Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу


Жоспар
Кіріспе . . . 3
І-тарау. Балалар қараусыздығы - қоғамның көкейкесті проблемасы. . 6
1. 1. Балалар қараусыздығы, қаңғыбастық түсінігі . . . 6
1. 2. Қараусыздықтың пайда болу себептері мен факторлары . . . 9
1. 3. Жетімдік - қараусыздықтың бір түрі ретінде . . . 12
ІІ-тарау. Қараусыз қалған балалар әлеуметтік жұмыстың объектісі ретінде . . . 19
2. 1. Қараусыз қалған балалармен әлеуметтік жұмыс жүргізу . . . 19
2. 2. Бала асырап алу және бала асырап алған отбасымен әлеуметтік жұмыс . . . 30
2. 3. Асырап алу жөніндегі нормативті-құқықтық құжаттар . . . 34
Қорытынды . . . 38
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 40
Кіріспе.
Қоғамда әлеуметтік педагогтармен әлеуметтік қызметкерлер көптеген мәселелермен қақтығысуға тура келеді, яғни қазіргі қоғамымыздағы басты мәселелердің бірі болып есептелетін жағдай ол панасыздармен, үйсіз-күйсіз қалғандармен әлеуметтік жұмыс.
Қараусыздардың туу себебінің үлкен бір факторларының бірі жұмыссыздық. Осы жұмыссыздық салдарынан туатын тағы бір фактор кедейлік.
Біз осы курстық жұмысымызда өзектілік, белгілі факторлардан туатын қоғамдағы жағдай ол «қараусыздық» мәселесі жан-жақты талданады. Қараусыздардың анықтамасына, түрлеріне, оны зерттеудегі әлеуметтік бағыттарына, олармен жүргізілетін әлеуметтік жұмысты ұймдастыру. Сонымен қатар, қараусыздардың әлеуметтік сипаттамасы және оларды әлеуметтік қорғау, қолдау, көмек мәселелері қарастырылады.
Осыған байланысты қазіргі қоғамдағы көп тараған таптардың бірі ол қаңғыбастарды, панасыздарды, бомждарды, енгіземіз. Осының ішінде ең бір қоғамда таралған мәселе ол «панасыздық».
Біз осы курстық жұмысты жазудағы мақсат қоғамда қазіргі таңдағы қараусыздардың жағдайын таныстыру, анықтамалық таным беру, статистикалық деректер негізінде қараусыздардың нақты жағдайын сипаттау әдістерімен таныстыру. Және де сонымен қатар басты негізгі мақсаттарының бірі ол қоғамдағы қараусыздарды немесе кедейлікті жою мәселесі болып табылады.
Қараусыз қалған балалардың қатарына сонымен қатар жетімдер де жатады.
Кедейшілік - ақшасы, дүние мүлкі, үй панасы, жалпы экономикалықжәне әлеуметтік жағдайданөте төмен әлеуметтік топ.
Бомж дегеніміз - тұрақты баспанасы жоқ, өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіндей табыс көзі мүлде жоқ және қылмысқа жақын адам. Бомж сөзсіз ең кедей топқа жатады. Басқа да топтарды атауға болады. Мысалы, жезөкшелер, болмаса оларға жақын топтар. Олар өзінің денесін сатумен айналысады. Кейбір деректерге қарағанда, жезөкшелердің кейбіреулері ақша жинау мүмкіндігіне ие бола алса да, олардың көбі кедейлер. Қаңғыбастар мұқтаждық әйелдердің кейбіреулерін жөзекшелікпен айналысуға итермелейді.
Осы мәселенің аясында курстық жұмысымыздың міндеттері болып «қараусыздықты жою» болып табылады. Осы сұраққа жауап беру үшін біз қазірі таңдағы панасыздықтың қандай орында тұрғанын білуіміз қажет.
Қазіргі дүние жүзінде панасыздық орын алып отыр. Біріншіден, дүние жүзі кедей және бай елдерге бөлінген.
Дамыған елдердің 20 пайыз байлары бүкіл планетаның байлығының 80 пайызын иеленуде. Ал, дамушы және кедей елдердің 80 пайызы планета байлығының 20 пайызын ғана иеленуде. Екіншіден, дүние жүзі елдерінің барлығында кедейлер бар.
Көптеген елдерде кедейлер тұрғындардың жартысын не үштен бірін құрайды.
Дамушы елдер негізінен кедей елдерге жатады. Бұл елдердің әлеуметтік құрылымын негізін кедей тап құрайтын пирамида түрінше көрсетуге болады. Кедейлер АҚШ, Канада, Жапония, Германия, Скандинавия сияқты елдерде бар. Дегенмен, бұл елдерде кедейлер деңгейі өте аз мөлшерді құрайды.
Біздің қоғам дамуындағы күрделі әлеуметтік экономикалық жағдайға және нақты қоғамдық тығырыққа тірелу, адам ағзасына қауіпті экологиялық орта дәрігерлік қызметтің нашақорлығы, балалардың денсаулығына, мінез-құлқына, оқытуға байланысты әлеуметтік психологиялық бейімделуге қатысты қиын мәселелерді тудырып отыр.
І-тарау. Балалар қараусыздығы - қоғамның көкейкесті проблемасы.
1. 1. Балалар қараусыздығы, қаңғыбастық түсінігі.
Жастар ортасындағы теріс мінез-құлық қалыптарының кеңінен тараған түрлеріне қараусыздық пен қаңғыбастық жатады. Бірінші түсінік жастар ортасындағы жасы кіші - балалар және жасөспірімдерге қолданылады, екіншісі олардан ересектеу жастағы жастар тобына қолданылады.
Қараусыздық, қараусыз өткен балалық - кең тараған, күрделі қоғамдық апат. Қараусыз қалғандар - педагогикалық бақылау мен қамқорлықтан шет қалған, қоғамдық өмірлері денсаулықтарына зиянды жағдайларда өмір сүретін жасөспірімдер. Қараусыз қалғандар деп ата-анасынан (немесе қамқоршыларынан) және үйлерінен айырылғандарды ғана есептемеу керек. Егер ата-аналары (немесе қамқоршылары) балаларды тамақ бермей, қатал ұстап, өзі үлгі көрсетіп қылмыс жасауға итермелесе, мұндай ата-аналардың балалары да қараусыз қалған болып есептеледі.
Әлеуметтік құбылыс ретіндегі қаңғыбастық жастардың өкілдерін ғана емес, олардан да ересек адамдарды қамтиды. Ол тұлғалардың белгілі-бір тұрағынсыз еліміздің аймағында, болмаса жергілікті жерден, қаладан тыс жерлерде ұзақ уақыт бойы қаңғырып жүруімен сипатталады. Қаңғыбастық қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатсыздықтың көрсеткіші болып табылады.
Ұзақ уақыт бойы қаңғыбастық қылмыстық тәртіп жүзінде азаматтардың қоғамдық пайдалы еңбектен бас тартуы, паразиттік өмір салтын сүру, әлеуметтік жалқаулық белгілері ретінде қуаланған болатын. 1995 жылы Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 201-1 бабы бойынша қаңғыбастық өмір кешетін тұлғаларды еңбекпен түзету жұмыстарымен жазалау немесе бір-екі жылға бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тарту алынып тасталды, өйткені ол Республиканың Конституциясында көрсетілген еңбек пен тұрақты орнын ауыстыруға бостандық беру кепілдігіне қайшы келді.
Жазаны алып тастау, әрине, проблеманы алып тастамайды. ТМД елдерінің барлығында, соның ішінде Қазақстанда қараусыздық пен қаңғыбастық өткір, әрі аумақты проблема болып, әлеуметтік қызметтер жағынан аса басты назар аударуды қажет етіп отыр.
Бұл құбылыстың таралуын түсіндіру мүмкін емес, ол туралы статистика да жүргізілмеген: олар жайлы кейбір зерттеулерге, жанама көрсеткіштерге (қылмыс жасаған қараусыз қалғандар мен «бомждардың» саны) қарап қана айта алады. Мысалы, Ресейде әлеуметтік-экономикалық проблемалардың РАН институтының есептеуінше қараусыз қалғандар саны 4 миллиондай адам. Қазақстандағы бұл құбылыстың аумағы туралы мынадай жанама мәліметтер келтіруге болады: Семей қаласында (республикадағы осы көрсеткіші аса қолайсыз емес қала) жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реабилитациялау Орталығын әр күн сайын 20-дан астам қараусыз қалған балалар - кірлеген, жүдеген, педикулезбен, басқа да тері ауруларымен ауыратын балалар баспана қылады екен. 2000 жылы 6 ай ішінде Алматы қаласының жасөспірімдердің уақытша бөлу, бейімдеу және реабилитациялау Орталығына 1000 бала әкелініп, тапсырылған, олардың 231 Алматы қаласының тұрғыны, 489 - Қазақстанның алыс және жақын аймақтарынан келген, 257 - ТМД елдерінен (Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан) келсе, олардың 75-і 3-тен 7-жас аралығында, 8-ден 13-ке дейін - 496 бала, 223- 14-тен 16-ға дейін, 205 - 16-дан 18-ге дейінгі балалар болып шыққан.
РАН тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық проблемаларының институтының жүргізген зерттеулері мынадай «қараусыз қалған адамның типтік» портретін жасаған: бұл жасы 8-ден 15 жас аралығындағы жасөспірім, әдетте қалалық тұрғын (ауылда адамдар бір-біріне жанашырлықпен қарап, көмектесіп тұрады), олардың 83 % ұл балалар, бірақ соңғы уақыттары қыз балалар көбейіп келеді, 57 % - үлгерімі нашар балалар, кейбірі бірнеше жыл бір сыныпта отыр, көпшілік қараусыз қалғандардың отбасы бар, 8 % отбасы толық, 24 - толық емес, 16 % ата-аналарымен, әжелерімен, аталарымен тұрады, қалғандары балалар үйінен қашып кеткен.
Осы зерттеулерден байқағанымыздай, 1996-2000 жылдары пайда болған қараусыз қалғандар үрдісінің шамамен 70 % топтарға біріккен, оларды ересек жасөспірімдер, тіпті ересек адамдар басқарады. Мұның еш жақсылығы жоқ: топта олар өздерін топта жазаланбайтындай сезінеді, агрессивті және ашуланшақ болып келеді, дегенмен оларға онда өмір сүру оңай, ақша таба алады, өздерін қауіпсіз сезінеді, егер қауіп төне қалса бір-біріне көмектесе алады. Қоғамдағы индивидуализм идеясының кеңінен тарауы жасөспірімдер үшін де өз ізін қалдырды, сол себепті қазір мұндай топтар азайған. Одан басқа да себептер бар: оқығысы келетін оқушылар саны екі есеге азайған, бұл балалар аса еңбектенбей-ақ ақша тауып, өмір сүруге болатыны «түсінген». 1996 жылғы қараусыз қалғандарды сұрағанда, оларда әлі де болса, қоғамның көмектесетініне кішкентай да болса үміттері бар екені анықталған. Қазіргі қараусыз қалғандар қатал, өзгелерге сенімсіздеу, ештеңеге сенбейді: ешқандай көмек керек жоқ деген балалар тобының саны екі есеге өсті, ешкім оларға көмектесе алмайды деген балалар саны 17 % - дан 56 % - ға дейін өсті. 1
Бұл мәліметтер Ресей зерттеулерінен алынған, бірақ бұрынғы ортақ өткеніміз бен қазіргі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-психологиялық жағдайларымыздың ұқсастығын ескерсек, оларды қазақстандық қоғамға да тән деп айтуға болады.
Қараусыздық пен қаңғыбастық - баланың, жасөспірімнің, жас адамның жеке драмасы емес, ол әлеуметтік апат, әлеуметтік қауіп, ол мыналардан көрінеді:
- алғашқы қоғамдық ырғақтан (оқу, еңбек) үлкен адамдар тобы қысқартылады, қоғамның еңбек және білім беру әлеуеті азаяды: себебі қараусыз қалғандар мүлдем оқымайды, «бомждардың» көпшілігінің білімі орта және арнаулы-орта;
- қылмыс үшін және қосымша криминалдық факторға қолайлы орта қалыптасады: мамандардың ойынша, 85 % қараусыз қалғандар мен 35 % «бомждар» суық қаруға ие, олар көптеген төбелес, ұрлық, тонау, ауыр қылмыстардың қатысушылары;
- әлеуметтік «түпте жатқан» өкілдердің антисанитариялық жағдайларда өмір сүруінен олар көбіне әртүрлі аурулардың құрбандары, әрі тасушылары болып келеді: мемлекет қаңғыбастықтың санитарлық-гигиеналық аспектілерімен айналысуға мәжбүр болып отыр.
1. 2. Қараусыздықтың пайда болу себептері мен факторлары.
Қараусыз қалған және «бомждарға» айналған жас адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырмас бұрын, қараусыздықты болдырмай, қаңғыбастықты барынша шектеу үшін олардың пайда болуын макро және микросоциалдық деңгейде себептерін білу өте маңызды.
Әлеуметтік-экономикалық себептерге ұзақ уақыт бойы еңбек салтын бұзатын және адамдардың бұзылуына әкеп соғатын мынадай факторлар жатады: экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық, аштық, эпидемиялар, әскери жанжалдар немесе табиғи катаклизмалар әсерінен болатын үдемелі миграциялық процестер.
Әлеуметтік-экономикалық себептердің салдары болып есептелетін әлеуметтік-психологиялық себептер ең алдымен отбасындағы дағдарыспен, айырылысулардың көбеюімен, ата-анасының бірінен айырылу, отбасындағы көңіл-күйдің ширығуы, балаларға қатал қарау, денесіне жарақат салардай жазалау, кейде ересектер тарапынан сексуалдық зорлаулармен байланысты. Сонымен қатар, жиі кездесетін факторларға маскүнемдік пен алқаштық, токсикомания, нашақорлық жатады.
Қаралып отырған құбылыстардың, соның ішінде қараусыздықтың психологиялық себебіне жасөспірімдер арасында психофизикалық аномалияның, асоциалдық мінез-құлық белгілерінің, кері қылықтарға бейімділік, қылмыстық романтикаға қызығушылық сияқты құбылыстардың өсуін жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар оларды генетикалық бейімделуден болған дейді. Болашақ ұрпақтың 3-4 % осыларға жатады деген де пікір бар. Шындығында осы себептер өзара байланысты, бір-бірін толықтырып, айқындап тұрады.
Қоғамның дамуының өтпелі кезеңінде, әлеуметтік-экономикалық өмірдің тұрақсыздығы жағдайында, реформаларды жүзеге асыру кезі халықтың негізгі бөлігі үшін ауыр болады, балалардың, жасөспірімдердің өміріне теріс әсер етіп, қараусыздықты тудыратын қосымша факторлар іске қосылады. Ондай факторларға мыналарды жатқызуға болады:
- халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі, отбасындағы балаларды асырау жағдайының нашарлауы;
- нарықтық қатынастар мен мемлекеттің бюджеттік арнайы ақша бөлуінің қысқаруына байланысты балалар мен жасөспірімдердің демалыстары мен бос уақыттарын өткізуді (спорт мектептері, юннаттар станциясы және т. б. ) қамтамасыз ететін инфра құрылымның таратылуы;
- үлкендердің еңбек ақыларын кешіктіруге, жұмыссыздыққа және т. б. жағдайлар әсерінен психоэмоционалды күштің өсуі, өз кезегінде жас ұрпаққа тікелей әсер етпей қоймайды;
- балалармен отбасында және интернаттық мекемелерде олардың тағдырларына жауапкершіліктің төмендеуіне байланысты қатал қарауының кеңінен тарауы, мемлекет пен қоғам тарапынан олардан алшақтықтың тереңдеуі;
- білім беру мен мәдениет салаларының коммерциялануы.
Барлық осы факторлар қандай да бір дәрежеде ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да орын алған. Жоғарыда көрсетілген факторлардың қалай болса да отбасына келіп тірелетінін байқау қиын емес, себебі осы отбасы қараусыздыққа «жіберудің механизмі» рөлін орындайды (ерікті түрде не еріксіз түрде) .
Қараусыз қалғандардың негізгі психофизикалық қасиеттері үйсіз өмірде қалыптасады, мазмұны көшедегі қатал күрес пен үлкендердің тәрбиелік көмегі мен қалыпты балалардың ортасының болмауынан қалыптасты. Қараусыз қалғандарды өзін-өзі сақтау инстинкті өте жоғары дамыған, оны өзімен жасты балалар мен жасөспірімдерден байқай алмайсыз. Эмоционалды қозушылық жақсы байқалады, оны көбіне жасанды қоздырғыштар - алкогол, есірткі, тұрмыстық химия заттарын қолдану арқылы күшейтіп отырады. Жыныстық өмірдің сезімтал элементтері қалыпты жастық физиологиялық нормадан бұрын жетіледі де, ол тәртіпсіз жыныстық қатынастарға бару, жезөкшелікке әкеп соғады. Авантюристікке деген ұмтылыс байқалады, ол тәртіпсіздік пен еңбектегі тұрақсыздықтың қалыптасуына әсер етеді. Тіршілік үшін күрес деструктивтік бағыттылықтың агрессивті қасиеттерін қалыптастырады.
Үйсіз өмірдің салдарынан психикалық және физикалық денсаулық пен дамудың жағдайын бұзады. Көптеген қараусыз қалғандарда асқазан-ішек трактасының жұмысының бұзылуы, бронх - өкпе жүйесінің бұзылуы, аллергиялық аурулар, венериялық аурулар жиі кездеседі.
Үлкен өзгеріске қараусыз қалғандардың жеке басы ұшырайды. Мамандардың айтуынша, қараусыз қалып 3-4 ай өмір сүру - десоциализацияның табалдырығында тұру деген сөз. Жас қараусыз қалғандарда әлеуметтік нормативтілік деңгейі төмен, әлеуметтік қажеттіліктер шеңбері шектеулі, негізгі қызығушылықтары: ішімдік, құмар ойындар, қоғамда қабылданған негізгі нормаларға ашық қарсы келу.
Мұндай орталарда жабайы дене күші, басқалардан үстем болу және басқалары жоғары бағаланады.
Қараусыз қалғандар мен «бомждарға» кез-келген маргинальдық (лат. - жиекте, жол жағасында тұру) тұлғаларға тән психо - әлеуметтік қасиеттер тән: ертеңгі күніне деген сенімсіздік, өмірлік маңызы бар мақсаттарды жауып тастау; агрессивтілік пен бұйығу арасындағы ауытқулар, ақылмен ойлауға емес көңіл-күйге және түрткі болған ойға беріліп әрекет етуге бейімділік; басқару объектісі болуға қабілеттілік, өзгерістерге күдікпен қарау, өз жағдайының нашарлауынан, мәртебесінен айырылып қалудан қорқып, агрессивті қорғануға қабілеттілік.
1. 3. Жетімдік - қараусыздықтың бір түрі ретінде.
Бүгінгі таңда күнделікті қолданылып жүрген және теориялық зерттеулерде кең тараған екі ұғым қалыптасқан, олар: жетімдік және әлеуметтік жетімдік ұғымдары.
Жетім балалар - бұл 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған бір немесе екі бірдей ата-анасынан айрылған балалар.
Әлеуметтік жетімдер - бұл өзінің туған, биологиялық ата-анасы бар, бірақ белгілі бір себептермен өз баласының тәрбиесімен айналыспайтын, баласына қамқорлық жасай алмаған ата-аналардың балалары. Мұндай жағдайларда балаға қамқорлық жасау жауапкершілігін қоғам мен мемлекет өз қолына алады.
Демек, ата-ана қамқорлығысыз қалған балаларға мынандай категориядағы балалар жатады:
- ата-анасы қайтыс болған;
- ата-анасы ата-аналық құқығынан айрылған;
- ата-аналық құқығы шектелген;
- ата-анасы жоғалып кеткен;
- ата-анасы жазасын өтеу және түзету колонияларындағы;
- мүмкіндігі шектелген;
- қылмыстық іс бойынша айыпталып, ата-анасы қатаң қадағалаудағы;
- емдеу және әлеуметтік мекемелердегі баласын уақытша орналастырған мекемелерден баласын алудан бас тартқан ата-аналардың балалары жатады.
Ата-ананың қамқорлығысыз қалған балалар болған, және қазір де бар. Мұндай жағдайда қоғам мен мемлекет балалардың дамуы мен тәрбиесін, балалрға деген қамқорлықты өз қолына алып отырған.
Өткен ғасырларға көз жіберсек, қамқорсыз қалған балаларға көрсетілетін әлеуметтік көмек терең мәдени-тарихи дәстүрді көрсетеді.
Ата-анасының аялы алақанынан ерте айырылған балалардың болашақтағы өмірін дұрыс қалыптастыру мақсатында, оларға педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік көмек беру мақсатында түрлі мемлекеттік мекемелер жұмыс істей бастады.
Ұлы Қазан революциясынан кейін мемелекет өте ауыр жағдайдағы балаларды қамқорлыққа алуға мүдделі болды. Өйткені, сол кезеңде жетім және қамқорсыз қалған балалардың саны күрт өсіп, әлеулеметтік-педагогикалық мәселелер шұғыл шешім қажет ететін мәселе болды. Ресейден бастап, барлық одақтас мемелекеттер ішінде кәмелет жасқа толмағандарды әлеуметтік-құқықтық қорғау жүйесі құрыла бастады. Бұл жүйенің негізгі тапсырмаларының бірі ата-ананың қамқорлығысыз қалған балаларды тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
XX ғасырдың 20-шы жылдары елімізде қамқорсыз қалған балаларды әлеуметтік қамтамасыздандыру мақсатында әр түрлі категориядағы балалар үйі құрылды. Олар : мектепке дейінгі, оқу жасындағыларға арналған, кәсіби білім беретін, емдік және мүгедектерге арналған мекемелер. Сонымен қатар, тәрбиесі қиын балаларға арналған еңбек колониялары мен еңбек коммуналары, мұндағы тәрбиеленушілердің көпшілігі жетімдер немесе отбасымен байланысы айрылған балалар.
80 жылдары қамқорсыз қалған балалармен жұмыс істеу мекемелер жүйесі өсті: жаңадан отбасылық балалар үйі, бала асырап алатын отбасылар пайда бола бастады. Сонымен қатар бұл мекемелердің жұмыс істеу функциялары да өсті, баланы әлеуметтік қорғау, медико-психологиялық-педагогикалық реабилитациясы, қоғамдағы осындай балалардың әлеуметтік бейімделуі мен интеграциясы, міне осының бәрі жаңа жұмыс функциялары.
Жетімдік- әлеуметтік құбылыс ретінде адамзат қоғамы пайда болғаннан бері бар. Барлық уақытта соғыстар, эпидемиялар, уайым-қайғы т. б. нәтижесінде ата-аналарынан айырылған жетімдердің пайда болуына әкеліп соқты.
Қазіргі кездегі жетімдіктің негізгі себебі болып біріншіден, ата-аналардың баласынан бас тартуы, екіншіден, ата-аналық құқығынан шеттелуі, үшіншіден, әлеуметтік соққылардың нәтижесінде балалрдың ата-ана қамқорлығынсыз қалуы, төртіншіден, ата-ананың тілеуінсіз туған нәрестелердің тууы саналады.
Отандық заңда жетім балаларды екі категорияға бөліп қарастырады:
- жетім балалар;
- қамқорсыз қалған балалар.
Жетім балалар қатарына бір не екі бірдей ата-анасынан айрылған балалар жатады.
Қамқорсыз қалған балалар қатарына ата-анасы бар бірақ олармен әр түрлі жағдайдың нәтижесінде байланыстары үзілген балалар жатады.
Әлеуметтік жетімдік-бұл әлеуметтік құбылыс қоғамдағы балалар санынан көрінеді. Оған:
- ата-аналарынан айрылған,
- ата-аналық құқығынан айрылған, ата-ана қарауынсыз қалған,
- ата-аналық парызын орындау мүмкіндігі жоқ,
- ата-анасы белгісіз кеткен балалар жатады.
Бұған сонымен қатар заң жүзінде құқығынан айрылмаған, бірақ факт жүзінде қамқорсыз қалған балалар да жатады.
Әлеуметтік жетімдік отбасында кризистік жағдайдан болған құбылыс.
Баланы не әкесі, не анасы ғана жалғыз тәрбиелеген айырылысу жағдайы, некесіз туған балалар, ата-аналарының жұмыссыздығы балалардың мінез-құлқының, адамгершілік қасиеттерінің ауытқушылығына әкеледі.
Әлеуметтік жетімдіктің көбеюінің себебі болып:
- ата-аналардың ата-аналық құқықтарынан айырылғандардың санының өсуі
- ер жеткен балалардың ата-аналары сияқты ата-аналық құқығынан айырылуы,
- тұрғындардың кедейленуі,
- нашақорлық пен араққұмарлықтың өсуі,
- ата-аналардың денсаулық жағдайына, физикалық немесе психикалық жағдайына байланысты балаларын тәрбиелеуге мүмкіндігі жоқ отбасылар санының өсуі,
- қалыпты өмір сүру мүмкіндігі жоқ отбасылардың көбеюі,
- кәмелет жасқа толмаған ата-аналардың балаларды тастап кетуі табылады.
Балалық шақтың бал дәмінен ерте айырылатын осындай балалармен жұмыс қиын да күрделі, жауапты іс болмақ.
Жетім балаларды және ата-аналарының қамқорлығысыз қалған балаларды мемлекеттік қорғауға алған мекемелер қатарына жетім балалар мен, ата-ана қамқорысыз қалған балалар, тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету мекемесі, оған: ақыл-ой және физикалық жетіспеушілігі бар мүгедек балаларға арналған интернат-балалар үйі, қамқорсыз қалған балаларға көмек көрсететін әлеуметтік-реабилитациялық орталықтар жатады. Сонымен қатар, денсаулық сақтау мекемесі және тағы басқа заң бойынша бекітіліп құрылған мекемелер.
Туғаннан кейін 3 жасқа дейінгі балалар сәбилер үйіне орналастырылады. 3 жасқа толғаннан кейін қамқорсыз балаларды мектепке дейінгі және мектеп жасындағы физикалық және ақыл-ой жетіспеушілігі бар балаларға арналған арнайы интернаттарға ауыстырып, емдеуге жібереді. Ал егер дилинквентті тәртіптегі балалар болса, онда оларды арнайы жабық интернаттарға орналастырады.
Интернаттық мекемелік жағдайда тәрбиеленген балалардың дамуы әлі күнге дейін өткір де актуалды мәселе болып қалып отыр.
Әлеуметтік педагогтар мен бала асырап алушы отбасымен жүргізілінетін жұмыс іс-әрекетін мынадай этаптарға бөлуге болады, бұл этаптардан әлеуметтік педагогтың іс-әрекетінің функциясы мен методтарын бөліп шығарамыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz