Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ4

І ТАРАУ. СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ7

1. 1. Болымды және болымсыз сөйлемдер7

1. 2. Хабарлы сөйлем8

1. 3. Сұраулы сөйлем9

1. 4. Лепті сөйлем11

1. 5. Бұйрықты сөйлем13

1. 6. Жалаң және жайылма сөйлемдер14

ІІ ТАРАУ. СӨЙЛЕМ МҮШЕЛЕРІ16

2. 1. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері17

Баяндауыш20

ҚОРЫТЫНДЫ57

Пайдаланылған әдебиеттер59

КІРІСПЕ

Тіл - қарым-қатынас жасаудың құралы да, сөйлем - сол қарым-қатынас жасауда кісінің ойын айтудың негізгі формасы. Синтаксис - «Қазіргі қазақ тілі» курсының күрделі саласы. Ол - грамматиканың морфология сынды саласының бірі. Синтаксис сөзі, негізінен, грек тілінен алынған, сөз бен сөздің бірігуі, қосылуы деген ұғымды білдіреді. Яғни сөйлем құраудың жүйесін және тілдің синтаксистік құрылысын зерттейтін ғылым деген мағынада қолданылады. Демек, синтаксис - сөздердің бір-бірімен байланысу амалдарын, сөз тіркесін, сөйлемді құру тәсілдерін, олардың құрамы мен түрлерін, сөйлемдердің ірі бірліктерге бірігу тәсілдері мен түрлерін, ондағы жеке сөйлемдердің бір-бірімен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым.

Сөйлем - синтаксис ғылымының басты зерттеу нысаны. Қазақ тіл білімінде синтаксистің объектісі сөз тіркесі мен сөйлем деп берілгенмен, сөйлемнің орны қай жағынан болса да ерекше. Біріншіден, адам ойын жарыққа шығарады, екіншіден, адамдар арасындағы тілдік қарым-қатынасты жүзеге асырады және тілдік жүйедегі негізгі мақсаттарды орындайтын бірден-бір тілдік бірлік болып табылады. Тек сөйлем арқылы ғана біз ойымызды екінші біреуге жеткізіп, өзара пікірлесе аламыз.

Сөйлем синтаксисі өз ішінде екі үлкен салаға, яғни жай сөйлем синтаксисі және құрмалас сөйлем синтаксисі болып бөлінеді. Олардың әрқайсысының өз зерттеу нысаны бар. Әдетте, жай сөйлем синтаксисінің негізгі зерттеу нысаны - жай сөйлемдер, оның құралу тәсілдері, негізгі мағыналық-құрылымдық белгілері, жай сөйлемдердің топтастырылу принципі мен жүйесі, сөйлемнің әр қилы мағыналық-грамматикалық, құрылымдық типтері, сөйлем мүшелерінің қызметі мен жасалуы болса, құрмалас сөйлем синтаксисінің негізгі нысаны жеке ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, бір бүтінге айналып, сол арқылы күрделі ойды білдіруі болып табылады. Яғни құрмалас сөйлем синтаксисі жеке ұғымдарды білдіретін жай сөйлемдердің өзара тіркесіп, құрмалас сөйлем болуын және құрмалас сөйлемнің түрлерін, жасалу жолдарын тексереді. Оның сала-салаға бөлінуі тілдің синтаксистік құрылысының дара деңгейлерінің ыңғайына, оларды зерттеп тану мақсатына бағынышты. Жай пікірді хабарлау үшін жұмсалатын сөйлемді құрайтын грамматикалық амалдарды, олардың өзара қарым-қатынасын, сөйлемдердің грамматикалық түрлерін жай сөйлем синтаксисі зерттейді.

Алайда, синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем құрылысын ғана зерттеумен шектелмейтінін уақыт көрсетіп отыр. Қазіргі кезде синтаксис ғылымы өзінің ауқымын зерттейтін нысаны тұрғысынан ғана емес, сол нысандарға қатысты арнайы проблемалар мен зерттеу әдістері тұрғысынан да кеңейткен.

Қазақ тіл білімінде синтаксистік зерттелуі жүйелі дамып келеді, ірі зерттеулермен, жаңа бағыттармен толығып отыр. А. Байтұрсынов [1], Қ. Жұбанов [2], С. Аманжолов [3], Н. Сауранбаев [4], М. Балақаев [5], Т. Қордабаев [6], А. Әбілқаев [7], Т. Сайрамбаев [8], Р. Әмір [9] сынды ғалымдар қазақ тілі синтаксис ғылымының дамуына үлестерін қосты.

Қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев т. б. еңбектерінде синтаксистің нысаны сөйлем деп қарастырса, профессор М. Балақаев оған сөз тіркесін қосады. Сонымен синтаксистің нысаны сөз тіркесі мен сөйлем деп танылып келгенімен профессор Қ. Есенов оған күрделенген сөйлемдерді, Б. Шалабай мәтін мәселелерін қосуды ұсынады. А. Ж. Жақыпов синтаксистің объектісі сөз тіркесінен басталып, сөйлеммен шектелмеуі тиіс деп, синтаксистің нысаны - сөз формаларынан басталуы тиіс дейді [10, 111] .

Мысалы, орыс ғалымы Н. Ю. Шведова қазіргі синтаксистің зерттеуге тиіс нысандары ретінде негізгі бес түрлі тілдік бірлікті атайды: сөз тұлғасы, сөз тіркесі, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, мәтін. Бұл қай жағынан да өзара тығыз байланысты болып, күрделі бір синтаксистік тұтастықты құрайды деп есептейді [11, 129] .

Орыс тіл білімінің өзінде синтаксистің нысаны туралы түрліше көзқарастар қалыптасқан. Олар, негізінен, үш түрлі.

Біріншіден, синтаксис тек сөйлемді және оның бөліктерін, сөйлем мүшелерін ғана зерттейді, яғни синтаксис ғылымы тек сөйлемді ғана зерттейді, сөз тіркесі еленбейді.

Екіншіден, синтаксис тек сөз тіркесін зерттейді дейтін пікір. Бұл көзқарасты Ф. Ф. Фортунатов, В. К. Поржезинский, Н. М. Петерсон, А. М. Пешковский қолдайды. Бұл ғылымдар сөйлем сөз тіркесінің бір тармағы дейді.

Үшіншіден, В. В. Виноградов, Ю. Шведова, В. Н. Ярцева, О. С. Ахманова сияқты ғалымдар синтаксистің объектісі ретінде сөз тіркесі мен сөйлемді қатар қарастырады.

Қазақ тіл білімінде сөйлемнің көп қырлы, жан-жақты категория екендігі белгілі. Біріншіден, сөйлемнен сөз тіркесін де, сөйлем мүшелерін де, сөйлемнің оқшау сөздерін де, бірыңғай мүшелерін де, айқындауыштарын да көре аламыз. Яғни сөйлемнің өн бойынан бірнеше тілдік категорияларды көреміз. Екіншіден, жай сөйлем - құрмалас сөйлемді құраудың да негізгі материалы. Құрмалас сөйлемдердің өзі осы жай сөйлем негізінде құрала келіп, күрделі ойды білдіреді.

Сөйлем қарым-қатынас құралы бола отырып, өзіндік белгілерімен нақтыланады, атап айтқанда: предикативтілік, коммуникативтілік, модальділік және интонация. Сөйлемнің негізгі белгісі туралы профессор Т. Сайрамбаев: «Сөйлемнің негізгі белгісі ретінде предикативтілік, модальділік және интонация - үшеуін бірдей жатқызу орынды деп санаймыз. Предикативтілікке көбінесе тек жақ, шақ мәселесі ғана негіз болады. Осы екеуі арқылы предикативтілік жүзеге аса алады», - дейді [8, 6] . Ал модальділік белгісі ретінде - рай категориясы, модаль сөздер мен демеуліктер және интонацияны көрсетеді. Профессор Р. С. Әмір «Жай сөйлемдер синтаксисі» деген еңбегінде: «Бастауыш - баяндауыштың қатынасы - предикативтілік қатынас деп аталады. Тілде осы предикативтілік қатынасқа үзбей ілесіп жүретін грамматикалық формалар болады. Олар бірнешеу және бәрі де көбінесе баяндауыш мүшенің құрамынан орын алады», - деп шақтық формасы мен жақтық формасына қоса рай формасын да көрсеткен [9, 56] . Предикативтіліктің сөйлемге тән басты белгі екенін көрсетеді.

Диплом жұмысымыздың мақсаты - қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем синтаксисіне тоқталып, сөйлемнің мазмұны мен грамматикалық белгілерін нақты мысалдармен көрсету. Аталған дипломдық жұмысымызда сөйлем түрлерін нақты мысалдармен көрсетіп, талдадық. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

Қазақ тілі құрылымы, қолданылу аясы және міндет-мақсатына қарай түрлі-түрлі болып келетін сөйлем түрлеріне (типтеріне) бай. Олар өздерінің мазмұны мен грамматикалық белгілеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:

  1. Сөйлемдегі айтылған ойдың объективті шындыққа қарым-қатынасына қарай сөйлемдер болымды және болымсыз болып бөлінеді. Олар объективті - субъективті - модальды мән, реалды және ирреальді, болжау, талап, күмән, сенім, мүмкіндік, мүмкін емес сияқты толып жатқан мағыналық реңктерді қамтиды.
  2. Сөйлемдер коммуникативтік мақсатына және оған тәуелді интонациясына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті болып бөлінеді.
  3. Сөйлем құрамындағы предикативті единицалардың санына қарай (біреу, не одан көп) сөйлемдер жай және құрмалас болып бөлінеді.
  4. Сөйлемде сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелердің сөйлем құрылымына қатысуына байланысты екі топқа бөлінеді: екі құрамды сөйлемдер, бір құрамды сөйлемдер.
  5. Сөйлем құрамында тұрлаусыз мүшелердің болу, болмауына қарай жай сөйлемдер жалаң және жайылма болады.
  6. Сөйлем құрамында ойға қажетті синтаксистік позициялардың түгел қатысқан қатыспағанына қарай сөйлемдер толымды және толымсыз деп бөлінеді.

Сөйлем түрлерінің жасалуында интонацияның ролі үлкен. Интонация әрі грамматикалық, әрі стилистикалық функция атқарады. Интонация арқылы сөйлем аяқталады. Сөйлемдер синтаксистік мәні бар синтагмаларға интонация арқылы бөлшектенеді. Сөздердің эмоционалды мәні, көңіл-күйлері, әр түрлі модальдік мағына реңктері интонация арқылы беріледі. Сөздердің орын тәртібі тәсіліне де интонация тәсілі ұштасып жатады. Сөздердің мазмұнын, синтаксистік қызметін айқындауда олар ерекше орын алады. Интонация - сөйлемнің органикалық элементі.

1. 1. Болымды және болымсыз сөйлемдер

Сөйлемдерді болымды, болымсыз деп бөлу объективті болмыстың, хабардың мазмұнына байланысты. Сөйлемнің болымды, болымсыз белгісі - болмыс пен ақиқат шындықтың қарым-қатынасының көрінісі. Мысалы, Бүгін сабақ болады, бүгін сабақ болмайды дегендер шындық хабарлар. Бірақ екеуінде екі түрлі ситуация айтылады. Бірінде істің болатындығы, екіншісінде оның болмайтындығы хабарланады. Болымды пікір затқа белгілі бір сапаға тән, қатысы екені жөнінде қалыптасады. Мысалы: Платина - металл. Болымсыз пікір затқа белгілі бір сапаға тән емес, қатысты емес екені жөнінде қалыптасады. Ағаш металл емес.

Тілдегі барлық сөйлемдер осы сияқты екі түрлі синтаксистік құрылымның бірінде болады. Болымсыз сөйлем болымды сөйлем негізінде жасалатын, соның қарама-қарсы мағынасын білдіретін сөйлем, яғни сөйлемнің объективті модальділік менінің қосымша түрі. Мысалы, Мен киноға барамын, мен киноға бармаймын деген сөйлемдердің екеуінде де реалды шындық фактылармен бірге реальді модальділік бар. Ойымызды болымсыз түрде айтып жеткізу шындық болмысты жоққа шығару емес, ол - ерекше стильдік мақсат. Олар ойымызға әртүрлі өң беріп, оны түрлендіріп, эмоционалды, эксперессивті етіп жеткізу тәсілі ретінде қолданылады.

Болымсыз сөйлемдердің грамматикалық форма ерекшеліктері төмендегідей:

1. Баяндауыштары ма-ме тұлғалы болымсыз етістіктерден жасалады: Маған өкпең өтпейді (С. М. ) Мәселен, мені ала ма? (М. И. ) . Халықтық шығармаларды оқудан, көруден еш жалықпаймын (Ғ. Мұст. ) . Оныңды мен білмеймін, ішіме симаған соң айттым (Ғ. М. ) .

2. Есім, есімшеден болған баяндауыш құрамына емес көмекші етістігі қосылу арқылы: Сөзі үйлескені болмаса, іш ақтарып сырласқан емес (Ғ. Мұст. ) . Мынау көрген - көрген емес (М. Ә. ) .

3. Жоқ сөзі баяндауыш қызметінде не баяндауыш құрамында айтылу арқылы: Абай өнерім бар деп айта алған жоқ (М. Ә. ) . Мен осы апам берген кітапты тастағаным жоқ (С. Е. ) .

4. Сыз-сіз қосымшалары арқылы жасалған туынды сын есімдер баяндауыш қызметінде жұмсалады: Биылғы қыс сықырлаған аязсыз, құтырынған борансыз (А. М. ) . Түсі ақ сұр келген, кесек мұрынды, беті ажарсыз.

5. Кейде сөйлемдердің тұлғасы болымды болғанымен, мазмұны болымсыз болады: Бұл үй бұрынғысындай ағайын-туған, ел-жұртпен араласудан да қалды (Ғ. М. ) .

6. Кейбір болымсыз тұлғадағы сөйлемдер болымды мағына береді: Елге кетпей болмайды (М. Ә. ) . Елге кетемін деген мағынада.

Сөйлемдердің бұлай қолданылуының стильдік мәні өте зор. Мұндай жағдайда сөйлемдер тұжырым, күмән, қорқу, таңдану сияқты толып жатқан стильдік реңктерді қамтып, эмоционалды, экспрессивті болады.

1. 2. Хабарлы сөйлем

Хабарлы сөйлемдер - ақиқат-шындық фактыларын, құбылыс, оқиға не зат туралы пікірлерді хабарлау мақсатында айтылатын сөйлемдер. Мазмұны, құрылымы және функциясы жағынан әр түрлі болады. Құрамы жағынан жалаң және жайылма, құрылысы жағынан бір құрамды және екі құрамды, жай сөйлем және құрмалас болып бөлінеді. Хабарлы сөйлемнің құрылысы оның мазмұнына байланысты болады. Баяндауыштардың грамматикалық ерекшеліктеріне қарай қалаулы, болжалды, етістікті, есімді, болымды, болымсыз болып бөлінеді. «Предикативтілік - синтаксистің негізгі единицасы болып табылатын сөйлемнің функционалдық ерекшелігін танытатын синтаксистік категориясы; хабарды шындыққа қатысты етіп, сол арқылы сөйлемді единица ретінде қалыптастыратын сөйлемнің ең басты, шешуші белгісі, синтаксистің құзырына енетін барлық единицаларға сөйлемді қарама-қарсы қойып, зерттеуге арналған категория» [12, 392] .

Жүргіншілер жақындап қалды (Ғ. Мұст. ) . Ертең сабақ басталатын болар. Сол жаққа барып қайтшы (Ғ. М. ) . Бір минут тоқтатуға болмады (С. Е. ) . Ертең сабақ басталатын болар. (Ғ. М. ) .

1. 3. Сұраулы сөйлем

Сұраулы сөйлем бірдеңе жайында біреуден ақпарат алу мақсатында жұмсалатын сөйлем. Ол сөйлеушінің тыңдаушыдан жауап алу, оның ойын білу мақсатына құралып, коммуникативті қызметі жағынан екінші бір хабардың тууын қажет ететін сөйлем.

- Мұқатай ауылының қонысын білесің ғой?

- Әбден білемін (Ғ. Мұст. )

Сұраулы сөйлем жасайтын грамматикалық амалдар - сұраулық интонация, сұрау есімдіктері, сұраулық шылаулар, кейбір көмекші етістіктер. Сұраулы сөйлемдердің бәрі де сұраулық интонациямен айтылады. Онда дауыс сөйлем соңында күшейе түсіп барып тынады: Тегі мұның сөзін сөйлеп, есіркейтін тірі жан бар ма, сірә да, Әй, жоқ қой! (І. Ш. ) .

1. Кейде хабарлы сөйлем лексикалық құрамы мен құрылымын өзгертпей-ақ, интонация арқылы сұраулы сөйлемге айнала береді. Мұндай жағдайда интонация шұғыл күшейіп, ой екпіні түсетін сөз басым әуенмен айтылады: Сіз де келеді екенсіз? Мүмкін олар ертең келер?

- Осы бала өлең шығаратын болыпты деп естідім.

- Қойшы?! (С. М. )

2. Сұраулы сөйлемдер ма-ме, па-пе, ба-бе сұраулық шылаулары арқылы жасалады: Қағаз да бергізбейсің бе? (С. М. ) . Сабақ басталды ма?

3. Сұрау есімдіктері арқылы жасалады. Сен мұнда қашан келдің? Қай ауылдың баласысың?

4. Баяндауыш құрамында көмекші етістіктер қосылып, сұраулық интонациямен айтылу арқылы жасалады: Борашты көріп жүретін шығарсың? (Ғ. М. ) . Ол ертең келетін болар?

5. Баяндауыш құрамына ау, ғой шылаулары, ше демеуліктері қатысу арқылы да жасалады:

- Мен ертең жиналысқа келемін.

- Сен, өзің ше?

Ертең сенбілікке бәрің де жиналасыңдар ғой, ә?

Сұраулы сөйлемдер сөйлеу ситуациясына байланысты әртүрлі мазмұнда жұмсалады:

1. Ашық сұрақты білдіретін сөйлем. Ойды, не бірдененің жайын, заттың, құбылыстың белгісін білу үшін айтылады, сұрақ ашық қойылады.

- Аты-жөнің кім еді сенің? (С. М. ) . Апаң келді ме? (Г. С. ) . Бұл жайында не білесің? (Ғ. М. )

2. Қарсы сұрақты білдіретін сөйлем. Мұндай сөйлемдерде сұраққа сұрақ қою түрінде жауап беріледі. Сөйлем мазмұны қарсы сұрақ мәнін қамтиды.

- Ертең жиналыста сөйлейсің бе?

- Сөйлемегенде қайтем?

3. Риторикалық сұрақ. Сөйлем эмоционалды, әсерлі болу үшінсөйлеуші ойын сұрақ формалы сөйлеммен жеткізеді. Тыңдаушыдан жауп алудан көрі құптату, мойындату мәні басым болады. Мұндай сөйлемдер көркем әдебиетте жиі қолданылады. Ойды мәнерлеудегі стильдік тәсілдердің бірі десе де болады.

Күнде жақсы бола ма,

Бір қилығы жаққанға? (Абай)

4. Күмәнді білдіретін сөйлем. Бұл сөйлемдерде сөйлеуші бірдеңе жөнінде мағлұмат алумен қатар, ойына, іс-әрекетіне күмәнданғандығын білдіріп, тыңдаушысынан жауапты ақыл-кеңес түрінде күтетін мағынада қолданады. Жиналыста мен де сөйлесем бе екен? Студенттер шулап кетпес пе екен?

5. Таңырқаулы сұрақты білдіретін сөйлем. Мұнда сөйлем мазмұнында таңдану, таңырқау, өкініш, сұйсіну сияқты толып жатқан эмоциональды реңк болады. Соған орай бұлар әрі сұраулы, әрі лептілік интонациясымен айтылады. Жазуда оларға леп, сұрау белгілері бірге қатар қойылады:

- Ойпырай, қалай өзгерген? (Таңдана сұрау)

- Шіркін, Көкшетау! Дүниеде сендей де жер бар ма екен?! (Сүйсіну мәніндегі сұрақ)

Тілімізде сұраулы сөйлем формасы тыңдаушыны бір іске қосу, жұмсау үшін де пайдаланылады. Үй құрығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Б. М. ) . Мұндай сөйлемдер түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер деп аталады. Іске жұмсаудың бұйрықты форма арқылы айтылмай, сұраулы сөйлем формасында айтылуы коммуникативтік мақсатқа байланысты. Ол мақсат - тілекті, іске жұмсауды ізетпен, сыпайы білдіру. Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемнің баяндауышы келер шақ етістік пен ма, ме шылауларының бірігуінен жұмсалады: аласың ба, келесің бе. Тұрткі сұрақты білдіретін сөйлемге баяндауыш болып етістік сөз болымды, болымсыз түрінде қатысып, бір-ақ синтаксистік мағына білдіреді: Қалаға барып келесің бе? - Қалаға барып келмейсің бе?

Бұл жағдай альтернативтік сұрақ ішіндегі етістіктің бұл екі формасының синтаксистік мағына мағынан теңелу дәстүрінің көрінісі: Сол кісі жолықпады ма - Сол кісіге жолықпайсың ба?

1. 4. Лепті сөйлем

Көңіл-күйінің әр түрлі қырларын білдіретін, эмоционалды бояулы, арнаулы лептілік интонациямен айтылатын сөйлемдер лепті сөйлемдер деп аталады. Лепті сөйлемдердің мағыналары жай хабармен бірге қуаныш, реніш, қорқу, таңдану, күйініш, сүйіну, аяныш, ыза, жалыныш, күмән, жиреніш сияқты эмоциялық сезімдерді білдіреді. Эмоцияны білдіруде ең басты роль атқаратын интонация болатындықтан, эмоция мақсатына сай хабарлы, сұраулы, бұйрықты сөйлемдерге де лептілік интонация қосылып, лепті етіліп айтыла беріледі. Лепті сөйлем жасауда интонациямен қатар одағайлардың да қызметі мол. Одағайлардың өзі - басқа сөз таптарымен салыстырғанда әуезділік, ырғақ, эмоциялық құбылмалылық пен көтеріңкі интонацияға бай сөздер. Олар лепті сөйлем құрамына енгенде, олардың эмоциялық мағыналары ұласып, ұштасып, ойдың түрлі-түрлі қырларын бейнелейді. Мысалы: Осыны кеше айтуың керек еді ғой!

1. Қорқу, сескену, аяу, өкіну, таңырқау, сүйсіну, қуану сияқты эмоциялық мәндегі лепті сөйлемдердің баяндауыштарының құрамына ау, ай демеуліктері қосылып және тұйық етістікке керек еді, ғой тіркесіп айтылады.

- Паһ, паһ, текті-ау антұрған! (Ғ. М. )

Алақай! - деп айқайлап жіберіппін қуанғаннан екі санымды шапалақтап (С. М. ) .

- Уа, кім бар-ау! - деп айқай салды (Ғ. М. )

Бірінші сөйлемде сүйсіну, екіншісінде қуаныш, үшіншіде көңіл аударту сияқты эмоциялық мәнде берілген.

2. Көксеу, арман ету мағынасында лепті сөйлемдердің баяндауыштары шартты рай тұлғасында айтылып, шы қосымшасы жалғанады:

- Әттең-ай . . . Қабырғасы қайқайса! (З. Ж. )

Осы ойымды кеше айтсамшы!

3. Өткен шақ есімшеге екен көмекші етістік, оған де демеулігі қосылып, өкініш мәнді лепті сөйлем жасалады: Әттеген-ай, киноға кеше барып алмағам екенбіз де! Қап, кеше әкелмеген екенсің де?

4. Есімше формалы етістікке сұраулық шылау мен еді көмекші етістігі қосылып та арман мәнді лепті сөйлем жасалады: Па, шіркін, дәл солай етіп көсіліп сөйлер ме еді! Шіркін-ай, осы кітап бізде болар ма еді!

5. Масаттану, мақтан ету мағынасындағы лепті сөйлемдерге қандай, ғажап, неткен, болғанда қандай деген сөздер қатысу арқылы жасалады: Айналама қарасам, елім қандай тамаша! Жерім менің неткен бай! Керемет ғажап, қандай тамаша!

Тілімізде құрылысы жағынан оқшау келетін, құрамындағы сөздерді мүшелік сөздерді мүшелік қатынасқа анық даралауға келмейтін сөйлемдер бар. Мысалы: Келгенде қандай, Ол ол ма! Бұл сөйлемдер лексикалық құрамы жағынан мүлде еркін бола алмайды, олардың бір тобы ылғи тұрақты бір сөздерді ғана қатыстырып құралады. Алғанда қандай! Айтқанда қандай! Реплика сөйлемдер бір ғана сөзден құралатыны да болады: Осыған жалғыз барасың ба? - Бармай! Реплика сөйлемдер кісінің екінші жақтың сөзіне байланысты түрлі реакциясын құптауын, ризалығын, жақтырмауын білдіреді. Реплика сөйлемдер диалогта жұмсалып, алғашқы репликаға байланысты сөйлеушінің реакциясын білдіретін болғандықтан, лексикалық құрамы жағынан соны қайталап құралады.

- Тағы көреміз бе?

- Көрмей!

Реплика сөйлемдердің құрылысы төмендегідей болады:

1. Алдыңғы репликаның бір сөзін қайталау негізінде құралған сөйлемдер. Сөз болымсыз көсемше немесе -ғанда тұлғалы есімше түрінде келеді.

- Осыны айтасың ба?

- Айтпағанда! (Қ. Ж. )

2. Алдыңғы репликадан қайталанған сөз бен тұрақты компонент ретіндегі сөзден құралатын сөйлемдер.

а) «Қайдағы - қайталанған сөз (есім, есімше) » болып құралады.

- Ал жүрейік, шешей.

- Қайдағы шешей! Өзің орта жасқа келген жігітсің (Қ. М. )

ә) «не қылған - қайталанған сөз (зат есім, сын есім) » болып құралады.

- Әлі жас қой, бұған әлі келеді дейсің бе!

- Не қылған жас, Биыл он төртке келді.

б) Қайталанып сөйлемге енген сөз ылғи тәуелдік формада тұрады.

- Шимайладың қалай! Бұл әдейі салынған сурет.

в) «Қайдан - бұйрық рай тұлғалы қайталанған етістік» болып құралады.

- Бұрынғы есепші өзі босады ма?

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жай сөйлемді оқыту
Тұрлаулы мүшелердің тіл біліміндегі зерттелуі
Қазақ тіл біліміндегі сөйлем мүшелері
Белгісіз жақты сөйлем
Бірыңғай мүшелердің байланысуы
Бір құрамды сөйлемдер
Сөйлем мушелерінің зерттелуі
Сөйлем мүшелері
Атаулы сөйлемдер
Сөйлем мүшелері - сөйлемнің ішкі бөліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz