Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
Қ.Шаңғытбаев – маржан жырдың мәртебелі дегдары
І. Әдебиет теориясындағы құбылту, айшықтау түрлері – айшықты өрнектер
туралы жалпы түсінік
1.1. Троп түрлерінің өзіндік айырым-ерекшеліктері
1.2. Айшықтаудың (фигураның) өзіндік әсемдігі, әсерлілігі
ІІ. Қуандық Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы айшықты
өрнектер, көркемдік ерекшелігі турасында
2.1. Синоним, антоним, архаизм, неологизм, фразеологизм, аллитерация,
ассонанс көріністері
2.2. Аталмыш кітаптағы метафора, метонимия, синекдоха, ирония, сарказм
ерекшеліктері
2.3. Эпитет, теңеу, астарлау (символ), кейіптеу көріністері
2.4. Арнау, қайталау, антитеза, инверсия, эллипсис, параллелизм үлгілері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қуандық Шаңғытбаев – маржан жырдың мәртебелі дегдары
Қазақ халқының талантты ақыны Қуандық Шаңғытбаевтың нәзік нақышымен,
тұңғиық тереңдігімен, мәрт көңілімен оқырман жүрегіне жол таба білген
поэзиясы – туған әдебиетіміздің сәулетті сарайына өріліп қосылған өзгеше
өлең-өрнек, ой мен образ, сезім мен саз – Шаңғытбаев поэзиясын асқақтатып
тұрған алтын діңгектер. Ақын жүрегімен сезгенін жадағай, жалаң баяндамай,
кестелі, нәрлі, бейнелі тіл арқылы мөлдіретіп жеткізеді.
Ақын поэзиясының тақырыптық аясы жайында сөз қозғасақ, Қуандық
Шаңғытбаев – лирик деген талассыз пікірге келеміз. Оның жырлары тақырып
өрісінің кеңдігімен, ойлы да сырлы сазымен, құлпырма өрнек бояуымен
қызықтырады.
Махаббат лирикасында ақын тылсым сезім иірімдері мен көңіл қатпарларын
ізгі шынайылықпен жырлайды. Табиғат көріністері мен пейзажды жеткізудегі
шеберлігі, тың теңеулер мен эпитеттер оның ірі суреткерлік, байқағыштық,
сезімталдық қасиеттерін танытады.
Қуандық Шаңғытбаев – поэзия ғана емес, драматургия, публицистика, әдеби-
сын жанрларында да қалам тартқан талантты суреткер.
Қ.Шаңғытбаевтың аударма саласындағы жемісті еңбегі – ақын талантының
тағы бір жарқыраған қыры. Өзге тілдің өнегелі сөз үлгісін, кемеңгерлердің
кемел ой-парасатын өз халқының тілінде қаз қалпында қайталап айтып беру
құтты талант, баянды бақыт болса керек.
Қуандық Шаңғытбаевтың махаббат пен табиғат лирикасымен әрдайым бірге
жүретін жырлар – отаншылдық, патриотизм сарынындағы өлеңдер. Ақын заман
көшіне ілесіп, ерекше шабытпен жырлай білді, айшықтармен безендіре
өрнектеді.
Ақын Қ.Шаңғытбаевтың Махаббат пен ғадауат кітабындағы бір топ
өлеңдерді екшеп, сұрыптап, оны жүйелі түрде талдау, өлшем-өрнектерін
саралау зерттеудің өзектілігін көрсетеді.
Зерттеудің мақсаты - аталмыш кітаптағы айшықты өрнектерді, көркемдегіш
құралдарды жіте зерттеу, зерделеу, соның айғағы ретінде оны нақты
мысалдармен дәлелдеу, дәлелдей отырып өзіндік айырым-ерекшеліктеріне
тоқталу, саралау және де ақынның өзіндік ерекшелігіне, тіл шеберлігіне баса
көңіл аудару боп табылады.
Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

Поэзия – сөз өнері, көркемдіктің, шеберліктің теңдесі жоқ озық үлгісі.
Поэзия – айналамыздағы дүниені, өмірді танып-білудің күшті құралы, біздің
қоғамдық ой-санамыздың, көркемдік, эстетикалық сезіміміздің үлкен, өнімді
саласы. Сондықтан поэзиядағы сөз суреттілігі, бейнелілігі өмір шындығынан
нәр алып, соған тікелей жалғас туады.
Айшықты өрнектер, бейнелі сөздерді алсақ, олар ақындық, эстетикалық
сезімнің, дүниені образды, бейнелі түрде танып-білетін және танытатын,
көрсететін көркем ойдың бір ұрығы іспетті. Әрбір айшықты өрнек, бейнелі
сөз, көркемдік ерекшелік – әдеби шығарманың көркемдік түрін түгелдей
алғанда бүтіннің бөлшегі. Ол – сөз кестесіндегі көркемдік жасаушы көп
әшекейдің бір кішкене айшығы ғана.
Халықтың тіршілік-тұрмысымен, тарихи-қоғамдық жағдайлармен тығыз
байланысты туған, сондықтан халықтық, ұлттық бояу-өрнектерінің айқындығымен
көзге түсетін бейнелі сөздерді, көркем айшықтарды, эпитет, теңеу, метафора,
метонимия, символ, гипербола тағы сондай суреттеу, көркемдеу құралдарын
түгелдей қамтып, тұтасымен алсақ, оларды біз халықтың ой-санасындағы,
көркем ұғым-түсініктеріндегі ұлттық сипаттардың жарқын көрінісі дей аламыз.
Эпитет (кейбір түрлері), теңеу, метафора, метонимия, аллегория, символ
секілді бейнелеу, көріктеу тәсілдері не екі нәрсені тура, тікелей салыстыру
түрінде жасалады, не болмаса, екі нәрсенің арасындағы жалғастық, ұқсастық
ескеріліп, соның негізінде ауыспалы, астарлы мағынасы бар бейнелі сөз туады
[2,60-63].
Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлілігі үшін де орасан қажет тәсіл–
құбылту, яки троп (грекше tropus – иін, иірім) – сөздерді тура мағынасында
емес, бұрма мағынасында қолдану, шындықты бейнелеп, кейде тіпті перделеп
таныту, ойды өзгертіп, кейде тіпті өңін айналдырып айту. Троптың түрлері
көп. Ең басты құбылтулардың бірі – ауыстыру, яки метафора (грекше metaphora
– көшіру) – сөз мәнін өңдендіре өзгертіп айту, суреттеліп отырған затты не
құбылысты айқындай ажарландыра түсу үшін оларды өздеріне ұқсас өзге затқа
не құбылысқа балау; сөйтіп, суреттеліп отырған заттың не құбылыстың
мағынасын үстеу мазмұнын тереңдетіп, әсерін күшейту.
Мен – тауда ойнаған қарт марал
Табаным тасқа тиер деп,
Сақсынып шыққан қиядан...
... Мен бір шарға ұстаған
Қара балта едім:
Шабуыл таппай кетілдім,
Қайрасаң тағы жетілдім... (Махамбет).
Ақын өзін маралға баласа, маралдың күллі қасиетін, балтаға баласа,
балтаның барлық ееркшелігін еселей төкпектетіп айту арқылы өлеңге де
айрықша екпін, қайсар күш дарытып, оқырманды отты сөз, өр мінезбен билеп,
баурап әкетеді.
Құбылтудың бір түрі – кейіптеу. Бұл табиғаттағы жансыз құбылыстарды
кәдімгі тірі кісінің қылығымен жандандыра суреттеу. Мәселен:
Қызғаншақ қыс келді де,
Сілтеді суық қанжарын.
Жас жігіт қыршын өлді де,
Қалдырып кетті жан жарын (Ә.Тәжібаев).
Троптың бір түрі – астарлау, яки символ (грекше symbolon – шартты
белгі) – бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бір
нәрсеге не құбылысқа құпия теліп, жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу,
ойды да ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсіндіру [1,153-155].
Символ дегеніміз балама бейне. Символ көбіне адамның тұрпат-тұлғасын,
кескін-кейпін, сымбатын тұтас алып сипаттайды, егер бір белгі-сипатын ғана
алса, оны бүтінге балап, тұтас бейне орнына алады.
Көркем тұспалдауда (аллегорияда) көпшілік жағдайда айтылып отырған
нәрсенің нақтылы, заттың сипаты, толығынан ауыспалы, туынды мағынаға
бағыныңқы болғандықтан, мүлде әлсіреп, кейде тіпті анық сезілмейтін де кезі
болады [11,161].
Көркем тұспалдау шешендік сөздерде, тақпақ өлеңдерде, толғау,
термелерде жиі кездеседі. Тұспалдап, орағытып айтуға шеберлік әдеби
туындылардың кейбір түрінде тапқырлықты, айтқыштықты байқататын ұтымды әдіс
саналған.
Троптың бір түрі – алмастыру, яки метонимия (грекше metenymia –
қайтадан атау) – өзара шектес заттар мен себептес ұбылыстардың өзара
байланысты ұғымдар мен шартты сөздердің бірінің орнына бірін қолдану.
Үйі мәз боп қой сойды
Сүйіншіге шапқанға (Абай) [7,60].
Айшықты өрнектердің бірі – мегзеу, яғни синекдоха (грекше synecdoche –
арақатынасын ашу) – бүтінің орнына бөлшекті немес керісінше, жалпының
орнына жалқыны немесе керісінше қолдану. Мысалы:
– Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады? (Гоголь)
[1,115].
Троптың бір түрі – кекесін, яғни ирония (грекше eironeia – келемеждеу);
тағы бір түрі – мысқыл, яғни сарказм (грекше sarkasmos – масқаралау).
Бұлардағы күлкінің сырын, сын мен сықақтың сипатын юморлық, сатиралық
образдар жайын байыптағанда аңғаруға болады [6,122].
Көркем сөзді ажарлап, өң беретін айшықты өрнектердің бірі – ұлғайту,
яғни гипербола (ргекше hyperbole – үлкейтілген, қомақты); тағы бір түрі –
кішірейту, яғни литота (грекше litotes – қарапайым, қораш). Бұлар да
суреткердің тілі мен стиліне бірсыпыра бояу қосады, сөздегі суретті
түрлендіреді, өзгеше өрнектер төгеді, сөйтіп, көркем шығарманың оқырманға
әсерін арттыра түседі. Мәселен,
Жоғарғы ерні көк тіреп,
Төменгі ерні жер тіреп... (Қобыланды батыр).
Мұнда жер мен көктің арасы түп-түгел ауызға айналып кеткенде й.
Ал, литота, гиперболаға керісінше, шамадан тыс ұлғайтылған құбылысты
құлдырата кішірейтіп көрсетеді:
От орнындай тұяқтан
Оймақтайы қалыпты.
Бір құшақтай ұйрықтан
Бір уыстай қалыпты (Ер Тарғын).
Сонымен қатар, ұлғайту мен кішірейту біздің қазіргі әдебиетімізде
көбіне әсірелеу, яғни гротекс (французша grotesque – оқыс, оқшау, оспадар)
түрінде көрінетінін атап өткен жөн [1,120].
Әдеби тілді ажарлаумен, құбылтумен қатар, керек жағдайда айшықтай білу
де үлкен өнер. Әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерліліг үшін де әжептәуір
қажет тәсіл – айшықтау, яғни фигура (латынша fiqura – келбет, бейне) – сөз
тіркестерін дағдылы синтаксистік қалыптан гөрі өзгешелеу ораммен, айрықша
айшықпен құру. Мұндағы мақсат біреу-ақ – сөздерге ерекше леп, екпін, тыныс
беру, сөйтіп, олардың оқырманға әсерін күшейту [1,130].
Арнау – адамның, яғни адамның өзіне не өзгеге, кейде тіпті жалпы жұртқа
арнайы тіл қатуы, көпшілікке қайырыла сөйлеуі, олармен іштеу кеңесуі.
Арнауды А.Байтұрсынов әуелден 3 түрге бөлген: жарлай арнау, сұрай арнау
және зарлай арнау [4,81].
Сұрай арнауда қойылған сұрақтарға автор жауап күтпейді, өйткені олар
ешқандай жауапсыз-ақ түсінікті, арнаудың өн бойында өзінен-өзі анықталып
жатуын шешендік, яғни риторикалық айшық деп атайды.
Азаны шертер іштегі,
Аузыма сөз түспеді.
Жұртым-ау, кімнен айрылдық?
Ажал сұм неткен күшті еді (Д.Әбілов).
Айшықтаудың бір түрі – қайталау – сөз әсерін күшейте отырып, оқырман
назарын айрықша аударғысы келген нәрсені не құбылысты бірнеше мәрте
қайталап, айтар ойды, ұқтырар сөзді ұғымға мұқият сіңіре түсу. Қайталаудың
жай қайталау, еспе қайталау, әдепкі қайталау (яғни анафора), кезекті
қайталау (эпифора) сияқты үлгілері бар.
Айшықтаудың енді бір түрі – шендестіру, яғни антитеза (грекше
antithesis – қарама-қарсылық) – бір-біріне кереғар құбылыстарды, мән-
мағынасы әр тарап ұғымдарды, түр-түсі әр бөлек нәрселерді өзара бетпе-бет
қою арқылы бұлардан мүлде басқа бір құбылыстың, ұғымның, нәрсенің суретін,
сыр-сипатын, кескін-кейпін анықтау, аңғару, елестету.
Айшықтаудың бір түрі – дамыту, градация (латынша gradatio – бірден-
бірге күшейе беру) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды,
алдыңғы ұқбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата түсу. Градацияны
Ысмайыловтың үлгісімен 2-ге бөлуге болады: түйдектету, баяулату.
Айшықты өрнектердің бірі – сөз орнын ауыстыру, яғни инверсия –
прозалық, әсіресе поэзиялық шығармаларда сөздердің әдеттегі грамматикалық
түзілу тәртібінен тыс, орындарын ауыстырып, өзгеше тіркестер құру.
Сөз тастап кету, яғни эллипсис – сөйлем ішінде немесе өлең шумағында
атап айтпаса да түсінікті кейбір сөздерді әдей жазбай тастап кету.
Ақ көбігің ... ақ жүзің
Айнам еді бір қарар.
Өткізген түнім ... күндізім...
Тербетер мені ой салар (Ж.Саин).
Айшықтаудың бір түрі егіздеу, яғни параллелизм – екі ұдай нәрсені,
құбылысты, ұғымды, сезімді қатар қойып, жұптап суреттеу.
Адамның көңіл-күйін табиғат құбылыстарымен салыстыра егіздеу –
психологиялық параллелизм үлгісі. Мысалы:
Көк ала бұлт сөгіліп
Күн жауады кей шақта.
Өне бойың егіліп,
Жас ағады аулақта (Абай).
Ақиқат өмірдегі жақсылық пен жамандықты, солар қалыптастырған екі түрлі
бітімді, осылардан туған адамдық пен зұлымдық туралы екі түрлі ұғымды
жарыстыра егіздеу – синтаксистік параллелизм үлгісі дейміз.

Шығарма көркемдігін белгілейтін шарттар дәлдік, ықшамдылық,
қарапайымдылық, сөз сұлулығы, олар арқылы берілетін мазмұн байлығы, мағына
тереңдігі болса, жазушы, ақын өресін танытар меже-тіл байлығы, сөз
төркінін, оның күллі қырын терең де нәзік түсіне білуі, оны өз
шығармашылығында орнын тауып қолдана білуі.
Қара сөзден өлеңнің айырмасы – оның көркемдік белгілерінің, айшықты
теңеулерінің, ішкі қуаты мен сыртқы тегеурін үйлесімділігі мен ойлылығының,
ырғақ пен ұйқастың жинақтығында дейтін болсақ, осы сапалық әр ақынның өз
бойындағы талантының шама-шарқына қарай көрінеді.
Осы роайда Қуандық Шаңғытбаев лирикасының да өзіндік көркемдік
құралдары, бейнелеуіш белгілері, айшықты өрнектері, басқаға ұқсамайтын
байыпты қолтаңбасы болуы заңды.
Бұл ерекшеліктер ақынның жан дүниесінің саралығы мен әлеуметтік
көзқарасының даралығына, әлеуметтік дүниетанымының деңгейіне де байланысты.
Біздің түсінігімізше, Қуандық ақын лирикасына өзінен бұрын өмір сүрген
ортаның және қоғамның да, қанаттас, қаламдас тұстастарының да әсері болмай
қалған жоқ.
Дей тұрсақ та, Қуандық Шаңғытбаевтың өзіндік стилі, өзгеге ұстаз
боларлық үлгі-өнегесі, дәстүрі, өлең өрнегі қалыптасқан.
Нұр қағып күннің көзінен,
Жұлдызды жұлқып үздім мен,
Қазақтың гауһар сөзінен
Өлеңнің зерін ыздым мен,-
дейтін Қуандық өзеуреп жазбайды, шөпті де, шөңгені де өлең қылып жаза
бермейді. Ақын бірде асқардан аунап құласа, кейде бұлақ та болып
бұрқайды. Таңдамалың жоқ десе, оған таңдайын қағып өкінбейді. Ақиқат
асыл сөз үшін, қолқасына қалам батырған, от жырдың оқшау жолы үшін,
таңдарды талып атырған ақын өлеңмен оңайдай ойнамай, ойланып сөйлейді.
Сондықтан кейде солбырап, тасада қалдым байқалмай,-дейді ақын Қуандық
[8,63-64].
Қуандық – көзіне шалынғанның бәріне бірдей шабытын шайқап, шаң
көтеретін өрекпі мінезден аулақ ада жүректі, өлең қадірін қымбат бағалйтын
қарымды қаламгердің бірі. Ол эсте іркілмей, еркін сілтеп, есіле сөйлегенде
жібектей жырлар өзі жосылып төгілетін сияқты болады [12].
Ал, осыны қолдана білудің не түрлі қыры мен сыры, не түрлі амал-
тәсілдері бар. Бұл амал-тәсілдердің суреткер шығармашылығында жүйелі және
тұрақты қолданылған түрлерінің жиынтығы оның өзіндік ерекшелігін, стилін
құрайды. Сол ерекшеліктерді ашу – біздің жұмысымыздың осы бөлімінің де
межесі.
Көңілдегі көрікті ойды сол көркем қалпында айтып берудің бірден-бір
қажет шарты – сол ойды ықшам, дәл-көркем, қарапайым етіп жеткізе алап сөз
табу. Бұл бір жағынан, суреткердің сөз қолдана білу шеберлігіне байланысты
болса, екінші жағынан, тіл байлығына, сөз қорына байланысты. Ал суреткердің
бұл қырынан танудың бір жолы – оның сөз қолданудағы амал-тәсілдерін
анықтау. Ол үшін, алдымен, ақынның синонимдер өдкесін бір барлап алу қажет.
Мұның өзі ақынның тілді білу өресін де, суреткерлік қабілет өресін де
танытар жайт деп ұғамыз.
Қаламгердің бір мағынаның немес бір ұғымның айтылуын басқа-басқа болып
келетін бірнеше сөзбен беруіне мүмкіндігі бар. Біздің ұлттық тілімізде,
сөздік қорымызда жатқан осындай сөздер мол. Бұларды синоним сөздер немесе
мәндес сөздер деп атайды. Мұның өзі – байлық. Өйткені мейлінше таңда,
мейлінше талға, сөйт те қалағаныңды қолдан.
Ақын Қуандық өз поэзиясында синоним сөздерді тасып-төгілтіп, төпеп
қолданады. Синонимдерді бұлай қолдану қаламгерімізде өте жиі ұшырайды.
Мысалға шайырдың Бір жігіттерге ренжігенде деген өлеңін тұтас келтірейік:
Қой, Қуандық, түйілме де күйінбе;
Сілкі зіл, кеудені кер, иілме;
Өмір-кермек, құл бермек құрдымға,
Сарқылмай сол кінә, күнә күйінде.
Жалған құшақ, жады күлкі – айналаң.
Қоң етіне мейірімсіз қайда адам?
Биік мүдде, ақ арманды тәрк еткен
Ойларында басқа не бар пайдадан?
Тірлік сол ғой: алдау, арбау, арпалыс;
Келмейді ме келіспей-ақ алты арыс?
Сұрқия мен сұм көрдім деп шайлықпа,
Алдыңда көп бұлтарыс пен қалтарыс.
Тоятты жұрт жүр ғой балап барға азын;
Азырқанба, тос ырзықтың ар жағын.
Досқа қайта жаныңды аш та айқара,
Абай аттап, ақырын бас, дарбазым [3,61].
Бұл жолдардағы түйілме, күйінбе, сілкі, кер, иілме,
сарқылма, мүдде, арман, алдау, арбау, арпалысу, сұрқия,
сұм, бұлтарыс, қалтарыс, абайлап аттау, ақырын басу дегендердің
бәрі – өлеңге қатысты айтылған мағынасы бір, мәндес сөздер, синонимдер.
Және де Маужырап тұрған мизам-ды... атты өлеңінде:
Жалғыз болсам, жер-жаһанға сыймаймын,
Ұласады ұлан күдік, мұң, қайғым [3,9],-делінген.
Немесе:
Тауға, нуға, дүзге, суға, қырға бай
Тұр дүрілдеп нұрлы мекен, дүр маңай [3,27]
(Абай мен Шоқан ескерткіштері алдында).
Енді мен елден, жерден аулақтамын,
Таусылған сор қасқамын дәулет, бағым [3,34]
(Қаңбақ).
Зар иісті запран ектім бағыма,
Күл де септім, көң де төктім жамына;
Ектім,септім, төктім, бірақ кепті ол
Ерегестім, еге бердім тағы да [3,42]
(Запран).
Аңшы болса бұл уақытта үйінде
Жарамайтын тамаққа да, киімге.
Бөлтіріктің іреп жатты терісін.
Аяу, мейір – ойында жоқ бірі де [3,50]
(Ана – Бөрі – Ана).
Жүрмеп пе ек кеше ғана күліп-ойнап,
Ән, әзіл, мәжіре, мәзір – қызып ойнақ?..
...Зу етіп өтті, қайран, жылмаң өмір,
Тарбаңдай тулап, тасып тынған өмір [3,56]
(Кеңсайдағы бір ой).
Күрес, еңбек, күйреу, жеңбек өлгенше...
Әй өмір-ай, өзгермейді-ау законың [3,67]
(Құмырсқа).
Биік едім, терең едім, кең едім
Құз да мен ем, дүз де мен ем, көл де едім [3,59]
(Ұлар).
Күмән, күдік, күрсін кернеп
Алмағайып келді-ау кезең [3,67]
(Қайғылы ғазел).
Не деп бірақ сайрар екем, - білмеймін:
Ауылым бүгін – күңгір, күрсін, зар, уайым [3,88]
(Тілді безеп, айтар сөзді сайладым).
Ату мен айдау, аһ ұру, аштық пен соғыс, алапат –
Сол болды сүйген көсемнен қазағым көрген марапат [3,91]
(Біз ғана едік, біз ғана, басқаға бастан жат болдық).
Келді ғайбат, алдау, арбау, көлгірсу;
Азды, тозды ар-ұят пен бағи зат [3,101]
(Тіршілікті тұтқын етті табиғат).
Ақынның сөз қорының молдығын, оның айтайын деген ойын қысылмай-
қымтырылмай, сөз жұтаңдығына ұшырамай, мол, қолы ашық жомартша қолданатынын
танытса, екіншіден, Қуандық ақын көп біледі екенмін деп басқа-көзге төпеп
үйе бермейді, белгілі мақсатқа бағындырып қолданады [10].
Ой айқындығы, сөз көркемдігі, дәлдік мақсатында сөз қолданудың өте жиі
кездесетін тәсілдерінің бірі – антоним сөздер. Бұлар халық ауыз әдебиетінен
бастап, бүгінгі профессионал әдебиетіміздің өзінде де өте мол ұшырайды.
Себебі антоним сөздер бір-біріне қарама-қарсы мағынада, контраст күйінде
алынып қолданылады. Ал мұның өзі қандай ой, нендей құбылысты болса да,
оқшаулап, даралап, бадырайта айқындап тұратыны сөзсіз.
Қуандық Шаңғытбаевтың да антоним сөздерді көп қолданғаны байқалады.
Оның себебі ақын, әлгі айтқанымыздай, ой айқындығын қамтамасыз етумен қатар
эмоциялық әсер мақсатын көздеген. Біздің бұл пікірімізді ақынның:
Түңілу, үміт, сор, бағым
Басыма түсті безбеннің,
Қуандым және сорладым
Сергелдең болдым, сенделдім [3,81]
(Маужырап тұрған мизам-ды...).
Кел, бауырым! Кеште де кел, ерте кел,
Мысығың мен итің болса, ерте кел [3,9].
Үйме-жүйме үлкенің кел, кішің кел,
Шара толы шарап та мол, ішіңдер! [3,9]
(Неге маған келмейсіңдер, достарым?).
Сорым ба әлде бақ па бұл?
Бақ па бұл әлде сорым ба? [3,11]
(Өртеді мені жанарың).
Керуеншіміз, қанағат кем, арман көп;
Тең басында теңселеді Бар мен Жоқ.
Жекпе-жекте жеңісе алмай айқасқан
Ол – от пен мұз, ол – қант пен тұз, қар мен көк [3,23].
Көк құс көкте, арман алыс, жол қашық.
Тарбаңдаймыз тағдыр тосқан белді асып [3,23]
(Керуеншіміз, қанағат кем, арман көп).
Таба, мадақ, дәреже, даңқ –
Табиғаттың еншісі;
Құт пен құзыр, бәле мен бақ –
Табиғаттың еншісі;
Дос пен дұшпан, таныс пен жат –
Табиғаттың еншісі;
Алғыс, қарғыс, айбат, ғайбат –
Табиғаттың еншісі [3,39]
(Ежелгі Коре ақыны Сен Сирольді оқығанда келген ой).
Бишара-ау, мол ғой сенде адал мейір
Сүйініш, күйініш пен самал бейіл [3,62].
Сипалап орнымызды қалар талай
Арам дос, адал дұшпан, туысың да [3,62]
(Бір күні жүрегім қысылып бара жатқанда)
және де: ең алғашқы қатпар үміт, қат күдік, Күлгенде кел, күңіренгенде
тағы кел, Жайнаған жұлдыз, күн мен ай, Жылап боп күлген сың артық,
Ылай көңіл ызғары мен ыстығын деген сияқты көптеген өлең жолдары
дәлелдейді. Тіпті осы өлең үзінділерін алып отырған, жұмысқа арқау боп
отырған ақынның Махаббат пен ғадауат деп аталатын кітабының атының өзі –
тұрған антоним.
Қуандық Шаңғытбаевтың сөз қорындағы алтын сандық – архаизм – бүгінде
ескіріп, әдеттегі қолданудан шығып бара жатқан, әсіресе, ауызекі
сөйлеулерде көп айтыла бермейтін көне сөздер.
Ата нәкес, жықты ма жау туымды? –
Деп ызаға қайран ханың буынды [3,72]
(Сабалақ).
Зифа бойың зеңгір көкпен таласып
Ертең сен де үйіріңді табасың [3,82]
(Мағжан қайың).
Жалындырмай, күн бер маған, құдайым;
Сағындырма шуағыңды ылайым.
Бұғаулаған әділет пен шындықты
Айла, шарғы, доққа қалай шыдайын! [3,94]
(О, Тәңірім! деп ағашқа кеп жүгінді).
Тірі жанға дәт бермейді дәркүмән,
Мені қымтап алды бір кез зар, тұман.
Ойламап ем ол оянып, ол ұйықтап
Күлемін деп күллі дерттің артынан [3,12]
(Тірі жанға дәт бермейді дәркүмән).
Осындағы дәркүмән – көбіміздің тілімізге орала бермейтін төркіні көне
сөз. Дәркүмән – дертті күмән деген мағына беретін көне түркі сөзі екен
[8,68].
Қуандық Шаңғытбаев көнерген сөздермен қатар жаңа сөзді (неологизмді)
шығармашылығында қисынын тауып, ұнамын келтіре біліп, өз поэзиясының
көркемдік келбетін аша түскен. Мәселен:
Бер серпіп кешкі аспанды,
Шамшырақ шашу шашырап,
Машықты салют басталды.
Балалар – шуы – атырап [3,7]
(Салют күнгі жаңбыр).
Немесе: Ақ Сарайдың алдындағы сәнді алаң;
Айдын асфальт: ағыл-тегіл айналам;
Айқыш-ұйқыш авто, мото ағылған,
Қым-қуыт кез қызық өмір қайнаған [3,57]
(Құмырсқа).
Ақын осындай көптеген айшықты өрнектермен қатар, тұрақты сөз
тіркестерін де (фразеологизм) өте шебер қолданады.
Кінәң үшін тиіспецмін, білесің;
Кет дегем жоқ, неге сонша үресің!
Кірін іздеп тырнағының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz