Ауылшарушылық мақсатындағы жерлердің жағдайы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .3

ІІ. Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 4

1. Қазақстан Республикасының ауылшарушылық
мақсатындағы жерлердің
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4

2. Оңтүстік, Қостанай және Шығыс Қазақстан облысының
жер аумағының статистикасы және динамикасы ... ... ... ... ... ..8

3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл
шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер ... ... ... ... ... ... 12

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15

ІV. Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

І. Кіріспе

Жердің құқықтық жағдайының түсінігі оны пайдалану мен қорғаудың заңмен
бекітілген тәртібін білдіреді. Бұл тәртіп өзіне жерге құқық тәртібін
білдіреді. Бұл тәртіп өзіне жерге құқыққа байланысты субьектілердің
құқықтары мен міндеттерін, жер құқықтық, қатынастарын реттеуге байланысты
мемлекеттік органдардың өкілеттілігін, экологиялық қауіпсіздікті қоса
есептегенде жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты талаптарды
қамтиды.
Ауылшаруашылық өндірісі (өнімдерді жинау, өсімдік, мал шаруашылығы)
өзіне лайықты инфрақұрылымсыз (жол, тұрғын үй, қойма, жер суландыратын
құрылым, шеберхана) дамуы мүмкін емес, сондықтан ауылшаруашылық жерлерінің
құрамында ауылшаруашылық алқаптарынан басқа ауыл шаруашылығына мүмкіндік
жасайтын шаруашылық жолдар, қатынастар, коммуникациялар, тұйық су
айдындары, қора-жайлар мен ғимараттар және ауыл шаруашылық қызметі үшін
қажетті жерлер де бар.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі басты құралы, елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуының кеңістіктік тұғыры, халықтың негізгі тіршілігі мен
әрекеті жер болып саналады. Қазақстан Республикасының аумағы Еуразия
материгінің ортасында орналасқан және жер көлемі бойынша әлемде тоғызыншы
орында. Қазақстан Республикасының жер қоры 272,5 млн.га, соның шамамен 34%
ауыл шаруашылығына арналған жер құрамына және 43,9% босалқы қорға жатады.
Жер қорының көпшілік бөлігі (81,6%) ауыл шаруашылық алқаптары, оның
көпшілігі жайылым.
Жер Кодексінің 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жерінің
құрамы мынадай жер санаттарынан тұрады:
1. Ауыл шаруашылығына арналған жер;
2. Елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен селолық елді
мекендердің) жері.
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығына арналмаған жер;
4. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жері;
5. Орман қорының жері;
6. Су қорының жері;
7. Босалқы жерлер.
Қазақстан Республикасының жер қорының ішінде ауылшаруашылық
мақсатындағы жерлердің маңызы ерекше.
Заңға сәйкес, ауылшаруашылық мақсатына пайдаланатын, бірақ арнайы осы
мақсатқа арналмаған барлық жер учаскелерін ауылшаруашылық мақсатындағы жер
учаскелеріне жатқызуға болмайды. Барлық категориядағы жерлерді
ауылшаруашылық өндірісіне уақытша пайдалану ол жерлерді тиісті категорияға
сәйкестігінен айырмайды. Олардың негізгі мақсаты бастапқы бөлінген
нысанында қалдырылады және олар негізгі мақсатты белгісімен байланысты
құқықтық режимінен шығарылмайды. Бірақ осы жерлердің негізгі мақсатымен
байланысты құқықтық режим анықтаушы рөлге ие болады, яғни қызметі жер
пайдаланудың негізгі мақсатымен байланысты алғашқы жер пайдаланушы және
меншік иесімен орнатылған тәртіп пен жағдайларда бұл жерлер негізгі мақсаты
үшін және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін пайдалануы мүмкін.

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Ауылшарушылық мақсатындағы жерлердің жағдайы

Жердің құқықтық жағдайының түсінігі оны пайдалану мен қорғаудың заңмен
бекітілген тәртібін білдіреді. Бұл тәртіп өзіне жерге құқық тәртібін
білдіреді. Бұл тәртіп өзіне жерге құқыққа байланысты субьектілердің
құқықтары мен міндеттерін, жер құқықтық, қатынастарын реттеуге байланысты
мемлекеттік органдардың өкілеттілігін, экологиялық қауіпсіздікті қоса
есептегенде жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты талаптарды
қамтиды.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жер ұғымы Қазақстан Республикасы Жер
Кодексінің 97 бабында көрсетілгендей ауыл шаруашылығы мұқтаждықтары үшін
берілген немесе осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
деп танылады. Бұл анықтамада ауылшаруашылық, мақсатындағы жерлер сапасының
екі түрі көрсетілген: ауылшаруашылық мұқтаждықтары үшін берілген жерлер
және осы мақсатқа арналған жерлер, яғни өзінің сапасы бойынша
ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін жерлер.
"Ауылшаруашылық мақсаты" деген түсінікке бәрінен бұрын осы жерлердің
ауыл шаруашылығы үшін мақсатты арналуы, сондай-ақ азаматтар мен заңды
тұлғалардың тауарлы ауылшаруашылық өндірісі, ғылыми-зерттеу, оқу және
тәжірибелік мақсат, қорғаныш ағаштарын отырғызу, қосалқы ауыл шаруашылығын
жүргізу, бау-бақша, бақташылық және саяжай құрылысы үшін жер пайдалану
мақсаттарының кешені кіреді. Сондықтан, учаскелерді жеке меншікке немесе
жерді пайдалануға беруге байланысты атқарушы органдардың шешімдеріне
әрқашан жерді мақсатты пайдалану көрсетіледі.
Ауылшаруашылық өндірісі (өнімдерді жинау, өсімдік, мал шаруашылығы)
өзіне лайықты инфрақұрылымсыз (жол, тұрғын үй, қойма, жер суландыратын
құрылым, шеберхана) дамуы мүмкін емес, сондықтан ауылшаруашылық жерлерінің
құрамында ауылшаруашылық алқаптарынан басқа ауыл шаруашылығына мүмкіндік
жасайтын шаруашылық жолдар, қатынастар, коммуникациялар, тұйық су
айдындары, қора-жайлар мен ғимараттар және ауыл шаруашылық қызметі үшін
қажетті жерлер де бар.
Қазахстан Республикасында жер қоры өзінің негізгі мақсатына қарай
бөлінеді немесе топтастырылады.

Жер Кодексінің 1 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының жерінің құрамы
мынадай жер санаттарынан тұрады:

1. Ауыл шаруашылығына арналған жер;
2. Елді мекендердің (қалалардың, поселкелер мен селолық елді
мекендердің) жері.
3. Өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және өзге де ауыл
шаруашылығына арналмаған жер;
4. Ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жері;
5. Орман қорының жері;
6. Су қорының жері;
7. Босалқы жерлер.
Қазақстан Республикасының жер қорының ішінде ауылшаруашылық
мақсатындағы жерлердің маңызы ерекше.
Заңға сәйкес, ауылшаруашылық мақсатына пайдаланатын, бірақ арнайы осы
мақсатқа арналмаған барлық жер учаскелерін ауылшаруашылық мақсатындағы жер
учаскелеріне жатқызуға болмайды. Барлық категориядағы жерлерді
ауылшаруашылық өндірісіне уақытша пайдалану ол жерлерді тиісті категорияға
сәйкестігінен айырмайды. Олардың негізгі мақсаты бастапқы бөлінген
нысанында қалдырылады және олар негізгі мақсатты белгісімен байланысты
құқықтық режимінен шығарылмайды. Бірақ осы жерлердің негізгі мақсатымен
байланысты құқықтық режим анықтаушы рөлге ие болады, яғни қызметі жер
пайдаланудың негізгі мақсатымен байланысты алғашқы жер пайдаланушы және
меншік иесімен орнатылған тәртіп пен жағдайларда бұл жерлер негізгі мақсаты
үшін және ауыл шаруашылығы өндірісі үшін пайдалануы мүмкін.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер мен негізгі мақсаты бар және
ауылшаруашылық өндірісі үшін уақытша ғана пайдаланылатын жерлерді
қорғаудағы негізгі айырмашылық - ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер
ауылшаруашылық емес мақсатқа пайдаланудан қорғалады. Ал, басқа жерлер олай
емес, олар барлық уақытта ауылшаруашылық емес мақсатқа пайдаланылуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайының маңызды
құрамдас бөлігіне заңда ауылшаруашьшық алқаптарын пайдалануға байланысты
меншік иелері мен жер пайдаланушылардың міндеттерін белгілейтін құқықтық
нормалардың жиынтығының болуы жатады. Ауылшаруашылық алқаптарын
пайдаланудың ерекшеліктерін ескере отырып бұл міндеттерді келесі белгілері
бойынша топтастыруға болады:
- топырақ ылғалдылығына қолайлы жағдай жасай отырып ауылшаруашылық
алқаптарын селден, су астында қалудан, батпақтанудан, құрғап кету мен
сортаңданудан қорғауға бағытталған шаралар жүргізу арқылы топырақтьң
қолайлы су жағдайын қамтамасыз етуге міндетті;
- ауылшаруашылық алқаптарының тйісті дақылдық-техниқалық жағдайын қам-
тамасыз ету, арамшөп, бұта және шіліктің басып кетуіне жол бермеу,
топырақты өсімдік ауруларымен карантидік зиянкестерден зақымданудан
қорғауды дер кезінде жүзеге асыруға міндетті;
- топырақ құнарлығын, сондай-ақ жердің басқа да пайдалы қасиеттерін
қалпына келтіруге және арттыруға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті;
- өндірістік табиғат қорғау технологиясын қолдануға, өзінің шаруашылық,
қызыметінің нәтижесінде айналадағы табиғи ортаға зиян келтіруге және
экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге міндетті.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлердің құқықтық , жағдайының ең маңызды
талаптарының бірі ауылшаруашылық өндірісімен айналысушы меншік иелері мен
жер пайдаланушылардың жер учаскесінің аумағын тиімді ұйымдастыру болып
табылады. Бұл мәселені жүзеге асыру жерге орналастыру мен жерге құқық
субъектісіне жүктеледі 12,136.
Берілген тәртіп бойынша бекітілген жерге орналастыру жобасы барлық
алқаптарды, жер учаскелерінің барлық, бөлігін белгілі мақсатқа пайдалану
үшін құқықтық, негіз береді. Жобада көрсетілген аумақты (территорияны)
ұйымдастыру тұрақты табиғи ландшафтілерді жақсарту мен қолдауды қоса
есептегенде жерді тиімді және толық, пайдалану үшін жағдаи туғызады.
Жер пайдаланушылар мен меншік иелері өздеріне берілген ауылшаруашылық
жерлерін тиімді пайдалануға, топырақ құнарлығын арттыруға байланысты тиімді
шаралар жүргізуге, топырақтың жел және су эрозиясының алдын алуға
байланысты шаруашылық ұйымдастыру, агротехникалық, орман мелиорациялық,
(орман-суландыру) және гидротехникалық шаралардың кешенін жүргізуге, жердің
өндіріс қалдықтарымен ластануына, батпақтануына, сортаңдануына, арам
шөптердің өсуіне, карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларына, сондай-ақ,
ауылшаруашылық жерлерінің жағдайын нашарлататын басқа да жағымсыз
жағдайларға жол бермеуге міндетті .
Ауылшаруашылық өндірісімен айналысушы азаматтар мен заңды тұлғалар:
- зоналық ерекшеліктерге сәйкес егін шаруашылығының негұрлым тиімді
жүйесін енгізуге, ауыспалы егісті енгізу мен меңгеруге, пайдаланылмай
жатқан жерлерді өндіріске тартуға;
- ауылшаруашылық, алқаптарын құрғату, суландыру мен суаруға міндетті;
- егістік даласын қорғайтын ағаш егістерін отырғызуға құмдар мен
жыраларды бекіту және ағаш егу арқылы эрозияға қарсы шараларды жүзеге
асыруға міндетті;
- ауылшаруашылық, алқаптарын тастардан және ұсак, ағаштардан тазартуға,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің аурулары және зиянкестерімен күрес
жургізуге міндетті.
Белгіленген тәртіп бойынша ауыл шаруашылық, мұқтаждықтары үшін жарамды
деп табылған жерлер азаматтар мен заңды тұлғаларға ең алдымен
ауылшаруашылық өндірісі үшін берілуі қажет. Жердің ауылшаруашылық
мұктаждықтары үшін жарамдылығы, құзретті атқарушы органмен бекітілген жер
кадастрының топырақтық және геоботаникалық зерттеу құжаттарының негізінде
анықталады.
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 97 бабының 3 тармағында
көрсетілгендей ауылшаруашылық алқаптарына егістіктер, тыңайтылған
жер, көпжылдық өсімдіктер егілген жер, шабындықтар мен
жайылымдар жатады.
Егістіктерге таза күйінде ұсталатын, күздік, жаздық дәнді дакылдар үшін
дайындалатын ауыспалы егіс табанын, сондай-ақ, көпжылдық шөптер егуді қоса
ауылшаруашылық дақылдарын егуге қолданылатын және жүйелі түрде өңделетін
ауылшаруашылық алқаптары жатқызылады. Бақтар аралығындағы егу үшін
қолданылатын, сондай-ақ алдын-ала дақылдарын егу үшін түбегейлі жақсарту
мақсатымен жыртылған жайылым және шабындық жерлерінің учаскелері
егістіктерге жатпайды.
Тыңайтылған жерлер деп бұрын егістік құрамында болған , күзден бастап
бір жылдан көп мерзімге ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін пайдаланылмайтын
және күздік, жаздық дәнді дақылдар үшін дайындалатын ауыспалы егіс табанына
дайындалмаған жер учаскесін айтамыз.
Көп жылдық өсімдіктер деп территорияны сәнмен безендіру үшін, сондай-
ақ техникалық және дәрілік өнімдерін, жеміс-жидек астықтарын алу үшін
арналған, қолдан отырғызылған көп жылдық өсімдіктері мен бұталы өсімдіктері
ағаштары бар ауылшаруашылық алқаптарын айтамыз.
Табиғи шабындық және жайылымдарға мал бағу және шөп шабу үшін жуйелі
түрде пайдаланылатын ауылшаруашылық алқаптары жатады.
Түбегейлі жақсартылған шабындық және жайылым деп шымдарды жойып,
кезекті тыңайту жолымен жаңа жер оттылығы қалыптасқан жайылым мен шабындық,
учаскелерін айтамыз.
Суландырған жайылымдарға аумағында тиісті мал санына сәйкес сумен
қамтамасыз етуге қабілетті су көзі бар (көл, өзен, суармалы немесе
суландыратын канал, құбырлы немесе шахталы кұдық) жайылымдар жатқызылады.
Ауылшаруашылық алқаптары айрықша қорғалуға тиіс. Соған орай
ауылшаруашылық мақсатына пайдаланылатын жерлерді басқа түрге,
ауылшаруашылық алқаптарын бір түрінен екінші түріне ауыстырудың тәртібін
"Жер кодексіне сай Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Ауылшаруашылық дақылдарын егу үшін бөлінген алқаптар да бірнеше
санаттарға бөлінуі мүмкін. Олар: астық алқаптары, көп жылдық шөп егістері,
жүзімдіктер, техникалық дақылдар (мақта, күнбағыс және т.б.) жатады.
Ауыл шаруашылығында жерлер суармалы, суарылмайтын, мелиорация жуйесі
жүргізілген, құнарлығы арттырылған, көп жылдық егістер егілген жерлерге де
бөлінеді .
Суармалы ауыл шаруашылық алқаптарына жүйенің әрекет ететін пайдалы әсер
коэффициентіндегі суару нормасының жобалы немесе қазіргі нормативтеріне
сәйкес су ресурстарының ағымы осы жерлерді суаруды қолайлы мерзімде
қамтамасыз ету көрсеткіші 75 проценттен кем болмайтын, суару көзімен
байланысты, бірқалыпты немесе уақытша суару жүйесі бар, ауыл шаруашылығына
пайдалану және суару үшін жарамды жерлер жатады.
Жайылма суару жерлері деп топырақты ылғалдандыру үшін суару немесе
суландыратын каналдарынан су беретін, сондай-ақ осы учаске алаңында
көктемгі су тасқыны және еріген суларды тоқтату мен қайта бөлуді қамтамасыз
ететін су ұстағыш қорғандар, су реттегіш бөгеттер және басқа да
гидротехникалық, ғимараттары бар учаскелерді айтамыз.
Мұндай жерлерді құқықтық реттегенде, әсіресе, жерді беру, қайтарып алу,
қайта беру барысында олардың ауыл шаруашылығында алатын орны, қорғалу
мақсаты, зиянды және ауыл шаруашылығы өндірісінің шығынын өндіріп алу
мәселелері туындайды. Олар ауылшаруашылық, жерлері құрамының ерекшеліктерін
сипаттайды.
Бұл атап өткен құқық, қатынастарында жер пайдалану құқык объектісінің
ерекшелігін ауыл шаруашылығы жерін пайдалану ережесінен көруге болады.
Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді ерекше жағдайларда ғана
ауылшаруашылық өндірісіне байланысты емес мақсаттарға пайдалануға жол
береді.
Басқа мақсаттағы жерлерді ауылшаруашылық өндірісінің мұқтаждықтары үшін
пайдаланған кезде оларға ауылшаруашылық жерлерін қорғау ережесі
қолданылады. Бірақ олардың қосымша ауылшаруашылық мақсаты алынып
тасталынса, онда оларды қорғаудағы ұқсастығы да жойылады.
Ауылшаруашылық алқаптары ерекше қорғалуға тиіс. Бұл жерлерді ерекше
жағдайларда ғана ауылшаруашылық өндірісіне байланысты емес мақсаттарға
пайдалануға жол беріледі.
Тәртіп бойынша өндірістік кәсіпорындардың, автомобиль жолдары мен темір
жолдардың, электрлік беріліс желілерінің және магистральды өткізу құбырлар
құрылысы үшін, сондай-ақ басқа да ауылшаруашылық, емес мұқтаждықтар үшін
ауыл шаруашылығына жерлер беріледі. Бірақ бұл талаптар барлық, уақытта
орындала бермеуі мүмкін (пайдалы қазбалардың кен орындарын өңдеу, елді
мекендердің көлемін ұлғайту, аудан көлемінде ауыл шаруашылығы үшін жарамсыз
жерлердің болмауы).
Сондықтан Жер кодексінің бабында кадастрлық бағасы орта аудандық
деңгейден жоғары ауылшаруашылық жерлерін қайтарып алуға ерекше жағдайларда
ғана, халықаралық міндеттерді орындауға, учаскенің астынан бағалы пайдалы
кен орындарының табылуына, жол салуға, электр қуаты желілері мен
магистралды өткізу құбырларын тартуға, сондай-ақ маңызды мемлекеттік мәні
бар объектілер салуға байланысты ғана жол беріледі деп көрсетілген.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін жер учаскесін алу мен беру Жер
кодексінің бабына сәйкес облыстық атқарушы органның құзіретіне жатады.
Бұндай жағдайда заң бағалы ауылшаруашылық алқаптарынан жер учаскесін алу
мен беру туралы шешім қабылдауға құқылы мемлекеттік органдардың аясын
шектейді.
Әлемдегі ең маңызды мәселелердің бірі адамзаттың қазіргі және болашақ,
ұрпақтары үшін ауылшаруашылық алқаптарының сапасын көтеру мен көлемін
сақтау болып отыр. Халық санының жоғары қарқынмен өсуі ауылшаруашылық
өндірісінің өнімдеріне сұранысты күшейтіп отыр. Демек, мүмкіндіктері
шектелген ауылшаруашылық алқаптарының да көлемін ұлғайтуға тура келетіні
белгілі. Сонымен қатар сол уақытта елді мекендердің аумағын ұлғайтуға,
өндірісті, транспортты, байланысты, пайдалы қазбаларды дамытуға объективті
қажеттілік туындайды және ол қажеттіктер ауылшаруашылық мақсатындағы жер
айналымынан жер алуды талап етеді.

2. Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облысының
жер аумағы және статистикасы

Оңтүстік Қазақстан облысының жер аумағы Қазақстандағы барлық жер
көлемінің 11724,9 мың гектарын алып жатыр, немесе 4,3%.
Жер санаттары бойынша:
- ауыл шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635,6 мың
гектар,
- елді мекендердің жерлері 693,9 мың га,
- өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа
мақсаттарда пайдаланатын жерлер 61,4 мың га,
- ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері 311,1 мың га,
- орман қорының жерлері 3133,7 мың га,
- су қорының жерлері 134,2 мың га,
- босалқы жерлер 2755,9 мың гектар.
Барлық жер: - 11724,9 мың гектар.
Оңтүстік Қазақстан облысының 0,9 мың гектар жері территориядан
тыс, көрші Өзбекстан Республикасының аумағында орналасқан.

Ауылшаруашылығы мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 4635,6
мың га, оның ішінде:
- егістік жер 860,8 мың га, ал суармалы егістік жері – 450,7 мың
гектар,
- көп жылдық екпе ағаштары- 27,3 мың га,
- тыңайған жер – 161,9 мың га,
- шабындық – 140,5 мың га,
- жайылым – 3316,1 мың га,

- басқа да жерлер – 129,0 мың гектар.

Облыс бойынша 2008 жылғы жер тепе-теңдігін 2007 жылмен салыстырғанда
2008 жылы арнайы жер қоры 49,8 мың га азайып, керісінше елді мекендердің
жерлері 9,3 мың га, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және ауыл
шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер 1,8 мың га, орман
қорының жерлері 2,5 мың га, су қорының жерлері 0,1 мың га және ауыл
шаруашылық мақсаттары бойынша пайдаланатын жерлер 36,1 мың гектар жерге
көбейді.
Жер реформасын жүргізу, жерге жеке меншіктік құқығының аясын біртіндеп
өсуіне ықпал етті.
Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жекешелендіру шаралары негізінде 2008
жылдың 1-ші қарашасына 71010 шаруа қожалықтары (фермер) құрылған,
мемлекеттік емес ауылшаруашылық кәсіпорындары 3837, соның ішінде 1818
серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер 977, ауыл
шаруашылық ғылыми-зерттеу мекемелері 43.

Шығыс Қазақстан облысының жер қорының құрылымы.

Шығыс Қазақстан облысының жер көлемі 28 322,5 мың га, оның ішінде
ауыл шаруашылығы мақсатындағы 9 361,5 мың га (облыс жер қорының 33,0 %); 2
913,0 мың га (10,3 %) – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер пайдалануды орналастыру
Жерге орналастыруды жобалау және ауылшаруашылық жерлерін пайдалану саласы бойынша
Ашық солтүстікті топырақтар
Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық шарттық қатынастарды құқықтық реттеу мәселелері
Қызылорда өңірінің сипаттамсы
Шаруа қожалығының жерге орналастыру жұмысы
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
Алматы облысы Райымбек ауданы жерлерін есепке алу және бағалау
Жерге орналастырудың экономикалық факторлары
Пәндер