Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану мәселелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономика жағдайында тиімді аймақтық саясат
мемлекеттің кешенді дамуы үшін өзекті мағынаға ие, өйткені аймақтардың даму
деңгейі тұтас алғанда ел дамуының деңгейін анықтайды. Сондай-ақ әр аймақтың
өзіндік табиғи ресурстары, оларды орналастыру ерекшеліктері, экономикалық
даму деңгейі, өзіндік шаруашылық құрылымы бар. Сол себепті, аймақ
ерекшеліктеріне байланысты аймақтық саясат қалыптастырылып, жүзеге
асырылады. Аймақтық саясатты жүзеге асыруда мемлекеттік басқару ерекше роль
атқарады. Барлық мемлекет үшін толық шешімін таппаған басты мәселелердің
бірі. Себебі, барлық мемлекеттер қолдану үшін тиімді болып табылатын
әмбебап үлгі жоқ, әрбір мемлекет тарихи дамуының белгілі бір кезеңінде
өзінің ұлттық ерекшеліктеріне сай келетін ыңғайлы моделін жасақтауы тиіс.
Тиімді мемлекеттік басқару үлгісін қалыптастыру өз еліміздің
ерекшеліктерін және өзге мемлекеттердің даму тәжірбиелерін талдап, тиімді
жақтарын алуды керек етеді.
Қазіргі таңда негізгі шаруашылық қызметтердің аймақтарда жүзеге
асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік-экономикалық мәселелерді
өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып
табылады. Осымен байланысты, бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейі
арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу
мәселелері еліміздің аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін
негізгі шарттар ретінде қарастырлуда.
Аймақтың дамуын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты – аймақтардың
тұрақты экономимкалық өсуіне мүмкіндіктер жасау негізінде бүкіл республика
экономимкасының өркендеуіне жол ашу, мемлекеттік және аймақтық мүдделердің
бірлігін, олардың ұштастырылуын көздейді.
Курстық жұмысымның мақсаты – аймақтардың әлеуметтік-экономикалық
даму ерекшеліктерін, аймақтық саясаттың жасақталу барысын, оның жүзеге асу
бағыттарын, аймақтардың дамуын мемлекеттік реттеудің әдіс-тәсілдерін, аймақ
экономикасын басқарудың бүгінгі күнгі өзекті мәселелерін, аймақтардың
қазіргі кезеңдегі даму ерекшеліктерін бюджетаралық қатынастарды жетілдіру
мәселелерін қарастыру болып табылады.

1 ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫ БАСҚАРУДАҒЫ
АЙМАҚТАРДЫҢ РӨЛІ
1.1 Экономиканы реттеудегі аймақтық саясат ерекшеліктері мен

маңызы

Қазақстанның әлеуметтік-эконмикалық дамуы, келешек өрлеуі көбінесе
оның аймақтарының, облыстарының даму деңгейімен сипатталады. Қазақстанның
әрбір облысы өзінше қалыптасқан күрделі, аумақты, өз ерекшелігі мол
шаруашылық кешен. Оның көлемінде көптеген ірі-ірі экономикалық мәселелерді
шешу әбден мүмкін. Облыстық органдардың орталықсыздандыруды пайдалана
отырып, көптеген мәселелерді өз бетімен бақылау және оны тез шешуге
мүмкіндігі мол. Экономикалық, әлеуметтік, саясаттық процестердің қандай
жағдайда өтіп жатқаны туралы мәліметтер аумақты шеңберінде тез пайдаланып,
керекті басқару шешімі қабылданады. Бұл - экономикалық бостандықтың
белгісі.
Әлеуметтік-эконмикалық дамуда аймақтардың ролі ерекше орын алады,
себебі республикамыздың әрбір аймағы еліміздің шаруашылық кешенінде белгілі
бір орын ала отырып, осыған қоса басқа аймақтармен бүтіндей экономикалық
бірлікті құрайды.
Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге
асырылатынын ескерсек, мемлекеттің тұтастығын сақтау экономикалық дамыған
аймақтарсыз, кеңейтілген әлеуметтік инфрақұрылымсыз мүмкін емес.
Елдің әлеуметтік экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арнарған
стратегиясы табиғи,әлеуметтік экономикалық т.б. аумақтық факторларды
толықтай ескеріп,оларды мемлекеттік саясаттың барлық бағыттағанда,
нақтылағанда ғана ғылыми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі
жоғары болады.
Қазіргі уақытта республика кеңістігінде әлеуметтік экономикалық даму
жағдайларының біркелкі болмауы мемлекет тарапынан жүргізілетін аймақтық
саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемлекеттің аймақтық саясатының
мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизмдері анықталады.
Мемлекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға
толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызметіне тікелей
араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы
шектеулер т.б.) араласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тиімді
қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемлекет аймақтармен дұрыс
өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін
қамтамассыз ететін ортасы болып табылатын мемлекеттің барлық аумақтарының
дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан
реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын
мемлекеттік реттеу-бұл олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің ерекше бағыты ретінде
қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның
тиімді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселелердің бірі болып
табылады. Сондықтанда аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған
жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау
өзекті мәселеге айналып отыр. Осы мақсатты аймақтықтық саясаттың
қалыптасуына әсерін тигізетін негізгі жағдайларды сараптауға жұгінейік.
Нарықтық қатынастарды қалыптастыру барысында жүргізілген реформалар
аймақ аралық саралауды (дифференцияция) тым күшейтіп жіберді.
Нәтижесінде жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімді (ЖАӨ) өндіру көлемі
бойынша республика халқының айырмашылығы он екі есеге дейін жетті (1-
кесте). Ал АҚШ-та ең алдыңғы және ең арта қалған штаттарының арасындағы
айырмашылық-небәрі 1.8 есе ғана, ал жұмыссыздар саны бойынша республика
облыстардың үлес салмағы 1.8 %-дан (Қарағанды облысы) 20.3 %-ға дейін
(О.Қ.О) ауытқиды, ал облыстар арсында халықтар кірісінің бір жанға шаққанда
максималды деңгейі минималды деңгейінен төрт есе үлкен. Сонымен қатар
халықтың 60 %-ға жуығы бүгін кедейлік шетінен тыс өмір сүреді. Халық
тығыздығының орта республикалық деңгейінде (шаршы км-ге 5.8 адам) бұл
көрсеткіш 17 адамнан (О.Қ.О) 2 адамға (Маңғыстау облысы) дейін ауытқитын
облыстар да бар.
Қазіргі кезде өнеркәсіп өнімінің 40 %-на жуығы үш облыстың үлесіне
келеді (Қарағанды , Атырау және Павлодар облыстары). Кесте деректері
көрсетіп отырғанындай, жан басына шаққандағы жалпы аймақтық өнімнің ең
жоғары көлемі-Атырау облысына, ал ең төменгі көлем Жамбыл облысына тиесілі
болып отыр. 2003 жылы деректер бойынша осы екі облыстың жан басына шаққанда
ЖАӨ-дегі айырмашылық 12 есе болған.
Мұндай тым саралау, әрине, миграцияның күшеюіне, аймақтардың өзара
өрекет ету механизмінің әлсіреуіне және аймақаралық қарама-қайшылықтардың
өсуіне алып келері сөзсіз. Бұл өз кезегінде біртұтас әлеуметтік-
экономикалық саясатты жүргізуді айтарлықтай қиындатады.
Аумақтық әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктер(диспропорциялар)
көбінесе объективті сипаттағы себептермен байланысты болғанмен де, оларды
жұмсарту қажеттілігі айқын. Мемлекеттің тұтастығын сақтауға ұмтылған
бірде бір мемлекет аумақтық теңсіздіктердің соншалықты алшақтығына жол
бермейді. Сондықтан Қазақстан үшін әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын
тегістеуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты жүргізу стратегиялық
тұрғыдан маңызды болып табылады. Ұлттық экономиканың тұрақты өсуі елдің
проблемалық аймақтарындағы өмір сүру жағдайын жақсартпайынша мүмкін емес.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық,
экологиялық ерекше проблемалармен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды.
Осы тұрғыдан алғанда және аймақтардың мамандандырылу қағидасына сәйкес
республика аймақтарын төрт топқа бөлуге болады:
• Шаруашылық құрылымы экспортқа бағытталған;
• Индустриялық дамыған;
• Агроөнеркәсіптік;
• Дағдарыстық.
Бірінші топ-стратегиялық сипаттағы минералды ресурстардың айтарлықтай
қорларын иеленетін және ғылыми өндірістік әлеуетінің қарқынды дамуына
жеткілікті мүмкіндігі бар, бірақ ауылдық аумақтарының экономикалық-
әлеуметтік артта қалуымен, экологиялық жағдайларының нашар болуымен
ерекшеленетін аймақтар. Бұл аймақтарға Қазақстан экономикасын дағдарыстан
шығару және тұрақтандырудың рөлі беріледі.
Екінші топ-ауыр индустрия салаларына нақты маманданған, жоғары
технологиялық ғылымды қажетсінетін өндіріс құру үшін қолайлы экономикалық
жағдайлары және жоғары ғылыми-өндірістік әлеуеті бар, негізінен қаржылық
ресурыстарымен өзін-өзі қамтамассыз ете алатын аймақтар жатады.
Үшінші топ-ауыл шаруашылығына маманданған агроөнеркәсіптік кешенді
аймақтар. Бұл топтағы аймақтар үшін халықтың жұмысбастылығын қамтамассыз
ету және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында ауыл шаруашылығы мен оған
сабақтаса дамитын салаларда шағын және орта бизнесті дамыту қажет.
Төртінші топқа-қысалшаң(экстремальный) табиғи-климаттық, әлеуметтік-
экономикалық және техника-технологиялық жағдайдағы,шаруашылықтың салалық
құрылымдары емес дағдарыстық аймақтар, сонымен қатар экологиялық дағдарысқа
ұшыраған аудандар жатады. Бұл аймақтарда жинақталған проблемалардан арылу
үшін мемлекеттік реттеудің нақты шаралары қажет.
Бірінші топтағы аймақтарда аймақтық инфрақұрылымды(әсіресе
көліктік), нарық инфрақұрылымын құру, сонымен қатар, шетел инвесторларының
қатысуын немесе қолдау жүйесінің маңызы бар.
Екінші топтағы аймақтарда мемлекеттік реттеу аймақ экономикасының
құрылымын қайта құру кең көлемдегі жекешелендіру арқылы бағыттайды.
Үшінші топтағы аймақтарда меншіктің әртүрлі формаларының дамуы,
экономикалық тетіктермен ынталандырулар ауыл шаруашылығы өндірісін
реформалау бағытын жалғастыру төңірегіндегі шоғырландыру іс-әрекеттері
көрсетіледі.
Төртінші топтағы (депрессиялық) облыстарда мемлекеттік реттеу
әдістері басым болып табылады, дәлірек айтқанда-белгілі жобалауға сай
қаржылық көмек көрсету және де олардың пайдалануына қатаң бақылау жүргізу.
Республика аймақтарын мұндай топтастыру басқарудың аймақтық
мәселелерін тиімді шешуге және жергілікті шаруашылықтарды қарқынды дамытуға
мүмкіндік береді.
Проблемалы аймақтардың қатарына бір қатар себептердің салдарынан
экономикалық әлеуеті орташа республикалық көрсеткіштерден бірнеше есе
төмен, ал экономикасы өнеркәсіптің аз әртараптандырылған(диверсификация)
құрылымымен, нашар дамыған инфрақұрылымымен сипатталатын аймақтар жатады.
Мұндай аймақтар олардың өзіндік дамуын ынталандыратын мемлекеттің көмегіне
мұқтаж. Сондықтан да, экономимкалық ғаламдану үрдісіне қадам басып отырған
Қазақстан үшін шешілуі тиіс басты міндет – аймақтар үшін жағымсыз
салдарларды бейтараптандыра отырып, оларды дамуы үшін қажетті жағдайларды
қалыптастыру негізінде тиімді нәтижені ұлғайту.
Аймақтардың дағдарыстығының басты белгілері болып табылатындар:
• өндіріс қарқынының төмендеуі;
• халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі (жан басына шаққандағы
табыстың төмендігі);
• жұмысбастылыққа қатысты жағымсыз тенденциялардың өрістеуі
(жұмыссыздықтың жоғары деңгейі);
• демогарфиялық, экологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы
проблемалардың күшеюі және т.б.
Аймақтардың біркелкі дамымауы – іргелі әлемдік үрдістерге жатады.
Әрбір елде салыстырмалы түрде өркендеген және артта қалған аймақтар бар.
Бұл әлеуметтік-экономикалық, табиғи-климаттық, ресурстық және басқа да
жағдайлармен байланысты табиғи, аумақтық айырмашылықтар. Осы орайдағы
мемлекеттің міндеті – шектен тыс жоғары аймақтық саралауға жол бермеу болып
табылады. Сонымен қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік аймақтық саясаты ең алдымен шектен тыс аумақтық теңсіздіктерге
жол бермеу және оларды тегістеу саясаты болуы тиіс. Бұл жағдайда
орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тепе-теңдігі қажет. Осыған орай
аймақтық дамудың шешілуін әлеуметтік, экономикалық, саяси, құқықтық,
мәдени, демографиялық және т.б. шаралар жүйесін талап ететін сан қырлы
проблема ретінде қарастыруға болады.

1.2 Аймақтарды басқарудың шетелдік тәжірбиесін пайдалану
мәселелері

Дамыған шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысындағы
тәжірбиелерін ескеру қажет. Өйткені, экономиканы басқарудағы жинақталған
әлемдік тәжірбиені оқып-үйренбей, оларды жан-жақты зерттемей, экономиканы
мемлекеттік басқарудың жаңа сатысына өту мүмкін емес.
Ел экономикасын басқарудың орталықсыздандырылған жаңа жүйесіне өту
барысында әлемдік тәжірбиеде бар модельдерді, тұжырымдарды ескере отырып,
елдің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуына, ұлттық ерекшеліктеріне қарай
аймақ экономикасын басқарудың өз мемлекетімізге тән үлгісін
қалыптастыруымыз керек. Осы орайда бірқатар шет мемлекеттердің аймақтық
саясатты қалыптастыру, оны жүзеге асыру бағытындағы оңды тәжірбиелерді
қарастырайық.
Мемлекет құрылымы аймақтық саясат саласындағы өкілеттіліктерді
орталықсыздандыру немесе бөлу деңгейін анықтайды. Егер интеграцияланған
мемлекеттер тәжірбиесіне сүйенсек, онда Ирландия, Португалия, Греция сияқты
мемлекеттерде аймақтық саясат мәселелеріне орталықтандырылған әдіс
қолданылады. Бұл мемлекеттерде шағын жобаларға қатысты жауапкершілікті
аумақтық деңгейге жүктеуге әрекет жасалынғанымен, жергілікті жерде қажетті
тәжірибенің болмауы салдарынан одан әрі жалғасын таппады.
Италия мен Германия мемлекеттерінің басқару құрылымы
интеграцияланған мемлекеттердің басқару құрылымынан түбегейлі түрде
ерекшеленеді. Бұл, әрине, аймақтық саясаттың жасақталу, жүзеге асу барысын
айқындайды. Мысалы, Германияда аймақтық саясатты жүргізу жауапкершілігі
Жерлерге жүктелген, ал Итальяндық жүйенің көпшілік элементтері
орталықтандырылған сипатқа ие. Германияда аймақтық саясат саласындағы
федеральді үкіметтің негізгі функциясы – GA (Біріккен оперативті топ)
шеңберінде Жерлермен серіктестік қатынастар құру. Жоспарлау жөніндегі
Комитет GA құрамын анықтап, жыл сайынғы бас жоспар жобасын және аймақтық
даму басымдықтарын қалыптастырады. Бас жоспар жобасы аймақтарға қажетті
көмек көрсету шаралары мен шарттарынан тұрады. Аймақтық саясатты жүзеге
асыру екі жақтан (Федеральды үкіметпен және Жерлермен) бірдей үлеспен
қаржыландыру негізінде жүргізіледі. Жерлер әкімшілігі аймақтық саясаттың
іске асуына жауапты болады.
Финляндияда аймақтық саясаттың құрылуына, яғни, аймақтық саясатты
үйлестіруге, заңдарды жасақтауға, проблемалы аймақтарды анықтауға тағы
басқа қызметтерге Ішкі істер министрлігі жауап береді. Аймақтық саясатты
жүргізу жауапкершілігі әр түрлі орталық министрліктерге жүктелген.
Финляндияның аймақтары жекелеген шешімдерді (шағын жобаларды) қабылдайды,
ал негізгі шешімдер орталықтан қабылданады.
Ал Швецияда қалыптасқан жүйе бойынша аймақтық әкімшіліктер жалпы
ұлттық дерективаларды іске асырады. Бұл жүйеде Өнеркәсіп және сауда
министрлігі басты орынға ие. Министрліктің жанынан артта қалған аудандарға
қатысты аймақтық саясатты жасақтау, оны бақылау және Европалық комиссиямен
байланысты жүзеге асыру істерін атқаратын бөлімдер құрылған. Аймақтарды
дамыту стратегиясын жасақтау мен графствалардың әкімшілік кеңесі (САВ)
айналысады. Өздерінің саясатын іске асыру үшін олар бюджеттен
қаржыландырылады.
Солтүстік Еуропа мемлекеттері аймақтық саясатты жүргізудегі бай
тәжірибелерімен ерекшеленеді:
• Франциядағы орталықтандырылған әдіс;
• Нидерланды мен Ұлыбританияда орталықсыздандырудың жоғары деңгейі;
• Австрия мен Бельгиядағы федералдық жүйе.
Францияда министр CIALA-дан (қолдау көрсету жөніндегі ведомствалық
комитет) алынған ұсыныстарға негізделген аймақтық саясатқа жауап береді
және оның құзіретіне аймақтық дамытуды ынталандыруға қатысты шешімдер
қабылдау кіреді. DATAR-Франциядағы аймақтарды дамыту жөніндегі басты ұйым.
1995 жылы қабылданған негізгі Заңға сәйкес аймақтық даму саясаты ұлттық
деңгейде анықталып, жергілікті әкімшіліктермен жүргізіледі.
Нидерландыда экономика министрлігі мен провинциялар әкімшілігі
аймақтық саясат мәселелерімен айналысатын негізгі ведомствалар болып
табылады. Экономика министрлігі аймақтарға көмек көрсетуде 10млн. Флориннан
асатын инвестициялар көлеміндегі жобаларға жауап береді, ал одан төмен
көлемдегі басқа жобалар орталықсыздандыру түрінде іске асырылады.
Ұлыбританияда аймақтық саясат мәселелерімен Сауда және Өнеркәсіп
министрі және Шотландия менУэльс істері жөніндегі министр айналысады.
Англияда аймақтық саясатты қалыптастыру мәселесі Сауда және өнеркәсіп
министрлігі мен аймақтық үкіметтік ведомстволарға жүктелген. Аталмыш
министрлік Англиядағы үкіметтік ведомстволардың құзірет шегінен тыс
көптеген жобаларды және Ұлыбританияға өз салдарын тигізетін жобаларды
бағалайды, сонымен қатар, ұлттық деңгейдегі дерективаларды жасақтап,
олардың орындалуына бақылау жүргізеді. Үкіметтік ведомстволар құзіретіне
аймақтарға көмек көрсетуге қатысты шешім қабылдау кіреді.
Австрия Конститутциясы аймақтық саясатты жүргізу өкілеттілігін
шектемейді. Федералды деңгей, жерлер әкімшілігі және жергілікті билік
арасында өкілеттілік аялары бейресми бөлінеді. Аймақтарға көмек көрсету
федералды үкіметпен және сол аймақтың жер әкімшілігі мен қаржыландыратын
және жүзеге асырылатын біріккен жобаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Белгияда аймақтық саясат мәселелері аймақтық деңгейлерде
қарастырылады. Ірі жобаларға көмек көрсету шешімі аумақтық әкімшілікпен
қабылданады, ал қалған шешімдер аймақтық эконоимка министрімен қабылданады.
Аймақтық саясатты жүзеге асырудың әр мемлекеттер үшін маңызы әр түрлі
көптеген құралдары бар. Тарихи даму тұрғысынан мұндай құралдардың бес
үлкен тобын көрсетуге болады:
• Халық тығыз орналасқан аймақтарда жаңа кәсіпорындарды орналастыруды
қолдуға кететін қаражат;
• Эконоимкалық даму саласында мемлекеттің қызметін кеңістіктік бөлу;
• Қаржылық қолдау жолымен компания қызметін ынталандыру;
• Инфрақұрылымды қалыптастыру;
• Дамуды ынталандыру жөніндегі жұмсақ шаралар.
Қазіргі уақытта алғашқы екі құралдың рөлі айтарлықлай төмендеп кетті.
Қолдау құралдары Франция, Ұлыбританияда қолданғанымен, бұл құралдардың
қолдану ауқымы уақыт өткен сайын азаюда.
Қазіргі ауқытта Евроодақтың ( ЕО) көпшілік мелекеттері аймақтық саясат
құралы ретінде соңғы үш топты қолданады. Қаржылық ынталандыруларға жұмыс
орнын құрумен байланысты. Жәрдемақылар, субсидиялар, несиелер және т.б.
жатады. Бұл әдістер фирмаларды проблемалы аудандарды инвестицияларды
ынландыру үшін жасалған. Осы аталған құралдар Евроодақтың барлық
мемлекеттерінде кеңінен қолданылуда. Инфрақұрылымның жұмсақ элементтеріне
ақпараттық желілерді қолдау, консалтингілік қызмет, ғылыми зерттеулерт
жатады.
Интеграцияланған мемлекеттеріде саясат құралдарының құрамы айтарлықтай
көлемді болып келеді. Оның себебі, аймақтық проблемалардың тереңдігімен
байланысты. Аймақтық саясатты дамытуды ынталандыру үшін құрылымдық және
нитеграциялық қорлар құрылған. Бұл қорлар тек өндірісті инвестициялауды
ғана емес, сонымен қатар нифрақұрылымды дамытуға қолдау көрсету және
бизнестің дамуына жағдай жасауды да көздейді.
Интеграциялық қор көлік және қоршаған ортамен тікелей байланыста
болатын инфрақұрылымның дамуына қатысты үлкен жобалармен айналысады.
Скандинавия елдеріне қатысты аймақтық саясаттың тар және кең
астарлары бар. Тар мағынасында мұндай саясат бизнес пен экономиканы дамыту
іс-шараларын қамтиды. Аймақтық саясаттың кең астары халық аз қоныстанған
аймақтарда өмір сүру деңгейін қолдау мақсатында үкімет тарпынан байланыс,
көлік, білім және денсаулық сақтау саласындағы әрекеттер кешенін көздейді.
Скандинавия елдерінің негізгі ерекшеліктері ЕО-ның басқа мемлекеттерімен
салыстырғанда, аймақтық саясаттың тар астарының өзінде де мазмұны кең болып
табылады. Мысалы, проблемалы аудандардың өздеріне тән ерекшелігін, олардың
қатаң климаттық жағдайларын ескере отырып, ЕО-ның басқа мемлекеттерінде
қолданылмайтын ұзақ мерзімді қолдаулар бар.
Бүгінгі күні Европаның дамыған елдері мен АҚШ-та аймақтық саясаттың
негізгі тенденциясы болып табылатындар:
1) билік пен экономиканы орталықсыздандыру, аймақтарға өзіндік дербестік
беру.
2) елдің және аймақтың экономикалық даму стратегиясын өзінің жеке табиғи
ресурстық әлеуметін пайдалану мүмкіндігін ескере отырып, бірігіп
әзірлеу.
3) аймақтардың экономикалық даму деңгейлерін тегістеу.
Содай-ақ әлемдік тәжірибеде аумақтарды дамытудың үш мүмкін нұсқасы
белгілі, олардың мәні:
• алдыңғы қатарлы, бай аудандарды дамыту және қолдау керек, ал
қалғандары бай аудандар есебінен дамиды (АҚШ тәжірибесі);
• салық салу, жұмыспен қамту, өмір сүру деңгейін реттей отырып, барлық
аудандарда өмір сүрудің шамамен тең жағдайларын қамтамассыз ету
(Германия тәжірибесі);
• кедей аудандарды қолдау қажет, ал бай аудандар өздігінен дами алады
(Скандинавия елдерінің)тәжірибесі.
Осы тәжірибелерге сүйене отырып, біздің республикамыздың қазіргі даму
жағдайында Германия мемлекетінің тәжірибесін қолдану белгілі бір нәтижеге
жеткізеді деп тұжырымдауға болады.
Сонымен, шет мемлекеттердің аймақтық саясатты жүзеге асыру барысын,
оны іске асырудағы басқару органдарының қызметін сараптау нәтижесі елдің
аймақтық саясатын жүргізуде бірқатар тәжірибелерді ескере отырып, оларды өз
ұлттық ерекшелігімізге сай бейімдеп, қолдануымыз керек.

2 ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ ҮРДІСТЕР
2.1 Аймақтар дамуының қазіргі жағдайы

Соңғы жылдардағы еліміздің барлық аймақтарындағы экономикалық өсуіне,
әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын
көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді
пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығы, сонымен қатар, шағын және орта
бизнесті дамыту сияқты мәселелерді шешуге қолдау көрсетудің және аймақтық
деңгейдегі жүргізіліп отырған кешенді шаралары септігін тигізді. Және осы
қалыптасқан үрдіс 2002 жылмен салыстырғанда 2003 жылы күшейе түсті. Бұған
мына мәліметтер дәлел бола алады: өнеркәсіптік өндіру көлемінің республика
бойынша орташа деңгейі 108% құрады және бұл 11 аймақта одан да жоғары
болды, мәселен бұл көрсеткіш ел облыстары Қызылордада (118,7%), Ақтөбеде
(118,6%), Ақмолада (117,2%), Алматыда (115,9%), Жамбылда (114,2%),
Павлодарда (113,5%), Қостанайда (113,5%), Батыс Қазақстанда (110,1%),
Оңтүстік Қазақстанда (109,8%), және Астанада (111,5%), мен Алматы (115,3%)
қалаларында құрады.
Ауыл шаруашылығы саласына келер болсақ, 2003 жылғы бағалау бойынша
тұтастай республикада ауыл шаруашылығының жалпы өнімнің көлемі ағымдағы
бағамен 606,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2002 жылғы тиісті кезеңдегіден 1,4%-
ға артық.
2003 жылы жалпы аймақтық өнім халықтың жан басына шаққанда 266,9 мың
теңгені құрады, оның ең үлкен көлемі Атырау (1099,4 мың теңге), Маңғыстау
(566,5 мың теңге) облыстарында және Алматы (625,7 мың теңге) мен Астана
(510,6 мың теңге) қалаларында байқалады.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар 2002 жылмен салыстырғанда
10,6%-ға артқан. Инвестицияның өсуі республиканың 13 аймағында байқалып
отыр. Осы келтірілген деректер аймақтар экономикасын дамытуға қатысты іске
асырылған шаралардың бірқатар оң нәтижеге жеткізгендігіне дәлел болады.
Дегенмен, шешімі табылмаған, жақын мерзімде шешілуі қажет мәселелер әлі де
болса жеткілікті. Республикамыздың кең байтақ аумағы мен оның әрбір
аймағының өзіндік ерекшеліктері, олардың экономикалық әлеуеті,
республикалық еңбек бөлінісіндегі орны, әлеуметтік-эконоимкалық даму
деңгейі нарықтық қатынастарға өткелі бері жүргізіліп жатқан реформалардың
нәтижесінің әркелкі болуын тудырды. Қазіргі кезңедегі Қазақстан
аймақтарының әкімшілік-аумақтық құрылымы мен негізгі сипаттамаларын келесі
кесте (2-кесте) деректерімен бейнелеуге болады.
Осы кесте мәліметтерінен байқалып отырғанындай, республика аймақтары
негізгі көрсеткіштері (аумағы, халқы, олардың орналасу тығыздығы, барлық
халық санындағы облыс халқының үлесі және т.б.) бойынша да бір бірінен а
йтарлықтай ерекшеленеді. Сондай-ақ, әрбір аймақтың өзінің маманданған
саласы бар.
Жалпы аймақтық өнімнің өнімнің салалық құрылымына талдау жасау аймақтар
боыйнша мамандану деңгейін сипаттауға мүмкіндік береді.
Жоғарыдағыдағы кестеде көрсетілгендей, аграрлық сектор Солтүстік
Қазақстан (36,2%), Ақмола (31,3%), Алматы (24,6%), Қостанай (22,5%), Жамбыл
(20,8%) және Оңтүстік Қазақстан (17,1%) облыстарының экономикасында елеулі
роль атқарады. Өнеркәсіптік тұрғыдан дамыған аймақтар қатарына Маңғыстау
(64,5%), Қарағанды (53,3%), Қызылорда (48,1%), Павлодар (47,4%), Атырау
(44,8%), Ақтөбе (41,9%), және Шығыс Қазақстан (40,5%) облыстарын кіргізуге
болады. Құрылыс жұмыстарының көлемі Астана қаласында (16,7%), Батыс
Қазақстан (16,3%), Атырау (14,2%), Қызылорда (12,7%), Жамбыл (8,9%) және
Ақтөбе (8,2%) облыстарында республикалық деңгейден асып түскенін кесте
деректері көрсетіп отыр.

2-кесте
Қазақстан аймақтарының негізгі сипаттамалары

Аймақ Аймағы, Халық Халықтың Халықтың Аудан-Барлық Республи
мың саны, тығыздығы,жалпы дар қалаларкаға
шаршы мың адам санындағы бағыныст
км. адам шаршы км. үлесі ы қалар
Қазақстан 2724,9 14951,25,7 100 160 86 41
Республикасы
Ақмола 146,2 148,9 5,1 5,0 17 10 2
Ақтөбе 300,6 671,8 2,2 4,5 12 8 1
Алматы 224,0 1571,2 7 10,5 16 10 3
Атырау 118,6 457,2 3,8 3,0 7 2 1
Шығыс 283,2 1455,4 5,2 9,9 15 10 6
Қазақстан
Жамбыл 144,3 985,6 6,8 6,6 10 4 1
Батыс 151,3 603,8 4 4,0 12 2 1
Қазақстан
Қарағанды 428,0 1330,9 3,1 9,0 9 11 9
Қостанай 196,0 913,4 4,7 6,2 16 5 4
Қызылорда 226,0 607,5 2,7 4,1 7 3 1
Маңғыстау 165,6 349,7 2 2,3 4 3 2
Павлодар 124,8 745,3 6 5,0 10 3 3
Солтүстік 98,0 674,5 7 4,6 13 5 4
Қазақстан
Оңтүстік 117,3 2150,3 18 14,2 12 8 4
Қазақсиан
Астана 0,3 510,5 0 7,7 0 1 1
қаласы
Алматы 0,7 1175,2 0 3,4 0 1 1
қаласы

3-кесте
2003 жылғы Жалпы аймақтық өнімнің салалық құрылымы, пайызбен

Облыстар Барлығы Ауыл ӨнеркәсіпҚұрылысСауда Көлік Басқала
шаруашылы және ры
ғы байлан
ыс
1 2 3 4 5 6 7 8
Қазақстан 100 8,2 32,9 6,9 13,6 13,5 24,9
Республикасы
Ақмола 100 31,3 22,5 2,8 8,0 15,5 19,9
Ақтөбе 100 6,7 1,9 8,2 14,6 12,6 16,0
Алматы 100 24,6 30,8 6,7 9,2 16,2 12,5
Атырау 100 1,7 44,8 14,2 2,4 11,4 25,5
Шығыс 100 10,6 40,5 3,2 15,7 11,8 18,2
Қазақстан
Жамбыл 100 20,8 24,4 8,9 8,4 16,1 21,4
Батыс 100 6,5 21,3 16,3 10,5 12,7 32,7
Қазақстан
Қарағанды 100 4,3 53,1 3,6 13,6 12,4 12,8
Қостанай 100 22,5 29,9 3,0 15,6 17,3 11,7
Қызылорда 100 5,6 48,1 12,7 5,1 10,3 18,2
Маңғыстау 100 0,3 64,5 7,1 3,3 5,5 19,3
Павлодар 100 6,2 47,4 2,3 7,7 25,3 11,1
Солтүстік 100 36,2 15,7 1,9 16,6 12,3 17,3
Қазақстан
Оңтүстік 100 17,1 33,7 20,8 11,2 12,6 22,6
Қазақстан
Астана 100 0,2 7,6 16,7 19,3 11,9 24,3
қаласы
Алматы 100 0,04 12,5 2,8 27,1 14,4 43,2
қаласы

Соңғы жылдары негізгі капиталға инвестициялардың өсуі байқалуда. 2003
жылы инвестицияның ең жоғарғы өсімі Жамбыл (4 есе), Павлодар (1,7есе),
Алматы (1,6 есе), Қызылорда (1,5есе), Қостанай (1,4есе), Атырау мен
(1,3есе) облыстарында және Ақтөбе облысы мен Астана қаласында (1,2 еседен)
байқалады. Өсім сонымен қатар Маңғыстау (101,9%), Қарағанды (102,1%), Шығыс
Қазақстан (112,5%) және Солтүстік Қазақстан (112,6%) облыстарында
байқалады.
Негізгі капиталға инвестициялаудың республикалық көлемінде Атырау
(25,7%), Батыс Қазақстан (10,9%), Ақтөбе (8,2%) облыстарының және Астана
мен Алматы қалаларының (10,2%) үлестері жоғары.
Шетелдік инвестициялардың жалпы республикалық көлемінде ең көп үлес
Атырау (41%) және Батыс Қазақстан (40%) облыстарында игерілді.
Бір мезгілде үй құрылыстарындағы инвестициялардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін экономикалық аймақтардың түрлері
Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі туралы ақпарат
Инновациялық қызметті қаржыландыру алгоритмі
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржы
Қазіргі таңдағы инновациялық қызметтерді қаржыландыру процесстерін талдау
Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар
Қазақстан Республикасының аймақтарында шағын кәсіпкерліктің дамуының қазіргі жағдайы
Қаржы жүйесінің экономикамен байланыстылығы
Қазақстандағы ауыл шаруашылықты жекешелендірудің ерекшеліктері
Қазақстанның экономикалық дамуының аймақтық аспектілері
Пәндер