Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Талап» колледжі
Курстық жұмыс
Пәні:Қазақ әдебиеті
Тақырыбы: «Ертегіде ер арманы жырланған»
Орындаған:К-41тобының студенті Мукажанова Г.
Қарағанды 2010
Жоспар:
Кіріспе . . . 3
I тарау Ертегілердің зерттелу тарихы . . . 4
1. 1 Қазақ ертегілерінің қалыптасуы мен дамуы . . . 4
1. 2 Фольклор және қазақ ертегісі . . . 5
II тарау Батырлық ертегінің құрылымдық ерекшелігі . . . 13
2. 1 Батырлық ертегінің жанрлық сипаты . . . 13
2. 2 Батырлық ертегінің типологиялық ерекшеліктері . . . 15
2. 3 Батырлық ертегінің басқа жанрлармен ұқсастығы мен
айырмашылығы . . . 21
Қорытынды . . . 31
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: . . . 32
К І Р І С П Е
Фольклортану ғылымында кештеу қолға алынып, біршама зерттелген халық мұрасы - батырлық ертегілер. Батырлық ертегілер өзіндік қалыптасу және дамуы жағынан тек бір ғана дәуірдің рухани құндылықтары емес, онда сандаған ғасырлардың шытырман оқиғаларының сәулесі мен ізі бар. Өкінішке қарай тұрақты жазу-сызу өнерінің болмауынан дер уақытында бұндай құндылықтарымыз хатқа түспей, көптеген ертегілер уақыт жағдайымен ұмыт болып, көзден таса болып үлгерген.
Еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты мәдени өмірде сандаған оң өзгерістер болды. Соның ішінде ұлттың өшкені қайта оралып, мүлде тыйым салынған Кеңес дәуіріндегі тақырыптарды қайта қарауға мүмкіндік туды. Мәселен, қазақ фольклорындағы дінге қатысты мұралар, ұлттың рухы ретінде танылуға тиісті қазақтың фольклоры жан-жақты тексеріле бастады.
Қазақ ертегілерінің жиналуы мен қатар түгелдей тексеру, зерттеу мәселелеріне А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. О. Әуезов, М. Марғұлан, Ә. Қоңыратбаев ерекше үлес қосса, қазіргі фольклортану ғылымында бұл мәселеге қатысты монография көлемінде тың зерттеулер жасаған академик С. Қасқабасов және профессор Е. Тұрсынов болды. Ең алғаш «ертегілік проза» және «аңыздық проза» деп бөліп, оған жататын жанрлардың түрін анықтап, өзіне тән сипаттама берді.
Курстық жұмыстың тақырыбы: Ертегіде ел арманы жырланған.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ертегілердің мазмұнын ашып, толық мағұлмат алу.
Курстық жұмыстың міндеті: Ертегінің ерекшелігі, халық арасындағы өзгешелігі, балаларды мәдениеттілікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тағы да басқаларына тәрбиелейді.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Ертегінің халық арасындағы орны. Ертегіде халықтың тұрмыс-салты, әдет - ғұрпы, мәдениеті жырланған. Балалар көбінесе ертегідегі кейіпкерлерге ұқсағысы келіп, ертегіні көп оқиды.
I тарау Ертегілердің зерттелу тарихы
1. 1. Қазақ ертегісінің қалыптасуы мен тарихы
Ертегі халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Ғажайып хал, қиял әңгімелері, орасан уақиғалы қызық әңгімелер, салтпен, тарихпен байланысты оқшау әңгімелер бәрі де ертегілердің түрлері. Фольклор жанрының теориясына сәйкес халық прозасындағы батырлық ертегілерді бір жүйемен зерттеп, оның жанрлық құрамын ашу. Әрбір жанрдың шығу, даму процесін көрсету, батырлық ертегінің өзіндік спецификасын тарихи-салыстырмалы әдіс бойынша, халыққа тән типологиясын анықтау.
Ең негізгі зерттеу нысаны - батырлық ертегілердің табиғатын жан-жақты қарастырып, көрсету.
Жалпы ертегінің ауыз әдебиетінде алар орны жайлы, қай халықтың болмасын алтын қазынасы, мол мәдени мұрасы туралы айтылды. Сонымен қатар батырлық ертегілік прозаның пайда болу процесін, оның көркем жанрға айналуына шолу жасалды. Батырлық ертегі басында адамның еңбек процесінде дүниені, өмірді танып-білу мақсатында пайда болған миф, хикая, аңшылық әңгімелерден шыққаннан бері талай ғасырларды қамтитын тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсінік - пайымдарының ықпалын, олардың ізін кейінгі заманға жеткізеді. Әсіресе, феодалдық қоғамның бүкіл шындығын көркемдеп бейнелейді. Қазақтың батырлық ертегілерінде көбінесе, хандық - феодалдық қоғамның көрініс табуы осыдан. Жалпы, ертегі фольклордың барлық жанрымен араласа, біртұтас фольклорлық жүйенің құрамында дамыды.
Екінші тарауында батырлық ертегінің типологиялық ерекшеліктеріне тоқтала отырып, батырлық ертегілердің басты тақырыбы - ерлік пен қаһармандық және қиындықпен мұратқа жетіп, үйленуі.
Батырлық ертегі - өзінің стадиялық тегі жағынан қиял-ғажайып ертегі мен қаһармандық эпос аралығындағы жанр, ол осы екеуінің де қалыптасуына қатысады. Сонымен бірге батырлық ертегінің сюжеттік дамуын, эпоспен байланысын, өзіндік жанрлық ерекшелігі айқындалды. Батырлық ертегінің басқа жанрлармен ұқсастығы мен айырмашылығы және басқа ұлт өкілдерінің ауыз әдебиетіндегі ертегілердің жақындығы мен алшақтығы пайымдалды.
Ойымызды түйіндей келе, қазақтың батырлық ертегілері қазақ фольклорында ертеден қалыптасып, әр кезеңде жалғасын тауып, түрлі оқиғаларға қатысты дамыған. Оның нақты бастаулары ерте дәуірлерде жатыр. Дер кезінде жинақталып жүйеленбегендіктен, олардың көбі ұмыт болып қалған.
Жалпы ертегілерінде, әсіресе, батырлық ертегілерде халықтың арман-тілек, мақсат-мүдде бірте-бірте өсіп-өркендеу арқылы көлемді эпикалық шығармалар туғызуға ықпал еткен. Оның нақты сыр-сипатын ашып, поэтикалық болмыс-бітімін саралаудың ең бір күрделі тақырып бола алатындығын осыдан аңғаруға болады.
Сондықтан ертегілердің табиғатын тану - қазақ халқының тарихын тану болмақ.
1. 2. Фольклор және қазақ ертегісі
Сөз өнеріне, көркем дүниеге айналған фольклор жанрларының басты функциясы - эстетикалық, тәрбиелік болып келеді. Ол жанрлар шығармаларында өмірді бейнелеу тікелей танымдық мақсат көздемейді, керісінше, адамды иландыру, сол арқылы тыңдаушыға үлкен әсер ету мақсатын көздейді, оны ләззатқа бөлуге тырысады. Қазақ халық прозасының ертегі жанрлары түгелдей осындай қызмет атқарады.
Фольклордағы қазақ ертегілерінің мәні жайлы С. Қасқабасов былай деп жазды: «Фольклорлық проза шығармаларын айтылу, пайда болу мақсатына қарай үш топқа бөлуге болады. Бірінші топты танымдық мақсат көздейтін шығармалар құрайды. Мұндай шығармалар тыңдаушы жұртқа жаратылыстың, дүниенің, адамды қоршаған нәрселердің және неше түрлі жан-жануарлардың пайда болуын, олардың мінез-құлқын түсіндіреді. Екінші топқа мағлұматты мақсатпен айтылатын шығармалар жатады. Бұл шығармалар көбінесе екі-үш адамның сұхбаты, әңгімесі түрінде болып келеді. Мұнда көп жағдайда айтушы өз басында болған ғажайып оқиғаларды немесе естіген хикаясын әңгімелейді (хикая, меморат - әңгіме) . Үшінші топтың шығармалары көркемдік - тәрбиелік мақсатпен айтылады. Бұл шығармалардың көркемдігі жоғары, сюжеті дамыған болып келеді. Бұған классикалық ертегілердің барлық түрі кіреді». [14. 32]
Фольклорлық проза шығармалары табиғатқа табынушылықтың салдарынан да пайда болады. Ондай әңгімелер мен мифтердің алғашқы мақсаты - адамға қас табиғат күштеріне қарсы күрес. Сондықтан олардың мазмұны - адамның кейбір ғажайып мақлұқтармен кездесіп, қақтығысуы, солармен соғысуы болып келеді. [10. 184] .
Бірте-бірте фольклорлық проза адамның табиғат күштерімен қақтығысып тікелей бейнелеуден арылады, ол енді көркем жанрға айнала бастайды. Сөйтіп, басындағы қарапайым миф, әңгіме енді көркем шығарма бола бастайды. Осы жайлы Бердібаев Р. : «Шығарма құрылысының қарапайымдылықтан күрделікке ауысуы іс-әрекетті төтелеп баяндаудан гөрі диалог монологтар арқылы беруге ұмтылушылықтың бой көрсетуі олардың жаңа деңгейге көшуінің де көрсеткіштері болып саналмақ» [5. 60б. ] .
Қазақ фольклортануында халық прозасын жанрға сараламай, түгелімен «ертегі деп ұғу қалыптасып кеткен. Мысалы, қазақ фольклорына арналған М. Ғабдуллиннің оқулығында қазақ ертегілерін бөліп жіктеуде М. Әуезов пен Х. Жұмалиевтің ұсынған принципі бойынша, ертегілерді мазмұнына, әр алуан ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлді. Олар:
а) қиял-ғажайып ертегілер;
ә) хайуанаттар жайындағы ертегілер;
б) тұрмыс-салт ертегілері және аңыздар [6. 96б. ] .
Демек, М. Ғабдуллин қазақ халық прозасында ертегіден өзгеше жанр бар екендігін аңғарып, оны М. Әуезовтың пікірімен қосыла отырып, аңыз-әңгіме деп атайды. Бұл жанрды жіктеудегі ғалымның критерийі - шығарма оқиғасының шындығы, өмірде болғандығы. Бұл да М. Әуезовтың пікірінен шыққан.
М. О. Әуезов 1927 жылы жарыққа шыққан кітабында кейін 1939 жылы Л. Соболевпен бірігіп жазған еңбегінде одан соңғы зерттеулерінде де ертегі жанрын арнайы қарастырып, оның ішкі жанрларын сипаттап берген. Ғалым халық прозасында ертегіден басқа да жанрлар бар екендігін анықтап, оларды бірде аңыз ертегілер, бірде аңыз-әңгімелер деп атады. [4. 7-36б. ] . Ал, аса көрнекті ғалым, фольклортануы теориясының негізін қалаушылардың бірі В. Я. Пропп халық прозасын екі үлкен салаға бөледі: ертегі және мазмұнына ел сенетін әңгімелер [19-40б. ] .
1948жылы жазған еңбегінде М. О. Әуезов қазақ ертегісін классификациялау мәселесінде Европа мен Россия ғалымдарының тәжірибесіне сүйену керектігін айта келіп, былай деп жазады:
«Ендігі тереңдеп тексерулерде қазақ ертегісін де сол Аарне каталогына салыстырып, сол әдіспен зерттеп ұғынуымыз керек» [4. 25] .
Қазақ ертегілерінің көбі жиылып жазылмағандықтан қазір де біз бұл әдісті қолданбай отырмыз. Орыс халқының 2136 ертегісін Андреев жиылған, басылған күйде қолына алып отырып, тексеру жасаса, қазақта ертегі байлығы бірнеше жүз-ақ болып жазылған. Талай жүздеген ертегілер әлі қағаз жүзіне түскен жоқ.
Барлық ертегі қоры жиналып топталмай тұрғанда Аарне каталогынан қазақ ертегілерінің барлық орындарын көрсетіп жіктеу мүмкін емес.
М. О. Әуезов қазақ фольклортану ғылымында тұңғыш рет қара сөзбен айтылатын бір тектес шығармаларын жеке-дара бөліп алып, жанр ретінде қарастырады.
Қара сөз үлгісіндегі фольклорды М. О. Әуезов ертегі, аңыз ертегі, күй аңызы деп саралағанда, ол критерий және шығарманың тілдік, стильдік ерекшеліктерін алған. Бұл сол кез үшін үлкен табыс екендігін атап айтуымыз керек. Сөйтіп, М. О. Әуезов халық прозасын ғылыми тұрғыдан классификациялауды ұсынып, оның басты шарттарын белгіледі.
Кейінгі жылдары С. Қасқабасов ертегінің ішкі жанрлық ерекшеліктерін ескере отырып, ертегілерді өз ішінен:
а ) жануарлар жайындағы ертегілер;
ә ) қиял - ғажайып ертегі;
б ) батырлық ертегі;
в ) новеллалық ертегі;
г ) сатиралық ертегі;
деп жіктеп, әрқайсысына жеке-жеке түсінік берді. Ал, батырлық ертегілерді З. Ш. Искакова төрт топқа бөледі. Біріншісі - ең көнесі, онда аңшы-мергеннің алуан түрлі ғажайып хайуандармен, неше түрлі мифологиялық құбыжықтармен кездескені туралы айта отырып, оған «Еділ-Жайық», «Құламерген», «Аламан мен Жоламан», «Жерден шыққан Желім батыр» ертегілерін жатқызады. Екінші топқа «Ер Төстік», «Керқұла атты Кендебай» сынды классикалық ертегілерді жатқызса, үшінші топқа батырлар жырының қара сөз түрінде айтылған нұсқалары құрайды, оған «Алты жасар Алпамыс», «Ақбілек-Тұрғын бала», «Ер-Тарғын», «Көрұғлы», «Нарық батыр», «Ер Көкше мен оның ұлы Орақ» ертегілерін бөлсе, төртінші топқа «Дотан батыр»тәрізді дастанға айналған ертегілерді қарастырады.
Ертегі жанрының қай түрі болмасын түп төркіні - алғашқы қауымда пайда болған көне миф, аңшылар туралы әңгіме, хикая және әр түрлі кәде-ырымдар мен аңыздар. Ертегі жанры өзінің қалыптасу процесінде осы жанрлардың қасиеттерін бойына сіңірген, олардың кейбіреуін молырақ, бағзыларын азырақ пайдаланған. Солардың ішінде қайсыбір жанрлар өз бетімен жоғалып, мүлде ертегіге айналып кеткен. Соның бірі - миф. Әрине, мифтің ертегіге айналу процесі жылдам болған жоқ, ол ұзақ әрі күрделі жол, бірнеше кезеңнен өткен [18. 20] .
Миф - алғашқы рулық қауымның қасиетті деп саналған құпия әңгімесі. Сондықтан ол кезде оны әркімге және кез келген жерде айта бермеген. Мифтің айтылатын кезі кәмелетке жеткен жастарды сынақтан өткізіп, шынықтыруға арналған неше түрлі кәде-ырымдар мен жоралғы жасалатын мезгіл. Кәмелеттік сынақ барлық рулық қауымда болған салт: он бес пен он жеті жас арасындағы ер балаларды жеке бөліп алып, елсіз жерде оларды ержеткеннің белгісі деп түрліше сынақтардан өткізген: денелерін кесіп дақ, ен салған, мұрнын, құлағын тескен, сүндетке отырғызған, тағы да басқа небір қорқынышты ырымдар жасаған. Осының бәріне төзіп, барлық сыннан өткен баланы енді бала емес, жігіт болды және ол өліп, қайта тірілді, яғни басқа адам болды деп санаған. Оған енді үйленуге рұқсат берген. Шыдамдылық танытып, «сынақтан», абыроймен өткен жігіттерге сенім білдіріп, оларға қасиетті әрі құпия әңгімені айтатын болған. Ол әңгімеде, яғни мифте, дүниенің жаратылып, аспан әлемі жайында, рудың төтемдік бабасы, ілкі ата мен жасампаз қаһармандар туралы, олардың іс-әрекеті жөнінде фонтастикалы түрде баяндалған. Мұның бәрін ақиқат, шындық деп қабылдаған, мифте кәміл сенген [19. 96] .
Уақыт өтіп, қоғам дамып, адам санасы өскен сайын бұл миф-әңгімелер бірте-бірте кәмелеттік ырымдардан бөлек айтылатын болған да, бара-бара «қасиетті» деген сипатынан айырылған. Енді мифті тек кәмелеттік сынақтан өткен жігіттерге ғана емес, сондай-ақ жас балалар мен әйелдерге де айтатын болған. Жалпы барлық жұртқа айтыла бастаған. Сөйтіп көне миф құпия болудан қала бастады. Осының нәтижесінде мифті айтушы енді оған өз жанынан оқиғалар қосатын болды, яғни миф өзгере бастады. Мифтің оқиғалары аспан кеңістігінде емес, адам қоғамындағы іс-әрекет болып көрсетілген, бұрынғы мифті ілкі ата мен жасампаз қаһарман орнына ру мен тайпа басшылары, ал уақыт өте келе қатардағы аңшы-мергендер бейнелейтін болған. Мифтің қасиетті және құпиялы сипатының жоғалуы мифке сенуді де әлсіреткен, ондағы іс-әрекеттер мен кейіпкерлерді де өзгерткен. Олар енді біраз болса да мадақтамайтын болды.
Қоғамдық саналық өзгеру барысында миф ежелгі сипатарын бір-бірлеп жоғалтып отырды. Қасиетті және ақиқатты дәл есептелген сипатынан айырылған соң, ондағы оқиғалар да дәуіріне байланысты өзгеріске ұшыраған. Енді оқиғалар бұрынғыша әлемнің жаратылуы, алғашқы адамдардың пайда болуы сияқты болмай, қоғам басшысының немесе қауымның қатардағы бір мүшесінің керемет нәрсемен кездесуі болады, іс-әрекеттер бүкіл аспан әлемінде емес ел ішінде, адамдар арасында болады, ал, мифтік дәуір ертегіге тән белгісіз уақыт болып алмасады.
Соның салдарынан іс-әрекеттің нәтижесі де баяғы мифтік сипаттан айырылады. Басқаша айтсақ, мифтік мотивтік (этиологиялық) белгісі жоғалады. Осылай мифтің ертегіге айналу барысында бұрынғы көлемі тарылып, әңгіме жеке бір адамның тағдырын баяндайтын жағдайға келеді: сөйтіп, миф бірте-бірте хикаяға, одан ертегіге айнала бастайды. Егер хикаяда қиял әлі де көркем түрде болмаса, ертегі де қиял-ғажайыптан сипат алып, көркем тәсіл ретінде қолданылады. Егер миф жанры адамзат тарихының қоғам ретінде қалыптасу процесінің ең басында пайда болса, ертегі көркем жанр, сөз өнері болып, адамзаттың алғашқы қауымнан таптың қоғамға өткен тұсында қалыптасқан.
Ертегінің бір тамыры - алғашқы рулық қоғамда өмір сүрген адамдардың аң аулап жүргенде, жолға шыққанда басынан кешетін оқиғалар жайындағы әңгімелер. Алғашында шын болған оқиға негізінде айтылған әңгімелер (меморат) бірте-бірте ел арасына жайылған сайын қоспалармен толықтырылып хикаяға, одан ертегіге айналып кеткен. Мұндай процесті, Жаңа Гвинея тұрғындарының фольклоры мен этнографиясын зерттеген б. н. Путилов жақсы аңғарды. Ол сондағы ру мен тайпалар фольклорында миф, меморот-әңгіме, хикая қатар өмір сүретінін, ал ертегі жанрының тек нышандары ғана бар екендігін айтады. Б. Н. Путилов былай деп жазады: «Аңшылар әңгімелері - меморат сипатында келеді. Оларды кейбір детальдар ойдан шығарылған, кей нәрселер әсіреленген, әрленген, бірақ негізгі мазмұны - шындық, кейіпкерлері өмірде болған адамдар. Оқиға болған жер, жалпы қоршаған орта - нақты, ал, әңгімеде сақшылардың күнделікті ісі, әдеті, тәжірибесі мен салты анық бейнеледі. Аңшылар әңгімелерінде біршама сюжет бар және йиклдердің алғашқы нанымдары сезіледі. Қысқасы, бұл әңгімелер бір рет қана айтылып, ұмытылып қалатын кездейсоқ хабар емес, бұл - халық процесының белгілі бір жанрлық құбылысы.
Аңшылар әңгімесін мифтен екі маңызды нәрсе алшақтатып тұрады. Біріншісі - кейіпкерлер мифтік әлемнің қаһарманы емес, кәдімгі ауыл тұрғыны - аңшы, мерген. Екіншісі - мифте бәрі жақсы аяқталса, мұнда кейіпкер кейде опат болады [20. 168б. ] .
Осы көне қауымда пайда болған меморат түрінде айтылатын аңшы-мергендер жайындағы әңгімелер қазақ ертегілерінің құрамында аз орын алмайды. Әрине, олар біздің ертегіде сол ежелгі замандағы күйінде емес, көркемделген, әсіреленген, яғни көркем фольклорға айналған формада көрінеді. Кезінде М. О. Әуезов пен Е. Ысмайловтың «қазақ халқы айтқан көне түрлерін атасақ -ең ескілері аңшы-мергендер жайындағы ғажайып ертегілері болу керек. Мерген болғанда берідегі шындыққа жақын салт ертегісіндегі мерген емес, өзгеше қиял дүниесінің ішінде әрекет ететін мергендер» - деп жазуы тегін емес. Осы ойын әрі қарай жалғастырып, ғалымдар былай деп жазады: бұл« Еділ-Жайық», «Құла мерген», «Жерден шыққан Шелім батыр», «Аламан мен Жоламан» сияқты ертегілер [4. 48б. ] .
Мергендер жайындағы ертегілермен қоса ер, батырлар жайындағы ертегілер жүреді. Осы мерген мен ерлер жайындағы қиял ертегілері бір қазақ емес, жалпы Орта Азия халықтары ертегілерінің де ескісі болып саналады.
Б. Н. Путилов: «Қазақ айтатын қиял ертегісінде адамзаттан мерген араласса немесе ғажайып жер, «ай десе, аузы, күн десе көзі бар» күн астында Күнекей сұлу, жалмауыз, қазық аяқ, қарға тұмсық кемпір, жезтырнақ, жалғыз көзді жалмауыз, жеті басты жалмауыз және немесе алуан алып араласады» [20. 92] .
Көріп отырғанымыздай хикая жанрының да ертегіге негіз болып, кірігіп кеткенін көріп отырмыз. Алғашқы қауымдағы мифтік ұғымдар туғызатын кейбір ғаламат мақлұқтар (жезтырнақ, жалғыз көзді дәу, дию, албасты т. б. ) бұрынғы аңшылар әңгімесіне кірігіп әңгіме туғызады. Хикая жанры мифтің өзімен бірге ертегіге де айналады. Оның ертегі құрамында жүретін сондықтан. Бірақ мифтің ертегіге айналу жолында хикая мен ертегі қатар өмір сүреді, сол себепті миф әлсіреп, хикая өзінше жеке айтылып, ел арасына тарайды. Қазақ халық прозасында осы процесс түгел дерлік із қалдырған. Көне мифтің көмескіленіп жеткен жұрнағының болуы, хикая жанрының жекеленіп, классикалық түрде сақталуы, оның ертегі құрамында айтылуы, - міне, осының бәрі халық прозасының қарапайымдылықтан көркемдікке қарай дамуының іздері, оның жанрларындағы қиялдың ғажайыпқа айналуының сатылары [14. 18б. ] .
Бұл айтылып өткен сатылар барлық ертегі түріне тән. Соның ішінде батырлық ертегінің жанрлық негізі. Батырлық ертегі дегенде есімізге ойдан шығарылған ба, әлде түркі негізі бар ма деген сұрақтар туындайды. Бұл туралы Қасқабасов С. өз еңбегінде дәлелдеп көрсетіп кеткен. Ол: «Батырлық ертегі жанры өз-өзінен немесе ойдан тумаған. Оның негізін қалаған көне прозалық жанрлар алғашқы қауымдық қоғамның түсініктері мен салтын, әдет-ғұрпын, яғни сол заманның шындығын өзінше бейнелеген. Ертедегі бізге қиял-ғажайып болып көрінетін кейбір нәрселер - бір кездегі болмыстық, құбылыстың сәулелері. Тағы бір ескеретін жағдай, ертегінің пайда болып, қалыптасуының алғашқы кездерінде ел оны қиял деп ойламаған, онда баяндалатын оқиғаға сенген, себебі ол шақта ертегі өз төркінінен алыс кете қоймаған, сондықтан көркемдік қызмет те атқармаған» [14. 185] .
II тарау. Батырлық ертегілердің құрылымдық ерекшелігі
2. 1. Батырлық ертегінің жанрлық сипаты
Батырлық ертегідегі жанрлық сипатына келер болсақ, қиял элементі мифте де, хикаяда да, аңызда да бар, бірақ мұнда қиялдың сипаты мен нысанасы басқаша. Бұл жанрларда қиял эстетикалық мәнге ие емес, ол шығарманың мазмұнынан тыс дамымайды, өйткені белгілі бір түсінікпен, пайыммен байланысты болады, соған қызмет етеді. Бірақ соның өзінде де қиял - жалған деп қабылданбайды, сол себепті, ол көркемделмейді, яғни саналы өтірікке негізделмейді. Егер шығармада сәл жалғандықтың нышаны білінсе, ол миф, хикая, аңыз болып саналмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz