Қызметтік этикет принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет

Негізгі бөлім

І тарау.

Мемлекеттік қызметшіге қойылатын этика талаптары

І.1. Қызметтік этикет принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 бет
І.2. Қызметтік қарым-қатынас этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 бет
І.3. Мемлекеттік қызметші этикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10 бет

ІІ тарау.

Мемлекеттік қызметші имиджі

ІІ.1. Мемлекеттік қызметші имиджінің қалыптасуы ... ... ... ... ... 20 бет

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25 бет

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі. Соңғы кездері мемлекеттік қызметшінің этикасы мен
имиджіне үлкен мән берілуде. Мемлекеттік билікке қатысатын тұлғалардың
мінез-құлық нормалары мен принциптерін негіздеудің де мән-маңызы зор.
Мемлекеттік қызмет өткеру мемлекет пен қоғам тарапынан білдірілген зор
сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшінің моральдық бейнесі мен
имиджіне жоғары талаптар қояды.
Мемлекеттік қызметші этикасы – маманданған ерекше топтың іс-әрекетінің
нақты нормалары мен мінез-құлық стандарттарының белгіленген жүйесі. Бұл
топтың негізгі міндеті – мемлекеттік қызметті іске асыруды қамтамасыз ету.
Мемлекеттік қызметші қызметінің негізін қалайтын приципі, негізі
міндеті – қоғам мен мемлекет мүддесі. Сондай-ақ,тақырып өзектілігі –
мемлекеттік қызметші этикасы мен имиджінің арнайы зерттеу нысаны ретінде
қарастырылуында.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Негізі мақсат – Мемлекеттік
қызметшінің алтын стандартты этикасы мен оң имиджін қалыптастырудың
жолдарын іздестіру. Мемлекеттік қызметке мемлекеттік қызметші этикасы мен
имиджінің әсерін қарастыру. Жұмыс негізі нысананы қамти отырып,
мемлекеттік қызметшінің этикасы мен имиджін қалыптастырудағы сан түрлі
пікірлерді танытуды да мақсат тұтады. Бұл мақсатқа жету жолында негізі
міндеттер ретінде мыналар алға қойылады:
- Қызметтік қарым – қатынас этикасының негізі принциптерін айқындау;
- Мемлекеттік қызметшінің этика ережелерін саралау;
- Мемлекеттік қызметшінің оң имиджін таныту;

І.1. Қызметтік этикет прициптері.
Еңбек шеңберіндегі адамдар қарым-қатынасы әр түрлі нормативтік
кодекстермен реттеледі. Өзін-өзі ұстаудың сыртқы түрлерін реттейтін, мінез-
құлықтың қалыптасқан ережелері мен тәртіптер жиынтығы этикет деп аталады.
Этикет - француз сөзі, қоғамда өзін-өзі ұстай алу манерасы деген
мағынаны береді. Қоғам өмірін зерттеген қазіргі заманғы зерттеушілер және
тарихшылар пікірінше этикеттің отаны ХІV ғасырдағы Италия болып есептеледі.
Италия сол кездегі Англия, Германияға және Францияға қарағанда
тектілігімен, бай және текті адамдарда қалыптасқан қоғамда өзін-өзі ұстай
алу қабілеті болуымен ерекшеленген. Этикет ережелері ең алғаш сарайларда
туындаған және соған байланысты сарайлық немесе мемлекеттік деп аталады.
Патшалардың кездесу кезінде өзін-өзі ұстай білу нормалары
дипломатиялық этикетті өмірге әкелді. Дипломаттар кездесу кезінде
мемлекеттің көзқарасын білдірді. Дипломатиялық этикетпен бірге әскери
этикет дамыды. Әскери этикет әскерде тәртіптің болуы үшін қалыптасқан
ережелердің жиынтығын құрады. Этикет түрлерінің ең жасы - қызметтік
этикет. Қызметтік этикетке қойылатын талаптар уақыт өткен сайын және
қоғамдағы әртүрлі факторлардың әсер етуінен өзгереді. Өзін-өзі ұстау
манерасы адамның ішкі мәдениетін және ой-өрісін көрсетеді. Қызметтік этикет
ақыл және ішкі құндылықтарға негізделген қызметтік қарым-қатынастың негізін
құрайды. Сонымен бірге қызметтік этикет – адамның мәдениеті мен ішкі
құндылықтарының сыртқы көрінісі. Қызметтік этикет төмендегідей принциптерге
негізделеді:

1. Ақыл – парасат. Ақыл – парасат қызметтік этикетке қарсы келмеуі
тиіс және қызметтік этикет тәртіпті сақтауға, ұйымдастыруға,
уақытты үнемдеуге және басқа да мақсаттарға бағытталғанын
көрсетеді.
Қызметтік қарым-қатынасты, қарым –қатынаста қалыптасқан
ережелерді бұзатын этикет нормалар ақыл – парасатқа
негізделмеген деп есептеледі.

2. Еркіндік. Еркіндік қызметтік этикеттің нормалары мен
ережелеріне қатысты болады. Қызметтік этикеттегі еркіндік
бизнестегі әріптестерін таңдаудағы және тараптардың
келісімдерді орындайтын әдістерді таңдауындағы еркіндікпен
сипатталады. Қызметтік этикеттегі еркіндік принципі
төмендегідей факторлармен шектелген:
• Ақыл- парасат;
• Климаттық жағдайлар;
• Салт-дәстүр;
• Ұлттық ерекшеліктер;
• Саяси режимдер және т.б.

3. Этика. Қызметтік этикетті құрайтын нормалардың, стандарттардың,
ұсынымдардың мазмұнынында, мән-
мағынасында этика, мораль жатуы тиіс.

4. Ыңғайлылық. Қызметтік этикет нормалары әріптестерге салынған
кісендей болмауы тиіс және адамдардың қызметтік қарым –
қатынасына және қызметтің дамуына кері әсерін тигізбеуі керек.
Қызметкерге отырған бөлмесінен бастап, киген киімі, жұмыс
үстелі және т.б. ыңғайлы болуы тиіс. Бұл ыңғайлылықпен
қызметтік қарым – қатынаста жүрген барлық мамандар қамтылуы
керек.

5. Мақсаттылық. Бұл принципке сәйкес қызметтік қарым-қатынас
этикеті белгіл бір мақсатқа жетуге қызмет етуі тиіс. Қызметтік
қарым –қатынастың түрлері – презентация, келіссөздер жүргізу,
қызметтік әңгімелесу және т.б.- әртүрлі мақсатқа негізделген
және қызметтік қарым-қатынас аспектілері осы мақсаттарға сәйкес
келуі тиіс.

6. Үнемділік. Қызметтік қарым-қатынас этикеті өте қымбатқа
түспеуі тиіс. Қымбатқа түсетін ерекшеліктер этикет нормалары
болып есептелмейді.

7. Консерватизм. Қызметкердің жүзіндегі, өзін-өзі ұстаудағы
консерватизмі басқа әріптестердің көңіліне сенімділік ұялатады.

8. Өзін еркін ұстай алу. Қызметтік қарым-қатынас этикеті
нормаларын сақтау психологиялық тұрғыдан қиындықтар, кері
әсерлер тудырмау керек, қайта жеңіл орындалатын, табиғи және
шиеленіссіз болғаны дұрыс.

9. Әмбебаптық. Бұл принципке сәйкес қызметтік қарым-қатынас
этикетінің әрбір нормалары қызметтік қарым-қатынастың әр
саласын қамтуы тиіс.

10. Тиімділік. Бұл принцип қызметтік қарым-қатынас стандарттары
қызметтік қарым-қатынастағы келісім-шарттар мерзімінің,
ұжымдағы жанжалдардың санын азайтуға негізделген.

Этикет принциптері императивтік сипатта көрініп, әдетте адамның
істеуі қажетті немесе қажетсіз іс-әрекеттері сияқты жеке этикалық
нормаларға негіз болады. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің
Ар – намыс Кодексіне сәйкес мемлекеттік қызметшілер қызметіндегі түр мен
мазмұн алуандығы конституциялық құрылымды қолдауды қамтамасыз етуге,
Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Заңдарын сақтауға қызмет етеді.
Заңдылықты принципті сақтау, Конституция мен Заңдардың өзге нормативтік
актілер мен лауазымдық нұсқаулардан жоғары тұруы мемлекеттік қызметшінің
жұмысындағы маңызды принциптердің бірі болып табылады.
Заңдылықпен бірге мемлекеттік қызметтегі этика принциптерінің және
мемлекеттік қызметшінің қызметтік бағасын беретін маңызды компонент болып,
көне римдіктер тұрақтандырған мемлекеттік құрылым негізі дегеніміз
- әділдік ұғымы да табылады. Бұл ұғымды жүзеге асару азаматтардың заңды
мүдделері мен құқықтарын, әлеуметтік қажеттерін қанағаттандырудың заңдық
және өкілеттік пайдаланылуы болып табылады. Он мәні – мемлекеттік қызметші
осы қоғам азаматтарымен қоғам қызметшісі ретіндегі қарым-қатынасын реттеуі.
Әділдік іздеу талабының қанағаттандырылуы – қоғамның әлеуметтік жалпы
жоспарындағы моральдық күтуінің ең маңыздысы, сонымен қатар кез-келген
қарама – қарсы күштер жағдайында әр адамға қатысты маңызды болып табылады.
Мемлекеттік қызметші тарапынан болған әрбір әділетсіздік өкімет абыройына
моральдық зиян келтіреді.
Әділеттіктің этикалық принципі біреуге жеңілдік немесе артықшылық беру
арқылы екінші біреуді кемсітуге, адамдардың жеке іскерлік қасиетін
бағалауда субъективтілікке жол бермеуден де көрінеді.
Лауазымдық тұлғаның міндеттерін қарастыратын Қазақстан Республикасы
мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексі азаматтар бостандығы мен
құқықтарын қорғау мен сақтауға, мойындауға негізделіп, әр адамға деген
құрметті, он проблемелерына деген ден қоя білушілікті, жеке тұлғаның
егемендігі мен қадір-қасиетін мойындауды, сыйлауды нақты талап ететін
ізгілікті этикалық принциптерден жинақталған.
Қазіргі көптеген адамдардың танымында мемлекеттік қызметшіні
кәсіпкерлер мен мемлекеттік кәсіпорын, өзге де құрылымдар мүддесін
қанағаттандырушы ретінде тану жиі кездеседі. Лауазымдық жұмысында
мемлекеттік қызметші өзінің жеке мүддесін қоғамдық мүддемен біріктіре
отырып, қалтқысыз қызмет етуге, тәуелсіз және сатылмайтын болуға міндетті.
Бұл-оның лауазымдық қызметінің басты шарты. Бұл принципті бұзу өзінің
лауазымдық қызметі шеңберіндегі ғана емес, пара берушіні де заң бұзушылыққа
итермелейтін сыбайлас жемқорлық фактілерінен, пара алудан көрінеді.

І.2. Қызметтік қарым-қатынас этикасы.
Этиканы екі бөліп қарастыруға болады: жалпыхалықтық немесе
әмбебап және қызметтік этика.
Қызметтік этика іс-әрекеттің әр түрлі түріне тән талаптар,
стандарттар, нормаларды жүйелейді. Сондықтан қызметтік этика-тәртіп
кодексі. Қызметтік қарым-қатынас этикасының негізгі принципі жалпыға бірдей
алтын стандарт болып қабылданды: Қызмет бабы шеңберінде
өзіңе қатысты болғанын қаламайтын әрекетті бағыныстыларыңа, басшыларға,
әріптестеріңе қатысты да болдырмау керек.*

Екінші принцип: Қызметкерлерге қызмет бабында қажетті
ресурстарды (қаржылық, материалдық ж.т.б.) бөлген кезде әділ болу.

Үшінші принцип: Қай уақытта және кіммен болса да жіберілген
этикалық қателіктерді міндетті түрде түзетуге талап қойылу керек.

Төртінші принципке сәйкес қызметкерлер өзінің қызметтік қарым –
қатынасы, іс-әрекеті арқылы мекеменің моральдық тұрғыдан дамуына жадай
жасауы тиіс.

Бесінші принцип: Бұл принцип төртінші принциптің жалғасы болып
есептеледі. Қызметкерлер өзінің қызметтік әрекеті арқылы этикалық
нормаларды бұзбауы керек.

Алтыншы принцип: Бұл принцип негізінде бір мекеменің
қызметкерлері басқа мекемелерде қалыптасқан ережелерге, дәстүрлерге
түсіністікпен қарау этикалық нормасы жатыр.

Жетінші принцип: Жалпыхалықтық этикаға сәйкес жеке тұлғаның
өзінде қалыптасқан және этикалық нормалардың үндесуі.

Сегізінші принцип: Қызметтік қарым – қатынаста қабылданған
шешімдерді өңдеу, тарату әрекеті негізінде жеке және ұжымдық қарым –
қатынас этикасы жатады.

Тоғызыншы принцип: Қызметтік мәселелерді шешуде өзіндік жеке
пікірін білдіруге қорықпау керек.

Оныншы принцип: Қызметтік қарым-қатынас негізінде
бағыныстыларына күш көрсетушілік және т.б. сияқты әр түрде көрінетін
қысымшылықты жасауды ешқашан болдырмау.

_______________________
* Ботавина Р.Н. Этика деловых отношений.-М.,2003.-стр.5

Он бірінші принцип: Этикалық нормалар стандарттары мекемеге
бір бұйрықпен енгізілмейді. Қызметтік қарым-қатынас этикасы менеджерлер
және қызметкерлердің күш салуы арқылы бірте-бірте мекемеге енгізіледі.

Он екінші принцип: Қызметтік қарым – қатынастың этикалық
нормаларына көптеген қызметкерлер күнделікті қызметінде қарсы әрекет
ететінін ұмытпау керек.

Он үшінші принцип: Бұл принципке сәйкес әрбір қызметкерге сенім
арта білу. Мысалы, қызметкердің жауапкершілігіне, құзыретіне ж.т.б. сенім
арта білу.

Он төртінші принцип: Қызметтік қарым – қатынаста қақтығыстардың
болуына жол берму керек. Себебі қызметтік қақтығыс этикалық нормалардың
бұзылуына әкеледі.

Он бесінші принцип: Еркіндік басқалардың еркіндігіне,
бостандығына шектеу қоймауы керек.

Он алтыншы принцип: Бұл принципке сәйкес қызметкер тек жеке өзі
этика ережелерін сақтап қана қоймай басқалардың да этика ережелеріне сәйкес
әрекет етуіне жадай жасауы керек
.
Он жетінші принцип: Бәсекелестерді сынамау.

Бұл - қызметтік қарым – қатынас этикасының негізгі принциптері, бұл
принциптер тізбесін белгілі бір мекеменің ерекшеліктерін ескеріп
толықтыруға болады. Қызметтік қарым-қатынас этикасының принциптері әрбір
қызметкердің жеке этикалық жүйесін құруға негіз болуы керек. Мекемедегі
этикалық комиссия жұмысы да осы принциптерге сай құрылады. Мекеме, фирманың
этикалық кодексінің мазмұны да өз бастауын осы принциптерден алады.
Қоғам мен оның әрбір мүшесінің әлеуметтік қорғалуы, мемлекетке, оның
өкілетті органдары мен өкілдеріне деген сенім мемлекеттік қызметшінің өз
ісіне жоғары жауапкершілігі, қалтқысыз адалдығы мен заңдылықтары және
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс Кодексін қатаң
сақтағанда ғана ұялайды.
Ұйымдастыру тұрғыларының тиімділігі сыбайлас жемқорлықпен, пара
алушылықпен күресті орталықтандырғанда, қатаң бақылауды ұйымдастырғанда
(сыртқы және ішкі, мемлекет пен қоғам тарапынан), мемлекеттік қызмет
этикасын бұзудың жоғарғы тәуекел аймақтарын айқындаудың, жариялылықты
қамтамасыз ету мен оның қызметінің көпшілікке жетуін, халыққа мемлекеттік
қызметтегі этиканы бұзу фактілері мен оларды анықтау мен алдан-алу шаралары
туралы кең көлемдегі ақиқат ақпараттардың жетуіне, этика талаптарын бұзған
мемлекеттік қызметшілердің анықталып жазаланған фактілерін үлгі етіп
берумен анықталады.
Жоғарғы адамгершілік сапа қасиеттері және қалтқысыз бедел мемлекеттік
қызметте лауазымдық өсудің басты шарты болып табылуы тиіс. Сыбайластықпен
көзге түскен қызметшінің қызметтік міндеттерін атқаруға құқы жоқ. Сонымен
бірге этика талаптарын бұзуға байланысты әкімшілік, материалдық, моральдық
реттегі нақты жазалау шарттары жасалынуы қажет.
Адамгаршілікке жат қылықтармен көзге түскен лауазым иелерімен күрес
азаматтардың әлеуметтік талабына жауап береді және өкіметтің алдына мұндай
жағдайлардың алдан-алу шаралары туралы қатаң талаптар қояды.
Қызметтік этика талаптарын бұзу мен өкімет берген өкілеттілігін асыра
пайдалануға қарсы жақсы кепілдік – басшының жоғары қадір-қасиеті мен биік
моральдық бейнесі. Сыртқы бақылау емес, ішкі ырғақ қана мемлекеттік
қызметшінің моральдық таңдаудағы басты себепкері болуы керек. Мемлекеттік
қызметшінің жағымды имиджі мен азаматтардың мемлекет пен оның аппаратына
деген сенімін қалыптастырудың негізі – осында.
Мемлекет қызмет мемлекеттік қызметшінің жеке тұлғасына оның атқаратын
қызметіне, жұмыс мазмұны мен ерекшелігіне қарай талап қояды. Бұл мораль
нормалары мен принциптерінен тұратын қызметшінің этикалық деңгейін
көрсететін адамгершілік сапа қасиеттерінің үлкен жиынтығы.

І.3. Мемлекеттік қызметші этикасы.
Мемлекеттік қызмет этикасы мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік
қызметін орындауда оңтайлы көзқарасты көрсететін адамдық қарым –
қатынастардың кәсіптік тәртіп кодексінің бір түрі ретінде, сонымен қатар
бұл кәсіптің мәдени-ізгілік бағытын түсіндіретін әлеуметтік-философиялық
пән болып табылады. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез-құлқына,
қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым
–қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі қызмет ететін
қоғамға қатысты моралдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен
нормаларды білдіреді.
Кәсіптік мораль нормалары жалпы моралдық жүйемен тығыз бірлікте
екендігін айрықша атап өткен орынды.
Жалпы азаматтық және арнайы қасиеттерге тоқталу арқылы мемлекеттік
қызметшінің этикалық бейнесін шығаруға болады. Жемісті еңбек қызметшілер
арасындағы қарым – қатынас үрдісінде өзара адалдық пен әділдікті талап
етеді. Бұл мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағыбасты нормаға
жатады. Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшіге адамдармен қарым –
қатынаста неғұрлым тез әрі тиімді жұмыс істеп, тіл табысуға олардың істері
мен саналарын тез түсінуге мүмкіндік береді. Өз арымен келісімге келген
мемлекеттік қызметшінің, мейлі ол заң бұзушыны қорғаса да, кінәлі адамдарға
тым жұмсақтықпен қараса да, өз қызметінен қандай да бір пайда табуды көздеп
отырса да, өз әрекетсіздігіне кешірімммен қараса да – бұл оның жеке басының
әлсіздігі емес. Бұл – қызмет істеп жүрген мекеменің беделіне нұқсан
келтіру.
Адалдық пен әділдік мемлекеттік қызметшінің кәсіптік этикасындағы
өзге нормалармен – оның қайырымдылығымен, сезімталдығы мен көмекке дайн
тұрар қасиетімен тығыз байланысты. Мұндай этикалық нормаларды қолдану
мемлекеттік қызметшіге күн сайынға жұмыс барысында кездесіп отырады.
Мемлекеттік мекеме мен оның қызметкерлері адамдар тағдырының
тоқайласқан тұсында үнемі кездесіп отырады. Мемлекеттік мекемеде көптеген
мәселелер қаралады. Оның кез келгені адамдардың іскерлік әрекеттерімен
тығыз байланысты. Сондықтан белгілі бір мәселелерді шешерде, мейлі
шаруашылық, мейлі басқару шешімдері болсын ұрысудың, есеп алудың (тіпті
адам қателік жіберсе де) қажеті жоқ, ұстамды және қайырымды, жұмысқа жаны
ашығандықпен мәселені шешу істің ілгері басуына көмектесетіндігі айқын.
Ұстамдылық мемлекеттік қызметшінің аса бір жоғары қасиеттерінің бірі
болып саналады. Бұл адамның өзін өзгелерден жоғары қоймауынан, өзіне ерекше
бір артықшылықтар алғандай сезімде болуіынан көрінеді. Ол өзін қоғамдық
тәртіпке саналы түрде бағындырып, өзгелерге деген құрмет сезімін
жоғалтпайды, олардың ұсақ – түйек кемшіліктеріне кешіріммен қарап, өзінің
кемшіліктерін дер кезінде түсініп, онымен күресе біледі.
Мемлекеттік қызметші үшін өзіне шектен тыс сенімді болу,
қызметтестеріне, бағыныштылары мен келушілерге шыдамсыздық көрсету – үлкен
қателік. Қоғамдық және жеке өміріндегі ұстамдылық жаңа заман шенеунігінің
басты қасиеті болуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшінің ақиқат шыншыл болуы – оның маңызды моральдық
қасиеті болып табылады. Ол екіжүзділікке, өтірік айтуға, ырғақтарды жеке
мақсаты, мансап үшін өзгеше сипатта қарауға, түсінуге қарсы.
Мемлекеттік қызметшіге, өзге мамандық иелеріне қарағанда тәккаппарлық
тіпті де жараспайды. Ол адамдарға қатысындағы менмендіктен, олардың білімі
мен тәжірибесін менсінбеушіліктен, өз орынын аса биік бағалаудан, қолы
жеткен табысқа мастанудан, өз мүмкіндігін асыра бағалаудан көрінеді.
Адамдарға деген жеккөрушілік пен әдепсіздікті білдіретін менмендік те
мемлекеттік қызметшінің кешірілмес қатесі болып табылады. Менмендік адамның
жеке бас ой – сана қызметінің жетілмегендігі. Қоғамдық пікірді есепке ала
отырып, өз-өзіне жоғары талап қоя білу мемлекеттік қызметшінің өзін-өзі
ұдайы жетілдіруі ғана емес, өзгелерден де сондай жетілуді талап ету болып
табылады. Талап қоя, сұрай білу де – мемлекеттік қызметшінің кәсіптік
имиджінің моральдық кодексінің талаптарының бірі.
Талап ету – сенім білдірумен, сыйлаумен сабақтасып жату қажет.
Қарым – қатынаста нағыз зайырлылықтың үлгісі ретінде мемлекеттік
қызметшінің сапалық бір қасиеті – барлығына (адамдарға қатысты алғанда)
уақыт таба білу. Мұндай қызметкер қайырымды кеңесті, дұрыс айтылған сынды
қабылдап, әр нәрсеге көңіл бөле біледі.
Мемлекеттік қызметшіге қажет бір қасиет – тыңдай білу. Тыңдай білу
сөйлеушінің сөзін бөлмей мақұлдау ғана емес, оның ойына, сезіміне
ортақтасу. Сөйлеп отырған адамға тыңдаушының бет құбылысы: бейтарап отыр
ма, жалығып кетті ме; әлде қызығып, көмектесуге дайындалуда ма бәрі әсер
етеді. Қызметшінің жеке бас проблемасы әңгімелесушінікіне қарағанда
анағұрлым күрделі, қиын мәселе болса даол тыңдаушы ретінде өз проблемасын
естен шығара тұруы тиіс.
Моральдық сапа қасиеттерінің ішіндегі ең шынайысы - Мемлекеттік
қызметшінің өз беделі. Беделдің жиналуы - өз ісін терең білу мен қажымас
еңбек, адалдық пен әділдік, қарапайымдылық пен байсалдылық, өзіне де,
өзгелерге де талап қоя білушілік және парыз бен жауапкершіліктің дамыған
деңгейі.
Бедел маңыздылығы мемлекеттік қызметшінің басқару объектісіне
әсерінен, оған берілген ойы, сезамі, моральдық құндылықтары арқылы
көрінеді. Мемлекеттік қызметшінің басты қызметі болып табылатын адамдармен
қарым – қатынастағы басшылық – қоғамның басты өндіруші күші – адамдармен
адам факторымен жұмыс істей білушілік.
Мемлекеттік қызметші дамдарды жақсы тани білуі керек, әсіресе өзін
қоршаған ортаны. Жалпақтау, өтірік айту, артық мақтаншылық тәжірибесіз
басшының басын айналдырып, өз қызметіне шынайы баға беруге, шынайы бағам
жасауға мүмкіндік бермейді.
Мемлекеттік қызметші болу – бұл адамдармен тең қарым – қатынаста
болу, кез – келген жағдайдан жол таба білу, өз сезімін басқара білу. Орыс
сыншысы А.Добролюбовтың сөзімен айтсақ, Өз өкіміңді ақылмен пайдалана білу
керек
Этикет адамның мәдениет деңгейін, мінезін, интеллектісін оның бөлмеге
кіруінен, амандасуынан, сөйлеу мәнерінен, сөзін қалай бастауынан-ақ
көрсететіе шартты тіл болып саналады. Этикетті білу істе ілгері басуға
мүмкіндік береді, оны білмеу, керісінше мансап пен қарым – қатынастың
бұзылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Әрқашан әр қызметкерден өзі жұмыс істейтін
ұйымның лайықты кебеті болу талап етіледі. Қазіргі деңгейдің жоғарылығы,
сыртқы түрдегі қатаң тәртіптілік пен киіну әдебіне мән берілуде.
Жапондықтар жыл сайын өз қызметкерлерін этикаға оқыту мен консультация алу
үшін 700 миллион долар жұмсайды екен. АҚШ-та соңғы 20 жылда іскерлік
этикасы бойынша жүздеген монографиялар, қызмет этикасы бойынша
25 оқулық, мерзімдік баспасөзде арнайы екі журнал шығарылған,
университеттердің көпшілігінде этика оқу жоспарының міндетті пәні ретінде
жүргізіледі. 1977 жылдан Вашингтонда фирмалар мен ұйымдарға этика
кодекстерін жасап, енгізуге көмектесетін, қызеттік көтеріңкі атмосфера, ал
қызметкерлерге этика заңдарын жақсы түсініп,мінез-құлық жанжалдарын тез
сейілтіп отыратын Этика проблемаларының орталығы жұмыс істейді.
Мемлекеттік қызметші жұмысы адамдармен белсенді қарым-қатынаста
болатындықтан, жылы, түсінікті, жағымды болатындай имидж қалыптасуы қажет.
Бұған ізгілікпен, қайырымдылықпен, сеніммен қол жеткізуге болады. Әйтсе де
мемлекеттік қызметкердің жағымды бейнесі оның адамдармен жылы қарым –
қатынасынан ғана емес, сыртқы түрінің тартымдылығынан, сөйлеуінен, өзін-өзі
ұстауынан да көрінеді.
Жеке қарым-қатынастар. Өзін - өзі ұстау мәнері өзара амандасудан
басталады. Қызмет шарты бойынша кім ақылды әрі тәрбиелі болса, сол бірінші
амандасады. Әйел адамның қызметтік құқы ер адаммен бірдей болғандықтан,
өзі бастап амандаса беруіне болады.
Этикет ережесі бойынша ер адам әйелге, жасы кіші үлкенге, бағынышты
адам бастығына амандасады. Ер адамға қол алысқан дұрыс, әйелдерге –
қалауына қарай. Көптеген елдерге, оның ішінде бізде де тұрмыстағы әйел
адамның қолын сүю қабылданған. Қол алысуда бастығы бағыныштыға, үлкен
кішіге, әйел адам ер адамға бірінші қолын ұсынады.
Қызметтік қарым-қатынас барысында арақашықтық қандай болуы керек?
Қарым-қатынас жасауда негізінен арақашықтық сақтаудың төрт түрі бар: өте
жақын қарым – қатынас, жеке қарым-қатынас, әлеуметтік және көпшілік қарым-
қатынастар. Өте жақын қарым-қатынас дене жақындығымен анықталады да, ал
алыс қарым-қатынас 15-50 см алшақтықты білдіреді.
Жеке қарым-қатынас – 60 см мен 1,2 метр қашықтықтан араласу, бұған
әңгімелесу, келіссөз, келісім шарт кезіндегі кездесулер жатады.
Әлеуметтік арақашықтық – 1,2-2,5 метрмен анықталып, танымайтын
адаммен байланысты білдіреді. Мұндай қашықтық директордың хатшысымен, өзге
де қызметкерлермен қатынасында болады. Мұндай қатынас кезінде қабылдаушының
назарын басқа жаққа аударуы әңгіменің аяқталғанын білдіреді.
Көпшіліктік арақашықтық 3,5 - 7,5 метрге шейінгі аралықты қамтиды. Ол
мәжілістер, жиналыстар өткізуге қолайлы.
Шетелдік әріптестермен іскерлік қатынаста әр түрлі ұлттық арақашықтық
сақтау әдебін білген дұрыс. Ағылшындар, американдықтар, скандинавиялықтар
жақын арақашықтықты өзінің жеке кеңістігіне басып кіру деп бағалайды.
Жапондықтар тым жақын келуді әңгімелесуші тарапынан өзін-өзі ұстай
алмаушылық немесе басқыншылық деп ұғуы мүмкін. Француздарды Сіздің
әңгімеңіз қызықтырса тым жақын келуі мүмкін. Арабтар Сіздің деміңізді
еститіндей жақындыққа келуі мүмкін. Арабтар, латын американдықтары,
гректер, итальяндар, испандар әңгімелескенде алыс отырғанды әңгімелесушіге
деген немқұрайлылық, әдепсіздік деп бағалайды. Әңгіме үстінде белсенді
қимылдап отыру олар үшін қалыпты жағдай. Жаңа ғана танысқан адаммен еркін
әңгімелесуге визиттік карталар жақсы көмектеседі. Ол әңгіме барысында
әңгімелесушіні атымен атап, назарын аударуға мүмкіндік береді. Әйел адамның
визиттік картасы ер адамдыкіне қарағанда көлемі шағын болады. Визиттік
картаны қос қолмен енмесе оң қолмен ұсынады. Алушы да ұсынушы да сәл-пәл
иілу ишаратын жасайды. Визиттік картаны қабылдаған соң аты-жөнін, қызметі
мен орынын дауыстап оқиды. Біреудің визиттік картасын умаждау, белгі салу,
иесінің көзінше шиырып отыру әдептілік емес.
Мемлекеттік қызметкерге келушіліерді жиі қабылдауға тура келеді.
Келуші кірген соң басшы немесе қызметкер орынынан тұрып амандасып, келушіге
орын ұсынып, сосын барып отырады. Отырған күйі немесе столдың ар жағынан
қол ұсынуға болмайды.
Кез-келген ер адам, ол мейлі министр болсын, әйел адам кіргенде
столынан шығып, келуші өзін таныстырып, қолын ұсынғанша күтуі керек. Әңгіме
барысында телефонға алаңдау, қағаз қарап кету, сағатқа қарай беру әдептілік
емес. Әңгіме үстінде екі жақ сыпайы, тыңдауға ынталы, жылы қатынаста болуы
керек.
Әңгімені қабылдаушы Сонымен Сіз екеуміз келістік..., деген сияқты
сөздермен аяқтап, істің қалай тынғандығынан хабардар етеді. Әйтсе де келген
адам Жан-Жак Руссоның: Ақылды адам басы артықтығын білуден бір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызметтік этикет
Басқару еңбегінің мәдениеті мен этикасы туралы
Кәсіптік этиканың теориялық-методологиялық негіздері
«Жеке және әлеуметтік өрлеу этикасы»
Қызметтік әңгіменің бет-бейнесі қызметтік әңгімелесу түрлері және оларды жүргізу этикасы
Әлеуметтік жұмыс мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
Іскерлік қарым-қатынас этикасы туралы
Халықаралық компаниялардың іскерлік этикасы
Іскерлік қарым-қатынас этикасы
Басқару еңбегінің мәдениеті және этикасы туралы
Пәндер