскарида үшін, паразиттік тіршілік етуіне
байланысты, маңызды биологиялық мәні бар.
Аскарида жұмыртқалары сыртқы ортаның оттегісі мол, қолайлы
температурада (28-33°С) ғана дамиды. Осы жағдайлар болса олар 10-15 күннің
ішінде дамып жетіледі де инвазиялық (жұқтыру) сатысына ауысады, яғни
иесінің (адамның) денесінде ары қарай дами беруге қабілетті.
Адамға аскариданың жұмыртқасы лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай
жегенде жұғады. Адам аузына түскен инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді.
Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады
да, одан дамып, қалыптасып тұрған личинка шығады. Личинка сол жерде қалып,
өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл организмді шарлауын бастайды. Бұл
микроскопиялық майда личинкалар ішек қабырғасын бұрғылап қан тамырларына
түседі. Қанның ағысымен олар бауырға, бүйрекке, содан жүрекке, соңынан
өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың ұзындығы 1 мм шамасында болады.
Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап, альвеолдарға, бронхыларға, одан
тыныс жолына түсіп, ауызға қарай жылжиды. Осы уақытта личинкалар тамақты
(тыныс жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан
сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке келіп, өзінің дамуын аяқтайды.
Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де, ересек формасына жетеді.
Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі иесінің денесінде үш айға
созылады.
Аскаридозбен ауырған адамның тағамға тәбеті тартпай, іші ауырып,
температурасы жиі көтеріледі, жүрек соғу ритмі бұзылып, уланудың белгілері
байқалады. Оның себебі - құрттардың ішек қуысына ерекше улы заттар -
токсиндер бөліп шығаруында. Балаларда аскаридалар ішектен өте тез жоғары
көтеріліп жұтқыншаққа, одан ауыз немесе мұрын қуысы арқылы сыртқа шығады.
Осы уақытта баланың тұншығу қауіпі туады. Аскариданың личинкалары
миграциялар жасау арқылы бактериялардың ішкі мүшелерге енуіне жол ашады
және өкпе қабырғаларын зақымдайды. Ересек түрлері ішектің сілекей қабатына
тіркеліп, қадалып немесе ішектің ішінде үнемі қозғалып жүруіне байланысты
ішекке үлкен зардап келтіреді.
Аскаридалар кең тараған паразиттер. Кейбір елдердің тұрғындарының
тұрмыстық жағдайына тікелей байланысты олар өте жиі кездеседі. Мысалы,
Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол
елде адам нәжісі егіндіктерге тыңайтқыш ретінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz