Карта - географиялық заңдылықтарды анықтау құралы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ҚАЗАҚСТАН КАРТОГРАФИЯСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАСЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. КАРТОГРАФИЯ
ҰҒЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..3
а) Карта пайдаланудың қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
ә) Карта пайдалану деңгей ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
б) Картографияның салалалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

2. ЖАҢА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА
ҚОЛДАНЫЛУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
а) ГАЖ-дың карта құрастырудағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
ә) Зерттелетін аймақтың картасын
құрастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 12
б) Аннотация және оны құру
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
в) Карталарды безендіру. Қағаз бетіне басып шығаруға әзірлеу ... ... ... 14

3. ҚАЗАҚСТАН КАРТОГРАФИЯСЫНЫҢ ҚЫСҚАША ТАРИХЫ ... ... ... ...15
а) Геологиялық
карталар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 17
ә) Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ...19
б) Тұңғыш Ұлттық
Атлас ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 20
в) Картография – пән
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
2

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .25

КІРІСПЕ

Қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу
мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим
тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен
аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар
өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса,
келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр
түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол
бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы
географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен
байлықтарды игеруде таптырмас құрал болды.
Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың
пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді,
сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік
бағдарламаларды қолдануда.
Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография
ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-
ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу
жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір
мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі.
Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор
желісінің мәліметтері пайдаланылды.

“Картография” ұғымы

Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.)
тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның
ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс
істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету
деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен
теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе,
бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті
атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік
құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен
қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен
қолданылады. [7]
Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен
басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру,
пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік
атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір
салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім
мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар
кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта
орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып
көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды,
оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану,
математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен
құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. [7]
Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен
қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды
жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін
қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де
карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады.
Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру
қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану
маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық
басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде Картография –карта жасау мен
пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы,-деген ұғыммен түсіндіріледі.
Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол
көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен
қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлгерді. Картографиялық
әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика
және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда.
Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық
география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым
салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық
шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды
шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда
қызмет етуде. [7]
Картографиялық зерттеу әдістерін қолданушы маман картограф картаны еркін
оқуға, құрастыру ұстанымдары мен бейнелеу және әзірлеу технологияларының
тәсілдерін білуге міндетті. Сонымен қатар, ол модель түрінде карта
бетіндегі бар дүниені ұсына білуі әрі осы туралы ақпарат бере білуі тиіс.
Ең маңыздысы, картограф өнімін тұтынушының картаны пайдалана отырып,
картографиялық бейнені өңдеуде қолданған амалдардан адаспай, жақсы бағдар
алуы, оның мүмкіншіліктері мен шектерін айыра білуі, картадан алынған
мәліметтердің сенімділігіне қатысты түсінігінің болуы тиіс. [5]
Картатану – географиялық карта мен оның түрлері, қасиеті мен элементтері,
даму тарихы пайдалану әдістемелерін зерттейді. Математикалық картография –
жер беті мен ғылымдағы аспан денелерін жазықтықта кескіндеудің
математикалық әдістерін зерттейді. Картографиялық ақпараттану – картаны
жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау тарату мәселелерін қарастырады.
Картометрия – картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының
мазмұнын айқындайтын картографияның құрамдас бөлігі. Картаны безендіру –
картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап,
оны басып шығаруға әзірлеуді оқып үйретеді. Топография – географиялық және
геометриялық әдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып үйрену
негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейді.
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық
ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының
ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология,
топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық,
геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен
мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу
мүмкіндігіне ие болды.
Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін
заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар,
глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету.
Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып,табиғатын қайта түлетіп,
шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып
табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың мақсаты
картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық
картография, картометрия және топографияның теориялық негіздерімен
таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп, түсініп оқи білу
дағдыларын қалыптастыру.

Карта пайдаланудың қысқаша тарихы

Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда
болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен
заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі
Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында
карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері
қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы
бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда, әсіресе, Ұлы географиялық
ашылулар дәуірінде, карталар теңізде жүзушілердің, жер кезген
жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті дүниесіне айналды. Теңіз
жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың дамуы сол кезең үшін жаңалық
болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін өмірде қолданудың толық
жүйесіне көшуге ықпал етті. Орта ғасырдың географы Герард Меркатор (1512-
1594) өзі құрастырған картографиялық өнімдердің тәжірибе жүзінде қолдану
қажеттілігін ескере отырып, қосымша сілтемелер мен нұсқаулықтар беріп
отырды. Мәселен, 1541 жылы даярлаған глобусын арнайы Глобусты пайдалану
туралы кітап аталатын нұсқаулықпен толықтырды. 1569 жылы жарық көрген
бірінші рет цилиндрлік проекциялау қолданылған, 18 беттік картасына
Меркатор Жергілікті жерде арақашықтықты өлшеу әдістері аталған ақпараттық
бет енгізді, сонымен бірге, навигациялық сұрақтарды шешу үшін
пайдаланылатын Бағыттар көрсеткіштерін пайдаланудың қысқаша сілтемелері
деген сызба қоса берілген. Алғашқы ғылыми зерттеулер үшін карталар
пайдалану тәжірибесі XVIII-XIX ғасырларға жатады, осы кезеңдегі ғылым (атап
айтқанда, геология, география, климатология) көмегімен алынған ақпарттар
мен мәліметтердің жүйеленуі – алғашқы ғылыми карталардың жасалуына оң
ықпалын тигізді. Өз кезегінде мәліметтердің картографиялық түрде үлкен
аумақты қамтып таралуы жаңа саналуан салыстырмалы географиялық
зерттеулердің жасалуына түрткі болды. Ал карталардың өзі осындай
зерттеулердің құралы болып, адамдарға көбірек қызмет ете бастады. [7]
Көптеген табиғи және ғаламдық заңдылықтар карталар көмегімен айқындалды.
Бір құбылыстың екінші бір құбылыспен байланыстары анықталды, тіпті әлі
ашылмаған ойкумендер турасында болжамдар жасала бастады. Мәселен, Ф.
Бюаштың 1753 жылы карта арқылы Жер шарындағы тау тізбектері мен өзендердің
орналасуын зерттеген еңбегін атап өтуге болады. 1817 жылы А. Гумбольдт Жер
шарындағы жылудың таралу заңдылықтарын анықтауға ұмтылып отырып, бірінші
рет изотермдік карта жасап шығарды, оны талдай келе, климаттық зоналарды
ашты. Карта көмегімен ол өсімдік жамылғысының зоналық ерекшеліктерін тапты,
одан кейін осы салада еңбек еткен Докучаев та картаны сараптау нәтижесінде,
географиялық ортаның белдемдігі (зона) бар екенін дәлелдеді. Вегенердің
картаға сүйеніп, Бразилия мен Африканың атланттық жағалауларының ұқсастығын
табуы, кейіннен Құрлық дрейфі және қазіргі ғаламдық тектоника теориясының
пайда болуы мен дамуына жол ашты.
Қазақстан картографиясы туралы сөз болғанда, орта ғасырлардағы көптеген
тарихшылардың географ қызметін атқарғанын байқаймыз. Марко Полоның ізімен
Шоқан Уәлихановтың Қашқарға сапары туралы Ыстықкөлге саяхат жазбалары
картографиялық еңбек ретінде өте құнды, алайда Уәлихановтың қазақ
картографиясына қосқан үлесі блек және ұзақ зерттеуді талап етеді.
Қазақстан картографиясы өз дамуында Ресей картографиясымен өте тығыз
байланыста болды. Оның себебі де түсінікті; патшалық Ресейден КСРО-ның
күйреуіне дейінгі 300 жылдан астам уақыт біз орыс империясына бодан болдық.
Ғылым тұрғысында осылайша, сабақтастық қалыптасты.
ХІХ ғасырда картаны пайдалану тарихындағы басты тұлғалардың бірі – талантты
географ, картограф және геодезист, Еуропалық Ресейдің гипсометриялық
картасын тұңғыш құрастырушы, Орыс география қоғамының көрнекті қайраткері,
Петербург пен Париждің Ғылым академияларының мүше-корреспонденті А.Тилло
(1839-1899) болды. Тиллоның алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарында картаны
құрал ретінде пайдалануы Орталық Ресейдің магниттік өрістерінің таралуын
анықтауға арналды. 1887 жылы А.Тилло карта бойынша ғаламдық таулы
аймақтардың таралу заңдылықтарын зерттеуге бет бұрды. Ол әлемнің басты су
бөлінісі шекарасын анықтады, материктердің геометриялық орталықтарын
есептеп шығарды, кейіннен 1889-1892 жылдар аралығында Жер шарының ендік
белдеулерінің орташа биіктігі мен тереңдігін анықтады, қиын
параллельдерді ашты, құрлықтың белгілі бұзылу зоналарының геологиялық тек-
түріне талдау жасады. Тиллоның Еуропа шегінде және Азия аумағындағы
өзендердің ұзындығы мен өзен бассейндерінің ауданын өлшеген өте ауқымды
картографиялық жұмыстарын классикалық дүние санауға болар: жұмыстың
орасандығын мына сан дәлелдеп береді: тек қана Ресейдің Азиялық бөлігінде
3000-ға тарта өзен ұзындықтары мен бассейндерінің аудандарын анықтаған. Ю.
Шокольский картаны таными құрал ретінде жоғары бағалады. Ол Карта –
географтың ең басты қаруы,-деп жазды. Картаның көмегімен географ өзінің
зерттеу жұмыстарын даярлайды, оған өз нәтижелерін енгізеді, ал карталар өз
кезегінде олардың алға қарай жылжуы үшін қызмет етеді. Карта – адамға бүкіл
әлемді бірден-ақ көруге мүмкіндік беретін, Жер шарын танып-білудің жалғыз
ғана таңғажайып қаруы. Географияда картаны қажетсінбейтін сұрақ жоқ,
сондықтан географ картаны толық білуі тиіс,-деп жазады А. Берлянт.
Шокольскийдің жолымен картометрия мен морфометриялық сұрақтармен Н.Волков.,
Г.Гинзбург., В.Философов., т.б., ғалымдар айналысты. Әсіресе, Волковтың
карта бойынша ұзындық, аудан, көлем өлшеу мәселелері енген, карталар мен
картометриялық жұмыстарының дәлдігі қарастырылған, морфометрияның жеке
бөліктерінің негіздері талданған Картометрияның ұстанымдары мен әдістері
атты монографиясы (1950) іргелі еңбек еді. С.Д.Муравейскийдің еңбегі
гидрологияда картаны пайдаланудың терең әдістемелерінен тұрды. Оның өзен-
көл морфометриясы бойынша зерттеулері картографиялық және математикалық
зерттеу тәсілдеріне классикалық түр үлгісін береді. Кеңестік кеңістікте
географияның жаңа бір бұтағы – экономикалық география пайда болды Және ол
бірден-ақ әлемнің қалыптасуы мен әлемді танудың зерттеу құралы етіп картаны
алды. Экономикалық географияның бастауында карталар мен картографиялық
талдауларға бірінші және негізгі мән үстеген ғалым Баранский болды. Ол
карта географтарға далалық зерттеу жұмыстарында ғана емес, ғылыми
кабинеттердің тыныш жағдайында да қажет екендігін, далалық зерттеулерден
келген мәліметтер қоры арқылы да бөлмеде отырып, географиялық заңдылықтар
мен олардың кеңістікте таралуын, құбылыстардың қатынасы мен мазмұнын ашуға
болады,-деп атап өтті. [5]
Баранский құбылыстың байланыстарын диалектикалық тұрғыда талдай келе,
картаға өз бағамдауыңды енгізуді географиялық ойлаудың басты ерекшелігі
ретінде көрді. Ол географияда картаның мәні мен рөлін анық сипаттап берді:
1) Карта – географияның әліп-биі, яғни географиялық зерттеулердің
бастапқы және соңғы сәті; 2) Карта – көру-бақылау мүмкіндігі шетеулі адам
мен зор өлшемді географиялық зерттеулердің нысаны – Жер шарының беткі
деңгейі арасындағы қажетті көпір; 3) Карта – географиялық заңдылықтарды
анықтау құралы; 4) Карта – географияның екінші тілі; 5) Карта –
географиялылық талаптарының бірі;
Картографиялық әдістің ғылыми танымға ие болуы – картограф Салищев есімімен
де тығыз байланысты. Әдіс теориясының идеясы мен қолданысқа енуінің негізін
қалаған дәл осы Салищев болатын. Ол географиялық карталар іс құралы ретінде
маманға қызмет ете отырып, құбылыстардың жаңа байланыстары мен таралу
заңдылықтарын орнататындығын бірінші рет ерекше атап өті. Сонда Нақтылықты
зерттеу мен үйретудің картографиялық әдісі деген ұғым ең алғаш рет
қолданылған болатын. Осы сәттен бастап, қазіргі зерттеулердің
картографиялық әдістерінің дамуының жаңа бір парағы басталды.
Салищев картографиялық әдістер туралы түсінікті дамытты, оған толық түрде
анықтама берді. Оны жаңа білім мен түсінік алуда, сипаттау, талдау,
құбылыстарды тану және болжам жасау үшін, кеңістіктегі байланысты үйрету
мақсатында карталарды пайдалану,-деп сипаттады. Және ол осы мәселе,
Зерттеулердің картографиялық әдістері туралы (1955), Арнайы карталар
көмегімен нақты сандық анықтамалар туралы (1963), Карта бойынша
құбылыстарды зерттеудегі талдау әдістемелері (1968) тәрізді еңбектерінде
қайта айналып келіп отырды. Картаны таным мен тәжірибелік құрал ретінде
қолдану жайы Гедыминаның еңбегінде де айтылды. Ол картаға жай еңбек заты,
өндіріс өнімі сияқты қарауға болмайды, оның еңбек нәтижесі екенін ұмытпау
керек,-деп, Картамен жұмыс немесе Картаны пайдалану аталатын
картографияның тарауын бөліп қарауды ұсынды. [7]

Картаны пайдалану деңгейі

Алғашында зерттеушілер картаның негізгі артықшылықтары деп оның шолу жасау
мүмкіндіктерін қарастырды, яғни карта жай көзбен көруге болмайтын нәрсені,
білімді реттеу мен жүйелеуді, кеңістіктегі заңдылықтарды ашуды ұсына
алады,- деп есептеді. Картаны пайдаланудың дәл осы деңгейіне
А.Гумбольдттың, В. Докучаевтың, А.Тиллоның еңбектері жатады. Карта
көмегімен айқындалған барлық ғаламдық және аймақтық заңдылықтар сапалық
сипатқа ие болды. Картаны талдаудың негізгі әдісі – салыстырмалы
географиялық әдіс болды, ал жетекші ұстаным – оқымыстылардың шығармашылық
ынтасы еді. Картаны пайдаланудың жаңа деңгейі жаратылыстану ғылымына сандық
әдістердің енгізілуімен байланысты. Салыстырмалы түрде, география,
геология, тарих және осы сынды ілімдер белгілі бір мағынада басқа
ғылымдардан арта қалды. Көш соңында қалудың себептері әртүрлі, бірақ ең
қызығы, кейде картаның артықшылығы географияға математикалық формулалар мен
көрсеткіштердің енуін баяулатты деген пікірлер де айтылды. Өткен ғасырдың
60-жылдары бұл артта қалушылық азайды, сол кездері сандық заңдылықтарды
жүйелеу құралы ретінде картографиялық әдістің жаңа бір қыры ашылды. Бірінше
кезекке картаның өлшемдік мәні шықты, математикалық статистика талдаудың
негізгі тәсіліне айналды, 60-жылдардың орта тұсындағы картаны пайдаланудың
келесі деңгейі алдыңғы деңгеймен тығз байланысты болды. Сол кездің өлшемі
бойынша, карталар зерттеудің логикалық негізі ретінде беки түсті. Енді
карталардың математикалық дәлдігімен қалпы көбірек тиімді бола бастады. [7]
Сандық әдістен математикалық модельдеуге көшу жүзеге асты. География
ғылымдарын математикаландыру картографиялық зерттеу әдістерінің көмегі мен
көпір қызметін атқаруы арқасында іске асырылды. Ең тиімді жол –
математика мен картаны біріктіру болды, картадан алынған мәліметтер
негізінде математикалық модельдеу құрылды. Осылайша карта-математикалық
модельдеу-карта тізбегі пайда болды. Мұндай зерттеу амалы картографиялық-
математикалық модельдеу деген атауға ие болды. Ықпалдастық үдерісінде
математикалық әдіс пен картографиялық талдау басқа да көптеген идеялармен,
көзқарастармен толықты. Ғылымды математикалау картаны пайдаланудың келесі
деңгейіне өтуге даярлады, бұл даярлық зерттеу нысанына деген жүйелі
құрылымдық көзқарастан көрінді. Картаны геожүйені үйрену құралы ретінде
пайдалану мүмкіндігі қарастырыла бастады, картографиялық өнімдердің
жекелеген бөлімдерін ғана емес, бір-бірімен тығыз байланысты кешенді
атластар мен тақырыптық карталардың үлкен топтамаларына назар аудару
қажеттігі туындады. Карта жәрдемімен геожүйенің бөлек бөліктеріне ғана
емес, сонымен қатар, олардың байланыстарына, динамикасына, атқаратын
қызметіне үйрету мүмкіндігін беретін әдістер керектігі туындады. [7]
Жүйедегі логикалық түсініктің заңды жалғасы болжамдық бағыт болды.
Болжамдардың мазмұны мен затына әртүрлі көзқарастағы ғалым-зерттеушілер,
болжамдық бағыттың мақсаты үшін картографиялық әдістерді қолдану мәселесіне
келгенде, бәрі де бірауыздан оның тиімділігін мойындады. Картаны
пайдаланудың деңгейінің дамуы мен келесі жаңа деңгейлік кезеңге өтуі
бұрынғы жетістіктердің құндылығын жоймайды, сандық (картометриялық,
статистикалық) және сапалық талдау, математикалық модельдеу мен жүйелі-
кеңістіктік қамтудың, нәтижелердің дәлдігі мен қорытындысының жалпы талапқа
сай болуының мәселелерін шешуде пайдаланылады. Картаны пайдалану әдістерін
өңдеуде картографтар, геодезистер, геологтар мен геофизиктер, инденерлер
мен математиктер қатысады.
Картографиялық зерттеу әдістері ғылымның әртүрлі салаларында қолданыс
тапты. Олармен жаңа әдістемелермен, нақты ақпартпен, нағыз қажетті
шешімдермен толықтыра отырып, өзіне де жаңа идеялар мен көзқарастарды
қабылдайды. Картографиялық зерттеу әдістеріне шешуші әсер ететін –
географиялық көзқарастың келесі ерекшеліктері көрінеді:картаның затын
бейнелік-белгілік модельдеу мен нақтылықты тану құралы ретінде түсіну;
карта көмегімен зерттеліп жатқан үдерістер мен құбылыстардың мәніне терең
бойлау, әрбір зерттеу нысанына жүйелі көзқарастың болуы; Картографиялық
әдістің басқа да жекелеген әдістермен тығыз қарым-қатынасы, карталар мен
картографиялық емес ақпаратты ұштастыру; картографиялық талдау нәтижесінде
алынған нәтижелердің мазмұнды талқылануына тәжірибелік мәні мен
сенімділігіне берілген бағасына ерекше назар аудару.
Қазір жалпы ғылымның математикаға бет бұруы, әсіресе, қашықтықтан зерделеу
мен бажайлау, ғарыштық мүмкіндіктерді картография ғылымында кеңінен қолдану
мүмкіндігі туған шақта дәлдік пен нақтылық атаулы карта үшін ең алғашқы
талапқа айналды. 2006 жылдың 18 маусымы күні өзінің төл ғарыштық ҚазСат-1
құрылғысын көк жүзіне ұшырған біздің еліміз үшін де енді ғарыштан жеткен
суреттер сандық және әуеғарыштық түсірістерді зерттеу кезінде кеңінен
қолданылады.

Картографияның салалары

Картографияның негізгі салаларына:
· Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім, картографиялық
проекциялар теориясы, генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты
белгілер жүйесі) теориялары;
· Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
· Картографиялық деректерді тану (картографиялық деректер теориясының
мәселелері);
· Карталарды жобалау және оларды дайындау теориясы мен технологиясы;
· Карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі жатады.
Қазіргі ХХІ ғасырда, картографияда өткен ғасырдың 60-жылдарында ғана пайда
болған геоақпараттық картография аталатын саласы қарышты дамып келеді.
Қазақстан да бұл үрдістен әлемдік тұрғыда қарағанда, көш ілгері
мемлекеттермен иық тірестіре алмағанымен, өзіндік даму жолы айқындалып
келеді. Геоақпарат – жер туралы басқа да ғылым салаларымен бірге, геожүйеде
жүретін үдерістер мен құбылыстарды зерттейді, бірақ өзінің тәсілдері мен
құралдарын қолданады. Олардың негізгілері – компьютерлік модельдеу мен
геоақпараттық картографиялау. Картография мен геоинформатика бір-бірімен
көптеген бағыттарда байланысты.

ЖАҢА КАРТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕМЕЛЕР ЖӘНЕ
ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДА ҚОЛДАНЫЛУЫ

ГАЖ-дың карта құрастырудағы рөлі

ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың
құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін,
географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік
белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым.
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар
ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық
үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты
орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен
міндеттерінен көруге болады.
ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі – нұсқаларының географиялық
ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген орындалуына көмектесетін
алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық
зерттеулердің автоматтандырылуы.
ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын
біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда
болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу
техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе. [6]
Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер
мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын,
болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі
ғылым болып отыр. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті
графикалық құрал болып табылады. [6]
ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:
1. Жоғары сапалы картографиялық өнімдерді құру;
2. Мәліметтер базасында ақпараттарды графикалық нысандармен байланыстыру;
3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі;
4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;
5. Басқару мен шұғыл шешімдерге қолғабыс беру;
6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық жүйелермен қарым-қатынас және т.б.
ГАЖ – аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған.
Адам-бағдарлама-машиналық кешен.
ГАЖ – белгілі бір аумақта пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол
жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу.
ГАЖ – аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің
үстіне бірін салу – overlay операциясы.
ГАЖ – аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-
келген картаның жоспар жолы ГАЖ арқылы жасалады.
ГАЖ – кез-келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың
жағдайын уақытында үлгілеу.
ГАЖ кеңістіктік ақпаратты көрнекі ету және динамикалық режимді көрсету.
ГАЖ – аумақтар мен қорларды басқару, жылдамдық, сапа, дәлдік.
ГАЖ – ғылым, технология және бизнетің бір жерде тоғысуы.
ГАЖ – кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция.
Қорыта келгенде, ГАЖ – кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас,
жаңа ойлау. Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде, Дәстүрлі
қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы
ГАЖ құрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тақырыптық
картографиялауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру
дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда
қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан
мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын
сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі
аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта
құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен
толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп,сол мезетте экранға
көрсетеді.
Кеңістіктік деректер – нысан немесе құбылыстың пішіні немесе орналасу
жағдайын анықтайды. Пішініне байланысты оларды: растрлық және векторлық деп
бөледі. Растрлық деректерде – сандық, ғарыштық, әуе және жай суреттер, кез-
келген оптикалық сканерленген құжаттар, қағаз карталарын жатқызуға болады.
Атрибуттық деректер – географиялық нысан туралы қосымша дерек береді.
Кеңістіктік деректер базалық карта құрастырудың негізі болса, атрибуттық
деректер бұл картаға үлкен мағына мен арнайы ерекшелігін береді. Векторлық
деректер моделі-графикалық ақпарттардың нүкте, сызық, көп бұрышты түрде
берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы, құбыр, жол, аудан
шекараларына қолданғанға ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең
ұяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде көрінеді. Олар деректерді сақтауға
және талдауға ыңғайлы. Әр ұяшықтың класқа немесе категорияға қатыстылығын
анықтайтын мәні болады.
Кез-келген ГАЖ-дағы деректерді 5 үрдіс қамтамасыз етеді: енгізу,
манипуляция, басқару, сұраныс, визуализациялау. [6]

Зерттелетін аймақтың картасын құрастыру

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде
құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар.
ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық
мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару,
кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу
сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді.
ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды,
масштабталған жүйесі.
ArcMap – картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ
картографиялық талдау үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен
жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының
жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа
элементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады.
ArcMap-та картада 2 қосымшамен жұмыс жасалады:
1) Географиялық мәліметтер негізінде – географиялық қабаттармен жұмыс
жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді.
Мұнда негізгі картографиялық жұмыстар жасалады.
2) Компоновка негізінде – карталарды безендіру, яғни легенда құрастыру,
тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз
өлшемі беріледі.
ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді
басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты
функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін
құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді
іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру,
басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық
мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды,
бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды. ArcToolbox – мәліметтерді
геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген
құралдарды сақтайтын қосымша.
ArcMap, ArcCatalog және ArcToolbox әртүрлі ГАЖ-функцияларды біріге отырып
өңдейді. Мысалы, ArcCatalog-та картаның құжатын табамыз да, оны ArcMap-та
екі рет шерту арқылы ашуға болады. Кейіннен, ArcMap-та ArcToolbox көмегімен
өзгертулер келтіруге болады.
Қазіргі таңда әлем бойынша, картографияның перспектвасы ретінде танылған
сандық немeсе электрондық картография біздің еліміз үшін де жат емес.
Мәселен, даму бағытының бірі – Ұлттық Атласты (ЭкоАтлас деген атауға ие)
құрастыру барысында география институтының мамандары ArcGIS бағдарламасын
қолданған, сол сияқты басқа да елімізде карта жасау ісімен айналысатын
мекемелер осы бағдарламаларды қолданады.
ArcGIS-те жұмыс жасамас бұрын кеңістікте өз орнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Картаны пайдалану деңгейі
Оқыту құралдарының дамыту қызметі
Карта туралы жалпы тусінік
Орта мектепте географияны оқыту
Әлеуметтік – экономикалық карталар
Сандық карта
Қазақстанның физикалық географиясын оқытуда елжандылыққа тәрбиелеу әдістері
Географиялық карталарды топтастыру
Қазақстан картографиясын дамытудың перспективасы
Жалпы географиялық карталар
Пәндер