Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат - мүдделері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Әбдуәли Қайдар еңбектеріндегі этнолингвистикалық көріністер

Орындаған:
Ғылыми жетекші:

2010 жыл
ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Ұстаз жолы – ұлы
жол ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 5
1.1 Мұғалім, оқытушы, тәрбиеші, педагог, ұстаз ұғымдары туралы жалпы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Ұстаз туралы халықтың, ұлы адамдардың қанатты сөздері
... ... ... ... ... ... .8
1.3 Педагогикалық шеберлік туралы педагогтардың
көзқарастары ... ... ... ... .10
2 Ұстаздық шеберліктің қалыптасу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 Ұстаздық шеберлікке барар жолдағы ұстаздық қабілет түрлері және шебер
ұстаздың жеке басының
қасиеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Ұстаздық шеберліктің көрінісі, қалыптасу
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
Әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..35

КІРІСПЕ

Тілтанудың күрделі мәселелері көп-ақ. Солардың ішінде кейде мән бере
бермейтін, бірақ бәріміздің де білуіміз қажет, ал тіл мамандары үшін
міндетті күрделі мәселенің бірі – тіл байлығы, сөз қазынасы. Бұл мәселені
әркім өзінше түсініп, оған байлам айтатын сияқты. Толғауы тоқсан қызыл
тіл деп марапаттағанда біз көбінесе тіліміздегі сөздердің санын, айтылатын
ой-пікірімізді жан-жақты түсіндіруге қажетті сөздердің одан табылуын
ескереміз. Бірақ ана тіліміздің қорында қанша сөз барлығын және оның қандай
бұлақтардың қайнар көзінен нәр алып, толассыз толығып, байып отыратынын
баршамыз біле бермейміз.
Сонымен, біздің бұл курстық жұмысымызда – біздің елдігіміздің,
ұлттық өрлеуіміздің, нұрлы болашағымыздың ертеңі болатын жастарды
тәрбиелеудегі ұстаздың шеберлігін пайдаланудың маңызы мен жолдарын
қарастырамыз.

1. Ұстаз жолы ұлы жол
1.1 Мұғалім, оқытушы, тәрбиеші, педагог, ұстаз ұғымдары туралы жалпы
түсінік

Этнолингвистика – этнос болмысын оның тілі арқылы танып-білу
мақсатынан туындаған лингвистиканың (тіл білімінің) жаңа да дербес бір
саласы. Тіл әлемінің өзіндік табиғатын, даму заңдылықтарын толық та жан-
жақты зерттеу барысында іштей жіктеліп, дүниеге келген социолингвистика,
психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика іспеттес
этнолингвистика да – этностаным мен тілтаным ғылымдарының ортақ
проблемасы шеңберінде тоғысу нәтижесінде пайда болған жаңа сала. Ол –
этностың инсандық һәм дүнияуи табиғатын тереңнен танып-білу үшін басқа
емес, тек тіл феноменінің өзіне ғана тән ғажайып мүмкіншіліктері мен қазына
байлығын зерделеп зерттеуді мақсат ететін ғылым.
Осыған байланысты этнолингвистика этнос, этнос болмысы, этнос
тілі не тіл әлемі деген ұғым-түсініктерге ерекше мән береді. Өйткені
бұлар жай термин ғана емес, бір таяқтың екі басы сияқты, бір-біріне етене
қатысты, бірінсіз бірінің күні жоқ бір тұтас құбылыстың көрінісі іспеттес.
Бұл этнолингвистика терминінің атынан да құрамынан да (грекше ethnos
–халық және латынша lingua – тіл, французша inguistigue – тілтану)
айқын көрініп тұр.
Этнолингвистика терминіне тіл мамандарының беріп жүрген ең жұпыны,
бірақ дәл анықтамасы мынадай:
Этнолингвистика – это раздел макролингвистики, изучающий отношения
между языком и народом и взаймодейтсвия лингвистических и этнических
факторов в функционировании и развитии языка.
Алайда бұл термин ғылым саласында көптен бері-ақ қолданылып келе жатса
да, оның дәл осы мағынасы бірлден қалыптаса қойған жоқ әрі ол туралы пікір
таластар әлі күнге дейін жалғасуда; олар негізінен этнолингвистиканың
зерттеу объектісіне және басқа ғылым салаларымен қатысына байланысты болып
келеді.
Мәселен, профессор М.М. Копыленконың пайымдауынша, этнолингвистика
термині ғылым әлемінде ең алғаш шетел ғалымы Б.А. Уорофтың идеясы
негізінде этнография мен социология ғылымдарының аралығынан туындаған болып
танылады. Ал, бұл идея Э. Сепирдің тіл фактілерін этнос мәдениеті мен жеке
тұлға тұрғысынан қарастыратын теориясымен сәйкес болғандықтан, ғылымда
Сепир – Уорф болжамы деген атпен де белгілі болып келді.
Алайда этнолингвистика идеясын әр қырынан және әр деңгейде қарастырып
келе жатқан ғалымдардың (мысалы, В.Гумбольт, В.Вундт, А.А. Потебня, Г.
Шухардт, Ф. де Соссюр, Бодуэн де Куртенэ т.б.) өздері де о бастан-ақ
этнолингвистиканың Этнос пен этнос тілі негізінде қалыптасқанын толық
мойындаса да, олардың өзара қатыстылығы мен үйлесімін айқындауға келгенде
бір жерден шыға аламай жүргендігі мәлім. Мәселен, этнолингвистиканың аяқ
тірер бір тағаны – этносты кейде этнос деуден қашқақтап, сан саққа
жүгіртіп, біресе мәдениет, біресе тарих пен әлеуметтік жағдай деп, оның
шеңберін тарылтып, бүтіннің бөлшегі ретінде көрсетулері ерекше көзге
түседі. Мәселен, Фердинант де Соссюр этнолингвистиканы этнос тарихы мен
этнос тілі тарихының өзара әсерін зерттейтін ғылым ретінде танып, өз ойын
халықтың салт-дәстүрі оның тілінде көрінсе, тіл, керісінше, сол халықтың
өзін қалыптастырады деп тұжырымдады. Жалпы дұрыс пікір. Бірақ этнос
тілінде өз көрінісін табатын тек оның салт-дәстүрі ғана емес.
Сол сияқты Э. Сепир де этнография, салт-дәстүр, мифология т.б. осы
сияқты ұғымдарды этнос болмысымен шендестіріп, тіл әлемін тілдің
символдық қызметімен шектеп көрсеткісі келеді. Ал, кейінгі кезде қалыптаса
бастаған этносты Адам деген ұйыммен алмастыру арқылы этнолингвистиканың
баламасы ретінде антропология (адам туралы ғылым) терминін қолдану
үрдісі де байқалып отыр. Тағы бір пікір: Этнолингвистиканы тек көне
дүниені зерттеуші ғылым деп танып, оларды байырғы халық тілінен,
жергілікті тіл ерекшеліктерінен іздеу. Мұны негізінен орыс ғалымдарына
(Н.И. Толстой, В.Н. Топоров, В.В. Иванов, А.Ф. Журавлев т.б.) тән
дәстүр десе де болады. Көненің көзіне көбірек көңіл бөлу үрдісі қазақ
этнолингвистерінен де байқалады. Саясатта: этнолингвистика – қоғамдағы
этнос тілінің жағдайын білдіреді.
Міне, көріп отырғанымыздай, этнолингвистиканы мақсат-мүддесі мен
зерттеу объектісі, әдіс-тәсілдері айқын, төрт аяғынан тік тұрған ғылым деп
айтауға әлі ерте. Мұны біз жоғарыда аталған профессор М.М. Копыленконың
еңбегінен де көріп отырмыз.
Осы орайда, этнолингвистиканың барлық тілдерге қатысты әмбебап ғылым
ретінде толық қалыптасып, дами түсуіне кейінгі кездерде түркі тілдері
негізінде көбейе бастаған ізденістер мен зерттеулердің, соның ішінде қазақ
тілінің де қосып отырған үлесін ескерген жөн.
Бүгінгі таңда қазақ этнолингвистикасы ғылыми негізі қалыптаса
бастаған, жан-жақты ізденіс нәтижесінде өзіндік ерекшелігі мен үрдісі
айқындалып келе жатқан, дербес те перспективті ғылым саласы ретінде танылып
отыр. Мұны белгілі ғалым профессор М.М. Копыленко өзінің
Этнолингвистиканың негіздері деп аталатын еңбегінде айқын көрсеткен.
Қазақ этнолингвистикасына қатысты мәселелермен шұғылданушылар үшін бұл
еңбектің берері мол. Онда, мәселен, қазақ топырағында дүниеге келген
этнолингвистика ғылымының төңірегінде ғылыми мектеп қалыптасқандығы және
бұл салада көп жылдар бойы үздіксіз жүргізіліп келе жатқан ізденістердің
нәтижесінде айқындала түскен оның бағыт-бағдары, өзіндік үрдісі, зерттеу
объектілері мен тәсіл-әдістері кеңінен сөз болады. Мәселен, оның бұл
кітапта жалпы проблема мен қазақ этнолингвистикасының нақты мәселелеріне
қатысты 1044 еңбектің тізімін (библиографиясын) беруі зерттеудің құндылығын
арттырумен қатар, қазақ этнолингвистикасымен шұғылданамын деген талапкерлер
үшін жасалған үлкен қамқорлық.
Жоғарыда этнолингвистика о бастан-ақ екі ұдай объектінің – этнос және
оның тілінің – ортасынан туындаған ғылым саласы дедік. Демек, бұл этнос пен
оның тілі арасындағы табиғи тұтастықты саналы түрде сарапқа салып мойындау,
Этнос жоқ жерде тіл болмайды, тілсіз этнос болмайды деген қағиданы
нақтылы зерттеуге өзек ету деген сөз.
Әдетте, осы екі объектіні – этнос пен тілді – біз тым еркін, кең
мағынада да тар мағынада да қолдана береміз. Осыған байланысты біз өз
тарапымыздан ұсынып отырған концепциямызда этностың орнына этнос
болмысы, тілдің орына тіл әлемі деген термин-ұғымдарды қолдануды жөн
көрдік. Оның екі-үш түрлі себебі бар: біріншісі – этнос деген ұғымның
ауқымы тым кең және барша жұртқа бірдей түсінікті еместігі; екіншісі –
этносты тар мағынаға сыйғызып, жоғарыда көрсетілгендей, мәдениет,
этнография, мифололгия т.б. осы сияқты ұғымдардың баламасына
айналдыруға келмейтіндігі; үшіншісі – этнолингвистиканың этностың шығу
тегін, қауым ретінде қалыптасу поцесін ғана емес, сонымен қатар оның
тілінде қалыптасқан деректер арқылы болмысын (яғни рухани, мәдени өмірін,
салт-дәстүр, тіршілік-тірлік көздерін, ұлттық дүниетаным мен менталитетін
т.т.) паш етуге мүдделі екендігі.
Сонда этнос және этнос болмысы деген ұғымдарды этнолингвистика
тұрғысынан қалай түсінуіміз керек?
Этнос – ғылым жүзінде: өткен бір дәуірлерде дүниеге келіп, белгілі
бір географиялық ортада қалыптасқан, шұғылданған тіршілік-тірлігі бірыңғай,
мінез-құлқы ұқсас, діні де, тілі де бір, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы ортақ,
өзінің ортақ тегін, туыстығын, тұтастығын сезіне білетін, сатылап даму
барысында аналық, аталық, рулық, тайпалық, ұлыстық және халықтық дәуірлерді
басынан кешіріп, бүгінде дербес ел болып отырған адамдар қауымы болып
танылады.
Мұндай этностар жер жүзінде өте көп және олар сан жағынан да, даму
сатысы бойынша да әртүрлі: көбісі халық, ұлт дәрежесіне көтерілсе, ру-тайпа
деңгейінде қалып қойғандары да аз емес. Қазақ этносы болса, бүгінде өзінің
шарықтау шегі – ұлт дәрежесіне көтеріліп отыр. Зерттеу мақсатына байланысты
қазақты этнос деп қараудағы мақсат – оны төмендету емес, қайта оның басып
өткен ұзақ та сатылы даму жолын (ретроспективті бағытта) саралай түсудің
тарихи этнотұлға ретінде танудың бірден-бір дұрыс жолы, кепілдігі деген
сөз.
Енді осы этнос деген тарихи күрделі ұғымды сол қалпында ала салмай,
этнолингвистика мақсатына орай этнос болмысы деген ұғыммен
алмастыруымыздың себебіне келсек, ол да ойға қонарлық уәж сияқты.
Біріншіден, біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша
болмысын анықтағымыз келеді; екіншіден, этнос туралы толық мағлұмат тек
оның тіл қазынасында ғана сақталады. Этностың шынайы болмысын басқа
(мәселен, этнология, антропология, археология, этнография т.б.) ғылымдар
дәл этнолингвистикадай айқындай алмайды.
Сонда, этнос болмысы деп нені түсінеміз? Біздің пайымдауымызша,
этнос болмысы – этностың ұлттық бейнесі, тарихи тұлғасы және ол туралы
реальды шындық. Басқаша айтқанда этнос болмысы дегеніміз – этностың сонау
балаң кезінен бүгінгі есейген шағына дейінгі кешірген өмір-тіршілігінің
айнасы, оның тілі арқылы қалыптасып, жадында сақталып, ұрпақтан нәсілге
мирас болып ауысып келе жатқан бай рухани-мәдени қазынасы.
Этнос туралы кейбір деректер бүгінгі ұрпаққа археологиялық қазбалар
мен сәулет кесенелері, тас мүсіндер мен қашалып жазылған тас ескерткіштер
арқылы да жетуі мүмкін. Бірақ бұлардың бәрі – этнос басып өткен өмірдің мың
да бір елесі ғана. Этностың шынайы бейнесі, болмысы оның тілінде ғана, тілі
арқылы ұрпақ жадында сақталады екен. Этнос тілінде тек оның өзі туралы ғана
емес, өзі жасап келе жатқан табиғи ортасы мен қоғамдағы қарым-қатынастары
туралы да, жан дүниесі, жүрек сыры, қаунуы мен сүйінуі, ренжуі мен күлуі,
түс көруі, ұққаны мен түйгені, танымы мен талғамы, барлықтағы құбылысты
өзінше бағалап-бағамдауы – бәрі-бәрі, біле білсек, өз тілінде өрнегін
тауып, өзіне-өзін көрсететін айна іспеттес.
Этнос туралы осыншама мол деректер мен мағлұматтарды тек тіл ғана өз
бойына сыйғызып, сары майдай сақтап, шашпай-төкпей ұрпағына жалғастыра
алады. Осы қасиетіне байланысты тіл феноменін – тіл әлемін этностың өзін
танып-білудің қайнар көзі, біліктіліктің кәусар бұлағы десек, артық
айтқандық емес. Бұл ұғымның ауқымына тілдің барлық қасиеті түгел сыйып
тұрғандай: этностың дүниеге келуіне ұйтқы болған да – тіл, рухани-мәдени
өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып-білудің өлшемі де – сол тіл т.т. Осының
бәрі тіл әлемінен табылады. Адамтану, Қоғамтану, Табиғаттану деп
аталатын ғылым салаларының қалыптасуына негіз болатын да, біле білсек, осы
тіл әлемі.
Сонымен, тіл әлемі дегеніміз – этнос болмысына қатысты мыңдаған,
тіпті миллиондаған мағыналық бірліктердің жиынтығы, синтезі.
Міне, осынау бай тіл қазынасын этнос болмысы тұрғысынан толық меңгеру,
оның бейне бір тұңғиық теңіздей терең мағына-мазмұнына бойлап еніп, оны
игеріп, танып-білу, жүйелей түсіп, жан-жақты зерттеу этнолингвистиканың ең
басты міндет-мақсаты болмақшы.
Тілді кейде көп бұлақтан бастау алып, арнасына сыймай, асып-тасып
жатқан шалқар дарияға теңейтініміз, шынында да, оның мәңгілікті қалайтын,
жасай бергісі келетін, жасаған сайын жасара беретін ғажайып құбылыс екеніне
байланысты болса, этнолингвистиканың дүниеге келіп, өзін болашағы зор ғылым
екенін көрсете бастауы, оның ана тіліміздің, міне, осы бір қасиеті мен
құдыретіне байланысты.

Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат-мүдделері

Этнолингвистиканың зерттеу объектісін этностың тілі десек, ондағы
мақсаты – сол тіл арқылы этностың болмысын танып-білу болады. Алайда, бұл
баршаға түсінікті нәрсе болып көрінгенімен, нақтылай келгенде, ол туралы
әртүрлі көзқарастың барлығы, әркімнің әртүрлі бағытта әрекет етуі
байқалады. Бұл жағынан бұл заңды да құбылыс. Өйткені қай ғылым саласы
болмасын, өзінің қалыптасуы дәуірінде ең алдымен бағыт-бағдарын, өз
концепциясы мен принциптерін, зерттеудің тәсіл-әдістерін анықтап алуға
тырысады. Сондықтан да этнолингвистиканың объектілері мен мақсат-мүддесін
айқындаудағы бұл тәрізді әртүрлі көзқарастарды сол ізденістіердің жолдары
деп қараған жөн.
Осы орайда, қазақ этнолингвистикасының да қалыптасу барысында
айқындала бастаған өзіндік дәстүрі мен үрдісі, зерттеу объектісі мен әдіс-
тәсілдері, ұстанған принциптері жоқ емес.
Енді соларға тоқталып өтейік.
Этнолингвистиканың зертеу объектісі – барлық жағдайда да этнос тілі
екендігі айтылады. Алайда ғылым-білім саласында тілге тікелей қатысты, оны
әр тұрғыдан зерттеуші, оған арқа сүйеуші пәндер көп-ақ. Олардың біразы
этнос тіліне байланысты этнолингвистикамен де сыбайлас, тілдік деректерді
өз мүддесіне қарай зерттеп, білуге бағышталған ғылым, білім, мәдениет т.б.
салалар.
Бұл пәндерді өз ретінде 1) этнос тіліне жалпы қатысы бар (мысалы,
мәдениеттану, этнография, этнология, өлкетану, фольклористика, мифология,
астрология, дінтану, педагогика, дидактика т.б. осы сияқты) қоғамдық-
әлеуметтік пәндер және 2) этнос тілінің тілдік табиғатын айқындауға тікелей
қатысты (мысалы, этимология, диалектология, ономастика, фразеология,
паремиология, терминология, лексикография т.б.) лингвистикалық пәндер деп,
үлкен екі топқа бөліп қарауға болады. Этнолингвистика мен социолингвистика
да, экстралингвистика мен психолингвистикалар да, міне, осы кейінгі топқа
жатады.
Ендігі мәселе: бір объекті төңірегіне шоғырланған соншама пәннің өзіне
меншікті үлесі мен бірлесе отырып шешетін мәселенің қатынасын айқындап
алған да артық емес. Бұл, әрине, өз алдына жеке мәселе. Өзіндік мақсат-
мүддесі бола тұрса да, бір ортақ объектіге – тіл әлеміне, тіл
қазынасына, тіл құдыретіне т.б. – соқпай кете алмайтын аталған пәндерден
этнолингвистика да бөлініп, жарылып, өз алдына оңаша тұра алмайды. Осыған
байланысты этнолингвистиканы пәнаралық ғылым саласы деп есептейтін
ғалымдар да (М.М. Копыленко т.б.) бар.
Бірақ пайымдап қарасақ, аталмыш пәндердің этнолингвистикамен қатыстығы
бірінші (қоғамдық) топтағы пәндермен зерттеу объектісіне байланысты болса,
екінші (лингвистикалық) топтағы пәндермен зерттеу әдіс-тәсілдеріне
байланысты екен. Демек, объектіге (этнос тіліне) қатысты екі топтың екеуіне
де ортақ объект және өзара мүдделестік бар деген сөз, бірақ олар бірін-бірі
ауыстыра алмайды, өйткені олардың алдына қойған өз мақсат-мүддесі бар және
олар бірдей емес. Солай бола тұрса да, этнолингвистика бұл екі топтың
екеуімен де ыңғайына қарай үйлесіп, этнос болмысын танып-білуге қажетті әр
пәннің өз тұсынан айқындап, саралап үлгерген деректерін өз елегінен
өткізіп, өзінше пайымдап, пайдалануға тырысады.
Енді, этнолингвистиканың кейбір қоғамдық және лингвистикалық пәндермен
нақтылы қарым-қатынасына тоқталып өтейік.
Этнолингвистика және мәдениеттану. Этносты танып-білуге тұс-тұсынан ат
салысып, өзіндік үлесін қосушы қоғамдық ғылым салаларының бірі –
мәдениеттану десек, ол этнос болмысының ауқымды да маңызды саласымен
шұғылданады. Мәдениет жеке адамның басына тән қасиеттен басталып, бүкіл
ұлттық менталитетті, ғасырлар бойы ұлттық сана, дүниетаным, салт-дәстүр,
рухани-материалдық байлықтың бәрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым.
Бұл – мәдениет – әрбір этносқа тән белгілі бір табиғи-әлеуметтік
ортаға сәйкес қалыптасатын құбылыс. Өмір-тіршілік салты да, ортақ тіл,
ортақ дүниетаным, ортақ психология т.т. – осының бәрін біз этнос
мәдениетінен таба аламыз. Ал, соның бәрін танып-білудің ең басты құралы –
тіл екендігін мәдениеттанушы ғалымдардың бәрі мойындайды.
Этнолингвистика және этнография. Бұл екеуінің тоқайласар тұсы этнос
болмысының сүбелі саласы – заттық бағалылықты зерделеуге байланысты. Бұл
екеуіне де ортақ объект – тіл әлеміне тән көл-көсір мол дүние. Алайда
осыған қарап, этнолингвистика мен этнографияны да бір-бірімен алмастыруға
болмайтын сияқты. Олардың өзара сыбайластығымен қатар, ортақ терінің
пұшпағындай өз тәсілімен илейтін еншісі де жоқ емес. Бұл әсіресе тіл
фактілерін пайдалануда айқын көрінеді.
Зерттеушілердің көбі-ақ этнолингвистика мен этнографияны мақсат-
мүддесі ортақ, бағыт-бағыт-бағдары бір, бір таяқтың екі басындай егіз
ғылым деп қарайды. Бұл пікірді кезінде өзіміз де қолдаған едік. Алайда
тіл әлемін тәппіштеп зерттеу барысында бұл пікірге де сын көзбен қарау
қажеттігіне де көзіміз жеткен сияқты. Оның басты себебі: екеуіне ортақ
объект – этнос тілі болғанымен, оның екеуінің зерттеу тәсілімен тереңдік
деңгейі бірдей емес. Мысалы, киіз үй деген объектіні алсақ, этнографтар
да, этнолингвистер де оның құрамын (сүйегін, киізін, бау-шуын), бөлшек-
бөліктерін (шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық, үзік, түндік, басқұр,
белдеу, желбеу т.б.), сондай-ақ оларды жасау технологиясын сөз етуге
міндетті. Алайда киіз үйге қатысты тіліміздегі бұлардан басқа жүздеген
атаулар мен мыңдаған қосымша ұғым-түсініктерді тәппіштей жинап, этнос
тұрғысынан талғап, тарату этнолингвистердің міндеті болса керек. Мұны
нақтылы мысалдармен дәлелдеп жатуға еңбектің мүмкіндігі көтермейді.
Қорыта келгенде: этнос болмысына қатысты тіл фактілерін этнографияға
қарағанда этнолингвистика әлдеқайда ауқымды да кең пайдаланып, олардың
тілдік мән-мағынасын жан-жақты да терең түсіндіруге тырысады.
Қоғамдық пәндермен этнолингвистиканың ара қатынасы осылай болса,
лингвистикалық пәндермен болатын бұл қатынас сәл басқашалау. Олардың бір-
екеуін қарастырып көрейік.
Этнолингвистика және этимология. Сөздер мен сөз тіркестерін төркіндете
зерттеу этимологияның төл міндеті болса да, бұған кейде этнолингвистиканың
да мұқтаж екендігін көреміз. Мұндай жағдайда, әсіресе,
мағынасыкүңгірттенген бірліктердің мәнін ашып, жасалу мотивтері мен
қолданыс шеңберін айқындауда этнолингвистиканың этимология көмегіне
жүгінуіне тура келеді. Сөз төркінін айқындаудың тағы бір қажеттігі тіл
практикасында мұндай фактілерді халықтық этимология (оны жалған
этимология деп те атайды) тұрғысынан түсіндіру жиі кездеседі. Мұндай
жағдайда бұл тәрізді еркін жоба-жорамалдарға дұрыс бағыт-бағдар беру
қажет тәрізді.
Кейде этнолингвистикалық түсініктеме дәлелсіздеу көрінгенде де
этимологиялық бір деректің өзі-ақ оны айқындай түсуі мүмкін. Мысалы, көне
де байырғы бөрі сөзінің эвфемистік баламасы деп көрсетілетін, қарысқыр
сөзін үлкен ғылыми этимологияға бармай-ақ, қырғыз тілінде мойны мен жақ
сүйектерінің қарысып қалуына байланысты қарышқыр деп аталуы арқылы
түсінідіруге де болады.
Айта кету керек: этимологиялық зерттеулерде кейде этнолингвистикалық
факторларды пайдалану да жиі кездеседі. Мұндай жағдайда, керісінше,
этнолингвистикалық деректер этимологияның негізгі үш – фонетикалық,
семантикалық және морфологиялық – принципіне қоысмша дәйектеме ретінде
пайдаланылып, этимология объектісін уақыт-мезгіл кеңістігі мен тарихи
дәлдігі тұрғысынан айқындай түсуде өз үлесін қосып отырады.
Этнолингвистиканың диалектологиямен шеңдесуі ең алдымен біріншісінің
түбегейлі мақсатына байланысты: ол этносқа қатысты деректердің бәрін тіл
қорының қойнау-қойнауларын тінте қарап, тірнектеп жинап, түгел қамтуды
көздейді. Ал, диалектология болса, әдеби тілдің сыртында жатқан, сонау
тайпа тілінен бастау алып, жергілікті тұрғындар қолданысында сақталап келе
жатқан көне де байырғы сөздерді, көрші халықтар тілінен әр кезде қабылдаған
ауыс-түйістерді, жергілікті кәсіпшілікке байланысты ұғым-түсініктерді
жинақтап, түсіндіру арқылы этнолингвистиканың бастау алар бұлақтарының бірі
болып саналады. Этнолингвистика мен диалектологияның ара қатыстығына
байланысты, мысалы, академик Н.И. Толстой бастаған ғалымдар тобының көп
жылдан бері славян тілдерінің жергілікті ерекшеліктерін зерттеу арқылы
бүгінде ұмыт бола бастаған көне дүниелерін жаңғыртуды мақсат ететіндігін
айта кеткен жөн.
Міне, қазақ этнолингвистикасы осы тәрізді басқа да лингвистикалық
салаларымен (фразеология, паремиология, ономастика, терминология,
социолингвистика т.б.) тығыз байланысты дамитынын көреміз. Оны зерттеу өз
алдына жеке мәселе.

Қазақ этнолингвистикасының өзіндік ерекшеліктері.

Сонымен, қазақ этнолингвистикасының қалыптасу, даму үрдісінен кейбір
өзіндік ерекшеліктер де байқалады. Ол жалпы этнолингвистикалық идея аясында
туындап, қазақ этносын оның тілі арқылы танып-білу мақсатымен бұдан он бес
жиырма жыл бұрын (мың тоғыз жүз сексен бесінші жылдарда) басталған ізденіс
барысында іргетасы қаланып, өзінің бағыт-бағдарын, мақсат мүддесін айқындай
түскен, зерттеу объектілерін саралап, тәсіл-әдістерін күн санап ширата
түскен ғылым саласына жатады. Алайда, бұл айтқанымыздан қазақ
этнолингвистикасы өзінің шарықтау шегіне жетті деген ұғым тумаса керек.
Бірақ ол – ғалымдар тарапынан қолдау тауып жатса, өзінің даму барысында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнолингвистикасының қалыптасуы
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Қазақ ұлттық тағам атауларының этнолингвистикалық ерекшеліктері
Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканы зерттеудің ғылыми негіздері мен басты қағидалары
Энтнолингвистика және этимологияның өзара байланысы
Этнолингвистика және этнографйя
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Сыртқы лингвистиканың әдістері мен тәсілдері
Зергерлік өнердің зерттелу жайы
Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты
Пәндер