Тұрмыс салт ертегілері
Кіріспе
Халықтардың ежелгі педагогикасы мен бала тәрбиелеу дәстүрі олардың ауыз
әдебиетінен айқын көрініп тұрады. Қай ұлт болмасын, халық ауыз әдебиетінде
ең алғаш пайда болған, ең тұңғыш айтылған өлең, жыр, ертегілер, әңгімелер
балаларға, тәрбие мәселесіне арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы
деп ұққан.
Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық орын:
балалар бақшасы, мектеп болмасада, тәрбиені балаларына бесікте жатқан
кезінен бастапақ халықтық жырлар мен әңгімелер, ертегілер арқылы бере
бастаған. Олар өскен соң, өздерін қозшаған жаратылыстың ішкі құпиясын ғылым
жолымен сезініп білмесе де, жапан дүзде жолсыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі
белгілерге қарап жол тауып, адаспай кетк беретін болған. Жастайынан-ақ
есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны болжайтын, табатын ізшіл де,
құралайды көзге атып түсіретін мерген де болған.
Оқу, сызу өнеріне машықтанбаса да, бір естігенін қалтқысыз есте
сақтайтын қабілеттілігі де күшті болған. Олар сондықтан да қызық-қызық
ертегілерді, ұзақ-ұзақ жырларды жатқа айтатын болған. Бесік жыры,
хайуанаттар айтысы, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, өтірік өлеңдер,
ертегілер бәрі де баланы қызықтырып, мәз-мейрам етеді. Сонымен қатар көркем
шығармалар ішіндегі әр-жақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола
беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас бәрі де балаларды қуантып, әсер беріп, ойын
шыңдап отырады.
Тақырыптың өзектілігі: Ертегілерді оқыту жолдары және әдіс тәсілдері.
Бұларға ертегі желісі бойынша салынған суретті қорғау. Мұнда әр оқушы
салған суреті бойынша сөйлеп, ертегі мазмұнын айтады.Ертегілер бойынша
қойылымдарды сахыналау, ертегілерден үзінді жатқа айту, ертегі құрастыру,
ертегілер еліне саяхат ұйымдастыру.
Зерттеудің мақсаты: Ертрегілерді оқытудың негізгі әдіс-тәсілдері,
жолдары арқылы оқушыларға жалпы ертегі туралы кеңінен мағұлмат беру.
Бастауыш сынып оқушыларына ертегілерді қызықтыра оқыту.
Зерттеудің әдістері: жинақтау, топтастыру, түсіндіру, бақылау
әдістері.
Курстық жұмыстын құрлымы: Жұмыс кіреспеден, негізгі бөлімнен ол үш
бөліктен, практикалық бөлімнен, қорытындыдан, әдебиет тізімінен тұрады.
1.1.Ертегі және оның түрлері
Көркем шығармалардың бір түрі-ертегілер. Ертегілер-ауыз әдебиетінің
ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы.
Ертегілер өтірік болғанымен, мағынасыз болмайды. Көбінесе ішкергі
астарлы мағынасымен өнегелі келеді. Жақсылық, жамандық, достық, қастық,
арамдық, адалдық, батырлық, қорқақтық, ептілік, шорқақтық, қулық, аңқаулық,
тағы сондай жақтардан өнеге болу, тәлім-тәрбие беру мақсатымен шығарылған
әңгімелер екеендігі сезіледі. Бірақ ертегі дүниедегі қалыптың жағдайына
қарамай, бәрінен қиял бетімен өтеді. Сондықтан ертегіде жаны жоқтарда жаны
болады, тілі жоқтар тілді болады. Бір нәрсе екінші нәрсенің түріне түсіп
кетеді.
Ертегілер адам баласының еңбек-кәсібі, тұрмыс-тіршілігіне байланысты
туған. Онда халықтың ой-арманы, әдет-ғұрпы, мұң-шері, арман-мұраты
баяандалады. Қазақ ертегілерінің негізінен төрт түрі бар. Мұны төмендегі
сызбадан көре аламыз.
Қиял-ғажайып ертегілері. Бұл топқа кіретін ертегілер ескі заманда
туып, содан бері қарай келе жатқандығын аңғартады. Ертедегі адамдар табиғат
және оның құбылыстары туралы, адамның еңбегі, тіршілік-кәсібі, күрес
жайында, дүние-жаратылыс, қас пен дос, неше турлі керемет күштер туралы,
қиял-ғажайып ертегі-әңгімелер тудырған. Олар өздерімен алысқан жаулары
жайында да, сол жауларды жеңу жолдары туралы да әр түрлі ертегілер
шығарған. Оларды жалғыз көзді дәу, жын-пері, мыстан кемпір, жезтырнақ, жеті
басты айдаһар, абжылан т.б. бейнесінде алған. Бұлардың бәрі адам баласына
қастық жасаушылар, керемет күші, айла-амалы барлар деп түсінген. Ол
түсініктері көбінесе мифтік ұғымға, бұлдыр сезімге, ертедегі адамдардың
өздері иланған көп құдайларға байланысты болады. Ертегілердің оқиғасы
фантазиялық түрде айтылады.
Хайуанаттар жайындағы ертегілер. Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы
үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін
төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған
және де әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы мифтік ұғым-түсініктер
ойлап шығарған. Табиғат сырын, жаратылыс құбылыстарын түсіне алмаған
ертедегі, адамдар әрбір хайуанаттың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған,
кейбір хайуанаттарды керемет тұтып, оған табынатын болған. Бұл ретте
К.Маркс былай дейді: Әрбір мифология табиғат күштерін қиял бойынша жеңіп,
бағындырып, дегеніне жүргізеді, сол арқылы баурайды, ал сол табиғат
күштерін анық шынымен жеңіп алған заманда ол мифология жоғалады
Тұрмыс-салт ертегілері. Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбы мен оқиға-
әңгімелерінің аса мол түрі тұрмыс пен салтқа байланысты туған ертегілер.
Бұл топқа кіретін ертегілерде ескі заманнан бастап, соңғы кезге
дейінгі халық өмірінің әр алуан жақтары қамтылады. Оларда халықтың қоғамдық
өмірі, тұрмыс-тіршілігі, дүние танудағы көзқарасы, таптық сана-сезімі,
арман-мүддесі суреттеледі де ертегінің оқиғасы реалистік болмыстан алынады.
Сондай-ақ, тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері жалғыз көзді дәу, мыстан,
жеті басты жалмауыз, жезтырнақ т.б. бейнесінде емес, нақты адам бейнесінде
болады; сол қарапайым адамдар жайы айтылады.
Шыншыл ертегілер. Шындық өмірден алып ауызша шығарған қазақ халқының
көркем шығармаларының бір саласы – шыншыл ертегілер. Шыншыл ертегілердің
алғашқы үлгілері халық үшін қызмет еткен және тарихта болған адамдардың
ісін, өмірін әңгімелеу негізінде туған. Мұндай адамдардың халыққа қамқор
болып, халық намысын қорғағаны, бұл жолда жасаған әр алуан істері ел
аузында аңыз-әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен.
Ертегілер түрлері
Қиял-ғажайып
ертегісі
Жануарлар ту-
ралы
Тұрмыс-салт
ертегісі
Шыншыл ерте-
гілері
Жалмауыз кемпір
Қиял-ғажайып ертегілері
Алтын шашты
Қыз
Ер Төстік
Ұшқыш кілем
Құламерлен
Шыншыл ертегілер
Аяз би
Атымтай жомарт
Қырық өтірік
Тоғыз тоңқылдақ,
Бір шіңкілдек
Хайуанаттар жайындағы ертегілер
Дүмше молда
Қасқыр мен жігіт
Байғазы
Сырттандар
Ақ қасқыр
Түлкі мен маймыл
Түлкі,түйе,қасқыр
Құйышық
Шудалы торғай
Молда мен би
Үш қу
Зар жылатқан
Зарлықбай
Тұрмыс салт ертегілері
Ақылды әйел
Үш өсиет
Жеті шаян
Үш ауыз сөз
Өнеге
Білгір адам
1.2.Ертегілердің зерттелуі.
Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық қарым қатынастардың
алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой- өрісінің, сана-сезімінің
ұлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер
еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлғілері әр түрлі өзгерістерге
ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесі,
ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған
ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады,
қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері
көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнеленген.
Бұл секілді жағдайларды қазақ ертегілері де басынан кешірген деуге
болады. Алайда, қазақ ертегілерін сөз еткенде, біз оның ең алғашқы
үлгілері, олардың мазмұны, көркемдік дәрежесі қандай болғандығы жайын
анықтап айта алмаймыз. Өйткені ол ертегілер алғашқы айтылу қалпын сақтай
отырып, біздің дәуірімізге жеткен емес. Ауыз әдебиетінің басқа түрі
секілді, ертегілер де ауызша тарағандықтан әр түрлі өзгерістерге ұшыраған,
бір ертегіге бірнеше ертегінің әңгімесі енгізілген болуы мүмкін.
Ертегілердің құрылысы. Ауыз әдебиетінің басқа эпостық түрлері
секілді, ертегілердің де өзіндік құрылысы, көркемдік ерекшеліктері бар.
Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, өзінше басталуы,
аяқталуы болады.
Ертегілер ауызша айтылатын көркем әңгіме болғандықтан, оған әрбір
ертекші айрықша мән береді, әңгімесін мәнерлеп айту, тыңдаушыны
қызықтыра түсу жағын ойлайды, кейде ертекші әңгімесін:
Ертек ертек ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Қырғауылы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен,
Мұзға жығылған екен,
Сирағы сынған екен, -деп, немесе:
Бар екен, жоқ екен,
Бөрі бөкеуіл екен,
Түлкі жасауыл екен...-
деп тақпақтай жөнеледі. Осыдан әрі қарай негізі әңгіме оқиғасына
кіріседі.Ал кейде ертекшілер айтатын әңгімесіне бірден кіріседі, ертегіге
қатысатын басты кейіпкерлермен бірден таныстырады(Баяғыда бір кейде
болыпты, оның үш баласы болыпты... т.б.). Ертегілерде айтылатын оқиғаларды
осы негізде баяндау-ертегінің құрылысына тән басты ерекшелігі болып
табылады.
2.1.Ертегілердің дамыту функциялары
Ертегілердің бала дамуындағы танымдық-адамгершілік және эстетикалық
міндеттерінің маңызы жоғары, олар бір-бірімен өте тығыз байланысты.
Ертегілердің танымдық -адамгершілік қызметіне бала қиялын дамыту және оны
белсенді етуге, көркем бейнелі ойлау әрекетіне әсерін, әлемдік ұғымдарын
кеңейту дүниені қабылдау қатарында, құбылыстар арасындағы уақыт және себеп-
салдарлық байланыстарды ұғынуды, түрлі жағдайлардағы адамдардың
әрекеттерін, шынайы жағдайларға орай қалыптасқан эмоционалды құнды бағыт-
бағдарды үйретуді айтуға болады.
Ертегінің қанша деп сұрағанда керектігіне қарай жауап беріледі.
Ертегірің керек орындары: 1. Халықтың ұмытылған сөздері ертегіден табылмақ.
Олай болса, ертегі тіл жағынан керек нәрсе. 2. Бала әдебиеті жоқ жерде
ертегі баланың рухын, қиялын тәжірибелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы
қиялдандыруға, сөйлеуге үйретеді. 3. Бұрынғылардың сана-саңылау, қалпы-
салты жағынан дерек берумен керегі бар нәрсе.
Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмір, ой-
арманы, дүние танымы мен көзқарасы т.б. көрініп отырады. Сондаықтан да
Белинский мұны Халық жанының айнасы деген болатын. Добролюбов пен Горький
халық ертегілерін аса жоғары бағалай келіп, ертегілер халықтың өмірін,
тұрмыс күйін, мінез-әрекеттерін білу үщін аса керекті материал екендігін
айтады, ертегілерді тудырушы да, сақтаушы да халық екендігін дәлелдейді.
Халық өзінің ертегілерінде, қиял түрінде болса да, қоғам өмірінің
көптеген мәселелерін қамтиды. Оларды халық тілегі, көпшілік мүддесі
тұрғысынан әңгімелейді. Ертегілерде айтылатын әңгімелердің қайсысына болса
да халық өзінше қорытынды жасан, әділ бағасын беріп отырады; нені
ұнататындығынын, нені жек көретіндігін суреттейді. Мысалыға қазақ халқының
тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілерін алайық. Бұл тақырыптағы
ертегілерде ұшан-теңіз мәселелер көтерілді; үй ішіндік әңгімелерден бастап,
қоғамдық мәні бар жайларды баяндауға дейін барады. Солардың бәрінде
халықтың сыны да, міні де, қостауы мен құптауы да т.б айтылады. Неше түрлі
жауыздық, зұлымдық істер және оны жасаушылар, ел арасын бүлдіріп түрде орын
алады.Оларға халық өз арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын,
көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.
Мұндай адамдардың атқарған қызметіне, ерлік ісіне сүйсінетіндігін
аңғартады.
Әрине, ел арасында айтылып , сақталып келген ертегілердің барлығын халық
тудырған және олардың бәрі халық тілегіне сай туған шығармалар деуге
болмайды. Халық мүддесіне қайшы келетін, үстем таптың идеясын білдіретін
ертегілер де бар. Оларды халық ертегілеріне айыру үшін екі мәдениет туралы
лениндік ілімге, В.И.Лениннің Ертегіні қоғамдық-саяси тұрғыдан қарап,
халықтық арманы мен мүддесі тұрғысынан зерттеу, жазу керек, - деген
даналық пікіріне сүйенуге тиістіміз. Сонда ғана ертегілерді халықтық сипаты
немесе халық тілегіне жат жайлары айқындала, ашыла түседі.
Эстетикалық қызметте түрлі мазмұндағы өнер түрімен таныуды, ауызекі
сойлеу тілін дамытуды, баланың дербес сөздік шығармашылығын дамытуды
тәрбиелеуге ықпалын айту. Ертегінің дамытушылық функцияларын көркем мәтін
мазмұны мағынасы бай, құрылымы дұрыс және бала қиялына қоғау салатындай
шынайы болмысты бейнелеу әдісі қуатты болған жағдайда жүзеге асыруға
болады.
- Мәтінді түсініп саналы түрде оқу.
- Халық ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеті шығармаларынан жанырына
қарй (өлең, әңгіме, ертегі, аңыз) ажырата алады.
- Өз ана тілін жетік білуіне, меңгеруіне, тіл тазалығы, мәдениетін
сақтауға, білуге үйретеді.
- Оқушылардың ойлай, қиялдай, армандай білуіне, танымдық қасиетін,
шығармашылық қабілетін дамытады және сөздік қорларын байытады.
- Диологтық, монологтық сөйлеу дағдыларын, өз сөзін, ойының дұрыс
және орынды айтылуын өзі бақылау машығын дамытады.
- Әдебиеттік оқумен байланысты болып, оқу жылдамдықтарын
арттырады, әрі әдеби тілдерін машықтандырады.
- Мәтін мазмұнын өз көзқарастарымен пікірін білдіруге әңгімелей
біле алады.
- Ертегілер мазмұнымен танысып, қойылымдар қойылу арқылы көркемдік
кейіптендіру, әртістік шеберлігін арттырып шешендік
қабілеттеріндамытады.
Қазақ балалар поэзиясының ұлттық көркемдік дәстүр мен өзге халықтар
ертегілеріндегі жаңашыл құбылыстарды қаншалықты деңгейде игеріп, өз
тарапынан қаншалықты жаңарта қолданып, көркемдік-шығармашылық кәдеге асыра
алғанын пайымдау үшін екі тұрғыдан назар салып, соған сәйкес ой тиянақтамақ
жөн. Оның біріншісі- ертегі мазмұны да, екіншісі көркемдік пішін мәселесі.
Ал өз кезегінде аталмыш екі мәселе өзара ұштасып келіп, әдебиеттегі
ертегілердің түр, жанр ұғымдарына айқындайтыны мәлім. Бұл жағдайда
ертегілердегі мазмұн мен пішін мәселелерін тұтастықтаала отырып, түрлі
кезеңдер еншісінлегі түрлі ертегілерде көрініс тапқан ортақ сипаттарды
айқындауғажәне оларды тақырып, проблема, мзмұн, идеялық үндестігі
тұрғысынан жинақтай топтастыруға, соның нәтижесінде бүгінгі балалар
ертегілерінің өзін ішкі түрлерге жіктей тануға мүмкіндік береді.
Қазақ балалар поэзиясын құрайтын үлкенді-кішілі ертегілерді мазмұны
мен тақырыптық-идеялық ұқсастықтары бойынша топтастырып, олардың әрқйсысын
жекелей талдай тану арқылы бүгінгі балалар ертегісінің даму эволюциясын,
қол жеткізіп үлгергені мен алда игерілуге тиісті ертегілер
биіктіктерін айқындай бағалауға болады.
Қазақ балалар ертегілерінің көркемдік-эстетикалық және тәрбиелеушілік
деңгейін айқындайтын ертегілерді тақырып, проблема, көркемдік мазмұн, идея
жағынан бірнеше ішкі түрлерге топтастыра қарастыруға болады: 1)қаһармандық
(патриоттық) ертегілер; 2)дәстүрлі немесе тұрмыстық ертегілер; 3)тағылымдық
(дидактикалық) ертегілер; 4)қиял-ғажайып ертегілер; 5)танымдық ертегілері ;
6)юморлық ертегілер.
Ішкі түрге бөле қарастыру қазіргі балалар ертегілерінің біртұтас
мазмұнын құрайтын тақырып, проблема, идея мәселелерімен қатар әрқилы
көркемдік элементтері мен құбылыстардың пайда болу, даму немесе жаңғыру,
жаңарусебептері мен уақыттық кезеңдерін де мүмкіншілігінше дұрыс бағамдауға
септеседі. Сондай-ақ бұл түрлердің бір –бірінен мүлдем бөле-жарылып
кетпейтінін де көңілде ұстау қажет. Өйткені қандай да бір ертегі мазмұнында
бірнеше мәселе қамтыла көрініп жататынын ескерсек, негізгі мазмұнына сәйкес
аталған түрлердің біріне жатқызылған ертегіде өзге түрдің немесе түрлердің
элементтері кезігуі де заңды құбылыс.
2.2. Ертегілердің оқытылу жолдары
Ертегінің әсерін тыңдап, эмоционалды тұрғыда қабылдап және
кейіпкерлердің ұстанымдарын ұғыну барысында бала көңілі шаттанып қуанышқа
кенеледі.
Ертегіні мәдени шикізат ретінде қолдану арқылы мұғалім балаларды
таңғажайып әлемге, көшбасшы ретінде жетелеумен қатар, жалаң техникалық
орындаушы болумен шектелмей, кітаптағы мазмұнды баяндай отырып, балалармен
бірге таңғалып, мұңайып, шаттана білу керек.
Оқушылардың ертегілерге қызығушылықтарын шыңдау жалықтырып алмау ушін
жүргізілетін жұмыс түрлері былайша түрлендіріледі.
1. Ертегі желісі бойынша салынған суретті қорғау. Мұнда әр оқушы салған
суреті бойынша сөйлеп, ертегі мазмұнын айтады егер ертегі көлемі ұзақ
болса балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырп оқушыларға бір эпизод
салдыртып сол бойынша да мазмұнын айтқызуға болады. Ертегіні оқушылар
түсінуі үшін мұғалім эпизодттарды рет-ретімен шығартып оқушыларды
сөйлетуі керек.
2. Ертегілер бойынша қойылымдарды сахыналау. Белгілі бір ертегіні
орындау рөлге бөліп, балалардың өзін қатыстру арқылы жүрсе, баланың
эстетикалық талғам талабы ұшталады. Бала сахнада көргенін, адамдардың іс-
әрекетін өмірде болып жатқан шындық ретінде қабылдайды, олар тез
әсерленеді, еліктейді, сондықтанда олар сенгіш келеді. Бала өз сезімін
ашық, тура бірден білдіреді. Мұғалім оқушыларымен бірігіп шағын ертегіні
өздері де жасауға болады. Жұмыстың мұндай түрін барлық сынып
жетекшілері кеңінен қолданады.
3. Ертегілерден үзінді жатқа айту. Мұндай жұмыс түрлері белгілі бір
тақырыпты көздеп жүргізіледі. Мысалы кейіпкерлерді суреттеу немесе оның
мінез-құлқын көрсетуге байланысты қолданылады.
4. Ертегі құрастыру. Балалардың өз бетімен ертегі құрастыруға деген
қабілетін дамыту мақсатында жүргізілген бұл жұмыс түрі жан-жақты
жүргізіледі. Балалардың құрастырған ертегілері көпшілік назарына
ұсынылады.
5. Ертегілер еліне саяхат ұйымдастыру. Ертегілерді оқу арқасында
оқушылар тілдерінің тазарғанын, оларды қазір жұйелі түрде өз ойларын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz