Басқару аппаратының бюрократиялық себептері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ҚОЗЫБАЕВ атындағы СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН
МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика факультеті

Басқару және бухгалтерлік есеп кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

тақырыбы: БЮРОКРАТИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

050510 К.Б.ГМУ-6(к)

АВТОР Жарасбаев Н.А.
____________
ЖЕТЕКШІ Баймульдина Г.Б.
____________

Петропавл, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. БЮРОКРАТИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Бюрократияның тарихи мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .5
1.2 Бюрократияның негізгі белгілері мен
атрибуттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2. БЮРОКРАТИЯНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... ... ... .11
2.1 Жоғарғы шенеуніктердің
саясилануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...11
2.2 Бюрократтық нарық
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .13
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БЮРОКРАТИЯЛЫҚ
ЭЛЕМЕНТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ...15
3.1 Мемлекеттік органдардағы
бюрократия ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 1
5
3.2 Бюрократияны жоюдың маңызды
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
2

КІРІСПЕ

Мемлекеттік органдардың тиімді мағынада қызметі мен функцияларын
атқаруға көп жағдайда кедергі болатын нәрсе бюрократия болып табылады.
Бюрократия сөзі француз тілінен аударылғанда кеңсе билігі деген мағынаны
береді. Ал, С.И. Ожеговтын Орыс тілі сөздігіне, Кеңсе үстемдігі,
формальды тәртіптерді сақтау үшін іске елемеушілік таныту, — деп
аударылған. Мемлекет органдарындағы жиі-жиі кездесетін бюрократия — біздің
қоғамымызға өткен заманнан жеткен дерт. Онымен күресу мемлекеттік
органдардың және азаматгардың міндеті болып саналады. Бюрократияны мүлдем
жою мүмкін емес, оны тек шектеуге ғана күшіміз жетеді.
Себебі, ол — мемлекеттік басқарудың ажырамас серігі. Бюрократияның
пайда болуына бірнеше себептер бар: Мемлекеттік аппараттың өсуі,
чиновниктердің көбеюі, нормативтік құқықтық кесімдердің көбеюі және олардың
бір-біріне қайшы келулері, мемлекеттік қызметкердің өзінің міндеттері мен
тапсырылған іске немкұрайы қарауы, лауазымды адамның жеке адамның
мұқтаждарына атүсті қарауы және жауапсыздығы. Осының барлығы зерттеудің
өзектілігін анықтады және тақырыптың таңдау негізін құрады.
Зерттеудің мақсаты мемлекеттік басқаруда шенеуниктер үшін тиімді, ал
бұқара халық үшін тиімсіз бюрократиялық басқару жүйесін зерделеу болып
табылады..Осы курстық жұмыстың алдына қойған міндеттері мыфналар болып
табылады:
- Бюрократия теориясын ұғыну
- Бюрократияны бағалаудың қазіргі көзқарастарын қарастыру
- Қазақстандағы бюрократиялық элементтерді зерделеу

1. БЮРОКРАТИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бюрократияның тарихи мәні мен рөлі

Бюрократия термині француз тілінен шыққан, кеңсе (мекеме)
үстемдігі деген мағынаны береді. Бұл ұғымның беретін мағынасы, жалпы,
кейбір ұйымның атқарушы органдарының бұдан айырмашылығын көрсетеді.
Кеңсенің билік етудегі құпиясын білу оңайға түспейтін нәрсе.
Сонымен қатар, дүниежүзілік тарихқа тереңірек үңілсек, бұл мәңгіліктің
елесін тудырады. Дегенмен бюрократияның өміршеңдігі оның түпкі тамырлары
мен өмірлік күшін табуға мүмкіндік береді.
Бюрократиялы басқарушыларға тән әлеуметтік кесел деп қарастыруға
болады. Саяси әлеуметтік аспектідегі бюрократияның мәні басқару аппаратының
қоғамнан бөлектенуі болып келеді. Соның салдарынан ол өзінің жағдайын
пайдалана отырып қоғамдық жұмыстарға басшылық жасап, өзіндік жеке
қызығушылықтары бар күш ретінде қалыптасады.
Бюрократияның универсалды сипаттамасы оның бірнеше түрінің
кездесетіндігін көрсетеді. Яғни, олар: авторитарлы немесе рационалды,
коррумпирлі немесе әділ. Бюрократияның жалпы сипаттамасы қоғамның түріне
байланысты, ал ең алдымен ашық па, әлде жабық па екенінде. Сондықтан
мемлекеттік қызметті реформалау, бұл жерде бюрократия жайында,
Қазақстандағы саяси әлеуметтік құрылысты демократияландырумен бір арнада
келеді. Мемлекетті бюрократиямен кездестіру деген оңай шешімнің тек жартысы
ғана дұрыс. Дегенмен, басқа жақтан алатын болсақ, бюрократия бұл қоғамдық
өмірді ұйымдастыру қызметінен шеттетілген мемлекеттік аппараттың бір
бөлігі. Бұл мемлекетке жүктелген міндеттердің орындалуына қарамастан өзінің
үстемдігін тұрақтандыруға негізделген мемлекеттік аппарат ішіндегі билік
жүргізуші паста. Мемлекеттік аппаратта бюрократия қызмет ету мүмкіндігіне
ие болғандықтан бюрократиялық әдістер бірте-бірте мемлекеттік органдардың
жұмысына ене бастады. Бюрократтардың өздері билігі жоқ жай ғана
қызметкерлер. Бюрократия – бұл үлкен бір түрсіз машинаның жеке бір тетігі
секілді. Сонда бюрократия билігінің түп-тамыры неде жатыр? Оны қоғамдық
қарым-қатынас адам үшін жат болып көрінетін, өзгеріске көне қоймайтын жат
болып кеткен қатынас деуге болады. Бюрократия – бұл адамдарға жүргізілетін
объективті заңдардың үстемдігінің бір түрі.
Саналы түрде іске асырылатын басқарусыз, ерекше субъективті күштер
көмегінсіз, бұл процестер өз-өзінен пайда бола алмайтын жерде пайда болады.
Белгілікті бір уақыт периодына дейін бұндай сфераның артықтығы әлеуметтік-
саяси қарым-қатынас болып табылады. Экономиканы реттеген төрешілер емес,
қоғамнан тыс топтар болған.
Дүниежүзілік тарихтың бір жағынан объективті сипаттарымен, екінші
жағынан тарихи іс-әрекеттің негізделу заңы арасында қарсыласу әрекеті
процесінде пайда болатын тең әрекеттеуші мазмұны қарапайым: қоғам алдында
тұрған мәселелердің ауданы мен қиындығы жағы артқан сайын болуы тиіс.
Бюрократия өтпелі экономикада қоғамның басқарусыз қалған жерлерінде өмір
сүреді. Онда анықтауыш рөлді дамыған индустриалды технологиялар атқарып,
ауқымды ауданды қоғамдық басқару қажеттілігі бар. Қазіргі кездегі
әдебиеттерде Бюрократияның таралу себептерінің түрлі нұсқалары бар. Бұл
сұрақтың тек теоретикалық қана емес, практикалық мағынасы да бар, өйткені
себептер характері стратегия, тактика және шаралар мазмұнын анықтайды.
Пікірлердің бірі: бюрократия негізгі экономикалық және саяси-
идеологиялық себептері болмаған және басқару кемшіліктерін жоспарлау,
қамтамасыздандыру шектен тыс артықшылдық, бақылау механизмінің
эффектілігінің жетіспеуі т.б. субъективті түрде дүниеге келтірген белгілі
бір жұмысшылар тобының әлеуметтік және тәрбие санасының кемшілігі мен жеке
төрешілерге байланысты қатал әкімшілік шаралар қолданбау.
- Социализм кезіндегі бюрократия табиғатына басқа көзқарас
перпективті деп танылған: бір бөлшегі тек социализм дамуындағы
деформация кемшіліктерімен ғана байланысты емес, оның кейбір
өзіндік қасиеттері мен байланысты бюрократия негізінде
экономикалық, ұйымдастырушылық, саяси-идеологиялық, мәдени-
әлеуметтік, психологиялық тамырлары жатыр.
- Екі көзқарас айырмашылығының негізінде бірінші көзқараста
бюрократияны тамырына балта шабуға болар еді, ал екінші
көзқараста бюрократияны толығымен жою мүмкін емес және
бюрократиямен күрес, оның тенденцияларын шығарушы негіздеуші
аймақтың пікірлесушілеріне бағытталуы тиіс.
Берілген жағдайда бұрынғы Кеңес одағының елдеріне тиген, мемлекеттік
социализм моделінің шарттарында басқару жүйесінің деформациясын
бюрократияның әлеуметтік тамырлары деп елестетуге болады.
• Жалпыхалықтық қызығушылыққа жауап топтық қызығушылығын іске асыру
мүмкіндігі тудыратын, ірі әлеуметтік-профессионалды топ ретінде саяси-
мемлекеттік аппараттың негізгі жағдайы әлеуметтік мемлекеттің әлеуметтік
жүйесінің ерекшелігі болып табылады.
• Кәсіп ұлттандыруы жеке меншіктің мемлекет меншігінен маңызды болуына әкеп
соқты. Өзін-өзі басқару түрі мен демократия дамымаған жағдайда, мемлекет
меншігі ретінде қалып, біртұтас орталықталған әлеуметтік ағза ретінде
болды.
• Мемлекеттік меншігі формасының негізінде оның аппаратты формасында
орталықшылық дамып, Бюрократиятік процесінің негізіне айналды.
Идеологиялық құндылығының рангына жеткізген орташылдық басқару түрінің
үлкен пирамидасына әкеп соқты, олардың ауқымды көлемі өз-өзіне қызмет
көрсетуде тоқтап қалды.
• Мемлекеттік социализміне сай ерекшеліктер – нарық пен ақшалы-тауар
қатынастарын регулятор ретіндегі минимумға дейін жеткізу. Олардың орнына
аппаратының қолындағы рычагтары басқару саяси-әкімшілік кең қолданылады.
• Құқықтық мемлекеттің жоқтығы мемлекеттік социализм қоғамына Бюрократия
процестері үшін жайлылық аймағына айналды.
• Ақпарат өзінің жеке қызығушылығын қоғамдық мақсаттылықтық рангына
жеткізді.

1.2 Бюрократияның негізгі белгілері мен атрибуттары

Бюрократия ұйымының негізгі белгілері – тұлғасыз рационалды процедура
қазақстандық мемлекеттік аппаратта айқын көрінбейді. Инструкциядан басқа
әкімшілік процесс істің дамуына ықпалын тигізетін формальсіз қатынастар мен
құндылықтардан анықталады.
Біздің аппаратымыздың соңғы факторлары формальді ұйымнан әлдеқайда
маңыздырақ. Бюрократиялық ортада таралған жанұялық, туыстық, жерлестік
қатынас, жеке тұлғаға қамқорлық және адалдық қасиеттері, қазақ
төрешілдігінің ерекшелігі және мансаптық өсуіне ықпалын тигізетін нысан.
Парақорлық, қарсыласу, қазынашылық, – бюрократияның типтік көрінісі,
егер әкімшілік шара қолданбау жағдайында олар әрі қарай дами түседі. Жоғары
тұрған инстанцияларға көзсіз бағыну, бағынушылар мен оның құзіретіне
тәуелді адамдарға әкімшілік еркіндік – берілген басқару жүйесіне лайықты
белгілердің бірі.
Ғасырлар бойы бюрократия өз формалары көріністерін шығарып отырды:
формализм, жүгіріс, консерватизм, әлеуметтік сатыда төмен тұрғандарға дұрыс
қарамау және ондағы жоғары тұрғындарға құрмет көрсету.
Әлеуметтік бюрократияның өзіндік элементтері:
• Партапарат төбесі, елде активті түрде коммунистік құрылыс жүріп жатқан,
алғышарттардан әмірлі қарсылық
• Шаруашылық ведомстваларды басқару
• Әскери-өндірістік комплекспен басқару.
1.1-кесте. Басқару аппаратының бюрократиялық себептері.
Себептер Себептерді нақтыландыру
Ұйымдастырушылық Шаруашылық органдарды ауыстыру, тым көп құжаттар
арқылы процестің дамуын басқару. Практикалық
әрекетте формалар мен шаруашылық басқару әдістерін
қолдану. Процестердің ұйымдастырылуы мен
формализациясы
Әлеуметтік Аппарат жұмысында демократиялық формалар мен
әдістердің жұмысшы бағасының жүйесі, сөз тәуелдігі
дамымауы. Өз-өзін сынаудың жоқшылығы, догматизм,
басқарушылар біліктілігінің деңгейі төмендігі.
Басқарушылардың еңбек тобынан арылуы, адамдармен
тікелей қарым-қатынас жоқтығы.
Құқықтық Шаруашылық органдармен оның басқарушыларының
арасында қарым-қатынасын анықтайтын құқықтық
негіздің жоқтығы.
Ақпараттық Қабылдау, өңдеу, сақтау, алмастыру, беру үшін
ақпараттық қазіргі кездегі технологиялық негіздердің
жоқтығы.

Бюрократия мүмкіндігі сыртқы (объективті), жеке (субъективті)
факторлар ықпалынан болуы мүмкін және стиль форма, әдіс, аппарат әрекеті,
басқарушы көрінісінде табылады.
• Ғылыми негізіндегі бюрократияға көзқарас – бұл чиновниктердің коллективті
эгоизмі, қоғамның жалпы және әлеуметтік топтың қажеттіліктерін көрсету.
• Қоғамға негативті түрде әсер ететін бюрократия формасы біз ойлағаннан да
ертерек пайда болды. Басқару аппаратының жүйесі ретінде бюрократиялану екі
түрлі түп-тамырлары бар: технологиялық және әлеуметтік.
• Бюрократияның технологиялық тамырлары процестің басқару технологиясынан
тұрады. Оның бірқатар алғышарттарын қарастырайық.
• Біріншіден, бюрократия мүмкіндігін жоятын толық өзін-өзі басқару,
технологиялық себептердің шектеулі қабілеттері бар: елді референдум арқылы
басқару мүмкін емес, ал кәсіпорын мен жалпы жиналыстар арқылы.
• Екіншіден, әр уақытта және әр жерде әмірші субектерінен басқару
субъектіне әмірлі басқарушы бөлімінің делегирленуі басқаруды жүзеге
асырды, жоғары эшелондардан төменгі эшелондарға дейін.
• Үшіншіден, аппарат мүмкіндіктерімен оларды қанағаттандыру қоғамдық
қажеттіліктердің мүмкіндіктері әрдайым алда болды.
• Төртіншіден, өзін-өзі басқару формасы да бюрократияның пайда болу
мүмкіндігін көрсетеді және стабильсіз, бірақ спецификалық қызығушылықтың
пішінделуіне, статус пен рөлдің өзгеруіне әкелетін индивид немесе топтың
әлеуметтік позициясының да уақытша өзгерісі болады.
Бюрократияның технологиялық тамырларымен күрес аппаратты ұйымдастыру,
оның материалды базасын жақсарту, дайындық сапасын жоғарлату және
кадрлардың қайта дайындығы мен оның аттестациясын т.б. байланысты.
Технологиялық тамырлардың интернационалды сипаттамасы болады, ал оның
тарихи сипаттамас технологиялық басқарудың түрлі қоғам этаптар дамуының
ерекшеліктеріне түрлі басқару мәдениетінің деңгейлеріне келіп тіреледі.
Қоғамның әлеуметтік жүйесінің әлеуметтік жүйесінің әлеуметтік-
экономикалық және саяси қатынастардың негізгі сипаттамасынан шығатын,
себептер болатын бюрократияның әлеуметтік тамырларын ашып тану маңызды. Бұл
тамырлардың глобальді интернационал сипаттамасы жойылған, бірақ кейбір
ортақ механизмдерді табу мүмкіндігі бар.
Бюрократия процесі толық органдармен басқару позицияларын құруда
жоғары деңгейде жүзеге асырылып, қоғамдық маңыздылығының мазмұнын жояды.
Олардың қызметкерлері тек бір функцияны атқара алмайды. Нәтижесінде, мұндай
басқарушы қызметін тек көз болу ретінде көрсетеді. Егер бұл позицияларды
білімді әрі білікті мамандар алса, паразиттік функцияларға арналады.
Нәтижесінде мынадай парадокс шығады: өз қызметін қызметші таза, ұқыпты,
әділ атқарса, қоғамға көбірек нұқсан келтіреді. Аппарат басқаруындағы
паразиттік, бюрократия қабаты қоғам қызығушылықтарына қарама-қайшы келіп,
оған көп онымен басқару мүмкіндігін әлдеқайда азайтады.
Үш біртұтас түсінікте, теориялық және практикалық мағынаны ашу үшін,
бюрократия түсінігіне нақтылық беріп, анықтайтын кез келді.
Бірінші мағынасы қағаз жинау, жүгіріс, көптеген келісімдер,
комиссиялар, отырыс т.б. дегенді білдіреді.
Екінші мағынасы – бюрократиялық басқару функциясын атқарудағы аппарат
меншігі. Бұл бюрократияның саяси-сыныптық түсінігі. Бұнда әмірлі
құзырлықтың реттелуі жайында басқару процестің әр түрлі демократиялық
деңгейі, аппарат бақылаулығы, оның ауыспалығы, сайлаулығы орталықтандырмау
арасындағы қатынас т.б. жайында сөз айтылады.
Үшінші мағынасы – бюрократиялық басқару аппарат қызметшілерінің
профессионалды ауруы ретінде қарастырылады. Бюрократия өз сипатын стильде,
формалар мен аппарат қызметінің әдістерінде көрінеді.
Бюрократия себептері:
• Келісімдердің көптеген сандарға бөлінуі.
• Оларға жетістікті талап ететін ресурстар мен мақсаттар арасындағы
дисбаланс;
• Басқару технология мен техникадағы артта қалушылық жоғарыда аталған
себептер бюрократияның өндіруші және тудырушы сипаттамалары бар,
мазмұны жағынан олар экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық,
әлеуметтік-психологиялық, ақпаратты-техникалыққа бөлінеді.
Бюрократия – жұмысшы компетенциясына негізделген, мамандықтарға
байланысты жұмыс бөлісі, нақты басқарушы иерархия, стандарттар мен шарттар,
жұмыс көрсеткіштердің бағасы жұмысқа алу принциптері сәйкес ерекшеліктері
бар ұйым типі.
Барлық негативті құбылыстарды алғы себептері – бюрократия емес, ұйым
тобының мақсаттары мен жұмыс шарттары арқылы жүзеге асыру барысындағы
кемшіліктер ұйым көлеміне байланысты қарапайым қиындықтар, қызметкерлердің
жүріс-тұрысы, олардың ұйым міндеттерімен мақсаттарына сәйкес келмейтін
мінез-құлқын көрсету.
1900 жылы неміс әлеуметтанушы М.Вебер алғашқы рет пішінделген
бюрократия концепциясы – адам тарихындағы пайдалы ойлардың бірі болып
табылады. Вебер теориясының мазмұнында белгілі бір ұйым мысалға алынған
жоқ, ол Бюрократияті бір нормативті модель идеал терінде ұсынып сол идеалға
әр ұйым ұмтылысын білдіру керектігі жайында сөз қозғалды.
Рационалды бюрократияның сипаттамасы:
• Жоғарғы білікті мамандардың әр қызметке әкеліп соғатын нақтылы еңбек
бөлісі
• Төменгі деңгей жоғарғы деңгейді бақылап, оған бағынатын, ирархиялық
деңгейді басқару.
• Қызметкерлердің өз міндеттерін орындау бірқалыптылығын қамтамасыз
ететін стандарттар мен формальды шарттардың біртұтас жүйеде көрініс
табуы.
• Ресми тұлғалар міндеттерін орындайтын формальды тұлғасыз рух.
• Жоғары білікті техникалық қатал талаптарға сай жұмысқа босатулардан
қызметкерлерді қорғау.
Осылайша ұйымдастырушы бюрократиялық жүйе жоғары деңгейдегі еңбек
бөлінісімен, басқару иеарархиясының дамуымен ерекшеленді. Вебер мұндай
жүйеге рационалды деген атау берді. Оның ойынша жеке қызығушылықтар ұйым
мақсаттарына қайшы келмеуі тиіс. Бюрократия көп жағдайда классикалық
ұйымдастырылған жүйе деп атайды. Қазіргі кездегі ұйымдардың көбі бюрократия
әдістеріне сай келеді. Бюрократиялық жүйенің соншалықты ұзақ мерзімді, әрі
ауқымды қолданыс табу себебі, оның қасиеттері өнеркәсіптік фирмалар, қызмет
көрсету ұйымдарына, мемлекеттік мекемелерге жақсы келуі болып табылады.
Шешім қабылдау объективтіліктері, бюрократия болып жатқан өзгерістерге
бейімделуге мүмкіндік береді. Қызметкерлердің компитенттілігі арқылы маман
ретінде өсуі бұл ұйымға жоғары білікті талантты мамандардың жиналуына
септігін тигізеді.
Бюрократиялық жүйеде бар әлеуметтік теңсіздік концепциясы
демократиялық елдердің құндылық жүйелерімен сәйкес келеді. АҚШ-тың
мемлекеттік қызметі мысалы, алғашында саяси патрона мен бюрократия жүйенің
идеалдарына сәйкес басқару органдарын жақсартуды тоқтату үшін дүниеге
келтірген бюрократия болып табылады.
Басқару теориясының маманы Д.Чаялд атап кеткендей: М.Вебер өткізген
бюрократиялық жүйені талдау қазіргі кездегі ұйымдар негізін маңызды әрі
уникалды суреттеген.
Бюрократия ұйымның қалыптасуындағы қатал түрде тараған моделі болса
да, үлкен сындарға ие болды.
Ең маңызды сынды айтқан әлеуметтанушы Р.Мертоном болды. Оның ойынша
бюрократия жүйелерінде пайда болатын қиындықтар өз міндеттерін атқаруды
қамтамасыз ететін, сонымен қатар сұраныс берушілер мен қоғаммен байланыс
жасау арқылы стандартталған процедуралар мен нормалар маңыздылықтарын
асырумен байланысты, бұл ұйымның басқа тапсырыстары мен прециденттерге
қарап барлық туындаған сұрақтардың шешуін ұйымдастыру қабілетін жояды.
Уақыт өткен сайын альтернативалық шешім табу қабілеті де жойыла бастайды.
Клиенттермен қоғам өздерін бекіткен ережелермен, процедура, нормалармен
сәйкес шешілген болғандықтан, қажеттіліктеріне өздерін адекватсыз сезіну
мүмкіндігі туады.
Егер бюрократия ұйым қызметкерлері өздерінің адекватсыз әрекетін
көрсетсе, клиенттер мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты бұзу жеңілге
түсетін олар, сәйкесінше интрукция мен ережелерге жүгінеді. Бұндай мәселе
ұйым ішіндегі қызметкерлердің қарым-қатынасында да байқалады. Бекітілген
ережелерге мүлтіксіз бағыну ақпарат айырбасы кезінде, қарым-қатынасы
ұйымның түрлі бөлімдер қызметінің қординациясы кезінде жаңа шиеленістер
пайда болуы мүмкін.
Катца мен Кан ойынша бюрократиялық жүйенің тағы бір кемшілігі,
ұйымның тиімді қызмет етуіне қажетті, қоршаған жағдайларды жаңаша және тез
реакциялық қабілеттігінің жоқтығы болып табылады.
Өз қызметінің процесіне жаңа элементтерді кіргізу мен ұйымның жаңадан
шығару қабілеттерін, ережелерді қатал сақтау принципі жояды.

2. БЮРОКРАТИЯНЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАРЫ
2.1 Жоғарғы шенеуніктердің саясилануы

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен
астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп,
бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік
негізі болды.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз
еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттік билікке барлық
адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке-дара құқығы бар заңдар мен
ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің
түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең
екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының
барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде
ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі),
вече соттарының және т.б. болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік
аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар,
халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т.б) сияқты саяси жүйенің басқа
элементттері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік,
жоғарыда көрсетілгендей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның
билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси
биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимділігінен білінеді.
Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағына білдіреді)
дегеніміз халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның
заңдылығы мен шешімдерін растауы.
Демократиялық жағдайда мемлекеттік билік легитимді болуы үшін мынадай
екі шарт қажет: 1) ол халықтың қалауы бойынша қалыптасуы және көпшіліктің
еркіне қарай орындалуы керек. Яғни, мемлекеттік биліктің иесін тура немесе
жанама түрде белгілі бір мезгілге халық сайлауы керек және оның жұмысын
бақылап отыруға мүмкіндік болуы тиіс; 2) мемлекетік билік конституциялық
қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы керек.
Немістің көрнекті ғалымы Макс Вебер билік басына келудегі
легитмділіктің мінсіз түрлері ретінде үш үлгісін көрсетті. Ең біріншісі -
әдет-ғұрыптық легитимдік. Ол сонау ерте заманнан бастап халықтың санасына
сіңген, әбден бойлары үйреніп, дұрыс деп тапқан салт-дәстүрлерге сүйенді.
Сондықтан мысалы, (кейбір елдерде қазір де) хан, сұлтан, патша, шах, әмір
және т.б. билігін халық дұрыс, заңды деп түсінді.
Екінші түріне харизматикалық легитимдік жатады. Мұнда өзінің ерекше
батырлығымен, адалдығымен немесе басқа үлгілі қабілет-қасиеттерімен көзге
түскен адамды басшы етіп жариялап, соның соңынан ереді. Халық тек сол
көсемге беріліп, соған ғана сенеді. Мысалы, Мұхаммед пайғамбар, Ганди,
Аятолла, Хомерини т.б.
Үшінші түрі Вебер ақыл - парасаттың құқықтың легиминдігін жатқызады.
Онда саяси билік салт-дәстүрге немесе тарихи тұлғаға байланысты емес.
Қазіргі саяси құрылым орнатқан құқықтық ережелерге, тәртіптің ақыл-ойға
сиымдылығына негізделеді.
Легитимдіктің алдыңғы екі түрі құлдық және феодалдық қоғамдаға тән
болса, үшінші түрі қазіргі дамыған елдерге тән. Шығыс елдерінің саяси
қайраткерлері биліктің лигитимділігіне зор назар аударады. Себебі, халық
қазіргі үстемдік етіп тұрған саяси тәртіпке сенуі керек. Сонда ғана оны
жұртшылық қолдайды және ол тиімді қызмет атқарады.
Мемлекеттік құқықтық тәтіпті легитимділігің ең биік дәрежесіне
конституция жатады. 1995 жылғы 30 тамызда Республикалық референдумда
қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы саяси билікке
нақтылы легитимділік берді. Онда Қазақстан Республикасын демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялады. Оның ең қымбат
қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Қазақстан
Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет.
Мемлекеттік билік біртұтас, Ол Конституция мен заңдар негізінде заң
шығарушы, атқарушы, және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі
тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне
сәйкес жүзеге асырылады.
Саяси билік мәселесін сөз еткенде оның принциптеріне тоқталмауға
болмайды. Олар қоғамдық өмірдің қолайлы, орнықты қалпын қамтамасыз ету үшін
қажет. Оған мыналар жатады: легитимдік принципі (яғни, билік заңға, заң
шығаруға сүйенгенде ғана өзін сенімді, еркін сезіне алады), қорғау принципі
(билікті сан түрлі әдістермен қолда ұстай білу және оны арттыра білу
керек), ұтымдылық принципі (билік батымды, өтімді, ықпалды, табанды болғаны
жөн, онсыз билік билік бола алмайды), сыр бермеу принципі (билік үшін ең
қауіпті нәрсе – шындықты уақытынан бұрын айтып қою).
Қолдағы билікті атқара білу керек. Бұл оңай шаруа емес, тіпті ең қиыны
десе де болады. Себебі, кемшіліктің көбі билікті қолдану барысында
жіберіледі. Билікті атқару тетігіне заң жүзінде рұқсат етілген әлеуметтік
іс-әрекеттер жатады. Оның да өзіндік принциптері бар. Оларға жататындар:
іштей еріксіздік (әміршінің өз билігі өзінде бола бермейді), сақтық (саяси
іс-әрекетті алдын-ала парасатты түрде дәлме-дәл есептеп алған дұрыс),
шыдамдылық (әмірші төзімді, тілектес, мейірбанды болуға тиіс), ымыраға
келушілік (биліктің қисыны жағдайға байланысты болуы мүмкін; сондықтан өкім
жүргізушіге келісімге, ымыраға келуге, бірлестіктерге, блоктарға енуге
немесе олардан іргені аулақ салуға тура келеді), жауапкершілік (әмірші
шексіз билікке қызықпай, жауапкершілігін сезгені абзал), ұлылық (билік
жүргізуші өзінің ішкі маңыздылығымен, ұлылығымен, айбындылығымен
бағаланады), мәдениеттілік, табандылық, тұрақтылық, өзара сындылық және
т.с.с. Билік – дәйектілігімен, іс–әрекетінің қисындылығымен қадірлі. Керек
кезінде соңғы қорытынды сөзді айта білгеннің де маңызы зор.
Қоғамдық өмірді билік арқылы реттеп, жөнге келтірудің бірнеше түрі
бар. Мысалы, бұрынғы Кеңес өкіметі кезінде билік түгелдей топтастырылған
болатын. Әлеуметтік бастамалар шығару, шешімдер қабылдау және т.б. бәрі
қатал орталықтанған еді. Бұл билік қоғамның прогресті дамуына жол бермейді.
Ал кейбіреулер биліктің қай түріне болмасын қарсы шығып, анархизмді
уағыздайды. Бұл жолдың болашағы жоқ. Сондықтан алдыңғы қатарлы дамыған
елдер биліктің орталықтануы мен шоғырлануынан саналы түрде бас тартып,
барлық адамдардың өкімет шешімдерін қабылдауға, билікке қатысуын қалайды.
Содан да болар қоғамның қарқындап дамуына жағдай жасап, халықтың тыныс-
тіршілігіне жайлы саналатын қазіргі өркениетті елдер деп аталып жүрген
мемлекеттердегі демократиялық республика, конституциялық монархия және т.б.
сияқты биліктердің түрлері дұрыс деп саналуда.

2.2 Бюрократтық нарық тұжырымдамасы

Сталиндік кезеңнен кейін бюрократиялық немесе әкімшілік нарық
құрылды, бюрократиялық нарық – келісім экономикасы. Ресей экономисі
В.Найшуль тауар нарығы ерекшеліг, бюрократия нарығында материал
құндылығының алмасуы болады, бірақ өкімет ереже мен оның қоғамдағы орны
және құндылығында деп көрсеткен.
Өнеркәсіптер жоғарыдан берілген міндеттерге сондай пассивті болған
жоқ, олар ресурстарға хабарлама бере отыра, жоғары тұрған мүшелердің
шешіміне осылай төменнен ықпал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БЮРОКРАТИЯ ЖӘНЕ БЮРОКРАТИЗМ ҰҒЫМДАРЫНЫҢ АРА ҚАТЫНАСЫ
Сыбайлас жемқорлықтың адам өміріне ықпалы
Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде
Жемқорлық құлықтарының психологиялық ерекшеліктері
Бюрократия: шығу тегі және болмысы
Мемлекет теориясы
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
XIX ғасырдың басында Хиуа ханы
Шағын бизнес ерекшеліктері
Шағын кәсіпорынның экономикалық дамуындағы алатын орны мен рөлі
Пәндер